Мәдениет -әлеуметтік таным объектісі



1. Мәдениеттің мәні мен құрылымы.
2. Мәдениеттің негізгі элементері.
«Мәдениет» атауы латын тілінде алғашында «топырақ өңдеу» дегенді білдірді. Сөйтіп табиғи себептерден туған өзгерістерден өзгеше, адам әрекетінен табиғат объектісінде болатын барлық өзгерістер мәдениет деп түсінілді. Кейіннен «мәдениет» сөзі адам жасағанның бәрін білдіретін жинақтаушы атауға айналды. Осы тұрғыда алғанда мәдениет адам жасаған «екінші табиғат», табиғатта жоқ, адамның саналы қызметімен жасалған бүкіл дүние ретінде қарастырылады. Мәдениет дегеніміз
—белгілі бір адамдар тобы үшін ортақ мінез-құлық нормалары мен үлгілеру-сенімдер мен адамгершілік құндылықтарының жиынтығы.
Адамдардың өзара байланыстарының өзгеруі олардың мәдениетіндегі өзгерісті де туғызады. Осы жөнінен алғанда адам мәдениетінің әлемі адамның аса мәнді қуатты күштері қалыптасуының дамуы мен көрініс табуының, олардың табиғат пен қоғамда іс жүзінде асырылуының аясы болып алады.
Күнделікті санада мәдениет ұғымы дербес адам, белгілі бір әлеуметтік тұтастық сипаттамасы үшін әдетте бағалаушылық қызмет атқарады. Ал мәдениеттің ғылыми ұғымына келетін болсақ, онда оны адамдардың жасампаздық қызметі нәтижесінде жасалған және жасалынатын материалдық және рухани кұндылықтар жиынтығы ретінде қарастырамыз. Рухани мәдениет
- еркенді рухани құндылықтар жиынтығын, тиісті мәдени-ағарту мекемелерінің құндылықтары мен өзіндік өндірісін танытатын рухани өмір дамуының нәтижесі, адам шығармашылығының жемісі. Бұл ұғым жасалынған құндылықтарды ғана емес, сондай-ақ оларды өндіру, белу және тұтыну процесінің өзін де қамтиды.
Социологияда мәдениет деп заттар қатынасы емес және әлеуметтік ұйымдасу жүйесіндегі рөлдер қатынасы емес, қайта қоғам дамуының жеке тұлғлары мен субъектілері түріндегі адамдар, олардың өздерінің қатынастары түсініледі. Рухани мәдениет аса күрделі де өзіндік ерекшеліктері бар қоғамдық құбылыс.
1.Ұлттық рух тамыры – тарихта. «Жалынның» «дөңгелек үстелі» // Жалын. 2004, №2. -2-бет.
2. Бақбергенов Р.Қ. Профессор М.Балақаев және қазақ тілінің мәдениеті // Халықаралық конференция материалдары. 25-26 мамыр, 2001. –Алматы, -15-бет.
3. Асылбекова Ж. Ұлттық мәдениеттің тілдегі ролі // Түркітану мәселелері: бүгіні мен болашағы, Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары, 15 маусым, -Алматы, 2001, -167-бет.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Мәдениет -әлеуметтік таным объектісі.

1. Мәдениеттің мәні мен құрылымы.
2. Мәдениеттің негізгі элементері.

Мәдениет атауы латын тілінде алғашында топырақ өңдеу дегенді
білдірді. Сөйтіп табиғи себептерден туған өзгерістерден өзгеше, адам
әрекетінен табиғат объектісінде болатын барлық өзгерістер мәдениет деп
түсінілді. Кейіннен мәдениет сөзі адам жасағанның бәрін білдіретін
жинақтаушы атауға айналды. Осы тұрғыда алғанда мәдениет адам жасаған
екінші табиғат, табиғатта жоқ, адамның саналы қызметімен жасалған бүкіл
дүние ретінде қарастырылады. Мәдениет дегеніміз
—белгілі бір адамдар тобы үшін ортақ мінез-құлық нормалары мен үлгілеру-
сенімдер мен адамгершілік құндылықтарының жиынтығы.
Адамдардың өзара байланыстарының өзгеруі олардың мәдениетіндегі өзгерісті
де туғызады. Осы жөнінен алғанда адам мәдениетінің әлемі адамның аса мәнді
қуатты күштері қалыптасуының дамуы мен көрініс табуының, олардың табиғат
пен қоғамда іс жүзінде асырылуының аясы болып алады.
Күнделікті санада мәдениет ұғымы дербес адам, белгілі бір әлеуметтік
тұтастық сипаттамасы үшін әдетте бағалаушылық қызмет атқарады. Ал
мәдениеттің ғылыми ұғымына келетін болсақ, онда оны адамдардың жасампаздық
қызметі нәтижесінде жасалған және жасалынатын материалдық және рухани
кұндылықтар жиынтығы ретінде қарастырамыз. Рухани мәдениет
- еркенді рухани құндылықтар жиынтығын, тиісті мәдени-ағарту
мекемелерінің құндылықтары мен өзіндік өндірісін танытатын рухани өмір
дамуының нәтижесі, адам шығармашылығының жемісі. Бұл ұғым жасалынған
құндылықтарды ғана емес, сондай-ақ оларды өндіру, белу және тұтыну
процесінің өзін де қамтиды.
Социологияда мәдениет деп заттар қатынасы емес және әлеуметтік ұйымдасу
жүйесіндегі рөлдер қатынасы емес, қайта қоғам дамуының жеке тұлғлары мен
субъектілері түріндегі адамдар, олардың өздерінің қатынастары түсініледі.
Рухани мәдениет аса күрделі де өзіндік ерекшеліктері бар қоғамдық құбылыс.
Адам мәдениетінің көрінісі социология тұрғысынан үшін негізгі белгімен
анықталады. Біріншісі - адамның қоршаған табиғатқа қатынасы. Қазіргі
жағдайда мәдениет пен жеке адам, мәдениет пен қоғам адам тұрған ортасына
түзетуге келмейтін зардаптарды болдырмайтын жауапкершілікпен қатынасуға
тиіс хал-ахуалдың сана деңгейімен өлшенеді. Адам қоғамы мәдениеті —
қоғамның табиғатпен өзара байланыстарынын ең алуан түрлі аяларынан:
өндірісте, демалыста, тұрмыста көрінетін үйлесімдікте. Екіншіден, мәдениет
— адамның басқа адаммен қатынасы. Адамдар, мемлекеттер, этникалық топтар
арасындағы қатынастар мәдениетінің дәрежесі, ұжымдағы, күнделікті
тұрмыстағы, отбасындағы өзара қатынастардың мәдени ахуалы адамдардың өзара
байланысы фактісін жете түсіну дәрежесіне тәуелді. Үшіншіден мәдениет —
адамның өзіне өзінің қатынасы. Индивидтің мәдени қызметі дегеніміз — бұл
үнемі өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі тану, өзін-өзі дамыту. Жеке адамның
мәдени деңгейі білім алуға деген ұмтылыстан, тұрақты адамгершілік
принциптердің қалыптасуынан, әдемілікті кемелдікпен сезінуінен, байсалды
сырт келбетінен, денсаулығын жақсы ұстауынан көрінеді.
Мәдениет өз бойына материалдық және рухани өндіріс нәтижелерін
бейнелендіріп сіңіреді. Сондықтан осыған сәйкес мәдениетті материалдық
және рухани деп негізгі екі салаға бөледі. Осылайша бөле отырып, мәдениет
біртұтас жүйе, оның барлық элементтері өзара байланысты екенін ұмытуға
болмайды. Әрине мәдениеттің материалдық және рухани салаларға бөлінуі
олардың
әрқайсысы қоғамдык қатынастар дамуында өзіндік өзгешелігі болатындығымен
және ерекше рөл атқаратындығымен өз ақтауын табады.
Материалдық мәдениет материалдық қызметтің барлық саласын қамтиды және
оңың нәтижелері (енбек құралдары, тұрғын үй, көлік құралдары; тұрмыста
қолданылатын заттар) адам идеяларының материалдаңдырылуы, білімнің
заттандырылуы болып табылады. Қоршаған ортаны қайта құрумен байланысты
материалдық мәдениет ұғымы, біріншіден: өндірістің материалдык ортасын
мақсатқа сай қалыптастыруды, екіншіден, тұрмыстың материалдық ортасын
өзгертуді және, үшіншіден, адам организмі дамуының әлеуметтік ортасын
өзгертуді білдіреді.
Рухани мәдениет ұғымы қоғамдық сананың барлық формалары мен деңгейлерін,
білім мен тәрбие жүйелерін, мәдениет мекемелері жүйелерін қамтитын күрделі
де көпжақты құрылым. Таным мен білім берудің барлық түрлері, әдебиеттің,
өнердің, философияның, діннің, ғылымның, адамгершіліктінң барлық формалары
мен түрлері осыған жатады. Демократиялық қоғам орнатып жатқан қазіргі
жағдайда рухани мәдениет жан-жақты кемелденген және әлеуметтік белсенділігі
зор жеке адамды қалыптастыруда зор рел атқарады. Егер қоғамның рухани
өмірі адамдардың рухани қызметінде болатын қоғам өмірінің біршама дербес
саласы, ол қоғамдық сананы өңдірумен, таратумен және қоғам мүшелерінің
рухани сұраныстарын қанағаттандырумен байланысты десек, ал рухани мәдениет
адамдардың шығармашылық (творчестволық) қызметі нәтижесінде жасалған және
жасалынатын материалдық және рухани құндылықтар жиынтығы.
Рухани мәдениеттің салыстырмасы дербестігің мойындай
және оның букіл өзгешелігін ескере отырып, социология оны
әлеуметтік өмірден, әлеуметтік қауымдастықтар мүдделерінен
бөліп алып, оған қайдағы бір рухани бастаманың қөріну формасы
ретінде қарайтын мәдениеттану концепцияларына үзілді-кесілді
қарсы шығады. Социология бүкіл адамзаттың мүдделер мен
құнлылықтарды қастерлейтін жалпыадамзаттық, ортақ мәдениет
түбінде үстемдік алатынына сенеді. Егер материалдык, мәдениет
негізінен табиғат күштерін игеруді білдірсе, ал рухани мәдениет
қоғам мен табиғатанудың деңгейі мен тереңдігін көрсетеді. Мәдениет
адамдарға өз ортасында тұруға, бірлестіктін, басқа бірлестікпен өзара
әрекетіндегі бірлік пен тұтастықты сақтауға көмектесетін адамның өзара
әрекетінің маңызды механизмі ретінде қалыптасады.
Социологияда әлеуметтік қатынастарда заттарды, идеяларды, құндылықты
түсініктерді жасауға, игеруге, сақтау мен таратуға бағытталған, алуан түрді
әлеуметтік ситуациялрада адамдардың өзара түсінісуін қамтамасыз ететін
әлеуметтік табиғаты бар мәдентет күрделі динамикалық құрылым ретінде
қарастырылады.
Әрбір ңақтылы қауымдастық (өркениет, мемлекет, халық) көптеген ғасырлар
бойы өзінің таңғажайып алып мәдениетін жасайды, бұл мәдениет индивидтердың
бүкіл өмірі бойына жетелейді де ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Нәтижесінде
тарихи -процесте мәдениеттер көптігі туады. Социологтар алдында адамзат
мәдениетінде ортақ әмбебап негіздер бар ма? деген сұрақ туындайды. Американ
социологы әрі этнографы Джордж Мордок барлық қоғамдарға тән алпыстан аса
мәдени әмбебаптарды (ортақ негіздері): тілді, дінді, шартты таңбаларды,
еңбек құралдарын жасауды, сексуалдық шектеулерді, сыйлықтар тарту дәстүрін,
спортты, денені сәндендіретің бұйымдарды т.т, бөліп қөрсетті, Бұл
әмбебаптар неғұрлым маңызды биологиялық, психологиялық және әлеуметтік
қажеттіктерді қанағаттандыратындықтан өмір сүреді,
Адамдардың бөтен мәдениетті қадірлеуі социологияның маңызды проблемасы
болып табылады. Адамдар көбінесе басқа мәдениеттерді өз мәдениетінің
келбеті арқылы бағалауға бейім. Мұндай бағамдау этноцентризм деп аталады.
Этноцентризм сондайлық қөп тарағаң құбылыс. Кез келген миссионерлік қызмет,
мәселен, өз дінің өзіне бағыныштың елдерге мойындату этноцентризмнің айқын
бір көрінісі болып табылады.
Кез келген мәдениеттің абсолютті өзіндік түпнұсқалылығын жариялайтын
мәдени релятивизм этноцентризмге қарсы тұрады. Осы тұрғыдан алғанда кез
келген мәдениет егер ол өзіндік тұтастығында алып қарастырылса, өзіндік
байланысында ғана түсінікті болады деген қорытынды шағады. Бірде бір
құндылық, бірде бір дәстүр, егер оларды тұтастықтан бөліп алып қарайтын
болса, түсінікті бола алмайды деу дұрыс. Бірақ осы мәдентетті басқа
мәдентеттермен байланыстылықта алмай, мәдени процесті жалпыадамзаттық
процесс, тұтасынан әдемдік өркениеттің дамуы ретінде қарастырмай,
мәдениеттің өзіндік түпнұсқалылығына ғана иек арту да дұрыс болмас еді.
Мәдениет социологиясының қайсыбір аталып өткен проблемалары осындай. Ж.
Мәдениеттің негізгі элементтеріне ең алдымен тіл жатады
Тіл — адамзат тәжірибесін сақтау мен болашақ ұрпаққа берудің объективтік
формасы. Демек тіл адамдардың қатынас құралы, ойлаудың тікелей шындығы
бола отырып, олар туралы мәлімет берудің құралы болып табылады.
Белгілі бір халықтың дүниені қабылдауына тән ұғымдар, ұғымдар жүйесі тіл
арқылы бейнеленеді, ол — кез келген мәдентеттің алғашкы негізі. Барлық,
халықтар дүниені өзінше, ерекше түрде меңгереді, оның ұсақ-түйектеріне
дейін ойлайды, белгілейді. Мысалы, қазақ халқына, қазақтарға ғана тән болып
келетін табиғат құбылыстарының кептеген түсініктері мен ұғым атаулары
кездеседі. Жыл мезгілдері — қыс, көктем, жаз, күз және оларға сәйкес ай
аттары мен ауа райындағы құбылыстар (қызыл шұнақ аяз, үскірік, бесқонақ,
бес ешкі, құралай т.б.) туралы айтушы болады. Әрине, басқа халықтарда да
өздеріне тән осындай еркешеліктер бар. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Таным және ғылым философиясы
Ғылыми дүниетану
Философия пәнінен емтихан сұрақтары мен жауаптары
“Қазіргі жаратылыстану концепциялары” пәні және оның әлеуметтік маңызы
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымның философиялық мәселелері
Танымның философиялық тұғырнамалары
Философия пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Ғылыми-таным кезеңдері мен деңгейлері – схема акселерация және жеке тұлғаның әлеуметтік жетілу мәселесі – сараптама жайлы ақпарат
Постмодернизм және мәдениет
Таным түрлерi
Пәндер