Мемлекет және құқық теориясының әдістері



Кіріспе

1. Мемлекет пен құқық теориясының әдісі

а) Жалпылама әдістер

ә) Жалпы ғылыми әдіс

б) Жекешеленген ғылыми әдіс

3. Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер
Мемлекет және құқық теориясы- қоғамдағы мемлекеттілік пен құқықтық құбылыстарды зерттейтін ғылым. Әр ғылымның өздері ғана зерттейтін пәндері болады. Яғни, белгілі мөлшердегі сол пәнге сай зерттелуге жататын құбылыстар мен заңдылықтар.
Мемлекет пен құқық теориясының пәніне олардың пайда болуы, қызметі, дамуы туралы негізгі және жалпы заңдылықтар жатады. Бұл ғылым мемлекет пен құқықтың пайда болуының себептерін, олардың нысандарын, кейіптерін (типін), мемлекеттік және құқық жүйесінің құрылуындағы негізгі заңдылықтарды, олардың қызметінің қоғамдық өмірге тікелей қатыстылығын зерттейді.
Мемлекет пен құқықтың бір-бірімен қарым-қатынастығы қоғамның жүйесінде өмір сүретін құбылыс,оған эканомикалық және одан шығатын таптық қатынаста,саясат,идеологиялық орныққан пікірлер,философия,моралъ және басқа да мәдениет аялары жатады.Олардың барлығы әр түрлі мемлекет пен құқыққа әсерін тигізеді және басқа да сол ықпалды сынақтан өтеді. Жоғарыда көрсетілген объективтік дүниенің құбылыстарының мемлекет пен құқыққа тигізетін ықпалдары әр түрлі (көпжақты)болады.
1. Мемлекет және құқық негіздері, Алматы
2. Ағдарбеков Т. «Мемлекет және құқық теориясы», Алматы, «Наз»,2003
3. Булгакова Д.А. «Мемлекет және құқық теориясы», Алматы, «Заң әдебиеті», 2004
4. Мемлекет және құқық теориясы, Алматы, «ҚазМу», 1999

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті

Заң факультеті

Мемлекеттік құқықтық пәндер кафедрасы

Тақырыбы: Мемлекет және құқық теориясының әдістері

Қабылдаған: Баймұратова Гүлмира Әбенқызы, ХҚТУ доценті

Орындаған: Тәңірбергенов Қ

Тобы: СЗҚ-018

Түркістан-2011ж.

Жоспар

Кіріспе

1. Мемлекет пен құқық теориясының әдісі

а) Жалпылама әдістер

ә) Жалпы ғылыми әдіс

б) Жекешеленген ғылыми әдіс

3. Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе.
Мемлекет және құқық теориясы- қоғамдағы мемлекеттілік пен құқықтық
құбылыстарды зерттейтін ғылым. Әр ғылымның өздері ғана зерттейтін пәндері
болады. Яғни, белгілі мөлшердегі сол пәнге сай зерттелуге жататын
құбылыстар мен заңдылықтар.
Мемлекет пен құқық теориясының пәніне олардың пайда болуы, қызметі, дамуы
туралы негізгі және жалпы заңдылықтар жатады. Бұл ғылым мемлекет пен
құқықтың пайда болуының себептерін, олардың нысандарын, кейіптерін (типін),
мемлекеттік және құқық жүйесінің құрылуындағы негізгі заңдылықтарды,
олардың қызметінің қоғамдық өмірге тікелей қатыстылығын зерттейді.
Мемлекет пен құқықтың бір-бірімен қарым-қатынастығы қоғамның жүйесінде
өмір сүретін құбылыс,оған эканомикалық және одан шығатын таптық
қатынаста,саясат,идеологиялық орныққан пікірлер,философия,моралъ және басқа
да мәдениет аялары жатады.Олардың барлығы әр түрлі мемлекет пен құқыққа
әсерін тигізеді және басқа да сол ықпалды сынақтан өтеді. Жоғарыда
көрсетілген объективтік дүниенің құбылыстарының мемлекет пен құқыққа
тигізетін ықпалдары әр түрлі (көпжақты)болады.
Мемлекетпен құқық теориясында тапқа бөлудің бір белгісі ретінде,
қоғамның экономикалық негізі (базисі) көрінеді. Сайып келгенде,
мемлекеттілік пен құқықтық тарихтағы нақтылы нысандарының көптүрлілігі,
оларды тіпті басқа жағынан қараудың қажеттігін көрсетеді. Соған байланысты,
соған сай құқықтарын, түрін түсінеміз. Бір кейіптегі мемлекеттің және
құқықтың ауысу реті, адам баласының еркінен тәуелсіз, тарихи заңды құбылыс
екендігін көреміз.
Сонымен, мемлекет пен құқық теориясы, мемлекет пен құқықта көрсетілген
қоғамдық дамудың объективтік заңдылығы олардың әлеуметтік саяси мақсатын
анықтайды, қоғамдық қатынастарды, мемлекеттік құқықтың реттеудің тетігін
(механизмін) және оның даму мақсатын көрсетеді.
Қоғамдағы экономикалық қатынастар билікте тұрған саяси күштердің
санасында болып, олардың белгілі деңгейдегі саяси және құқықтық сенім
құрайды, соның негізінде заң ретінде еөрсетілген мемлекеттік ерік құрылады.
Сондықтан мемлекет пен құқық теориясы саяси қатынастарды құқықтық
идеологияға сай институттардың әсерін зерттейді. Құқықтық қатынастарды
зерттеу арқылы қоғамдық қатынастарға ықпалын жүргізеді.
1. Мемлекет пен құқық теориясының әдісі.
Мемлекет пен құқық теориясының пәні, басқа ғылымдар сияқты өзгеріп
отырады. Қазіргі кезде, біздің елімізде және шет елдерде де теориялық
ойлауды талап ететін және тәжірибені саяси талдау негізінде шешуге ғылымның
алдына жаңа міндеттер қойылуда.
Мемлекет пен құқық теориясында ең алдымен мынандай мәселелер зерттелуі
қажет:
- билік аппаратының құрылуы, басқарылуы және даму заңдылығы,
олардың жауапкершілігін көтеру жолдары;
- демократияның даму жолдары, өкілеттік жүйені жетілдіру;
- құқық жүйесін жетілдіру жолдары және заңдарды жүйелеудің
негізін жасап оны іске асыру тәжірибесі;
- заңдылықты іске асыру мәселелерін талдау;
- ғылыми-техникалық өзгерістер кезеңіндегі қоғамдық қатынастарды
реттеуші ретіндегі құқықтың ролі;
- мемлекет пен құқықтың қоғамдық қатынастарға ықпал ету шегі,
құқықтың функциясы т.с.с.
Мемлекет пен құқық теориясының пәнін ғылым ретінде,
төмендегідей ерекшеліктеріне байланысты түсінуге болады:
1. Мемлекет пен құқық теориясы, мемлекеттілік пен құқықтық
қондырғыны бөлмей тұтасымен зерттейді.
Ол қоғам дамуының әр кезеңдеріндегі мемлекеттілік пен құқықтық
құрылымдардың тәжірибесін бір ортаға жинайды.
2. Мемлекет пен құқық теориясы пәнінің мазмұны да кездейсоқ
емес. Мемлекет пен құқықтың негізіне, қоғам өмірінің әлеуметтік маңызын
көрсететін жалпы заңдылықтар жатады.
3. Мемлекет пен құқық теориясының пәнін мелекет пен құқықтың
бірлігі құрайды. Себебі, олар бірімен-бірі органикалық тығыз байланыста
және олар қоғам қондырғысының бір бөлігі ретінде жеке-жеке болуы мүмкін
емес. Мемлекет заң шығарады, құқық нормаларының бұзылмауын қорғайды және
оның құқықтық шығармашылығымен билік қызметінсіз, (заң нормалары) қоғамдық
қарым-қатынастарды реттейтін ресми орынға ие бола алмайды. Екінші жағынан,
мемлекет құқық нормаларында, өзінің заңды тұрақтылығын табады. Оның
қызметтері тек заң нормалары негізінде іске асырылады. Осы жөнінде
контитуцияның (негізгі заңының) атқаратын ролі өте зор, себебі ол
мемлекеттің құрамын, мекмелер жүйесін, атқаратын ролі өте зор, себебі ол
мемлекеттің құрамын, мекемелер жүйесін, атқаратын қызметін және оның
түрлерін белгілейді.
Осы ғылымның, пәннің ерекшеліктеріне байланысты мемлекет пен
құқық теориясы жөнінде төмендегідей қорытынды жасауға болады:
- қоғамдық ғылым, мемлекет пен құқық теориясы сияқты қоғамдық
құбылыстарды зерттейді;
- заңдар ғылымы, қоғамдық өмірдің тек мемлекеттік және құқықтық
жақтарын зерттейді;
- жалпы теориялық ғылым, мемлекет пен құқық теориясының
дамуындағы жалпы заңдылықтарды түсіндіреді және айқындап көрсетеді.
Мемлекет пен құқық теориясы басқа ғылымдар сияқты, қоғам
өмірінің прогрестік жолымен өзгеруіне тигізетін теориялық және іс жүзіндегі
маңызын сипаттайтын белгілі мақсаттарды орындайды:
1. Танымдық қызметтер- қоғамдағы мемлекет пен құқықтың
өміріндегі құбылыстар мен процестерді түсіндіреді. Мемлекет пен құқық
теориясы жалпылама түрде, тек мемлекеттік-құқықтық қондырғыны зерттеп қана
қоймай, объективтік процестердің дамуын көрсетеді және олардың негізінде
қандай заңдылықтар жатқанын анықтап, мазмұнын түсіндіреді.
2. Эвристикалық қызметтер. Мемлекет пен құқық теориясы
мемлекеттілік- құқықтық шындықтың заңдылықтарын түсіндірумен шектелмейді.
Ол белгілі заңдылықтардың тереңіне бойлап, олардың бетбағытын және басқа да
қоғамдық құбылыстармен қарым-қатынасын түсіндіре отырып, қоғамның жаңа
мемлекеттік-құқықтың заңдылықтарын ашады.
3. Болжау қызметтері. Мемлекет пен құқық теориясы, жаңа
заңдылықтардың шындық екенін белгілеп қоймай, олардың дамуындағы тұрақты
құбылыстардың бетбағытын белгілейді. Ол мемлекет пен құқықтың әрі қарай
дамуындағы ғылыми болжалды құрастырғанда, қоғамның соған сай объективті
заңдылықтарының негізіне сүйенеді.
Мемлекет пен құқық теориясы жоғарыдағы көрсетілген қызметтерді,
өзінің зерттейтін пәніне сай, өзінің жеке нәтижелеріне, басқа да заң
ғылымдарының мәлеметтеріне сүйене отырып орындайды. Егер теорияның пәні ол
ғылымның нені зерттейтінін көрсетсе, оның әдістемесі мемлекет пен құқықтың
қалай зерттелетініне жауап береді. Яғни, белгілі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет және құқық теориясының түсінігі әдістері
Гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі және оқу пәндеріндегі мемлекет және құқық теориясы
Мемлекет және құқық пәні мен әдісі
Мемлекет және құқық теориясы пәні
Қоғамдық және заң ғылымдарының жүйесінде жалпы теорияның алатын орны
Мемлекет құқық теориясының пайда болуы
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ТҮСІНІГІ
Мемлекет және құқық теориясы қоғамдық
Мемлекет және құқық теориясының пәні және әдістері
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдісі жайлы
Пәндер