Балаларды бейнелеу өнері арқылы шығармашылық ептіліктерін қалыптастыру



Кіріспе ... ... ... ... ... ... 3.4

1 тарау. Мектепке дейінгі балалардың эстетикалық ептіліктерін қалыптастырудың теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

1.1 Эстетикалық тәрбиенің мәні мен міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ..7.8

1.2 Жасөспірімдерге эстетикалық тәрбие беруде халық мұрасының мәні ... ... ... ... 9.11

2 тарау. Мектеп жасына дейінгі балаларға эстетикалық тәрбие Берудің негізгі бағыттары мен ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12.13

§2.1. Мектепке дейінгі балалардың шығармашылығы және бейнелеу өнері бағдарламалары ... ... ... ... ... ... ... ... ..14.19

§2.2. Балабақшада бейнелеу өнері сабақтарында балалардың шығармашылық ептіліктерін қалыптастыру жолдары ... ... ... ... ... ...20.21

Қорытынды ... ... ... ... 22

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... 23.24
Эстетика – философиялық ілім. Ендеше, ол да этика сияқты нақты ғылымдар өлшеміне сай келмейді. Кейбіреулер философияны ғылымнан гөрі өнерге жақындастырады. Ол рас па, өйткені оларға негізгі ортақ нәрсе жеке тұлғаның, даралықтың үлкен орны алатындығы. Бірақ көркемөнер үшін тұлға тағдырының басқаларға ұқсамайтын кездейсоқтығы, бірегейлігі маңызды болса, философия үшін жалқылық жалпылықтың көрісуі мен жүзеге асуының формасы ретінде маңызды.
Эстетика ұғымын ғылыми қолданысқа XVIII ғ. Орта шенінде неміс философы Александр Баумгарген енгізді. Ол эстетиканы грек тіліндегі “айстетикос” сөзінен құрастырып шықты. Этимологиялық тұрғыдан алғанда “айстетикос” – сезім, сезіммен қабылданатын деген мағынаға ие. Этимологиялық түбір әлі күнге дейін “анестезия” сөзінде кездеседі.
А.Баумгарген сезім арқылы қабылдауға кемелділікті әсемдік деп білген, әсемдіктің бірден бір көрініс табатын саласы өнер де қарастырған. Сөйтіп, неміс философы эстетикаға әсемдікті және оның өнерде көрініс табуын зерттейтін ілім деген анықтама берген.[5;12-б]
Сұлулық заңы бойынша адамның дүниені игеруге деген талпынысын А.Баумгарген эстетика ұғымын енгізбей тұрып-ақ белгілі болған. Эстетиканың тікелей өнермен байланыстығын есте ұстасақ, өнер тарихы – адамзат тарихы екендігін де мойындаймыз. Адамзат есін білгелі бері өнерін бірге өзін-өзі жетілдіріп, мәдени игіліктерін жасап та келеді.
Адамдардың эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор роль атқарады. Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғары рухани ләззаттануға мүмкіндік береді. Біз әр адамның адамгершілікті тұлғалық мәнін жан-жақты дамытуға ұмтыламыз, сондықтан әр баланың сезім нәзіктігін, көркемдікті, әсем нәрсені сүйетіндей етіп дамытуымыз керек. Адамның әcемдікті және жексұрындықты, сәулеттілік және ұждансыздықты, қуаныш пен қайғыны т.б. түсінуіне байланысты, оның саналы тәртібі мен мінез-құлқы айқындалады. Осыдан келіп адамның әсемділікке шынайы көзқарасы мен мұраттары болуы керек екендігі шығады. [2;22б]
1) Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы. Алматы, 1999.

2) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» 21-ақпан. 2008 жыл. Алматы, 2008. (22-23 б)

3) Қазақстан Республикасының этникалық мәдени білім беру тұжырымдамасы. Алматы, 2003.

4) Қазақстан Республикасының 2015 мектепке дейінгі білім беру тұжырымдамасы. Алматы, 2003.

5) Балабақшада бейнелеу іс-әрекетінің теориясы мен методикасы. Алматы, «Мектеп» 1983. (21- 42 б)

6) К. Маркс, Ф.Энгельс. Из ранных произведений. Москва, 1956. ( 566 б.)

7) Э.Золя. Прудон и Курбе – Собр. Соч, т.24. 1966. (19 б)

8) А.Жұбандықова «Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу өнері арқылы көркемдік шығармашылығын дамыту». Бастауыш мектеп. №2. 2007. (40-41 б)

9) Мастера искусств об искусстве. Т 4, Москва., 1937, ( 397 б)

10) Н.А.Флерина. Эстетическое воспитание дошкольника. Москва., 1961, (181б)

11) Н.А.Ветлугина. Художественное творчество и ребенок. Москва, 1972.

12) Н.А.Ветлугина. Художественное творчество в детском саду. Москва, Просвещение. 1974.

13) «Балбөбек» бағдарламасы. Алматы, 2006.

14) Ә.Сағымбаев. «Бейнелеу өнері сабағында шығармашылықты қалыптастыру». Бастауыш мектеп. №9. 2003. (12-13б)

15) Е.Әуелбеков. «Бейнелеу өнері және балалардың танымдық белсенділігі» Бастауыш мектеп , №3. 2005. (11-12 б)

16) Л.С.Выготский. Воображение и творчество в детском возрасте. Москва, 1968. (78 б)
17) Н.П.Сакулина. Рисование в дошкольном детстве. Москва, Просвещение, 1965. (65-66)

18) Н.П.Сакулина, П.С.Комарова. Балалар бақшасындағы бейнелеу жұмысы. «Мектеп» баспасы. 1978.(50-52 б)

19) Бейнелеу өнері және сызу (ғылыми-әдістемелік журнал) №1. 2007. ( 8-9б)

20) Н.Н.Ростовцев. Учебный рисунок. Москва, «Просвещение» 1976.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .. 3-4

1 тарау. Мектепке дейінгі балалардың эстетикалық ептіліктерін
қалыптастырудың теориялық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .5

1.1 Эстетикалық тәрбиенің мәні мен
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... .7-8

1.2 Жасөспірімдерге эстетикалық тәрбие беруде халық мұрасының

мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .9-11

2 тарау. Мектеп жасына дейінгі балаларға эстетикалық тәрбие
Берудің негізгі бағыттары мен
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... .. 12-13

§2.1. Мектепке дейінгі балалардың шығармашылығы және бейнелеу өнері
бағдарламалары ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ..14-19

§2.2. Балабақшада бейнелеу өнері сабақтарында балалардың шығармашылық
ептіліктерін қалыптастыру жолдары ... ... ... ... ... ...20-21

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 2

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
...23-24

КІРІСПЕ
Эстетика – философиялық ілім. Ендеше, ол да этика сияқты нақты
ғылымдар өлшеміне сай келмейді. Кейбіреулер философияны ғылымнан гөрі
өнерге жақындастырады. Ол рас па, өйткені оларға негізгі ортақ нәрсе жеке
тұлғаның, даралықтың үлкен орны алатындығы. Бірақ көркемөнер үшін тұлға
тағдырының басқаларға ұқсамайтын кездейсоқтығы, бірегейлігі маңызды болса,
философия үшін жалқылық жалпылықтың көрісуі мен жүзеге асуының формасы
ретінде маңызды.

Эстетика ұғымын ғылыми қолданысқа XVIII ғ. Орта шенінде неміс
философы Александр Баумгарген енгізді. Ол эстетиканы грек тіліндегі
“айстетикос” сөзінен құрастырып шықты. Этимологиялық тұрғыдан алғанда
“айстетикос” – сезім, сезіммен қабылданатын деген мағынаға ие.
Этимологиялық түбір әлі күнге дейін “анестезия” сөзінде кездеседі.

А.Баумгарген сезім арқылы қабылдауға кемелділікті әсемдік деп білген,
әсемдіктің бірден бір көрініс табатын саласы өнер де қарастырған. Сөйтіп,
неміс философы эстетикаға әсемдікті және оның өнерде көрініс табуын
зерттейтін ілім деген анықтама берген.[5;12-б]

Сұлулық заңы бойынша адамның дүниені игеруге деген талпынысын
А.Баумгарген эстетика ұғымын енгізбей тұрып-ақ белгілі болған. Эстетиканың
тікелей өнермен байланыстығын есте ұстасақ, өнер тарихы – адамзат тарихы
екендігін де мойындаймыз. Адамзат есін білгелі бері өнерін бірге өзін-өзі
жетілдіріп, мәдени игіліктерін жасап та келеді.

Адамдардың эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор роль атқарады.
Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады,
қызғылықты етеді, оған ең жоғары рухани ләззаттануға мүмкіндік береді. Біз
әр адамның адамгершілікті тұлғалық мәнін жан-жақты дамытуға ұмтыламыз,
сондықтан әр баланың сезім нәзіктігін, көркемдікті, әсем нәрсені сүйетіндей
етіп дамытуымыз керек. Адамның әcемдікті және жексұрындықты, сәулеттілік
және ұждансыздықты, қуаныш пен қайғыны т.б. түсінуіне байланысты, оның
саналы тәртібі мен мінез-құлқы айқындалады. Осыдан келіп адамның
әсемділікке шынайы көзқарасы мен мұраттары болуы керек екендігі шығады.
[2;22б]
Қазіргі кезде эстетикалық көзқарастарды тәрбиелеу – тәрбие барысының
зейін салуды, күн санап өсіруді талап ететін мәселесі. Біздің қоғам адамына
тек қана өнердің емес, еңбек, қоғамдық қатынастар, қоршаған орта, тәртіп,
тұрмыс, табиғаттың да әсемдік жақтары ықпал етеді. Эстетикалық көзқарастар
адамның шындыққа қатынасын анықтайды.
Адам өмірінде эстетикалық көзқарас әрдайым қуатты рухани күш ретінде
көрінеді. Балаға балғын бөбектік кезеңнен бастап әсемдікке ұмтылу тән
нәрсе. Ол әрдайым бойларында әсемдік құндылықтары бар қатар-құрбыларына,
ересектерге еліктейді. Балалардың өз еңбек іс-әрекеті тиімді және сапалы
болуы үшін оның ұйымдастырылуы толысып, тамаша нәрсені қабылдау деңгейіне
жеткені жөн. Балаға сонымен қатар жасампаздықтың да әсемдігі ашылады.
Еңбек әсемдігін қабылдауды үйретіп, қоғамдық іс-әрекет әсемділігіне
сезімталдығын тәрбиелеп, мұғалім балалардың еңбек белсенділігін кеңейтуге
дем береді. Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің экономикалық мәселелерге
әрі тікелей, әрі жанама қатынасы бар. Бұл біздің қоғамдағы қоғамдық өндіріс
адамдардың өскелең рухани және материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға
бағытталғандығынан туындайды. Өндірілген товарлар сапасының әсемдігі
тұтынылу жағына үлкен әсер етеді. Мұның өзі әр баланың білім алуында
белгілі дәрежеде эстетикалық көзқарас мәдениеті болуын талап етеді.
Өнерде шоғырланған адамдардың шындыққа эстетикалық қарым-қатынасы
қоғамдық идеяларды алға алып баруымыздың құралы, сол арқылы санаға өте
күшті әсер ету жүзеге асады.
Сонымен, оқушылардың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу — дамыған
әсемдік сана мен талғамды, оны қабылдау және бағалау қабілетін
қалыптастырудың мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған процесі. Эстетикалық
көзқарасты тәрбиелеу оқушыны жан-жақты және үйлесімді дамытудың жалпы
жүйесінде ең алдымен өзіне тән қызмет атқарады. Ол іс-әрекеттің барлық
түрлеріндегі әсемдік нышанын анықтап, оны оқушының әсемдікке көзқарасының
дамуы, білім алуы, қалыптасуы құралына айналдырады.
Кең ой-өрістілік сөйлеу іс-әрекетінің мазмұнынан сөз өнерін, ақыл-ой
еңбегін, шындықтың объективтік жақтарын, көркем сөз сұлулығын бөліп
қарайды. Еңбек іс-әрекетінде еңбек мақсаттары және процесі, оның нәтижесі,
сұлулығы ерекше көрсетіледі. Құқықтық іс-әрекетінде қоғамдық мұраттардағы,
дамудағы оның ынтасы мен тәртібіндегі сұлулыққа баса назар аударылады.
Бейнелеу іс-әрекеті барысында балаларға көзге көрінетін әлем, музыкада адам
жасаған дыбыс үйлесімділігінің сұлулықтары ашылады. Дене тәрбиесі мәдениеті
және гигиена негіздері арқылы бала адам денесінің тән және жан сұлулығын
таниды т.б. [3;17б]
Әсемдікке тәрбиелеудің оқушыны жан-жақты және үйлесімді дамытудың
жалпы жүйесінде жанама қызметі де бар.
Әсемдіктің адам үшін зор тартымды күші бола отырып, сонымен бірге оның
іс-әрекетінің белсенді және тиімді дем берушісі де болады. Оқушы
өнегелігінің әсемдігі, оның жан дүниесінің байлығы, шешендігі оны басқа
адамдарға тартымды етеді.
Сонымен эстетикалық тәрбие табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі, өмірдегі
ең жақсыны қабылдау, одан ләззат алу. Эстетикалық тәрбие адамды дүниедегі
әдемілік атаулыны бағалай білуге үйретеді. Өнер шығармаларын тануға,
қастерлеуге баулиды, оған керісінше ұсқынсыздыққа жағымсыз көзқарасты
қалыптастырады.

1 тарау. Мектепке дейінгі балалардың эстетикалық ептіліктерін
қалыптастырудың теориялық негіздері.
Эстетикалық тұрғыдан дамымаған адам өзін қоршаған ортадан тек оқулықтан
нұсқаумен жарлықтардан алдын ала белгілі болған, есінде қалған нәрселерді
ғана көре алады. Маңайындағы әдемі әсемдікті көре алмайды, өзінің ой
елегінен өткізе алмаған, ол ештеңені түсінбейді. Неліктен кейбір жастардан
маңайдағы әдемі заттарды сындырып, бүлдіріп кететінін байқаймыз, ол
эстетиклық түсінігінің таяздығы және дұрыс қалыптаспағаны деп білемін.
Басына қиын іс түскенде ол адам әрқашан сасқалақтап, қандай шешім
қабылдарын білмей дал болады. Қиял – қоршаған орта әлемін қабылдауға
адамның белсенділігін қамтамасыз ететін жан-жақты адами қабілеттілігі болып
табылады. Эстетикалық мәдениеті дұрыс қалыптаспаған адам ғылымда, саясатта
және қоғамда өзгелермен тіл табысуда мәденитті түрде адамгершілікпен әрекет
жасай алмайды. Сондықтан, қазірден бастап мектеп оқушыларына ойлау,
эмоционалдық сезімдерді қалыптастыру, экологиялық, патриоттық тәрбиелер
ауадай қажет, бұл осы бейнелеу өнері, ұлттық қол өнеріміз бен мәдениеттің
қатысуынсыз жеткізу мүмкін емес.
Эстетикаға деген қабілеттілік адамның өзіне тән ерекшелігі болып
табылады, мұның өзі оны жануарлар әлемінен бөліп шығарып, болмысты
пайдалануға ғана емес, сонымен бірге оның түрін өзгертуге де мүмкіндік
береді. [1;3б]
К. Маркс эстетикалық іс - әрекетке деген осы қабілеттілікті көрсете
келіп, былай деп жазады: Хайуанат материяның өзі жататын түрдің өлшеміне
және қажетсінуіне ғана сәйкес қалыптсатырса, ал адам кез келген түрдің
өлшемі бойынша өндіре алады және ол барлық жерде затқа тиісті өлшем бере
алады: осының арқасында адам әсемдік заңдылығы бойынша да материяны
қалыптастырады.
Адамның кез келген еңбек қызметі әрқашан ол қызметтің мақсаттарын
ұғынумен, ақырғы нәтижені болжай білумен байланысты, мұның өзі іс –
қимылдың әдісі мен сипатын анықтап, адамның ерік – жігерін жұмылдырады.
Адам қабілетінің даму дәрежесі неғұрлым жоғары болған сайын, оның
творчестволық қызметі үшін мүмкіндік те соғұрлым көбірек ашылады.
Балалар эстетика мүмкіндіктері мен өзіндік ерекшеліктерін дұрыс
түсіну педагогтан жалпы өнер саласындағы қызметтің қандай сипаты барын,
көркем образды жасау үшін суретші қандай әсерлі құралдарды пайдаланатынын,
оның шығармашылық қызметінің қандай кезеңдері барын білуді талап етеді.
Эстетикалық дамудың өздігінен пайда болатындығы туралы осы теория
түрлі нұсқаларда және түрлі негіздермен XIX және XXғасырлардағы шетел
педагогикасында көптенген жақтастарын тапты – К. Риччи, К .Бюллер, Георг
Кершенштейнер және басқалар.
Идеалистік бағыттағы кейбір зерттеушілер шығармашылық дамудың мұндай
теориясын биогенетикалық заңмен негіздеді – баланың барлық дамуы адамзат
тарихы дамыған жолдармен жүреді, яғни ол алғашқы қауымдастық адамнан
цивилизациялы адамға дейінгі дамудың барлық кезеңдерінен өтеді.
Баланың дамуын жансақ идеалистік тұрғыдан түсіндіруге құрылған
биогенетикалық теорины толығымен жоққа шығарады. Шығармашылықты дұрыс
түсінбеу көптеген зерттеушілер бала жасаған бейнені жансақ түсіндіруге әкеп
соқтырды. Бұл шығармашылықтың мәні мынада: өнер мен айналысу эмоциялық
энергияның босап шығуына жәрдемдеседі: өнер арқылы бала ауызша құралдарға
қарағанда өзінің жеке даралығын оңай білдіре алады. Шығармашылық пен өмір
сүретін индивит мәңгілік өзгеріп отыратын өмірлік ситуацияларды тез
сезінуге және өзінің жеке басының ресурстарына сәйке қорытындылар жасауға
үйретуге тиіс. Сөйтіп, шығармашылық дамыту проблемасы педагогикалық
проблемадан жеке адамның қоғамдағы орынын анықтаумен, оның үстіне белсенді,
өздігінен ойлап, әрекет жасайтын адамды тәрбиелеу үшін емес, таза
пракатикалық мақсаттармен байланысты әлеуметтік проблемаға айналады. [5;
21-22б]

1.1 Эстетикалық тәрбиенің мәні мен міндеттері.
Олардың бірі - эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдауды
тәрбиелеу. Өмірдегі, өнердегі әдемілікті сезу және көру адамдарда әр түрлі
болады. Біреулер әдемілікке үңіле қарап, оның сырын білуге тырысады, ал
кейбіреулер оған онша мән бермейді, қалай болса солай қарап, жанынан өте
шығады. Әдемілікті сезу үшін, оған түсіну үшін ең алдымен бейнелеу өнері,
музыка және ән саласынан әрбір адамда білім болуы қажет. Білім адамды
әдеміліктің объективтік критерилерімен қаруландырады. Білімді адам
сұлулықты бағалай біледі, түсінеді. Айналадағы дүниеге сезімталдық,
эстетикалық қабылдау қырағылығы, ықыластылық, қамқорлық баланың эстетикалық
дамуының негізі болады.
Эстетикалық ұғымды, байымдауды, баға беруді қалыптастыру — эстетикалық
тәрбиенің тағы да бір міндеті. Әдемілікті сүю, оған түсіну үшін балаға
негізінен көмектесетін білім. Сондықтан бала бейнелеу өнері саласындағы
ырғақ, үндестік, музыка мен әндегі дыбыстарды және өнер әдістері туралы
білімді игеру қажет. Осыған байланысты ол эстетикалық терең түсінуге
тырысады, байымдай және бағалай біледі.
Көркемдікке және сұлулыққа баға беру үшін эстетикалық танымның маңызы
өте зор. Эстетикалық таным - бұл өмірдегі, еңбектегі және табиғаттағы
сыртқы әдемілік пен нағыз сұлулықтың арасын ажырата білу, өнер
шығармаларына жоғары талап қою. Мысалы, мұзда конькимен мәнерлеп сырғанақ
тебу, яғни жарысы өткізіледі. Сонда орындаушыларға екі түрлі баға, яғни
бірінші баға — көркемділігін келістіре орындағаны үшін, екінші баға
мәнерлеп сырғанаудың техникасын жоғары дәрежеде игергені үшін қойылады.
Әрине, орындаушыларға әділетті баға қою үшін мамандардың, әсіресе төрешілер
алқасының танымы, білімі жоғары дәрежеде болуы керек. [7;12б]
Эстетикалық танымның дамуына көбінесе өнер үлгілерін қабылдаумен, не
тегінде шығармашылықпен байланысты іс-әрекеті мүмкіндік береді.
Қазіргі жағдайда біздің қоғамдық өміріміздегі қажетті мәселелердің
бірі — баланың эстетикалық белсенділігін тәрбиелеу. Ол әдемілікті сезіп
және оның заңдарын түсініп қана қоймай, осы заңдар бойынша өзін қоршаған
айналаға өзгеріс жасауы қажет. Өмірге енген эстетика (еңбек, табиғат
эстетикасы, адамдар қатынасы және жай-жағдай эстетикасы) адамды
сүйсіндіреді. Адам белсенді түрде өмірдегі әдемілікке, көркемдікке өз
үлесін қосып, оны көріксіздіктен, ұсқынсыздықтан қорғауы қажет.
Балаларды эстетикалық белсенділікке тәрбиелей отырып, оларды өздігінен
ілтипатты оқырман, қайырымды көрермен, сезімтал тыңдаушы болуға үйрету
керек. Балалар әдебиетті оқуға, кинофильмді, теледидарды, спектакльді
көруге, музыканы тыңдауға өте ынталы болады. Әр түрлі әдеби, музыкалық
шығармалардағы іс-әрекеттің оқиға желісін дұрыс түсіну үшін балаларды көп
ізденуге үйрету, бағыт беру ұстаздардың басты міндеті.[4]
Баланың эстетикалық мәдениеті және белсенділігі тұтас педагогикалық
процесте дамиды. Сондықтан оның барлық еңбегі, демалысы эстетикалық бағытта
тиімді ұйымдастырылса, ол өз өміріне әдемілік элементтерін енгізе алады.
Эстетикалық тәрбиенің маңызды міндеті — өнер және әдебиет салаларында
балалардың қабілетін, ынтасын және бейімділігін дамыту. Осыған орай,
мектепте оқушылардың ықтимал мүмкіндіктерін және қабілетін барынша ашу
керек.
Эстетикалық тәрбиенің негізгі құралдары — әдебиет және өнер. Олар зор
идеялық тәрбиелік роль атқарады. Әдебиет пен өнер адамдарды қуанышқа
бөлейді, жігерлендіреді, олардың идеялық жағынан баюына игі әсер етеді.
Өнер және әдебиет адам санасына белгілі көзқарастарды әр түрлі құралдар
арқылы (әдебиетте — проза, поэзия; кескіндеме — жанр, баталия, пейзаж;
мүсінде — бюст, т.б.; музыкада - симфония, оратория, ән енгізіледі).
Сонымен өнер мен әдебиет шындықты игерудің және танудың құралы. Өнер
мен әдебиет адам дамуының және рухани өсуінің басты шарттарының бірі болып
табылады.
Әдемілікті сезуде, эстетикалық көзқарастарды қалыптастыруда табиғат
зор роль атқарады. Табиғат адамды қуанышқа бөлейді, сезімін дамытады,
эстетикалық түсінігін байытады. Адам табиғатты бақылаушы ғана емес, ол
тұтынушы, сұлулықты жасаушы шығармашылық қызметкер. Сондықтан өзінің күшін,
қабілетін адамдар бақыты үшін табиғатқа өзгеріс жасауға жұмсауы керек.
Мысалы, қала мен селоны, тұрғын жерлерді көгалдандыру, бақ және гүлдер
өсіру, мәдениет және демалыс орындарын әшекейлеу — бұл зор эстетикалық
қамқорлық. [12;15б]
Мектеп оқушыларының эстетикалық түсініктері, олардың еңбекке әсемдік
тұрғысынан қатынасы, өзіндік белсенді іс-әрекетімен байланысты екенін
көрсетеді. Мәселен өзі шешу мүмкіндігі болғанда ғана оның әрі мінез-
құлықтық, әрі әсемдік көңіл-күйі жай табады, тояттайды.
Жемісті еңбектен қанағаттануы, көңілдің жай табуы, эстетикалық сезімі
бала үшін көп жағдайда бір нәрсе.
Оқушьшардың оқу еңбегіне талғампаздық қатынасын дамыту, оны оқудың
қозғаушы күші, дем берушісі ретінде пайдалану үшін балалардың өзіндік
белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру, көркемдік ләззат және құлықтық әсер алуды
қамтамасыз ететін еңбектің нәтижесіне жетуіне көмектесу қажет.
Бақылау және балалармен әңгіме олардың әрқайсысы өте әсем зат жасағысы
келетінін көрсетеді. Бала өзі жасаған затты ең тәуірлердің қатарына жатпаса
да қуанады. Мұндай жағдайда мұғалім оқушылар жұмыстарына көрме
ұйымдастырып олардың нәтижесін бағалауға көмектеседі.
Оқушыларды бірлесе орындалатын қоғамдық пайдалы еңбек әсемдік жағынан
қатты қызықтырады. Оларға бірлесіп, аула тазарту, жер дайындап гүл
отырғызу, металл сынықтары мен қағаз қалдықтарын жинау, кітап жөндеу, сынып
бөлмесін тазарту, безендіру т.б. ұнайды. Оларды жақсы жұмыс үшін мадақтау,
жарыста озып шығып әсер алу да еліктіреді. Осы тұрғыдан қарағанда еңбек
және эстетикалық тәрбие өзара қабысып бірін-бірі толықтырады.
1.2 Жасөспірімдерге эстетикалық тәрбие беруде халық мұрасының мәні.
Қазақстанның ХХІ ғасырдағы басты даму жолын белгілеп Елбасының
Қазақстан - 2030 стратегиялық жоспарында халықтың рухани жаңаруына ерекше
маңыз берілген. Сондықтан жан – жақты жетілген, дүниесі бай, белгілі
дәрежеде ғылыми білім жүйесін игерген және оны бағалай, талдай алатын, өзге
халықтардың тарихын, мәдениетін, тілін меңгерген, өздігінен денсаулығын
нығайтуға, адамгершілік қасиеттерін, эстетикалық талғамын дамытуға ынтызар,
өмірдің әрқилы кезеңдерінде дербес еңбек етуге даяр ұрпақты тәрбиелеу – ең
басты өзекті мәселе. Ол біріншіден, білім мазмұны арқылы іске асса,
екіншіден, тәлім – тәрбие мазмұны арқылы бойға сіңеді.
Жас ұрпақты тәрбиелеуде оның бойындағы туа біткен табиғи
мүмкіндіктерін дамыту, бағалау, сенім, үлгі көрсету, талап ету арқылы
жауапкершілігін жетілдіру рухани эстетикасы жоғары жасөспірім бейнесін
қалыптастыруға негіз болмақ. Ал тәрбие мәселесі қай заманда да талай ойшыл,
ғұлама, ғалым педагогтерді толғандырып келген ақиқат. [5;8б]
Платон (б.д.д 427-347ж) симметрия, үйлесімділік, прапорция,
өлшем, ритм түсініктерін ежелгі гректердің сұлулық туралы
түсініктерімен байланыстырып қарастырған. Жақсылық, сұлулық, ақыл, осы
үшеуінің бірлігі туралы философиялық ойы адамды эстетикалық жағынан
жетілдіруге негізделген. Оның тамаша, керемет идеяларының ерекшелігі:
материалдық бастаудан қарай қозғалуында. Сұлулықты тану арқылы адам жеке
дене сұлулығынан жалпы сұлулыққа және дене сұлулығынан идеалды, рухани
сұлулыққа көшеді деген тұжырымды эбүгінгі күні де өз құндылығын жойған жоқ.

Антикалық көрнекті философ бүгінгі Аристотель (б.д.д 384-322ж)
тарихқа өнер теориясының негізін қалаушы ретінде ене отырып, өз
еңбектерінде өнердің шығармашылық дайындығына және өнер туындыларында
шынайлықтың бейнеленуіне үлкен мән берді. Эстетикаға қатысты енгізген
энтелехия термині грек тілінен аударғанда өзінде бар мақсат дегенді
білдіреді. Ал мимесис (еліктеу) түсінігі бойынша көрермендер мен
тыңдаушылар қайғы және комедияға оймен еліктеуарқылы түрлі сезімдерді
басынан өткере алады. Ұлы ойшылдың katharsis (тазалану) тұжырымдамасын
жасаушылардың біріне жатқызамыз. Ол арқылы адамның өнер шығармаларын
қабылдау арқылы ауыр жан күйзелістерінен тазаруы бейнеленеді. Себебі, ол
адамның эстетикалық қасиеттерінің бірігуін эстетикалық жақсы және
эстетикалық тамаша дегенді білдіреді. Яғни, ішкі мен сыртқының
үйлесімділігі дегенді ұқтырады. Ішкіні –ақыл, ойлай білуі, сыртқыны –
дененің эстетикалық жетілуі деп пайымданған. [8]
Эстетикалық тәрбиеге қатысты идеялары бүгінгі күнге жетіп отырған
ойшыл Сократ (б.д.д.469-399ж) адамның таза табиғатына сене отырып оны
ашудың алғашқы қадамы өзін-өзі тану деп санады. Ерекше рухпен...білім алса
– пайдасы тиетін адам болады, білімі жоқ болса – ақымақ адам. Үнемі өзін
рухани жетілдіру жақсылық пен әділдікке бағытталған саналы ақылға жетудің
алғы шартына айналады. О л бақыт жеке адам мен қоғам арасындағы
үйлесімділіктен тұрады деген ойды түйіндеген.
Дүниені танудың диалектикалық әдістерін жасаған философиялық
ойдың иесі Гераклит б.д.д. 540-480 жылдары өмір сүрді. Адамдардың аттары
мен зат атауларының арасында да диалектикалық байланыс болу керек. Ол
енгізген алғашқы қос – мос ұғымы антикалық дәуірде сұлулық, үйлесімділік
мағынасында қолданылады. Осыдан косметика сөзі шыккан.
Ф.Гегель пікірінше, (1770-1831) адам –тарихтың жемісі, оның ақылы
мен дүниетануы- мәдениеттің нәтижесі. А л адам тәрбие арқылы ғана рухани
жан иесі болып қалыптасады деп санайды. ХІХ ғасырда өмір сүрген неміс
педагогы А.Дистерверг (1790-1866) ұлттық формадағы жалпы адамзаттық идеяны
қолдады. Тәрбиенің ең жоғарғы мақсатын Платон рухында шындыққа, сұлулық
пен жақсылыққа қызмет ету екенін ашып көрсетті. Оның көзқарастары
табиғатқа сәйкестілік және мәдени сәйкестілік қағидаларымен ұштасатындығын
айқын аңғарамыз. Мәдени сәйкестілік қағидасы оқу- тәрбие үрдісін сыртқы,
ішкі, қоғамдық мәдениет негізінде ұйымдастыруды көздейді. Бұған адамның
өмірі мен ұлттық мәдениетті жатқызамыз. Осы тұрғыда А.Дистервегтің өз
тұжырымдамасында адамның дамуы мен жетілу қажеттілігіне баса назар
аударғанын толық аңғара аламыз.
ХІХ ғасырдағы педагогиканың көрнекті өкілі И.Гербарт (1746-1841)
практикалық философияда этика мен психологияға сүйеніп, алдымен – мақсат,
екінші –оны жүзеге асыру әдістерін белгілейді. Ол педагогикалық үрдісті
мына өлшемге бағындырады: ішкі бостандық, дамыту, заңдылық, адалдық. Барлық
қабілеттегі үйлесімді дамудың идеялық ядросы – адамның эстетикасын
қалыптастыруға ерекше мән береді. [9;13б]
Эстетикалық тәрбие мәселесі шығыс ғұламаларының да зерттеу өзегі
болған. Мәселен, ғұлама ғалым Әл- Фараби Музыканың үлкен кітабы,
Әлеуметтік эстетикалық трактаттар, Философиялық трактаттар, т.б
еңбектерінде эстетикалық, этикалық мәселелерге көңіл бөліп, көркемдік,
сұлулық, бақыт категорияларының негізін дәлелдеп, көңіл бөлгендігін
аңғарамыз. Идеяларының басты түйіні – білім, сұлулық...Көркемдікті адамның
эстетикалық сұлулығын көрсететін белгі деп санайды. Адамның эстетикалық
қажеттіліктерін қанағаттандыруда муыкаға үлкен мән бере отырып оны
сұлулықты сезінуде күш екендігін атап көрсетеді.
Аса көрнекті ақын, данышпан ойшыл Жүсіп Баласағұн өзінің Құтты
білік поэмасында адам өмірін эстетикалық тұрғыда көбірек зерттеуге
тырысады. Адамзат баласына үнемі жақсылық жасау қажеттілігі туралы
түсіндіруге ұмтылады. Жас ұрпақты қол өнер мен сан саналы білімге баулу –
ата – ананың басты парызы дей отырып дүниені білім арқылы жетілдіру, сөз
өнері, жақсы, жаман қасиеттері туралы даналық ойларын айтады.[9]
Бар ізгілік тек білімнен алынар, Білімменен аспанға жол салынар,
дей отырып дүниенің кілті – білімде деген үлкен ой тұжырымын жасайды.
Бүгінгі күнге дейін өзінің тәрбиелік мәнін жоймаған ХҮ – ХҮІІІ
ғасырларда өмір сүрген М.Дулати (1499-1551), Асан қайғы (15ғ), Бұқар жырау
(1693-1787), Шалкиіз Тіленішұлы (1465-1560), Ақтамберді Сарыұлы (1675-
1768), Үмбетей жырау (1706-1778), Шал ақын (1748-1819) сияқты ұлы ғұламалар
өсиеттері жастарымызды эстетикалық тәрбиелеуде құнды дүниелер деп айта
аламыз. Бір ғана түркі дүниесі тарихының атасы ретінде танылған бабамыз
М.Дулатидің кейінгі ұрпаққа қалдырған мұрасы қаншама. Ол- тек тарихшы ғана
емес, ізгі ойшылдардың бірі. Әдет- ғұрып, салт- дәстүр, өзіндік
психологиялық ерекшеліктерді тарихи шындыққа негіздей жазған ұлы тұлға.
Оның эстетика, ұлағаттылық туралы ойлары Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, М.Қашқари
идеяларымен үндесіп, сабақтасып жатыр.
Бұқар жырау сол кездегі жастарды зергерлік, бейнелеу, сәулет өнеріне
тәрбиелеуде олардың көркемдікті түсіну, сезімдерін дамыту қажеттігіне баса
назар аударады.
Жоғарыда аталған ұлы ғұламалар кейінгі ұрпақ өзінің тарихын, түбі
мен тегін, қадірі мен қасиетін білгенде ғана олардың бойында ұлттық намыс
болады деп айқын көрсеткен. Ендеше ұлттық эстетикалық тұрғыда жетілген
толыққанды азамат тәрбиелеу сол ғұламалар өмір сүрген қоғамның да өзекті
мәселесіне айналғандығын көреміз.
ХІХ ғасырдың басында қоғам дамуымен сабақтастықта дамып келе жатқан
эстетикалық тәрбие идеялары Дулат Бабатайұлы (1802-1874), Махамбет
Өтемісұлы (1803-1846), Шортанбай Қанайұлы (1818-1881), Сүйінбай Аронұлы
(1822-1895), Ақмола Мұхамедиярұлы (1831-1895), Майлықожа Сұлтанқожаұлының
(1835-1898), өлең, жырлары мен өнегелі өсиеттерінде көрініс тапқан.
Қазақтың ағартушы- демократтары Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин,
А.Құнанбаев және т.б ақын-жырау, жазушыларымыз халқымыздың дамуына
өлшеусіз үлес қоса отырып эстетикалық тәлім- тәрбиенің маңызына ерекше мән
берген.
Жасөспірімдерге эстетикалық тәрбие беруде халық мұрасының тәрбиелік
күшін ұлы Абай да жоғары бағалаған. Жасөспірімдерді сұлулық, әдемілікке
деген көзқарасын, сезімін тәрбиелеп қалыптастыруда Абай өлеңдерінің рөлі
ерекше. Жыл мезгілдеріне арналған өлеңдері туған жердің сұлу табиғатын,
адамдардың көңіл күй сезімдерін жырлауымен дараланады. Балалардың туған жер
табиғатын, тауы мен тасын эстетикалық тұрғыда қабылдай білуге тәрбиелейді.
[8;67-70б]
Ойшыл ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров Халықтың әні кетсе, әдебиеті
жесір қалады, сәні кетеді. Сәні кетсе, жөні кетеді деп тегіннен тегін
айтпаған. Ақынның көтерген тәлімдік мәселенің бірі – тәрбиенің өзегі – ана
тілін құрметтеу, тілге деген сүйіспеншілік. Ұлттық тіл арқылы жастарымыздың
сана – сезімі, ой өрісі кеңейіп, әдет – ғұрпын қадірлеуге деген
көзқарасытары қалыптасады деген ой түйеді ол. Қазақ халқының ұлы ғалымы
Ш.Уәлиханов ғылыми еңбектерінде халықтың ауызекі шығармашылығы ерекше орын
алады.

2 – тарау Мектеп жасына дейінгі балаларға эстетикалық тәрбие берудің
негізгі бағыттары мен ерекшеліктері.
Балаға өмір сұлулығын сезінуді және түсінуді үйрету – ересектердің
ұзақ жұмысын керек ететін күрделі де қиын міндет.
Эстетикалық тәрбиенің міндеттері:
• Баланың эстетикалық қабылдауын жүйелі түрде дамыту;
• Балалардың эстетикалық түсінігі мен құштарлығын, сезімталдық
қабілетін дамыту;
• Балалардың көркемдік талғамын тәрбиелеу.
Эстетикалық тәрбиенің құралдары: қоршаған дүние, табиғи орта,
күнделікті тұрмыс эстетикасы, табиғаттан, өмірден алған әсері, көркем
әдебиет шығармалары, музыкалық туындылар, бейнелеу өнері, мерекелер мен
сауықтар. Мереке кездерінде балалар бақшасында өнердің әр түрі балаларға
өзінің бар ерекшелігімен және бірлігімен ықпал жасайды. Мерекелер мектеп
жасына дейінгі балаларға қатты әсер етеді, олардың есінде ұзақ сақталады
да, эстетикалық тәрбиенің маңызды құралына айналады. Эстетикалық тәрбиені
жүзеге асыруда балабақшаның алатын орны ерекші. Дегенмен де отбасының рөлі
де зор болмақ. Балабақша мен отбасының бірлескен ықпалының бірлігі
жағдайында ғана эстетикалық тәрбие міндеттерін толық көлемде жүзеге асыруға
болады. Балалардың әрқайсысы музыкант немесе суретші болмауы мүмкін бірақ,
әрбір баланың өнерге сүйіспеншілігі мен ықыласын тәрбиелеуге, эстетикалық
талғамын, көркемдік талғампаздығын, музыканы түсінуін, сурет салудың
қарапайым дағдыларын қалыптастыруға болады. Ол арқылы эстетикалық тәрбиенің
негізі қаланады.
Эстетикалық тәрбиенің әдістері: бақылауды ұйымдастыру, әңгімелесу,
түсіндіру, өнер туындыларын көру, қызықтыру, серуен, үлгі көрсету, іс -
әрекетті ұйымдастыру, бейнелеу өнеріндегі әрекеті үшін мадақтау және
жетістіктерін бағалау. [9;12-17б]
Балалардың эстетикалық тәрбиесі тұрмыс эстетикасымен, еңбектегі,
табиғаттағы, қоғамдық құбылыстардағы әсемдікпен таныстыру жолымен және өнер
құралдары арқылы жүзеге асырылады. Балабақшадағы тұрмыс эстетикасы көркем
қарапайымдылықтан, күнделікті тұтынылатын заттардың ақылмен таңдалып
алынуынан, әр заттың өз орнында ақылмен таңдалып алынуынан, әр заттың өз
орнында жарасып тұруынан, бас артық еш нәрсе болмауынан көрінеді.
Қабырғалардың бояуы жайдары, ашық болуы тиіс.
Эстетикалық тәрбие дегеніміз қоршаған дүниенің, өнерінің сұлулығын
баланың көру және сол сұлулықты жасау қабілетін дамыту мақсатымен оның жеке
басына ықпал етудің мақсатты түрде бағытталған, жүйелі процесі. Ол баланың
алғашқы жастарынан басталады.
Эстетикалық тәрбие дегеніміз өте кең ұғым. Оған табиғатқа, еңбекке,
қоғам өміріне, тұрмысқа, өнерге эстетикалық қатынасты тәрбиелеу кіреді.
Алайда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық ептіліктерін қалыптастырудың теориялық негіздері
Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық ептіліктерін қалыптастыру
Орта мектепте көркем еңбекке оқытуда оқушыларды түстану ептіліктеріне үйретудің өзіндік ерекшеліктері
МЕКТЕПТЕ КӨРКЕМ ЕҢБЕК САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ ТҮСТАНУ ЕПТІЛІКТЕРІНЕ ҮЙРЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ОҚУШЫЛАРДЫ ТУҒАН ӨЛКЕ КӨРІНІСТЕРІНЕН КОМПОЗИЦИЯ ҚҰРАСТЫРУ ЕПТІЛІКТЕРІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ «АСТАНА» өлшемі 100-80, КЕНЕП, МАЙЛЫ БОЯУ
Әр жас балабақшасында балаларды жапсыруға (аппликация) үйрету
Әр жас топ балабақшасында балаларды жапсыруға үйрету
Технология пәні арқылы оқушыларды көркем еңбекке баулу
Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағында оқушылардың көрнекілік арқылы қызығушылығын ояту және құзыреттіліктерін дамыту
Мектеп жасына дейінгі балаларды жапсырмалауға үйрету арқылы шығармашылығын дамыту
Пәндер