Байланыстырып сөйлеуге үйретуде тілдік ортаның әсері
1 БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУГЕ ҮЙРЕТУДЕ ТІЛДІК ОРТАНЫҢ ӘСЕРІ
2 БаЛАНЫҢ СӨЗДІК ҚОРЫН АРТТЫРУДАҒЫ СӨЗДІК ЖұМЫСЫНЫҢ РӨЛІ
3 БАЛА ТӘРБИЕЛЕУДЕП ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
4 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ТУРАЛЫ
5 БАСТАУЬШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СӨЙЛЕУ ДАҒДЫСЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАР
6 АУЫЗША СӨЙЛЕУГЕ ДАЙЫНДЫҚ
7 Алғашқы сөйлеу ерекеті және қалыптасу ерекшеліктері

Байланыстырып сөйлеуге үйренуде қазір ортаның қажеті бар ма деген сұрақ туады. Оған сөйлеу ортасы қазір де ауадай қажет деп жауап беріледі. Мәселен, қазір бірсыпыра ата-аналар балаларын түгел білім үйренуге жарты жылға, бір жылга, қай тілді үйрену керек болса, сол елге жіберіп жатыр. Бұл тілдік ортаның қажеттігінен туған әрекет.
Осымен байланыстырып сөйлеу ортасының қажетті туралы шетел тілін оқытудың маманы Е.И.Пассов: "Атмосфера общения является ведущей чертой современного урока иностранного языка. Создание этой атмосферы не очередная мода, а требование, вытекающее из программных целей и закономерностей обучения. Если целью ставится обучение общению, а успешно обучать какой-либо деятельностъю можно жить в адекватных условиях, то создание атмосферы общения сжазывается насущной необходимостью" - деген пікір білдіреді.
Ал, ана тілін үйренуде, байланыстырып сөйлеуге үйренуде, тілін дамытуда тілдік орта, сөйлеу үлгісі керек пе деген сұрақ туады. Оған жауап төмендегіше: сөйлесу ортасынсыз, сөйлесу үлгісінсіз ешбір тілді меңгеру мүмкін емес. Сондықтан В.Яши-на: "...для развития речи нужна речевая среда, которая дает образцы языка, рече-вая активность, речевая праюика самых детей", - дейді.
Демек, тілдік орта сөйлеу үлгісін үйрену үшін, сөйлесуде ол үлгіні қолданып жаттығу үшін байланыстырып сөйлеуді қалыптастыру үшін керек.
Тілдік ортасыз, сөйлеудің жақсы үлгісінсіз ана тілінде де ешкім дұрыс сөйлеуді меңгерген емес. Олай болса, баланы байланыстырып сөйлеуге үйретуде қаңдай орта, қандай үлгі керек деген мәселені шешіп алу керек. Ол үшін бала қандай ортада өмір сүретініне, оның тілінің дамуына ақыл-ойының өсуіне, дұрыс тәрбиеленуіне не әсер ететінін анықтап алу керек.
Баланың туғаннан басталатын алғашқы ортасы - отбасы, ата-анасы, ата-әжесі, бауырлары, туыстары. Осы ортадан сөйлеуді үйренеді, осы ортада тәрбиеленеді, өседі, өркендейді, барлық жақсы үлгіні отбасынан бастап меңгереді.

БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУГЕ ҮЙРЕТУДЕ ТІЛДІК ОРТАНЫҢ ӘСЕРІ
Байланыстырып сөйлеуге үйренуде қазір ортаның қажеті бар ма деген
сұрақ туады. Оған сөйлеу ортасы қазір де ауадай қажет деп жауап беріледі.
Мәселен, қазір бірсыпыра ата-аналар балаларын түгел білім үйренуге жарты
жылға, бір жылга, қай тілді үйрену керек болса, сол елге жіберіп жатыр. Бұл
тілдік ортаның қажеттігінен туған әрекет.
Осымен байланыстырып сөйлеу ортасының қажетті туралы шетел тілін
оқытудың маманы Е.И.Пассов: "Атмосфера общения является ведущей чертой
современного урока иностранного языка. Создание этой атмосферы не очередная
мода, а требование, вытекающее из программных целей и закономерностей
обучения. Если целью ставится обучение общению, а успешно обучать какой-
либо деятельностъю можно жить в адекватных условиях, то создание атмосферы
общения сжазывается насущной необходимостью" - деген пікір білдіреді.
Ал, ана тілін үйренуде, байланыстырып сөйлеуге үйренуде, тілін дамытуда
тілдік орта, сөйлеу үлгісі керек пе деген сұрақ туады. Оған жауап
төмендегіше: сөйлесу ортасынсыз, сөйлесу үлгісінсіз ешбір тілді меңгеру
мүмкін емес. Сондықтан В.Яши-на: "...для развития речи нужна речевая среда,
которая дает образцы языка, рече-вая активность, речевая праюика самых
детей", - дейді.
Демек, тілдік орта сөйлеу үлгісін үйрену үшін, сөйлесуде ол үлгіні қолданып
жаттығу үшін байланыстырып сөйлеуді қалыптастыру үшін керек.
Тілдік ортасыз, сөйлеудің жақсы үлгісінсіз ана тілінде де ешкім дұрыс
сөйлеуді меңгерген емес. Олай болса, баланы байланыстырып сөйлеуге үйретуде
қаңдай орта, қандай үлгі керек деген мәселені шешіп алу керек. Ол үшін бала
қандай ортада өмір сүретініне, оның тілінің дамуына ақыл-ойының өсуіне,
дұрыс тәрбиеленуіне не әсер ететінін анықтап алу керек.
Баланың туғаннан басталатын алғашқы ортасы - отбасы, ата-анасы, ата-әжесі,
бауырлары, туыстары. Осы ортадан сөйлеуді үйренеді, осы ортада
тәрбиеленеді, өседі, өркендейді, барлық жақсы үлгіні отбасынан бастап
меңгереді.
Байланысты сөйлеу отбасында басталады дедік. Мысалы, Әже, қарыным ашты.
Ана, шөлдедім. Апа, ұйқым келді. Әкем қашан келеді? сияқты сейлемдерді бала
2 жасынан айта алатыны ғылымда дәлелденген.
Екі жастағы бала сөзінде грамматикапық тұлғалардың дұрыс қолданылғанына да
назар аудару қажет. Осымен байланысты бала грамматикалық тұлғаларды қалай
үйренген деген сұрақ туады. Оған ғалымдар түрліше жауап береді, оларды
қорыта келгенде, мынадай ой түйіндеуге болады: бала сөйлегенде ата-анасына
еліктейді, отбасы мүшелерінің сөйлеуіне еліктейді, олардан үйренеді.
Отбасының әсерін мынадан да көруге болады. Баламен жақсы сөйлесетін
отбасының балалары 2 жаста өте жақсы сөйлейді, барлық, сұраққа жауап
береді, үлкендердің сөзін қайталайды. Апасы тым кешіккенде, баланың: -
Құдай-ау, сонда неге кешіктің?-деген де сөзін естідік. Мұнда бала әжесіне
еліктеп сөйлеген. Анасы сейлеуді ұнатпайтын, баланың сұрағанын үндемей
қолына ұстататын, баламен сөйлеспейтін отбасында 3-тен асқан баланың әлі
сөйлемей жүргені тәжірибеде кездесті. Бұл баланың тілінің шығуы отбасына
байланысты екенін дәлелдейді. Неғұрлым отбасы мүшелері көп сөйлесе,
соғұрлым баланың сөйлеуге үйрену мүмкіндігі көп.
Ал, бала балабақшаға барғанда тәрбиеші баламен сөйлеспейтін ата-аналармен
жұмыс істөуі керек. Әсіресе, бала балабакшаға келгенде, нашар сөйлейтіні
анықталысымен кешікпей тәрбиеші ата-анамен жұмысты бастағаны жөн.
Ескерте кететін жағдай тәрбиеші тек нашар сөйлейтін балалардың ата-анасы
ғана емес, барлық балалардың ата-анасымен кеңесіп, бірлесіп жұмыс істегені
өте пайдалы. Тәрбиеші балалардың ата-аналарымен бірлесіп, жәрдемдесіп,
бірлікте қызмет етсе, балалардың тілін дамытудың мүмкіндігі артады. Сонда
табиғи тілдік орта (отбасы) мен жасанды тілдік орта (балабақша) бір бағытта
жұмыс істейді.
-Отбасы мүшелері балаға дұрыс сөйлеулері керек. Өйткені үлкендер қате
сөйлесе, бала оны қайталайды. Сондықтан сақ болу керек.
-Бала қате айтқаңды оны үйдегі үлкендер кезінде сыпайы түзеп отырады.
-Баланың ата-анасы балаға ертегілер оқып,әңгімелер айтау.тақпқтар
жаттатады.
-Бала теледидар көреді.
Олай болса, баланың тілдік ортасы бар, тілдік орта - тіл үйрену үшін ең
күшті құрал. Отбасындағы тілдік орта табиғи сөйлеу ортасы деп аталады.
Табиғи сөйлеу ортасының мүмкіндігі реттелмейді, ол ішкі себептердің
әсерінен қалыптасады.
Балалар мекемелерінде, балабақшада, мектепте әр жастағы балалар үшін даму
мүмкіндігі жоғары, қолайлы етіп сөйлеу ортасын арнайы ұйымдастырады. Даму
мүмкіндігі әдейі жоғарылатылған сөйлеу ортасы жасанды сейлеу ортасы деп
аталады. В. Яшина сөйлеу ортасы туралы мынадай пікір айтқан: "Речевой
средой в дошкольные годы является прежде всего речь взрослых и детей в
семье, в детском саду".
Балабақшада балаға тілдік орта жасалады. Ол тілдік орта алдымен тәрбиешіден
басталады, оған балабақша қызметкерлері және балалар жатады.
Баланың байланыстырып сейлеуінің дамуына байланысты. Баланың сөзі сыртқы
ортамен байланыста үш түрлі қызмет атқарады: қатысымдык,танымдық,
тәрбиеленушілік.
- Қатысымдық қызмет айналасындағы адамдармен қарым-кдтынас қажеттігі баланы
байланыстырып сөйлеп, өз ойын басқаға білдіру үшін, тілін жетілдіруге
ынталаңдырады.
- Бала үшін сөз таным қызметін атқарады. Сөзді ойланып та, сөзді жақсы
байланыстырып та сөйлейді. Сөйлеу ортасы соған сай ұйымдастырылуы керек.
- Сөйлеу ортасы баланы тәрбиелейді. әсіресе, балаға "олай жасауға болмайды,
олай жасауға болады* деген сияқты сездер баланы жаман қылықтан
сақтандырады, жақсы қылықты, мінез-құлықты қалыптас-тыруға көмектеседі.
Сонымен, жақсы ұйымдастырылған жасанды сөйлеу ортасы баланың тілін
дамытуына, байланыстыра сөйлеуге жаттығуына, дұрыс тәрбиеленуіне үлкен әсер
етеді.
Мектепке дейінгі топ баласының тілінің дамуының да өз ортасы бар, өз үлгісі
бар. Соны анықтап алу керек. Бала қоғам өмірінде қызмет атқармайды, түрлі
ұйымдарға қатысы жок,мектепте оқымайды. Баланың сөйлеу, үлгі алу ортасы
оның қайда өмір сүруіне, қайда тәрбиеленуіне қарай шешілуі керек. Балабақша
баласының өмірінің көбі отбасында өтеді және балабақшада өтеді. Отбасында
негізгі сөйлесетін адамдары ата-анасы, атасы, әжесі, бауырлары, туыстары
яғни отбасы мүшелері. Бала үшін олар дұрыс сөйлеудің үлгілері. Балабақша
баласының екінші уақытын көп өткізетін орны - балабақша. Балабақшада ең көп
сөйлесетін адамы -тәрбиеші, мекеменің басқа қызметкерлерімен аз сөйлеседі.
Келесі сөйлесетін адамдары - балалар. Олардың ішінде тәрбиешінің тілі -
балаларға үлгі. Бұл арада бала дұрыс сөйлеу үшін отбасы мүшелерінің,
тәрбиешінің тілі үлгі болатыны анықталды.
Бала әдеби тілді, байланыстырып сөйлеуді үйренуде отбасы мүшелерінің
тіліне, тәрбиешінің тіліне ғана сүйену, солардан ғана үйрену жеткілікті ме
деген сұрақ туады. Оған жоқ, жеткіліксіз деп жа-уап беру керек.
Бүкіл адам баласының әдеби тілді үйренуінің негізгі көзі - көркем шығарма.
Балабақша балаларын көркем шығармамен таныстыру, көркем шығарманы
әңгімелету мәселесі барлық бағдарламаларда көрсетілген, тіл дамыту
мәселесіне қатысты барлық зерттеулерде, құралдарда бар деуге толық болады,
оларда көркем шығарманың тәрбиелік кызметі де ашылған.
Бірақ бұл еңбектерде көркем әдебиетті әдеби тілде сөйлеудің үлгісі,
байланыстырып сөйлеудің құралы ретінде қарастырмаған. Шындығында, көркем
шығарманың баланы байланыстырып сөйлеуге үйретудің негізгі кұралы, үлгісі
деп қарау өте қажет. Осы қызметіне қарай көркем шығарма байланыстырып
сөйлеуге үйрететін жасанды тілдік орта деп танылды. Сонда балабақша баласы
тілді отбасында үйренеді, балабақшада үйренеді, көркем шығармадан үйренеді.
Осымен байланысты мектепке дейінгі тобындағы бала байланыстырыл сөйлеуді үш
тілдік ортада үйренеді:
-тілдік орта - отбасы;
- тілдік орта - балабақша, оның ішінде негізгі үлгі - тәрбиеші тілі;
- тілдік орта - көркем шығарма. Олардың ішінде біздің жұмысымызға катысты
сөйлеу ортасы - екі жасанды орта. Олар:
-1-үлгі балабақшадағы тәрби тілі, жасанды тілдік орта;
-2-үлгі - көркем шығарма тілі, байланысты сөйлеуге үйрететін 2-жасанды
тілдік орта.
БаЛАНЫҢ СӨЗДІК ҚОРЫН АРТТЫРУДАҒЫ СӨЗДІК ЖұМЫСЫНЫҢ РӨЛІ
Егеменді еліміздің бүгінгі таңдағы ең басты мақсаты жан-жақты әлемдік білім
кеңістігінен орын алу болып табылады. Бүгіңде қоғамды дамыту факторы
ретінде білім беру жуйесін қайта құру, ұлттық мектептерде білім сапасын
жақсарту мәселесі қолға алына бастады. Тіліміздің мәртебеге ие болуы, қазақ
мектептерінің көбеюі халқымыздың ұлттық мәдениетінің еркін дамуына септігін
тигізуде. Бүгінгі жас ұрпақ - ертеңгі егемен еліміздің болашағы, халық
тағдырын шешетін азамат. Өскелең ұрпақтың тілді дұрыс пайдалануы, оның
сөздік қорына тікелей байланысты екенін көреміз. Қазіргі кезде бастауыш
мектеп оқушыларының сөздік қоры жылдам қарқынмен дамып келе жатыр.
Оқушылардын сөз байлығы олар оқитын бағдарламадағы материалдардың және өз
бетімен оқитын көркем шығармалардың негізінде жылма-жыл толысып, қалыптаса
түсетіндігі мәлім. Оқулық мәтіндерінің көпшілігі ұлы жазушылардың көркем
шығармаларынан алынған, халық ауыз әдебиеті үлгілерінен берілген үзінділер.
Оқулықта мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, түрлі нақыл сөздер де
мол.
Бүкіл оқыту барысында оқушы тілін дамытып, сөз байлығын арттыру - ең
маңызды жұмыстардың бірі. Мұғалім сабақтың тиімділігін арттырып,
оқушылардың ой дербестігін, оқу-танымдық қабілеттерін үнемі дамытып отыруды
көздейді.Олардың бастылары: оқушылардың ана тілін нашар білуі, оқушылардың
сөздік қорының таяздығы, тілдік қатынас ортасының жеткіліксіздігі,
материалдық-техникалық базаның тапшылығы т.с.с.
Сөздік жүмысының ең маңызды міндеті - оқушылардың ауыз екі сөйлеуінде
қолданылатын сөздерін белсенді пайдалануларына жағдай жасау. Төменгі буында
оқушының сөздік қорының дамуына, сөйлеу тілінің жетілуіне, әдеби талдаудың
кейбір тәсілдерін меңгеруіне назар аударылады. Көркем шығарманы оқытуда ең
бір басты назарға алатьін нәрсе; ол -мазмұндау, үзінділер арасында
түсініксіз сөздер қатарынан сөздіктер құрау.
Оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру - мектепте әде-биеттік оқытудағы
негізгі міндеттердің бірі. Себебі, әрбір адамның сөйлеу үлгісіне қарап,
оның мәдениетінің, білімінің деңгейін анықтауға болады.
БАЛА ТӘРБИЕЛЕУДЕП ОТБАСЫ ТӘРБИЕСШЩ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
Балалар - еліміздің болашақ азаматтары. Демек, бала тарбиелеу - отбасы
алдындағы жауапты міндет. Баланың мінез-құлқының қалыптасуы, рухани оянуы
өз отбасында басталады. Күн нұрына қарап өсетін күнбағыстай, сәби де ата-
ананың, туған-туысының іс-әрекетіне, мінез-құлқына еліктейді. Жас буын
әбден ержетіп, ақыл тоқтатқанша әрқилы мінез өзгерістеріне түседі.
Ж.Аймауытов "Тәрбие" атты мақа-ласында (1918) "адам мінезінің, ақыл-
қайратының әр түрлі болуы тәрбиенің түрлі-түрлі болуынан..." деп алдымен
бала тәрбиесіндегі отбасының орнына ерекше тоқталады. "Баланы бұзуға, яғни
түзеуге себеп болатын бір шарт - жас күнінде көрген өнеге", "Сүтпен сіңген
мінез сүйекпен кетеді" деген сөз ата-ана тәрбиесінің күштілігін
көрсетеді... Ол бала мінезін қалыптастырудағы отбасы мүшелері мен әке-
шешенің ықпалын ашады. Бала мінезін жас шыбыққа теңейді.
Әуелден дұрыс тәрбиеленген бала өмір тіршілігіне жақсы дайындықпен
қосылатыны естеріңізде болсын. Әке-шешесінің бір-бірімен, ағайын-
туғандарымен, көрші-қолаңмен, жолдастарымен сыйластығы жас өспірімнің де
парасатты азамат болып өсуіне себебін тигізетіні хақ. Баланың жан дүниесін
дұрыс түсініп, жастықпен ағат істеген қателерін аяқсыз қалдырмай,
жөнсіздігін өзіне айтыу, ұлы адамдардың өмірлерін үлгі ете отырып дұрыс жол
көрсетуі - ең алдымен ата-ана борышы. Бала сізден өз ойын, сырын жасырмауын
қадағалау қажет
Заманымыздың биік талабына лайық өсіп, өркендейтін жас буындарды енбек
тәрбиесіне баулудың маңызы зор. Жас ерекшелігіне қарай отбасында балаға
тапсырылатын жұмыстар да күрделене түсуі керек. Жас кезінен үй шаруасына
көмектесіп үйренген бала еңбексүйгіш келеді. "Алтын - отта, адам - еңбекте
сыналады", "Есіркеп берген тағамнан, еңбекпен қазған тас артық", "Сәтін
күтпей, еңбегіңе сен", "Азаматты еңбегімен бағала", "Жаның сүймеген істің
жемісі де жарымас", "Молшылык, көзі еңбекте", "Ақылды өз ісін біледі,
ақымақ сағымға сенеді", "Уақ-түйекті де үлкен істей атқар", "Арпа егіп,
бидай күтпе" - деп халық даналығы айтқандай, жақсы сөздермен баланы баурап,
жастайынан еңбекке араластыру керек.
Біздің елімізде ата-ана мен мектептің алдына қойылған мақсат бір - жас
ұрпаққа берілетін тәрбиені, адамгершілік қасиетті біліммен ұштастыра білу.
Бұл міңдетгі жүзеге асыру үшін ата-ана көп оқып, көп ізденуі қажет, өздері
балаға үлкен үлгі-өнеге боларлықтай дәрежеге көтерілуі шарт. Тек қана
әдепті, тәрбиелі адам ғана жақсы тәрбиеші бола алатынын бәріміз де білеміз.
Отбасы - бұл мектеп те, ақпарат көзі де, қоғамдық ұйымдар да, еңбек ұжымы
да, дос-жарандары да, отбасы бұл әдеп пен өнер кілті де. Тұлғаның қалыптасу
нәтижелілігі ең алдымен отбасыға тәуелді.
Отбасы қандай болса, онда өсіп, ер жеткен адам да сондай болмақ.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ТУРАЛЫ
Педагогикада кәсіби қызметтің сапасын анықтайтын біртұтас әрі жүйелі
түсінік "педагогикалық шеберлік" болып табылады. Орыс тілінің сөздігінде
"шеберлік белгілі бір саладағы өнер деп анықгама берілген, ал шебер өз
ісінде жоғары нәтижеге жеткізген маман делінген (С.И.Ожегов, 1990).
Педагогикалық шеберпікті адамның педагогикалық жұмысындағы жоғары өнерге
қол жеткізген ерекше қалпы ретінде қарастырылып отыр.
Педагогикалық шеберліктің кейбір анықтамаларының мазмұнын кеңес дәуірі мен
қазіргі отандық ғылыми-әдістемелік әдебиеттерден қарастырамыз.
Педагогқа қойылатын талаптар туралы ағарту саласы бойынша халык комиссары
А.В.Луначарскийдің мақалалары мен басылым-дардарда жарияланған сөздерінен
білеміз. 1928 жылы тәрбиешілер мен қайраткерлерінің мәжілісіндегі сөзінде
ол педагогқа жүктелетін жауапкершілік ерекше екенін атап айтқан: "егер
алтын қуятын шебер оны бүлдіріп алса, оны қайта кұюға болады, егер асыл
тастар бүлінсе іске алғысыз болып қалады, бірақ ең зор баға жетпес гауһар -
өмірге келген адам. Адамды бұзу ең ауыр қылмыс немесе кунәсіздіқтің улкен
күнәсы. Бұл материалмен алдын ала не істейтінінді анықтап нақты, айтатын
жұмыс істеу керек"дейді.
Н.К.Крупская (1960) 1932 жарыққа шыққан "Мұғалім туралы" деген мақаласында
"үлгілі муғалімнің мерилі ретінде төмендегі критерийлерді анықтады: мұгалім
өз пәнін, әрбір оқушыны, еңбекті ұйымдастырудың ғылыми негіздерін білуі
керек, оқытудың әдістемесін меңгеруі, оқу және тәрбие жұмыстарын ұштастыра
білуі, оқушының қабілетін оята білуі, беделді бола білуі қажет.
Педагогикалық шеберлік мәселесі туралы А.С.Макаренконың (1988) пікірлеріне
сүйенер болсақ, оның дәлелдеуінше шеберлік - бұл "тәрбие процесін шын
мәнінде білу, тәрбие ісінде біліктің болуы*. Бұл жөнінде ол: "Мен білік пен
дағдыға негізделген шеберлік қана мәселені шеше алатынына өз тәжірибемде
көз жеткіздім" дейді. Одан әрі жоғарыда келтірілген шеберлік туралы
түсінікті нақтылайтын ережелер қатары кездеседі, "дауысты келтіру - өнер,
көзқарасы мен козғалысы, тұру, отыру, орындықтан көтерілу, кұлау бәрі- өнер
болып табылады*. Мен өзімді нағыз шебер болдым деп есептедім, тек "мында
кел" деген сөзді 15-20 түрлі етіп айта ала-тын, дауысымды, бет-әлпетімді 20
тұрлі кубылта отырып, кімді болса да өзіме шақырғанда келетіндей және не
істеу керек екенін бірден түсінетіндей дәрежеге жеткенде ғана" дейді.
Кеңес педагогикасы педагогикалық шеберлік корифейінің мәнін мінез-құлық
білігінің кең ауқымында қарастырады.
В.А.Сухомлинский (1981) бұл түсінікке нақты анықтама бермейді дегенмен, ол
педагог тұлғасы тәрбиеленушіні тәнті ететін, өзіне тарта білетін,
рухтандыратын болуы керек деген пікір айтады. Ол: 'идеалдар мен
дағидалардың көзқарастары мен талғамының, симпатия мен амтипатияның,
моральдық-әдептілік қағидаларының педагогтың сөзі мен ісіндегі гармонал-ды
тұтастығы - міне, осындай қасиеттер жалындаған жас ұрпақтың жүрегіне жол
табатын шоқ жулдыз болады дейді. Сондай-ақ ауыз біршілік тәрбиеші үшін
органикалык қажеттілігі ретінде өте маңызды, әрі жан дүниесін, жеке
бағытын, ой-санасын онсыз елестете алмайтын өмір заңы екенін айтады..
А.И.Щербаков (1968) педагогикалык шеберлік — мұғалімнің ғылыми, әдістемелік
өнерінің, білігі мен дағдысының, жеке қасиеттерінің үндесіп, үйлесуі деп
есептейді. Мұндай үйлесімді тұтас әдістемелік өнер тек шығармашылық пен
ғана туындайтыны айдан анық. Бұл өнердің басты атрибуты - өз жұмысын үлкен
жауапкершілікпен орындау дейді.
Ю.П.Азаров (1971), тәрбиешінің шеберлігінің маңызы туралы айта келіп, оның
мәнін төмендегіше ашады: "педагогикалық шеберлігінің негізі бала
тәрбиесінің заңдылығын білу болып табылады дейді. Одан әрі шеберлікті
құрайтын құрамдас бөліктерінің өзара әрекеті туралы айта келіп, шеберлікке
берген анықтамасын дамыта түседі: "сезім мен техниканың өзара әрекеті
педагогтың жеке тұлғаға немесе ұжымға жаппай эмоционалды образды ықлал
жасауына өкілетінің айтады.
Міне, шеберліктің құдыреті - осындай тұтасқан үйлесімде. Ю.П.Азаров (1989)
қалың оқырман қауымына арнаған публицистикалық басылымында: "мен
шеберліктің формуласын қайта- қайта айта беруге дайынмын, оның мәні.
технологния, қарым-қатынас, тұлға сияқты үштікте дейді. Шеберлік...
істейтін ісіміздің материалдық жағында болуы керек мен технология деп атап
отырған. Бұл технологияны кешіктірмей іске асырсақ, соның арқасында қарым-
қатынас жасалады. Ал бұл қарым-қатынас мені және мен қатысатын балаларды
қалыптастырады деген екен.
Н.В.Кузьмина (1972, 1980) шеберлікті маманның өз жұмыс жағдайын зерттеп,
зерделей білуі,кәсіптік міндеттерін оңтайлы шешу үшін кәсіби біліктілікті,
дағды мен білікті меңгеруден анықтайды.
НВ. Кузьминаның пікірінше (1980), педагогтың кәсіби шеберлігі тәжірибе мен
оқу міндеттерін шеше білуді жоғары деңгейде меңгеру.Бұл жалпы еңбек пен
жалпы интелектуалдық білік қалыптасқанда ғана жеткілікті биік дәрежеге ие
болады (талдау, синтездеу, жалпылау, ауыстыру, нақтылау саласында).
Ю.К Бабанский (1989) "мұғалім –кәсіби технологияны еркін меңгеруімен,
шығармашылығымен бала оқытуда және тәрбиелеуде ерекше шебер" деп көрсетеді.
Сондай-ақ автор педагог еңбегінің қарапайым қырларын дұрыс талдау және
педагогтық оптималды шешім жасау мен оқушының жеке басы сияқты қасиеттерге
тоқталады.
Н.В.Кухарев (1990) мұғалімнің белгілі дәрежедегі педагогтық шеберлігін
қарастырудың дұрыстығын айта келіп, оның шеберлік психологиялық-педагогтіқ
дайындығының жоғары деңгейіне негізделуі шарт дейді.
Павлютенкованың ойынша (1990). мұғалімнің кәсіби шеберлігін төмендегі
компоненттер құрайды а) тұлғаның қажеттілік-мотивациялық саласы; б)
операциялық-техникалық саласы (интефалдык бірігу, жалпы арнайы білім
мәнділігімен сипатталады), в) тұлғаның өзін-өзі тануы.
В.А.Сластениннің (1998) педагогикалық шеберлікке берген анықтамасы Ю.
П.Азаровтың (1989) пікіріне жақын, ол педаготік шеберлікті педагогикалық
технологиямен өзара байланыстырады, дегенмен, ол тек операциялық
компоненттермен шектелмеуі керек, адамның жеке іскерлігі мен оның бойында
педагогтік процестің жоғары тиімділігін анықтайтын қасиеттерінің сабақтасып
жатуы керек деген пікір айтады.
И.П.Андриади (1999) педагогикалық шеберлікті жеке тұлғаның рухани-әдеп және
интеллектуалдық дайындығы, қоғамның әлеуметтік-мәдени құндылықтарын
шығармашылыкпен ұғындыратын қасиеті деп қарастырады. Және де теориялық
білімді тәжірибемен ұштастыруда кәсіби білік,дағдының болуы маңызды деп
атап керсетеді.
В.А.Мижериков и М.И.Ермаленко (1999) педагогикалық шеберлік педагогтік
қызметтің дамуының биік сатысын жасай отырып, педагогтың педагогикалық
технологияны игеруін, кәсіби жене азаматтық бағытын, тәжірибесін, бүтіндей
тұлғасын көрсете алатынын айтады. Педагоггік шеберліктің мәні жоғары
нәтижеге қол жеткізетін білімді, білік пен дағдыға ұштастыру арқылы жүзеге
асқан қызметтің деңгейімен анықталады.
В.П.Куравлеваның (2000) анықтамасында педагатық шеберлік "...теориялық
негіздемелер және мұғалім мен оқушының арасын жоғары ақпараттық дәрежеде
байланыстыратын педагогикалық іс-тәжірибелер мен операциялардыц тұрақты
жүйесі" делінген. Осы анықтаманы өрбіте отырып, автор теориялық білім мен
жоғары дамыған практикалық біліктің үйлесіп біртұтас болуы шығармашылықпен
бекітіледі деп ой қосады. Шеберліктің нақты көрсеткіштері оқытушының
ісінде, оқу-тәрбие жұмыстарында. еңбек сапа-сында, міндеттерін
жауапкершшікпен орындау кезінде көрінеді.
А.А.Сидоров, М.В.Прохорова и Б.Д.Синю-хин (2000) педагогтік шеберлік
педагогикалық мәдениеттің тірек компоненті деп есептейді және шеберлік сан
алуан оқу-тәрбие ісіне байланысты міндеттерді табысты шешуде педагогтың
жеке басының қасиеттерімен қоса оның психологиялық-педагогикалық ойлауы,
кәсіби білігі, дағдысы мен эмоциясы өзара сабақтастық табатын ерекшеліктері
деп анықтайды.
Л.А.Байкова, Л.К.Гребенкиннің (2000), дәлелдеулерінше педагогикалык
шеберлік -бұл мұғалімнің шығармашылығымен, оқыту өнерін үздіксіз
жетілдіруімен пайда болатын педагогикалық шеберліктің жоғары деңгейі
деседі. Алғашқы анықтаманы нақтылай келе, олар педагогикалық шеберлік,
біріншіден, педагогтың жеке тұлғасына, жеке басының қасиеттеріне
байланысты, оның бұл қасиеттері кәсіптік қызметін өз бетінше ұйымдастырудың
жоғары сатысына қол жеткізуіне жол ашады дейді. Яғни шебер-педагог
бойындағы жеке қасиеттер жиынтығы оның оған оқу-тәрбие жұмысын жақсы
жүргізуіне септігін молынан тигізбек. Олардың ішіңдегі ең маңыздылары
азаматтық және патриотизм, гуманиэм және зиялылық, жоғары рухтагы
мәдениеттілік пен жауапкершілік. Өте маңызды деп адамсүйгіштік және
адамдармен тіл табысу атап айтылған.Одан әрі авторлар педагогикалық
шеберлік анықтамасына тоқталады және технологиялық негізгі компоненттері
жалпы биік мәдениет пен ізгілендіру бағыты болатын көзқарастар жүйсі-кәсіби
білім, қабілеттілік, шығармашылық технологиялық құзырет болып табылады
деген тұжырым жасайды.
А.М.Новиков (2000), педагог түлғасының әлеуметтік рөлі өлшеусіз артып
келеді, ол педагогтың жалпы және кәсіби мәдениетінде, қарым-қатынасында,
әдебінде, оның жан дұниесі байлыгында. Автор бүгін педагогты кітаппен,
дербес компьютермен немесе қашықтан оқытатын басқа құралдармен ауыстыруға
болмайтынына көз жеткіздіреді. Осылайша нені үйретесің, қалай үйретесің,
немен уйретесің, кім үйренеді деген шынайылық турады. Осыған байланысты А.
Н.Новиков (2000) педагогикалық шеберліктің мазмұнын жаңа әлеуметтік-
зкономикалык жағдайда ашып береді, оқушыға өз мақсатына-мұратьіна тез
жетсем, өз орнымды тапсам деген ой салу педагогтың дарынына байланысты
екеніне назар аударады. Педагогикалық шеберлік туралы түсініктерді талдай
келе төмендегі пікірлерге мән берейік.
А.Б.Орлов (1988) өз мақаласында "шебер" жөне "жасаушы" деген түсініктердің
оптималды қатысын негізге алады, "шебер" "жасаушының" каулы болады, ал
шеберлік - шығармашылық құралы деп жазады (езектендіру)". Бұл дегеніңіз-
педагог тиімді іс-тәжірибеде ақталған әдістерді шебер меңгерген, бірақ
оларды өзінің жеке кәсіби жаңалықтарымен байытуға ұмтылмайды, өзінің
шығармашылық потенциалын іске асыра алмайды. Дегенмен, педагогикалық
шеберлікті қажетті және жеткілікті деңгейде игермесе, кез- келген маманға
өзінің кәсіби саласыида шығармашылығын өмірге келтіру қиын болады.
Балаңыз неге сөйлемейді?
Бала тілінін дамуы күрделі процесс екендігі белгілі.
Күнделікті тәжірибемізден көріп жүргеніміздей, соңгы уакытта бала тілінін
кеш шығуы көп кездеседі. Бұл жағдайга мән беріп. дер кезінде мамандардан
кенес алып отыратын ата - аналар да бар. керісінше 4-5 жаска дейін өзі
шыгады деп күтіп. баланы психнкалык даму тежеулігіне жеткізетіндер де
кездеседі. Өйткені сөйлеу әрекеті де адамнын еске сактау. зейіні. ойлау
кабілеті сияқты жоғаргы психикалык функциясы катарына жататындыгын
ұмытпауымыз керек. Аты аталған психикалык процестердін біреуі бұзылса. онын
кері әсері дс баска процестсрінсн көрініп отырады.
Осыған байланысты сіздің баланыздың дамуына кері ықпал ететін факторлерге
тоқталғым келеді. Ең алдымен бала тілінің дамуына онын орта-сы. яғни ата-
анасымен. үйдің үлкендерімен. құрдастармен байланысы әсер етеді. Байқап
жүргеніміздей кайсы бір ата-аналар баланын жетілуіне өздерінін тікелей
әсері барлыгын жете түсінбейді. Эмоциялык карым-катынас яғни. баланы
еркелету. бірге ойнау, жас еркшелігіне байланысты ойыншықтар алып беру
сияқты ең маңызды қажеттіліктерді ескермейді.
Жүктілік кезінде инфекциялык аурулар.мен ауру. Қанының азаюы, бүйрек
жұмысының бұзылуы,жүрек акаулығы сияқты факторлар жатырдағы нәрестеге әсер
етпей қоймайды.
Ата-ананың ішімдікті беріле ішуі де аномальді баланың дүниеге келуіне
себепші болады. Босану кезіндегі нәрестенің ми жарақаты. миға опегінің
жетіспеуі сияқты жәйларда кері әсерін тигізеді.
Енді 3 жаска дейін баланын уакытында тілінің шықпауына кандай себептерден
болатындығына нақтырақ тоқталсақ: асфиксия - ағзада көміртсгі газынын
молайып. қанга оттегінің жетіспеуі. Асфикеня ауыр жүктілік немесе босану
кезінде пайда болады. Оған себеп жатырдағы нәрестенің мойнына кіндіктін
оралуы босану кезінде көп кан кету. Асфиксиямен туылған балалар бірде дауыс
шығармайды.
Асфиксияның ауыр және женіл түрі болады. Бірақ кай түрі де нәрестенің жүйке
жүйесінің кызыметінің әлсізденуіне әкеп соқтырады.
Мысалы жеңіл түрінде асфиксия алган балада мектепке дейін жүйке және
психикалык дамуы жақсы болган мен, мектепке барған соң. сол уакыттан бастап
басы айналу. тез шаршагыштык, ашуланшак болу, еске сактау және зейіннің
нашар болуы, мектеп бағдарламасымен меңгермеу сияқты шагымдар айтылады. Бұл
жагдайда баланы алдымен невропотолог дәрігерге көрсету керек.
Босану кезінде бас сүйектің ішкі жарақаты: мұндай жағдайда миға кан кұйылу
салдарынан, мидың кан айналу жұмысы бұзылады.Жарақат көбіне әйел адамның
аяғы ауыр кезінде жүктіліктің ауыр өтуі себебінен болады. Сондыктан да
дәрігерлер кесарево аркылы босандыру әдісін ұсынады.
Бірақ бұл әдістің де жағымсьн жақтары бар. Зейіні тұрақсыз, өте жыбырлақ.
әр түрлі тіл кемістіктері бар балалар тәжірибемізден көріп жүргеніміздей
осы кесерево арқылы дүниге келген балалар арасынан кездессді.
Бас сүйегі ішіндегі жаракатпсн дүниеге келген нәресте арасында нерв
жүйесініц. психикасынын кеш дамуы. сол сиякты орталык нерв жүйесінің
зақымдануы кемеседі.
Невропатолог дәрігерлер психомоторлы дамуында ауытқушылығы бар балаларға
перинатальді энцефалопатия деген сараптама (диагноз) қойып жатады.
Бұл да баланың сөйлеу функциясының дамуына кері ыкпалын тигізеді. Енді
кыскаша осы сараптамага токталаііык.
Перинатальді энцефалопатия - бұл жүктілік кезіндегі, босану барысында
немесе туылғаннан кейін нәрестеге миының зақымдалуына байланысты орталық
нерв жүйесінің бұзылуы.
БАСТАУЬШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СӨЙЛЕУ ДАҒДЫСЫНА ӘСЕР
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАР
Интеллектуалдық және практикалық билік пен дағды қазіргі мектептегі білім
мазмұнынын бөліктері қатарына жатады. Оқушы жалпы білім жүйесін, оған
жеткізетін іс-әрекеттер, әдіс-тәсілдермен қатар оку еңбегін саналы
орындауға, білім алуға жетелейтін біліктер мен дағдыларды меңгереді.
Қалыптасқан біліктер мен дағдыларды кез келген жаңа жағдайда пайдалана
алса, баланың шығармашылык, ауқымы кеңейеді. Іс жүзіне асқан іс-әрекет
арқылы оқушы қоршаған орта шыңдығын тереңірек танып біледі. Міне. сондықтан
білік пен дағды оқу процесінде үлкен мәнге ие. Жас шәкірттерді тек жаңа
білім жүйесін игертумен шек-телмей, сол оқудың саналы болуына ықпал ететін
икемділік пен дағдыларды қалыптастыру маңызды мәселе.
Олай болса, "білік", "дағды", деген уғымдарды анықтап алайық. Психологиялық
әдебиеттерде бұл төңірегіндегілерге әр түрлі аныктамалар берілген. Бір
ескертетін жай, бағдарламаларда Қазақстан Республикасында әр пәннің
қамтитын материалдары белгіленгенімен, оларды іс-жүзіне пайдалану
тәжірибесін қамтамасыз ететін білік пен дағдылар бірыңғай шешімін таппаған.
Психолог Н.И.Жинкин: "Сөйлеу интеллектінің даму каналы... Тіл неғурлым ерте
меңгерілсе, білім де соғурлым оңай және толық меңгеріледі" - дейді. Онан
әрі ғалым оқушыларды ауызша сөйлеуге дағдыландыруды тіпті баланың тілі
шыққаннан бастап іске асыруға болатыңдығын айтады.
Б.В.Беляев сөйлеу дағдылары тілдің ережелерін түсінуден кейін сол
түсініктерді қабылдау процесі кезінде пайда болады дейді. Ол дағдылардың
қалыптасуын мынадай өрнек түрінде "білік-дағды-білік" көрсетіп, дағдыны
біліктен кейін қалыптасатын іс-әрекет деп таниды. Дағды - әрине білікті
қайталау нәтижесіңде қалыптасқан әрекет. Мысалы, оқыту дағдыларына оқушылар
кітаппен және баска түрлі басылымдармен жұмыс істеуі арқылы үйренеді десе,
Қ.Жарықбаев, Е.В.Гурьянов, және т.б. психолог ғалымдар өз еңбектерінде
дағды іс-әрекеттері туралы құнды пікірлер айтқан.
Демек, психолог-ғалымдардың керсетуі бойынша дағды жаттығудың қайталануы
арқылы іс-әрекеттің автоматты түрде орын-далуы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz