Н.Ә. Назарбаев


Жоспар
- Назарбаевтың өмірбаяны.
- Саясаты.
- Назарбаевтың баяндамасы.
- Саяси реформалардың ой қисыны мен мән-мағынасы.
- Елдiң жедел жаңғыруының қозғаушы күшi - саяси партиялар.
- «Отан» партиясының қазiргi кезеңдегi мiндеттерi.
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:
Өмірбаяны
1940 ж. шілденің 6 Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген.
1967 ж. Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бiтiрдi. Экономика ғылымдарының докторы.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.
1960-69 жж. - Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.
1969-73 жж. - Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
1973-77 жж. - Қарметкомбинаттың партком хатшысы.
1977-79 жж. - Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-ші хатшысы.
1979-84 жж. - Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.
1984-89 жж. - Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.
1989-91 жж. - Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы,
1990 ж. ақпан-сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.
1990 ж. сәуірінен - Қазақ КСР президенті.
1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98, 7 %) жеңіске жетті.
1995 ж. сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды.
1999 ж. қаңтардың 10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79, 78 % дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.
2005 ж. желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91, 5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.
Басқа лауазымдары мен мансаптары
Н. Ә. Назарбаев, 1993 Қазақстан пошта маркасы, (Michel № 28)
Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы.
Қазақстанның Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы.
Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы.
Нұр Отан Халықтық-демократиялық партиясының төрағасы.
Отбасылық жағдайы
Жұбайы - Сара Алпысқызы - Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорын басқарады.
«АЛҒА ҚОЙҒАН МАҚСАТҚА ЖЕТУ ҮШІН БІЗ БІРГЕ БОЛУЫМЫЗ КЕРЕК»
Өткен сейсенбi елiмiздiң тарихына «Отан» Республикалық саяси партиясының кезектен тыс IХ съезi өткен күн ретiнде енетiн болды. Оның ең үлкен тарихи маңызы - елiмiздегi екiншi бiр үлкен саяси күш, белсендi де салмақты «Асар» партиясының «Отанға» қосылуында жатыр.
Аса маңызды тарихи қосылу форумына, сондықтан да бес жүзге жуық «отандық» делегат пен «Асардың» айрықша көзге түскен белсендi өкiлдерi, басқа да саяси партиялар мен мемлекеттiк басқару орындары және ұлттық компаниялардың басшылары, ғылыми және шығармашылық ұйымдардың, сондай-ақ қоғамдық, үкiметтiк емес және жастар ұйымдары мен «Жас Отан» Жастар қанатының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi жиналды.
«Отан» РСП төрағасының мiндетiн атқарушы Бақытжан Жұмағұлов пен «Асардың» жетекшiсi Дариға Назарбаева сөз сөйлеп, съезд барысында екi партияның бiрiгуiне қатысты көптеген маңызды ұсыныстар айтылды.
«Отан» партиясының жетекшiсi, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың баяндамасы съезге қатысушылардың ерекше ықыласына ие болды.
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: Қазақстан Республикасының Президентi, «Отан» Республикалық саяси партиясының төрағасы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың баяндамасы
Құрметтi съезд делегаттары! Қадырлi қауым! Халқымызда «Береке басы - бiрлiк» дейтiн қанатты сөз бар. Қай заманда да, қай қоғамда да бiрлiгi бекем елде ғана береке болған. Сондықтан да шығар, бiздiң бабаларымыз ынтымақ пен бiрлiктi қашанда елдiктiң сынына, тiрлiктiң темiрқазығына балап келiптi. Қазақстанның тәуелсiздiк жолына өзiмен қатар түскен елдердiң арасында еңсесi биiктеу болуының басты сыры да көпұлтты халқымыздың уыздай ұйыған ынтымақты, татулық пен келiсiмдi көздiң қарашығындай сақтай бiлуi - бiздiң бүгiнгi жетiстiктерiмiздiң қайнар көзi.
Осындай ауызбiршiлiктiң, ел бiрлiгiн бәрiнен де жоғары қоюдың үлгiсiн «Отан» мен «Асар» партияларының көрсетiп отырғаны аса ғанибет.
Сiздердiң бұл шешiмдерiңiз үлкенге үлгi, кiшiге өнеге болатындай игi бастама дер едiм. Ынтымағы жарасқан елдiң ырысы да мол болатыны белгiлi. Бұл саяси шешiмдерiңiз де бiздiң ырысымыз бен мерейiмiздiң бiр бастауы деп ұғайық, ағайын.
Бiз қазiр әлемнiң ерен елдерiмен терезе түйiстiрмек үлкен мақсат жолында отырмыз. Болашаққа қарыштап қадам басатын қазiргiдей жауапты кезеңде қай салада да береке-бiрлiкте болуымыз ауадай қажет. Осы орайда елдiң қамы, халық мүддесi жолындағы мақсат-тiлегiмiздiң бiр арнада тоғысқанына ризашылығымды бiлдiремiн. «Отан» мен «Асар« партияларының ғана емес, бүкiл елiмiздiң саяси өмiрi үшiн ерекше маңызы бар осынау шешiмдерiңiзбен сiздердiң баршаңызды шын жүректен құттықтаймын.
Бұл шешiм бiздiң елiмiз үшiн өте маңызды тұста қабылданып отыр. Бiз дамуымыздың өтпелi кезеңiн аяқтауға жақындап, Қазақстанның әлемдегi бәсекеге барынша қабiлеттi 50 елдiң қатарына қосылу стратегиясын жүзеге асыруға кiрiспекпiз.
Бүгiнгi таңда жаңа жаңғыру серпiлiсiнiң мақсатына қол жеткiзуге бүкiл қоғамның жұмылуы бұрынғы қай кездегiден де маңызды. Мен сiздерге ел алдында тұрған мiндеттердi терең сезiнiп, дұрыс түсiнгендерiңiз, сөйтiп мемлекет мүддесiне берiлгендiктерiңiздi дәлелдегендерiңiз үшiн разымын.
Қазақстандағы белдi екi саяси партияның қосылуы партиялық жүйенiң дамуында жаңа белес ашады. Партиялық кеңiстiкте жалпыұлттық партия пайда болады, ол ел дамуын стратегиялық тұрғыдан көре алады, қуатты ұйымдық және интеллектуалдық ресурсқа ие болады.
Екi партияның бiрлесуi жөнiндегi шешiм - сайлау науқаны барысында барынша елеулi сыннан өтiп, шыңдалған әрiптестiк қарым-қатынастардың жемiсi. Жауапты сайлауалды науқанның барысында мен үшiн сенiмдi тiрекке айналған «Қазақстан халықтық коалициясының» өзегiн тап сiздер құраған едiңiздер. «Отан» және «Асар» партияларының мүшелерiне маған көрсеткен қолдауы мен асқақ отаншылдық сезiмi үшiн алғысымды айтамын.
«Асармен» бiрлескеннен кейiн жаңарған «Отан» партиясы бұрынғыдан да күшейе түсетiнiне сенiмдiмiн. Ендiгi жерде бiртұтас «Отанның» жалпы мүшелерiнiң саны жетi жүз мыңнан асатын болады. Қазақстанның бүкiл тәуелсiз тарихында мұндай бұқаралық, шын мәнiнде халықтық партия болып көрген емес. Мұның өзi партияға үлкен жауапкершiлiк жүктейдi, «Отан» өзiнiң нақты iстерiмен қазақстандықтардың сенiмiн ақтауға тиiс.
«Асар» партиясы өзiнiң құрылған күнiнен бастап сол бiр күрделi кезеңде Президент бағытын қолдау айқындамасын берiк ұстанғаны жақсы жадымда. Партия қысқа уақыт аясында қазақстандықтардың құрметiне бөлендi, елдiң саяси өмiрiне тың тыныс, күш-жiгер, шығармашыл сипат енгiздi. «Асар» екi бiрдей елеулi сайлау науқанын ойдағыдай өткiздi.
Барлық «асарлықтарға» және әрине, Дариға Нұрсұлтанқызына разылығымды бiлдiремiн. «Асар» мүшелерi бiздiң бiрiккен партиямызды едәуiр нығайта түседi, өздерiмен бiрге саяси жұмыстың осы заманғы және iлгерiшiл тәсiлдерiн, жаңа бастамаларды, тың идеяларды ала келедi деп санаймын. Ортақ көзқарасты ұстанатын екi партияның бiрiгуi әбден көкейге қонымды жай. Сондықтан бiздiң бiртұтас партиямыз «отандық» сенiмдiлiк пен «асарлық» күш-жiгердiң құймасына айналуға тиiс.
Баршаңызды осынау стратегиялық шешiммен тағы да құттықтаймын.
1. Саяси реформалардың ой қисыны мен мән-мағынасы
Бүгiнде бiздiң елiмiз өз дамуының өте бiр жауапты белесiнде тұр. Бiз Саяси реформалардың жалпыұлттық бағдарламасын нақты жүзеге асыруға кiрiстiк, оның негiзгi сұлбасы менiң халыққа Жолдауымда баян етiлген. «Алдымен экономика, сонан кейiн саясат» деген қағидатты ұстана отырып, бiз демократияның орнықты экономикалық негiзiн жасадық. Бiз дамудың неге мұндай жолын таңдап алдық?
Экономикалық игiлiк пен демократияның арасында белгiлi бiр өзара байланыс бар. Бұл орайда беделдi Американ саясаттанушысы Сеймур Липсеттiң пiкiрiн келтiрмекпiн, ол: «Ұлттың экономикалық тұрғыда жолы ашылған сайын оның демократиялық ұлт бола түсу мүмкiндiгi молая бередi» деп жазған. Расында да, мұндай өзара байланыс бар екендiгi даусыз, бiрақ ол соншалықты көзге ұрып тұрмайды.
Бiз әлемде жинақталған жаңғыру тәжiрибесiн есепке алдық. Нарықтық реформаларды орталықтандырылған түрде, бiртұтас мемлекеттiк ерiк-жiгердiң ауанында жүзеге асыруға тура келдi. Нақ осының арқасында бүгiнде саяси салада сапалық өзгерiстер жасауға қажеттi жағдай қалыптастырылып отыр.
Бiз экономикалық дағдарысты еңсерiп, экономиканы дағдарыстан кейiнгi қалпына келтiру кезеңiн ойдағыдай айналып өте алдық. Қазақстан өңiрдегi экономикалық көшбасшыға айналды, оның дамуы бiздiң барлық көршiлерiмiзге жағымды әсер етуде. Қазақстанның Iшкi жалпы өнiмiнiң даму көрсеткiшi жыл сайын 9-10%-дан кем болмай тұр. 2005 жылдың нәтижесi бойынша IЖӨ көлемi 7, 4 триллион теңгеге жеттi. 2008 жылға қарай бiз IЖӨ көрсеткiшiн 2000 жылмен салыстырғанда екi еселеуге, ал 2015 жылға қарай үш еселеуге қол жеткiзудi жоспарлап отырмыз.
Экономикада нарықтық қатынастар белең алуда, кәсiпкерлiктiң, капитал қозғалысының еркiндiгi қамтамасыз етiлуде. Бiздiң елiмiзде жеке меншiкке қол сұғылмауын қамтамасыз етуге жағдай жасалған, тиiстi нарықтық инфрақұрылым қалыптастырылған.
Қазақстан ТМД-да алғашқы болып нарықтық экономика елi деп танылды.
Бiз қазақстандықтардың әл-ауқатын едәуiр арттыруға қол жеткiздiк. Азаматтарымыздың табыс деңгейi кейiнгi 7 жылда 3 еседен артық өстi. Жан басына шаққандағы IЖӨ көрсеткiшi бойынша бiз ТМД елдерiнiң арасында көшбасшылықты берiк қолда ұстап келемiз. Таяудағы үш жылда бұл көрсеткiш әр адамға шаққанда 6, 6 мың долларға жетуi керек. Осының арқасында қазақстандық орта тап белсендi түрде қалыптасуда. Демократиялық үдерiстердiң негiзгi тiрегi де сол орта тап болып табылады.
Серпiндi дамып келе жатқан экономикаға арқа сүйей отырып, бiз кейiнгi жылдарда саяси ырықтандыру үдерiсiн дәйектiлiкпен жүзеге асырдық. Тұтастай алғанда, Қазақстанда демократияның арқау етерлiк институттары құрылып, ойдағыдай әрекет етуде, олар барша жұрт қабылдаған және осы заманғы демократиялық жөн-жобалар және рәсiмдер шеңберiнде жұмыс iстеп келедi.
Қазiр бiз саяси өзгерiстердiң жаңа кезеңiне аяқ басып отырмыз. Менiң төрағалығыммен Демократиялық реформалар бағдарламасын талдап-жасау және нақтылау жөнiндегi мемлекеттiк комиссия белсендi жұмыс жүргiзуде. Бiз қолға алып жатқан саяси реформалардың нәтижесi осы заманғы және бәсекеге қабiлеттi саяси жүйенi қалыптастыру болуы керек.
Саяси реформалардың негiзгi бағыттары қандай болады?
Бiз билiк тармақтары арасындағы тежеу және тепе-теңдiк тетiгiн едәуiр күшейтуге тиiспiз. Бұл үшiн уәкiлеттi органдардың қызмет аясы мен өкiлдiктерi едәуiр кеңейтiлетiн болады. Парламент Үкiмет жұмысына, ал мәслихаттар жергiлiктi жердегi әкiмдердiң қызметiне бақылау жасауды қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.
Сот жүйесiнiң тәуелсiздiгiн, ашықтығын және тиiмдiлiгiн нығайта түсетiн шаралар қабылданады. Соттар азаматтардың заңды мүдделерiн нақты қорғауға, жалпы әлемге ортақ қалып-үлгiлерге сәйкес жұмыс iстеуге тиiс.
Өздерiңiз бiлесiздер, мен биылғы жылдың қазанында аудандар және облыстық бағыныстағы қалалар әкiмдерiнiң сайлауын өткiзу жөнiндегi Жарлыққа қол қойдым. Бұл - елде сайланбалылық қағидатын едәуiр ұлғайтуды аңғартатын өте мәндi әрi стратегиялық қадам.
Бiз жергiлiктi өзiн-өзi басқару жүйесiн қалыптастырамыз. «Жергiлiктi өзiн-өзi басқару туралы» заң жобасының тұжырымдамасы Мемлекеттiк комиссияның үшiншi отырысында мақұлданды. Қазақстандықтар жергiлiктi мәнi бар мәселелердi, шенеунiктердiң рақымшылығын күтiп жатпай-ақ, өздерi шешуге мүмкiндiк алады. Бiрақ мұның өзi азаматтардан бастамашылдықты, тапқырлықты, батылдықты көбiрек талап ететiн болады.
Сыбайлас жемқорлықпен белсендi күрес жүргiзудемiз, бұл iсте мен «Отан» партиясы мүшелерi, азаматтық қоғам институттары тарапынан қолдау болады деп сенемiн. Күштi партияларға, үкiметтiк емес ұйымдарға, кәсiподақтарға, бұқаралық ақпарат құралдарына арқа сүйей отырып, бiз шенеунiктiк шектен шығудың бой көрсетуiн бiржолата тыюға тиiспiз.
Азаматтық қоғам институттарын дамыту мен нығайту жөнiнде шараларды жүзеге асырмақпыз.
Қазақстандық үкiметтiк емес ұйымдарға кең қолдау көрсетiледi, мұның өзi азаматтық қоғам дамуының деңгейiн сондай-ақ мемлекеттiң әлеуметтiк саясатының тиiмдiлiгiн арттыруға мүмкiндiк бередi.
Елде осы заманғы және бәсекеге қабiлеттi, заң шеңберiнде және қоғам мүддесiн ойлай отырып жұмыс iстейтiн қазақстандық БАҚ-тарды қалыптастыруға қолайлы жағдай жасайтын боламыз.
Бұл жөнiнде неге нақ «Отан» партиясының съезiнде айтып тұрмын?
Өйткенi, саяси партиялар мұнан былайғы саяси жаңа үрдiстердiң қозғаушы күшiне айналуға тиiс, сондықтан да мен «Отан» партиясы осынау маңызды жұмысты дәйектi жүргiзу жолындағы жауапкершiлiктi өз мойнына алады деп үмiт артамын.
Тұтастай алғанда, партиялардың саяси жүйедегi рөлiн нығайту демократиялық реформалардағы басты басымдықтардың бiрiне айналады.
2. Елдiң жедел жаңғыруының қозғаушы күшi - саяси партиялар
Бiз қашанда идеологиялық және саяси саналуандылықты табанды жақтаушылар болып келгенбiз, солай болып қала да беремiз. Олардың бiз үшiн құндылық екендiгi басы ашық жай. Сондықтан да бiз Қазақстанда көппартиялылықты қадiр тұтамыз. Сонымен бiрге, бiздiң бәрiмiз де партиялық жүйе дамуының ой қисыны ел заңдарын берiк ұстана отырып жұмыс iстейтiнiн неғұрлым күштi әрi қабiлеттi партиялардың табиғи түрде iрiктелiп шығатынын бiздер де түсiнемiз.
Кейiнгi сайлаулар бiздiң қоғамымыз саяси тұрақтылықты және Президенттiң реформалар бағытын жалғастыруды жақтайтынын көрсетiп бердi. Даңғазалық, сынампаздық және жақсы атанушылық халық тарапынан қолдау таппайды.
Күштi де iрi партиялар ұлтты жалпыұлттық мақсаттарға жұмылдыра отырып, елдiң дамуына қуатты серпiн бере алатынын әлемдiк тәжiрибе көрсетiп отыр.
II Дүниежүзiлiк соғыстың күлiнен көтерiлiп, өз өңiрiнде жаңғыртушылық серпiлiстi алғаш жасай алған ел - Жапония осының жарқын мысалы бола алады. Ол елде либерал-демократиялық партия өзi құрылған 1955 жылдан бастап iс жүзiнде дӘйiм билiк басындағы партия болып келедi. Сингапур мен Малайзияда да солай болған.
Мұндай мысалдар Азияда ғана емес, демократиялық құрылымының көптеген ғасырлық тарихы бар Еуропа елдерiнде де бар.
Швецияның социал-демократиялық жұмысшы партиясы 1932 жылдан 1976 жылға дейiн жеке-дара немесе коалиция бастап билiк басында тұрды. Кейiнгi отыз жыл iшiнде де бұл партия сайлауларда басқалардан жиiрек табысқа жеттi, сөйтiп үкiметтi қалыптастыруға құқылы болды. Еуропаның басқа елдерiнен де осындай мысалдар келтiре аламыз.
Iлгерiлiшiл басым партиялардың күшi олардың салыстырмалы түрде алғанда ұзақ мерзiм iшiнде ел өмiрiн сәттi реформалауға, саяси тұрақтылықты қолда ұстауға қабiлеттi екендiгiнде. Бұл партиялар нақпа-нақ және айқын идеологиялық негiздерге арқа сүйейдi, қауiпсiздiкке, мемлекеттiлiкке, ұлттық мүдделерге, көкейге қонымды нарықтық реформаларға басымдық бередi. Оның үстiне жұмылдырушылық стратегиясына ие болады, мұның өзi де сыни тұрғыдан қарағанда маңызды жай.
Бiздiң партияларымыз өкiлеттi органдарда тиiмдi жұмыс iстеуге, билiктiң орындаушылық тармағы жүргiзетiн саясатқа ықпал жасауға тиiс.
Бiзге қуатты әлеуметтiк тiрегi бар, жұртшылықтың мүддесiн анықтай алатын, соны жеткiзе алатын, сайлаушылардың дауысы үшiн бiр-бiрiмен өркениеттi түрде тiресе алатын күштi, бәсекеге қабiлеттi партиялар керек. Сонымен қатар, олар жалпыұлттық идея төңiрегiнде бiрiккен, сындарлы тұрғыдан өзара ынтымақтасатын партиялар болуға тиiс.
Елдiң жедел дамуына бағыт ұстап отырған жағдайда партиялар халықты жұмылдыруға, қолға алынған өзгерiстерге қоғамдық қолдау қалыптастыруға қабiлеттi болуы керек. Бұл орайда «Отан» жӘне «Асар» партияларының бiрiгуi елдiң партиялық жүйесiн дамытуда маңызды қадам болады деп есептеймiн.
Бiз iс жүзiнде күштi әрi бәсекеге қабiлеттi партиялары бар осы заманғы партиялық жүйенi қалыптастыруға кiрiстiк. Бiрiккен «Отан» партиясы алдағы кезде де басқа партиялармен үлкен коалициядағы бiрлесу жөнiнде келiссөздер жүргiзгенi жөн.
Партияларды дамыту жөнiндегi саясат шеңберiнде олардың саяси жүйедегi рөлi мен ықпалын одан әрi нығайтуға қол жеткiзу керек. Демократиялық реформалар бағдарламасын талдап-жасау және нақтылау жөнiндегi мемлекеттiк комиссия жұмысының негiзгi мақсаты да нақ осы болып табылады. Саяси жаңғырудың кезеңдерi мен мiндеттерi туралы бiз комиссияның алғашқы отырысында сөз еттiк.
Оларды қысқаша шолып айтсақ, әңгiме мына мәселелер жөнiнде болды.
Бiрiншiден. Парламент депутаттарының санын көбейту керек пе? Мұнымен бiз ненi шешемiз?
Екiншiден. Мәжiлiс депутаттарын мажоритарлық жүйемен сайлап, әрбiр депутат сайлаушылардың қолдауына жеке өзi қол жеткiзетiндей ету керек пе? әлде сайлаушыларды шатастыратын, сөйтiп партиялық тiзiмдер бойынша Парламентке аттарын адам бiлмейтiн, кейде тiптi кездейсоқ адамдар, көбiне қалтасы қалыңдар өтiп кететiн мөлшерлестiк жүйе бойынша сайлау керек пе?
әрi қарай. Бiз сайлауда жеңiп шыққан партия Премьер-министрдi ұсынады және Үкiметтi тұтастай қалыптастыруға ат салысады, оның жұмысын бақылайды деп уағдаласуға тиiспiз.
Бұл iсте Қазақстанда күштi президенттiк билiктi және атқарушы билiктiң тiк сызығын сақтау қажет екендiгiн нақпа-нақ ұғынуымыз керек.
Сондай-ақ бiз сайлауда жеңiп шыққан партияларға мемлекеттiк қолдау көрсету жөнiндегi мәселенi де шешкенiмiз жөн.
Елдiң және халықтың тағдыры осы және басқа мәселелердiң дұрыс шешiлуiне байланысты.
Саяси партиялар бұл мiндеттердi талқылау барысында бiр пәтуаға келуi керек. Ең бастысы - ол пәтуаны бiздiң халқымыздың қолдауы қажет.
Бұл бағыттардың бәрi бойынша Демократиялық реформалар бағдарламасын талдап-жасау және нақтылау жөнiндегi мемлекеттiк комиссия жылдың соңына дейiн тиiстi ұсыныстар әзiрлеуге тиiс.
3. «Отан» партиясының қазiргi кезеңдегi мiндеттерi
Ендi бiрлескен партия алдындағы тұрған нақты мiндеттер. Ең алдымен, сабақтастықты сақтау, бұрын белгiленген жоспарлар мен мiндеттердi iске асыру тұрғысында жұмыс iстеу қажет. Әлбетте, бұл партияның «Қазақстандық бағыт-2009» бағдарламасын iске асыруға қатысты болып отыр.
Онда белгiленген стратегиялық мiндет - 2009 жылға қарай қазақстандық ұлттық өмiр сапасы стандартын қалыптастыру - әрбiр қазақстандыққа етене. Сондай-ақ «Асар» партиясының сайлауалды тұғырнамасын дәйектiлiкпен iске асыру қажет. Бiр сөзбен айтқанда, сайлау алдындағы уәделердi бұлжытпай орындаған жөн.
Сабақтастық кадр мәселесiнде де болуға тиiс, партия төрағасы «Отан» партиясындағы менiң орынбасарларым Бақытжан Жұмағұлов, Дариға Назарбаева және Александр Павлов болатынын хабарлаймын. Сiздер оларды жақсы бiлесiздер, олар бiрiккен партияның қалыптасуы үшiн көп iс атқарды.
Қарсылық жоқ па? Төраға мiндетiн атқарушы болып Бақытжан Тұрсынұлы қала бередi. Ендi партия алдағы кезеңде нақты мiндеттер кешенiн шешуге шоғырлануы тиiс. Бiрiншi. Бiрiккен партияның ұйымдық мәселелерiн оңтайлы тұрғыда шешу керек.
Партияда осы заманғы менеджментке арқа сүйейтiн тиiмдi iшкi құрылымды құру қажет. Партияның басшы органдарын оңтайлы ұйымдастыру туралы да ойласу керек.
Сонымен бiрге, партия рабайсыз үлкен бюрократиялық ұйым болмауына, басшы органдардың арасындағы функциялардың қайталануына ұрынбауға қол жеткiзу маңызды. Партияның Саяси кеңесi тиiмдi жұмысшы органы болуы тиiс.
Өте маңызды мәселе - iшкi партиялық демократия туралы. Баламалы ұсыныстарды талдап-жасау мақсатында жүйелi iшкi партиялық пiкiрталастарды ұйымдастырған жөн, алайда олар партияның iшкi бiрлiгiн бұзбауы тиiс.
Iшкi фракциялық және тұтастай алғанда iшкi партиялық тәртiптi қамтамасыз етiп, партияның Орталық аппараты мен парламенттiк фракцияның арасындағы қатынасты нығайту керек. Партияның бағдарламалық нұсқаулары мен шешiмдерi Парламенттегi партиялық фракцияның мүшесi - әр депутат үшiн орындалатын қатал мiндет болуы тиiс.
Бұл мiндеттердi орындау үшiн, бәлкiм, Парламент және саяси партиялар туралы заңдарға өзгерiстер енгiзуге тура келедi.
Партия ұстанымын қорғап, дәлелдi пiкiрсайыс жүргiзуге қабiлеттi жария саясатшыларды тарта және тәрбиелей отырып, кадр құрамын нығайтқан жөн.
Жақсы бiлiмi, креативтiк ойлау қабiлетi бар бастамашыл жастарды белсендiрек тартып, қоғамдық пiкiр лидерлерiмен етене жұмыс iстеу керек.
Партияның тиiмдi ақпараттық және үгiт жұмысын қамтамасыз етуге қабiлеттi тармақталған инфрақұрылымын құру талап етiледi.
Екiншi. «Отан» партиясының депутаттарына үлкен заңшығарушылық жұмыс жүргiзу сондай-ақ саяси реформалардың iске асырылу барысына бақылауды күшейту керек.
Бiрiккен партия басым парламенттiк көпшiлiкке ие болып отыр, сондықтан да Парламенттiң заңшығарушылық қызмет мәселесiнде сiздерге зор жауапкершiлiк жүктеледi.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz