Түс көру әлемі


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Түс Көру - қиял процесінің ұйқы кезіндегі енжар бейнесі. Түс көруді физиологиялық тұрғыда түсіндірген академигі И. П. Павловтыңпікірі бойынша ұйқы кезінде ми клеткаларының қызметі толық тежелмейді, кейбір бөлімдері ояу қалпындағыдай жұмыс істей береді. Ми қыртысының осындай бөліктерін “күзетші пункт” деп атайды. Күзетші пункттерде адамның бұрынғы көрген, естіген, дәмін татқан нәрселердің бейнелері (бейнелі ойдың ісін басқаратын оң жақ ми сыңарында) қайта “тіріледі”.

Түсте ақылға сыймайтын бейнелердің туындауын мидағы сигнал жүйелерінің арасындағы байланыстың әлсіреп, бірінші сигнал жүйесінің іске қосылып, екінші сөздік сигналдардың толық тежелуімен түсіндіріледі. Осы түстерде алған әсерлердің болып көрмеген қиысулары ретінде түсіндірген И. М. Сеченов адамның ояу кезіндегі басынан кешкен оқиғалардың есепсіз көп фактілері себеп болады деп білді. Адамның дене мүшелеріндегі жайсыздық та әр түрлі түс көруге себеп болады. Түс Көру-ді зерттеу бейсаналылықты танудың жолы, адамның жан жүйесін түсінуге ықпал етеді деп білген психоаналитиктер түс көруді физиологиялық, соматик. емес, психол. құбылыс деп білді. З. Фрейд Түс Көру-дің айқын мазмұнымен қатар тылсым астары да бар, сондықтан түс адамның бейсаналық деңгейіндегі ойларының символдық бейнесі деп білді. К. Юнг бойынша Түс Көру адам санасынан тыс, оның рухани дүниесіндегі сана мен бейсаналықтың арасын байланыстыратын, болашақты болжайтын транценденталды құбылыс деп санады. Адамның психик. өмірі бейсаналықтың тереңінен тамыр алады, санамыз болса жанның орасан зор бейсаналық әлемінің аз ғана бөлігін бейнелейді. Түсте сана ұлғайып, кеңістіктік-уақыттық шектер жойылады, адам өзін басқа уақытта, кеңістікте, әлемде, мүлдем басқа күйде сезіне алады. Қазақ дәстүрлі қоғамында да Түс көруге бей-жай қарамағанын, мән беріп, мағынасын жорығанын ауыз әдебиеті мұраларынан, ырымдар мен жоралардан көруге болады.

Түс көру әлемі

Түс Көру адамның ырқынан тыс болғандықтан оны көрудің мағынасынан гөрі түсті жоруға көбірек көңіл бөлген. Түсті әрдайым жақсылыққа жорып, “Түс - балқыған қорғасын” оны жақсылыққа жорысаң - жақсы ниет қабыл болып жақсылыққа айналады, жамандыққа жорысаң - жамандыққа айналуы мүмкін деген ұғым бар. Түсті рухани әлемнің хабаршысы ретінде қабылдау діни танымға жат емес. Түс Көру-де рухани адамға аян берілетіні, ғайыптан болашақтан хабар берілетіні жайлы көптеген аңыз әңгімелер бар. Құранда аты аталатын Жүсіп пайғамбардың (ғ. с. ) түсінде аян алуы мен түс жору ғылымын иеленуі Құдайдың құдіреті деп сенеді. Түс Көру мен оны жору діни және рухани танымға жат емес, адамның рухани өміріндегі, психол. халіндегі маңызды құбылыс.

Әйтеуір, түстің адам болашағына, ғылыми жаңалықтар ашуға қатысы өте таңғажайып. Атақты ғалым Д. И. Менделеев химиялық кестені түсінде көріп, өңінде оны есіне түсірген ғой. Оқиға негізінен, былай болған: химиялық элементтердің орнын анықтаумен ұзақ жылдар айналысқан ұлы ғалым азапты ойдың тұтқынына түсіп, газ, металдың басын біріктіруші заңды жасай алмай қалжырап, отырған орнында ұйқыға кетеді. Түсінде ол атақты Менделеев кестесін көреді. Шырт ұйқыдан шошып оянған ғалым әлгі кестені қағазға түсіреді. Жер - жаһанда бұрын-соңды өмір сүрген астрологтар мен көріпкелдердің ең әйгілісі Мишель Нострадамус те (де Нотр-Дам) 1549 жылы түс көріп, сол күннен бастап өзінің болашақты болжаған атақты «Центуриялар» (Ғасырлар) атты еңбегін (2242 жылдық аралықты қамтыған, яғни 1555 жылдан 3797 жылға дейін) жазуға отырған. Жиырма үш жасар француз философы Рене Декарт болса, түс көру арқылы ХVІІ ғасырдың ұлы ғалымына айналған.

Түстің мағынасы, оны жору сипаттары

Түстің мағынасы, оны жору сипаттары жөнінде фольклортанушы Ә. Диваев («Түстің баяны») пен ғалым Э. Б. Тайлор («Первобытная культура») жан-жақты зерттеу жүргізген болатын. Бұрын да, қазір де түстің мәнін ашуға ғылыми талпыныстар жасалғанымен, оның сыры толық ашылып отырған жоқ. Алайда «Пайғамбарлықтың қырық алтыдан бір нышаны» деп саналатын жақсы түс - болашақтың бағдары іспеттес. Оған тарихи ұлы тұлғалардың көрген түстерінің өңінде ақиқатқа айналуы нақты дәлел болар-лықтай . . .

Исламда түс үш топқа бө-лінеді. Олар: рахмани, шайтани, аяни. Анатомияда адамның ұйықтау мезетіндегі таңғы төрт пен бестің уақыты - түстің уақыты деп саналса, халық ұғымында таңсәрідегі түс адамның болашақ тағдырын меңзейді. Ал бұл - таңсәрідегі уақыт - «аяни» түс кезі. Ұлық Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с. ғ. с. ) хадис-шәріптерінің бірінде: «Жақсы түс - пайғамбарлықтың қырық алтыдан бір нышаны» деп айтылғанын басшылыққа алған кейбір дінтанушылар Аллаһ Тағаланың түзу жолындағы адал мүминдердің көп түс көрмейтінін, тек қана қатты қиналған кезде сол тығырықтан шығатын жол көрсеткен «аяни» түстерді көретінін айтады. Біздіңше, адам баласы қиналған кезінде ғана емес, мамыражай шағында да «аяни» түстерді көреді. Аллаһ Тағала мейірім шапағатын төксе, оның келешегі де түсіне аян болып кіреді.

Біз енді ХVІІ ғасырда өмір сүрген Италия композиторы Джузеппе Тартиниді еске алсақ, ол түсінде скрипкада ойнап отырған шайтанды көреді. Шошып оянған композитор скрипкасын қолына алып, құлағында қалған әуенді қайталап тартып, қағазға түсіреді. Бұл кейін оның ең үздік шығармаларының қатарына қосылады. Ағылшынның ұлы жазушысы Чарльз Диккенс те өз кейіпкерлерін түсінде көреді екен. Олардың басынан өтетін оқиғаларды ертеңіне асықпай отырып жазып шығатын көрінеді. Мұның сыртында, Пушкин мен Феттің түсінде өлең жазғаны, көрген түстерінің бірі Ф. М. Достоевскийге «Жасөспірім» романының оқиғасын баяндап бергені, Державиннің «Құдай» деген оданы жазып отырып ұйықтап кететіні, шығармасының соңғы жолдары түнде оның түсіне енетіні, И. С. Тургеневтің өз кейіпкерлерін түсінде де көретіні, француз математигі А. Пуанкареге ерекше жемісті идеялардың оның басына ұйқылы-ояу жатқанында келетіні тарихтан бізге жеткен нақты шындықтар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оралхан Бөкей шығармаларындағы түс көру құбылысы
Көркем шығармадағы түс көру ұғымы
Әбіш Кекілбаевтың шығармаларындағы әдеби түс көру
Түс көрудің поэзиядағы рөлі
Әбіш Кекілбаев шығармаларындағы түс көру мотиві
Жүсіпбек Аймауытов шығармаларындағы психологизм
Көркем прозадағы түс көру тәсілінің сипаттамасы
Ұйқы және түс көру
Оралхан Бөкей шығармаларындағы аңыздық желі
Ішкі монолог
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz