Мемлекет және жеке адам арасындағы жауапкершілік туралы түсінік



Мазмұны

Кіріспе

Мемлекет және жеке адам арасындағы жауапкершілік
1.Алғашқы қоғамдық қауымдағы биліктің ерекшеліктері
2. Мемлекеттің ішкі және сыртқы функциялары
3. Мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі
4.Азаматтық қоғамның түсінігі жәнс құрылымы

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Құқық және мемлекет теориясын оқып үйренерде оның алғашқы әліппесі ретінде мемлекеттің ұғымы және әлеуметтік мәні туралы мәселелерді қараудан бастау қажет. Бірақ мемлекеттің өзі нені білдіреді және оның қоғам өміріндегі алатын ролі қандай екендігін түсіну үшін ең алдымен мемлекет қашан және не үшін өмірге келгендігін анықтау қажет. Өйткені, адамзаттың тарихи даму барысындағы кейбір кезеңдерінде мемлекеттің мүлдем болмағандығы тарих пен ғылымның жетістіктері куә.
Қоғам — бұл жалпы мүдделері бойынша біріккен адамдардың жиынтығы және де олардың бірлескен қызметтерінің барлық нысандары мен белгілі бір тәртіпті қамтитын әртүрлі қоғамдық қатынастар. Қоғам тарихындағы ең біріншісі алғашқы қауымдық, ол жабайы жануарлар, бертін келе рулық қоғам деп аталынды. Мұндай қауымдастық адамдардың қаны бір туыстығынан пайда болды. Мұны ру мүшелерінің шыққан тегінің ортактығын көрсететін "ру" деген терминнің өзі дәлелдейді. Қоғам тарихының ертедегі сатыларында адамдар ең алдымен қаны бір туыстығымен, арғы тегінің (туыстық ана тегі немесе ата тегі бойынша) ортақтығымен бірікті, өйткені жалғыз адамның өмір сүруі ол кезде мүмкін еместі. Адамдардың мұндай топтары бірігіп, қауым болып тұрды, Бұған экономикалық қажеттілік- шаруашылықты ұжымды жүргізу, еңбек дағдысын қалыптастыру және оны басқаларға беру, жас ұрпақты тәрбиелеу қажеттігі мәжбүр етті.
Уақыт өте келе рулық қауымдастар өсіп, олардан туынды қауымдар бөлініп шықты. Рулар тайпаларға бірікті. Тайпада жүздеген, мыңдаған адам болды. Тайпаның тіршілік ететін және аң аулайтын белгілі аумағы болды. Оның мүшелері ортақ тілде сөйлеп, діни түсініктері мен дәстүрі, салттары да бірдей болды. Ру мен тайпаның бүкіл өмірі стихиялы демократиялық принциптер негізінде құрылды. Ру қауымына рудың ересек мүшелері сайлаған старейшиналар (ақсақалдар) басшылық жасады. Тайпаны тайпа жиналысы сайлаған Кеңес басқарды.
Бұдан неғұрлым кейініректегі сатыда туыстас тайпалардың одақтары қалыптаса бастады. Бұл әрі шаруашылық (аң, балық аулау, жеуге жарайтын жабайы өскен табиғи тағамдарды жинау), әрі соғыс қажеттерінен (өздеріне қауіп төндіретін қарсылықтарға төтеп бере алатындай күш жинау) туды. Дегенмен негізгі байланыстырушы бұдан бұрынғысынша қаны бір туыстық болды. Бұл қоғамда барлық талқан табыс қоғамдық меншікте болды, сол себептен өздерінің мүшелеріне табыс тең бөлініп отырды, ешқандай тамақ артылыл қалмайтын. Сондықтан да болар теңсіздік деген мүлдем болмайтын: барлығы тең және еркін болатын. Ешкім де бір-біріне үстемдік ете алмайтын. Еңбек бөлінісі тек еркектер мен әйелдер арасында және жасына қарай болатын.
Бірақта рулық қоғамның өзінде де әлеуметтік (қоғамдық) құбылыс ретінде билік көрініс тапты, өйткені ол қоғамды басқарып тұру, оның өміріне қажетті жағдайлар жасау, тіпті тәртіпті ұстап тұру қажеттілігінен туындаған Қандай бір билік болмасын ол міндетті түрде басқа адамның қызметіне, тәртібіне үстемдік ету, сөйтіп оны өзіне икемдеп, бағындыру. Алғашқы қауымдағы билік — ол әлі де мемлекеттік билік болмайтын.
Пайдаланылған әдебиеттер

1.ҚР Мемлекет мен құқығының негіздері. Баянов Е. Алматы. 2003
2.Мемлекет және құқық негіздері. Сапарғалиев Ғ. Алматы. 2004
3.Мемлекет және құқық негіздері. Баймаханов М.Т. Алматы. 2001
4.Мемлекет және құқық негіздері. Абдуллина З.К. Алматы. 2001
5.Құқық негіздері. Баққұлов С.Д. Алматы. 2004
6.Егемен Қазақстан құқығы. Ашитов З.О. Алматы. 2004
7.Мемлекет және құқық. Бейсебаева С.Б. Шымкент. 2001
8.Мемлекет және құқық негіздері. Дулатбеков Н. 2001
9.Құқық негіздері. Оспанов Қ.И., Ж.Жарғы., 2006

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

Мемлекет және жеке адам арасындағы жауапкершілік
1.Алғашқы қоғамдық қауымдағы биліктің ерекшеліктері
2. Мемлекеттің ішкі және сыртқы функциялары
3. Мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі
4.Азаматтық қоғамның түсінігі жәнс құрылымы

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Құқық және мемлекет теориясын оқып үйренерде онның алғашқы әліппесі
ретінде мемлекеттің ұғымы және әлеуметтік мәні туралы мәселелерді қараудан
бастау қажет. Бірақ мемлекеттің өзі нені білдіреді және оның қоғам
өміріндегі алатын ролі қандай екендігін түсіну үшін ең алдымен мемлекет
қашан және не үшін өмірге келгендігін анықтау қажет. Өйткені, адамзаттың
тарихи даму барысындағы кейбір кезеңдерінде мемлекеттің мүлдем болмағандығы
тарих пен ғылымның жетістіктері куә.
Қоғам — бұл жалпы мүдделері бойынша біріккен адамдардың жиынтығы және де
олардың бірлескен қызметтерінің барлық нысандары мен белгілі бір тәртіпті
қамтитын әртүрлі қоғамдық қатынастар. Қоғам тарихындағы ең біріншісі
алғашқы қауымдық, ол жабайы жануарлар, бертін келе рулық қоғам деп
аталынды. Мұндай қауымдастық адамдардың қаны бір туыстығынан пайда болды.
Мұны ру мүшелерінің шыққан тегінің ортактығын көрсететін "ру" деген
терминнің өзі дәлелдейді. Қоғам тарихының ертедегі сатыларында адамдар ең
алдымен қаны бір туыстығымен, арғы тегінің (туыстық ана тегі немесе ата
тегі бойынша) ортақтығымен бірікті, өйткені жалғыз адамның өмір сүруі ол
кезде мүмкін еместі. Адамдардың мұндай топтары бірігіп, қауым болып тұрды,
Бұған экономикалық қажеттілік- шаруашылықты ұжымды жүргізу, еңбек дағдысын
қалыптастыру және оны басқаларға беру, жас ұрпақты тәрбиелеу қажеттігі
мәжбүр етті.
Уақыт өте келе рулық қауымдастар өсіп, олардан туынды қауымдар бөлініп
шықты. Рулар тайпаларға бірікті. Тайпада жүздеген, мыңдаған адам болды.
Тайпаның тіршілік ететін және аң аулайтын белгілі аумағы болды. Оның
мүшелері ортақ тілде сөйлеп, діни түсініктері мен дәстүрі, салттары да
бірдей болды. Ру мен тайпаның бүкіл өмірі стихиялы демократиялық принциптер
негізінде құрылды. Ру қауымына рудың ересек мүшелері сайлаған старейшиналар
(ақсақалдар) басшылық жасады. Тайпаны тайпа жиналысы сайлаған Кеңес
басқарды.
Бұдан неғұрлым кейініректегі сатыда туыстас тайпалардың одақтары
қалыптаса бастады. Бұл әрі шаруашылық (аң, балық аулау, жеуге жарайтын
жабайы өскен табиғи тағамдарды жинау), әрі соғыс қажеттерінен (өздеріне
қауіп төндіретін қарсылықтарға төтеп бере алатындай күш жинау) туды.
Дегенмен негізгі байланыстырушы бұдан бұрынғысынша қаны бір туыстық болды.
Бұл қоғамда барлық талқан табыс қоғамдық меншікте болды, сол себептен
өздерінің мүшелеріне табыс тең бөлініп отырды, ешқандай тамақ артылыл
қалмайтын. Сондықтан да болар теңсіздік деген мүлдем болмайтын: барлығы тең
және еркін болатын. Ешкім де бір-біріне үстемдік ете алмайтын. Еңбек
бөлінісі тек еркектер мен әйелдер арасында және жасына қарай болатын.
Бірақта рулық қоғамның өзінде де әлеуметтік (қоғамдық) құбылыс ретінде
билік көрініс тапты, өйткені ол қоғамды басқарып тұру, оның өміріне қажетті
жағдайлар жасау, тіпті тәртіпті ұстап тұру қажеттілігінен туындаған Қандай
бір билік болмасын ол міндетті түрде басқа адамның қызметіне, тәртібіне
үстемдік ету, сөйтіп оны өзіне икемдеп, бағындыру. Алғашқы қауымдағы билік
— ол әлі де мемлекеттік билік болмайтын.
1.Алғашқы қоғамдық қауымдағы биліктің ерекшеліктері

Алғашқы қоғамдық қауымдағы биліктің ерекшеліктеріне жататындар:
оның бүкіл қоғамдық қауымға тұтастай қатыстығы;
жоғарғы билікті барлық ересек ру мүшелерінің жалпы жиналысы (кеңесі)
жүргізуі;
ру қоғамындағы күнделікті істерді ру мүшелерінің жалпы жиналысында
сайланатын старейшиналардың басқаруы. Сондай-ақ, өндіріске байланысты
істерге оның басқа мүшелерімен қатар қатысуы;
билік беделге, әдет-ғұрыпқа, сыйлауға негізделетін, тәртіп бұзушыларға
мәжбүрлеу шаралары (кейде қатаңдау) қолданылатын, бірақта ол үшін ешқандай
арнаулы органдар болмаған;
5) тайпалардағы билік (бұл рулық қоғамға қарағанда өте үлкен бірлестік)
ру қоғамындағы сияқты принциптер негізінде іске асырылатын.
Бертін келе, өндіргіш күштердің дамуы мен айырбастың кең өрістеуіне
қарай қаны бір туыстық байланыстың біртіндеп аумақтық байланысқа ұласуына
әкеп соқтырғаны бізге тарихтан белгілі еді.
Уақыт өткен сайын алғашқы қауымдастық та ұдайы өзгерістерге ұшырап
отырды. Қоғамның прогрестік дамуына мынадай үш бірдей ірі қоғамдық еңбек
бөлінісі себеп болды:
1) мал шаруашылығының егін шаруашылығынан;
2) қол өнердің егін шаруашылығынан;
3) тек тамақты айырбастаумен шұғылданатын адамдардың ерекше тобы -
көпестердің оқшауланып, бөлініп шығуы. Әрине, бұл бертін келе табысты тең
бөлу қағидатының бұзылуына, тұтынушылардың теңсіздігіне, қарама-
қайшылықтардың тууына әкеп соқтырды. Дәл осындай кесапаттар рулық
(тайпалық) ұйымдардың басқарушылық қызметінен де үнемі кездесіп отырды.
Ендігі жерде бұлар өздеріне жүктелген міндеттерді өмірдің жаңа талабына сай
атқара алмайтын жағдайға жетті. Мұның өзі алғашқы қауымдастықтың күйзеліске
ұшырап, ыдырауына, бір-біріне жау болып саналатын қарсы таптарға (қанаушы
және қаналушы) бөлінуіне итермеледі. Ақыр соңында мемлекет дүниеге келді.
Сөйтіп, жеке меншіктің пайда болуына және қоғамның тапқа бөлінуімен өкімет
халықтан бөлініп, билікті жүзеге асыру өзіне бейімделген арнаулы, құрамында
қаржыны, қарулы күштерді, қоғамдық тәртіпті және т.б. басқаратын адамдары
бар топтарын, мемлекеттік аппараттың ісіне айналды. Мемлекет биліғі
жүргізілетін аумақта оны мекендеушілердің бәрі сол мемлекеттің қол
астындағы адамына немесе азаматына айналды.
Сөйтіп қанаушы қоғамдағы мемлекеттің мынадай түрлері дүниеге келді: құл
иеленушілік, феодалдық, қоғам ыдырап, байлар мен кедейлер бөлініп шығып,
қарама-қайшы таптарға айналғандығына тарих куә. Міне осыларды негізге ала
отырып, қазіргі уақыттағы ғылыми теориялық марксистік ілімді жоққа
шығармай, оны нақтылы деректермен толықтыра түседі. Жоғарыдағы мемлекеттің
пайда болуы туралы теориялардың оң жақтарына ғана назар аударады.
Мемлекеттің шығу тегін тусіндіретін өзге де теориялар бар (органикалық,
валюнтаристік, аралас қандық).
Сөйтіп, мемлекеттің пайда болу жалпы заңдылықтарын сөз еткенде мыналарға
көңіл бөлгеніміз жөн:
мемлекеттің шығуы ұзақ тарихи процесс;
мемлекет объективті негізде пайда болады, өйткені қоғамның даму
кезеңдерінің белгілі бір сатыларында онсыз болуы мүмкін емес, керісінше,
мемлекетсіз қоғам өрби алмайды, қоғам дамуының заңдылығы осында;
мемлекеттің шығуы қоғам ішіндегі қайшылықтармен қатар, оның табиғатпен ара-
қатынасының арасындағы келіспеушіліктерді үйлестіру қажеттігінен туындайды;
қоғам дамуының белгілі бір кезеңдерінде мемлекет пайда болып, болашақта ол
оның тұрақты көмекшісіне айналады.
Қорыта келе айтатынымыз, мемлекет пен құқықтың шығу тегі экономикалық
және әлеуметтік себептерге де байланысты болады. Экономикалық себептерге
жататындар:
- тұрпайы жинаудан өнім шығару экономикасына ауысуы;
- қоғамдық еңбектің бөлінуі (мал шаруашылығының жер өңдеу аруашылығынан
бөлінуі; қол өнерінің бөлінуі; кепестердің пайда болуы);
- еңбек өнімділігінің артуы және артық мөлшерде өнім шығару;
- жеке меншіктің пайда болуы.
Ал әлеуметтік себептердің қатарына рудың ыдырауынан отбасының пайда
болуы; антагонистік қайшылықтың дүниеге келуі және қоғамның таптарға
бөлінуі жатады.
1. Өзіміз білетініміздей, мемлекет о бастан-ақ өзінің пайда болған
кезінен үстем таптың саяси ұйымы, халықтың қаналушы таптары мен топтарына
өктемдік жасау құралы болып табылды. Әрбір мемлекеттің мәні өкімет басында
қандай тап немесе қандай топтар тұрғанына ғана байланысты болады. Тіпті
құлиеленуші, феодалдық, буржуазиялық мемлекеттерді айтпай-ақ өзімізге қанық
болған социалистік (кеңестік) мемлекет те қоғамдық таптардың бірінің саяси
өкіметінің қаруы есебінде пайда болды—оның бұрынғы мемлекеттермен
ұқсастығының өзі осында, оны мемлекет деп атайтынымыз да сондықтан. Оған
дәлел алғашқы кезде Кеңес мемлекетінің мәні — пролетариат диктатурасы
болды. Онсыз құлаған езуші таптардың халықтың революциялық еркіндігіне
қарсылығын басуға, бұқараны жаңа өмір үшін күреске ұйымдастыруға мүмкін
емес еді. Соңынан КПСС-тің диктатурасы жалғасқанын біләміз.
Жоғарыда айтылып кеткендей, мемлекеттің шығу себептерін ескерсек,
мынадай қорытындыға келе аламыз: жалпы мағынасында мемлекет қоғамды
басқаруды жүзеге асыратын, өзінің барлық мүшелерінің мүдделері үшін
тәртіпті қамтамасыз ететін, әрі үстем таптардың немесе билік жүргізуші
топтың немесе xaлық топтарының мүддесін артықшылықпен қорғайтын биліктің
ерекше ұйымы болып табылады.

2. Мемлекеттің ішкі және сыртқы функциялары

Ішкі функциялар:
1) саяси сферада - демократиялық қоғамды халықтық биліктің әртүрлі
нысандарын қамтамасыз етудегі мемлекеттің стратегиялық бағыттар іске асыру
маңызды болып табылады. Әсіресе, заңдылықты және қоғамдық тәртіпті,
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау; ұлтаралық келіспеушілікті
жою, т.б. бағыттары;
2) экономикалық сферада- елдің экономикалық дамуының жоспарын жасау,
мемлекеттік бюджетті қалыптастыру мен орындалуын бақылау, салық жүйелерін
тағайындау, баға саясатын нақтылау, монополизмді жою, жосықсыз бәсекеге
тыйым салу, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және т.б.;
әлеуметтік сферада - халықты әлеуметтік қорғау (мүгедектерді, көпбалалы
аналарды, жұмыссыз адамдарды), зейнетақымен қамтамасыз ету, денсаулық
сақтауға, білімге, жол құрылысына, қоғамдық көлікті дамытуға, байланыс
құралдарына қажетті қаражатты бөлу, т.б.
экологиялық сферада — азаматтардың экологиялық жағдайын, экологиялық
қауіпсіздікті қамтамасыздандыру жұмыстарын жүргізу. Сөз соңында айта кету
керек, бұл функция ішкі және сыртқы көріністерде қатар жүреді. Басқаша
айтқанда бұның екеуіне де қатысы бар. Осы тәріздес функцияларға ғылыми-
техникалық прогрессті қамтамасыз ету бағыттары да жатады, айталық ғарышты
бірлесіп зерттеу және жұртшылыққа ақпарат көздерімен танысу қызметін
көрсіету.
Сыртқы функциялар мыналар болып табылады:
1)дүниежүзілік қоғамдастыққа кіру мақсатында басқа емлекеттермен
өзара тиімді экономикалық, саяси, ғылыми-техникалық, мәдени, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық құқықтың пәні
Құқықтық мемлекет туралы
Мемлекет пен құқық теориясына кіріспе
ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ МЕН СИПАТЫ Заңды бұзушылықтың түсінігі және мазмұны
Қылмыстық құқық бұзушылық ұғымы және белгілері
Сенімхатты құқықты рәсімдеу тәртібі
Құқық бұзушылық және құқықтық мәдениет
Тәртіптік жауапкершілік және материалдық жауапкершілік
Қылмыс субьектісі туралы түсінік
Құқық бұзушылық және олар үшін жауапкершілік шаралары
Пәндер