Ом Заңы


Пән: Физика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Ом Заңы.

Электр тізбектерін ом заңы принципіне сүене отырып есептеуге болады. Бұл тәсілді былай түсіндіруге болады. Егер түзу сызықты электр тізбектерінде бірнеше электр энергия көздерінің ЭҚК-тері берілген болса, онда тармақтағы ток әрбір ЭҚК-інің осы тізбекте әсер еткендегі пайда болған токтардың алгебралық қосындысына тең болады.

1-сурет. Тармақталған электр тізбегі

Есептеуді мына ретпен жүргіземіз:

а) Кезекпе-кезек тізбек ішінде тек бір-бірден ғана энергия көзі қалдырып, ал басқа электр көздерін тізбектен шығарып тастап олардың тек ішкі кедергілерін ғана қалдырады. Сонымен, 2 a, б-суреттегідей әр энергия көзіне арналған есептеу схемасын алады.

б) Біртіндеп түрлендіре отырып, есептеу схемасындағы тізбектің толық кедергісін табамыз және ОМ заңын пайдаланып әр тармақтардағы токтарды есептейміз, немесе белгілі тәсілдердің біреуін пайдаланамыз.

в) Тармақтағы токты табу үшңн, беттестіру тәсілі арқылы, есептеу схемасындағы токтарпдың бағытын еске ала отырып, олардың алгебралық қосындысын табамыз. Ал бұл токтың бағытын ЭҚК-і бағыты арқылы оңай табуға болады.

2 а, б-суреттен мынаны жазуға болады:

2-сурет. Тармақталған электр схемалары

Ом заңы тәсілімен есептеу кезінде, кедергіде бөлініп шығатын қуатты, құрастырушы токтардың қуаттарының қосындысымен есептеуге болмайды. Себебі қуат дегеніміз- токтың екінші дәрежелі функциясы, яғни . Мұны, түсіндіру үшін бір мысал қарастырайық. Қандай да бір кедергіден бір бағытта екі құраушы ток және өтетін болса, онда осы кедергіде бөлініп шығатын қуат мынаған тең болар еді.

,

ал бұл қуат құраушы токтар арқылы бөлініп шыққан қуаттардың қосындысына тең емес

Ом заңы принциптері түзу сызықты теңдеулердің жалпы қасиеттерінің салдарынан шығады, сондықтан бір-бірімен түзу сызықты тәуелділікте болатын кез келген физикалық шамаларға пайдалануға болады.

Электр тізбектерінде берілген ЭҚК-і және кедергі арқылы тек токты ғана тауып қоймай, берілген кедергімен табылған ток арқылы кернеуді де табуға болады.

Ом заңы принципінің құндылығы, ол теңдеулер жүйесін шешуді қажет етпей, ал оның кемшілігі есептеу дәлдігінің жеткіліксіздігінде, әсіресе тармақтағы токты шамалас келген құраушы токтардың айырмасымен тапқана.

Көбінесе, бұл тәсіл тізбектегі энергия көздері санаулы ғана болған кезде тиімді. Кей кезде, тізбектегі ЭҚК-і өзгеріп бірнеше мәнге ие болғанда, мұндай тізбектің жұмысына талдау жасағанда есептеу нәтижелігі ұлғайяды.

Курстық жұмысқа берілген 3-суреттегі элементтердің шамалары:

Берілген шамаларды ескеріп, схемадағы кернеукөзін алып тастап, токтардың тармақталу формуласы бойынша бір кернеу көзі бар кездегі токтарды табамыз. Оларды тапқаннан кейін екінші кернеу көзін қалдырып, біріншісін алып тастаймыз. Онда да екінші кернеу көзіне сәйкес токтарды табамыз. Табылған токтардың мәндерін беттестіріп және олардың таңбасын ескеріп қосамыз.

Алдымен бірінші кернеу көзін қалдырып екіншісін алып тастаймыз. Шыққан схеманың жалпы кедергісін тауып, I1 тогын табамыз.

I1 тогы арқылы Iac тогын тармақталу формуласы бойынша табамыз.

Енді бұдан кейін «ав» аралығында жатқан токты I1 тогынан «ас» аралығындағы токты алып табамыз. Ал қалған токтарды тармақталу формуласы бойынша табамыз.

Бұдан кейін екінші кернеу көзін қалдырып біріншісін алып тастаймыз. Шыққан схеманың жалпы кедергісін тауып, I2 тогын табамыз.

I2 тогы арқылы Iac тогын тармақталу формуласы бойынша табамыз.

Енді бұдан кейін «ав» аралығында жатқан токты I2 тогынан «bс» аралығындағы токты алып табамыз. Ал қалған токтарды тармақталу формуласы бойынша табамыз.

Бұл табылған екі кернеу көздеріне сәйкес токтарды бағыттарын ескеріп, қосындыларынан негізгі іздеп отырған токтарды табамыз.

Енді бұл табылған токтардың мәндерін жазамыз

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ток тізбегі және оның түрлері
ЭҚК көзі және ток көзі. Ом және Кирхгоф заңдары жайлы мәлімет
ЭҚК көзі және ток көзі. Ом және Кирхгоф заңдары
ЭҚК көзі және ток көзі. Ом және Кирхгоф заңдары жайлы ақпарат
Тармақталған тізбектегі тұрақты тоқ. Екіполюстікті түрлендіру. ЭҚК және кернеу. Ом заңы
Тұрақты ток тізбегінің электрлік күйі
ЭҚК көзі және тоқ көзі Ом және Кирхгоф заңдары туралы ақпарат
Тұрақты ток заңдары
Негізгі электрлік шамалар
Электр тізбектері және олардың элементтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz