Хат-хабарға тыйым салу, хабарламаларды жол-жөнекей ұстау, сөйлескен сөздерді тыңдау және жазу


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

Тану үшін көрсету

Тану үшін көрсету - ҚІЖК-нің 228-бабымен реттелетін дербес тергеу іс-әрекеті. Сонымен қатар, ҚІЖК-нің 122-бабының 1-бөлігінің негізінде тану үшін көрсетілетін хаттамаға түсірілген іс жүзіндегі мағлұматтар дәлелдер болып табылады.

Эндиклопедиялық тұрғыдан алғанда, тану анықтау немесе алдын ала тергеу барысында куәгерге (жәбірленушіге, сезіктіге, айыпталушыға) заңда белгіленген тәртіппен танушы адамның тергеп тексерілетін оқиғаға байланысты байқап, ол туралы бұрын жауап берген жайларына ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау мақсатыңда адамды немесе белгілі бір объектіні көрсетуден тұратын тергеу іс-әрекеті ретінде анықталады.

Б. Т. Безлепкин атап көрсеткендей, тану үшін көрсету объектінің тек өзіне тән белгілері, басқаша айтқанда, белгілі бір ерекшеліктері болғанда ғана мағынаға ие болады. Бұл оны өзге де ұқсас объектілерден бөліп көрсетуге және осы негізде ұқсастыруға мүмкіндік береді. Объектіні дараландырып тұратын белгілер болғанда ғана оның танушы адам айғақ берген объектімен ұқсастығы немесе айырмашылығы туралы мәселе шешілуі мүмкін. Егер объектіде мұндай белгілер болмаса, оны тану үшін көрсету мағынасыз болып шығады. Мәселен, өте көп мөлшердегі тауарға қатысты болса, ұрланған заттарды тану жөнінде әңгіме болуы мүмкін емес.

Р. Х. Якуповтың анықтамасы бойынша, тану үшін көрсету - адамның бұрынғы бақылауларының негізінде объектіні тану мүмкіндігін анықтау мақсатыңда танушы адамнан бақылаудың шарттары, танылатын адамның (заттың) белгілері мен ерекшеліктері туралы алдын ала жауап алудан кейін жүргізілетін тергеу іс-әрекеті.

Сонымен, танудың мәні "айыра білуші" (немесе танушы) адам бұрын байқаған қажетті объектіні белгілі бір белгілері бойынша айыра білуінде болып табылады. Мұнда танушы адам объектіні оған ұқсас өзге объектілердің ішінен "айыра білетін" белгілерді күні бұрын анықтаған немесе бөліп көрсеткен. Күні бұрын айтылған белгілердің танылатын объектінің белгілерімен сәйкес келуі оның танылғанын білдіреді. Ал бұл өз кезегінде, бұрын өзара таныс адамдарға қатысты тірі адамды тану әрекетінің жүргізілмейтінін білдіреді.

Сонымен, танудың міндеттері мыналарды анықтаудан тұрады:

  • бұрын байқаған адаммен немесе объектімен ұқсастықтары; бұрын байқаған адамнан немесе объектіден айырмашылықтары.

Тану мынадай түрлерге бөлінеді:

  • адамды тану; затты (немесе заттық әлем объектілерін) тану; мәйітті тану.

ҚІЖК-нің 228-бабында тірі мақұлықтарды (үй-жануарларын, құстарды және т. т. ) тану жөнінде еш нәрсе айтылмаған. Заңда тану объектілері ретінде адам, зат және мәйіт қана сөз болады. Алайда ҚІЖК-нің 228-бабының кеңейте түсіндіруі әбден орынды және ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтаудың іс үшін айтарлықтай маңызы бар кез келген тірі мақұлықты тануды, сондай-ақ бүтіннің бөліктерін (мәйітті, қылмыстың қаруларын бөлшектегенде, ұрланған мүлікті ішінара жойғанда және т. т. ) тануды қамтиды.

Танушыдан ол тиісті адамды немесе затты бақылаған кездегі мән-жайлар туралы, ол тани алатын сыртқы түрі, белгілері мен ерекшеліктері туралы алдын ала жауап алу танудың міндетті шарттарының бірі болып табылады. Танушылардан жауап алу куәгерден, жәбірленушіден, сезіктіден немесе айыпталушыдан, сондай-ақ кәмелетке толмағандардан жауап алуға қойылатын талаптарға сәйкес жүргізіледі.

Әдетте, тану айғақ адамдардың қатысуымен адамдарды және объектілерді тануға қойылатын көру және есту түйсіктерінің көмегімен жүзеге асырылады. Осымен қатар, тәжірибеде затты иісі, дәмі, сезіну арқылы танитын жағдайлар да белгілі.

Ұқсату процесін тануға ұсынылған адамдардың немесе объектілердің әрқайсысын оның бұрын байқаудан жадында сақталып қалған бейнемен ойша салыстыру ретінде түсінуге болады. Танылатын адамның немесе объектінің танушы адам жауап беру кезінде атаған жеке белгілері үйлескенде тергеуші көрсетілетін адамның немесе объектінің ұқсастығы жөніндегі қорытындыға келеді.

А. Я. Гинзбург пен А. Р. Белкин танудың тағы бір объектісін - жер телімін, тұрғын үйлерді және басқа үй-жайларды атайды. Олардың қорытыңдыларымен келісуге болмаңды, өйткені тұрғын үйлерді, "жер телімін, және басқа үй-жайларды тану" айғақтарды оқиға болған жерде тергеу іс-әрекетінен - тексеріп, нақтынаудан басқа ештеңе емес. ҚІЖК-нің 238-бабының талаптарына сәйкес айғақтарды оқиға болған жерде тексеру және нақтынау жауап алынған адамның берген айғақтарының растығын оларды болған оқиғаның жағдайымен салыстыру арқылы анықтау үшін, яғни жер төлімінде, тұрғын үйде және басқа үй-жайларда жүргізіледі. Сонымен қатар, өзге де мән-жайлар нақтынанын, іс жүзіндегі жаңа мағлұматтар анықталады.

Сонымен, бұл жағдайда оқиға болған жерде айғақтарды тексеру мен нақтылаыудың мақсаты танудан әлде қайда кең және іс бойынша делелдерді едәуір тиімді жинауға мүмкіндік береді.

Тану үшін көрсету тәртібі

Тану үшін көрсету тәртібі ҚІЖК-нің 229-бабыңда белгіленген. Бұл бап құрылымы жөнінен:

  • тірі адамдарды; мәйітті; заттарды (заттық өлем объектілерін) тануды сипаттаудан тұрады. Тірі мақұлықтарды тануға келетін болсақ, ол заттарды тану секілді жүргізіледі.

Тірі адамдарды тану үшін көрсету. Танылатын адам өзінен бойы, жасы, сыртқы пішіні мен киімінде айтарлықтай айырмасы жоқ кемінде үш адамның арасынан көрсетіледі. Тану үшін шақырылған азаматтар (бұдан былай - статистер - енжар қатысушылар) танылатын адаммен таныс болмауы тиіс, сондай-ақ олардың мезгілінен бұрын кездесуіне жол бермеу керек. Сонымен қатар, тергеу іс-әрекетіне статастердің қатысуы олардың ерікті келісімімен ғана мүмкін болады. Танитын және танылатын адамның кездесуі, немесе танитын адамға әлде бір әдіспен бұрынырақ тікелей танылатын объектінің өзі немесе оның фотосуреті көрсетілетін жағдайлар іс жүргізу процесінің айтарлықтай бұзылуы болып табынады.

Танушы адамды тану үшін шақырудан бұрын тергеуші танылатын адамға статистердің арасынан кез келген орынды алуды ұсынады, бұл хаттамада көрсетіледі.

Танушы адамды кабинетке телефон арқылы шақырған жөн. Тергеуші осыдан кейін танушы адамға оның құқықтары мен міндеттерін түсіндіруге міндетті. Егер танушы адам куәгер немесе жәбірленуші болса, оған айғақ беруден бас тартқаны немесе жалтарғаны үшін және көпе-көрінеу жалған айғақ бергені үшін жауаптылығы туралы ескерту керек. Осыдан кейін танушы адамға өзі таныған адамды көрсету және оны қандай нақты белгілері немесе ерекшеліктері бойынша танығанын түсіндіру ұсынылады. Мұнда танушы адамға қойылатын сұрақ жетекші болмауы тиіс.

Адамды ауызекі сөйлеуі немесе жүрісі секілді өзіне тән белгілері бойынша да тануға болады.

Танушы адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатыңда адамды тану үшін көрсету танылуға тиіс адам танитын адамды көрмейтіндей жағдайда жүргізілуі мүмкін. Мысалы, тануды айналы әйнек арқылы, сондай-ақ перде немесе көзге арналған ойықтары бар шымылдық арқылы жүргізу. Бұл кезде айғақ адам танушынын қасында болып, жүргізілген тергеу іс-әрекеті фактісін куәландыруы тиіс.

Бір танушының адамды қайталап тануына тыйым салынады.

Адамды тану үшін жоғарыда баяндалған тәртіп бойынша оның фотосуретін немесе дыбыс- және бейнежазуды ұсынуға болады. Ұсынылатын фотосурет мүмкіндігінше сырт келбеті ұқсас өзге адамдардың кемінде екі фотосуретінің арасына орналасуы тиіс, олар қағаз парағына жапсырылып, мөрмен бекітіледі. Тануды дыбыс жазуы бойынша жүргізетін жағдайларда танушы адамның тыңдауына кемінде үш ұқсас дауыстың жазуы ұсынылады. Егер тану бейнежазуда бойынша жүргізілетін болса, онда бейнежазудағы танылатын адам статистердің арасына орналасуы тиіс.

Заттарды тану үшін көрсету. Заттарды тану үшін көрсету алдында жауап алу барысында заттың қашан сатып алынғаны, оның қандай материалдан даярланғаны, түсі, мөлшері, пішіні, ерекше белгілерінің, ақауларының болуы және т. с. с. мұқият анықталады. Оның үстіне, бұл заттың кімге тиесілі екенін куәландыратын қандайда бір құжаттын бар-жоғы және оның кейбір бөліктерінің сақталып қалу мүмкіндігі нақтыланады.

Жәбірленуші өзінің ұрланған затының соған сәйкес зауыттық нөмірі бар төлқұжатын көрсетсе немесе бұйымның бетінде оның иесіне сыйға тартылғаны жөнінде жазу болса, мұндай заттарды тану үшін көрсетудің қажеті жоқ.

Зат түрі, пішіні, түсі және басқа белгілері бойынша өзара ұқсас, біртектес, (кемінде үш зат) тобында көрсетіледі. Бірегей және сирек кездесетін затты, мысалы, өнер шығармаларын, тарихи құндылықтарды және т. т. бір ғана данасымен ұқсату жоғарына баяндалған ережелерге жатпайтын ерекше жағдай болып табылады.

Тергеуші тану үшін іріктелген заттарды айғақ адамдардың қатысуымен жарық, тегіс бетке қойып, олардың әрқайсысына рет нөмірін жазады. Танылатын заттың қандай нөмірмен көрсетілетіні тану хаттамасыңда белгіленеді.

Заттарды тану және оны хаттау процесі көзі тірі адамдарды тану ережелері секілді тәртіппен жүргізіледі. Затты тану процесінен кейін көрсетілген заттардың бәрін суретке түсіріп алып, оларды хаттамаға қоса тіркеген жөн.

Зат жоқ болғанымен, оның фотосуреті көрсетілетін жағдайда оны тану тірі адамды фотосурет бойынша тану секілді заттың фотосуреті бойынша жүргізіледі.

Тірі мақұлықты тану үшін көрсету заттарды тану үшін көзделген тәртіппен жүргізіледі. Тірі мақұлық дене бітімі, түсі және басқа ерекшеліктері жөнінен ұқсастығы бар кемінде үш тірі мақұлықтың ішінде көрсетіледі. Жануарлар немесе құстар тікелей жүрген жеріндегі табыннан немесе өзі тектес мақұлықтармен бірге ұсталатын тордан танылуы мүмкін.

Тірі мақұлықтың өз иесін айыра білуі тану үшін көрсетудің осы түрінің ерекшелігі болып табылады. Мұны оның мінез-қылығына немесе иесінің атын атауына үн қосуына қарап анықтауға болады. Бұл факт тану хаттамасында көрсетілуі тиіс.

Егер тірі мақұлық бұл жерде сирек кездесетін болса, оны тануды суреті бойынша немесе жекеше түрде жүргізуге болады.

Мәйітті тану үшін көрсету қайтыс болған адамның жеке басын анықтау мақсатыңда жүргізіледі. Сонымен қатар, тірі мақұлықтардын өліктері және олардың жеке белгілері бар кейбір бөліктері (терісі, сирақтары, мүйізі, басы) көрсетілуі мүмкін.

Көптеп қаза тапқандардын ішінен адамдардың мәйітін тану қажет болатын адам құрбандықтарына әкеп соқтырған табиғат нәубеттеріне, апаттарға немесе өрттерге байланысты жағдайлардан басқа реттерде мұндай объектілер жекеше түрде көрсетіледі, мұнда танушы адамнан алдын ала жауап алу талап етілмейді.

Мәйітті қазып алу, сырттай қарап тексеру немесе оқиға орнын қарап тексеру барысында оған қатысушылардан қайтыс болған адамды айыра білгені туралы мәлімдеме түсетін жағдайлар тану деп есептеледі. Бұл факт жүргізілетін тергеу іс-әрекетінің хаттамасында көрсетіледі.

Қазып алынған немесе мәйітханада жатқан мәйітті көрсету үшін оны "жуындырады".

Тінту және оның түрлері

Тінту - бұл іс үшін маңызы бар заттарды немесе құжаттарды табу және алу, іздестіріліп жатқан адамдар мен мәйіттерді табу, сондай-ақ мәлімденген азаматтық талапты немесе мүмкін болатын тәркілеуді қамтамасыз ету үшін мүлікті анықтау мақсатыңда үй-жайларды, жер төлімдерін немесе құжаттарды мәжбүрлі тексеру (ҚІЖК-нің 230-бабы) .

Жоғарыда баяндалған анықтамадан заңда тінтудің мынадай түрлері көзделгенін білеміз.

1. Тінту жүргізілетін объектілеріне қарай:

а) үй-жайларда;

ә) дипломатиялық өкілдіктер орналасқан үй-жайларда;

б) жергілікті жерде;

ь) жеке адамды тінту болып бөлінеді.

2. Мақсаттарына қарай тінту:

а) іздестіріліп жатқан адамды,
ә) мәйіттерді,

б) заттар мен құжаттарды;

в) азаматтық талапты немесе тәркілеуді қамтамасыз ету мақсатыңда мүлікті табу үшін жүргізіледі.

3. Ұйымдастырылу әдісіне қарай:
а) бірең-сараң;

ә) топтық;

4. Қайталану приндипіне қарай:

а) бастапқы,

ә) қайталама тінтуге бөлінеді.

"Тінту" деген терминнің өзі белсенді әрекетті - нақты қылмыспен өзара байланыста дәлелдеудің негізіне алуға болатын объектілерді мақсатты іздестіруді көздейді. Заңды негіз болмайынша, қандай да бір затты іздестіруге қатаң тыйым салынады. Осыған байланысты тінтудің заңды және нақты негіздерін айқын ажырата білу қажет.

Тінту жүргізудің заңды негіздеріне мыналар жатады:

  • қозғалған қылмысты істің болуы; тергеушінің, прокурордың дәлелді қаулысы немесе сот шешімі; тергеушінің қаулысына берілген прокурордың рұқсаты. Тінту жүргізудің нақты негіздеріне мыналар жатады:

- белгілі бір жерде іс үшін маңызы бар заттар мен құжаттар,
іздестіріліл жатқан адамдар, мәйіттер, мәлімденген азаматтық талапты немесе тәркілеуді қамтамасыз етуге қажетті мүліктер бар немесе болуы мүмкін екендігі туралы жеткілікті мағлұматтар.

Сонымен қатар, "Жедел іздестіру қызметі туралы" Заңның 14-бабының 1-бөлігіне сәйкес жедел іздестіру қызметі барысында алынған материалдар тінту үшін нақты негіздер бола алады.

Кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда тінтуді тергеушінің қаулысы бойынша, прокурордын рұқсатынсыз-ақ жүргізуге болады, бірақ кейін 24 сағаттың ішінде бұл туралы прокурорға жазбаша түрде хабарланады. Прокурор жүргізілген тінту туралы хабар алған соң оны тексереді және оның заңдылығы немесе заңсыздығы туралы қаулы шығарады. Егер тергеуші жүргізген тінтудің заңсыздығы туралы шешім қабылданса, осы тергеу іс-әрекетінің барысында алынған нәтижелер дәлелдемелік маңызынан айырылады.

Мемлекеттік, әскери, нотариаттық, редакциялық, қызметтік, коммерциялық, банктік немесе дәрігерлік құпиясы бар құжаттарға тінту жүргізу туралы қаулыға міндетті түрде прокурордың немесе оның орынбасарының рұқсатын алу қажет.

Үй-жайларда және жергілікті жерде тінту жүргізу іс үшін маңызы бар объектілерді, заттар мен құжаттарды табу мақсатыңда тұрғын үйлерді, пәтерлерді, шатырдың астын, сарайларды, гараждарды, жиһаздарды, үй маңындағы жерлерді, бау-бақшаларды, су қоймаларын және т. с. с. тексеруден турады.

Баспаналарды тінтуде ҚІЖК-нің "баспана" ұғымын түсіндіретін 7-бабының 42-бөлігін басшылыққа алу қажет.

Адамның денесін, онын киімдерін, аяқ киімдерін және т. с. с. тінтуді жеке адамды тінтуден түсінеді. ҚІЖК-нің 233-бабының 1-бөлігіне сәйкес ҚІЖК-нің 230-бабыңда көзделген негіздер болғанда жеке адамды тінту міндетті түрде айғақ адамдарды қатыстыра отырып, прокурордың немесе оның орынбасарының рұқсаты бар тергеушінің дәлелді қаулысы бойынша жүргізіледі. Тінту туріне жеке қаулы, прокурордың рұқсаты және айғақ адамдар болмаса да жеке адамды тінту мынадай жағдайларда жүргізілуі мүмкін:

  • тінту жүргізілетін үй-жайдағы немесе өзге орындағы адам іс үшін маңызы болатын заттарды немесе құжаттарды өзінде жасырып ұстауда деп ойлауға жеткілікті негіздер болғанда (ҚІЖК-нің 233-бабының 3-бөлігі) ; адам ұсталса немесе қамауға алынса.

Адамды ұстағанда немесе күзетпен алып келгенде жеке тінту қажетті және осы іс жүргізу әрекетінің туындысы болып табылады, бұл жағдайдағы оның мақсаты - іс үшін маңызы бар, сондай-ақ оның тергеу қапасының камерасында отыруына байланысты тыйым салынған заттары мен құжаттарын іздеп табу және алу.

ҚР Конституциясыаын қағидаларына (17, 18-баптар) сәйкес жеке адамды тінтуде оның ар-намысын қорлайтын, сондай-ақ жеке өмірінің мән-жайларын жариялайтын әрекеттерге жол берілмеуі тиіс, осыған байланысты тінтуді тінтілетін адаммен бір жынысты адам және сол жынысты айғақ адамдар мен мамандардын қатысуымен жүргізу керек.

Тінтілетін адам тарапынан қарсыласуға немесе шабуыл жасауға жол бермеу мақсатыңда жеке адамды тінтуді құқық қорғау органдарының екі қызметкері жүргізуі тиіс. Бұл жағдайда адамға арнайы құралдар мен дене күшін қолдана отырып, мәжбүрлі тінту жүргізілуі де мүмкін.

Іздестірілетін адамды табу үшін тінту жасырынып жүрген қылмыскерді табу үшін ғана емес, сондай-ақ, мысалы, адам ұрланғанда (ҚК-тің 125-бабы), бас бостандығынан заңсыз айырғаңда (ҚК-тің 126-бабы), кәмелетке толмағандармен сауда жасағанда (ҚК-тің 133-бабы) және басқа жағдайларда жәбірленушілерді табу үшін жүргізіледі.

Қайталап тінту мынадай жағдайларда жүргізіледі:

  • қолайсыз жағдайларға байланысты (тәуліктің қараңғы мезгілі, бірқатар учаскені тексеруге мүмкіңдік бермеген қатып қалған немесе су басқан жер және т. с. с) ; алғашқы тінту жеткіліксіз жүргізілгенде; тінту тиісті мамандар мен қажетті техникалық немесе арнаулы құралдар (іздестіру құралдарын, механизмдерді және т. с. с. пайдалану қажеттігі) болмаған жағдайда жүзеге асырылғанда; жаңа заттарды немесе құжаттарды іздеп табу қажеттігі туғанда, сондай-ақ тергеуші тінтілетін адамда іздеп жүрген объектілеры пайда болды деген ақпарат алғанда.

Топтық тінту - бұл әр түрлі жерде немесе әр түрлі адамдарда бір, әдетте көп оқиғалы қылмыстық іс бойынша бір мезгілде тінту жүргізу. Әрбір топ іс жүзінде тінту үшін көзделген барлық ережелерді сақтай отырып, жеке тінту жүргізеді. Алайда олар іс үшін маңызы бар белгілі бір объектілерді іздестіру жолындағы бір мақсатқа біріккен.

Тінтуді алудан айыра білу керек. Ол алынуға жататын заттың қайда екені белгісіз болған жағдйда, яғни оны іздестіру қажеттігі туған кезде жүргізіледі.

Егер объектіні, мысалы, қоғамдық орында іздестіру және алу үшін мәжбүрлеп кірудің қажеттілігі болмаса, оларды тексеру тінту болмайды. Бұл жағдайда қарап тексерудің бір түрі жүзеге асырылады.

Алу - азаматтардан, мекемелерден, ұйымдардан, кәсіпорындардан іс үшін маңызы бар белгілі бір заттар мен құжаттарды аддын ала іздестірусіз алып қою (ҚІЖК-нің 231-бабы) . Бұл тергеу іс-әрекеті мәжбүрлі іс-әрекет болып табылады. Алдын ала іздестіру кезеңінің болмауы алуды жүргізуге уәкілетті адамның іс үшін маңызы бар заттар мен құжаттардың қай жерде, кімде жатқанын дөл білетінін көрсетеді. Алудың арнайы мақсаты уәкілетті адамның күні бұрын белгілеген заттары мен құжаттарының белгілі көлемімен және тізбесімен шектеледі. Бұл тізбеге адамдар да, тірі мақұлықтар да, мәйіттер де кірмейді. Алу кезінде заттар мен құжаттардың санатына кірмейтін өзге объектілердің табылуы алуды тінтуге айналдырады. Бұл алудын мұнда тінтудің міндетті бөлігі ретінде көрінгенін білдіреді.

Тінту мен алудың арақатынасы мынадай: оң нәтижеге жеткен тінту қашан да заттар мен құжаттарды алумен аяқталады немесе, егер іздестіріліп жүрген адам табылса, сезіктіні ұстауға, айыпталушыны қамауға алуға, куәгерге немесе жәбірленушіге ресми мәртебе беруге ұласады.

Қозғалған қылмысты іс, осы тергеу іс-әрекетін жүргізу туралы тергеушінің, прокурордың қаулысы немесе соттың шешімі алудың заңды негіздері болып табылады.

Іс үшін маңызды құжаттар мен заттардың бар екенін, олардың жатқан орнын немесе кімнің қолында екенін куәландыратын дәлелдер алудын нақты негіздері болып табылады. Мұнда алынатын заттар мен құжаттарды өзге де осындай объектылерден ерекшелендіріп тұратын өзіндік белгілер өкілетті адамға мәлім болады.

Тінту секілді, алуды да тек тергеуші, анықтаушы немесе прокурор жүргізеді. Сот бұл іс-әрекеттерді жүргізбейді, бірақ қажет болса, ол бұл жөнінде шешім қабылдап, оны жүргізуді қылмыстық ізге түсу органына тапсыра алады.

Алу тергеушінің дәлелді қаулысы бойынша, прокурордың рұқсатынсыз, айғақ адамдардың қатысуымен, ал қажетті жағдайларда - маманның немесе аудармашының қатысуымен жүргізіледі.

Мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпиялары бар құжаттарды алу прокурордың немесе оның орынбасарының берген рұқсатымен ғана жүргізілуі тиіс. Бұл жағдайда айғақ адамдар ретінде мұндай құжаттармен танысуға рұқсаты бар адамдар тартылуы тиіс.

Іс үшін маңызды заттар мен құжаттар ерікті түрде беріледі немесе мәжбүрлі түрде алынады.

Тұрғын үй-жайларда тұрып жатқан адамдардың еркінен тыс алу прокурордың рұқсаты бар тергеушінің дәлелді қаулысынын негізіңде жүргізіледі, оның үстіне, бұған осында тұратын кәмелетке толған адамның, ол болмаған жағдайда - жергілікті атқару органы өкілінің қатысуы қамтамасыз етілуі тиіс. Прокурор рұқсат беруден бас тартатын жағдайда алу жүргізілмейді. Сонымен қатар, алу кейінге қалдыруды күтпейтіндей болса, ол тергеушінің қаулысымен жүргізіледі де, кейін оның заңдылығын тексеру үшін бұл туралы бір тәулік мерзімде прокурорға хабарланады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тінтуді жүргізудің жалпы мәселелері
Қылмыстық процестегі ұстаудың жалпы сипаттамасы
Қылмыстық істер бойынша іс жүргізу
Қылмыстық іс жүргізу қағидалары
Анықтау органдары
Жалпы жедел іздестіру шаралары
ЖЕКЕ ӨМІРГЕ ҚОЛ СҰҚПАУШЫЛЫҚТЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Жедел-іздестіру
Алдын ала тергеуді, анықтауды және жедел іздестіру қызметің жүзеге асыратың органдар
«Қылмыстық іс жүргізу құқығы» пәнінен лекциялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz