Қазақстан Республикасында шетелдік инвестицияны пайдаланудың қажеттілігі және ерекшеліктері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3-7
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯНЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ
ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . . . 7-28
- Инвестицияның теориялық мәні . Инвестициялық
климаттың рөлі . . . 7-17
1. 2 Шетелдік инвестициялар және олардың Қазақстан экономикасындағы атқаратын қызметі . . . 17-28
2 МҰНАЙ ӨНДІРУШІ КӘСІПОРЫНДАҒЫ ШЕТЕЛДІК
ИНВЕСТИЦИЯНЫ АЙМАҚТЫҚ ЖӘНЕ
САЛАЛЫҚ ТАРТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ . . . 28-53
2. 1 “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ қызметiне аймақтық баға беру . . . 28-42
2. 2 Микроэкономикалық көрсеткiштермен өзара байланысты “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ инвестиция тартуды басқару . . . 42-53
3 ЭКОНОМИКАНЫҢ НАҚТЫ СЕКТОРЫНА ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫН ТАРТУДЫҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ. . 53-60
Қорытынды . . . 60-63
Қолданылған әдебиеттер . . . 63
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының актуалдығы: Өнеркәсiп өндiрiсiнiң дағдарыс жағдайында инвестициялық тартушылықты жақсарту мәселесi экономиканың нақты секторын басқарудың тиiмдi экономикалық құралдарының қатарында аса актуалды болып табылады, яғни бұл “Қазақстан - 2030” стратегиясымен анықталған ұзақ мерзiмдi басымдылықтармен жауап бередi /1/.
Бүгiнгi таңда экономиканың нақты секторының алдында өндiрiстi модернизациялау, құрылымдық қайта құру, жаңа өнiмдi жетiлдiру бойынша және тағы басқа да бағдарламаларды қаржыландыру мәселесi тұр. Бұндай бағдарламалар капитал салымын қажет етедi және кәсiпорынның жеке қаражаттарының шектеулiгiнiң себебiмен қаржыландырыла алмайды. Сонымен қатар орташа және ұзақ мерзiмдi сипатқа ие. Кәсiпорынның жеке қаражаттарының жетiспеушiлiгiнен инвесторлардан, банктерден және мемлекеттен қаржылық қолдау көрсетудi сұрауға мәжбүр, бiрақ мұндай қолдауды алу жолында кәсiпорын үлкен қиыншылықтармен соқтығысады. Экономиканың тұрақсыздығы жағдайында кредиторлар қайтып келу тәекелдiгiне ғана емес, ұзақ мерзiмдi салымдардың тиiмдiлiгiнiң төмендеуiнiң тәуекелдiгiне душар болады. Осындай жағдайларға байланысты потенциалды кредиторлар банктер немесе инвесторлар қысқа мерзiмдi және ликвидтi қаржылық салымды қалайды, ал мемлекеттiк несие мен мемлекеттiк қаржыға қазiргi кезде сенiм арту қиын.
Экономиканың нақты секторының инвестициялық тартушылық мәселесiн шешудi талап ету мен қаржылық-экономикалық талдау нәтижелерiмен сәйкес жүзеге асырылуы қажет. Нақты сектордың инвестициялық тартушылығының маңызды жағдайлары болып, инвестициялық жобаның мақсатын дұрыс анықтау, iшкi өндiрiс үшiн потенциалға ие жаңа өнiмдi шығаруда мүмкiндiктердi көрсету. Бәрiмiзге мәлiм, инвестициялық салымның негiзгi мақсаты - бұл шығарылатын өнiм көлемiн максимизациялау немесе тұтынатын ресурстарға шығынды минимизациялау емес, жобаның техникалық тиiмдiлiгi немесе пайданы максимизациялау да емес, яғни өндiрiстi (бизнестi) ұзақ мерзiмдi бағдарлаудың мақсаты болуы тиiс техникалық және экономикалық аспектiлердiң оптималды үйлесiмдiлiгi.
Сонымен бiрге инвестициялық iс-әрекеттiң дамуы экономиканың нақты секторындағы дағдарыстың алдын алу үшiн қажеттi шаралар жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады, өйткенi экономиканың, жеке кәсiпорынның бiртұтас дамуы экономикалық потенциалдың өсуiнсiз, сондай-ақ қазiргi технологияларды пайдалану және қызметтi ұлғайту мүмкiн емес, яғни бұларды жүзеге асыру инвестициялық процестi бейнелейдi. Инвестициялық ресурстар, сондай-ақ қаржылық және өндiрiстiк ресурстарды тиiмдi пайдалану қажеттiлiгi туып отыр, сонымен бiрге осы инвестицияларды пайдаланудың тиiмдiлiгiн бағалау да байланысты. Бұл бағытта шетел инвестициясын тарту сферасындағы әлемдiк тәжiрибенi танып бiлу және пайдалану маңызды. Шетелдiк тәжiрибенi танып бiлу және оны қолдану экономиканың нақты секторын көтеруге айтарлықтай себебiн тигiзедi, және инвестиция сферасының дамуындағы кедергiлердi оңай жеңуге көмектеседi.
Экономиканың нақты секторының даму процесiндегi одан әрi технологиялық артта қалуды жеңу сұрақтары орын алуда, бұның бiрден бiр себебi болып терең қаржылық дағдарыс, яғни бюджеттiң тез қысқаруы әсiресе өндiрiстi техникалық дамыту бойынша шығынды (жұмсалған қаржыны) қаржыландыру және айналыс сферасына инвестиция үлесiнiң көп бөлiгiнiң бағытталуы. Бұл сферада инвестициялық iс-әрекеттi мемлкеттiк реттеудiң қазiргi механизмi жағдайын түпкiлiктi түрде өзгертуге жағдайы жоқ. Бұған себепшi елiмiздiң инвестициялық климатын жақсартуда кедергi жасап тұрған заңдылық базаның реттелмегендiгi. Экономикадағы нақты құрылымдық өзгерiстердi одан әрi реформалау және жүзеге асыру тек қана рыноктық қатынас механизмiнде түпкiлiктi өзгертулердi талап етпейдi, сонымен қатар инвестициялық белсендiлiктi күшейту үшiн жаңа стимулдарды қалыптастыру, отандық және шетелдiк тiкелей инвестициялардың келуiнен бұрын экономиканың нақты секторының дамуының жоғарғы тиiмдi жобасы және оның техникалық қайта жабдықталуы.
Инвестиция нарығында пайда болған жаңа жағдайлар жалпы экономиканың нақты секторында инвестициялық климатты жақсарту сапалы жаңа механизмдердi тәжiрибеге тез енгiзудi талап етедi. Әсiресе қаржылық-несиелiк реттеу ерекшелiгiн есепке ала отырып инвестициялық жобаларды бағалау механизмiн түпкiлiктi реформалауда қажеттiлiк байқалып отыр. Инвестициялық жобаларды қаржыландырудың тиiмдi механизмдерiн таңдап алу үшiн экономиканың нақты секторындағы инвестициялық рыноктарды зерттеуде әлемдiк және отандық тәжiрибенi пайдалану қажет болды.
Инвестициялық сферадағы жағдайдың динамикалық дамуы ең алдымен инвестициялаудың өзгерушi қаржылық жағдайының сапалық және сандық баға берудi, инвесторлардың жеке жинақ көзiн қолдануға өзгеруiн көрсетедi.
Бұл, өз кезегiнде ғылыми өңдеудi және оны қаржылық қамтамасыз етудiң нақты көздерiн инвестициялық сұранысты қысқа мерзiмдi болжаудың жаңа әдiстемелiк құралдарының кешенiн тәжiрибеге енгiзудi талап еттi
Экономиканың нақты секторы жағынан жобалық инвестициялық қаржыландыруға тез арада талап етудi қысқарту инвестицияны қаржыландырудың экономикалық тиiмдiлiгiн анықтау және өндiрiске капиталды бағыттаудың оптималды стратегиясымен таңдауды анықтау тапсырмаларын шешудiң актуалдылығы мен қажеттiлiгi негiздi. Бұндай стратегия мынаған негiзделуi қажет, яғни өндiрiске капитал салу үшiн қолайлы жағдай жасау мақсатында рынокта табысты инвестициялаудың альтернативтiк мүмкiндiктерiн есепке ала отырып негiзделедi. Сонымен, экономиканың нақты секторын инвестициялық сферасын зерттеудiң актуалдығы көбiнесе жаңа объективтi нақтылыққа сәйкес келмейтiн ескi кәсiпорындарды қайта құру жаңа жұмыс орнын ашу және өндiрушiлердiң қаржылық жағдайын тұрақтандыру жолымен жалпы экономикалық дағдарысты жоюдағы оның рөлiнiң өсуiне байланысты.
Экономиканың нақты секторындағы жалпы құрылымдық-инвестициялық саясатты қалыптастыру үшiн ұдайы өндiрiс циклының әртүрлi фазасындағы инвестициялық процестiң даму перспективасын ғылыми алдын ала көру мүмкiндiгiн қамтамасыз ету маңызды, сондай-ақ инвесторларды мемлекеттiк қолдаудың адекваттық шараларын жасау мақсатында экономикадағы инвестициялық белсендiлiктi жоғарлату қажет.
Инвестиция мәселесi, оның экономиканың нақты секторындағы экономикалық тиiмдiлiгiн жоғарлату туралы төмендегi ғалым-экономистердiң еңбектерiнде қарастырылған: К. Маркстiң, Дж. М. Кейнстiң, Р. Холттың, П. Хавроненоның, Ван Хорн Дж, Э. Хелферт, А. Маршалдың, Дж. Соросаның, П. Самуэльсонның, Р. Гильфердинганың, Лу Цзиньюнаның, Л. Абалкиннiң, М. Агарковтың, Б. Алехиннiң, А. Астахова, С. Жуковтың, Я. Квашидiң, В. Красовскидiң, А. Мартыновтың, Д. Палтеровичтiң, Ю. Плышовскидiң, В. Т. Хачатуровтың, Ю. Яковтың және т. б. Инвестициялық стратегияны анықтау және инвестициялық процестегi басымдылықтарды таңдау сұрақтары, сондай-ақ жалпы инвестицияны пайдаланудың тиiмдiлiг, сонымен қатар экономиканың нақты секторындағы инвестицияны пайдаланудың тиiмдiлiг туралы сұрақтар қазақстандық ғалым-экономистердiң зерттеулерiнде көрiнiс тапқан. Олар: А. Ашимбаев, Т. Ашимбаев, У. Баймұратов, А. Есентугелов, М. Кенжегузин, А. Қошанов, К. Қажмұратов, Р. Қамшыбаев, Н. Мамыров, Н. Нұрланова, А. Нұрсеитов, К. Окаев, М. Оспанов, Н. Сағадиев, О. Сабденов, С. Сатубалдин, П. Посаченко және т. б. Сонымен қатар мынандай жағдайды айта кеткен жөн, экономикадағы инвестицияның табиғатын әсiресе нақты сектордың қазiргi түсiнуге қатысты бiрқатар теориялық және тәжiрибелiк мәселелер, өндiрiстiк-техникалық дамуына инвестиция тарту, осы сфераға шетел инвестицияларын тарту, нақты инвестициялық жобаларды бағалаудың әдiстемелiк негiзiн жетiлдiру және оларды таңдау, бағалы қағаздар арқылы инвестициялық процестi жанамалау, жобаның несиелеудi ұйымдастыру және пайдалану әлi де қажеттi көрiнiске ие болған жоқ.
Бұл байланыстың ерекше маңыздысы ең алдымен шаруашылық субъектiлердiң инвестициялық белсендiлiгiн қаржыландырудың iшкi көздерiн iздестiру және оның өндiрiстi дамытуға қаражаттарды салудың рефлексивтi ынталандыруға өтуi. Бұл өз кезегiнде экономиканың нақты секторына инвестицияны күшейтудiң қажеттiлiгiн ұқыпты зерттеу мен ғылыми тұжырымдауды талап еттi. Өйткенi экономиканың нақты секторы экономиканың тұрақты өсуiнiң негiзi болып табылады, сонымен қатар өндiрiстiң техникалық дамуының ерекшелiгi мен тенденциясын зерттеу, тiкелей шетел инвестициясын тарту үшiн қолайлы климат жасау мәселесiн қарастыру қажет, сондай-ақ копоративтi бағалы қағаздар рыногын дамыту жобаны несиелеудiң дамуы және оны қолдану механизмiн жетiлдiру қажет. Экономиканың нақты секторына инвесторлардың қаражат салуының тұрақты рефлексивтiлiгiн қамтамасыз етуге концептуалды әдiстерi қазiргi уақытқа дейiн жасалмаған.
Зерттеу жұмысының маңыздылығы: оның маңыздылығы шетелдiк инвестицияны экономиканың нақты секторына тарту мен ғылыми пайымдауда, сондықтан негiзгi жағдайларды Қазақстан Республикасындағы рыноктық қатынастарды жетiлдiру бағдарламаларын айқындау мен оны тәжiрибе жүзiнде пайдалану мүмкiндiгiнде.
Зерттеу тақырыбының мақсаты: шетелдiк инвестицияны экономиканың нақты секторына тартудың теориялық және практикалық мәселелерiн зерттеу, сонымен қатар алынған теориялық нұсқауларды iс жүзiнде жүзеге асыру болып табылады.
Зерттеу мiндеттерi:
- экономиканың нақты секторына шетелдiк инвестицияны тартудағы артықшылығын айқындау;
- Қазақстан экономикасындағы инвестициялық ахуалды реттеу;
- Шетелдiк инвестицияларды тарту үшiн экономикадағы ұйымдық-экономикалық және құқықтық жағдайларды қарастыру;
- Қазақстан экономикасына шетел инвесторларын ынталандыру мен реттеудiң мемлекеттiк жүйесiнiң бағытын айқындау;
- Мұнай өндiру арқылы Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы көзқарасы жағынан экономикадағы жағдайды талдау.
Зерттеу нәтижесiнде алынған қорытындылар мен ұсыныстар нақты мәселенi одан әрi теориялық қарастыруға, сонымен қатар Қазақстан экономикасы алдында тұрған өзектi мiндеттердi шешуге бағытталған қолданбалы сипаттамалы еңбектерде қолдануға болады.
Зерттеу жұмысының құрылымы: жұмыс 3 бөлімнен, 4 бөлімшеден, 18 кестеден, 4 суреттен, 7 формуладан, қорытынды бөлімнен және қолданылған әдебиеттерден тұрады.
Бірінші бөлімде шетелдік инвестициялардың ұғымы мен мәні, олардың атқаратың қызметі, яғни Қазақстан Республикасында пайдаланудың қажеттілігі мен ерекшелігі көрсетілген.
Екінші бөлімде мұнай өндіруші кәсіпорындағы шетелдік инвестицияны тарту тиімділігі мен инвестицияларды басқару ерекшелігі көрсетілген.
Үшінші бөлімде экономиканың нақты секторына шетел инвестицияларын тартудың жетілдіру жолдары көрсетілген.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯНЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1. 1 Инвестицияның теориялық мәні . Инвестициялық климаттың рөлі.
Қазақстанның тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап республика экономикасында күрделі бұрын соңды болмаған өзгеріетер болды. Реформа экономикада әлеуметтік жағдай да бағыт алуды өзінің мақсаты етіп қойды, оған жету, бұрын республикада қалыптасқан экономикалық қатынастардың барлық жүйесін өзгертуді кажет етеді, ал оны жүзеге асыру, күрделі де ауыр процесс екені белгілі.
КСРО құрамында Қазақстан негізінен аграрлы-шикізаттык, жтйеге мамандандырылғанда жаңа технология жағынан артта қалған, экологиясы қолайсыз өз алдына қажетті өндіріс салалары қалыптасқан, басқа республикадағы ең алды Ресей федерациясына тәуелді ел болды.
Қазіргі уақытта бізге белгілі болғанындай, Қазақстанның әлемдік экономикалық жүйеден бөлектенген, болашағы жоқ, сондықтан республиканың дүниежүзілік капитал қозғаяысына қосылуы өте қажет.
Әлемдік тіәжірибе негізінде дәлелденгеніндей, капиталдың халыкаралық миграциясы, шаруашылық өмірі(интернационализацияға) барлық ұлттардың қарым-қатынасының тендігінің тереңдеуіне келтіреді. Бұл жағдай капиталдардың өзара қозғалысының дамуы, әсіресе өндірісі дамыған елдер арасындағы қатынастарға жақсы білінеді.
Капиталдың табиғаты ол бір елде қозғалмай жата алмайды, өнеркәсібі дамыған елдердің ірі компаниялары ұлттық шеңберден өтіп, трансұлттық сипат алды. Әртүрлі елдердің кәсіпорындары бар, ірі транснаииоиалды компаниялардың қалыптасуы халықаралық мамандану мен кооперацияның қалыптасуының тездетілуіне, жеделдеуіне әкеліп соқтырды. Сондықтан трансұлттық компания капитал қозғалысы негізінде елдердің экономикалық өзара байланысын тереңдететін фактор болады.
Егср дүниежүзілік бірлестікке көңіл бөліп қарасақ, 80-ші жылдардың екінші жарты жылдығына өнеркәсібі дамыған елдердің инвестициясының өсуінің тез ұлғайғаның көрсетеді. Тек 1986-1990 жылдарда ғана төрт ірі инвестор елдердегі (Жапония, АҚШ, ГФР және Ұлыбритания) күрделі қаржының өсуі, орташа алғанда жылына -20, 8% болды, бұл керсеткіш 1982-1986 жылдары 10% ғана болған еді. 1990-1991 жылдары шетке капитал шығарудың жалпы көлемі 419 млрд доллар, соның ішінде Жапонпя - 78, 8 млрд, АҚШ - 58, 8 млрд, Германия - 44, 4 млрд. Ұлыбритания -- 35, 3 млрд болды. 1990 жылы төрт ірі инвестор елдердің шетелдік инвестицияның жалпы мөлшері 1101 млрд доллардан артты.
Бұл мәліметтерден қазіргі кезеңде әлемде капитал қозғалысының ауқымды көлемін және шетке шығарылатын капитал бірінші кезекте өнеркәсібі дамыған елдерге бағытталғандығы байқалады. Әлемдік тікелей инвестицияда жылына жұмсалатын 200 млрд доллардың 70%-ы Еуропаның достас елдері: Жапония, АҚШ экономикасына, ал қалғандары дамушы елдер экономикасына жұмсалады.
Дамушы елдердің ішінде шетелдік инвестиция 90-жылдары Азия елдеріне көп бөлінді (60% астам), соның ішінде жаңа индустриалды елдер АСЕАН және КХР бар.
1993 жылдың аяғында Орталық және Шығыс Еуропадағы бұрынғы социалистік елдерге нгетелдік тікелей инвестиция мөлшері 18, 3 млрд доллар болса, соның 5, 5 млрд Венгрияға, 2, 5 млрд Чех және Словак Республикаларына үлесіне тиді. 1992 жылы Шығыс Еуропа елдері тікелей инвестицияның әлемдік көлемінің тек 2, 4% ғана алған еді, ал Азия елдеріне 20, 9% бөлінген.
Қазіргі жағдайда Қазақстан Республикасының шетелдік капиталдың көптеп келуіне бірнеше факторлар қолайсыз әсер етуде. Олардың ішінде: кәсіпорындарға салық салудың дұние жүзіндегі ең үлкен дәрежесі; -бес жыл бойы жүріп жатқан жалпы экономикалық дағдарыс, оның негізгі белгілері (өндірістің қысқарылуы, жүмыссыздықтың өсуі, инфляцияның деңгейінің жоғарылығы және т. б. ) .
Рынок инфрақүрылымы толық қалыптаспады. Инфляцияның көтеріңкілігі және айырбастау курсының тұрақсыздығы.
Дегенмен де бұл жалпы себептерден бөлек ҚР-на шетелдік капитал құйылуына бір жақты субъективті себептерде кедергі жасауда:
- шетелдік инвестордың инвестиция жасауға қажетті мағлұматтармен қамтамасыз етілмейді;
- шетелдік инвестиция құжатын дайындау, орындау тәртібінің жетілмегендігі;
- Қазақстан ұлтымызға меншік құқығы туралы түсініктің жеткіліксіздігі (жер туралы, жекешелендірілетін объектілерге, жергілікті серікке қатысты қорлар туралы) ;
- жергілікті кредит пен қор қызметтеріне кірудегі (байланысуға) қиындынтар;
- инвестициялық жеңілдіктердің жеткіліксіздігі;
- саяси және экономикалық тәуелділіктен қорғаудың жеткіліксіздігі;
- инттелектуалды меншікті қорғаудың төменгі дәрежесі.
Сондықтан шетелдік кәсіпкерлік капиталды тарту мен реттеудің әлемдіктәжірибесін меңгеру өте қажет.
Рынок экономикасы дамыған елдерде қалыптасқан шетелдік инвесторлар үіпін ұлтгық ереже принциптерімен санасу кажет. Бұл халықаралық сауда палатасының "Халықаралык инвестиция үшін жетекші бағыт беретін принциптер" (1972) құжатында жэне "Халықаралық күрделі қаржы және көп ұлтты кәсіпорындар туралы мәлімдеме" (1976) құжаттары.
Атап айтқанда, мәлімдеме ОЭСР мүше елдерге кеңес беріп, ұсыныс жасайды. "Өз территориясында қызмет атқарып жатқан, басқа елдердің азаматтарына тікелей немесе қосалкы бақылауындағы немесе иелігіндегі мүше елдерге осындай жағдайда жергілікті кәсіпорындардан кем түспейтін ыңғайлы жағдай жасауды, халықаралық құқықты, әкімдік іс-әрекеттерді және қаулылар мен заңдарды ескерген ереже ұсынылады". Сонымен қатар мәлімдемс ОЭСР-ге мүше елдерге ұлттық ережені сол елдерге таратуға және күрделі қаржыны үшінші елден алуды ұсынады.
Батыс елдерінде шетелдік инвесторлар қызметі, негізінен барлық жергілікті ұлттық заңдармен, қаулылармен, әкімшілік істі орындау тәртібімен реттеледі. Ұлттық заң шығару жүйесі, шаруашылық қызметінің көптеген бөліктерінде ұлттық және шетелдік компаниялар арасын (қызметтерін) бөліп қарамайды. Олар үшін өздерінің тек дәрежедегі азаматтық және сауда құқығы, нақты айтқанда акционерлік заң ретінде қолданылады.
Сондықтан батыс елдердің көбісіне шетелдік инвестиция туралы арнаулы кодекстер мен заңдар жоқ, оның орнына бірсыпыра әкімшілік қаулылар мен оған қатысты бірсыпыра заңдардың баптары ғана бар, арнаулы заңдар мен кодекстер тек бірер жерорта теңізі елдерінде және бұрынғы Британия отарында болған елдерде бар.
Ұлттық ереже шетелдік инвесторга көптеген ыңғайлы жағдай жасайды: шетелдік кәсіпкерлер өздерінің компаниясының нсгізін құруда және шаруашылық жүргізуде жергілікті ұлттыкқ товар өндірушілермен тек жағдайда қызмет атқарады және олармен бәсекеге түседі. Олар шаруашылық қызметін жүргізудің сол елдегі кез-келген ұйымдастырушылық құқықтық түрін жүргізуге болады, жергілікті жеңілдіктердің көпшілігін пайдаланады; жергілікті қаржы, еңбек, ғылыми-техникалық, табиғат ресурстарын және т. б. пайдалануға, қолдануға мүмкіндіктері бар.
Рыноктық экономикадағы әртүрлі елдерде шетелдік инвесторлардың құқықығы мен мүддесін мемлекеттік қауіпсіздендіру үш деңгейде дайындалған:а) осы елдің Конститутциясы негізінде; б) екі жақты мемлекеттік шетелдік инвестицияны екі жақты мемлекетгік өзара корғау мен сыйлық беруге келісімдер жасау; в) мемлекет пен шетелдік азаматтар арасындағы инвестиция туралы келіспеушілікті реттеу конвенциясына (арнаулы мәселе жөніндегі халықаралық шарт) қатысу.
Батыс елдерінің Конститутциясында меншікке, дербес құқығына кепілдік беріледі және меншікті еріксіз тартып алу тек қоғамдык, мүдде мақсатында ғана болуы мүмкін және тез арада әділдікпен өтеп беру міндетінің орындалуы қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар меншік иесі тартып алу факторлары мен көлемін өтеп беру мерзімімен келіспеушілігін шешу әдістері қарастырылған. Бұл құкық ережеде, шетелдік меншік иелеріне де қолдануына болады. Ал заңдары мен кодексі бар елдерде, көрсетілген кұқықтар сол заң мен кодексте көрсетілген.
Батыс елдерінде шетелдік елдермен, көбінесе дамушы, социализм бағытындағы елдермен инвестицияны өзара қорғау және дәріптеп сыйлау келісімдері бар. КСРО-да бұндай келісімлерге қатынасуға дайындық 27 қарашада 1987 жылы КСРО Министрлік Кеңесінің № 1353 қаулысын қабылдағаннан кейін басталлы. Сонда келісім шарттық үлгі жобасы негізге алынған. КСРО бұндай шартты бірінші 1989 жылы Финляндия, Канада, Нидерландия, Бельгия, Люксембург, ФРГ, Франция, Италия, Ұлыбританиямен араларында қол қойды, ал 1990 жылы Австрия, Испания, ІПвейцария, Қытай, Оңтүстік Корея жәнс Түрік елдерімен келісім-шарт жасалынды /2/.
Бұл келісім шарттардың негізгі жағдайы өзара ұқсас және халықаралық практикаға сәйкес келетін еді. Жалпы бұған мынадай негізгі міндеттемелер кіреді: әрбір келісімге келген жақтар басқа жағының қаржылық мүдделеріне ынғайлы жағдай жасауға міндеттенеді, сонымен қатар соған байланысты қызметтерге; шетелдік меншікті қорғауды қамтамасыз ету; күрделі қаржыдан түскен табысты ешқандай кедергісіз аударуға мүмкіндік жасау; өзара күрделі қаржы мәселелеріндегі келіспеушілікті халықаралық сотта карау.
Казақстан Республикасының 1991 жылғы "Шетелдік инвестиция туралы заңына сәикес, шетелдік инвесторлар товар өндіруге және басқа қызметтерге әкелген мүліктердің барлық түрлері мен валюталық қаржылары жатады . Арнаулы қаржы мекемелерінің (мысалға МВФ, МБРР) берген несиесі бұл занда қаралмаған және капиталмен келісімге келу категориясына жатады. Бұл заңды тұсіндіре отырып, шетелдік сарапшылардың айтуынша, шетелдік инвестиция реинвестиция (инвестиция бойынша табыс түрінде алынған қаржыны инвестициялау) және шетелдік кредиттерді, шетелдік серіктестіктердің өндіріске жұмсалғандығын білдіреді.
Бұл категорияны өте кең талдағанда бұған қаржы салудың мынадай түрлері жатады:
- материалды заттай яғни, түрліше өндіріс салаларында тауар өндіруге қолданылатын құрал-саймандар, станоктар, механизмдер;
- қаржылық-бұған несие, қаржылық қызмет және бағалы қағаздармен жұмыс та жатады;
- ой еңбегінің өндірісті басқару тәжірибесін, мамандар дайындау, лицензиялау, біріккен ғылыми еңбектерді жасау "ноу-хау" және бұған бүкіл шетелден әкелінген капитал жатады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz