Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармалары
І. Кіріспе:
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы.
ІІ. Негізгі бөлім:
а) «Қамар сұлу» романының негізгі идеясы
ә) Қамардың портреті мен мінездемесі
б) Қамардың өлердегі айтқан сөздері
в) Ахмет жас буынның жаңашыл өкілі
ІІІ. Қорытынды:
Романның маңызы мен ерекшеліктері
IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1893 жылы қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туған. ХХ-ғасырдың басындағы Қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, демократ ақын – жазушы. Кедей отбасында туған. Әкесі Шоқпыт (шын аты Әбубәкір) жасында жоқшылықты көп көріп, кісі есігінде жалшы болған. С.Торайғұров үш жасқа шыққанда шешесі Зұфұннан жетім қалды. Алғашқыда үйде жүріп, әкесінен оқып қара таныған С.Торайғыров ауыл молдасы Мұқан деген кісіден сабақ алды. Ол араб, парсы қисса – хикаяларын өзінше аударатын, әрі жанынан қиыстырып өлең шығара алатын кісі болған. Оған еліктеп Торайғыров өлең жазып, мышықтана бастайды. 1902-11 жыл аралығында түрлі мектеп, медреселерде оқыды. 1911 жылы Троицк қаласынан оқып келген Нұралы деген жаңашыл мұғалімнен дәріс тыңдады. Ол қазақ, татар тілінде шығатын газет, журналдарды, әдебиет, тарих т.б. пән кітаптарын жаздырып алдырып, оқып тұратын болған. Сол арқылы Торайғыров қолына түскенін құныға оқып, қазақ, татар әдебиетінің бірқатар нұсқаларымен танысты. Өнер-білімге құлшына бас қойып, өлең, әңгіме жазуға қызу кірісті. Осы кезде ол «Дін», «Сарыбас», «Соқыр сопы», «Оқу», «Кезек қашан келеді» т.б. өлеңдерін және «Зарландым» атты ұзақ очеркін жазды. Бұл шығармаларында жас ақын ескі оқу мен жаңа оқудың айырмасы, оқудың, өнер-білімінің пайдасы, дін, байлық, кедейлік, еңбек т.б. туралы сөз етеді.
1912 жылы қараша айында Торайғыров оқу іздеп, Троицк қаласына барды. Онда оқуда жүріп, «Оқудағы мақсат не?», «Анау-мынау», «Қандай», «Зарлау» т.б. өлеңдерін жазды. 1913-14 жылдың қасында т.б. өлеңдерін жазды. 1913-14 жылдың қысында "Айқап" журналының редакциясында қызмет істеді. Ол осы кезде шығармашылық жұмыспен құлшына шұғылданып, "Қамар сұлу" романын, "Қазақ тіліндегі өлең кітаптар жайынан", "Өлең жөне айтушылары", "Қазақ ішінде оқу, оқыту жолы қалай?" атты мақалаларын және бірқатар өлеңдерін жазды.

1. Қазақ әдебиеті (10 - сынып) С.Қирабаев, Қ.Мырзағалиев Алматы «Рауан» 1998ж
2. А.Байтұрсынов. Ақ жол. А., 1991
3. М.Мағауин. Ғасырлар бедерi. А., 1991
2. А.Байтұрсынов. Ақ жол. А., 1991
3. М.Мағауин. Ғасырлар бедерi. А., 1991
Жоспар:
І. Кіріспе:
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы.
ІІ. Негізгі бөлім:
а) Қамар сұлу романының негізгі идеясы
ә) Қамардың портреті мен мінездемесі
б) Қамардың өлердегі айтқан сөздері
в) Ахмет жас буынның жаңашыл өкілі
ІІІ. Қорытынды:
Романның маңызы мен ерекшеліктері
IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920 жж.)
1893 жылы қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туған. ХХ-
ғасырдың басындағы Қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, демократ ақын –
жазушы. Кедей отбасында туған. Әкесі Шоқпыт (шын аты Әбубәкір) жасында
жоқшылықты көп көріп, кісі есігінде жалшы болған. С.Торайғұров үш жасқа
шыққанда шешесі Зұфұннан жетім қалды. Алғашқыда үйде жүріп, әкесінен оқып
қара таныған С.Торайғыров ауыл молдасы Мұқан деген кісіден сабақ алды. Ол
араб, парсы қисса – хикаяларын өзінше аударатын, әрі жанынан қиыстырып өлең
шығара алатын кісі болған. Оған еліктеп Торайғыров өлең жазып, мышықтана
бастайды. 1902-11 жыл аралығында түрлі мектеп, медреселерде оқыды. 1911
жылы Троицк қаласынан оқып келген Нұралы деген жаңашыл мұғалімнен дәріс
тыңдады. Ол қазақ, татар тілінде шығатын газет, журналдарды, әдебиет, тарих
т.б. пән кітаптарын жаздырып алдырып, оқып тұратын болған. Сол арқылы
Торайғыров қолына түскенін құныға оқып, қазақ, татар әдебиетінің бірқатар
нұсқаларымен танысты. Өнер-білімге құлшына бас қойып, өлең, әңгіме жазуға
қызу кірісті. Осы кезде ол Дін, Сарыбас, Соқыр сопы, Оқу, Кезек
қашан келеді т.б. өлеңдерін және Зарландым атты ұзақ очеркін жазды. Бұл
шығармаларында жас ақын ескі оқу мен жаңа оқудың айырмасы, оқудың, өнер-
білімінің пайдасы, дін, байлық, кедейлік, еңбек т.б. туралы сөз етеді.
1912 жылы қараша айында Торайғыров оқу іздеп, Троицк қаласына барды.
Онда оқуда жүріп, Оқудағы мақсат не?, Анау-мынау, Қандай, Зарлау
т.б. өлеңдерін жазды. 1913-14 жылдың қасында т.б. өлеңдерін жазды. 1913-14
жылдың қысында "Айқап" журналының редакциясында қызмет істеді. Ол осы кезде
шығармашылық жұмыспен құлшына шұғылданып, "Қамар сұлу" романын, "Қазақ
тіліндегі өлең кітаптар жайынан", "Өлең жөне айтушылары", "Қазақ ішінде
оқу, оқыту жолы қалай?" атты мақалаларын және бірқатар өлеңдерін жазды.
"Тентектің жинаған шоқпары", "Тамшы" деп аталатын кітаптарын баспаға
ұсынды. 1914 жылыжазда Торайғыров туған елі Баянауылға оралды. Кузде
Семейге барды. Орысша оқуға туспек болды, бірақ түсе алмады. Қатонқарағайда
мұғалім болып, сонда 1916 жылдың күзіне дейін бала оқытты. Мұнда жүргенде
"Кім жазықты?" романын жазды. Ол 1916 жылдың күзінде Томскіге барып, курста
оқып жүріп, орыстың классикалық әдебиеттерімен танысты, тарих, философия,
география пәндерін үйренді.
1917 жылы наурызда Ресейде Ақпан революциясы болып, уақытша үкімет
орнаған кезде Торайғыров Семейге келді. Патша өкіметінің құлағанын
қуанышпен қарсы алып, "Құрт аурудай жайлаған, Құртпаққа бізді ойлаған,
Қапымызға тоймаған, Қолымызды байлаған, Өшті залым қарасы" деп, патшашыл
озбырлықтарды шенеді. Ұлтшылдар құрған қазақ комитетінде кіші хатшы болып
қызмет істеді. Ұлтшылдар шығарған "Сарыарқа" газетіне өлеңдерін,
мақалаларын жариялады. Бірді-екілі өлеңдерінде алаш басшыларын дәріптеді.
Әйткенмен, Торайғыровтың ұлтшылдар жөніндегі адасушылығы көпке созылған
жоқ. Қателігін кейіннен сезген ол жаңа жазған шығармаларында адасқанын
мойындады. 1917-20 ж. аралығында Торайғыров "Шәкірт ойы", "Гүл", "А,
дүние", "Сарыарқаның жаңбыры", "Жас жүрек", "Неге жасаймын?", "Осы да
әділдік пе?". "Өң бе, түс пе?", "Ғайса кім?" т. б. өлеңдерін, "Адасқан
өмір", "Кедей" (қала ақыны мен дала ақынының айтысы) атты поэмаларын жазды.
Ол бұл шығармаларында демократтық көзқарасын айқын танытып, революциялық
өзгерісті жақтаған ой-пікір айтты.
С.Торайғыров алғашқыда жылы қарсы алған Уақытша үкімет саясатының
еңбекші бұқараның көңілінен шықпағанын, патша өкіметінің үстанған бағытын
өзгертуді ойламағанын, қайта буржуазияның мүддесін көздегенін көзімен
көрді. "Елім"., "Ұлтым" деп жар құлағы жастыққа тимеген алашордашылардың да
түптеп келгенде мұрат тұтқаны — бұқара халық емес, қазақтың бек-
феодалдарының, бай-болыстарының қамы екенін анық сезді. Олар сөз жүзінде
халық мүддесін ойлап көлгірсігенімен, іс жүзінде империалистік буржуазияның
— Уақытша үкіметтің, патшашыл ақтардың Колчактың т.б. сол сияқтылардың
қолтығының астына барып қорғалады. Бұл жайлар Торайғыровтың Ақпан
революциясы жөніндегі үмітін бүлдыр сатыға айналдырды. Осыдан барып ол
кейбір өлеңдерінде торығушылыққа түсті, 'жаңылдым, адастым" деген сөздерді
жиі айтты. "Сарыарқа" газетінде 1917 кылы 12 қараша күні жарияланған "Жас
жүрек" атты өлеңінде: "Кеш, арым, мен білместің адасқанын" деп, ол
ұлтшылдардың ықпалында жүрсе де, өзінің алашордашылармен бір көзқараста
болмағанын танытты. Алашорда үкіметі Колчак үкіметімен ресми бірігіп, Кеңес
өкіметіне қарсы күрес жүргізгенде, Торайғыров олардан біржола ат жалын
кесісті. Көптен бергі сырқаты меңдеп, емделмек болып, 1918 жылы маусым
айында туған елі — Баянауылға келді. Онда мүғалім болып жұмыс істеп, жаңа
өлеңдер, поэмалар жазды. Бұл кезде Тұрайғыров саяси-әлеуметтік философиялық
кітаптарды көп оқып, социализм, соғыс, революция жайында мағлұматтар алды.
Білімін тереңдетіп, көзқарасын кеңейтті. Жаңа заманға зор үмітпен қарап,
алдағы болашақтан үлкен жаңалық күтті. Оның үстіне осы кезеңде Ұлы Октябрь
социалистік революциясы жеңіп, шет аймақ, өлкелерде Кеңес үкіметі орнады.
Бұл айтылған фактілер, зор тарихи оқиғалар Торайғыровтың көңіліне медеу,
жанына азық болды. Рухын көтеріп, оған күш, сенім берді. Оның рухани
аурудан айығуына ықпал етті. Осы кезеңде жазылған "Адасқан өмір", "Кедей"
поэмаларында т.б. шығармаларында ақынның халық, революция жағында екендігі,
Кеңес өкіметінің жеңуін, әділетті қоғам орнауын тілейтіні айқын көрінеді.
1910 жылы желтоқсанда Колчак үкіметі құлап, Сібірде, Павлодар, Баянауыл
жағында Кеңес өкіметі орнады. Осы кезде Торайғыров ауылдағы мұғалімдікті
тастап, Павлодарға барды. Сондағы уездік революциялық комитеттің бастығы
Г.Жигаревқа жолықты. Ол Торайғыровты Шідергі болысына революциялық
комитеттің бастығы етіп жіберді, оған ел ішінде Кеңес өкіметінің жолын,
саясатын түсіндіруді, сайлау жүргізуді тапсырды. Болыстық революциялық
комитеттің бастығы болып Торайғыров екі-үш ай жұмыс істегеннен кейін,
ежелгі сырқаты меңдеп, төсек тартып жатып қалды. Ауырып жатып, 1920 жылдың
алғашқы айларында "Айтыс" атты поэмасын бастады. Бірақ онысы аяқталмай
қалды. Поэмада Торайғыровтың буржуазияшыл ұлтшылдардан, алашордашылардан
кеткені, олардың көзқарасын, программасын сынағаны аңғарылады.
С.Торайғыров — қазақ әдебиетіндегі Абайдан кейінгі ірі тұлға. Ол өте
қысқа ғүмыр кешті, 27 жыл ғана жасады. Шығармашылық жүмыспен не бәрі он
шақты жылдай айналысты. Алайда ол: "Жасамаймын еңбектің жемісін көзбен
көрем деп, жасаймын бір қолғабыс, кейінгіге берем деп..." нендей мақсат
көздегенін ашып айтты, кейінгі ұрпаққа құнды әдеби мұра қалдырды. Оның
шығармалары — мол тақырыпты, терең мағыналы, алуан жанрлы көркем суретті
қазына. Торайғыров туындыларының негізгі қасиеті — реалистігі мен
халықтығы. Ақын творчествосында қазақ халқының өз тұсындағы шындық өмірін
бейнеледі. Ол ұлы өзгерістер дәуірінде жасады. Өз заманының азамат,
күрескер ақыны болды. Ақын қоғамдық-әлеуметтік өмір саласында ең түйінді
мәселелерді сөз ғып, еңбекші бұқараның мұңшерін, ой-сезімін, үміт-арманын
жыр етті. Ол ХХ-ғасыр басындағы қазақ әдебиетін гуманистік, әлеуметтік ой-
пікір жағынан жаңа, жоғары сатыға көтерді. Оның озық шығармалары әдебиет
дамуының желісін, кезеңін көрсетіп қоймайды, сонымен бірге қазақ халқының
сол замандағы қоғамдық ой-пікірінің зор белесі болып табылады.
Сұлтанмахмұт Торайғыров - қазақ әдебиетінің классигі, ХХ-ғасырдың
басындағы бостандық, теңдік идеяларын уағыздаған ағартушылық, демократиялык
бағыттағы әдебиетіміздің аса дарынды өкілі.
Сұлтанмахмұт қоғамдық өмірге араласа бастаған, ақындық өнерді өзінің
өмірлік мақсат-мұраты деп түсініп, осы жолға белін бекем байлап шыңдап
түскен кез - XX ғасырдың басы қазақ даласына үлкен өзгерістер әкелді.
Ғасырдың басында қазақ қоғамында ұлттық мүдде, елдің елдігі, еркіндігі
үшін, мәдениетке жету үшін күресуді мақсат еткен бағыт, демократиялық
қозғалыс күшіне ене бастады.
1909 жылы жүрегі елім деп соққан есті адамдарды түгел елең еткізген үш
кітаптың жарық көргенін айту орынды. Олар - Абайдың өлеңдер жинағы, Ахмет
Байтұрсыновтың "Маса" атты кітабы мен Міржакып Дулатовтың
"Оян қазақ!" атты кітабы. Абай өлендері бұдан бұрын да елге кеңінен тарап
келсе де, кітап болып басылып шығып, кеңінен таралуының ерекше мәні болды.
Өйткені халықты мадени өркендеуге, өнер-білімді, ғылымды игеруге шақырған
Абайдың идеяларынан, Абай заманынан бастау алса, жаңа ғасыр басындағы
қоғамдық жағдайда сол озат идеялар жалғасын тауып, жаңаша мағына алып,
ұлттық ояну, азаттық үшін күресу идеясы ұлттық ұранға айналған болатын.
Сондықтан да Міржақып Дулатовтың алғашқы өлеңдер жинағының аты болған "Оян,
қазақ!" деген сөз жалпы жұртқа жар салғандай болып, жаңа дәуірдің қуатты
үніндей болып естілді.
Өйткені Әлихан Бөкейхановты, Ахмет Байтұрсыновты, Міржақып Дулатовты,
басқа да алаш ұранына ілескен қайраткерлерді қоғамдық өмір сахнасына
шығарған да жаңа тарихи-әлеуметтік жағдай, ұлттық арман-мүддеден туған
мақсат-мұраттар еді.
Сұлтанмахмұт Торайғыров жасынан кедейшіліктің, жоқшылықтың ауырпалығын
көп көрсе де, өзі туған ауылда - Баянауылда хат танитын әкесінен сабақ
алып, зейінділігінің арқасында сауатын ашады. Онан соң бірнеше жыл ауылдағы
молдадан оқып, кейін тағы медреседе оқып, білім алады. 1912 жылы Троицк
қаласына барып, діни оқумен қатар орысша да үйреніп, білімін тереңдетуге
күш салады. Бұрында анда-санда өлең шығарып жүрсе, енді өлең жазуға мықтап
ден қояды. 1913-14 жылдар арасында "Айқап" журналында хатшылық қызметте
болған кезінде біраз өлеңдері жарық көреді.
Өлең жазуға саналы кіріскенін өзінің поэзияға биік талап қойғанынан анық
байқаймыз.
1913 жылы "Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан" деген ма-қаласында ол
өлең-жыр "қарайған көңілімізді жуып, жанымызға пайда, дертімізге шипа"
болса дейді. Сондай өлең ғана "сай-сүйегін сырқырарлық ащы, зарлы
бебеулерін қағып, көңіл толғағын, жүрек түйінін тарқатады. Мен анық ақ
сүйек, аты жоғалмайтын "өлең" деп соны айтамын... Басқаларға қарағанда,
пайғамбардың жүрегінен құйылған құрандай, соқыр кісі сыбдырынан табарлық,
аққұла ашық тұрады. Марқұм Абай өлеңдері секілді," - дейді.
Сұлтанмахмұттың "Орнымыз медресе оқып жатқан", "Жан қайда әділетті
іздейтұғын", "Балалық күн", "Жылы кеш", "Оқудағы мақсат не?" "Талиптарға
(шәкірттерге)" секілді ақындық өнерге алғаш құлаш ұрған кезіндегі
өлеңдерінен-ақ оның талабы зор, дарыны қуатты, тегеурінді екені айқын
сезіледі. Халықтың ортасынан шыққан жас ақынның елдін, жағдайын, мұң-
мұқтажын, арман-тілегін жақсы білетінін, қоғамдық өмірдегі қайшылықтардың
сырын терең түсіне бастағанын да анық байқай аламыз.
Осындай өлеңдерінен жігерлі, ізденімпаз, қоғамға, өнерге бар ынта-
ықласымен қызмет өтуді азаматтық борышым деп ұғатын жас ақынға тән
алғырлық, пен сезімталдық, мақсатқа жетем деген зор сенімділік те бой
көрсетеді.
Шындықтың аулын іздеп, шықтым жолға,
Разымын не көрсем де, осы жолда, - деп, алған бетінен қайтпайтын,
"ақтармын оқып-жетіп, адам атын" деген адал ниеті мен "алда әлі ататын
жарық таң бар" деген сенімін серпінді, сергек көңілмен паш етеді.
"Шындықтың аулын іздеп, шықтым жолға" дегенді ақын терең мән-мағына
беріп айтқан. Мұнда шындық іздеу идеясы бейнелі суретке айналған. Кез
алдымызда баратын аулын іздеп, сұрастырып жүретін сахара адамының бұрыннан
үйреншікті, таныс кейпі елестегендей болса, сол арқылы адам өмірін
көркейтетін "сыр тапсам дүниеден ашылмаған" деп, өнер жолына түсіп, ел
үшін, руханият үшін белін бекем буып, еңбектенуге кіріскен жалынды жас
ақынның бейне-тұлғасын айқын көреміз. Осы екі түрлі сурет, екі түрлі
көрініс "шындықтың аулы" деген бір ғана бейнелі сөздің аясына сыйып тұр.
Әдебиетті заман талабы, тарихи-әлеуметтік жағдай, қоғамдық мақсат-
мұраттар туғызады. Сонымен қатар көркемөнердің өз заңдылықтары, әдебиеттегі
ұлттық дәстүр мен жаңашылдық ізденістердің даму барысында өнер иесінің
суреткерлік бітім-тұлғасы, алған бағыт-бағдары да толық ескерілу қажет.
Сұлтанмахмұттың ақындық тұлғасын өзгеше дарын -даралығын танытарлық
сипаттар қандай десек, алдымен ол - әлеуметтік лириканың асқан шебері,
қоғамдық құбылыстарды талдап, себеп-салдарлы байланыстарын керсетуге,
пікірін дәл жеткізу үшін қарапайым сөзге терең мағына беруге ұста ойшыл,
сыншыл ақын.
Қоғамдық өмірдің қайшылықтарын, заман шындығын ашып беретін ой-
толғамдары, әлеуметтік талдаулары терең, сезім-иірімдері тасқын судай,
мысқылға да ұласатын сыншылдығына сәйкес тілі отты, кейде удай.
Сұлтанмахмұт поэзиясы - қазақ қоғамындағы жаңа дәуір -ұлттық ояну дәуірі
туғызған адамгершілік, әділдік, өнер-білімге құштарлық идеяларын айрықша
қуатты жігерлілікпен, асқақ үнмен жырлаған, тақырып идеялары, жанрлық,
бейнелілік, стильдік ерекшеліктерінде жаңалығы, соны сипаттары мол поэзия,
көбінше әлеуметтік, публицистикалық лирика.
Поэмалары мен өлеңмен жазған романдарында да осы әлеуметтік сарын,
толғаныс публицистикалық пафос күшті сезіледі.
Сұлтанмахмұттың өзіндік бетін, ақындық дара тұлғасын айқынырақ түсіну,
барлап бағалау үшін оның өнерпаздық өнегесін алдындағы немесе қатарлас
шыққан Шәкәрім, Мағжан, Сәкен сияқты ақындармен қатарлас алып бір сәт қарау
да артық болмас.
Абайдың кейінгі дәуірде қазақ әдебиетінде жаңаша сипат алып қалыптасқан
биік қоғамдық-эстетикалық идеялар, мақсат-мұраттар ұлы ақынға ілесе
шыққан Шәкәрім, Сұлтанмахмұт, Мағжан, Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып
Дулатов сияқты қайраткерлердің шығар-маларында әрқайсысының өмірдегі,
өнердегі ұстаған бағыты, ізденістеріне орай өзгеше жарқын көрініс тапты.
Қазақ мәдениетіне, әдебиетіне, халықтың рухани өміріне шексіз мол жаңалық
әкелген осы ақындардың әрқайсысы Абайдың ағартушылық, демократиялық озат ой-
пікірлерін, өнерпаздық дәсүрлерін өзінше жалғастырды. Осы тұрғыдан келіп
Шәкәрімді Абайдың оқу-білім, ғылымды, адал еңбекті, талаптылықты,
адамгершілікті уағыздау өнегесін, фәлсапалық ойшылдығын өзінше өрістеткен
ақын десек, Сұлтанмахмұт, әсіресе, әлеуметтік өмірдің қайшылықтарын, өз
заманының шындығын нақтылы түрде үлкен сыншылдықпен ашып көрсетуі жағынан
Абай дәстүрлерін дамытуда өзіндік тың, жаңа өріс тапқан дей аламыз. Ал
Мағжанды айтсақ, ол теңдесі жоқ лирик ақын ретінде Абайдың көңіл күйі
лирикасын, және жалпы адамның жан дүниесін, ішкі сезімін суреттеудегі
дәстүрлерін өзінің сыршылдық шеберлігіне тірек етіп, өзінше жалғастырған
деу орынды. Ахмет Байтұрсынов Абайға қоғам өмірінің бірталай маңызды
мәселелері жайлы толғана айтуы және мысалшылдығы жағынан, ал Міржақып
Дулатов, әсіресе, сөз өнерін халықтың санасын оятудың, қоғам көшін алға
бастаудың бірден бір күшті құралы деп санаған ағартушылық өнегесі жағынан
үндес екенін айтамыз, және Ахмет те, Міржақып та Абай бастаған ағартушылық,
демократиялық идеяларды жаңа заманның тілек-талаптарымен терең ұштастыра
алғанының мәні зор дейміз.
ҚАМАР СҰЛУ романы
Қамар сұлу— өзінің тақырыбы мен мазмұны жағынан әлеуметтік роман.
Жазушы казақ әйелінің теңсіздіктегі жай-күйін роман оқиғасының негізіне
алғанмен, сол арқылы өз дәуірнің қоғамдық шындығын әлеуметтік тұрғыда
таңдайды.
Қалың малға сатып шалдардың жас қыз алуын, әлділердің әлсіздерге
зорлығын, дінмен шырмалған халықтың қараңғыдан қапас тіршілігін
Сұлтанмахмұт өткір сынайды.
Сұлтанмахмұт — адам құкық қорғаушы, азат өмірді аңсаушы. Жастардың
теңіне қосылып, білім алуына, халқын өрге сүйрер қатардағы азамат болуына
тілекші. Романда жазушы өз ортасынан талпынып, бостандық іздеген осьшдай
жастың әр қилы кедергілерге кездесіп, ескі салттың құрбаны болғанын
тебірене жазады. Сол арқылы аянышты тағдырға ел назарын аударуды, халық
сезіміне әсер етуді көздейді. Бұл - жазушының ағартушылық көзқарасын
танытады.
Романның негізгі идеясын Сұлтанмахмұт әр қилы тағдырлар, адам
бейнелері арқылы ашуға тырысады. Оның кейіпкерлері көзқарасы, әртүрлі
адамдардың қақтығыстары негізінде жіктеледі. Қамар, Ахмет және оларды
жақтаушы Омар ұнамды кейіпкерлер ретінде танылып, Жорға Нұрым,
Қалтан қажы, Оспан би, тағы басқалар жандлықка қарсы іс-әрекеттерімен
дараланады.
Қамар.
Қамар — жазушының суреттеуінде, аса сұлу, ұстамды, сөзге шешен, ақын
қыз. Сұлтанмахмұт оны романтикалық бейнеде алып, сирек туатын жан етіп
суреттейді. Қыздың портреті мен мінездемесі де соған лайық берілген.
Түр-тұлғасы, мінез-құлкы тең келген Қамарды ел әсемдіктің,
ақылдылықтың символындай көреді. Бір нәрсені көңілдері ұнатып, мақшысы
келсе, Уай, шіркін, мынау Қамардай екен десуші еді, — дейді автор.
Әрі өткір, әрі сөзге ұста Қамар - ауыл жігіттерін де қол жетпейтін
асылы, Олардың көбі қызды көргеніне мәз болып, бір ауыз тіл қатса, оны
аузынан тастамай айтып жүреді. Сырттай ғашық боп жүргендердің кездесе
қалса тіл-аузы байланып, үндей алмай қалатышы тағы бар.
Сұлтанмахмұт бұл арқылы Қамарды өз заманынан артып туған, биік бейне
ретінде танытады.
Қамар өзіне тең жар боларлық адамды сұлудан, байдан іздемейді, ақылды,
сырлас, мұңдас боларлық адамдардан іздейді. Мұндай адам деп Ахметті таниды.
Бірақ қыз ғашықтық сезіміне беріліп, жалған күйректікке түспейді. Сезімді
ақылға жеңдіріп, алды-артын ойлайды.
Сол дәуір жағдайында Қамар мен Ахметтің қосылуына мүмкіндік те жоқ
еді. Қамар — ауқатты ортадан шыққан қыз. Ахмет — кедей жігіт. Екеуі екі
ортаның адамдары. Оның үстіне, қалыңсыз қыз берілмейтін қатал әдет заңы
тағы бар. Қалың мал берерлік Ахметте әл жоқ. Осы жайлар Қамарды да, Ахметті
де қатты ойландырады. Сондықтан Қамар теңім еді деп, Ахметке құлап түспей,
екеуі қосыла алатын мүмкіндік жоғын айтып түсіндіреді.
Ахметті сүйемін-ақ... Күні ертең ел-жұртым екеумізді екі айырып
жібереді... Онда не болдым... Әке, ағаларым болса, оған бермек тұрсын, бұл
жазғанын сезсе де, бұл күнімізді өзімізге көп қылады ғой деп ойлайды
Қамар Аметтен хат алғанда. Қыз ойының қорытындысы мынау: Қой, бүйтіп күйік
үстіне күйік-жалқын салмайын, өзімдікі қабірге бірге түсетін күйік қой,
енді тағы Ахметті күйдіріп, кәрі әке-шешесінің обалына қалмайын; бірдемеміз
елге сезіліп қалса, Ахмет байғұстың талқанын шығарады ғой...
Обалымыз қиюы жоқ, қисыны кашқан дүниеге, оңға баспай, солға басқан
казақтың қара ғұрпына болсын!
Осы үзіндіден Қамардың өз заманының әділетсіз тәртібіне, оңға баспай
солға басқан қазақтың қара ғұрпыша деген наразылығы айқын көрінеді.
А, кұдай, жасты-жасқа пар қылғаның,
Біреуді жоқ, біреуді бар қылғаның.
Біреуге алтын, гауһар тақыт беріп,
Астана жұрт билеген хан қылғаның.
Біреуге мал мен бақты үйіп беріп,
Ақылсыз екі аяқты мал қылғаның.
Біреуге Аплатондай білім беріп,
Мінер ат, ішер асқа зар қылғаның.
Қыздарын теңге бермей, малға беріп,
Қазақты қара көңіл аң қылғаның.
Мейлі қоңыз болсын, доңыз болсын,
Малдыны кісімсітіп, паң қылғаның,—
деген Қамар сөздерінен қоғамдық әділетсіздіктің адам тағдырына әсері
байқалады.
Бірақ қыз жолына бөгет болған қиыншылықтар Қамар мен Ахметтің
арасындағы махаббат сезімін, адал сүйіспеншілікті сөндіре алмайды. Осыдан
былай екі жас үшін қайғылы оқиғалар басталады. Арманына жете алмаған Қамар
уайымдап, жүдей бастайды. Оның үстіне, әйелі өлген болыс Жорға Нұрым
кездеседі.
Әйелінің тірі кезінде тоқалдықка алғысы келіп, қызығып жүрген ол
Қамарды айттырады. Қамардың басындағы кайғылы хал күшейе түседі.
Нұрымды Қамар сүймейді, тіпті мейлінше жек көреді. Оның кәрілігін,
ұсқынсыздығын мазақ етіп, өлең шығарады.
Ататай, болдым ғашық мұрыныңа,
Көк бурыл иектегі кұрымыңа.
Кірпідей аяқ-қолы жиырылған,
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz