Социология негізін салушы Эмиль Дюркгейм


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе

1. Социология негізін салушы Эмиль Дюркгейм

ІІ. Негізгі бөлім

2. Микросоциология

3. Қала социологиясы

4. Социолог ғалымдар пікірі

5. Бағалау (социология)

6. Қолданбалы социология

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Социологияның ғылымилығының классикалық түріне қатысты принциптерін француз социологы эмиль Дюркгейм өзінің «Социологиялық тәсілдердің қағидасы» еңбегінде біршама айқын көрсеткен болатын.

Дюркгейм өз социологиясын әлеуметтік факт теориясына негіздейді. жоғарыда көрсетілген еңбегінде Дюркгейм әлеуметтік фактіге қойылатын негізгі талаптарды көрсетеді.

Дюркгейм өзінің бұл социологиялық қызметі жолында қоғамдағы реттілік пен ретсіздіктердің себептерін зерттеудің маңыздылығына үлкен мән берді. Адамдардың бір-бірімен ымырашылдықта өмір сүруіне қандай нәрсе негіз болады? Кейде неліктен қоғамның құрылымы бұзылады? деген сияқты мәселелер көтереді. Осы сұрақтарға жауап беруге үмтыла отырып, ол ұжымдық сана (коллективного сознания) немесе сенімдер мен пікірлер жиынтығы концепциясын ұсынды.

Э. Дюркгеймнің маңызды зерттеулерінің бірі - мораль. Оның табиғатын, тегі мен атқаратын қызметтерін баяндауда Э. Дюркгейм әлеуметтану тұжырымдамасын басшылыққа алады. Моральды өзінің ерекшелігіне қарай, ол әлеуметтік жағдайдан, әлеуметтік ортадан, әлеуметтік құрылыстан туындатады.

Адам оларды ескеріп отыруға, күнделкті өмірде іске асыруға тиіс. Осыған байланысты Э. Дюркгейм әлеуметтік фактылардың негізгі екі нышанын көрсетеді: әлеуметтік фактылар индивидтер жөнінде объективті өмір сүреді және олар адамдарға мәжбүрлеуші ықпал жасайды.

Социология негізін салушы Эмиль Дюркгейм

Эмиль Дюркгейм (1858-1917) - француз әлеуметтанушысы, саясаттанушысы. Дюркгейм негізінен ұжымдық сана рөлі, оның әртүрлі формаларын зерттеген. Ол өз тұжырымында әлеуметтік шындықтың ерекше және тәуелсіз принципіне сүйенді. Осы қағидатқа сүйене отырып, ол қоғамды индивидтерден моральдық және күштік (физический) тұрғыдан жоғары қойды. Келесі ынтымақтастық - ең жоғаргы моральдық принцип ретінде қарастырылды. Қоғамдағы екі механикалық және органикалық ынтымақтастықты тұтас даму бөліктері деп көрсетті. Механикалық ынтымақтастық архаикалық қоғамға, индивидтердің, олардың қоғамдық функцияларының бір-біріне ұқсастығына және жете дамымағанына негізделді. Органикалық ынтымақтастық Дюркгейм бойынша қазіргі кезеңдегі қоғамдарға тән, ол еңбекті белуге негізделеді.

1896 жылдан Бордо, 1902 жылдан Сорбонна университеттерінің әлеуметтану және педагогика профессоры, "Аннес Соціологігұе" журналының негізін салушы. Р. Декарт, К. А. де Р. Сен-Симон дәстүрін жалғастырып, Ш. Монтескье, Ж. Ж. Руссо И. Кант, Т. Спенсер, О. Конт, т. б. шығармаларын зерделеген. Ол негізінен, үжымдық сананың, оның әр алуан пішімдерінің (діннің, ахлақтың, құқықтың) рөлін зерттеді. Әлеуметтануды адам туралы ғылымдардың арасында жоғары бағалап, әлеуметтік болмыстың онтология проблемаларын түсіндіруге аркау етті. Әлеуметтанудағы биологиялық және психологиялық бағыттың редукциялык әдістеріне (барлық пәндер үшін ортақ тұжырым тую аркылы ғылыми білім бірлігі мәселесін шешуге арналған тәсілдер) қарсы шықты. Дюркгеймнің пікірінше, адам дегеніміз - жекеше және әлеуметтік қасиеттерді бойына жинақтаған екіүдай шындық (һомо дұплех), әсіресе, соңғысы адам болмысында басымдық иеленеді. Міне, сондықтан қоғам индивидтердің алуан түрлі өзара байланыстарының нәтижесінде пайда бола отырып, даралықган тыс және даралықган үстем болмысты құрайды. Дюркгейм "Әлеуметтанулық әдістің қағидасы" (1895) атты кітабында өзінің методологиясындағы басты қағиданы "әлеуметтік фактілерді заттар ретінде қарастыру керек" деп түйіңдеді. Жалпы, Дюркгеймнің философияға көзқарасы екіүдай әрі қарама-қарсылықта болды. Бір жағынан, ол өзінің әлеуметтанулық тәсілдерінің әлдеқандай философиялық тұжырымдарға тәуелсіздігін ерекше қасиет тұтты, сол арқылы әлеуметтік философияның толып жатқан бостекгі ділмарлығын жек көретіндігін аңғартты. Екіншіден, Дюркгейм философиялық мәселелердің барлығын әлеуметтану ілімі тұрғысынан шешуге талпыңды.

Микросоциология

Микросоциология (грек. мікрос - кіші) - социология ғылымының кіші әлеуметтік жүйелердегі құбылыстар мен процестерді талдауға бағытталған зерттеу бағыты. 20 ғасырдың 20-жылдары пайда болып, әлеуметтік қатынастардың негізгі үлгісі ретінде кіші топтардағы қатынастарды зерделеуге бағытталған батыс социологиясы бағыттарының біріне айналды. Микросоциология, ең алдымен, әлеуметтік - психологиялық, атап айтқанда, социометриялық әдістерді пайдаланып, кіші топтағы тұлғааралық қатынастарды зерделеуге баса назар аударады. Оның негізгі зерттеу нысаны - индивид, тұлға, кіші әлеуметтік топ және олардың өзара қатынастары. Микросоциология адамдар арасындағы байланыстың мән-мағынасын талдау арқылы әлеуметтік құбылыстарды түсінуге мүмкіндік береді. Микросоциологиялық зерттеулер социологиялық талдау, топтастыру, жалпылау арқылы өзінің теориялық негіздерін дамытады

Қала социологиясы

Қала социологиясы - қаланың шығу тегін, қалыптасуын, дамуы мен қоғамдық мәнін және жалпы заңдылықтарын зерттейтін социология ғылымының саласы. Қала социологиясы жүргізетін зерттеулердің негізгі бағыттары мыналар: қаланың қоғамдағы және қоныстану жүйесіндегі рөлі, оның қызметі мен дамуына ықпал ететін негізгі факторлары, тұрғындарының әлеуметтік құрылымы, қалалық өмір мен қала мәдениетінің ерекшеліктері, қоршаған ортамен байланыстары, қалалардың дамуын жобалау, болжау және жоспарлау, оны басқару жолдары мен әдістері, халықтың көші-қонының негізгі әлеуметтік факторлары мен нәтижелері, т. б. Қаланың әлеуметтік рөлін зерттеуде оның қалыптасуы мен дамуына табиғи және материалдық ортаның тікелей ықпалы есепке алынады. Қала социологиясы қаланы нақтылы тарихи қоғамның құрамдас бөлігі ретінде қарастырады, өйткені қала осы қоғамға ортақ құндылықтарды бойына сіңіретін, сол қоғамға тән әлеуметтік құрылымның, қарым-қатынастардың шағын үлгісі болып табылады. Социология ғылымында неміс социологы М. Вебер қала тарихына, оның әлеуметтік-экономика және саяси рөліне ғылыми талдау жүргізді. Қаланың әлеуметтік дамуын жоспарлау ғылыми мектебінің негізін салушы қазақстандық ғалым Н. Айтов қоныстану қатынастары, әлеуметтік жоспарлау жөнінде құнды зерттеулер жүргізді.

Социолог ғалымдар пікірі

Социологиялық ой дүниесінде Аристотельдің де алатын орны ерекше. Аристотель ежелгі Грецияның саяси тәжірибесін қортындылай келе, адам - әлеуметтік жаратылыс деген қорытындыға келеді. Аристотель мемлекеттің мақсаты - адамдардың бақытты өмірін қамтамасыз ету деп есептейді. Мемлекет қоғамдағы жалпы мүддеге қызмет етуі керек деп көрсетеді. Бәріне ортақ мақсат - өздері құрған қоғамды, мемлекеттік құрылысты сақтау болып табылады.

Социологияның дербес ғылым ретінде пайда болып қалыптасуы батыста француз философы О. Конттың есімімен байланысты (1798-1857) . Ол ең алдымен Батыстағы позитивистік философияның негізін салушы болып есептеледі. Оның 1830-шы жылдары «Позитивті философияның курсы» деп аталатын 6 томдық еңбегі жарық көреді. Міне осы еңбегінде негізінен оның социологиялық ойлары айтылады. Мәселен, осы еңбегінің 3-ші томында алғаш рет Конт «социология» деген ұғымды енгізеді және қоғамды ғылыми негізде зерттеу мақсатын кояды. Міне осы пікір социологияның ғылым ретінде пайда болып, дамуына негіз болады.

Қорыта келгенде, О. Конттың социологиялық концепциясында басты екі идея жатыр. Біріншісі - қоғамтануда ғылыми тәсілді қолдану болса; екіншісі - әлеуметтік реформаларды жасауда іс жүзінде ғылымды қолдану идеясы. Ғылыми білім қоғамның дұрыс дамуы үшін қызметіне Конт кәміл сенді.

ХІХ ғасырдың ағылшын ғалым-философы Г. Спенсер социологияның қалыптасып дамуында маңызды роль атқарады. Жас кезінен ғылым жолына түскен (темір жол инженері) Г. Спенсер, Дарвиннің эволюциялық теориясының ықпалымен, эволюция үрдісімен айналысады. Ол эволюция теориясын, дүниенің барлық салаларын түсіндіру үшін қолдануға болады деген қорытындыға келеді. Спенсер қоғамды биологиялық организмдермен салыстыра отырып, оны адамзат коғамының тарихына да қолдануға болады деп мойындайды.

Бағалау (социология)

Бағалау - әлеуметтік өзгерістерге, жеке адамдардың қызметіне, мінез-құлықтарына деген көзқарас, олардың мәнділігін, қоғамдағы белгілі бір нормалар мен принциптерге сай келетін-келмейтінін анықтау (қолдау және жеккөру, келісу және сынау, т. б. ) . Бағалау жеке адамның не әлеумемтік топтың мәдени және адамгершілік даму дәрежесімен тығыз байланысты. Екінші жағынан, іс-әрекеттің себептерін, құралдарын және мақсаттарын, жағдайларын еске алып отыру - іс-әрекеттерді дұрыс бағалаудың қажетті шарты. Адамдар, оның ішінде, қоғамда білгілі орны бар жеке тұлғалар өздеріне көпшілік тарапынан берілетін бағалауды елемей жүре алмаған, бағалаудың өзі жөнінде дұрыс, ұнамды болуын қалаған. Сондықтан да қазақтың хандары мен байлары, сұлтандары мен бектері жандарында ақын-жыршылар ұстап, оларға өзі жөнінде Бағалау айтуына жағдай жасаған. Қазіргі кезде де адамдар өздеріне әріптестері, әлеумемтік топтар, халық тарапынан беріліп жататын Бағалауды құрмет тұтып, өздерінің мінез-құлық, іс-әрекеттерімен олардың дұрыс, ұнамды сипаттағы бағаларын алуға тырысып отырады. Осы тұрғыдан дұрыс бағалау, еңбектің әділ бағасын беру адамдардың іс-әрекеттерін реттеп отыруға ықпал етеді. Бұл, әсіресе, біздің болашағымыз - жас ұрпақты тәрбиелеуде, оларға ненің жақсы, ненің жаман екенін танытуда, үйретуде, оларды қоғамдық, халықтық мұраттарға сай етіп өсіруде, баулуда үлкен рөл атқарады.

Қолданбалы социология

Қолданбалы социология - социология ғылымының бір саласы.

Ол ғылыми теорияға сүйене отырып, әр түрлі тарихи жағдайлардағы әлеуметтік заңдардың өмір сүру түрлері мен механизмдерін зерттейді. Мұнда нақтылы іс-тәжірибелік ұсыныстардың ерекше маңызы бар. Осыған байланысты қолданбалы социология әлеуметтік технология, әлеуметтік гигиена, әлеуметтік терапия секілді ғылым салаларымен ұштасады.

Қолданбалы социология мынадай әлеуметтік-тәжірибелік міндеттерді шешуге қатысады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам және саясат туралы
Дүниежүзілік социологияның дамуындағы классикалық кезең
Дюркгейм Эмиль
Әлеуметтанулық теория
Э. Дюркгейм
Әлеуметтану ғылымы
Әлеуметтану ғылымының даму тарихы туралы
Әлеуметтанудың тарихи даму кезеңдерін кесте бойынша жүйелеу
Аномия ұғымы девианттық мінез-құлық әлеуметтануы пәнінің негізгі стратегиясы ретінде
М. Вебердің әлеуметтану жөніндегі көзқарастары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz