Ақша-несие саясаты


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 76 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . .

1 тарау. Ақша-несие саясатының теориялық негіздері

1. 1. Ақша-несие саясатының экономикалық мәні және оны

жүргізу құралдары . . .

1. 2. Ақша-несие теориясы негізінде экономиканы реттеу . . .

1. 3. Шетел елдерінің ақша-несие саясатын жүргізудегі

тәжірибесі . . .

2 тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатына талдау.

2. 2. Ұлттық Банктің ақша-несие саясатын

реттеу механизмі . . .

2. 3. Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының

негізгі кезендері . . .

3 тарау. Қазақстан Республикасында ақша-несие саясатының даму келешегі.

3. 1. Ақша-несие саясатының проблемалары . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер . . .

Кіріспе

Еңбек өнімділігінің төмен деңгейі, еңбекке қабілетті халықтың көпшілігі жұмыспен қамтылмаған, шығарылған өнімнің басым көпшілігі бәсекеге қабілетсіз, халық шаруашылығы салаларының импорт жеткізілмдерінен едәуір тәуелділігі және т. б. орын алған жағдайда ұлттық валютаның белгіленген бағамы экономиканы қазынашылық және ақша-несие валютаның белгіленген ұлттық ақшаның дүниежүзілік нарықтағы нақты құнын көрсетпеуінен қолайсыз болады. Үкімет көпшілікті жұмыспен қамтуға және экономикалық өсуге бағытталған тәуелсіз экономикалық саясатты жүргізуге мүмкіндігі болмайды.

Төлем балансының тапшылығы ұзақ уақыт сақталған жағдайда, Үкімет қаржы қорларын жоғалтуы мүмкін. Тіркелген ұлттық валюта бағамы баланстағы туындайтын үйлесіздіктерді пайдалануы, ықтимал ірі алтын-валюта резервтерінің болуын талап етеді. 1998 жылы дүниежүзілік нарықтағы және Ресей экономикасындағы экономикалық жағдайдың нашарлау жағына қарай күрт өзгеруі, тіркелген ұлттық валюта бағамының өзінің тіршілік етуге жарамсыздығын көрсетті. Қазақстан экономикасы өз валютасының тұрақтылығын қолдау үшін алтын-валюта қорларының едәуір мөлшерін жоғалтты.

Үкіметтің саясаты бюджет тапшылығы мен салықтардың мөлшерлемелерін көзделген деңгейде сақтау арқылы экономиканы тұрақтандыруға бағытталған болатын. Салықтық-бюджеттік реттеу әлсіз болса да жиынтық кірістің өсуін ынталандыруды негізге алған. Ақша-несие саясатының рөлі айырбастау бағасының жарияланғанмен тепе-тең сәйкестігін қамтамасыз ету үшін ақша ұсыныстарын реттеумен шектелген еді.

Несие ұйымдарын ынталандыру мен олардың экономиканың нақты секторымен өзара іс-қимыл жасауын қолдау мәслелері Ұлттық Банк тарапынан тікелей реттеу аясынан шығарылып, ақша нарығының өтімділігін басқару қиындады, банктерге үндік қарызбен «овернайт» несиелерін беру сияқты классикалық операцияларды жүзеге асыру қиындады.

Осымен бірге, Үкімет жұмыссыздықты азайтудан ұлттық валютаның құнсыздануымен күресуді маңыздырақ деп санап, тіркелген айырбастау бағамы қолданылған жағдайда, инфляцияны ауыздықтау мен инфляциялық болжамды төмендетуге едәуір нәтижелерге қол жеткізді.

Баланстағы тепе-теңсіздік кезінде орын алатын ұлттық валюта бағасының ауытқуына сыртқы қаржыландыру көздерін тартпай-ақ түзету жасалады. Осы мақсаттарға Халықаралық Валюталық Қор несиелерін қарызға алу, қосымша валюта мен алтын резервтерін жасау қажет болмайды.

Еркін айырбас режиміне көшкен кезде ұлттық валюта құнсызданғаннан кейін, шетелдік нарықтағы ұлттық тауарлар арзандап, бұл өз кезегінде экспорт мөлшерінің қалпына келуіне және импорттың кемуіне, елге еркін айырбасталымды валюта ағымының артуына ықпал етті.

Еркін өзгермелі ұлттық валюта бағамы жағдайында Үкімет елдің экономикалық ахуалына, сыртқы экономикалық қатынастарына, валюта резервтеріне, берешектерге, тауарлық және қаржылық ағындардың серпініне тікелей ықпал етуге мүмкіндік алды.

Сонымен бірге, Қазақстан экономикасында бірқатар дағдарыстық жағдайлар соңына дейін әлі де жойылмай келеді. Эконоканың кейбір салаларында өндірістің құлдырауы тоқтатылмады, салық салу және бюджеттік кірісті арттыру проблемалары орын алуда, мемлекеттік ішкі және сыртқы қарыздар мөлшері өсуі жалғасуда және мемлекеттің экономикалық қауіпсіздік табалдырығынан мағынасына жақындады, өндірістік салаға берілетін несиелер бойынша пайыздықмөлшерлемелер жоғары болып қалуда, шаруашылық етуші субьектілердің инвестициялық белсенділігі тиісті дейгейде емес және т. б.

Мұның барлығы ақша-несиелеуді реттеу жөніндегі шаралар бюджеттік шығындар мен салық салуды басқару жөніндегі мемлекеттік шаралармен тығыз байланысты болуы керектігін дәлелдейді.

Жұмыстың тақырыбы «Ақша-несие саясатының теориялық негіздері» проблемаларын айқындауды мақсат тұтады.

Қойылған мақсатқа байланысты мына міндеттер белгіленді:

  • Бұл тақырып бойынша экономикалық әдебиетті зерделеу және талдау:
  • Ақша-несие саясатын басқарудағы зерделеу әдістерін таңдау;
  • Ақша-несие саясатының негізгі сипаттамалары мен өлшемдерін зерделеу;
  • Банк ісінің теориялық негіздерін қарау;
  • Ақша жүйесінің негізгі сипаттамалары мен қазіргі заманғы өлшемдерін және ұйымдастыру тетігін дамыту деңгейін зерделеу;
  • Ақша-несие саясатының негізгі проблемаларын және оларды жою жолдарын айқындау.

Ақша-несие саясаты жүйесін қалыптастыру мен жұмыс істеу мәселелері Қазақстан Республикасында қолданылатын зағдармен тығыз байланыстырып қаралған.

1 тарау. Ақша-несие саясатының теориялық негіздері.

1. 1. Ақша-несие саясатының экономикалық мәні және оны жүргізу құралдары.

Нарықтық экономикаға көшу мен ақша-несие саласында мемлекеттік саясат рөлінің белсенділеуі ақша мөлшерінің баға деңгейіне әсер етуін күшейтті, сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі ақша теориясы мәселелеріне мүделіліктің артуына ықпал етті. Баға деңгейін белгілеу мен өндіріс айналымдағы ақшаның сандық теориясының негізгі мазмұнын құрайды.

Ақшаның осындай әсері американдық экономист И. Фишердің ақша теориясының неоклассикалық бағытының бөлігі болып табылатын айырбасты теңестіруде келтірілген:

MV= PQ

мұндағы:

M - айналымдағы ақша мөлшері немесе ақша ұсынысы

V - ақша айналымының жылдамдығы

P - тауарлық мәмілелер бағасының орташа деңгейі.

Q - тауарлық мәмілелердің мөлшері (Ұлттық өнім)

Іс-жүзінде бағалардың өзгеруі айналымдағы ақша мөлшерімен ғана емес, сондай-ақ тауарлар бағасының өзгеруімен байланысты (өндіріс шығындары) жылдамдығының тұрақты шамасы (V) мен тауарлық мәмілелер саны (Q) үшін дұрыс болып табылады, ол іс-жүзінде болуы мүмкін емес. сандық доктринасының басқа өкілі (кембридждік) ағылшын экономисі А. Пигу ақша ұсынысының мына формуласын ұсынады:

M=K*P*T

мұнда:

M - ақша мөлшері

K - ақшалай нысанда иеленгісі келетін жылдық кіріс үлесі

P - баға деңгейі

K - өнідірістің нақты мөлшері

Экономистер ұзақ жылдар бойы экономикалық өсу факторларына ықпал ететін ақша-несие саясатының тұжырымдамаларына қатысты пікір таластыруда.

Нарықтық экономика іштей тұрақсыз өзгермелі жүйе болып табылады, мемлекеттік реттеуге онда негізгі рөл берілген. Реттеушілер қатарында мемлекеттің монетарлық саясаты маңызды орын алады.

Ақша ұсынысындағы өзгеріс инвестициялық сұраныстың өзгеруіне әкеліп соқтырған пайыздық мөлшерлеме деңгейінің өзгеруінің себепкері болып табылады, ал мультикативтік әсер арқылы атаулы жалпы ұлттық өнім өзгереді.

Кейнсиандық теориялық теңдеуі мынадай:

ЖҰӨ=C+1+G+NX

Мұнда:

С - халықтың тұтыну шығындары

1 - инвестициялар

G - тауарлар мен қызметтер сатып алуға арналған мемлекеттік шығындар

NX - таза экспорт

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің жай банкноталардың эмиссиялануының мынадай үш жолын көрсетуге болады:

  • шаруашылықты несиелеу жолымен .
  • мемлекетті (үкіметті) несиелеу, яғни мемлекеттік қарыздық міндеттемелердің орнына банкноталардың шығарылуы барысында. Шынында да еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардың басында экономикадағы тұрақсыздықтың нәтижесінде 1993-1998ж. ж мұндай көріністің куәсі болдық. айталық 1995 -1996 жылдары бюджет тапшылығы ЖІО- нің 5, 5%-на дейін жетті, ендеше сол уақыттары республикалық бюджет тапшылығының 80%-ға жуығы Ұлттық банктің үкіметке берген несиелері есебінен жабылғаны белгілі. әрине бұл жолдың теріс жақтары болды, оның бірі елімізде гиперинфляцияның орын алуы.
  • Ұлттық валюта бағамының тұрақтылығын қамтамасыз ету және еліміздің сыртқы қарыздарды өтеу үшін мемлекеттің валюталық резервтерін арттыру мақсатында айналысқа қосымша ақша эмиссиялау жолымен.

1993жылы біздің республикамызда шығарылған теңге қағаз және несиелік ақшалар - банкнота болып табылады, себебі олар Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің сөзсіз міндеттемесі болып саналады және оның барлық активтерімен қамтамасыз етіледі.

Банктік салымдар мен қолма - қолсыз есептеулер негізінде құрылатын депозитті ақшалар айналысы чекпен байланысты.

Кейнсиандықтар мемлекеттік реттеу процесінде тоқыраған экономиканы тұрақтандыру ісінде бюджеттік саясатқа, салық жүйесі мен мемлекеттік шығындар құрылымының өзгеруіне негізгі маңыз береді. Олардың түсінігінше өндірістің құлдырау, жұмысссыздық пен инфляция жағдайында монетарлық саясаттың макроэкономикалық салдары көп мәнді.

Қазақстан Республикасында несие карточкаларын енгізудің алғашқы қадамдары жасалған, осылайша, кезінде Әлембанк (қазігі Тұран Әлем Банк) өзінің «виза» несиелік карточкасын енгізген. Павлодар, Өскемен, Ақсудың халықтары несие карточкаларын пайдалануда. Сонымен қатар, ТұранӘлемБанкі қызметкерлерінің несие карточкалары бар.

Қазақстан ұлттық банкінің бұл жердегі ролі карточкалардың ұлттық масштабына біртұтас болу стандартын белгілеумен шектелгендігі, өз кезегінде тұтынушыларға қолайлы жағдай туғызады. Ұлттық банкпен бірлескен IBM корпорациясының пластикалық карточкаларды пайдалана отырып есеп аайырысу жүйесін жасау жұмысы аяқталды. Қазақстанда жұмыс жасап жатқан пластикалық карточкаларды айырбастау жұмыстары жүргізілуде, ол да өз кезегінде бұл жүйенің жұмысының тиімділігін арттырып, сондай-ақ халықаралық төлем жүйелерімен байланысуға мүмкіндік жасайды.

Несиелік карточкаларды пайдалану ақша айналысы шығындарын үнемдей отырып, ақша айналымының жылдамдығын ұлғайтады. Бірақ бұл «ақшасыз шаруашылықты» жүргізудің мүмкіндігін білдірмейді.

Кейнсиандық тұжырымдамаға сәйкес нақты пайыздық мөлшерлемесінің деңгейін төмендетумен (инфляция пайызы шегерілген пайыздық мөлшерлеме) монетарлық саясатты ынталандыру ақша ұсынысын көбейтеді және инвестициялық сұранысты арттыруға жетелейді.

Осыған байланысты ЖҰО мультипликациялық тиімділігі артады. Өндірістің құлдырауы тоқтап, жұмыссыздық азаяды, халықтың кірісінің артуы үшін жағдайлар жасалады.

Ақша ұсынысы артқанда, олардың қысқа мерзімді артықшылығы пайда болады. Халық артқан ақша запастарын тауар сатып алуға немесе банктерге салымдарда жинақтайды.

Ақша сұранысы артып, тиісінше мөлшері де артады. Егер ақша ұсынысын азайтса, онда пайыздық мөлшерлеменің өсуімен тепе-теңдік белгіленеді.

Монетаризм нарықтық экономика - өзін-өзі реттеуге қабілетті іштей тұрақты жүйе деген сенімге негізделген. Ол инвестициялар мен ЖҰӨ арасындағы емес, айналымдағы ақша жиыны мен нарықтық ЖҰӨ арасындағы тығыз байланысқа негізделеді. Осы бағыттың бас теоретигі М. Фридмен мемлекет айналымдағы ақша жиынының негізделген тұрақты өсуін қолдауға негізделген «ұзақ мерзімді тепе-теңдік монетарлық саясаттың ақша тәртібін» алдыға тартады. М. Фридменнің теңдеуі бойынша осындай өсу шамасы:

мұнда:

- ақша өсімінің жылдық қарқыны, ұзақ мерзімді пайызы;

- болжалды инфляцияның орташа жылдық қарқыны, ұзақ мерзімді пайызы;

- ЖҰӨ өсімінің орташа жылдық қарқыны, ұзақ мерзімді пайызы;

Қазіргі заманғы сандық теория классикалық канондарды жетілдірді. Теориялық ақша үлгілері синтетикалық нысанды иеленді, оларға екі теорияға тән мемлекеттік ақша-несие саясатындағы элементтері де Үкіметтің айналымдағы ақша мөлшеріне әсер ететін саясаты Республиканың ақша-несие саясатындағы монетарлық тұжырымдама ережелері өтпелі кезеңнің экономикасының ерекшеліктеріне орай ішінара іске асырылған болатын (мысалы, ақша жиыны төмендегенде төленбеген ақшаның өсуі) . Іс жүзінде қиын проблемаларды шешу үшін ымыралы шешім іздестіру, қарама-қайшы үрдістерді байланыстыру, есті тиімді шараларды пайдалану қажеттелігі туындады.

Дамыған елдерде банк қадағалауы қаржы дағдарыстарына, экономикалық оқиғалар мен саясаттағы құбылыстарға жауап ретінде дамыды. Екі деңгейлі банк жүйесі болған кезде орталық банк ақша мультипликаторларының тетігін немесе екінші деңгейдегі банктер жүргізетін ақша аударымдарының эмиссиясын (қайталама эмиссия) қадағалауды жүзеге асырады. Әкімшілік-әміршілдік экономика жағдайында ақша рөлі өнім шығарудың әртүрлі шығындар жиынтығына (материалдар, амортизация, еңбекақы және т. б. ) бағынышты болады. Ақшаның басымды есептік және бақылау рөлі (қысымға түскен инфляцияны» жасыруға, тұтынушылық тауарлар тапшылығында әркелкі бағалар белгілеуге және ресурстарды өтімсіз тауарларға шашырауға ықпал етті. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңсіздік ара қатынасында нұсқаумен белгіленген бағалар негізсіз тұрақты болып қалды.

Ақша айналымының жылдамдығы төмендеді, жинақтаулардың нақты сектордан алып-сатарлық сипаттағы қаржы операцияларына өту процесі жеделдетілді.

Дүниежүзінің 83 елінде инфляция мен айналымдағы ақша мөлшерінің байланысын зерделеу айналымдағы ақша мөлшері мен инфляция жылдамдығының арасындағы жоғары деңгейдегі тәуелділікті айқындады.

Дүниежүзілік экономикалық тәжірибеде ақша-несие саясатын реттейтін әртүрлі құралдар пайдаланады:

  • Ашық нарықтағы яғни, құнды қғаздар нарығында операциялар;
  • Есептеу мөлшерлемесі саясаты, яғни, екінші деңгейлі банктердің орталық банктен қарыздары бойынша пайыздарын реттеу;
  • Міндетті резервтер нормативінің өзгеруі.

Ақша-несие саясатының басқарушы құралдары: қайта қаржыландырудың пайыздық мөлшерлемесі, қысқамерзімді ақша эмиссиясын бақылау кезінде Ұлттық банктің монетарлық процесі тетігінің негізін құрайды.

Орталық банк осындай құралдардың жәрдемімен тікелей және Қаржы министрлігімен келісім бойынша осы кезеңдегі монетарлық саясатқа сәйкес пайыздық жағдайларды, ақша нарығындағы ұсыныс мөлшерін қалыптастырады.

Осы үшін ол қайта қаржыландыру мен ашық нарықтағы операцияларда өзінің пайыздық мөлшерлемелерін өзгертеді, ақша нарығында басқыншылық сәті туралы шешім қабылдайды. Экономиканы қаржы сілкіністеріне неғұрлым шыдамды етуге тырысу, оның икемділігін және нарықтық қатынастарға оның бейімделуін арттыру банк жүйесін дамытудың негізгі мақсаттарының бірі болып табылады. Экономикалық саясат теориясына сәйкес, өтпелі экономика кезеңінде монетарлық саясат ақшаның тауарлық бағасына әсер ететін ақша, несие және валюта саясатының өлшем жүйесінің тепе-теңдік сипатын білдіреді. Ақша-несие және бағам саясаты қол жетіскен құралдар тізбесінде көрсетілген барлық шешімдер ақшаның тауарлық бағасына әсер етеді. Ақшаның тұрақтылығын реттеу нарық жағдайларына макроэкономикалық құралы, екі каналды ақша эмиссиясы (ақша жиыны) мен ақша айналымының жылдамдығы арқылы ақшалай қаржылардың айналым саласын бақылауды күшейту құралы болып табылуда.

Іс жүзінде ақша және несие саясатының қарама-қайшылығы, ақшаның тұрақтылығын және экономиканы дамуын реттеуді теңгеруге тиіс.

Ақша-несие саясаты мемлекеттік жалпы экономикалық саясат бөлігін, оның элементтерінің (өнеркәсіптік, құрылымдық, сыртқы сауда, қазынашылық және басқа да саясат түрлерімен қатар) бірін білдіреді және үкіметтің басымдықтармен және мақсаттармен тікелей белгіленеді. Әдетте, экономикалық өсу тұрақтылығы, жұмыссыздықтың төмен деңгейі, бағалардың тұрақтылығы, тұрақты төлем балансы осындай түпкілікті мақсат болып табылады.

Әртүрлі ақша түрлері ретінде белгілі ақша агрегаттары М 0 , М 1 , М 2 және т. . б. түсініледі. Олардың мазмұнын егжей-тегжейлі қарайық:

М 0 - айналымдағы банкноттар (орталық банк шектерінен тыс) және орталық банктегі екінші деңгейлі банктердің шоттарындағы қаржылар. Бұл ақша базасы немесе орталық банктің ақшалары.

М 1 - халықтық қолындағы кез-келген ақша белгілерінің мөлшері мен кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың кассаларындағы қаржылар.

М 2 - М 1 - барлық құрамдастары және араласқан пайдалану режимді заңды және жеке тұлғалардың депозиттері, халықтың, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың жедел салымдары, банк жинақтау сертификаттары, еркін айналымдағы займдардың облигациялары, банк резервтері.

М 4 - М 1 - басқа халыққа, банктерге, кәсіпорындар мен ұйымдарға тиесілі шетел валютасындағы қаржылар.

М 1 және М 2 - ақша жиынының бірдей көрсеткіштері болып саналады. М 4 соңғы көрсеткіші жеке де, сондай-ақұ өндірістік тұтынудағы тауарлар мен қызметтерге барынша жоғары төлемге қабілетті жиынтық сұранысын сипаттайды.

Осы ақша агрегаттарының, біз көріп отырғандай, өтемпаздықтарының әртүрлігімен, яғни, олардың қолма-қол ақшаға жеңіл айналып кетуімен ерекшеленеді. Тиісінше, ақша қажеттілігі туралы айтқан кезде қазіргі заманғы жағдайларда, олардың жалпы мөлшерін ғана емес, әртүрлі ақша түрлерінің арасындағы ара қатынасты және трансакциондық іс-қимылдарда оның мұқтаждығына сәйкес олардың осы жерде болуы ескеріледі. Сондықтан орталық банктің жоғарыда атап өтілген бас функциясы - айналымын реттеу жалпы мөлшерді ғана емес, сонлай-ақ ақша түрлері арасындағы ара-қатынасы қадағалауды көздейді. Іс жүзінде кез-келген қазіргі заманғы мемлекет үшін ақша эмиссиясын және ақша айналымын реттеу елдегі жиынтық ақша жиынының бірнеше аса маңызды көрсеткіштерінің жобаланған және нақтылы мөлшерін талдау, бақылау, салыстыру қажеттілігін білдіреді.

Осы ақша-несие құралдарына қысқаша сипаттама берейік:

Ресми есеп мөлшерлемесі - орталық банктің мөлшерлемесі, ол бойынша банк вексельдерді санайды немесе соңғы сатыдағы несиелер ретінде екінші деңгейлі банктер мен несие мекемелеріне несие береді. Орталық банк ресми есеп мөлшерлемесін жоғарылатып немесе төмендетіп, екінші деңгейлі банктердің мүмкіндіктеріне несие алу үшін олардың клиенттеріне ықпал етеді, бұл өз кезегінде экономикалық өсуге, ақша жиынының артуына, нарық пайызының жоарылуына әсер етеді. Орталық банктің ресми есеп мөлшерлеменің өзгеруі нарықтық пайыздың тиісті өзгерістерін туындата отырып, төлем балансы мен валюта бағамының жай-күйінде білінеді. Мөлшерлеменің артуы елге қысқа мерзімді шетел капиталының тартылуына ықпал етеді, осының нәтижесінде төлем балансы жанданады, тиісінше, шетелдік валютаның бағамы төмендеп, ал ұлттық валютаның бағамы көтеріледі. Мөлшерлеменің төмендеуі кері нәтижелерге әкеліп соқтырады.

Ашық нарықтағы құнды қағаздармен жүргізілетін операциялар - орталық банктің қысқа мерзімді операцияларды қоса алғанда, кейін кері мәміле жасай отырып, коммерциялық және қазынашылық вексельдерді, мемлекеттік облигациялар мен өзге де құнды қағаздарды сатып алу-сату жөніндегі операцияларды. Орталық банктің мұндай іс-қимылдары екінші деңгейлі банктердің қызметіне олардың қолда бар ресурстар мөлшері арқылы әсер етеді. Егер орталық банк ашық нарықта құнды қағаздарды сатса, ал екінші деңгейлі банктер оларды сатып алады, онда соңғылардың ресурстары мен тиісінше олардың клиенттерге несие беру мүмкіндіктері сарқылады. Бұл айналымдағы ақша жиынының қысқаруына және несие пайызының артуына әкеліп соқтырады. Орталық банк ашық нарықта екінші деңгейлі банктерден құнды қағаздар сатып ала отырып, оларға қосымша ресурстар ұсынады. Несие беру жөніндегі олардың мүмкіндіктерін кеңейтеді. Ашық нарықтағы операциялар банк ресурстарын, пайыздық мөлшерлемелердің және мемлекеттік құнды қағаздарды реттеуге және соңғы есепте ақша нарықтағы сұраныс пен ұсыныстарды реттеуге ықпал етеді.

Міндетті резервтер - банктер мен несие мекемелерінде орталық банктің талабы бойынша, әдетте, пайызсыз шотта ашылған несие ресурстарының бөлігі. Екініші деңгейлі банктерге олар өздерінде сақтайтын міндетті резервтер нормасын арттыра немесе төмендете отырып, орталық банк банктер мен несие мекемелерінің несиелеу мен депозиттік эмиссияны жүзеге асыру мүмкіндіктерін шектейді немесе кеңейтедіұ.

Міндетті резерв нормасының өзгеруі екінші деңгейлі банктердің несие ресурстарына, олардың несие беру мүмкіндіктеріне елеулі әсер етеді. Норманы арттыру екінші деңгейлі банктердің несие беруге арналған өздерінің ресурстарының бөлігімен пайдалана алмауын білдіреді. Нәтижесінде банк несиесі мен айналымдағы ақша жиыны да қысқарады, банк несиелері бойынша пайыздар өседі. Банк резервтері нормаларының төмендеуі банк несиелері мен ақша жиынының өсуіне және нарықтық пайыздың төмендеуіне жетелейді.

Міндетті резервтер едәуір шамада әкімшілік тұтқаны білдіреді. Бірқатар елдерде олар толықтай жойылған немесе олардың мөлшері елеулі түрде төмендетілген. Кей бір елдерде қызмет бабын теріс пайдалануға жол бермеу үшін осындай резервтердің ең жоғарғы мөлшерде заңнамада белгіленеді.

Осы негізгі құралдардан басқа дүниежүзілік банк тәжірибесінде орталық банктердің ақша-несие саясатының басқа құралдары кең танымал, жақсы пысықталып және кеңінен пайдаланылады. Оларды қайсыбір елдің нарықтық немесе өтпелі экономикалық нақты жағдайында өтімдірек пайдалану туралы сөз қозғалады. Оларды қысқаша сипаттап өтейік.

Капиталдар нарығын бақылау - акциялар мен облигациялар шығару тәртібі, сырттан қарыз алу шектерін белгілеу және т. б.

Нарықтарға қол жеткізу - жаңа банктер мен несие мекемелерін, оның ішінде шетелдіктерді ашуды реттеу.

Валюта басқыншылығы - ақша бірлігіне сұраныс пен ұсыныс мөлшеріне ықпал ету үшін едәуір мөлшердегі валюта сатып алу-сату.

Шектеу (таргеттеу) - ақша жиыны көрсеткіштерінің өсуінің мақсатты болжалын белгілеу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша несие саясаты мақсаттары мен құралдары
Экспанциондық ақша - несие саясаты
Мемлекеттің ақша-несие саясаты туралы ақпарат
Ақша-несиелік реттеу саясаты
Қазақстан Республикасыдағы ақша.несие саясатын жүргізу ерекшеліктері
Ақша базасы - Ұлттық банк шығаратын ақша
Ақша-несие саясаты туралы ақпарат
Ақша - несие саясатын жүзеге асырудың құралдары
Қазақстан Республикасындағы ақша.несие саясатын жүргізудің негізгі құралдары
Ақша саясаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz