Оңтүстік Қазақстан облысындағы бұқаралық ақпарат құралдары туралы жалпы мәліметтер



1 Ақапараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімінің негізгі міндеттері мен фунуциялары
2 Мемлекеттік ақпараттық саясат
3 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту
1. Бөлімнің негізгі міндеттері:
1) облыс әкімі қызметінің негізгі бағыттарын жүзеге асыруда ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету;
бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысын үйлестіру;
құрылтайшысы немесе құрылтайшысының бірі облыс әкімі болатын бұқаралық ақпарат құралдарының жұмыстарына басшылық жасау;

4) облыс көлеміндегі бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру.
Бөлімнің негізгі функциялары:
аймақтағы мемлекеттік органдарының мақсаттары мен міндеттерін ескере отырып, медиа - жоспарларды әзірлеп, іске асырады;
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы ақпараттық саясат жөніндегі қоғамдық кеңестің жұмысына қатысады;
бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнаманы орындау бойынша мониторингті жүргізеді, заңнаманың орындалуын бақылайды;
бұқаралық ақпарат құралдарын ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде есепке қою жөніндегі кеңестер береді;
бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясаттың жүргізілуін ұйымдастырады;
мемлекеттік органдардың бұқаралық ақпарат құралдарымен қарым-қатынасын ұйымдастырады, бұқаралық ақпарат құралдары қатысуымен іс – шараларды дайындап өткізеді, кәсіпқой журналистер ұйымдарымен қарым-қатынасын қамтамасыз етеді;
аймақтың өзекті проблемалары мен оларды шешу жөніндегі биліктің қызметіне ақпараттық қолдауды ұйымдастырады;
жоғары органдарға жіберілетін баспа және электрондық бұқаралық ақпарат құралдарының материалдарына шолулар, талдау-сараптамалық материалдар дайындайды;

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Оңтүстік Қазақстан облысындағы бұқаралық ақпарат құралдары туралы жалпы
мәліметтер және ақпараттық саясатты жүргізу бағытында 2008 жылы атқарылған
жұмыстар туралы
Ақапараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімінің негізгі міндеттері мен
фунуциялары
1. Бөлімнің негізгі міндеттері:
1) облыс әкімі қызметінің негізгі бағыттарын жүзеге асыруда ақпараттық
қолдауды қамтамасыз ету;
бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысын үйлестіру;
құрылтайшысы немесе құрылтайшысының бірі облыс әкімі болатын бұқаралық
ақпарат құралдарының жұмыстарына басшылық жасау;

4) облыс көлеміндегі бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық
саясатты іске асыру.
Бөлімнің негізгі функциялары:
аймақтағы мемлекеттік органдарының мақсаттары мен міндеттерін ескере
отырып, медиа - жоспарларды әзірлеп, іске асырады;
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы ақпараттық саясат жөніндегі
қоғамдық кеңестің жұмысына қатысады;
бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнаманы орындау бойынша мониторингті
жүргізеді, заңнаманың орындалуын бақылайды;
бұқаралық ақпарат құралдарын ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде есепке
қою жөніндегі кеңестер береді;
бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясаттың
жүргізілуін ұйымдастырады;
мемлекеттік органдардың бұқаралық ақпарат құралдарымен қарым-қатынасын
ұйымдастырады, бұқаралық ақпарат құралдары қатысуымен іс – шараларды
дайындап өткізеді, кәсіпқой журналистер ұйымдарымен қарым-қатынасын
қамтамасыз етеді;
аймақтың өзекті проблемалары мен оларды шешу жөніндегі биліктің қызметіне
ақпараттық қолдауды ұйымдастырады;
жоғары органдарға жіберілетін баспа және электрондық бұқаралық ақпарат
құралдарының материалдарына шолулар, талдау-сараптамалық материалдар
дайындайды;

1. Үстіміздегі жылғы мәліметтер бойынша, облысымызда
433 бұқаралық ақпарат құралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде
тіркелген.

ОҚО тіркелген БАҚ саны
Барлығы
Газет
Журнал
Телеарна
Радио

433
361
33
28
11

облыс
Аудан
қала
облыс
Аудан
қала
облыс
Аудан
қала
облыс
Аудан
қала

330
31
33
-
25
3
11
-

Тіркелген БАҚ тақырыптық бағыттары
Қоғамдық-саяси
Ақпараттық-танымдық
Ғылыми
Ойын-сауықтық
Жарнамалық

214
94
8
65
52

Олардың 90 пайызы – жекеменшік болып табылады. Тіркелген БАҚ ішінде 60
пайызы тұрақты жұмыс істейді. Бұқаралық ақпарат құралдарының саны бойынша
облысымыз Алматы қаласынан кейін екінші орынды алады.
Департаменттің бұл саладағы жұмыстың негізгі бағыттары: мемлекеттік
тапсырысты орналастыру, оның орындалыуына мониторинг жүргізу, БАҚ
саласындағы заңдылықты бақылау және БАҚ редакцияларына мемлекеттік
ақпараттық саясаттың шеңберінде ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.
2007 жылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру үшін облыстық
бюджеттен 216 млн. 784 мың теңге қаржы бөлінді. Мемлекеттік тапсырысты
орындауға облыстық газет, телеарналармен қатар республикалық Хабар
агенттігі, Астана телеарнасы, 31 канал телеарнасы, Егемен Қазақстан,
Казахстанская правда, Түркістан, Жас алаш т.б. тартылған. Сонымен
қатар, жергілікті жекеменшік Айғақ, Замана, Барыс газеттері, Отырар
телеарнасы, Юмакс радиосы және тағы басқа БАҚ мемлекеттік тапсырысты
орындады.
Бұл сома 2006 жылмен салыстырғанда, 4 есе көбейген. Дегенмен, қаржыландыру
көлемі бойынша тұрғындар мен БАҚ санын ескерсек, республика бойынша
облысымыз төменгі орындарының бірін алып отыр.
Ал 2008 жылға мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге 220 млн 955 мың
теңге бөлініп, 43 лот бойынша жеңімпаздар анықталды.

Мемлекеттік ақпараттық саясат медиа-жоспарлау арқылы жүзеге асырылады. Бұл
жұмыстармен облысымызда жұмыс жасайтын 4 телеарна, 17 басылым
айналысуда. Баспасөз басылымдардың жалпы таралымы – 120 мың данадан асады.
Жыл басынан бірқатар ақпараттық себептерге байланысты медиа-жоспарлар
түзіліп, БАҚ беттері мен эфирінде материалдар циклі ұйымдастырылды. Оның
ішінде:
ҚР Қауіпсіздігі Кеңесінде Елбасы берген тапсырмаларды орындауға ақпараттық
қолдау ұйымдастырылды ;
облыс орталығындағы құрылысты заң нормаларына сай реттестіру, саябақтарды
мемлекет меншігіне қайтарып алу;
Су тасқыны салдарынан орын алған төтенше жағдайдың салдарын жою барысы
туралы ;
Көксарай су реттегішін салу мәселесі;
облыстың даму барысына бірқатар өзгерістерді енгізу (энергокешенді
реформалау, жолдар, су және жылумен қамтамасыз ету, қала тазалығы);
мақта кластерін дамыту, облысымыздағы көшбасшы жобаларды түсіндіру және
т.б.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республиксы
Үкіметінің, Парламенттің, облыс әкімінің, жергілікті атқарушы және өкілетті
органдардың қызметтеріне контент-сараптама жасалып отырды.
Елбасының Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан Жолдауына ақпараттық қолдау
көрсету бойынша облыстық департамент, басқарма басшылары мен қала, аудан
әкімдерінің БАҚ-та сөз сөйлеу, брифингтер мен баспасөз-конференцияларын
өткізілуі ұйымдастырылды. Жолдауды жүзеге асыру бойынша жалпыұлттық
жоспарды орындау мақсатында апталық мониторингі жасалынып, аралық
қорытындысымен, қазіргі таңда облыста шығатын БАҚ беттері мен эфирінде 600-
ден астам материал жарияланды.
Сонымен қатар, республика және облыс деңгейінде өтетін акциялар мен
қоғамдық маңызды іс-шаралар туралы тұрғындарды ақпараттандыру
ұйымдастырылуда.
Мемлекеттің жүргізіп жатқан жұмысын түсіндіру және насихаттау үшін жұмыстың
басқа да әдістері қолданылуда. Әлеуметтік бейне- және дыбыс роликтер
жасалынып, жергілікті телеарна эфиріне шығарылады. Жыл басынан нашақорлыққа
қарсы, жасөсмірімдер арасындағы құқықбұзушылыққа, Алимент және әлеумет
тақырыбына, су тасқынынан зардап шеккен аудандарға көмекке шақыру, қаладағы
көше мәдениеті, тазалық сақтау бағытында т.б, сонымен қатар, облыстың
әлеуметтік-экономикалық дамуы, Жолдауды жүзеге асыру бойынша бірқатар 10-
нан астам роликтер көрсетілді.
Облыс аумағында жұмыс жасайтын 50-ден астам республикалық және шетелдік БАҚ
меншікті тілшілерімен, журналистік кәсіби ұйымдары жетекшілерімен, меншік
түріне қарамастан жетекші БАҚ басшыларымен тепе-тең серіктестік негізіндегі
тиімді диалог қалыптасқан. Аталмыш құрылымдар өкілдерімен бірлесе отырып,
іс-шаралар (журналистік спартакиадалар, түрлі кәсіби байқаулар, мерекелік
және басқа да іс-шаралар) өткізіліп тұрады.
2008 жылы ОҚО ішкі саясат департаментінің үйлестіруімен Оңтүстік Қазақстан
облысының Редакторлар клубы құрылып, клубтың Ережесі, оның құрамы клуб
мүшелерінің жалпы отырысында бекітілді. Бұл қоғамдық негіздегі бейресми
құрылымның негізгі мақсаты ақпараттық кеңестікке қатысты өзекті мәселелерді
ортаға салып талқылау, мәселелерді шешу жолдарын қарастыру, еліміздің,
облыстың қоғамдық-саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және шығармашылық
өміріне байланысты мәселелер бойынша түрлі шараларды өткізу, елдегі,
облыстағы аса маңызды қоғамдық-саяси жаңалықтардың ресми түрде ғана
таралуына, жаңсақ, тексерілмеген мәліметтердің таралмауы бағытында
жергілікті билік органдарымен бірлесе жұмыс атқаруды үйлестіру т.б. болып
табылады.
Жалпы бүгінгі таңда 28 облыстық БАҚ-ның басшылары мен республикалық БАҚ-
ының меншікті тілшілерінің басын біріктірген бұл клуб жоспарлы түрде жұмыс
атқарып келеді. 2008 жылғы 6 наурызда Облыстық ішкі саясат департаментінің
үйлестіруімен редакторлар клубының бірінші отырысы өткізіліп, күн
тәртібінде республикалық және облыстық БАҚ-тарда қоғамдық-саяси ахуалға
кері әсерін тигізетін материалдар жарияламау және ортақ проблемаларды шешу
бойынша ұсыныстарды талқылау мәселесі қаралды.
2008 жылғы 16-21 маусым аралығында Баспасөз қызметкерлері арасында спорттың
8 түрінен облыстық спартакиада өткізіліп, жеңімпаздар марапатталды. 27
маусымда облыс әкімі, баспасөз қызметкерлері, ардагерлердің қатысуымен 400
адамға арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылып, 11 номнация бойынша
жеңімпаздарға сыйлықтар тапсырылды. Сонымен қатар, 27 маусымда облыс
әкімінің 15 дүниеден өткен журналистердің жұбайларын қабылдап, сыйлықтар
табыстауы және 28 маусымда облыс әкімінің денсаулығы нашар 3 ардагердің
үйіне барып құттықтау іс-шарасы ұйымдастырылды.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2008 жылдарға арналған
Ақпараттық стратегиясын жүзеге асыру бойынша іс – қимылдар жоспарына
сәйкес 2008 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында атқарылған жұмыстар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 3 қарашадағы №1037
қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 - 2008
жылдарға арналған Ақпараттық стратегиясын жүзеге асыру бойынша іс -
қимылдар жоспарын орындау мақсатында 2008 жылдың І тоқсанында Оңтүстік
Қазақстан облысында біршама жұмыстар атқарылды.
Жоспардың талаптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 -
2008 жылдарға арналған ақпараттық стратегиясын жүзеге асыру бойынша іс -
қимылдар жоспарын іске асыру мақсатында арнайы медиа – жоспар бекітіліп,
облыс аумағындағы барлық БАҚ-дарына таратылып берілді. Осы жоспар аясында
Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламаларына сәйкес іске асырылып
жатқан әлеуметтік- экономикалық оң өзгерістер мен процестерді түсіндіру
бойынша облыстық БАҚ-ы арқылы тұрғындарға жүйелі түсіндіру жұмыстары
жүргізілуде.
2008 жылы Үкіметтің қызметіне байланысты 274 материал жарық көрді. Олардың
264-і жағымды, 4-еуі жағымсыз, 6-уы бейтарап бағытта жарияланған.
Нақтылап айтар болсақ, үстіміздегі жылда Үкімет үйінде Қызылорда, Оңтүстік
Қазақстан облыстарында қолайсыз метеорологиялық құбылыстың мүмкін боларлық
зардабын және Шардара су қоймасында су деңгейінің көтерілуінің алдын алу
жөнінде кеңес өткізілгендігі туралы баспа бұқаралық ақпарат құралдарында
кеңінен жарияланды.
Үкімет басшысы К.Мәсімовтың табиғат апатына байланысты Оңтүстік өңіріне
жасаған сапары, зардап шеккен елді мекендердің жағдайымен танысып, оларға
мемлекет тарапынан қаржы бөлініп, көмек көрсетілетіндігі жөнінде және қаржы
министрлігіне қарасты кедендік бақылау комитетіне заңсыз экспортқа кетіп
жатқан астық пен ұнды қатаң қадағалау мен халықаралық сауда айналымындағы
астық бағасы жөніндегі пікірі жарық көрді.
Сонымен қатар, Үкіметтің ақпараттық стратегия бойынша іс-қимылдар жоспарына
сәйкес материалдар жарияланып, Қазақстанның транспорттық- транзиттік
мүмкіншіліктері, шағын және орта бизнесті дамыту, бизнестің әлеуметтік
жауапкершілігін көтеру т.б мәселелер назардан тыс қалған жоқ.
Сол сияқты, ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғаныстың министрі
Б. Сапарбаевтың Оңтүстік Қазақстан облысына жасаған сапарында
тұрғындармен кездесіп, олардың зейнетақы мен жәрдемақыға байланысты
сұрақтарына нақты жауаптар бергендігі және су тасқынынан зардап шеккен
ауылдардағы жағдаймен танысып, зардап шеккендерге тиісінше көмек
көрсетілетіндігі туралы мақалалар мен сюжеттер жарық көрді.
Қазақстан Республикасының ауылшаруашылығы министрі А.Есімовтің Оңтүстік
Қазақстан облысындағы Азия-Трейд ЖШС-індегі жылыжайлармен танысып, 2010
жылы Оңтүстік Қазақстан облысындағы жоғарғы өнімді жылыжайларының аумағы
үш есеге өсетіндігі туралы аймақтық семинар-кеңестегі мәлімдемесі
жарияланған.
Сонымен бірге, облыстық БАҚ-тарда ҚР Білім және ғылым министрі
Ж.Түймебаевтың Елбасы Жолдауын насихаттау бойынша облысымыздың Шымкент
қаласы мен Сарыағаш ауданына іс-сапары туралы материалдар берілген.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы экономикалық процестерді
түсіндіру бойынша мемлекеттік органдар басшыларының жергілікті бұқаралық
ақпарат құралдарында сөз сөйлеу кестесі жасалып, орындалуы үйлестіріліп
келеді. Мәселен, Оңтүстік Қазақстан газетінде бағаны тұрақтандыру
бағытындағы жұмыстарға экономика салаларындағы мүмкіндіктер жөнінде
облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры
А.Бекетованың Муниципальді базар және оның мүмкіндіктері атты мақаласы
жарық көрсе, Сайрам ақшамы телеарнасында арнайы сұхбаты өтті. Сонымен
қатар, Оңтүстік Қазақстан газетінде Өндіріс орындарының жұмыс істеу
ырғағына қандай баға бересіз? атты тақырыпта Химфарм АҚ бас директорының
өндіріс мәселелері жөніндегі кеңесшісі Ш.Байғариннің және Шардара ГРЭС-інің
бұрынғы директоры, зейнеткер Ы.Саховтың сұхбаттары жарияланды.
Еліміздің әлеуметтік және экономикалық дамуы қазіргі таңдағы негізгі
тақырыптардың бірі болып табылады және бұл салаға байланысты облыстың
жетекші бұқаралық ақпарат құралдарында 168 материал жарық көрді.
Жарияланған материалдардың ауқымды бөлігін Елбасы Жолдауын, Қазақстан
Республиасы Үкіметінің бағдарламаларын орындау, облыстағы жылу, электр
энергетикасы, газ тапшылығынан арылу бағытындағы, тұрғын үй салу,
көріктендіру, жол жөндеу, білім беру, денсаулық сақтау т.б мәселелер
құрайды.
Осыған сәйкес электр энергетикасы саласын заман талабына сай етіп
жабдықтау, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру саласына қатысты облыс
басшыларының атқарған қызметтері облыстық БАҚ-да үнемі назарға алынып
отырды.
Сонымен қатар, республика және облыс деңгейінде өтетін акциялар мен
қоғамдық маңызды іс-шаралар туралы тұрғындарды ақпараттандыру
ұйымдастырылуда.
Жергілікті атқарушы биліктің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы
қызметінің қазіргі бағыт-бағдары облыс аумағында ақпараттық кеңістікті
кемелдендіруге, мемлекет және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері
арасындағы қарым-қатынасын әріптестік, тең дәреже жағдайында жұмыс
жүргізуге бағытталған. Осы бағыттағы мемлекеттік органдардың ақпараттық
жүйесін қалыптастырып нығайтудағы қолға алынған бірқатар бастамалар қазіргі
таңда жүйелі жұмыс атқаруда. Облыстағы барлық департаменттер мен
басқармаларға енгізілген баспасөз қызметі өздерінің жұмысы туралы баспасөз
мәслихаттарын өткізіп тұрады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту,
республиканың транзиттік тасымалдау әлеуетін арттыру, баға, тарифтік саясат
бағытында атқарылып жатқан жұмыстарына және Ақпараттық стартегияны іске
асырудың 2007-2008 жылдарға арналған жоспарына Оңтүстік Қазақстан
облысында ақпараттық қолдау көрсету медиа-жоспарты құрылып, мерзімдік
баспа және электронда БАҚ жарық көрген материалдар бойынша әр аптаның
бейсенбі күндері дайжест ретінде мәлімет жолданылып отырады. Қазіргі таңда
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінен келіп түскен көмекші материалдар
бойынша мемлекетік тапсырысты орындайтын БАҚ-тарға бағдарлық материалдар
таратылып беріліп, үнемі жарыққа шығарып отыру қадағалануда.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 - 2008 жылдарға арналған
Ақпараттық стратегиясын жүзеге асыру бойынша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Қазақстан облысындағы мемлекеттік ақпараттық саясат: саяси-салыстырмалы талдау
Қазақстанның беделді ақпарат агенттіктері
Қазіргі қазақ аулының мәдени өмірі
Қазақстан бұқаралық ақпарат құралдарының маркетингі
Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘСКЕРИ ҚАҚТЫҒЫСТАРДЫҢ ҚОҒАМҒА ЫҚПАЛЫ
Электронды ақпараттар қорын қалыптастыру
Ұлы жібек жолының географиясы мен туристік мүмкіндіктері
Негізгі бағыттарда туризм инфрақұрылым дамыту
Оңтүстік Қазақстан облысының құрлымы
Пәндер