Оқушыларға рельефті композиция үйрету тәсілдері «жібек жолы» өлшемі 100х80, кескіндеме, кенеп, майлы бояу
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... .3
1 ОҚУШЫЛАРҒА РЕЛЬЕФТІ КОМПОЗИЦИЯ ҮЙРЕТУДІҢ ҒЫЛЫМИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Бейнелеу өнерінің өткені мен қазіргі жай.күйі.6
1.2 Оқушыларға көркемдік білім беру бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
1.3 Мектеп оқушыларына көркемдік білім беру заңдылықтарын оқыту ... ... ... 22
2 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕГІ ОҚУШЫЛАРҒА РЕЛЬЕФТІ КОМПОЗИЦИЯ ҮЙРЕТУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Бейнелеу өнерін оқыту мазмұны ... ... ... ... .31
2.2 Бейнелеу өнері сабақтарын оқыту әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...36
2.3 «Жібек жолы» атты шығармашылық жұмыстың композициялық құрылымы ... ... ...53
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ..56
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... 58
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... 60

Қазіргі таңда ұлттық өнерді жас ұрпақтың бойына дарытатын, үйрететін жастардың халықтық тәрбие негізінде білімін шыңдайтын, мектептерде жүргізілетін бейнелеу өнері пәні. «Бейнелеу өнері» білім беру саласы оқушыларды іс-әрекетке баулудың негізгі буыны болып табылады. Бұл пән оқушыларға көркемдік білімді жан-жақты саналы түрде игеруге мүмкіндік береді.
Ал мұндай білім жүйесі сол ұлттың төл болмысымен санасу арқылы жүзеге асады. Сол себепті қазіргі таңда жастарды халықтық тәрбиенің негізінде оқыту, ұлттық өнердің өркендеуіне жол ашу қажеттілігі туып отыр. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің басты міндетінің бірі ретінде көрініс тапқан. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының бұл заңында: «Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» керектігі белгіленген [1].
Қазақстанның XXI ғасырда өркениетті әлемнен орын алып, дамыған елдер деңгейіне жетуіне ықпал етер бірден-бір құдірет - білімді ұрпақ болмақ. Қазіргі кезде Қазақстан сияқты көп ұлтты мемлекет алдында, біріншіден, біртұтас білім кеңістігін қалыптастыру міндеті тұрса, екіншіден, ұлттың этнопедагогика мен этнопсихологиялық озық дәстүрлеріне сүйене отырып, жеткіншектер санасына туған халқын қадірлеуде ұлттық рухты сіңіру, сондай-ақ ұлттық салт-дәстүрін меңгеру, тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеу тарихи қажеттілік болып отыр [2].
Бейнелеу өнерінің оқытудағы педагогикалық ұстаным – жас ұрпақты өз елiнiң мәдениетi мен өнерiнен бастау алатын жалпыадамзаттық көркем мәдениетке қарай жетелеу. Ұлттық мәдениетiмiздi танып бiлуге, оны бағалауға Ш.Уәлиханов [3], Ы.Алтынсарин [4], А.Құнанбаев [5], А.Байтұрсынов [6], Ж.Аймауытов [7], М.Жұмабаев [8] т.б. пiкiрлерi тұжырымдамалық негiз болып табылады.
Бейнелеу өнері сабақтарының сапалы өтуі оқушылардың білім сапасын арттыруға әсер ететін фактор болып табылады. Оқыту үдерісі үшін оқыту бағдарламаларының және оқулықтардың, оқу құралдарының сапалы қамтамасыз етілуі, мектептің оқу-материалдық базасының жақсартылуы, мұғалімнің әдістемелік және кәсіби шеберлігі сабақтың нәтижелігін арттырады.
Оқушылардың жас кезінен сурет салуға үйрету сабақ үстінде белгілі бір мөлшердегі қажетті білім мен іскерліктерді үйретеді. Бейнелеу өнері сабағы тәрбиелік өрісі өте кең сабақтардың бірі, ол оқушының ой-қиялын байытып, шығармашылық қабілетін, рухани байлығын арттырады, оқушыларға бейнелеу өнері мен оның түрлері жайлы мағлұматтар беріп, жан дүниесін сезімдерге бөлейді

1 Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы //Егемен Қазақстан, 1999. - 7 маусым
2 Ұзақбаева С.А. Тамыры терең тәрбие. Жоғ. оқу орынд. арн. оқу құралы. –Алматы: Білім, 1995. -232 б.
3 Уалиханов Ш. Собр. Соч. В 5 – ти томах. Т.1.
4 Ы.Алтынсарин. Өнер – білім бар жұрттар: өлеңдер, әңгімелер, очерктер, хаттар мен естеліктер. Құраст. Мақпыров С. -Алматы: Жалын, 1991. -240 б.
5 Құнанбаев А. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. Т1: Өлеңдер мен аудармалар. –Алматы: Жазушы. -2005. -296 б.
6 Байтұрсынов А. Шығармалары: Өлеңдер, аудармалар, зерттеулер. /Құраст. Шәріпов Ә., Дәуітов С. – Алматы, Жазушы, 1989. – 117 б.
7 Аймауытов Ж. Тәрбиеге жетекші. –Қызылорда, 1924.-105б.
8 Жұмабаев М. Таңд. Шығарм. Алматы: «Жазушы», 1990. -295 б.
9 Ералин Қ. Қазақтың сәндік-қолданбалы өнері. –Түркістан, 2005.-92б.
10 Қамақов Ә. 4 - 6 сынып оқушыларына сәндік – қолданбалы өнер арқылы эстетикалық тәрбие беру. Алматы. 1982.
11 Әлмұхамбетов Б. Сурет салу және бояумен жұмыс істеу әдістері.– А., 1987
12 Асылханов Е. Қазақтың сәндік – қолданбалы өнерін республика орта мектептерінде оқып үйрену. Алматы. 1986.
13 Әмирғазин Қ. Қазақ қолөнері. - Алматы: ТОО «Дайк Пресс», 1996.
-226 б.
14 Кемешов Д. Керамика: учебно методическое пособие.- Шымкент: МКТУ, 1998. –С.76.
15 Тәңірбергенов М. Графика. Шымкент: 2004. -116б.
16 Бейсенбаев С. Арнайы пәндерді оқыту. Шымкент: 2010. -160 б.
17 Әуелбеков Е. Бейнелеу өнерінің теориясы мен әдістемесі (Оқу-әдістемелік құрал). Түркістан, «Тұран». 2010 ж.
18 Бүркітбаев Т. Бейнелеу өнері сабақтарында ойын тапсырмаларын пайдалану. Әдістемелік құрал. Шымкент, ШПИ, 1989 ж.
19 Жолдасова Б. Қазақтың сәндік-қолданбалы өнері: Оқу құралы. -Шымкент, «Нұрлы бейне». 2012. -68 б.
20 Айдарова З., Дирксен Л. Бейнелеу өнері: Оқу құралы. –Астана: Фолиант, 2010. -216 б.
21 Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005.
22 Оразқұлова Қ.С. Бейнелеу өнері тарихына кіріспе: Көркем-сурет факультеті студенттеріне арналған көмекші құрал. – Алматы. – Абай атындағы ҚазҰПУ, 2008. – 100 б.
23 Төлебиев А. Өнер өрісі. Алматы, «Өнер» 1996
24 Изобразительное искусства Казахской ССР- М: Аврора.1972
25 Әлемдік өнертану. Үш томдық. 2-т.: Бейнелеу өнері. –Алматы: Өлке, 2008. -304 б.
26 Ералин Қ. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі. Оқу әдістемелік құрал. Түркістан. «Тұран», 2011.-231б.
27 Сластенин В.А. Избранные труды /В.А. Сластенин. - М.: Магистр-пресс, 2000.
28 Полонский В.М. Словарь по образованию и педагогике /В.М. Полонский. – М.: Высшая школа, 2004.
29 Педагогический энциклопедический словарь /Гл. ред. Б.М.Бим-Бад. - М.: Большая Российская энциклопедия, - 2003.С349
30 Аккерман С.И. О принципах и правилах советской дидактики //Советская педагогика, 1950. - № 8.С94-98
31 Философский словарь /Под ред. И.Т. Фролова. – М.: Политиздат, 1991.
32 Бейсенбаева А. Пәнаралық байланыс негізінде оқу процесін ұйымдастыру. Алматы. Республикалық баспа кабинеті, 1995.
33 Жұмабаев М. Педагогика. Алматы. Ана тілі, 1992.
34 Кузин В. С. Изобразительное искусство и методика его преподавания в школе. Ангар, 1998.
35 Жалпы білім беретін мектептің 5-6 сыныптарына арналған «Бейнелеу өнері» оқу бағдарламасы .– Астана, 2010. – 17 б.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
Абдіхалық Хуршид Марипжанұлы
оқушыларға рельефті композиция үйрету тәсілдері жібек жолы өлшемі
100х80, кескіндеме, кенеп, майлы бояу
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В010700 - Бейнелеу өнері және сызу мамандығы
Түркістан 2015

Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК
УНИВЕРСИТЕТІ
Қорғауға жіберілді
Бейнелеу өнері кафедрасының
меңгерушісі п.ғ.к., доцент м.а.
_________________ Е.Әуелбеков
_____ ______________ 2015 ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: ОҚУШЫЛАРҒА РЕЛЬЕФТІ КОМПОЗИЦИЯ ҮЙРЕТУ ТӘСІЛДЕРІ. ЖІБЕК
ЖОЛЫ 100Х80. МАЙЛЫ БОЯУ
5В010700– Бейнелеу өнері және сызу мамандығы
Орындаған
СБС-015 тобы студенті
Абдіхалық Х.
Ғылыми жетекшісі
п.ғ.к., доцент м.а.
Жолдасова Б.
Түркістан 2015
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 ОҚУШЫЛАРҒА РЕЛЬЕФТІ КОМПОЗИЦИЯ ҮЙРЕТУДІҢ ҒЫЛЫМИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. Бейнелеу өнерінің өткені мен қазіргі жай-
күйі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
2. Оқушыларға көркемдік білім беру
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .15
1.3 Мектеп оқушыларына көркемдік білім беру заңдылықтарын
оқыту ... ... ... 22
2 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕГІ ОҚУШЫЛАРҒА РЕЛЬЕФТІ КОМПОЗИЦИЯ ҮЙРЕТУДІҢ
ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Бейнелеу өнерін оқыту
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1
2.2 Бейнелеу өнері сабақтарын оқыту
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..36
2.3 Жібек жолы атты шығармашылық жұмыстың композициялық
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 53
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..5 6
ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .58
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..60
КІРІСПЕ
Қазіргі таңда ұлттық өнерді жас ұрпақтың бойына дарытатын, үйрететін
жастардың халықтық тәрбие негізінде білімін шыңдайтын, мектептерде
жүргізілетін бейнелеу өнері пәні. Бейнелеу өнері білім беру саласы
оқушыларды іс-әрекетке баулудың негізгі буыны болып табылады. Бұл пән
оқушыларға көркемдік білімді жан-жақты саналы түрде игеруге мүмкіндік
береді.
Ал мұндай білім жүйесі сол ұлттың төл болмысымен санасу арқылы жүзеге
асады. Сол себепті қазіргі таңда жастарды халықтық тәрбиенің негізінде
оқыту, ұлттық өнердің өркендеуіне жол ашу қажеттілігі туып отыр. Бұл мәселе
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында білім беру жүйесінің басты
міндетінің бірі ретінде көрініс тапқан. Атап айтқанда, Қазақстан
Республикасының бұл заңында: Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар,
ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға,
дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар
жасау керектігі белгіленген [1].
Қазақстанның XXI ғасырда өркениетті әлемнен орын алып, дамыған елдер
деңгейіне жетуіне ықпал етер бірден-бір құдірет - білімді ұрпақ болмақ.
Қазіргі кезде Қазақстан сияқты көп ұлтты мемлекет алдында, біріншіден,
біртұтас білім кеңістігін қалыптастыру міндеті тұрса, екіншіден, ұлттың
этнопедагогика мен этнопсихологиялық озық дәстүрлеріне сүйене отырып,
жеткіншектер санасына туған халқын қадірлеуде ұлттық рухты сіңіру, сондай-
ақ ұлттық салт-дәстүрін меңгеру, тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін
қастерлеу тарихи қажеттілік болып отыр [2].
Бейнелеу өнерінің оқытудағы педагогикалық ұстаным – жас ұрпақты өз
елiнiң мәдениетi мен өнерiнен бастау алатын жалпыадамзаттық көркем
мәдениетке қарай жетелеу. Ұлттық мәдениетiмiздi танып бiлуге, оны бағалауға
Ш.Уәлиханов [3], Ы.Алтынсарин [4], А.Құнанбаев [5], А.Байтұрсынов [6],
Ж.Аймауытов [7], М.Жұмабаев [8] т.б. пiкiрлерi тұжырымдамалық негiз болып
табылады.
Бейнелеу өнері сабақтарының сапалы өтуі оқушылардың білім сапасын
арттыруға әсер ететін фактор болып табылады. Оқыту үдерісі үшін оқыту
бағдарламаларының және оқулықтардың, оқу құралдарының сапалы қамтамасыз
етілуі, мектептің оқу-материалдық базасының жақсартылуы, мұғалімнің
әдістемелік және кәсіби шеберлігі сабақтың нәтижелігін арттырады.
Оқушылардың жас кезінен сурет салуға үйрету сабақ үстінде белгілі бір
мөлшердегі қажетті білім мен іскерліктерді үйретеді. Бейнелеу өнері сабағы
тәрбиелік өрісі өте кең сабақтардың бірі, ол оқушының ой-қиялын байытып,
шығармашылық қабілетін, рухани байлығын арттырады, оқушыларға бейнелеу
өнері мен оның түрлері жайлы мағлұматтар беріп, жан дүниесін сезімдерге
бөлейді.
Бейнелеу өнерінде мектеп оқушылары қажетті білім, білік, дағдыларды
меңгерумен қатар, кейбір ерекше қасиеттерді қалыптастыруды тиіс, оларға ең
алдымен нақты өмір құбылыстарын бақылауда көре білу, қырағы көзге ие
болу, оларға белсене және қызыға жауап қату жатады. Бейнелеу өнері
шығармалары тек бейнелеп қана қоймайды, сонымен бірге олар белгілі бір
мазмұндық ойды, түрлі сезімді, дүниетанымды білдіреді. Бейнелеу өнерінде не
бейнеленгені ғана маңызды болып қоймайды, мұның қалай, қандай көркемдік
құралдармен бейнеленгені де маңызды мәнге ие.
Қазақстанда бейнелеу өнері пәнін оқыту мәселелерімен педагог –
ғалымдар Қ.Ералин [9], Ә.Қамақов [10], Б.Әлмухамбетов [11], Е.Асылханов
[12], Қ.Әміргазин [13], Кемешов Д. [14], М.Тәңірбергенов [15], С.Бейсенбаев
[16], Е.Әуелбеков [17], Т.Бүркітбаев [18], Б.Жолдасова [19] т.б.
айналысып, оқыту саласына қомақты үлес қосып келеді.
Бейнелеу өнерi сабақтарында оқушылар жан-жақты бiлiм, бiлiктiлiктi
меңгередi, көне мәдени тарих, сәулет өнерi, табиғат әсемдiгi мен
құбылыстары
мен әртүрлi халықтардың сәндiк қолданбалы өнерiнiң ұлттық ерекшелiктерге
толы өнерi жайлы мағлұматтар алады. Осылайша оқушылар өздерiнiң ата-
аналарымен бiрге бейнелеу өнерiнiң қызықты бiлiм мазмұнын бiрнеше жылдар
бойы жинақтайды, нәтижесiнде отбасы өмiрiнде де рухани мәдени атмосфера
орнайды. Мектеп оқушыларының рухани жан дүниесінің дамуына, шығармашылық
қабiлетiнiң артуына, көркемдiк-эстетикалық дамуының толық қалыптасуына
бейнелеу өнерiнiң қосар үлесi зор.
Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі саласындағы күрделі мәселелердің бірі-
бейнелеу өнерінің негізін құрайтын композиция заңдылықтарын оқыту және осы
заңдылықтар негізінде оқушылардың бейнелеу икемділіктері мен дағдыларын
қалыптастыру болып табылады. Бейнелеу өнеріндегі композиция заңдылықтарын
оқыту көркемдік білім берудің мазмұнын құрайды. Бірақ осы композиция
заңдылықтарының мазмұны әлі күнге дейін анықталмай, олар белгілі бір жүйеге
келтірілмей, әр қайсысының қысқаша мазмұндары әр түрлі әдебиеттердегі, әр
түрлі мәселелерге қатысты жерлерінде ғана қолданылумен шектелуде.
Мектеп түлектері нарық қатынастары жағдайында бәсекелестікке қабілетті
өздігінен және одан әрі білім алуына дайындықты қалыптастыратын сапалы
білім алулары керек. Ойымызды нақтылай келе, мектеп алындағы басты міндет –
оқушыларды халқымыздың ұлттық игіліктері мен адамзат мәдени мұралардың
сабақтастығын сақтай отырып көркемдік білім беру негізінде және бейнелеу
өнеріндегі композиция заңдылықтары туралы білімі мен іс-әрекет сапасын
арттыру мақсатында зерттеу жұмысымыздың тақырыбын: Оқушыларға рельефті
композиция үйрету тәсілдері деп алдық.
Зерттеу мақсаты: Жалпы білім беретін мектепте бейнелеу өнерін оқытуда
көркем білім берудің әдістерін сипаттау.
Зерттеу объектісі: жалпы білім беретін мектеп оқушыларына сурет салу
жолдарын оқыту үдерісі
Зерттеу пәні: Бейнелеу өнері пәнінде сурет салуға баулу
Зерттеу міндеттері:
- тақырыпқа байланысты арнайы, психологиялық, педагогикалық
әдебиеттерге талдаулар жасау;
- мектеп оқушыларына рельефті композиция салуды үйрету жолдарын
мазмұндау;
- мектепте бейнелеу өнерін оқытудың әдістері мен формаларын сипаттап,
сабақ үлгісін жасау;
- Жібек жолы атты шығармашылық жұмыстың композициялық
құрылымын сипаттау
Зерттеу әдістері: озық педагогикалық тәжірибелерді зерделеу және
талдау, салыстыру; тақырыпқа байланысты арнайы, психологиялық,
педагогикалық әдебиеттерге талдаулар жасау; шығармашылық іс-әрекеттерді
бақылау, сараптау т.б.
Диплом жұмысының құрылымы: Кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды,
әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.

1.1 Бейнелеу өнерінің өткені мен қазіргі жай-күйі
Өнердің көркемдік кейіпкерлеріне дүниетанымының қандай идеялары,
сезімдері мен принциптері жүзеге асырылатынын түсінуге бағытталған ұмтылыс,
әсіресе дәуірлер тоғысында, мәдениет кезеңдері алмасар сәттерде ерекше орын
алады. Өткен жүзжылдықта түрлі инновациялармен қатар дербес мәдени феномен
ретінде кәсіби көркемөнерінің ұлттық мектебі қалыптасты және өмірден өз
орнын тапты.
Әр тарихи дәуір ғажайып көріністерін сақтаған қазақ халқының
көркемөнерлік ғұламасы ХХ ғасырда әр қырынан көрінудің жаңа мүмкіндіктеріне
ие болды. 20-30 жылдары Қазақстандағы кәсіби бейнелеу өнерінің дамуының
негізгі терігі, республика үшін жаңа. Еуропадан келген ақсүйектік станоктық
мүсін өнері мен майлы боямен кенепке сурет салудың техникасы, технологиясы,
әдістері болды. Көрекемөнер мектебінің аяқтан тұруының негізгі парадоксы
өнердің сырттан келген түрлерінің дербес үлттық мәдениеттің рухани ұясында
біртіндеп қайта оралуы, толығу дәрежесінде 90 жылдары жеткен сана сезімнің
ұлттық типіне пара-пара көркемөнер тілін құру болды [20].
Мәдениетіміздің, бір қырынан алғанды таныс, ал сонымен қатар үнемі
болжалуы мүмкін емес жағдайы – күрделі араласулар мен өзара әсерлердің,
бастан кешірген қиысулар мен түйісулердің, сонымен қатар көркемөнер мен
мүсін өнері түрінде көрініс беретін ұлттық сезіміміздің нәтижесі. Мүмкін
соның нәтижесі болар, 90-шы жылдардағы қазақ өнерінің жалпы ауқымын көру
үшін, сонымен қатар, сол өнердің көркемсуреттік процестерге әсерін
А.Қастеев пен А.Исмаиловтардың шығармашылығындағы алғашқы қадамдармен бірге
келіп, ары қарай Х.Наурызбаев, М.Кенбаев, С.Мәмбеев, К.Телжанов,
Г.Исмайлова, С.Айтбаев, Т.Тоғысбаев және басқа да көптеген суретшілердің
өнерінде жалғаса отырып, қазақ сурет өнеріне енген рухани басымдықтар
стилдік көріністердің аса бай қырларының ішінде бола отырып – ақ сирек
кездесетін тұрақтылыққа ие болды.
Адам мен оны қоршаған орта арасындағы нәзік және рухани
үйлесімділікті, қазақ ұлтының табиғат – анамен, соның нәтижесінде әлеммен
біртұтастығын, туыстығын көрсетуге бағытталған, ұмтылысын, адамның рухани
және ішкі дүниесін білуге деген қызығушылығын, мәңгіліктің бір буыны – қас
қағым сәттің әдемілігіне, құндылығына сүйсіну, жалпыға белгілі жүйеге
ерекше жолмен ену және дүниетанымның басқа да қырларын суреттеу – міне
осылар, қазақ суретшілерінің еңбектерінен байқалатын рухани әдет-ғұрыптық
көріністер. Республикадағы бейнелеу өнерінің әмбебап тақырыбы, идеясы,
мазмұны мен ішкі қыр-сыры, ұлттың мәдени әдет-ғұрпымен үйлескен, тұрмыстың
жанданған, дүние тірегі болатын табиғат пен үйлесімділігін қалыптастыру
және адамның шығармашылық жігерін нығайту болды.
Түрлі жағынан көріне отырып, осы дүниетанымдық принциптер дамудың
бүгінгі күнгі сатысында да бейне өнерінің негізгі тірегі болып отыр және
сол арқылы қазақтың бейнелеу өнерін жалпы дүниежүзілік мәдени кеңістікке
үйлесімді түрде енгізуде. Осыған орай, бүгінгі күні бейнелеу өнері қандай
нысандар мен ерекшеліктерге ие болады деген сұрақ туады? Оның сарқылмас
потенциалық қандай суретшілердің шығармашылығынан қандай ағымдарды пайда
болуынан көре аламыз? Ата-бабаларымыздан қалған, ғасырлар бойы шындалған
мұралармен байланысады, бүгінгі күні ұлттық суретшілер мектебі кәсіби
толысудың қай дәрежесіне жете алады?
Мәдениет әлеуметтік және саяси оқиғаларға тікелей және дәлме-дәл
тәуелді болмағанмен, қоғамдық сананың нысандарының бірі болып табылады.
Көркемсуретті нысандар өз тілімен үнемі адам сезіміндегі шамалы болсын
өзгерістерді, оның рухани дүниесін көрсетіп отырады. Өнер өзінің мәнерлеу
құралдары мен тәсілдері жүйесінде адам өміріндегі, оның ішкі дүниесіндегі
өзгерістерді сөзсіз түрде көрсетеді, көп жағдайда оны ертерек сипаттайды,
алдын алады, сол себепті әлеуметтік тұлғаның даму динамикасын үйлестіреді
және белгілі бір арнаға бағыттап отырады. Оның дамуының әр сатыларында
алдыңғы қатарға түрлі басым идеялар шығады. Қазақтың кәсіби бейнелеу және
мүсін өнеріндегі 80-90-шы жылдардың соңындағы қалыптастырудың ішкі логикасы
айрықша талап еткен идея бейнелеу өнерін ұлттық тұрғыдан дербес түрде
сипаттау идеясы болды [21].
Келесі жайды айта кетуіміз керек, бейнелеу өнері өз техникасы,
техноголиясы, әлеуметтік қызметі тұрғысынан алғанда Батыстан әкелінген
бейнелеу өнерінің жаңа болса да, оның бүкіл жолы, ежелгі қайнар бұлағы бар
қазақ өнерінің қуатты діңгегінің жаңа көгерген бұлағы тәрізді үйлесе дамуға
толы болды. Сюжеттер ғана емес, суретшілердің ұлттық мінез-құлқы,
менталитеті, қоршаған ортаны түсіну және бейнелеу тәсілдері, тікелей немесе
жанама түрде бейнелеу және мүсін өнерінің сырттан келген тәсілдерінің
арасынан көп ғасырлық көшпелілік өмірге негізделген, өзіндік ерекшелігі бар
ұлттық сезімнің қайталанбас лебінің соғып тұруына ықпал етті. Соңғы
онжылдықтардағы өнердің ерекшеліктері ұлттық сана сезімнің парасаттылық,
философиялық дәрежесінің сапалық тұрғыдан алғанда өрлеуіне ықпал ететін,
өнердің рухани толысуы мен жоғарғы кәсіби деңгейінің ұштасуы болды.
Өнердің шартты ұлттық арнаға түсуі 80-ші жылдардың екінші
жартысында-ақ анықталды. Қайта құру кезеңі берген еркіндік, сырттан
бақыланбайтын ерікті өнер саласының пайда болуы, суретшілер мен
мүсіншілердің өз тамырлары мен пайда болу көздеріне қызығушылығын тудырды.
Өнердің осы түрлерінің халықтың рухани әдет-ғұрыптарымен мирасқорлығы осы
жылдары, өз мәдениеті мен әдет-ғұрыпына деген қызығушылықпен қатар өнер
туындыларының бейнелеу және пластикалық түрлерінің қазақтың ежелгі рухани
байлығы жүйесі арқылы түрленушілік арқылы да көрініс берді [22].
Осы жылдары үшін таңғаларлық оқиға қазақтың, түркілердің, жалпы
шығыс архаикасын зерттеуге бағытталған ұмтылыс болды. Өзіндік сипаты бар,
әдеттегі дүниетаным мен образдық тұрғыдан көру саласына терең деп ену
негізінде қалыптастырылған бейнелеу мифтері, дүниені көркемсуреттік
тұрғыдан өзгерту өнері, жас суретшілердің еңбектері арқылы қазақ өнерінде
де пайда болды. Б. Бапишев, Г. Маданов, А. Есдәулетовтың шығармаларында ата-
бабаларымыздың рухтарына деген үндеулер, сананың ежелгі нысандарына деген
тартымшылық, ұлттық бастамалар мен рухани көздерге, сонымен қатар ұлттық
тарих және санамен ғана шектелмей, Жер шарындағы жалпы адамзаттық өрлеу
жолымен танысуға ұмтылыстар таңғаларлық тәсілмен келтірілген.
Уақыт ағымына сәйкес өзгеріске ұшырай отыра, жаңадан өз орындарын
таба отырып, олар өнерге деген нақты көзқарастрға ие болып, жаңа фәлсафалық
ілімдермен қаруланған ұлттық сананың типтері мен дүниетанымы бар, заманының
парасатты тұлғасы ретінде енді. Ғылымдағы жаңалықтар ХХ ғасырдағы
фәлсафалық ағымдармен ұштаса отырып, олар бейнелеу өнері шығармалары мен
дүниені бейнелейтін мүсіндік композицияларда қайта орын алды, көшпенділі
халықтың мәдениетінің генетикалық табиғатына тән, имоциялық ырғағын
тірілтті. Көзге тартымды, метафоралық тұрғыдан нақтыланған белгілер мен
таңбалар жүйесінде дүние құрылымың барлық элементтері арасындағы нәзік
үйлесімділік концепсиясында сәйкес әдет-ғұрыптар, кеңістік құрылымындағы
біртұтас уақыттық цикл, тірі және өлі материя арасындағы бірлік пен
байланыс, шексіз кеңістіктің үстінде қалқып жүрген көшпенділердің елестік
бейнелері арқылы сиптталатын ерікті және жігерлі рухани көтерілу туралы
түсініктер пайда болды.
Жас суретшілердің сол кезеңінің өнер саласына аса күшті сакралдық
сәтін енгізгенін атап өтуіміз керек. Мүмкін, көбіне Ұлы даланың ежелгі
нанымдары мен сенімдеріне түсініктеме беретін сюжеттер арқылы, мүмкін
тұлғаның өзінің ішкі дүниесінің, айтарлықтай баса айтылған сұранысы ретінде
тұрақты, өзгеріссіз, біріне - бірі ауыспайтын құндылықтар мен түсініктер
ретіндегі архаикаға да бат бұрған шығар. Әр кезеңнің ажырамас біртұтастығы,
адамдағы рухани бастаманың беріктігін бекіту, көзге көрінетін сырт
пішінінен көрінбейтін, мүмкін тәңірлік мазмұнын көруге ұмтылыс, пластикалық
нысандардың бетінде сезімдердің нәзік ойын көру А. Есенбаев, Э. Казарян, Ш.
Түлешов сияқты мүсіншілердің еңбектерінде орын алған [23].
Ежелгі құндылықтарға бет бұру осы мерзімдерге қазақ өнеріне оң бағыт
бергіш, сонымен қатар тұрақтандырғыштық бастама енгізгеннің зор
қызығушылықпен атап өтуге болады. Мәңгілік дүниетанымдық және рухани
белгілерге арқа сүеп, осы кезеңнің сонымен бірге глобалдық және
жалпыадамзаттық дүниемен, шексіз көп байланыстар арқылы жалғады. Адамзаттың
тарихы, мифологиясы, бүгінгі күні Дала өмірінің ежелгі ережелер арқылы
шағылыса отырып, олардың бейнелік шығармаларынан көрінеді. Сол
шығармалардың космогоним мен экологиялық сезім, дүниені жетілдірудің
иманентігіне деген даналық сезім, ата-бабаларымыздың буындарына ғана тән
өнегелік және этикалық құндылықтардың дәл анықталған шкаласы көріністер
береді.
Ғасырымыздың соңғы он жылдығында, әсіресе оның бірінші жартысында,
көркемсуреттік нысандардың түрлену процесі қарқынды және біртұтас нысанда
жүре бастады. Бейнелеу мен жалпылымалау құралдары мен әдістері
рәміздендіру, белгілеу, шарттылық және метафорландыру бағытына қарай күрт
өзгеруде. Суретшілердің өздерінің дербес және топтық шығармашылық
концепцияларын қазақтардың әдеттегі түсініктерімен тығыз байланыстыра
отырып өмірге әкелуі сол онжылдықтығы бейнелеу өнерінің ерекшелік
белгілерінң бірі болды.
Онжылдықты дүние байлығының барлық рәміздерін шоғырландыратын
таңбалық бейнелеу шебері А.Сыдыханов ашады. Таңғаларлық бағыт – жарық
шашатын бейнелеу нысаны мен рухтың жүрек соғысы тәрізді энергиясынан ие
тәсілді байланыстыратын шығармаларын Е.Түлебаев та өмірге әкелді. Түрлі –
түсті фактуралық жапсыру өнері мен түстілік байлықты қанықтыру шығармаларын
А.Ақанаевтан көреміз. Заттардың сарқылмас ішкі энергиясы мен күшін күшті
қолдана тежеп отыратын экспрессивтік нысандар К.Дүйсенбаев еңбектерінен
орын алады. Ырғақтың талдамалық ықшамдылығы мен әр түстердің
таңғалақтарының шамасы және оптикалық тұрғындар дәл келтірген қатынастар
арқылы дүние К.Ахметжановтың шығармаларында өзінің үйлесімдік сәйкестігіне
ие болды.
Дүниенің жан – жақтылығын шифрленген көп таңбалар арқылы түсіндіруге
ұмтылыс, дүние құрылымына, оның байлықтарын шексіз мөлшерде өзгеріске
ұшырап отыратын талдамалық қатаң нысандар арқылы көрсетуге деген ұмтылысқа
әкелді. Осы бағыттарға арналған еңбектерден М.Нарымбетовтың жер тартылысы
сияқты салмақты бейнелер мен С.Атабековтың адам демі сияқты нәзік
бейнелерін атап өтуге болады. Немесе, ұшқыр, алабажақ кеңістікті
жылжытатын, кенепке бейнелеген С.Баялиевтің композитциялары шексіз қозғалыс
және өмірдің жаңа нысандарының пайда болуы идеяларын таңдайды.
Жаңа бағыттарды іздестіру барысында түрлі дәуір мен мәдениет
архаикасына бет бұру, бақылаудың өткірлігі мен маштабтығы өмірге күшті және
айрықша шығармаларды әкелді. Өнерде дүниеге қатысты көзқарастың түрлі қырын
және әмбебаптығын дамытты. Бүгінгі күннің өнер саласындағы танымал
тенденцияларының бірі жеке бейнелеу объектісі немесе тұрақты объктілердің
жиынтығында дүниеқалыптасу потенциялы мен мүмкіндіктерінің кең ауқымды
спектірін сыйғызу болып табылады. Осындай шығармашылық, ұлттық және
тартымдылыққа байланысты таңдалып алынатын, көп жағдайда нақты
контекстерден жұлып алынған объектілер немесе сюжеттер түрлі суретшілердің
еңбектерінде өзіндік рәміздер немесе мифтерге айналады. Сол миф
арқылыдүниені генезисті және ондағы тәртіптің ұлылығы, қолданымдағы
ережелер, алдағы болашағы сияқты құбылмалылығы мен толықтығын адам көкейіне
жеткізуге тырысады.
Осындай жалпылама мифтік шығаршашылық арнасы арқылы Қазақстанның
алдыңғы қатарлы суретшілерінің де шығармашылығы дами береді. А.Сыдыханов
өзінің мифтік бейнелеу өнеріне қажетті ерекше код ретінде қазақтың рулық
рәмізін, таңбалардың әр түрін ала отырып, оны бірте-бірте қошаған ортаны
толықтыратын дүниеқұрылымдық ережелерге қарай түрлендіре алады. Дәуірдің
астан - кестенінен, стихияларынан, тарих дағдырынан өз тәртібін бейнелеп
шығады. Оның бейнелеу шығармаларының қою материалдық туындысынан, ағымдағы
өмірге тән таңба шоғырланады, сол арқылы түсінік, ой-сезім және сананың
шағылысы пайда болады. Шарттылық, түстілік-фактуралық ізденіс
А.Сыдыхановтың бейнелерінде өзіне ғана көзге көрінер дүниені бағындырады
және оны өз заңдарына орай түрлендіреді [24].
Е.Түлебаев өзінің кеңістіктік түрлі шешімдерінің күрделілігіне
қарамастан, осы жылдары тұрақты таңбалық қатарға, пропорциясы алтын адам
деп аталатын сақ жауынгер – көсеміне сәйкес, адам пішінін еске түсіретін,
ұзартылған тұлға бейнелеуге келді. Сыртқы көріністермен шырмалған, адамның
ішкі өмірімен ұштасып жатқан нәзік метаморфозалар Е.Түлепбайдың жарық
шашыратқыш, өмірлік күшке мол шығармаларынан орын алады. Осы суретшінің
күшті жақтарының бірі бояудың алуан түрлері мен бейнелеу өнерінің
сипаттарын мүмкіндігіне, негізгі мазмұнын жоғалтпай, әсерлендіргіш,
сезімдік тұрғысына келтіруі еді.
А.Ақанаевтің пластикалық және рухани кеңістікті бейнелейтін
шығармалары мифте және дала аңыздарын еске түсіруге толы бола отырып, күн
энергиясы мен даланың хош иістерін сездіріп отырады. Осы заман
суретшілердің көбі ежелгінің анималистік төтемдік ағымына ұқсас өзіндік
бейнелеу мифтерін асқан зор жігерлікпен қалыптастыруда. А.Иса сияқты
суретшілер жолбарыстан әлемдік абсалют рәмізі кейіпкерін көрсе,
А.Есдаулетовтың мүйіз тұмсықтары мен бұқалары мифологоиялық кезеңнің, жер
бетіндегі бастапқы өмірдің сан қырлы тірлігін қалпына келтіреді, ал
А.Ахаттың ежелгі Тұранды бейнелейтін шығармаларында, өткен кезеңді армандау
мен өткен дәуірді аңсауды байқаймыз. Небір түрлі заттар, атап айтқанда:
шәйнектер, сазгерлік аспаптар, ежелгі мүсіндік релефтер, ай тәрізді
періштелер (Р.Қожахметов, М.Нарымбетов, Э.Казарян, А.Есенбаев)
фетиштелінеді.
Алайда 90-шы жылдардың екінші жартысындағы өнер саласында ұлттық
суретшілер мектебінің кемеліне келуінің куәсі болатын бір ерекшелігі де
бар.Оны стильдердің қолтаңбаларының тенденциялары бағыттары мен дербес
ерекшеліктерінің кең ауқымды болуынан көреміз. Өзіндік ерекшеліктері,
өзіндік құндылығы, танымал, сөйте тұрса да, стилистикалық және идеялық
параметрлеріне келетін болса, мүлде қарама-қарсы тұлғалар да кездеседі.
Авангардта, реализм де өте қызық арналарын тауып, жаңа кезеңге сыйсып
отырады, жаңа тұрғыдағы обстрактілі кейіпкерлік қалыптасты, сонымен бірге
сезімдік жағына нәзік импрессионистік бейнелеу өнері де өз көрермендерінің
жүрегінен орын табуда.
Егер де көптеген суретшілердің шығармашылығында өмірдің нақты
реалдылығына деген қызығушылық материалдылық тұрмысқа дейінгі небір
реалдылыққа деген тартымдылықпен ауыстырып отырса, біртұтас мәдени
кеңістікте мүдделері мүлде қарама-қарсы екендігі айдан – анық бейнелеушілер
мен мүшіншілер еңбек етуде. Таңғажайыптылыққа деген нәзік сезімталдыққа ие,
елестік кейіпкерлерге жаны тартып тұратын суретшілер (А.Дузельханова,
Д.Қасымов, т.б.) классикалық нақты нысандарда бізді қоршаған дүниеге
танымды түрде адам мен кеңістік арасындағы үйлесімшілік идеясын абстракті
тәсілмен шешуші жақтаушылар тәрізді жеткізе алды.
Г.Исмаилова сияқты қазақ бейнелеу өнерінің классиктері де өз
жұмыстарын жалғастыруда. Әйелдердің көзге түсерлік әдемілігі, хош иісті
гүлдер, өмірдің жылы тынысы оның еңбектері арқылы бізді нақты адам өмірінің
қымбаты, қайталанбас және табылмас әлеміне әкеледі. М.Каспак асқан зор
шеберлікпен қазақ көшпелілерінің өмірін, тұрмысын және рухани атмосферасын
қайта қалпына келтіреді. Қазақтардың күнделікті өмірінің реалдылығы мен
этнографиялық ерекшеліктері жалпылама түрде берілсе де, танымалдық сипатқа
ие, жарықтандырудың ерекшеліктерін, ауаның ылғалдылығы мен құрғақтығын,
кештің ымырттығын немесе түс кезіндегі күн сәулесінің бірқалыптылығын асқан
зор шеберлікпен көрсете білу оның шығармаларына көп уақыт бұрын жоғалып
кеткен және рухани сезімділік дыбыстарын қабылдаумүмкіндігін берді. Ж.
Қайрамбаев та өз шығармаларында бейнелеушілік пен бейнелеудің декоративтік
сапаларын, көңіл күйі мен көңіл жағдайының психологизмн өзінше қиыстыра
білген.
Мүмкін, кей жерлерде Қазақ даласындағы өмір салтын қабылдаудағы
кузнецовтік бағытын жалғастыра және дамыта отырып, З.Түсіпов, Б.Табиевтер
реалистік әдет-ғұрыптарды ерікті түрде түсіндіреді. Күнделікті тұрмысқа
тамырын тереңдетіп енгізген, олардың сюжеттері мазмұны жағынан поэтикалық
сезімталдылықпен тартымды болды. Нақты өмірсезімдерінің күші, тартып тұрып
жібере салған кендір сияқты ұшатын экспрессивтик динамика З.Түсіпованың
натюрмоттары мен далалық пейзаждарын толтырады, Б.Табиевтің суреттердегі
орта ғасырлық қалалардың мешіттері мен тар көшелері, қоңырқай көгілдір
түтін тәрізді ортадағы Шығыстың жұмсақ өмірін сипаттайды. Осы суретшілердің
қаламдары арқылы берілген, адам және табиғаттың өмірі мен сұлулығының
құпиясы, автор көзқарасының толғамдылық сезімділігімен, мәңгілік, тұрақты
және даланың алтын көкжиегіне көгілдір аспанға төгілген құндылықтарды
түсінумен, дала тұрғындарының қоңырқай келбеттерінің әдемілігімен
ерекшеленеді. Қазақтың әсемдік – қолданбалы өнерінің тәсілдері мен батыс –
еуропалық поатимпрессионизмнің сабақтарын трансформациялаудан келетін
шарттылық әсемдік әдет – ғұрыптары М.Қасымбеков пен Т.Мұқаттың
шығармашылықтарында ерекше тәсілмен ұштасып жатады. Авангардты түрде
түсіндірілетін этнографиялық нотасы бар, өзгешелігі бар жаңа толқындар
С.Смағұлов пен А.Смағұлова ары қарай дамытады. Елестеушіліктің еркін
қалқуын түсіндіре отырып, С.Сүлейменова, А.Меңлібаева, З.Сұлтанғазина,
М.Бекеев еркін және бейнелеушілік ойын ары қарай жалғастырады.
Қазақстанның бүгінгі күнгі бейнелеу өнері туралы сөз қозғасақ,
әдетке айналып кеткен қазақ бейнелеу өнеріндегі тұрмыстың мазмұндық
мәселелері мен экзистенциалдылыққа тартымдылық тәрізді көріністерінің де
жалғасып жатқанын атап өтпеуге болмайды. Кәсіби өнердің дамуының осы сәті
суретшілердің осы заманғы тұтынушыға жеткізуге ұмтылатын идеялар кешенінің
нақты байқалатын шоғырланушылығымен де сипатталады. Бүгінгі күннің бейнелеу
және мүсін өнері контекстік жағынан аса толықтырылған, кей жағдайда сол
себепті қарапайым көрермен оны түсіне де бермейді.
Суретшілер мектебінің қалыптастырылуы сатысының алдыңғы кезеңдеріндегі
тәжірибелері, бүгінгі күні толық түсінуіміз болашақтың ісі екенін біле
отырып, ұлттық өнердің тұтас, сыйымды, өзіндік сипатқа ие феномен бола
отырып, біртұтас түрде жиналатын сияқты болады. Түрлі түстер,
композициялар, фактура немесе пластика көмегімен, шығу көздері, жылдар бойы
шыңдалған, әдеттегі құндылықтар мен түсінушіліктермен тығыз байланысқан,
дүниенің құрылуы туралы ұлттық түсініктерді өнерде қалыптастыра, бейнелік
шығармалар мен мүсіндік копозицияларда қалпына келтіре отырып, суретшілер
небір жиынтыққа, біртұтас жүйеге, шашырап қалған элементтер мен
фрагменттерді жинайды деуге болады. Осы процесс барысында шығармалардың
нысандарымен атқарылатын жұмыстар да жедел қойылғанын атап өтуіміз керек.
Әр алуан түрлі стильдер, тәсілдер, қолтаңбалар бойынша қызмет
атқаратын, сол бағыттарда тамаша туындыларды дүниеге әкелетін бейнелеушілер
мен мүсіншілердің шығармаларында нысан ролін әсемдік ерекшелік факторының
күшеюі немесе күнделікті эстетикалық критерийді жоққа шығару арқылы
қарқындандыру жүзеге асырылуда. Осы процесс ұлттық менталитетке тығыз
байланысты жаңа суретшілер тілін қалыптастырумен тығыз байланысты болып
отыр. Ол өзінің сыртқы стильдік көріністерінде айтарлықтай шартты,
орташалау, рәміздік, метофорлік немесе тіпті ашықтан – ашық метафизикалық
сипатқа ие болды.
Бүгінгі күнгі өнерде оның алдыңғы қатарлы түрлерінің арақатынасын
анықтау оңай жұмыс болмауы әбден мүмкін. Алайда, 90-шы жылдары
республикамыздағы кәсіби бейнелеу өнерінің алғашқы қадамдарына сай бейнелеу
өнерінің көп қырлылығы мен даму деңгейінің қарқыны мен ырғағының станоктік
мүсін өнерінің қала бастауы қайталануда. Ол бұл күндері, ең алдымен, мүсін
жұмысының технологиялық процестеріндегі күрделі жұмыстарға байланысты болуы
мүмкін.
Сөйтсе де, Қазақстанда түрлі буын мен өзіндік қолтаңбасы бар
мүсіншілер еңбектерінде кездесетін тенденцияларға ұқсас сәттер де көптеп
орын алуда. Ұлттық тарихқа, түркілік, еуразиялық архаикаға деген
қызығушылық та үлкен қарқынмен дамуда. Оған нысандардың шартылық таңбалары
және шешімдердің әсемділік көріністері де сәйкес келуде. Ол осы онжылдықтың
басында өнерге келген буынды толығымен қамтып отыр. Пластикада шығыстың
көркемсуреттік әдет – ғұрыптарын трансформациялауға ұмтылыс, оны тура
түсіну мәні бойынша өршіп келеді. Бейнелеу өнеріндегідей, мұнда да өз
мәдениетінің ежелгі пластарына деген назар аударушылық көрініс беруде.
Қалай айтсақ та, осы саты арқылы, пластика саласында бүгінгі күні жұмыс
атқарып жатқан барлық шеберлер өтуде. Қазақстан өнерін Шығыс өнерінің
шектелуі арнасына қайтарып алу талабы осы шығыстық қырынан-ақ көрініп
тұр.
Бір-біріне ұқсамайтын стильдер бойынша қызмет атқаратын А.Есенбаев,
Э.Казарян, У.Шанов, Ш.Түлешов, Д.Түлеков, С.Нарымбетов, К.Батырбаев,
К.Ишанов сияқты әр алуан суретшілердің шығармашылығы ежелгі Мысырдың немесе
орта ғасырлық Жапонияның, армян немесе түркілік ежелгі өнер көздерінің
пластикалық импульстарының шоғылысуы арқылы бірігіп отыр. Олардың әрқайсысы
пластика арқылы берілетін өзіндік менталитеті, дүниені қабылдаудың
ерекшелігі, Шығыс философиясы, жетілдірілген, қайталанбас суреттік нысан
ретінде құйылған рухани құндылықтар жүйесі арқылы тартымды және таңғажайып
сабақтары, мүсіншілерді, олар беретін идеялық сигналдан да артық
толғандырады.
Өз уақытында тарихи кезеңнің біртұтас тізбегін түсінуді, ал ой
сананы, сезімдер мен замандастардың тілектерін, сол сияқты адамзаттық
эмоция және тәжірибелермен салыстыруды, ежелгі дүние өнері ескерткіштері
көрсетіп отырған тәрізді суретшілер жүзеге асыруға тырысуда. Осы құнды
рухани тәжірибеге назар аудара отырып, өнердің мәңгілік кеңістігіне тең
дәрежеде шыға тұрып, олар өмірдің мәні мен сұлулығы, оның құндылығы мен
адамзат баласының ойынан кетпейтін, оларды толғандыратын критерийлері
туралы, өздерінің алдында өмір сүрген өнер қайраткерлерімен уақыттан тыс
сұхбат жүргізуде. Бұл жағдайда Шығыс мәдениетінің шексіз мөлшердегі
байлығы, пластикалық нысандардың жұмбақтары мен нәзік тұстарының құпияларын
ашуға тырыса отырып, олар өз шығармашылығында адамдарды мәңгілік
толғандыратын махаббат пен бақыт, өмір мен өлім және өткен мен бүгіннің
тақырыптарын қозғап отырады.
Көптеген суретшілер өнердің алуан түрлі деңгейінен оқылатын,
қайталанбас идеялардың бірі ретінде шығармашылық еркіндігі есептеледі. Осы
ой – сананың, мүмкін болатын шығармашылық көріністердің кең ауқымды шегінің
тірегі болатын бір қыры Қазақстан өнері үшін соңғы онжылдықта іс жүзінде
концептуалды болған өнердегі обсатюттік еркіндік принципі еді.
Мүмкін сол себепті, анық билет тұрған стилистикалық тенденция
болмады, керісінше, оның барлық түрлері ықпалы жағынан бір-біріне теңеледі.
Қазақстанның бүгінгі күнгі өнері, үздіксіз шығармашылық тәрізді тасқынды
әрі үздіксіз қозғалыста болуда. Мүмкін болатын стилистикалардың,
мәнерлердің, дүниетанымға қатысты, дүниетаным біріне мүлде қарама-қарсы
жайларға дейін созылатын, бейнелеушілік және пластикалық ізденістерінің
болуы, оның ерекше сипаттамасы, өзіндік белгісі бола бастады.
Суретшілер кез келген, тіпті ең ауыр қабылданатын шығармашылық
көріністерді қабылдау мүмкіндігінің бар екендігіне сенімі бар және сол
туралы көрермендерді де сендіреді. Мәнсіз өнер мен фигуратив, авангардтың
жаңа толқыны және классикалық реализмге деген кенеттен пайда болған
қызығушылық, неопримитивизм мен таза абстракция, символизм мен
экспрессионизм адам үшін күрделі бола бастаған, адамның өзін- өзі және
қоршаған ортаны таны процесін жеңілдету мүмкіндігін беретін, көптеген
көрмелерде бір - біріне көрші болуда. Адамның риалдылықты қабылдануының
мүмкін болатын вариациялары суретшілердің қаламы арқылы авторлық біртұтас
әлемге, метофоралар мен пластикалық кодтар жүйелеріне ауыстырылуда.
Ұлттық идеялардың сыртқы стилиризаторлары болмай-ақ, бейнелеушілер
мен мүсіншілер өз шығармаларының ажарландырылған нысандарының тілі арқылы,
әдеттегі дүниетанымның философия мен этиканың принципті, мәндік
константаларын ашып беруге тырысатын болатын. Кәсіби өнердің потециалы
арқылы әдеттегі қазақ мәдениетінің әлемдік универсумын қалпына келтіру,
оның кординаталары мен принциптеріне сәйкес формалдық құрылымын қайта
туғызу керек. Қазақстанның ежелгі және орта ғасырлық өнерінің, түркілердің
монументалдық пластикасының, тастарға ойылған графикасының, ежелгі алтын
мен қола мүліктерінің мұрасы ежелгі өнер иелерінің мирасқорлары, бүгінгі
күнгі суретшілердің творчесволарынан да орын табуда.
Қазақстанның ХХ ғасырдағы бейнелеушілік өнері 3-ші мыңжалдыққа
парасаттылық және рухани толысқан түрде аяқ басты. Онда қазақтың
көшпенділік мәдениетінің ежелгі тамырлары мәнін тапқан және түсіндірілген.
Сол айтылған мәдениетке сай негізгі қаланған жалпы адамзаттық
құндылықтардың заман суретшілері дүниежүзі өнеріндегі әдептер және жаңа
бағыттар арқылы, ХХ ғасырдың философия мен мәдениетіндегі ірі ағымдары
арқылы өз шығармаларында ашып көрсетеді. Соның қорытындысы ретінде,
инновациялар негізінде бір ғасыр бұрын пайда болған бүгінгі қазақ өнері
рухани ерекшеліктерін жоғалтпау мен қатар, соған сай қайталанбас
пластикалық өнер тілін қалыптастырды. Мүмкін сол себепті болар, нақты
көріністердің сан алуан қырға ие болуымен бірге, Қазақстан өнері танымал
қасиеттерімен де ерекшеленеді. Олар:
- тұрмыстың экзистенциалдық мәселелерін қатысты мүдделер;
- үйлесімділіктің адам мен табиғаттың бірлесе өмір сүруінің негізі;
- творчестволық көзқарастардың кең ауқымды болуы;
- ұлттық мәдени әдет-ғұрыптар , мұраларының шектеулілігі;
- дүниежүзілік мәдени кеңістікке ерікті түрде енуі.
ХХ ғасырдың соңғы онжылдығындағы және ХХІ ғасырдың басындағы
Қазақстандағы бейнелеу өнерін күнделікті өмірдің табиғатпен үйлесімділігі
туралы асықпай айтылатын әңгіме, адамның үздіксіз байланысының философиялық
жалпыламасының көркемсуреттік таңбаға айналуы деп түсінуге болады. Бүгінгі
күн, суретшілерінің шығармаларында жұмбақтық метафоралары және мән мен
толықтырылады және сол арқылы жанданады, адам мәдениетінің ежелгі ғарышын
бүгінгі күндегі адам ой – санасының жаңа ағымдарымен байланыстыратын мәндер
мен мазмұндар пайда болады, суретшінің өмірге деген махаббаты, оны түсінуге
бағытталған мәңгілік ұмтылысы да қайталанбас түрде өмірге қайта келеді
[25].
Классикалық академиялық халықтың көпғасырлық тарихының өзіндік
жылнамасын жасайды және менің ойымша, Қазақстан өнерінде ең маңызды орынға
ие болды. Тарих пен мифологиялық сюжеттер, көшпенділердің өмірінен алынған
фрагменнтер, далалық және таулы пейзаждар генетикалық есті бейнелі түрде
жаңғыртуға, болмыстың мызғымас категорияларын ұғынуға мүмкіндік береді.
Бейнелердің байлығы, олардың мифологиялық мәні, ғасырлар бойы қалыптасқан
дәстүрлер мен салттардың тәжірибесі, дәстүрлі мәдениеттің трансляция
талабына жауап береді және бейнелеу өнер құралдарымен ашып беруге
мүмкіндіктер береді.
Қорыта айтқанда, суретші өзінің ойы мен сезімін толық таныту
жолында, тек қана өзіне қажеттілерін екшеп алуда, яки толық қанды тұтас
образдарды жасау жолында ұзақ дайындықтан өтті. Ол барлық бейнелеу әдіс –
тәсілдерін жете меңгере отырып, кенепке немесе ақ қағазға салған әрбір
бояудың түрін жігерлендіруші қуатты күшті айналдыра білді. Ол бір мезгілде
өнердің міндете – көзге көрінген нәрсенің бәрін жазып ала бермей, ең
алдымен – шындықты дұрыс және терең түсіну, зат пен құбылыстың құпия
сырларын жете ұғыну, сыртқы жалған көрініске құр еліктемей, оның ішкі
әлемі, сезімін, ойын көре білу және оны бейнелеу өнерінің әр уақытта
қолынан түспейтін, әрқашанда құлапта сақтайтын құралдармен дәл жеткізу
қажеттігін жүрегімен ұғынды. Себебі, суретші алғашқы бояу жаққаннан-ақ,
одан кейінгілерінде де салған суреттерін үнемі шындыққа жанаса ма және оған
өзінің көзқарасы үйлесе ме деген жалғыз дара форманы тауып алғанға дейін
кедергілерге кездесе береді ғой. Әрине, бояу жағылған сайын формада жетіле
береді, мазмұны да жақсара түседі. Суретшінің ойы мен сезімі заттың
мәнісіне терең үңілген сайын, оның жеткен шегіне, сырт көрінісіне
қанағаттануға тура келеді.
2. Оқушыларға көркемдік білім беру бағыттары
Көркемдік білім беру – оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін
басқаратын, ұйымдастыратын педагогтың мақсатты түрде бағытталған, арнайы
ұйымдастырылған ісі. Бейнелеу өнері пәнін оқытудың мақсаты – оқушылардың
көркемдік білім алуын тиімді етіп ұйымдастыру [26].
Мектеп оқушыларына көркемдік білім беру екі өзара байланысты оқыту
және тәрбие үдерістерінен тұрады. Оқыту – алдын ала жоспарланған мақсатты
түрде бағытталған іс-әрекет, оны орындау барысында оқушылардың көркемдік
білім алуы, тәрбиеленуі және дамуы жүзеге асады, сонымен қатар адамзаттың,
іс-әрекеттің және қарым-қатынастың жекелеген қырлары меңгеріледі.
Бейнелеу өнерін оқытуда көркемдік білім берудің негізгі сипаттары:
-екіжақтылық, мұғалім мен оқушының өзара байланысына негізделеді;
-мұғалімдік қызметтің мазмұндық және іс-әрекеттік жақтарының бірлігі;
-тұлғаның жан-жақты дамуына бағыттылығы;
-шығармашылық іс-әрекетті басқарушылық.
Бұл сипаттамалар жалпылама қасиетке ие және бейнелеу өнерін оқыту
үдерісіне қатысты.
Оқушыларға көркемдік білім беруде бейнелеу өнерін оқыту үдерісінің
құрылымы екі басты субъектілердің, яғни педагог пен оқушылардың өзара
бірлескен іс-әрекетімен танылады. Біріншісінің іс-әрекеті – көркемдік білім
беру, оқыту болса, ал екіншісінің іс-әрекеті – оқу.
Біз бейнелеу өнерін оқытуда көркемдік білім беру қағидаларын жасауға
педагогика ғылымының мәліметтеріне сүйенеміз. Мұғалім мектептегі
педагогикалық қызметін сәтті жүргізу үшін, оған қазіргі дидактиканың
негізгі қағидаларын жақсы біліп, оны практикада шығармашылықпен қолдана
білуі тиіс. Оқу – бұл мақсатты түрде бағытталған, арнайы ұйымдастырылған
оқушылардың танымдық іс-әрекеті, оның орындалу барысында білім, іскерлік,
дағды жүйесі меңгеріледі және жеке тұлғалық қасиеттері дамиды. Бейнелеу
өнерін оқудың мақсаты болып жас жеткіншектердің дүниетанымы, қоршаған орта
жайлы ақпараттарды жинақтап өңдеуі, шығармашылық іс-әрекеттерін дамытуы
болып табылады. Бейнелеу өнерін оқудың қорытындылары жалпы оқушының
дамуынан, қарым-қатынас жүйесінен, білімінен, іскерлік, дағдысынан көрініс
табады.
Бейнелеу өнерін оқыту мынандай компоненттермен танылады: оқытудың
мақсаты мен міндеттері, мазмұны, субъектілердің қызметі, әдістер, тәсілдер,
құралдар және оқытудың нәтижесі.
Бейнелеу өнерін оқытуда үш қызмет жүзеге асады: көркемдік білім
берушілік, дамытушылық және тәрбиелік. Тәжірибе жүзінде қызметтердің іске
асуы кешенді міндеттердің шешімін табуымен, педагог пен оқушылар іс-
әрекетінің мазмұнымен, оқыту әдістері мен формаларының үйлесімділігімен
байланысты. Сонымен, бейнелеу өнерін оқыту дидактикада құрастырылған жалпы
ережелерге негізделеді оны мұғалім көркемдік білім беруді ұйымдастыру
кезінде ескеруі тиіс.
Бейнелеу өнері пәнін оқыту үдерісін ұйымдастырудың жалпы нормалары
көркем білім берудің заңдылықтарымен, принциптерімен байланысты. Заңдылық
бүтіннің құраушы бөліктері арасындағы өзара қайталанатын, тұрақты,
негіздік, объективті байланыстарынан көрініс табады.
Бейнелеу өнерін оқыту заңдылықтары көркемдік білім беру үдерісінің
компоненттері арасындағы байланысты көрсетеді. Заңдылықтардың жалпы және
жеке, ішкі және сыртқы, дидактикалық және оқу-танымдық, психологиялық және
ұйымдастырушылық түрлері болады. Оқыту заңдылықтары дегеніміз бұл оқыту
үдерісінің құрамдық бөліктерінің арасындағы объективті, мәнді, тұрақты,
қайталанатын байланыстар [27].
Бейнелеу өнері пәнін оқытудың мақсаты мен мазмұны қоғамның оқушының
білім алу деңгейіне деген талабына байланысты болса, ол – жалпы заңдылық.
Бейнелеу өнерін оқытудың нәтижелілігі оқушының саналы түрдегі шығармашылық
іс-әрекетіне байланысты болса, бұл – жеке заңдылық. Оқу үдерісінің
тиімділігі мектептің материалды-техникалық жағдайына байланысты, бұл сыртқы
заңдылық. Бейнелеу өнері бойынша оқу материалын меңгеру тереңдігі мен
беріктігі оқушының белсенділігі мен дербестігіне байланысты, бұл ішкі
заңдылықтың мысалы.
Оқыту қорытындылары оқушылардың көркем білім берудің мақсатын түсінуі
мен қабылдауына тура пропорционалды деңгейде болса, бұл дидактикалық
заңдылық. Оқушылардың оқу материалын табысты меңгеруі көркемдік білім
берудің проблемалық деңгейіне байланысты болуы, бұл оқу-танымдық заңдылық
болып табылады. Көркемдік білім беруде оқушылардың іс-әрекеті басқа
адамдармен байланысты болса, бұл - әлеуметтік-психологиялық заңдылық.
Ұйымдастырушылық заңдылық бұл мұғалімнің оқытуды тиімді ұйымдастыруына және
басқаруына байланысты көрініс табады.
Сондықтан да, бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі оқушылармен бірігіп
істеген іс-әрекеттің нәтижесі заңдылықтардың әр түрлі типтеріне байланысты
екенін анық түсінген жөн. Осы аталған заңдылықтар бейнелеу өнері пәнін
оқыту принциптерін анықтайды.
Принциптер – оқыту үдерісін ұйымдастыру мен өткізуге жетекшілік
жасайтын нормативтік талаптар [28].
Бейнелеу өнері пәнін оқытудың барлық принциптері өзара байланысты,
сондықтан оларды жүйелеп қарастыралық. Олар:
- диалектикалық дүниетаным мен адамгершілік тәрбиесін беру қазіргі
мектептің негізгі міндеттерінің бірі болғандықтан білім берушілік,
дамытушылық және тәрбиелеу принциптерінің бірлігі көркемдік білім мен
іскерліктер жүйесінің қалыптасуына, жеке тұлғалық қасиеттердің, мінез-құлық
ерекшеліктерінің дамуына мүмкіндік береді. Бейнелеу өнері жас
жеткіншектерді тәрбиелеп қана қоймай оларға қоршаған ортаны тануға
көмектеседі;
-оқу үдерісінің мазмұны мен әдістерінің ғылымилық принципі оқушыларға
білім берумен шектеліп қалмай, сол білімдерді ғылыми қағидалармен бекітіп
отыруды міндеттейді;
-көрнекілік принципі заттар мен құбылыстарға таным көзі ретінде қарап,
оқушыларға көркемдік білім бойынша оқу материалын терең әрі саналы түрде
меңгеріп, лайықты жағдай жасауды ұсынады;
-саналылық пен белсенділік принципі оқушылардың оқу мақсаттарын
айқындап, өз жұмыстарын жоспарлап, оқу міндеттерін шешудің тәсілдерін өз
бетімен анықтайды, меңгерген білімдерінің мәнін түсінеді. Саналылық,
белсенділік, өзіндік үғымдарының бір-бірінен айырмашылықтары
болғанымен, бірінсіз бірі болмайды. Білімді саналы меңгеру, оқушылардың
белсенділігі мен өзіндік әрекетін қажет етеді, сондықтан оқытудағы
белсенділік дегеніміз оқудағы жедел ақыл-ойлық және практикалық жақтары мен
көркемдік білім бойынша білім, іскерлік, дағдыларының саналы меңгеру шарты
мен нәтижесі болып саналады;
-жүйелілік пен бірізділік принципі оқыту мен оқуды белгіленген бір
тәртіппен жүргізуге мүмкіндік береді. Мектептегі бейнелеу өнерін оқыту
үдерісіндегі жүйелілік оқу жоспары мен оқу бағдарламаларында анықталған.
Жүйелілік пен бірізділік принципін оқу-тәрбие үдерісінде сақтау үшін
мұғалімге оқу материалдарының біртіндеп күрделенуін көрсететін жұмыс
бағдарламасы мен тақырыптық жоспарлар, әдістемелік нұсқаулар,
иллюстративтік жылдық жоспар көмектеседі. Жүйелілік пен бірізділік бейнелеу
өнерін оқыту үдерісі міндеттерін ойдағыдай шешуге негізделеді;
-лайықтылық және шамаға байланыстылық принципі мұғалімнің оқу
материалдарының күрделілгі мен тереңдігіне байланысты әрбір сыныпқа,
балалардың әрбір жас ерекшеліктеріне байланысты бөлуін талап етеді.
Мысалы, оқу материалдарының балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкестендіру
үшін қандай жастағы балаға қандай матераиал лайық екенін қарастырады;
-беріктілік принципі көркемдік білімнің оқушылар санасында берік болып
қалыптасқанын талап етеді, ол үшін оқушылар сурет салу барысында танымдық
белсенділіктерін танытып, үйренгендерін практика жүзінде қайталап отырады.
Оқушыларға бейнелеу өнері пәнінде көркемдік білім берудегі
ұйымдастырушылық-әдістемелік принциптер – оқыту үдерісінің ұйымдастырушы
формалары мен әдістерін анықтайтын ережелер [29].
Енді оларды қарастырайық:
- бейнелеу өнерін оқыту үдерісінің тұтастығы мен бірлігі принципі
мұғалім мен оқушының іс әрекеттерінің бірлігі мен өзара байланысын
көрсетеді;
- оқу жұмыстарының топтық және жекелік формалары мен оқу жұмысының
тәсілдерін тең үйлестіру принципі көркемдік білім мазмұнын меңгертудің
тиімділігін арттырады, ол үшін оқушыларды ұжымдық, топтық, жеке жұмыстардың
түрлеріне тарта білу керек. Сонымен қатар оқушыларды үйірме, клубтар және
т.б. жұмыстарына қатыстыру қажет;
- оқуға деген жағымды қатынасты қалыптастыру принципі ғылымның әр
түрлі салаларының мәліметтерін пайдалануды көздейді, көркемдік білімдердің
өмірдегі практикалық мәнін түсіндіреді.
Әр принцип белгілі бір ережелерден тұрады. Ереже дегеніміз оқытудың
жекелеген аспектілерін ашып көрсету, принциптерді нақтылау. Олар педагогқа
белгілі бір жағдаяттар туындағанда не істеу қажеттігіне нақтылы нұсқаулар
береді.
Мысал ретінде өткен ғасырдың ортасында жарық көрген оқытудың саналылық
пен белсенділік принциптерінен шығатын оқыту ережелерін қарастырып көрелік:
1. Оқу материалын жеңілдетпей түсіндір, оқы, анық әрі нақты, толық
әңгімеле.
2. Білім алушыларды сұрақтармен қатты қызықтыра біл, олар сені тыңдай
отыра жаңаны өткенмен байланыстыра білсін.
3. Сабақты жүргізе отырып, оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттеріне,
ойларына бақылау жасай біл, сұрақтар мен туындаған қиындықтарды
анықтай білуге үйрен.
4. Өмірден, практикадан көптеген мысалдар келтір.
5. Өткенге сүйеніп түсіндір, білім алушының білімін, ұғымдарын
пайдалана отырып әңгімеле.
6. Сұрақ-жауап кезінде білім алушыға жауабының ойластырылған, қисынды,
дәлелденген болуын талап ет.
7.Әрқашан білім алушыға құбылыстың себебін және салдарын табуға үйрет
[30].
Осылайша, заманауи дидактикада оқыту принциптері педагогикалық іс-
әрекеттің және оқыту үдерісінің нәтижелілігіне бағытталған оқыту үдерісінің
заңдылықтарына сүйенген жалпы ережелер, ұсыныстар ретінде қарастырылады.
Жалпы алғанда оқыту принциптері бір-бірімен тығыз байланысты, олар
өзара тәуелді және бірін-бірі толықтырып отырады, оқыту тәрізді бұл екі
жақты мақсатты үдеріс және оның кезеңдері бір-бірімен тығыз байланысты.
Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі принциптер жүйесіне сүйену қажет, сол
арқылы оқытудың мазмұнын, әдіс-тәсілдерін, құралдарын таңдауға дәлелді
түрде келеді.
Педагогика мазмұнын, оқыту технологияларын өндірудің концептуалдық ойы
ретінде пәндер интеграциясы қарастырылады.
Интеграция (лат. іnteger – тұтас) – тұтастыққа біріктіру, элементтер
бірлігі; бірліктерді қалпына келтіру дегенді білдіреді [31].
Интеграция педагогикалық категория ретінде шынайылықтың жалпы
қасиеттері мен байланыстарын көрсететін ғылыми ұғым болып табылады, ол бір
жағынан құбылыстар мен фактілердің белгілі бір тобын көрсетсе, екінші
жағынан бейнелеу пәнін анықтайды.
Бейнелеу өнеріндегі пәндер интеграциясы – көркемдік білімдер жүйесін
бір тұтас бірлік ретінде меңгеруге әкелетін, дайындық жүйесі аясында өтетін
үдеріс.
Жалпы білім беретін мектеп пен мұғалімдердің пән бойынша пәнаралық
білімдер мен іскерліктерді игеруі – оқу үрдісін пәнаралық байланыс
негізінде ұйымдастыру үшін алғы шарт. Бейнелеу өнері пәніне қатысты
пәнаралық интеграция кең көрініс табуда. Пәнаралық интеграция – оқушылардың
білім алу кезеңіндегі білімдер мен практикалық іс-әрекеттер бірлігі.
Пән аралық байланыста оқыту теория мен практика байланысын іс жүзінде
жүзеге асыруға, оқушылардың көркемдік білімдерін іс-әрекетте белсендендіру
мүмкіндігін туғызады.
Пәнаралық байланыс негізінде оқу үдерісі нәтижесіндегі игерілген
икемділік пен дағды оқушының алған білімінің қаншалықты берік екендігінің
белгісі болып табылады. Оқу пәндерінің ерекшеліктеріне қарай оқушыларға
түрлі икемділік пен дағды пайда болады. Профессор Т.Сабыров оларды бірнеше
топқа бөледі.
• Интеллектік пен дағды (оқу, жазу, есептеу, кітаппен жұмыс істеу,
т.б.);
• Еңбекке икемділік пен дағды (сызба, оқи білу, еңбек құралдарымен
жұмыс істей білу, т.б.);
• Спорттық икемділік пен дағды;
• Өнерге деген икемділік пен дағды, т.б.
Бейнелеу өнері пәнін оқыту барысында оқушылар танымдық, тәжірибелік
мақсатты - бағдарлы іс-әрекеттермен шұғылданады. Осы іс-әрекеттің
нәтижесінде оқушыда пәнаралық байланыс іскерлігі қалыптасады.
А.Бейсенбаева Пәнаралық іскерлік ұғымына былай тұжырымдайды: Пәнаралық
іскерлік оқушылардың бір пәннен меңгерген білім, іскерлік, ептілік
дағдыларын екінші пәндерді меңгеруде пайдалана, қолдана ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz