Популяциялар экологиясы – демэкология жайлы мәлімет


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:
7-лекция. Тақырыбы: Популяциялар экологиясы - демэкология.
Жоспары: 7. 1 Популяция туралы түсінік.
7. 2 Туу және өлу.
7. 3 Тірі қалудың қисық сызығы.
7. 4 Популяцияның өсуі және қисық сызықты өсулер.
Лекция мақсаты: Популяция құрылымын түсіндіру.
Лекция мәтіні.
7. 1 Популяция туралы түсінік.
Популяция - белгілі бір жерде белгілі бір уақытта мекен ететін бір түрге жататын ағзалардың (организмдердің) жиынтығы. Популяцияларды зерттеудің маңызы зор, себебі бұл нәтижелер практикалық қолданыс табуы мүмкін, мысалы, зиянкестерді зерттегенде, табиғатты қорғау мәселелерін шешкенде т. б. жағдайларда. Папуляцияны зерттегенде олардың сол уақыттағы санына ғана емес, ең алдымен олардың орта факторларына байланысты өсуіне, сүйемелденуі мен кемуіне мән беріледі. Популяцияляқ экологияның бұл тарауы популяция динамикасы деп аталады.
Популяцияның жыныстық, жастық, территориялық және т. б. түрлері болады. Егер популяция ішінде әр түрлі жастағы түрлердің сандары бірдей деңгейде болса, онда бұл популяцияны қалыпты популяция деп атайды. Егер популяция ішінде түрдің кәрі жастары көп болса, онда бұл популяцияны регрессивті немесе өліп бара жатқан популяция деп атайды. Жас дарақтардың саны көп популяциялар инвазиондық немесе өніп жатқан популяция деп аталады.
7. 2 Туу және өлу. Популяциялар көлемі көрші популяциялардан иммиграциялану нәтижесінде немес дарақтардың көбеюі есебінен өсуі мүмкін. Көбеюдің көрсеткіштерінің бірі ұрықтылық болып табылады, ол бір аналық дарақтың ұрпақтарының санымен өлшенеді. Ұрықтылықты зерттелетін ағзаның ерекшеліктеріне және зерттеу мақсатына байланысты түрлі тәсілдермен көрсетуге болады. Мысалы, оны көбеюдің бір циклінде немесе бүтін тіршілік барысында салынған ұрықтанған жұмыртқалардың орташа саны ретінде анықтауға болады. Сүт қоректілер туралы сөз еткенде туу термині қолданады, оны бір аналықтың жыл ішінде туған ұрпақтарының саны ретінде анықтайды. Адамда әдетте тууды жыл ішіндегі тууларды 1000 адамға шаққандағы санмен көрсетеді. Туу деңгейі дамушы елдерде дамыған елдерге қарағанда шамамен екі есе жоғары. Әлеуметтанушылар қоғамдағы туудың жоғарғы сатысынан төменгісіне көшуде туындаған мәдени өзгерістерді демографиялық өткел деп атайды.
Папуляциялар көлемі көшудің немесе өлудің нәтижесінде кемуі мүмкін. Популяциялық биологияда өлімділік өлімнің ықтималдығын білдіріп, не дарақтардың жалпы санынан пайыздармен, не жыл ішіндегі өлімдерді 1000 дарақтарға шаққандағы орташа санмен айқындалады.
7. 3 Тірі қалудың қисық сызығы. Папуляцияның көлеміне ықпал ететін негізгі факторлардың бірі - бұл жыныстық пісіп-жетілуге жеткенге дейін өліп қалатын дарақтардың пайызы (репродуктивтілік кезеңіне дейінгі өлім) . Берілген түр арасында бұл мөлшер ұрықтылықтан гөрі құбылмалы. Популяциялардың саны тұрақты болып қалуы үшін орташа алғанда әр жұптың екі ұрпағы репродуктивті жасқа дейін жетуі тиіс.
Тірі қалудың қисық сызығын жаңа туған дарақтардың кейбір популяцияларынан бастап, сосын тірі қалғандардың санын уақытына байланысты белгілеп қою арқылы алуға болады. Тік ось бойынша әдетте немесе тірі қалған дарақтардың абсолютті санын олардың бастапқы популяциялардан пайызын бөліп қояды:
Тірі қалғандар саны
x 100 %
Бастапқы популяция саны
Әр түрге тірі қалудың қисық сызығы сипаты тән, оның формасы жартылай жыныстық пісіп-жетілмеген дарақтардың өліміне байланысты. 7. 1-суретте қарапайым мысал келтірілген.
3-сурет. Тірі қалудың қисық сызығының үш типі.
Көптеген жануарлар мен өсімдіктер жетілу кезеңінен кейін жаспен бірге өміршеңдіктің төмендеуімен білінетін қартаюға душар болады. Қартая бастасымен-ақ белгілі бір уақыт ішінде өліп қалу ықтималдығы өседі. Өлімнің тікелей себептері түрліше болуы мүмкін, алайда олардың негізінде ағзаның жағымсыз факторлардың әсеріне қарсы тұруының төмендеуі жатыр (мысалы, ауруларға) . 7. 1-суреттегі А қисық сызығы қартаю өлімге әсер ететін басты фактор болып табылатын папуляция үшін мұратты тірі қалудың қисық сызығына өте жақын. Оған мысал медициналық қызмет көрсетуі жоғары деңгейдегі және орынды қоректенуі бар қазіргі дамыған елдердегі адам популяциясы бола алады. Көптеген адамдар кәрілікке жетеді, бірақ күтілетін орташа өмір сүру ұзақтығын 75 жастан асыру мүмкін емес дерлік. Қисық сызықтың мұраттыдан ауытқуы бастапқы аймақтың ауытқуымен бейнеленген балалардың өлімімен себептелген. Дамыған елдерде балалар өлімі әлдеқайда төмен болса да, мұнда ерте балалық шақта өлімнің ықтималдығы орташадан жоғары. Бұдан басқа, тірі қалудың қисық сызығына қартаюдан басқа себептері жасқа байланысты өзгеруі мүмкін кездейсоқ өлім факторы әсер етеді. Мысалы, Англияда автомобиль апаттарынан қаза болудың басым бөлігі 20-25 жастағыларға түседі. А қисық сызығына ұқсас қисық сызық 1 жылдық дақылды өсімдіктерге олар осы егістікте бір мезетте қартайған кезде тән.
Б типті қисық сызық тіршілгінің ерте кезеңінде өлім-жітімі жоғары ағзалар популяцияларына тән, мысалы, тау ешкілеріне немесе аштық пен аурулар кеңінен тараған елдегі адамның популяцияларына тән. В типті жатық қисық сызығын егер өлім ағзалардың бүкіл тіршілігінің бойында үздіксіз болса (уақыттың белгілі бір бірлігінде 50 %) алуға болады. Бұл өлімді айқындайтын басты фактор жағдайлар болғанда, дарақтар айқын қартая бастағанға дейін өле бастағада болуы мүмкін. Осыған ұқсас қисық сызық бір кездері кафелердегі шыны стакандардың «популяциясы» үшін алынған болатын. Өте ұқсас қисық сызық жасында ерекше қауіп төне қоймайтын кейбір жануарлардың (мысалы, су жыландары) популяциясына тән. Көптеген омыртқасыздар мен өсімдіктерге осы тәрізді қисық сызық тән, бірақ жас дарақтардың арасындағы өлімнің жоғары көрсеткіші қисық сызықтың басты бөлігінің бұдан да дөңестене түсуіне әкеледі.
Тірі қалудың қисық сызығында шамалы түр ішіндегі айырмашылықтар бар. Олар түрлі әсерлермен себептелген және көбіне жынысқа байланысты болуы мүмкін. Мысалы, адамдарда әйелдер ерлерге қарағанда біршама ұзақ өмір сүреді, әйтсе де мұның нақты себептері әлі белгісіз.
Алуан түрлердің тірі қалуының қисық сызығын сыза отырып, түрлі жастағы дарақтардың өлімділігін анықтап алуға болады, солайша сол түрдің қай жаста осалырақ екенін білуге мүмкіндк бар. Сол жастағы өлімнің себептерін анықтаған соң популяциялардың мөлшері қалай реттелетінін түсінуге болады.
7. 4 Популяцияның өсуі және қисық сызықты өсулер.
Егер популяцияда туу өлімнен көп болса, популяция өсе береді. Популяцияның өсуінің заңдылықтарын түсіну үшін алдымен бактериялардың оларды жаңа дақылды ортаға сепкеннен кейінгі популяцияларының өсуін сипаттайтын моделін қарастырған жөн. Бұл жаңа, әрі игі ортада популяцияның өсуіне жағдайлар қолайлы, сондықтан экспоненциалды өсу байқалады.
Мұндай өсудің қисық сызығы - экспоненциалды немесе логарифмдік қисық сызық.
Алайда, ақыр аяғында бірнеше себептерге байланысты, сонымен қатар қоректік заттардың азаюы мен метаболизмнің уытты қалдықтарының жиналуы нәтижесінде экспоненциалды өсу мүмкін болмайтын нүктеге жетеміз. Оның баяулайтыны соншалық, өсудің қисық сызығы сигмалы (S тәрізді) формаға ие болады.
Өсудің мұндай типін тығыздыққа байланысты деп атайды, өйткені өсу жылдамдығы қоректік ресурстардың түгесілуіне және уытты өнімдердің жиналуына, өсуге де әсер ететін популяцияның тығыздығына байланысты. Тығыздығы өскен сайын популяцияның өсу жылдамдығы нөлге дейін төмендейді, қисық сызық болса, жазыққа шығады. Нөлдік өсуде популяция тұрақты, яғни оның көлемдері өзгермейді. Мұндай өсудің сигмалы қисық сызығы бірқатар бір жасушалы және көп жасушалы ағзалар үшін, мысалы, өсімдіктер ортасындағы балдырлардың жасушалары үшін, көктемде көлдер мен мұхиттардың фитопланктондары үшін, жыртқыштары жоқ, қорек қоры мол жаңа мекендеу ортасына жерсіндірілген қоңыздар немесе кенелер үшін алынған.
Басқа типті қисық сызық экспоненциалды өсу популяция тығыздығының ортаның ресурстарының сарқылуы нәтижесінде кенет төмендеуіне дейін созылғанда алынады. Бұл қисық сызықты «J тәрізді» немесе «дүңкілдеу мен құлдырау» деп атайды. Мұндай өсу тығыздыққа байланысты емес. Құлдырау да сол себептер бойынша болуы мүмкін, мысалы, қорек ресурстарының түгесілуінен, ол өсудің сигмалы қисық сызығында өсуге алдын-ала реттеушілік ықпалын тигізген. Өсу жылдамдығының кенеттен төмендеуі тәрізді, миграция немесе қоныс аудару популяция санының азюына әсер етеді. Қоныс аудару тіршілік циклінің белгілі бір кезеңімен байланысты болады, мысалы, тұқымдардың түзілуімен.
Сигмалы және J-тәрізді қисық сызық - бұл популяцияның өсуінің екі үлгісі. Мұнда барлық ағзалар өзара өте ұқсас, көбеюге бірдей қабілетті және өліп қалу ықтималдығы бірдей деп шамаланады, сондықтан популяцияның экспоненциалды фазада өсу жылдамдығы тек оның санына байланысты және тұрақты болып қалатын ортаның жағдайларымен шектелмеген. Бірақ табиғи популяцияларға қатыстылықта бұл шамалар немі дұрыс емес. Мысалы, табиғи мекендегі популяцияның өсім жылдамдығы климаттық құбылыстарға, қорекпен қамтамасыз етілуге және көбеюдің белгілі бір жыл мезгілімен шектелу-шектелмеуіне байланысты болады. Сонда да популяцияның өсуінің үлгілері табиғи популяцияларды жақсы ұғынуға ықпал етеді және қажет жағдайда оларды жетілдіруге болады.
Бақылау сұрақтары:
- Популяция динамикасы.
- Популяция тығыздығы.
- Туу және өлу.
- Демографиялық өткел.
- Тірі қалудың қисық сызығы.
- Популяцияның өсуі және қисық сызықты өсулер.
8-лекция. Тақырыбы: Популяция санының ауытқулары мен реттелуі.
Жоспары: 8. 1 Популяция көлемі.
8. 2 Аумақтық әрекет.
8. 3 Ағзалардың артық мекендеуі.
8. 4 Популяциялар арасындағы өзара әрекеттестік.
8. 1 Популяция көлемі.
Папуляцияның көлемі ұрықтанудың немесе өлім-жітімнің өзгеруінің, ал кейде екеуінің де нәтижесінде тұрақсыз болуы мүмкін. Популяциялардың көлемдерін және олардың өзгерістерін зерттегенде әдетте негізгі факторды, яғни ұрпақтар ауысқанда өтетін байқалған өзгерістердің басым бөлігі үшін жауапты факторды табуға тырысады. Зерттелген жағдайлардың көпшілігінде бұл өлім-жітімге ықпал етуші фактор болып табылады.
Популяциялар көлемінің ауытқуы таза кездейсоқ сипатта болады деп күтуге болса да ақиқатында популяция көлемін кейбір шектеулерде ұстайтын бірқатар факторлар бар. Бұлар өлім-жітімнің көбеюіне немесе ұрықтанудың кемуіне ықпал ету арқылы санды азайтатын факторлар. Олар популяцияның тығыздығы артқанда аса күшті әрекет етеді, яғни бұл тығыздыққа байланысты болатын факторлар. Кейде мұндай факторларға қоректің жетіспеуі немесе жауларының көбеюі де жатады. Олардың өлімге тікелей ықпал ететіндігі айқын. Ұрықтануға ықпал ететін, жақсы зерттелген реттеуші екі механизмге ағзалардың тығыз қоныстануының физикалық салдары және аумақтық әрекеттері жатады.
8. 2 Аумақтық әрекет. Аумақтық әрекет немесе аумақтылық көптеген жануарлардың ортасында, сонымен қатар кейбір балықтарда, құстарда, сүт қоректілер мен басқа жәндіктерде ұшырасады. Бұл құбылыс әсіресе құстарда жақсы зерттелген. Бір аталық немесе аталық пен аналық жұп құрып, өздеріне ұялық аумақ белгілеп алып, оны сол түрдің басқа дарақтарының басып кіруінен қорғай алады. Дауыспен, ал кейде көзбен қыр көрсетудің көмегімен (мысалы, таңшымшықтың қызыл кеудесі сол үшін керек) құс өзінің аумақтың иесі екенін көрсетеді, әдетте мұндайда шақырылмаған «қонақтар», кейде бәсекелестер бір-біріне айтарлықтай залал келтірмейтін шағын «жоралық шайқастан» соң кетіп қалады. Бірақ бұл түрдің көршілес аумақтары олар үшін мүлдем дерлік жабылып қалмайды, бұл жерлер әдетте ата-аналық құстар мен олардың балапандарын қорекпен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етеді. Популяция өскенде жеке аймақтар көлемі кішірейе бастап, оларда жаңа құстардың аз ғана саны мекен ете алады, сондықтан олардың саны көбеймейді. Сонда мұндағы реттілік кеңістіктің шектелуімен байланысты болып тұр.
8. 3 Ағзалардың артық мекендеуі. Санды реттеудегі кеңістіктің үлкен роль атқаратын тағы бір формасы - бұл артық мекендеу әрекеттілігі. Егеуқұйрықтармен жүргізілген зертханалық тәжірибелер көрсеткендей, популяцияның артық мекендеуі белгілі бір мөлшерге жеткенде, тіпті қоректің жетіспеушілігі болмаса да, жануарлардың ұрықтануы кемиді. Жыныстық мінез-құлықтарға әсер ететін түрлі гармондық өзгерістер жүреді: шағылысуға қабілетсіздік, ұрықсыздық, түсіктер, ата-аналарының өз ұрпақтарын жеп қоюы жиі кездеседі. Ата-аналарының ұрпақтарына қамқорлығы кемиді де, төлдері ұяны тым жас кезінде тастап шығады, бұл олардың тірі қалу мүмкіншіліктерін төмендетеді. Жануарлардың агрессивтілігі өседі. Мұндай өзгерістер бірқатар сүтқоректілерге тән және ол зертханадан тыс, табиғи жағдайларда, мысалы, далалық табиғи популяцияларда өте алады.
Популяциялар арасындағы әрекеттестік. Тек бір ғана түрдің популяциялық динамикасын сирек зерттейді. Алуан түрлердің популяцияларының арасындағы өзара әрекеттестіктердің жақсы зерттелген бірқатар типтері бар (түраралық өзара әрекеттестік) . Берілген нәрлену деңгейінде бұл түраралық бәсекелестік , яғни алуан түрлер дарақтарының арасындағы ең жақсы ресурстар үшін, мысалы, қорек пен бос жер үшін бәсекелестік болуы мүмкін. Сондықтан да қауымдастықтар экологиясы үшін орталарды зерттеу маңызды.
9-лекция. Тақырыбы: Экожүйе туралы түсініктер.
Жоспары: 9. 1 Экожүйенің анықтамасы мен түсінігі.
9. 2 Экологиялық жүйелер түрлері.
9. 3 Экожүйедегі түраралық байланыстардың негізгі формалары (нейтрализм,
комменсализм, мутализм, жыртқыштық, паратизм) .
Лекция мақсаты: Экожүйенің анықтамасы мен түсінігін, экологиялық жүйелердің түрлерін оқытып үйрету.
Лекция мәтіні.
5. 1 Экожүйенің анықтамасы мен түсінігі.
Әртүрлі организмдер мен олардың тіршілік ету жағдайларының өзара байланысты болып келген жиынын экологиялық жүйе немесе экологиялық система - деп атайды. Экологиялық жүйе мысалына - өзен, көл, орман, шабындық және т. б. бірлестіктерді келтіруге болады. Мұндай жиын, қоғамдастық немесе бірлестіктерді, академик В. Н. Сукачев биогеоценоз - деп атауды ұсынды («био»-өмір, «гео»-жер, «ценоз»-қоғамдастық) .
Биогеоценоз - үнемі қозғалыста, дамуда, диалектикалық бірлестікте болатын, өзіндік ерекшеліктері бар, өзара байланыста және қоршаған орта мен зат, энергия алмасулары орын алатын, жер бетінің белгілі бөлігін қамтитын бірыңғай табиғат құбылыстары мен олардың жиыны (атмосфера, тау жыныстары, өсімдіктер әлемі, жан-жануарлар дүниесі және микроорганизмдер) .
«Экожүйе» және «биогеоценоз» түсініктері, ұғымы жөнінен өзара жақын болғанымен, олар синоним болып табылмайды. Экожүйе деген терминді 1935 жылы бірінші рет ұсынған ағылшын экологы А. Тенсли.
А. Тенсли анықтамасы бойынша, экожүйе дегеніміз - зат және энергия айналымы өз ішінде де, сыртпен де үздіксіз орын алатын, өлшемсіз, жанды және жансыз бөліктерден (компоненттерден) құралған тұрақты жүйелер. Экожүйеге - су тамшысы (ішіндегі микроб және микроорганизмдерімен қоса алғанда), орман т. б. жатады. Демек, экожүйе биогеоценоздан көптеген қасиеттері жағынан айрықшаланады.
Көршілес жатқан экологиялық жүйелер арасында, қалыптасқан белгілі байланыстар мен зат айналымы болып тұрады. Экологиялық жүйелер арасында бекітілген шекара болмаған соң, жеке жүйелердің ерекшеліктері бірте-бірте азайып, араласып, келесі жүйеге тән қасиеттермен ауысып жатады. Осындай, екі экологиялық жүйе арасындағы аймақты экотон деп атайды.
Экожүйенің биотикалық және абиотикалық бөліктерін толассыз жүріп жатқан материал алмасуы - қоректік заттар айналымы байланыстырады, ол үшін қажет энергияны Күн қамтамасыз етеді.
Экожүйе бірнеше биогеоценоздан құрала алады. Ал экожүйе, биогеоценоз бола алмайды. Ұғымы жағынан, экожүйе биогеоценозға қарағанда кең. Биогеоценоздың ең басты екі құраушысы бар. Олар: 1. Белгілі территория аралығында абиотикалық факторлар жиыны, яғни экотоп ; 2. Тірі организмдер жиыны - биоценоз .
5. 2 Экологиялық жүйелер түрлері.
Экологиялық жүйелер құрылықтық және сулы экожүйе болып екіге бөлінеді. Құрлықтағы экожүйе құрылымы көп қабатты болып келеді. Мысалы, орманды алсақ, онда ағаш тамырлары бір қабатты, ағаш бойы екінші қабатты, ал жоғарғы бұтақтары үшінші қабатты құрайды. Құстардың кейбірі жер бетінде ұя салса, енді бірі - ағаш басына, үшіншілері жар беткейлеріне ұя салады. Әрбір қабаттың және оны мекендейтін жан-жануарлар дүниесінің өзара тығыз байланыста екенін аңғару қиын емес. Осы горизонтальдық құрылым бөліктері ғылымда - синузия деп аталады.
Ормандарда ағаштардың түр-түрлері топ-топ болып өседі. Бұл жағдайды биогеоценоздың парцеллярлығы деп атайды және әрбір жеке парцеллярларға өзіндік синузиялы жануарлар тобы сәйкес келеді. Әр түрлі түрлер, бір жиында немесе қоғамдастықта біркелкі ұшыраспайды. Олардың бірі көп, енді бірі аздау кездеседі. Түрлер жиынын не қоғамдастығын құруда, бір түрдің басымдығын - жетекші (домикант) деп, ал осы түр арқасында тіршілік кешуші өзге түрлерді - предомиканттар деп атайды. Мысалы, орманды алсақ, ондағы ағаштар домикант болып табылады.
Биогеоценозда домиканттар тек қана басым болып қана қоймай, сонымен қатар, экологиялық факторлар режимін де айқындаса, онда бұларды - эдификаторлар деп атайды.
Су қоймаларын, негізінен екі түрге бөледі:
1. Тұрақты, орнықты су қоймалары немесе «лентис» («тыныш») ортасы. Бұл топқа - көл, тоғандар жатады.
2. Ағынды су көздері немесе «лотис» ортасы (ағынды) . Бұл топқа - өзен, бұлақтар жатады.
Су көздерінің көрсеткіштеріне әр түрлі шамалар кіреді: жылу сыйымдылық, булану және балқу жылулары, тығыздық, мөлдірлік, ауа өткізгіштік және т. б. кез келген лентис текті су қоймалары үш аймақтан тұрады. Литоральды аймақ - суы таяз және күн сәулесі су түбіне дейін түсе алатын қабат.
Күн сәулесінің, су қабатынан белгілі тереңдікке дейін өтетін аралығы лимникалық қабатты құрайды.
Лимникалық қабаттың төменгі жағы - теңгермелі горизонт деп аталады. Мұнда жарық энергиясының 1 %-ы ғана түседі. Күн сәулесі мүлдем түспейтін қабатты профундаль аймағы деп атайды. Су бойында тіршілік ететін организмдер төмендегіше болып топталады:
1. Бентостар (грек сөзі, «бентос»-тереңдік) - су түбінде өмір кешетін моллюскалар, өсімдіктер және т. б. ;
2. Перифитондар (грек сөзі, «перифитос»-айнала, жанында) - сабақты өсімдіктер жабысқан, су түбінен сәл жоғары тіршілік иелері (моллюска, гидра және т. б. ) ;
3. Планктон («планктос»-қалқыған) - су ағыны бойымен тік және горизонталь бағытта жүзе алатын организмдер. Планктон мөлшері өте кішкене. Бұларға өте майда шаян тәріздес магинкалар, балдырлар жатады.
4. Нектондар (грек сөзі, «нектос»-жүзгіш) - суда емін-еркін жүзетін организмдер. Бұлардың тобына - ірі насекомдар, балықтар, амфибиялар жатады.
5. Нейстон (грек сөзі, «нейстос»-жүзіп жүруші) - су бетінде жүзіп жүретін организмдер. Бұлардың тобына масалар жатады.
Өзен, бұлақ жүйелерінде, негізінен екі аймақты ерекше атайды: суы таяз өткелдер (перекаты) және суы терең иірімдер (плесы) .
Лотикалық (ағынды сулар) экологиялық жүйесінің лентикалық жүйеден айырмашылығы ағынды суларда (өзендер, бұлақтар, жыралар) оттек мол, судың температурасы үстінгі және астыңғы қабаттарда бірдей болады. Ағынды өзенді ағу тереңдігі жағынан бөлуге болады:
а) өзеннің саяз жерлері. Мұнда ағын қатты болғандықтан түбі таза, құм, топырақ, басқа тұнбалар аз болады. Тасқа, өзен түбіне жабысып күн көретін организмдер немесе ағынға қарсы жүзетін балықтар (форель, ақ марқа т. б. ) болады;
б) өзеннің терең жерлері. Мұнда ағынның күші азаяды, түбі құмды немесе топырақты болып, топырақты қазып немесе тереңде жүзіп күн көретін жануарлар болады. Тамыры арқылы өсетін өсімдіктер мен қалқып жүретін фито-зоопланктондарға өте қолайлы.
9. 3 Экожүйедегі түраралық байланыстардың негізгі формалары (жыртқыштық, паразитизм, мутализм, комменсализм, нейтрализм) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz