Қазақстан Республикасы ұлттық банкінің ақша-несие саясатын жетілдіру жолдары



Ж О С П А Р

КІРІСПЕ

І. ҰЛТТЫҚ БАНК . ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ БАНКІ

1.1. Ұлттық Банктің мақсаты, міндеті және құрылымы
1.2. Ұлттық Банктің негізгі қызметтері және операциялары
1.3. Орталық банктердің қызметінің шетелдік тәжірибелері

ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ АҚША.НЕСИЕ САЯСАТЫН ЖҮРГІЗУДЕГІ ЭКОНОМИКАҒА ТИГІЗЕТІН ӘСЕРІН ТАЛДАУ

2.1. Қазақстан Республикасының экономика жағдайын және даму динамикасын бағалау
2.2. Ұлттық Банктің ақша.несие саясатын жүргізудің негізгі көсеткіштерін экономикалық талдау
2.3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ақша.несие саясатын жүзеге асырудағы негізгі бағыттар

ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ АҚША.НЕСИЕ САЯСАТЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3.1. Инфляцияға әсер етуші монетарлы емес факторларды талдау ерекшелігі
3.2. Инфляциялық тәргеттеуді өндірудің дүниежүзілік тәжірибесі және оны Қазақстан Республикасына бейімделуі
3.3. Қазақстан Республикасының инфляциялық тәргеттеуге өтудің өтпелі кезеңі және енгізу жоспары

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Банктік жүйе - нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі.
Банктер нарықтық экономикаға басты қаржылық делдалдар болып табылады. Өз қызметінің үрдісінде, олар ақша нарығында тауар болатын, жаңа талаптар мен міндеттемелерді жасады. Клиенттердің салымдарын қабылдау арқылы банк депозит деген жаңа міндеттеме жасаса, ал қарызды беру арқылы қарыз алушыға жаңа талап қойды.
Банктік жүйесінің мақсаты мен міндеттері негізінен экономиканы жалпы басқарудан мақсаттары және міндеттерімен бірдей, әйтсе де банктер басқарудың кішігірім жүйелері ретінде экономиканы басқарудың жалпы мақсатына жетуді қамтамасыз ететін, өзіне тән жеке міндеттерін орындайды.
Экономиканы басқару процесінде банктер негізінен басқарудың экономикалық қатынастары ең алдымен мүдде ретінде көрініс алады, ал экономикалық мүдде өндірістің мақсаты, яғни оны қозғаушы фактор болып табылатын әдістемелерді пайдаланады. Мүддені осылай деп түсінуден келесі туындайды, яғни оларға қажеттіліктерді қанағаттандыру арқылы әсер етуге байланысты. Банктер басқарудың экономикалық әдістері мәселен, несиелеу арқылы, экономикалық әр түрлі буындарының қарыз қаражаттарындағы қажеттіліктерін әр түрлі несиелермен немесе қолма-қолсыз есеп айырысу арқылы экономиканың үздіксіз қызмет етуіндегі қажеттілігін қанағаттандырады, қоғамдық өнімнің тоқтаусыз қозғалысын қамтамасыз етеді.
2006 жылдың сәуір айында Елбасы елдің қаржылық жағдайын талдап, инфляциямен күрес, қазына және монетарлық саясат жайында жиналыс өткізді.
Былтырғы жыл қаржылық сектордың, еліміздің ең үдемелі дамыған экономиканың басты саласы ретінде көзге түскенін Президент атап өтті. Екінші деңгейлі банктердің активтерінің көрсеткіштері жалпы ішкі өнімнің қатынасында 2005 жылы 67 пайызды құрады, Бұл шығыс Еуропа елдеріне сәйкес көрсеткіш. Қазақстан Республикасы қаржы нарығындағы басқа көрсеткіштерімен де осы елдер қатарына қосылуына жақындап қалды. Осыған сәйкес елдегі инфляцияның қарқынын төмен деңгейде сақтап отыру, басты мақсат екенін Елбасымыз атап айтты [1].
Елбасы Қазақстан Республикасының Үкіметіне және Ұлттық Банкке инфляцияға қарсы нәтижелі іс-шараларды ұйымдастыруға тапсырыс берді. Ақша-несие саясатын одан әрі нығайту біздің елімізге қажетті.
Елдің экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін Ұлттық Банк экономикаға ақша ұсынысын теңгерімділік түрде көбеюін тізбектілік саясатын жүргізу керек.
2010ж. Қазақстан Республикасы өзінің жалпы ішкі өнімін 2000 жылға қарағанда екі есе көбейтуге жоспарлаған еді, бірак қазіргі таңда Қазақстан үшін оның екі еселенуі 2008 жылда болады деген сенім бар.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы, экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу бағытында құрылған экономикалық саясатының нәтижесі.
Бюджеттік, салықтық, кедендік және ақша-несиелік тетіктер арқылы мемлекет экономиканы реттеп отырады. Халық арасында бюджеттік, салықтық, кедендік тетіктер экономиканы реттеуде көп қолданыс таппайды, сондықтан нарықтық экономикасы дамыған елдерде реттеу ақша-несие тетігі арқылы, яғни қаржы нарығындағы басты реттеуші орган - Орталық банк арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының жетістігі Ұлттық Банктің қызметінің нәтижесі болып табылады. Ұлттық Банктік қызметі және жүргізіп отырған саясаты елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тигізетін әсері соншалықты, Парламент, Үкімет және шаруашылық жүргізуші субъектілердін мәжілісінде басты мәселе ретінде қарастырылады. Қандай құралдар және әдістер арқылы жүзеге асырылады. Экономикасы дамыған елдерде, мәселен Шығыс Еуропа мен АҚШ, қандай жаңаша әдістер қолданыс тапқаны. Сонымен қатар Ұлттық Банктің және Қазақстан Республикасының экономикасы дамыған және дамушы елдермен салыстырғанда қай белеске жеткенін талдау керек.
Ұлттық Банктің қызметін талдау мынадай макроэкономикалық көрсеткіштер арқылы көруге болады: инфляциның динамикасы, жалпы ішкі өнімнің динамикасы, мүнай өндеудің салыстырмалы динамикасы, шетел инвестицияларының адам басына шаққандағы таза ағымы, салалардың дамуын бағалау және өнім шығару.
Қазақстан Республикасының банк жүйесі, қаржы жүйесі көптеген қиын белестерден өтті, бірақ 2000 жылдан бастап макроэкономикалық көрсеткіштер өсе бастады, бұны жыл сайын өткізілетін несие рейтингтері көрсетті. Бұл рейтингтерді Standart and Poor’s, Moody’s Fitsh сияқты тәуелсіз компаниялар жүргізді. Осы рейтингтер бойынша Қазақстан Республикасының экономикасының дамуы басқа ТМД елдермен салыстырғанда 2 жылға озық дәрежеде болғанын көрсетті, бұны Ұлттық Банктің дұрыс жүргізген саясатының нәтижесі деп білуге болады.
Ұлттық Банктік Қазақстан Республикасының экономикасына тигізетін әсерін зерттеу дипломдық жұмыстың басты мақсаты болып табылады, өйткені халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеру және елбасымыздың жолдауы бойынша, Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясының негізі екенін көріп отырмыз.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауы 2наурыз 2006 ж.
2. Қазақстан Республикасының Конститутциясы
3. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі
4. «Банк және банк қызмет» туралы Қазақстан Республикасының
заңы 31 тамыз 1995 ж. №2444
5. ҚР Заңы ««Қазакстан Республиксының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау» 4 шілде 2003 года №474-ІІ;
6. «Ұлттық банк туралы» Қазақстан Республикасының заңы.
7. Ақша, несие, банктер: Оқулық/Жалпы редакциясын басқарған Ғ.С. Сейітқасымов. - Алматы: Экономика, 2001.
8. Семь задач для финансистов: Тезисы выступлений на IV конгрессе финансистов Президента РК Н. Назарбаева и Президента Всемирного Банка Д. Вултенсона/ А. Донских //Казахстанская правда. - Астана, 2004.- 16 нояб. - С. 1,2.
9. О неотложных мерах по стабилизации денежной системы: указ Президента РК // САПП. - 1998. - № 30. - С. 83
10. Проблемы экономического роста денежно-кредитной политики в Казахстане/ А.Умралиева // Транзитная экономика.-1998.-Ст.3.-С.94-99
11. Об объединении денежной системы Республики Казахстан с денежной системой Российской Федерации: соглашение // Бизнес клуб. - 1993. -№ 22. - С.3
12. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауы 2005 ж.
13. О взаимодействии денежно-кредитной, налоговой и бюджетной
политики/А.Зейнелгабдин//Вестник по налогам и инвестициям.-1998.-№5-6. - С. 35-37
14. О роли денежно-кредитной политики в предотвращении финансового кризиса в Казахстане/Ж.А.Кулекеев//Саясат.-1998.-№12.-С.20-25
15. Теңгеге тұрақтылық жарасады/Қ.Ильясова//Егемен Қазақстан.-16 қараша 2005ж.
16. Роль денежно-кредитной политики в оздоровлении экономики/Ж.Кулекеев // Банки Казахстана. - 1999. - № 2. - С. 2-5
17. Критические замечания по фундаментальным вопросам денежной политики/ С.Глазьев // Вопросы экономики. - 1999. - № 2. - С. 40-52
18. Денежно-кредитная политика/Н.Литвинова//АльПари.-1999.-№3.-С.3-5
19. Денежная масса и инфляция/ Райская Н. // Экономист. - 1999. - № 11.-С. 82-86
20. Монетарная политика и экономический рост в России: отдельные аспекты проблемы/ А.Ю.Симановский // Деньги и кредит. - 1999.-№11.- С. 14-24.
21. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» ММ ОҚФ 2005 ж. есебі
22. О денежно-кредитной политике и ходе реструктуризации банковской системы/ В.В.Геращенко // Деньги и кредит. - 2000. - - № 6. - С. 5-13.
23. О причинах денежного дефицита в переходной экономике/ О.Намозов // Деньги и кредит. - 2000. - - № 6. - С. 41-46.
24. О денежно-кредитной политике и ходе реструктуризации банковской системы./ В.В.Геращенко // Банковские технологии. - 2000. - № 9. - С.26-35.
25. Модель мультипликатора скорости денежного обращения/ Ю. Пулатов //Банки Казахстана. -2001.-№7. - С. 7-12.
26. Денежная масса, совокупный спрос и золотовалютные резервы/ Л.И. Абалкин//Деньги и кредит. - 2001. -№7. - С. 3-6.
27. Финансы, кредит и денежное обращение в развитых странах/М.Игнацкая // Экономист. - 2001. - № 12. - С. 66-77.
28. Новая модель национальной денежно-финансовой системы Республики Казахстан / У. Баймуратов // Транзитная экономика. - 2001. - №5-6. - С.102-113.
29. Государственные и муниципальные ценные бумаги: проблемы бюджетного дефицита и формирования механизма денежно-кредитной политики/ Д. Шибутов // Транзитная экономика. - 2002. - №1. - С. 104-109.
30. «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» ҚР 2005 жылғы 13 маусымындағы N 57 Заңы
31. Рұқсаттан хабарлама / Налаева С/ Егемен Қазақстан/ 15 қараша 2005 ж. - 66.
32. Эмиссия денег и валютное регулирование в сфере денежного обращения/ Ф.С. Карагусов // Финансовый эксперт. - 2002.-
Пилотный номер, май. - С. 13-16. ; № 1. - С. 26-31.
33. Устойчивая денежно-кредитная система- важный инструмент
обеспечения финансовой безопасности / Т. Маглакелидзе // Деньги и
кредит. - 2002. - №6. - С. 53-56.
34. Ноты как инструментарий денежно-кредитной политики
Национального Банка / С. Ниеткалиев, Б. Кулатаев // Рынок ценных
бумаг Казахстана. - 2002. - №7. - С. 36-42.
3 5. Обеспечение экономики денежной ликвидностью в Казахстане (монетизация экономики) / Н.А. Нурсеит // Банки Казахстана. - 2002. -№9.- С. 5-13 ;№ 10.- С. 19-31.
36. Особенности денежно-кредитной политики РК в условиях либерализации валютного режима / С.Б. Жунуспеков, А. Калиева/Банки Казахстана. - 2002. - № 10. - С. 41-44.
37. Қазақстан Республикасы Улттық Банкінің ақша-несие саясатының 2005-2007 жылдарға арналған негізгі бағыттары
38. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының 2006-2008 жылдарға арналған негізгі бағыттары.
39. Инфляция. Немонетарные факторы/ В.Назаров/ Казахстанская правда/19мая2006ж.
40. Показатели инфляции в Европе // КОРИНФ. - М., 2003. - № 47. - С. 7-8.41.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   
Ж О С П А Р

Кіріспе

І. Ұлттық банк – Қазақстан Республикасының орталық банкі

1.1. Ұлттық Банктің мақсаты, міндеті және құрылымы
1.2. Ұлттық Банктің негізгі қызметтері және операциялары
1.3. Орталық банктердің қызметінің шетелдік тәжірибелері

ІІ. Қазақстан республикасының ұлттық банкінің ақша-несие саясатын
жүргізудегі экономикаға тигізетін әсерін талдау

2.1. Қазақстан Республикасының экономика жағдайын және даму динамикасын
бағалау
2.2. Ұлттық Банктің ақша-несие саясатын жүргізудің негізгі
көсеткіштерін экономикалық талдау
2.3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатын
жүзеге асырудағы негізгі бағыттар

ІІІ. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатын жетілдіру
жолдары

3.1. Инфляцияға әсер етуші монетарлы емес факторларды талдау ерекшелігі

3.2. Инфляциялық тәргеттеуді өндірудің дүниежүзілік тәжірибесі және оны
Қазақстан Республикасына бейімделуі
3.3. Қазақстан Республикасының инфляциялық тәргеттеуге өтудің өтпелі
кезеңі және енгізу жоспары

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Банктік жүйе - нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас
құрылымдарының бірі.
Банктер нарықтық экономикаға басты қаржылық делдалдар болып табылады.
Өз қызметінің үрдісінде, олар ақша нарығында тауар болатын, жаңа талаптар
мен міндеттемелерді жасады. Клиенттердің салымдарын қабылдау арқылы банк
депозит деген жаңа міндеттеме жасаса, ал қарызды беру арқылы қарыз алушыға
жаңа талап қойды.
Банктік жүйесінің мақсаты мен міндеттері негізінен экономиканы жалпы
басқарудан мақсаттары және міндеттерімен бірдей, әйтсе де банктер
басқарудың кішігірім жүйелері ретінде экономиканы басқарудың жалпы
мақсатына жетуді қамтамасыз ететін, өзіне тән жеке міндеттерін орындайды.
Экономиканы басқару процесінде банктер негізінен басқарудың
экономикалық қатынастары ең алдымен мүдде ретінде көрініс алады, ал
экономикалық мүдде өндірістің мақсаты, яғни оны қозғаушы фактор болып
табылатын әдістемелерді пайдаланады. Мүддені осылай деп түсінуден келесі
туындайды, яғни оларға қажеттіліктерді қанағаттандыру арқылы әсер етуге
байланысты. Банктер басқарудың экономикалық әдістері мәселен, несиелеу
арқылы, экономикалық әр түрлі буындарының қарыз қаражаттарындағы
қажеттіліктерін әр түрлі несиелермен немесе қолма-қолсыз есеп айырысу
арқылы экономиканың үздіксіз қызмет етуіндегі қажеттілігін
қанағаттандырады, қоғамдық өнімнің тоқтаусыз қозғалысын қамтамасыз етеді.
2006 жылдың сәуір айында Елбасы елдің қаржылық жағдайын талдап,
инфляциямен күрес, қазына және монетарлық саясат жайында жиналыс өткізді.
Былтырғы жыл қаржылық сектордың, еліміздің ең үдемелі дамыған
экономиканың басты саласы ретінде көзге түскенін Президент атап өтті.
Екінші деңгейлі банктердің активтерінің көрсеткіштері жалпы ішкі өнімнің
қатынасында 2005 жылы 67 пайызды құрады, Бұл шығыс Еуропа елдеріне сәйкес
көрсеткіш. Қазақстан Республикасы қаржы нарығындағы басқа көрсеткіштерімен
де осы елдер қатарына қосылуына жақындап қалды. Осыған сәйкес елдегі
инфляцияның қарқынын төмен деңгейде сақтап отыру, басты мақсат екенін
Елбасымыз атап айтты [1].
Елбасы Қазақстан Республикасының Үкіметіне және Ұлттық Банкке
инфляцияға қарсы нәтижелі іс-шараларды ұйымдастыруға тапсырыс берді. Ақша-
несие саясатын одан әрі нығайту біздің елімізге қажетті.
Елдің экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін Ұлттық Банк экономикаға
ақша ұсынысын теңгерімділік түрде көбеюін тізбектілік саясатын жүргізу
керек.
2010ж. Қазақстан Республикасы өзінің жалпы ішкі өнімін 2000 жылға
қарағанда екі есе көбейтуге жоспарлаған еді, бірак қазіргі таңда Қазақстан
үшін оның екі еселенуі 2008 жылда болады деген сенім бар.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы, экономиканы
мемлекеттік қаржылық реттеу бағытында құрылған экономикалық саясатының
нәтижесі.
Бюджеттік, салықтық, кедендік және ақша-несиелік тетіктер арқылы
мемлекет экономиканы реттеп отырады. Халық арасында бюджеттік, салықтық,
кедендік тетіктер экономиканы реттеуде көп қолданыс таппайды, сондықтан
нарықтық экономикасы дамыған елдерде реттеу ақша-несие тетігі арқылы, яғни
қаржы нарығындағы басты реттеуші орган - Орталық банк арқылы жүзеге
асырылады.
Қазақстан Республикасының жетістігі Ұлттық Банктің қызметінің нәтижесі
болып табылады. Ұлттық Банктік қызметі және жүргізіп отырған саясаты елдің
әлеуметтік-экономикалық дамуына тигізетін әсері соншалықты, Парламент,
Үкімет және шаруашылық жүргізуші субъектілердін мәжілісінде басты мәселе
ретінде қарастырылады. Қандай құралдар және әдістер арқылы жүзеге
асырылады. Экономикасы дамыған елдерде, мәселен Шығыс Еуропа мен АҚШ,
қандай жаңаша әдістер қолданыс тапқаны. Сонымен қатар Ұлттық Банктің және
Қазақстан Республикасының экономикасы дамыған және дамушы елдермен
салыстырғанда қай белеске жеткенін талдау керек.
Ұлттық Банктің қызметін талдау мынадай макроэкономикалық көрсеткіштер
арқылы көруге болады: инфляциның динамикасы, жалпы ішкі өнімнің динамикасы,
мүнай өндеудің салыстырмалы динамикасы, шетел инвестицияларының адам басына
шаққандағы таза ағымы, салалардың дамуын бағалау және өнім шығару.
Қазақстан Республикасының банк жүйесі, қаржы жүйесі көптеген қиын
белестерден өтті, бірақ 2000 жылдан бастап макроэкономикалық көрсеткіштер
өсе бастады, бұны жыл сайын өткізілетін несие рейтингтері көрсетті. Бұл
рейтингтерді Standart and Poor’s, Moody’s Fitsh сияқты тәуелсіз компаниялар
жүргізді. Осы рейтингтер бойынша Қазақстан Республикасының экономикасының
дамуы басқа ТМД елдермен салыстырғанда 2 жылға озық дәрежеде болғанын
көрсетті, бұны Ұлттық Банктің дұрыс жүргізген саясатының нәтижесі деп
білуге болады.
Ұлттық Банктік Қазақстан Республикасының экономикасына тигізетін
әсерін зерттеу дипломдық жұмыстың басты мақсаты болып табылады, өйткені
халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеру және елбасымыздың жолдауы
бойынша, Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына
кіру стратегиясының негізі екенін көріп отырмыз.

I. ҰЛТТЫҚ БАНК - ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ОРТАЛЫҚ БАНКІ

1.1 Ұлттық Банктің мақсаты, міндеті және құрылымы

Қазақстан Республикасының екі деңгейлі банк жүйесі бар. Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының орталық банкі болып
табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғары деңгейін
білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму банкін
қоспағанда, барлық өзге банктер төменгі деңгейдегі банктер болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқа елдердің орталық
банктерімен, халықаралық банктермен және өзге де қаржы-несие ұйымдарымен
қарым-қатынастарда өз өкілеттігі шегінде Қазақстан Республикасының мүддесін
білдіреді [2].
Қазақстанның Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Президентіне есеп
береді, алайда өзіне заңмен берілген өкілеттіктер шегінде өз қызметінде
тәуелсіз. Қазақстанның Ұлттық Банкі өз қызметін Қазақстан Республикасының
Үкіметімен үйлестіріп отырады, өз қызметінде Үкіметтің экономикалық
саясатын ескереді және егер бұл оның негізгі функцияларын орындау мен ақша-
несие және валюта саясатын асыруға қайшы келмесе, оны іске асыруға
жәрдемдеседі. [3].
Ұлттық Банктің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында бағалардың
тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Негізгі мақсатты іске асыру
үшін Қазакстанның Ұлттық Банкіне мынадай міндеттер жүктеледі:
- мемлекеттік ақша-несие саясатын әзірлеу және жүргізу;
- төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;
- қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал ету.
Сонымен бірге, Ұлттық Банк:
- айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу арқылы бағалы
қағаздарды эмиссиялайды, Қазақстан Республикасының аумағында банкноттар мен
монеталардың жалғыз эмитенті болып табылады;
- банктер үшін соңғы сатыдағы кредитор болып табылады;
- банктің, қаржы кеңесшісінің, Үкімет агентінің функциясын
жүзеге асырады;
- төлем жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастырады;
- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге
де функцияларды, өкілеттіктерді және құқықтарды жүзеге асырады [4].
2004 жылдан бастап Еуроодақ стандарттарына және шарттарының Ұлттық
Банктің айырбастау бағамы бойынша бағдарлардан бағалардың тұрақтылығын
қамтамасыз ету саясатындағы акценттердің орнын ауыстыру болып табылатын
инфляциялық тәргеттеу принциптеріне жариялы көші шеңберінде Ұлттық Банк
бағдарларды инфляция бойынша ғана белгілейтін болады. Ақша-несие саясатын
жүзеге асыру барысында туындауы мүмкін кез-келген басқа міндеттер мен
бағдарлар екінші кезектегілер болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсанындағы
Жарлығымен қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен
қадағалауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және
қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі
мемлекеттік мекемесін бөліп шығару арқылы Ұлттық Банк қайта ұйымдастырылды.
Қаржы нарығының барлық қатысушыларын қадағалау үшін жеке реттеуші орган
құру қаржы нарығын реттеуді дамытудағы маңызды қадам болып табылады.
Реттеудің мұндай схемасы қаржы секторьш, қаржы құралдарын және қаржылық
делдалдық қызмет көрсетуді дамыту үшін едәуір тиімді екендігін әлемдік
практика көрсетіп отыр [5].
¥лттық Банктің құрылымына мыналар кіреді:
- 10 департаменттен, 140 жеке басқармадан және 1 жеке бөлімнен тұратын
орталық аппарат;
- 16 аумақтық филиал және Алматы қаласындағы бір филиал — Кассалық
операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы;
- Ұлттық Банктің Ресей Федерациясындағы өкілдігі;
- 5 есеп беретін ұйым.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп
айырысу орталығы шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық
мемлекеттік кәсіпорны;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банктік сервис
бюросы шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік
кәсіпорны;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге
сарайы шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік
кәсіпорны;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот
фабрикасы шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік
кәсіпорны;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін
қамтамасыз ету орталығы шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық
мемлекеттік кәсіпорны.
Ұлттық Банк:
- Қазақстанның салымдарға кепілдік беру қоры;
- Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры;
- Қазақстанның Актуарлық орталығы;
- Қазақстанның ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры акционерлік
қоғамдарының құрылтайшысы және Процессинг орталығы жабық
акционерлік қоғамы құрылтайшыларының бірі болып табылады.
- МЖЗҚ жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлік
қоғамы акционерлерінің бірі болып табылады.
Ұлттық Банкінің басқару құрылымьт мен қызметін ұйымдастырудың басқа да
мәселелері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы заңы және
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ережесі негізінде
анықталады (сурет 1).
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің басқару құрылымы

Ескерту: Ақша, несие, банктер: окулықЖалпы редакциясын басқарған
Ғ.С.Сейітқасымов. - Алматы: Экономика, 2001.

Сурет 1

Ұлттык Банкінің ең жоғарғы басқару органы Ұлттық Банк төрағасымен
басқарылатын басқарма болып табылады. Басқарма 9 адамнан тұрады. Оның
құрамына - Ұлттық Банк төрағасы, оның 4 орынбасары, Парламент пен
Президенттің бір-бір өкілі және Қазақстан Министрлер Кабинетінің екі өкілі
кіреді. Басқарма мүшелері Қазақстан Республикасының Президентімен
бекітіледі.
Басқарма мәжілісі қажет кездерде немесе айына бір рет өткізіледі.
Ұлттық Банк төрағасы Қазақстан Республикасының Президентінің ұсынуымен
алты жылға сайланады.
Ұлттық Банк төрағасы Ұлттық Банк атынан және сенімхатсыз мемлекеттік
органдармен, банктермен, несиелік, халықаралық және баска ұйымдармен
катынастарда жұмыс істейді.
Ұлттық Банк төрағасы басқарманы, директорлар кеңесінің қызметін
басқарады және Ұлттық Банкіге жүктелген жұмыстар үшін жауап береді. Ұлттық
Банкінің жедел басқару органы - Директорлар кеңесі, ол Ұлттық Банк
төрағасымен басқарылады.
Директорлар кеңесі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы
Заңға сәйкес Ұлттық Банкінің қарауындағы басқа басқа мәселелер бойынша
шешім қабылдайды. Оның құрамына - төраға, оның орынбасарлары және
департамент директорлары кіреді.
Ұлттық Банк өзінің негізгі кызметтерін жергілікті өзінің облыстық
басқармалары, Алматы бас филиалы арқылы жүзеге асырады. Олар филиалдың
құқықтарын пайдаланады және Ұлттық Банк атынан қызмет етеді.

1.2 Ұлттық Банктің негізгі қызметтері және операциялары

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі -Үкіметтің бас банкирі, қаржы
кеңесшісі және агенті. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк туралы
Заңында былай жазылған: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан
Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы
банк жүйесінің жоғары (бірінші) деңгейін білдіреді.
Қазакстан Ұлттық Банкі басқа елдердің орталық банктерімен және басқа
банктермен карым-қатынаста, халықаралық банктер мен баска да қаржы-несие
ұйымдарында өз құзыреті шеғінде Қазақстан Республикасының
мүддесін білдіреді.
Қазақстан Ұлттық Банкі өз міндеттерін орындау кезінде пайда табу
мақсатын басшылыққа алмауға тиіс.
Коммерциялық және басқа да несиелік мекемелер өз клиенттеріне
-шаруашылық субъектілері мен халыққа не жасаса, Ұлттық Банкіде соны
жасайды. Оның клиенттері - коммерциялық банктер және басқа да несиелік
мекемелер. Осыдан келіп, Ұлттык Банкіні банктердің банкі деп атайды.
Ұлттық Банк банктердің банкі қызметін атқару үшін:
- коммерциялық банктердің резервтерін сақтайды;
- коммерциялық банктерге қысқа мерзімді қажеттіліктеріне
байланысты қысқа мерзімді қарыздар береді;
- жалпы ұлттық ауқымда қолма-қолсыз есеп айырысуларды жүзеге асырады;
- банктердің қызметіне қадағалау және бақылау жүргізеді.
Қазакстанның Ұлттык банкі:
-Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізеді,
банкноттар мен тиындардың Қазақстан Республикасының аумағындағы
бірден-бір эмитенті болып табылады, бағалы қағаздар эмиссиясын жасайды.
Қазакстан Үлттык Банкі эмиссия жасайтын бағалы қағаздар мемлекеттік
бағалы қағаздар болып табылады және олар жөнінде Қазақстан Ұлттық Банкі
міндеттемелер алады;
- Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісім бойынша Қазақстан
Республикасы Үкіметінің мемлекеттік карыздарына кызмет
көрсетуге
катысады және Қазақстан Ұлттық Банкінің мемлекеттік қарыздарына қызмет
көрсетеді;
- банктерге, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының шешімі
бойынша Қазақстан Ұлттық Банкінде банк шоттарын ашқан заңды тұлғаларға
несие беруге құқылы. Банктер үшін соңғы сатыдағы кредитор
болып табылады;
Қазақстан Ұлттық БанкінІң Басқармасы белгілейтін тәртіппен және
шартпен банктердің және басқа үйымдардан алған несиелерІ бойынша
Қазақстанның Ұлттық Банкі алдындағы борыштарын қайта құрылымдауға құқылы;
- банк операцияларының мынадай түрлерін жүргізу тәртібін айқындайды:
банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын үйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және
жүргізу; жеке және заңды түлғалардың металл шоттарын ашу және
жүргізу, оларда осы тұлғаға тиесілі тазартылған бағалы металдардың
және бағалы металдардан жасалған монеталардың нақты мөлшері
көрсетіледі; кассалық операциялар; аударымдық операциялар; есепке алу
операциялары; банкаралық клиринг; төлем карточкаларын шығару;
банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау; шетел
валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру; аккредитив ашу (ұсыну)
және растау мен ол бойынша міндеттемелерді орындау, сондай-ақ чек
кітапшаларын шығару тәртІбін айқындайды;
- Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген жағдайларда
қаржы нарығы мен қаржылық үйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі
уәкілетті мемлекеттік органға (бүдан әрі - уәкілетті
орган) банк
операцияларының және банктер үшін сейф операцияларының
жекелеген
түрлері бойынша уәкілетті органның лицензия беру мүмкіндігі
туралы
қорытынды береді, сондай-ақ осындай қорытынды берудің
тәртібін
айқындайды;
- қаржы нарығындағы сыйақының нарықтық ставкаларына ықпал етуді жүзеге
асырады;
- Қазақстан Республикасында ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру
тәртібін, жүйесі мен нысанын белгілейді,
банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдар арасында Қазақстан теңгесімен ақша аударымдарының
уақтылы және кідіріссіз жүргізілуін камтамасыз ететін
төлем жүйелерінің жұмыс істеуін ұйымдастырады, сондай-ақ
қадағалауды жүзеге асырады, банктердің, банк операцияларының жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың өздері пайдаланатын
автоматтандырылған жүйелер мен банк ақпаратын қорғаудың сенімді,
қауіпсіз болуын қамтамасыз ету жөніндегі ең төменгі талаптарын
белгілейді;
-банк операцияларын жүзеге асырған кезде электрондық банк қызметін
көрсету ережелерін белгілейді;
- Қазақстан Республикасында валюталық реттеу мен валюталық
бақылауды жүзеге асырады және валюта операцияларының барлық түрлерін
жүргізуге кұқылы;
-қызметінің бірден-бір түрі шетел валютасымен айырбас операцияларын
ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларға валюталық операциялар
жүргізуге, қолма-қол шетел валютасында бөлшек сауданы жузеге асыруға және
қызмет көрсетуге, сондай-ақ шетел валютасымен айырбастау операцияларын
ұйымдастыруға лицензиялар береді;
- банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға:
банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялауға; банкаралық
клирингке; төлем карточкаларын шығаруға лицензиялар
береді;
- Қазақстан Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде
инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың,
сондай-ақ қызметінің бірден-бір түрі шетел валютасымен айырбас
операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық
капиталының ең төменгі мөлшерін және қалыптастыру тәртібін белгілейді;
-қызметінің бірден-бір түрі шетел валютасымен айырбас операцияларын
ұйымдастыру больш табылатын заңды тұлғаларға әділет органдарында
мемлекеттік тіркелуге рұқсат береді;
-банк қызметі, ақша төлемдері мен аударымдары, заң
актілерімен белгіленген өкілеттік шегінде валюталық операцияларды
жүзеге асыру мәселелері бойынша барлық банктердің, банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және олардың клиенттерінің
міндетті түрде орындауына жататын нормативті құқықтық актілер шығарады,
сондай-ақ олардың сақталуын қадағалауды жүзеге асырады;
-барлық қаржы ұйымдары орындауға міндетті бухгалтерлік есепке алу
және операцияларды автоматтандыру жүйелері мәселелері
жөніндегі
нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ Қазақстан
Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде банк операцияларының жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан
Республикасының
бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік туралы
заңдарының
талаптары мен бухгалтерлік есепке алу стандарттарын сақтауын бақылауды
жүзеге асырады;
- операцияларды автоматтандыру жүйелеріне қойылатын талаптарды
барлық қаржы ұйымдарының сақтауын бақылауды, оның ішінде уәкілетті органның
қызметкерлерін тарта отырып тексерулер арқылы бақылауды жүзеге
асырады;
-арнайы қаржы компанияларының орындауы үшін міндетті бухгалтерлік
есеп, қаржылық есептілік және операцияларды автоматтандыру жүйелері
мәселелері бойынша нормативтік құкықтық актілерді әзірлейді және бекітеді,
сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және
қаржылық есептілік, бухгалтерлік есеп стандарттары туралы заңнаманы,
сондай-ақ операцияларды автоматтандыру жүйелеріне қойылатын талаптарды
сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
-бухгалтерлік есепке алу және каржылык есептілік жүйелерін реттеу
жөніндегі уәкілетті органмен келісе отырып халықаралық қаржылық
есептілік стандарттарымен реттелмеген және оларға қайшы
келмейтін
мәселелер бойынша бухгалтерлік есептілік стандарттарын, сондай-ақ оларға
әдістемелік ұсыныстарды әзірлейді және бекітеді;

- уәкілетті мемлекеттік органның құзыретіне кіретін мәселелер жөнінде
онымен келісе отырып, статистикалық есеп беру тізбесін,
нысандарын, мерзімдерін белгілейді;
- уәкілетті органмен келісім бойынша барлық қаржы ұйымдарының және
Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда
олардың аффилиирленген тұлғалары қаржылық есептілігінің халықаралық
стандарттарға сәйкес келетін тізбесі мен нысандарын, сондай-ақ табыс
ету
мерзімдері мен тәртібін белгілейді;
- валюталық реттеу мен бақылау мәселелері бойынша есептілік тәртібін,
нысандарын және табыс ету мерзімдерін белгілейді;
- банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзету мен
жайластыруды ұйымдастыру жөнінде орындалуға міндетті талаптарды
тиісті уәкілетті органдармен келісім бойынша белгілейді;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің келісімі бойынша, ақша төлемдері
мен аударымдары реттеу мақсатында, егер заң
актілерінде өзгеше көзделмеген болса, банктердің, банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге асыратын үйымдардың және барлық
шаруашылық жүргізуші субъектілердің банк шоттары бойынша жүзеге
асыратын төлемдердің кезегін белгілеуге қүқылы;
- Қазақстан Ұлттық Банкі өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыруына
жәрдемдесетін және (немесе) қаржы нарығының инфрақұрылымының бір
бөлігі болып табылатын ұйымдарды құруға және олардың
қызметіне қатысуға құқылы;
- қолма-қол банкноттар мен тиындарды есепке алу, сақтау, тасымалдау
және инкассациялау тәртібін белгілейді, банкноттар мен
тиындарды сақтауды, тасымалдауды және инкассациялауды қамтамасыз
етуге қатысады, банкноттар мен тиындардың резервтегі
мемлекеттік қорын құрайды;
- Қазақстан Республикасы банктерінің жиынтық балансы мен өз балансын
жасайды және оны үнемі жариялап отырады;
- елдің есептік төлем балансын, халықаралық инвестициялық ұстанымын
және жалпы сыртқы борышын бағалауды қалыптастырады, төлем
балансының қысқа мерзімді, орташа мерзімді және ұзақ мерзімді болжамды
бағаларын әзірлеуге қатысады, валюталық операцияларды тіркеуді және
мемлекеттік кепілдіктері жоқ мемлекеттік емес сыртқы заемдар бойынша
шарттардың мониторингін жүзеге асырады [6].

1.3 Орталық банктердің қызметінің шетелдік тәжірибелері

Неміс федералдық банкі (Дойче Бундесбанк) 1957 жылы 26 шілдеде шықкан
заң негізінде құрылған. Оның алдында Рейхсбанк (1875ж.) пен неміс жер
банкі (1948ж.) болған. Банк капиталы — 290 млн. Неміс
маркасы толығымен мемлекетке тиесілі. Бас кеңесі Франфурт-на Майне
қаласында орналасқан. Банк жүйесіне жергілікті 11 орталық банкі және 195
бөлімшелер мен агенттіктер кіреді. Басқару органдары: кеңес, директорат,
баскарма.
Кеңес - ақша-несие саясатының қалыптасуына жауапты негізгі орган болып
табылады. Кеңесті президент баскарады, кеңеске вице-президент мүшелері және
жергілікті орталық банктердің барлық президенттері кіреді.
Директорат - жоғары атқарушы орган. Ол кеңестің шешімдерін жүзеге
асырады және басқа мемлекеттік ведомствалармен байланыс орнатады, ашык
нарыктағы операцияларды, валюталык операцияларды жүзеге асырады.
Жер орталық банктері - Неміс федералдық банкінің жергілікті
басқармасы. Ол өзінің барлық қызметтерін осы банктер арқылы жүзеге асырды.
Бұл дүние жүзіндегі ең тәуелсіз банк болып табылады, ол тек заңдарға
бағынады. Бірақ банкі капиталының 100%-ы Қаржы министрлігіне қарағанмен,
Қаржы министрлігі банктің қызметіне араласуына күқығы жоқ.
Ағылшын банкі - дүние жүзіндегі көне және беделдІ орталық банктерінің
бірі. Негізінен 1694 жылы қүрылған. 1946 жылы жеке иемденушілерден
акцияларды міндетті түрде сатып алу аркылы лейбористермен
ұлтшылдандырылған. 1971 жылға дейін Бұл банк елдегі несиелеу процесін,
коммерциялық банктердің карыздары бойынша есептік мөлшерлемесін өзгерту
арқылы бақыланған.
Одан бөлек, банктер кассалық активтер коэффициентін касса және Ағылшын
банкі шоттардағы қалдықтарды актив сомасының 8% мөлшерінен төмен емес
деңгейде және өтімділік коэффициент ұстану арқылы орындау керек болатын.
Өтімділік коэффициценті, яғни өтімді активтер портфелі активтердің жалпы
сомасының 28%-нан төмен болмау керек.
1971 жылдан кейін коэффициенттер алынып тасталынды. Қарыздар бойынша
банкілік мөлшерлемелер енді Ағылшын банкісінің есептік мөлшерлемесіне
байланысты қойылмай, әр банк жеке жария ететін базалық мөлшерлемесі
негізінде анықталынды.
Коммерциялық банктер үшін резервтік активтер коэффициенті қысқа
мерзімді депозиттердің 12,5% мөлшерінде белгіленді. Бұдан басқа, банктер
Ағылшын банкіндегі пайызсыз шотта өзінің кысқа мерзІмді депозиттерінің 0,5%
мөлшеріндегі сомасын сақтауы керек.
Ағылшын банкі екі департаментке бөлінген - эмиссиялық және банктік.
Эмиссиялық департамент банктің портфеліндегі мемлекеттік бағалы
қағаздарды қоя отырып, банкноталарды шығарумен айналысады. Ал банктік
департамент өзінің шоттарындағы банктік депозиттер есебінен
коммерциялық банктерді есептік мөлшерлеме бойынша несиелейді.
Жапон банкі 1882 жылы құрылған. Қазіргі Жапон банкі туралы Заң 1942
жылы ақпанда қабылданған. Ол үкімет мекемесі болып есептелінеді, бірак
жарғы капиталының 55%-ы мемлекетке тиесілі. Банкті басқарма басқарады. Ол
орталық банктің барлык кызметтерін атқарады.
АҚЩ-тың федералдық резервтік жүйесі өзінің мәні жағынан басқа елдердің
орталық эмиссиялық банктеріне балама болып келеді, бірақ оның
ұйымдастырылуына осы елдің федералдык саяси жүйесінің негізі жатыр.
Федералдық резервтік жүйе өзінің кұрылымы мен басқару қағидалары
бойынша басқа елдердің орталық банктерінен өзгешеленеді. Федералдық
резервтік жүйені кұру кезінде ескерілген негізгі критерийлердің бірі
-жергілікті банктердің мүддерлерімен санасу және басқарудың шамадан тыс
орталықтандырылуын болдырмау. Осыдан федералдық резервтік жүйенің құрылымы
шығады: Орталық банк бір мекемеден ғана кұралмайды, ол Вашингтондағы
Басқарушылар кеңесінің басшылығымен 12 регионалды резервтік банктерден
тұрады. Федералдық резервтік жүйенің құқықтық мәртебесі де ерекше: АҚШ
үкіметімен және бүкіл мемлекеттік мекемелер жүйесімен тығыз байланыста бола
тұрып, федералдық резервтік банктер формалды түрде мемлекеттік болып
саналмайды. Өйткені олардың капиталдары коммерциялық банктердІң үлеожарна
пұлдары есебінен құралған. Осыған қарамастан федералдық резервтік жүйе
өзінің жетекші органдарының кұрамы, қызметтері принциптері және
жүргізілетін саясатының критерийлері бойынша АҚШ-тың басты үкіметтік
мекемелерінің қатарына жатады.
Федералдық резервтік жүйе үш деңгейлі жұмыс органдарынан тұрады
-Басқарушылар кеңесі; 12 федералдык резерв банктері; 6 мыңға жуық
федералдық резервтік жүйенің мүше банктері. Одан басқа федералдық резервтік
жүйеге екі комитет кіреді: ашық нарықтық Федералдык комитеті және
Федералдық консултативтік кеңес.
Барлық ақша және банк жүйелерінің өзегі - федералдық резервтІк жүйенің
Басқарушылар кеңесі. Ол елдегі ақша және банк жүйелерін жалпы басқаруға
және жүмысын бақыласуға жауапты. Кеңестің жеті мүшесін конгрестің
мақұлдауымен президент тағайындайды. Өкілеттік мерзімі - 14 жыл, әр екі
жылда Кеңестің бір мүшесі ауысады. Бұл кеңес жүйелі түрде жүмыс істеуі
үшін, жоғары маман мүшелері болуы, тэуелсіз болуы тиіс.
Басқарушылар Кеңесі ақша-несие саясатының негізгі мэселелерін шешеді
және оларды жүзеге асыруға қажетті өкілеттігі бар. 12 федералдық резервтік
банктердің үш негізғі белгісІ болады:
1) олар орталық банктер болып саналады;
2) квази-қоғамдық банктер болып есептелінеді;
3) банктердің банкісі.
АҚШ аумағы 12 федералдық резервтік банктерге бөлінген. Осылар аркылы
Басқару кеңесінің негізгі саясаттары жүзеге асырылады. Бұлардың ішіндегі ең
маңыздысы — Нью-Иорк қаласының Федералдық Резервтік банкісі.
Бұл банктер квази коғамдық банктер болып табылады, яғни олар жеке
меншіктің және қоғамдык бақылаудьщ нысанын бейнелейді. Олар коммерциялық
банктердің меншігінде болғанымен, мемлекетпен, яғни Басқарушылар кеңесімен
басқарылады.
Федералдық резервтік банктер - банктердің банкі, өйткені олар
орталық банктің барлық қызметін орындайды.
Федералдық резервтІк жүйенің жүмысына АНФК маңызды роль атқарады. Ол
ақша және қаржы нарығы арқылы коньюктураға әсер етудің негізгі
оперативті органы болып табылады. Ол федералдық резервтік жүйе есебінен
мемлекеттік облигацияларды сатып алу-сатуды жүргізу бойынша инструкциялдар
береді. Федералдық консультациялық кеңес коммерциялық банктердің 12 танымал
басшыларынан тұрады. Ол Баскарушылар кеңесімен кездесулер жүргізіп, банктік
саясат туралы өз ойларын айтып отырады.
Жеке коммерциялық банктермен күнделікті оперативтік байланысты 9
директордан түратын басқарма жүзеге асырады. Басқармада ірі банктер және
өнеркәсіптік компаниялар бар. Федералдық резервтік банктерінің негізгі
қызметін: ақша эмиссиясы, банктердің міндетті резервтерін сақтау,
коммерциялық банктерді несиелеу, АҚШ қазыналығына қаржылық қызмет көрсету
және т.б. атқарады [7].
II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІНЩ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫН
ЖҮРГІЗУДЕГІ ЭКОНОМИКАҒА
ТИГІЗЕТШ ӘСЕРІ

2.1. Қазақстан Республикасының экономика жағдайын және даму
динамикасын бағалау

Қазақстан Республикасы қаржы секторының негізі бірнеше рет реформалау
нәтижесінде ең қарқынды дамып келе жатқан және тұрақты бөлігі болып отырған
банктік жүйе болып табылады. Сонымен қатар халықаралық ұйымдардың мойындауы
бойынша бүгінгі күні Қазақстанның банк жүйесі ТМД-дағы ең қарқынды дамушы
банк жүйесі болып табылады.
Банктер барлығы дерлік қатысушылары болып табылатын халықтың
салымдарына кепілдік беру жүйесі жұмысының, сондай-ақ банктік құпия
жөніндегі заңнама нормаларын күшейту нәтижесінде депозиттік нарық жедел
қарқынмен дамуда [8].
Қазақстан соңғы жылдары экономиканың дамуында біршама прогресске қол
жеткізді. Осы жетістіктерді индустриялық елдер және көпжақты қаржы
институттары мен даму институттары мойындады.
Осы кезеңде әлемнің барлық халықаралық рейтингтік ірі агенттіктері
Қазақстанның инвестициялық деңгейдегі егеменді рейтингін растады.
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы Қазақстанға 4-ші деңгейдегі
рейтинг берді. Екі индексті: өсуге арналған бәсеке қабілеттілігінің
индексін және бизеске арналған бәсеке қабілеттілігінің индексін қүрайтын
Дүниежүзілік экономикалық форумының бағалауына сәйкес Қазақстан тиісінше 61
және 62 орындарда тұр. Бұл ТМД елдерінің арасындағы ең жоғары позиция.
Біз мемлекеттік тәуелсіздіктің 14 жылын өткердік. Бұл тарихтың
жаьандық сынақтарьша жауаптар және жаңа экономиканы іздеудің күрделі кезеңі
болды. Кідіріссіз де қысқа мерзімде біртұтас үш міндетті:тэуелсіз мемлекет
қүру, жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға және тоталитаризмнен
демократияға көшуді жүзеге асыру міндеттерін шешу қажеттігі туындады. Біз
өзімізге әлемнің көптеген жетекші державалары секілді ондаған жылдар бойы,
ал жүздеген жылдар туралы тіпті сөз жоқ, біртіндеп дамып, экономикалық және
демократиялық өзғерістерді біртіндеп нығайтуға жол беріп қоя алмадық. Тарих
бізге басқа шарттарын көлденең тартты, біз оларға төтеп бердік [9].
Қазақстан Республикасында болған өзгерістерді қорытындыласақ, мына
жетістіктерге жеткеніне көз жеткізуімізге болады: нарық маханизмін іске
қосу, бағаны, тауар қозғалысын, бәсекелестік табиғатын, инвестиция ағынын
ұсыныс пен сүраныс арқылы реттеліп отыруы.
Біздің еліміз әлемдік темір рудасы қорының шамамен 8 пайызына, әлемдік
уран қорының 25 пайызға жуығына иелік етеді. Мұнайдың барланған қоры
бойынша Қазақстан әлемде 12 — орын алады және болжам бойынша 2015 жылы
мұнай өндірудің көлемі жағынан алғашқы ондық елдерінің қатарына кіреді
[10].
Қазақстан көмір өндіретін ел ретінде әлдеқашан танылған.
Республикадағы көмір қоры 35,8 миллиард тоннаны құрайды. Бұл жалпы әлемдік
қордың 3,6 пайызы. ТМД елдерінің арасында көмір қоры мен оны өндіру бойынша
Қазақстан Ресей мен Украинадан кейін үшінші орын алады.
Біздің республиканың міндетіне үлкен бөлігі тасып әкетілетін табиғи
ресурстарды өндіру кірді. Қазақстанда өндірілетін мұнайдың - 70, темір
рудасының - 55, қара металдың - 46, көмірдің 28 пайызы сыртқа кетіп жатыр.

ЖІӨ несиелік қатынасы, 2003 жыл, (%).
Қазақстан, 2005 ж.

Ескерту; ЕЦБ, АФН РК

Сурет 2

Біздің өнеркәсіп жоғары қосымша құны бар өнімдерді жеткілікті
шығармады, онда 4 және 5 қайта бөлісулер болмады. Жерімізде ресурстардың
барлық түрі бола тұра, біз ақырғы өнімді шығармадық (кесте 1).

Кесте 1.

Қазақстанның КСРО экономикасындағы үлесі

Көрсеткіштер 1990 жыл
КСРО Қазақстан КСРО-дағы
Қазақстан үлесі (%)
Жалпы ұлттық өнім, млрд. руб. 1000 46,4 4,6
Жалпы қоғамдық өнім, млрд. руб. 1631,6 76,7 4,7
Өндірілген ұлттық табыс, млрд. руб. 700,6 33,4 4,8
Өнеркәсіп өнімі, млрд. руб. 918,0 87,0 9,5

* 1982 жылдың салыстырмалы бағаларымен

Ауыл шаруашылығына экстенсивтік және шығындық сипат тән еді. Біздегі
қажетті селекциясыз және қымбат түратын жемшөптегі мал шаруашылығы тиімсіз
болды. Түсімі өте төмен ұлан - ғайыр егіс алқаптары елдің астыққа деген
қажетін жабуға мүмкіндік берді, бірақ экономикалық тұрғыда өзін ақтамады
[11].
Қорытындысында қазіргі сэтте жан басына шаққандағы игерілген тікелей
шетелдік инвестициялардың көлемі бойынша Қазақстан ТМД елдерінің арасында
көшбасшы екендігі сөзсіз. Қазақстанға бірінші больш инвестициялық
деңгейдегі несие рейтингі берілген (сурет 3).
Инвестициялық тартымдылықтың осындай жоғары көрсеткіші біз
шетелдіктерге минералдық ресурстарды, соның ішінде мүнай - газ саласындағы
ресурстарды игеруіне жол ашуымыз арқылы мүмкін болды. Қаржы қаражатының
жетімсіздігі, негізгі қорлардың тозуы жағдайында Қазақстанның өзі орасан
кен орындарын толык мәнінде игере алмады.

ТМД елдерінде жан басына келетін шетелдік
инвестициялардың нетто - ағыны

Ескерту: ЕЦБ, АФН РК.

Сурет 3

Алғашқы кезде шетелдік инвестицияларды тарту туралы сұрағының
қиындығының себебі, Батыстың Іскер әлемі Қазақстанды сенімді экономикалық
серіктес ретінде елестете алмады. Шеврон корпорациясының 1993 жылы келуінен
және Тенгиз кені бойынша келісім шарт жасау басқа трансұлттык
корпорацияларға өзгеше белгі ретінде болды.

Кесте 2
Әлемде, елдер тобы бойынша және Қазақстанда тікелей шетел
инвестициялары ағыны өзгерісінің динамикасы, 1996-2004 жж., % - бен

Өңір1996 1997 1998
Ел
2004ж. 2005ж Өсу 2004ж.
төме
ндеу
Инфляция (орташа алғанда кезең 7,6 5,7-7,3 5,0-7,0 5,0-7,0
ішінде), %
Қайта қаржыландыру ставкасы, % 8,0 8,0 7,5 7,5
Қазақстан Республикасы Ұлттық 7,1 9,7 11,2 12,5
Банкінің жалпы алтынвалюта
резервтері, млрд. АҚШ долл.
өзгеруі %-бен -23,8 37,7 15,4 11,7
Ақша базасы, млрд. теңге 663 939 1184 1416
өзгеруі %-бен 14,7 41.7 26,1 19,6
Ақша массасы, млрд. теңге 2065 2789 3561 4413
озгеруі %-бен 25,2 35,0 27,7 23,9
Резиденттердің депозиттері млрд. 1654 2228 2830 3525
теңге
өзгеруі %-бея 30,1 34,7 27,0 24,6
Банктердің экономикаға кредиттері, 2592 3676 4782 6028
млрд. теңге
өзгеруі %-бен 74,7 41,8 30,1 26,1

Екі сценарийдің ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мүнайға
қалыпты бағалардың сценарийін барынша шынайы деп есептейді.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бірқатар
шараларды, оның ішінде ақша-несие саясатын қатаңдату жөніндегі шараларды
іске асыруды жоспарлап отыр. Бұл сценарийге қарамастан шетелдік капиталдың
айтарлықтай келуі, ішкі қаржы нарығында өтімділіктің артық болуы,
мемлекеттік бюджет шығыстарының өсуі жағдайларында инфляциялық қысымның
сақталуы болжанатынына байланысты.
Мұнайға жоғары бағалар сценарийі іске асырылған жағдайда ақша-несие
саясатының шаралары көп дәрежеде қатаңдатылуы мүмкін.
Ақша-несие саясаты саласында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
2006-2008 жылдары ақша-несие операцияларын пайдаланудың тиімділігін арттыру
және ақша нарығының жағдайына қабылданатын шаралардың әсерін одан әрі
күшейту жөніндегі жұмыстарды жалғастырады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ақша нарығындағы ахуалға және
инфляцияның деңгейіне байланысты өз операциялары бойынша ставкаларды, ресми
қайта қаржыландыру ставкасын қоса алғанда, реттеп отырады. Неғүрлым маңызды
мәселелер Қазақстан Республикасы Ұлттық БанкінІң ақша-кредит саясаты
жөніндегі кеңесінің мәжілісінде қарастырылатын болады, оның жүмысына
Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың,
академиялық топтардың, сондай-ақ қаржы секторының өкілдері қатысады.
Қаржы нарығындағы сыйақы ставкаларын реттеудің, сондай-ақ банктердің
артық өтімділігін реттеудІң негізгі құралдары екінші деңгейдегі банктердің
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі депозиттері және қысқа мерзімді
ноталарды шығару болып отыр. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
депозиттерді тарту көлемін шектемейді, алайда олар бойынша ставкаларды
айқындайды. Қысқа мерзІмдІ ноталарды шығару қысқа мерзімді кұралдар бойынша
қисық кірістілікті қалыптастыру және қаржы нарығының басқа құралдарын
дамыту мақсатында жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Үлттьтқ Банкінің сыйақының нарықтық
ставкаларына әсерін ставкалардың дэлізін (төменгі ставка - депозиттерді
тарту жөніндегі ставка, жоғарғы ставка — заемдар беру жөніндегі ставка)
белгілеу арқылы арттыру жұмысы жалғастырылады.
Тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру шеңберінде қайтарылуына
Қазақстанның жеке түлғалардың салымдарына кепілдік беру (сақтандыру) қоры
кепілдік беретін жеке түлғалардың жаңадан тартылатын салымдары
(депозиттері) бойынша сыйақының шекті ставкаларын ресми қайта каржыландыру
ставкасына байланыстыру мүмкіндігі қарастырылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының
трансмиссиялық тетігінің үлгісі жетілдіріледі, ол ақша-несие саясаты
құралдарының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге, атап айтқанда
инфляцияға әсерін бағалауға мүмкіндік береді.
Артық өтімділік проблемасының өткірлігін төмендету үшін Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі банктердің нормативтерді сақтауға тиіс
індеттемелерін кеңейту арқылы ең төменгі резервтік талаптарды есептеу
тетігін одан әрі жетілдіруді жүзеге асыруды ниет етіп отыр.
Қазақстан Республикасының ¥лттық Банкі валюта бағамының қысқа
мерзімді және алып-сатарлық ауытқулары салдарын әлсірету мақсатында ғана
валюта бағамын қалыптастыруға араласуды жүзеге асыра отырып, қандай да
бір үзақ мерзімді белгіленген дэлізді айқындамай өзгермелі айырбас
бағамы саясатын жүргізуді жалғастырады. Бағамның ауытқуы ақшаға
сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасына байланысты болады. Шетел валютасы
ағындарына мониторинг жүзеге асырылады.
Қаржылық емес корпорациялар секторының даму үрдістерін және
бағыттарын, қалыптасқан экономикалық конъюнктураны және кәсіпорындардың
қаржылық жағдайын, төлем қабілеттілігі деңгейін және капитал тарту
қажеттілігін, кредиттік ресурстарға сұранысын, кәсіпорындардың
инвестициялық саясатын бағалау мақсатында экономиканың нақты секторы
кәсіпорындарының мониторингі бойынша жұмыстар жалғастырылады.
Инфляцияны ұстау жөніндегі шаралар Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкі мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бірлескен іс-әрекеттерін
күшейтуді талап етеді.
Валюталық реттеу және валюталық бақылау саласында
Қазақстанда валюталық режимді одан әрі ырықтандыруға,
капитал қозғалысына байланысты тэуекелдерді реттеуге қолданылатын жаңа
тэсілдерді эзірлеуге бағытталған саясат жалғасады. Сыртқы
экономикалық операциялар бойынша ақпараттық база жетілдіріледі, бұл 2007
жылдан бастап валюталық операцияларды жүргізудің рүқсат етілген
тәртібінен жүйелі мониторинг және селективті бақылау жүйесіне тиімді
өтуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Төлем жүйелері саласында төлем жүйелерінің тиімділігін және
қауіпсіздігін арттыру, тэуекелдерді басқару және төлем жүйелерін
қадағалаудың тиімді жүйесін қүру бойынша одан әрі шаралар қабылданатын
болады. Осы жүйеге техникалық және бағдарламалық қамтамасыз етудің
операторларын, провайдерлерін, сондай-ақ төлем жүйелері пайдаланушыларын
бақылау және қадағалау жүйелері кіреді. Төлем жүйелерін жоғары ақпарат
технологияларымен және алдыңғы қатарлы техникамен жабдықтауға айтарлықтай
көңіл бөлінеді. Төлем жүйелерінің үздіксіз және үзіліссіз жұмыс істеуін
қамтамасыз ету және қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында жаңа резервтік
орталықты құру жөніндегі жүмыс жүргізіледі.
Қолма-қол ақша айналысы саласында 2006 жылы Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі жаңа дизайндағы банкноталарды айналысқа енгізеді, Бұл
полиғрафиялық және компьютерлік технологиялардың дамуына байланысты болып
отыр. Банкноталарда жаңа қорғау және машина оқитын әлементтер болады [38].
Қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал ету
шеңберіндеҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өз қызметін Қазақстан
еспубликасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау
агенттігімен тығыз үйлестіреді. Ақша-несие саясаты қаржы нарығының
тұрақтылығын сақтауға ықпал етеді. Қазақстан Республикасының қаржы секторын
дамытудың 2003-2006 жылдарға арналған түжырымдамасына сәйкес қаржы нарығын
одан әрі дамыту оның барлық бөліктерін халықаралық стандарттарға жақындату
бағытында жүргізіледі.
Халықаралық қаржылық ұйымдармен (Халықаралық Валюта Қоры, Дүниежүзілік
Банк, Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі, Азия Даму Банкі, Ислам Даму
Банкі және басқалары) белсенді ынтымақтастык жалғастырылады.
Интеграциялық бірлестіктер шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттык
Банкі жалпы төлем жүйесін үйымдастыру, ЕурАзЭҚ-на мүше елдердің
интеграцияланған валюта нарығын құру, сондай-ақ Бірыңғай экономикалық
кеңістікті (БЭК), Шанхай Ынтымақтастық Үйымын (ТІІЬТҮ) қалыптастыру
жөніндегі мемлекетаралық және ведомствоаралық топтардың жұмысына қатысу
жөніндегі жүмыстарды жалғастырады.
III. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ

АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3.1. Инфляцияға әсер етуші монетарлы емес факторларды талдау
ерекшелігі

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы заңына сәйкес,
банктін, ең маңызды міндеті ұлттық валютаның тұрактылығы және оның
негізіндегі бағаның тұрақтылығы болып табылады. Нарықтык қатынас жағдайында
бұл мақсаттарғы жету үшін Ұлттық банк ақша-несие саясатымен реттеу
тэсілдерін қолданды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі
беретін қайта қаржыландыруға несиені және олардың пайыздық ставкасының
көлемін реттеу; екінші деңгейлі банктер үшін міндетті резервтердің көлемін
анықтау; ашық бағалы қағаздар нарығының операциясынынң жүзеге асуы, ақша
массасын НОТ - тың көмегімен тазалауды қоса; валюта нарығындағы Ұлттық
банктің басқыншылығы. Бұл құралдар Ұлттық банктің айналыстағы ақша массасы
көлеміне, сондай - ақ инфляциялық процеске күшті әсер етуіне мүмкіндік
береді. Бірақ бұл құралдар басымды монетарлы сипаттағы факторларды реттеуге
мүмкіндік береді, айналыстағы ақша массасының көлеміне әсер ететін және
осындай бейнеде, оң инфляция деңгейін қамтамасыз етуге Ұлттық банк
мүмкіндігінің шегінде табылады. Айтып кету керек, бұл жоспарда Ұлттық банк
оған байланыстынның барлығын біліктілікпен істеп жатыр.
Бірақ Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мүмкіндіктерінің
шегінде монетарлы емес факторлардың көптігі, баға және инфляцияға әсер
етеді және мүнда шешілмейтін проблемалардың көптІгі қалады. Олардың
кейбіреуіне токталып кетеміз. Соңғы уақытта энерготасушылар және
эсіресе жанатын материалдарға бағаның өсу негативті тенденциясы
байқалды . Бірақта Бұл тенденция өндіруге кететін шығынның өсуімен
немесе басқада объективті себептерге байланысты емес, әлемдік нарықтағы
энерготасушылардың бағасының игілікті себептен өсуінен өндірушілердІң
жалақыдан бөлек табыстар алуға элементарлы ынталануы. Бірақ жанар-
жағармайға бағаның өсуінен отандық өндірушілердің тауарының
бағасының өсуінің толық тізбегі инфляцияның өсуі болады.
Энерготасушылардың экспорты - басқаша іс. Мүнда әлемдік нарықта
кабылданған максималды баға болуы мүмкін. Өзіміздің елге оларды өндірістІң
минималды шығындарыдосымша 20 - 25 пайыз шегінде табыстан тұратын тиімді
бағамен сату керек. Мемлекетке Бұл сүрақ бойынша реттеулер жасау керек -
республика ішінде халық шаруашылы ғының қажеттілігін толық
қанағаттандыратын баға бойынша энергияны өндірушілердің өнімдеріне квота
орнату арқылы жүзеге асыру керек. Әйтпесе мынадай пікір туады, мемлекеттік
әкімнің бұл бағаға қызығу -шылығы сияқты, өйткені олардан бюджетке
қосымша келетін табыстар түседі. Неліктен экономикада қандайда резервтерді
іздейміз? Бағаның өсуін артық жұмыссыз оңай шешуге болады.
Басқа мысал: халық тұтынатын ерекше тауар түрін республикаға экелуге
тиым салу тэжирибесі. Мұны белгілІ бір себеппен істеу керек, бірақ Ұлттық
тауар өндірушілерді қорғау ретінде. Сондықтанда, мүндай тэжірибе осындай
тауарлардың бағасының өсуіне экеледі. Сонымен, екі стандартын байқау қиын
емес.Энерготасушылардың бағасыньщ өсуіне тиым салуға болмайды, өйткені
нарықтық жағдайды бұзады, ал жеке өнім түрін импорттауға тиым салуға
болады. Бірақта республика шегінен тауар шығаруға тиым салуда нарықтық
жағдайды бұзады.
Қарастырып көрейік, өзіміздің тауар өндірушілерді қорғау тиімді іс пе
?
Ұлттық өндірушілерді қорғау тәріздІ тэжірибе көмектеспейді ал оларды
қиындатады. Бүндай жағдайда олар өзІндік қүнның төмендету резервін іздейді,
құралдардың жаңаруына, өндіріс технологиясының жақсаруына, бәсекеге
қабілетті өнім өндіруге негізделген еңбек өнімділігін жоғарылатуға
ынталанбайды. Мұның барлығы соңында бағаға, инфляция мен халықтың өмір сүру
деңгейіне келіп түседі. Ал біз БС¥ тез өтуге тырысып отырмыз ғой.
ЕлімІздегі инфляциялық процеске барлық сыртқы коммерциялық банктер оң
әсерін тигізеді. Бұл секторының тэуекелінің өсуімен қатар Бұл еліміздегі
шетел валютасының шығынына әсер етеді, оның тенгеге қатысты курсының
төмендеу тенденциясы болады. Ұлттық банк шетел валюта курсының тез кұлауын
үстап тұру үшін оны сатып алуға, сондай - ақ айналыста ақталмайтын көлемде
теңге шығаруға тиісті болады. Ал теңгенің ақша массасының ұлғаюы, өз
кезегінде инфляцияға әкеледі. Мұндай жағдайда ¥лттық банк ақша
стерилизациялайды және бір уақытта айналысқа бағалы қағаздар ( НОТы )
шығарып олармен төлем жасап отырады . Мүндай жағдайда коммерциялық банктер
шетел валютасында сыртқы заемдарды тарта отырып, кіріс алады, ал мемлекет,
турасын айтсақ ¥лттық банк -шығындалады.
Сондықтында АФН регулятивті сипаттағы механизмді қолдануға жүгІнудің
себебі осыдан. Сондай - ақ, валюталық позицияның шегі және минималды
міндетті резервтердің мөлшерін қарастырумен қатар шетелдік тартатын
несиелердің көлемінің нормативін кұру керек. Шынындада анық, баға қүру
көбіне елдің өндірілген өнімнің сапасы мен саньтна байланысты, әсіресе
жеңіл және тамақ өнеркәсібі саласында [39].
Сонымен бірге, Бұл салалар біздің елде кең дамымаған, және кең
пайдаланатын тауардың маңызда бөлігінің бағаларын шетелдердің өндірушілері
қояды. Көрсетілген салалардың тез дамуы үшін қалауынша оларга белгіленген
льгота орнату керек. Сөз алтын валюталык резервте болып жатыр. Елде олардың
ақша айналысын реттеу үшін қажетті саны элдеқашан көлемі ұлғайған.
Халықаралық тэжірибеде АВР көлемі айналыстағы ақшалай Ұлттық валюта
көлемін толығымен жабуы керек. Қазақстанда ағымдағы жылдың басында 409
миллиард теңге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатын талдау
Мемлекеттің ақша-несие саясаты туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының ұлттық банкінің пайыздық саясаты
Қазақстанның Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының даму ерекшелігі, және оны талдау
Қазақстан Республикасы банктерінің ақша-несие саясаты
Қазақстандағы пайыздық саясаттың мәні
Ақша-несие саясатының теориялық негіздері немесе ақша-несие саясатының мәні, түрлері және құралдары
Банк ресурстарынын қалыптастыру теориясы
Қазақстан Республикасының ұлттық банкінің ақша-несие саясаты
Кәсіпкерлік қызметтегі несиелеуді ұйымдастыру
Пәндер