Мұхаммед ибн Абдуллаһ


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

1 Этимологиясы

2 Өмірбаяны

2. 1 Балалық шағы

3 Пайғамбарымыздың қысқаша өмірбаяны

4 Ағынан ақтарылу

5 Түсініктемелер

Мұхаммед пайғамбар

Мұхаммед ибн Абдуллаһ (арабша: محمد‎‎ '; (570, Мекке - 632 маусымның 8, Мәдине) - дүниежүзілік діндердің бірі - Исламның қалаушысы, мұсылмандар үшін Аллаһтың (арабша: الله‎) соңғы елшісі және пайғамбары, дінді толықтырушы боп табылады. Бұған қоса дарынды білікті дипломат, саудагер, пәлсапашы, оратор, заңгер, қолбасшы және реформатор ретінде белгілі

Этимологиясы

Мұхаммед есімі «Мақталатын», «Мақтауға лайықты» деген мағынаны білідіреді. [5] Исламда Мұхаммед басқа да әл-Нәби (Пайғамбар) және Расул (Елші), Абд (Аллаһтың құлы), Башир (Елші), Надхир (Ескертуші), Мудаккир (Еске салушы), Шахид (Куә), Да'и (Аллаһқа жақындатушы) есімдерімен белгілі. Құранда Мұхаммед кейде «Ахмад» деп те аталады. (61:6 сүресі) (арабша: أحمد‎)

Мұсылман әдебіне сай, Мұхаммед пайғамбардың аты аталғаннан кейін немесе жазылғаннан кейін артынша әрдайым «Салла Ллаху алейхи уа салләм» (араб. صلى الله عليه وسلم‎‎) - яғни, Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын» деп айтылады.

Өмірбаяны Мұхаммедтің жылнамасы

Мұхаммедтің өміріндегі маңызды оқиғалар мен мекендер

569 Әкесі Абд Аллаһтың қайтыс болуы

570 Дүниеге келу ықтимал күн-айы: сәуірдің 20, Мекке

576 Анасы Әминаның қайтыс болуы

578 Атасы Абд әл-Муталибтың қайтыс болуы

583 Сауда жасау мақсатымен Сүрияға сапары

595 Хадишамен кездесуі, кейін үйленуі

610 Құранның 1-ші аяттарының түсуі

610 Исләм пайғамбары ретінде жариялануы

613 Исләм уағыздарын жұрт арасында жүргізе бастайды

614 Меккеде жолын ұстаушыларды жинай бастайды

615 Мұсылмандардың Ефиопияға қоныс аударуы

616 Бану Хашим тайпасының бойкоты басталады

618 Мәдине азаматтық соғысқа ұшырайды

619 Бану Хашим тайпасының бойкоты аяқталады

619 Қайғы жылы: Хадиша мен Әбу Талибтың дүниеден өтуі

620 Исра мен Миғраж

622 Мәдинеге көшеді (Хижра)

624 Бадр шайқасы: мұсылмандар меккеліктерді жеңеді

624 Бану Қайнуқаның қуылуы

625 Ухуд шайқасы: мұсылмандар меккеліктерден жеңіледі

625 Бану Надирдің қуылуы

627 Ордағы шайқас

627 Бану Қурайзаның құрауы

628 Худайбия Келісімі

628 Меккедегі Қағбаға рұқсат беріледі

628 Хайбар шайқасы

629 Бірінші қажылық

629 Византия империясына қарсы шабуыл сәтсіз өтеді: Мұғтах шайқасы

630 Меккені қан төкпестен бағындыру

630 Хунайн шайқасы

630 Тағифтың қамауы

631 Араб түбегінің көбін билейді

632 Ғасанидтерге қарсы шабуыл: Табук

632 Қоштасу қажылығы

632 Дүниеден өтуі: маусымның 8, Мәдине

Балалық шағы

Мұхаммед 570 ж. Раби әл-әууәл айында дүниеге келген. Сол кезде ең маңызды тайпалардың бірі боп есептелген Бану Хашим тайпасынан болады. Алайда Мұхаммедтің туған уақытында тайпасының хәлі өте жақсы болмаған делінеді. [6] Әдетте Мұхаммедтің туған жылын Піл жылымен байланыстырады. Сол жылы Аксум патшасы, Абраха, ішінде бірнеше пілі бар әскерімен Меккеге шабуыл жасайды. Бірақ әскер ауруға ұшырап шабуыл сәтсіз аяқталып, содан бері сол жыл арабтарда Піл жылы деп атанған. Бұл оқиға 568 - 569 жж орын алды деген көзқарас та білдіріледі. [7]

Мұхаммедтің әкесі, Абдуллах, баласының туғанына 6 ай қалғанда қайтыс болады. [8] Сол заманда, шөлдегі өмір нәресте денсаулығы үшін пайдалы деп есептелінгендіктен, Мұхаммед Бедуин тайпасына тәрбиеге беріледі: екі жасына дейін Халиман бинт Аби Дуяб пен оның күйеуі асырайды. Мұхаммедтің анасы, Әмина, ауруға шалдығып, бала алты жасында болғанда қайтыс болады. Әке-шешесінен айырылып, жетім қалған Мұхммедті өз қамқорына атасы Абд әл-Мутталиб алады. Бірақ екі жылдан кейін атасы да дүниеден өткесін, бала ағасы Әбу Талибтың қолында қалады.

6-шы ғaсыр соңында Мекке маңызды сауда орталығы болатын. Сонымен қатар, араб құдайларының ғибадатханасына айналған Қағба да Меккеде орналасады. [9] Қажылық кезеңінде көптеген тайпалардың саудагерлері қалаға келіп жиналатын. [9] Мұхаммед бала кезінен ағасына еріп, Сирияға сауда етуге сапар шегетін болады. Жетім болған Мұхаммедке саудагер болудан басқа жол болмайтын. [10] According to the tradition, when Muhammad was either nine or twelve whilst accompanying the Meccans' caravan to Syria met a Christian Monk or hermit named Bahira who is said to have foreseen the career of Muhammed as a prophet of God. [11]

Пайғамбарымыздың қысқаша өмірбаяны

Сүйікті пайғамбарымыз (с. ғ. с. ) 571 жылдың 20-сәуірі, дүйсенбі күні Меккеде дүниеге келді. Әкесі - Абдуллаһ, анасы - Әмина. Дүниеге келген шағында зыр жүгіріп қызмет еткен әйелдер: Шифа, Фатима, оларға Үммү Әйман да қолғабыс жасаған. Олардың айтуынша, пайғамбарымыз (с. ғ. с. ) туыларда үй іші нұрға толып кеткен. Сүйікті пайғамбарымыз (с. ғ. с. ) ИбраҺимнің (ғ. с. ) дұғасын алған, Иса (ғ. с. ) пайғамбар оның келетіндігін алдын ала сүйіншілеген, анасы Әмина оны түсінде көрген.

Пайғамбарымыз (с. ғ. с. ) туылмай тұрып, әкесі ауырып көз жұмған. Мәдинада жерленген. Сондықтан ол әкесін көре алмады. Төрт жасына дейін сүт анасы Халиманың, одан кейінгі екі жыл өз анасы Әминаның қолында өсті. Алты жасында анасы Әмина оны туған-туыстарын аралатып, әкесінің қабірін зиярат етіп қайту үшін Мәдинаға апарды. Пайғамбарымыздың (с. ғ. с. ) атасы Абдулмұтталибтың шешесі Сәлма мәдиналық болғандықтан, сол жақта туыстары тұратын. Әкесінің қабірі нағашы ағасы Нәбиғаның ауласында еді. Хазреті Әмина баласымен бірге күйеуі Абдуллаһтың қабірін зиярат етті. Хазреті Пайғамбарымыз (с. ғ. с. ) туыстарымен танысып қайтты. Қайтып келе жатып Әбуа атты жерге жеткенде Әмина анамыз ауырып қайтыс болады. Сүйегі сонда қойылды. Осы сапарға бірге шыққан Үммү Әйман пайғамбарымызды (с. ғ. с. ) Меккеге әкеліп, атасының қолына табыстайды.

Алты жасынан сегіз жасқа дейін атасы Абдумұтталибтың тәрбиесінде болды. Атасы өлер алдында әкесінің бауыры Әбу Тәліптің үйін паналауды өсиет етеді. Көкесінің қойларын бағып, зыр жүгіріп үйдегі жұмыстарға да қолғабыс тигізеді. Он үш жасынан бастап саудаға араласып, ерекше адалдығымен көзге түседі.

Жиырма бес жасқа келгенде хазреті Хадиша( р. а. ) анамызға үйленді. Ол кезде Хадишаның жасы қырықта еді. Оған үйленерде пайғамбарымыздың (с. ғ. с. ) ел ішінде сенімділігі мен танымалдығы үлкен рөл ойнайды. Отыз бес жасында Қағбаға тасты қоюға таласқан тайпалар арасын татуластырды. Әділ төрелік етті. Олардың арасында тұтанғалы тұрған қақтығысты болдырмады.

Пайғамбарымыз (с. ғ. с. ) қырық жасқа жақындағанда елден жырақ кетіп, жаратылыстың тылсым құпияларына оңашада ой жіберуге құмартты. Ара-тұра Хира тауындағы үңгірге барып-тұруды әдетке айналдырды. Қырық жасқа толған 610 жылдың Рамазан айында Жәбірейіл (ғ. с. ) періште арқылы уахи жолымен ең алғашқы «Оқы! Жаратушы Раббыңның атымен оқы!» деген аяттар түсті. Осыдан барып Жаратушы тарапынан оған «Пайғамбарлық» міндет жүктелді.

Пайғамбарымыздың (с. ғ. с. ) шақыруымен Ислам дінін алғашқылардың бірі болып хазреті Хадиша (р. а. ), Әли (р. а. ), Харисұлы Зәйд (р. а. ) және Әбу Бәкір (р. а. ) қабылдады. Артынша хазреті Оспан (р. а. ), Ауфұлы Абдуррахман (р. а. ), Әбууаққасұлы Саад (р. а. ), Талха (р. а. ) мен Зүбәйрлер (р. а. ) тілін кәлимаға келтіріп мұсылман болды. Алғашқыда Пайғамбарымыз (ғ. с. ) және оған ергендер пұтқа табынушылар тарапынан көп қиындық көрді. Тіпті хазреті Ясир мен әйелі Сүмәйя Аллаһ жолында жанын қиып, алғашқы шейіт болды. Біләл (р. а. ), Әбу Фуқаһа (р. а. ), Әратұлы Хаббаб (р. а. ) секілді ер кісілер мен қатар Үммі Абис ( р. а. ), Нәхдия (р. а. ) мен Зиннира (р. а. ) секілді әйел мұсылмандардың да басына қайғы бұлты үйірілді.

Пайғамбарлықтың алтыншы жылы Хамза (р. а. ) мен Омар (р. а. ) сияқты нағыз қаһарман ер жүрек кісілер Исламды қабылдады. Сол жылдары кейбір мұсылмандар Аллаһ елшісінің рұқсатымен Эфиопияға көшті. Пұтқа табынатындар мұсылмандарды оқшаулап жұртпен араласуға шектеу қойып, құртып жіберудің айла-шарғысын жасап бақты. Олармен сауда жасауға, араласуға қатаң тыйым салды. Бұл үш жылға созылды. Пайғамбарлықтың оныншы жылы хазреті Хадиша (р. а. ) мен Әбу Тәліп қатар көз жұмды. Дін дұшпандарының зорлық-зомбылығы тіптен арта түсті. Өйткені, олар беделді де, абыройлы пайғамбарымызға (с. ғ. с. ) көп қолдау көрсеткен жақындары еді. Қатты қайғырған Пайғамбарымыз(с. ғ. с. ) өзіне қолдау іздеп Тайыф қаласына барды. Бірақ, тайыфтықтар оны келеке етіп таспен атқылап, үсті-басын қан-жоса етті. Шаһар сыртындағы тауды паналап әрең аман қалды.

Осындай аса қиын- қыстау кезеңде пайғамбарымыздың (с. ғ. с. ) өмірінде «Миғраж» оқиғасы орын алды. Аллаһ тағаланың құзырына барып, оның бірқатар бұйрықтарын тікелей Өзінен естіп-біліп қайтты. «Исра» сүресінің 22-39 аяттарында айтылатын 12 бұйрық та осы түні түскен болатын.

Қиындықтардың ешқайсысына мойымай Аллаһтың елшісі (с. ғ. с. ) Исламды уағыздауды жалғастыра берді. Арада бір-екі жыл өткенде «Ақаба анттары» қабылданды. Артынша-ақ, Аллаһ тағаланың аян беруімен пайғамбарымыздың (с. ғ. с. ) нұсқауымен мұсылмандар Меккеден Мәдинаға көшті. Хижра жыл санауы осылай басталған болатын. Жұрттың соңында Расулымыз (с. ғ. с. ) қасына Әбу Бәкірді (р. а. ) ертіп Меккеге жол тартады. Пұтқа табынушылар олардың ізін өкшелеп Сәуір үңгіріне дейін қуып барады.

Пайғамбарымыз (с. ғ. с. ) Меккеден Мәдинаға көшкен мұсылмандарды - мұһажирлар, ал, оларға қол ұшын берген мәдиналықтарды - ансарлар (бауыр) деп жариялады. Мүшріктер мен мұсылмандар арасында Бәдір, Ұхуд, Хандақ, Мүрәйсі секілді бірнеше соғыстар болды. Мәдина маңайын бұрыннан мекен етіп келе жатқан иаһудилер бар еді. Қайнұқа, Нәдір мен Құрайза деп аталатын бұл иаһуди тайпалары мұсылмандармен тістесіп, тіресуін қоймады. Үнемі арадағы келісімдерді орындамай бұзып отырғандықтан, олар ол маңнан қуылады. 630 жылы Меккені азат етті. Кезінде өзі қуылған Меккеге қайта басып кіргенде пайғамбарымыз (с. ғ. с. ) өзіне жаманшылық жасағандардың барлығын кешірді.

Аллаһ елшісі(с. ғ. с. ) 632 жылы қажылық кезінде Арафатта жүз мыңнан аса мұсылмандарға арнап сөз сөйледі. Исламның қысқаша түсінігі, адам құқықтары жөнінен өте үлкен мәнге ие бұл сөзі Ислам тарихында қоштасу хұтпасы деп аталды. Ислам дінін асқан сабырлылықпен, үлкен ыждағаттылықпен адамзат баласына жеткізген сүйікті пайғамбарымыз (с. ғ. с. ) 632 жылы дүйсенбі күні бақилыққа аттанды. Жаназа намазы өз үйінде оқылып, ол жерге арулап жерленді.

Ағынан ақтарылу

Батыс ойшылдары Мұхаммед (с. ғ. с. ) пайғамбар туралы

«Мен мынаны мойындаймын; Мұхаммед - ғажап бір күш. Жаратушы мұндай кісіні екінші рет жарата қоймас. Ей, Мұхаммед, сенің замандасың бола алмағаныма қатты өкінемін. Өзің таратқан мына кітап сенікі емес. Ол Құдайдікі. Бұл кітаптың Аллаһтан екенін мойындамау - ғылымды түгелдей жоққа шығарғанмен бірдей күлкілі нәрсе. Адамзат баласы сен секілді ғажап адамды бір-ақ рет көрді, ендігәрі көре алмас. Мен сенің алдыңда құрметпен бас ием» Пренс Отто Вон Бисмарк.

«Саған жапқан жаламыздың бәрі шындығында біз үшін өте ұят. Ол - жаны жайсаң, тұлғасы биік, барынша байсалды жан. Мақсаты - дүниені жарыққа бөлеу болды. Өйткені, мұны Жаратушының өзі оған бұйырған». Томас Карлиль.

«Мұхаммедтің ақыл-парасаты патшалық сән-салтанаттың өзін түкке тұрғысыз, өте қарабайыр деп білді. Аллаһтың елшісі өз отбасында қызметші секілді от жағып, үй сыпырды, қой сауып, киімдері мен аяқ киімдерін өзі тікті. Мемлекет әрі дінбасы екенін "ұмытып", таза табиғи қалпынан аумай-ақ, тақуа ғұмыр кешті». Эдуард Гиббон.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдиналық алғашқы мұсылмандар
Абу Бакирдің жаулап алу саясаты
Құран немесе Құран Кәрім
“Сиер” пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
Омейядтар халифаты
«Шиға ағымынан болған имамия мазһабі»
Хадис тарихы
Ислам діні пайда болуының алғы шарттары
“Тафсир” пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
Ислам діні негіздері мен тарихы - оқу-әдістемелік құралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz