Солтүстік Атлантикалық Келісім Ұйымы


Солтүстік Атлантикалық Келісім Ұйымы
Солтүстік атлантикалық келісім ұйымы[1] , НА́ТО (ағыл. - North Atlantic Treaty Organization, NATO; фр. Organisation du traité de l'Atlantique Nord, OTAN) - әскери-саяси одақ.
1949 жылы 4 сәурде 12 мемлекет (АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Белгия, Нидерланды, Люксембург, Канада, Италия, Португалия, Норвегия, Дания, Исландия) қол қойған Солтүстік Атлантикалық келісімшарты негізінде құрылған. Кейінірек НАТО-ға басқа да еуропалық мемлекеттер кірді. Қазіргі таңда НАТО-ға 28 мемлекет мүше болуда.
1954 жылы Кеңес Одағы мүше болып кіруге сұранады, НАТО оған бас тартады.
НАТО-ның негізгі мақсаты шартқа қатысушы мемлекеттердің саяси ынтымақтастық және ұжымдық қорғаныс негізінде тәуелсіздікті, егемендікті және демократиялық құрылымды сыртқы агрессиядан қорғау екендігі 1949 жылғы Вашингтон шартында жазылған, бұл ұстаным 1990 жылғы Лондон декларациясында қуатталған. Альянстың іргелі мақсаттарының қатарында соғыстың алдын алу мен тиімді қорғанысты қамтамасыз етуге жеткілікті әскери мүмкіндіктерді нығайту, шарт мүшелерінің қауіпсіздігіне ықпал ететін дағдарыстарды еңсеру, басқа елдермен саяси үнқатысуды жолға қою және еуропалық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жолдарын іздестіру аталады.
НАТО құрылымы
НАТО-ның жоғарғы саяси органын Солтүстік Атланталық Кеңес (НАТО Кеңесі) атқарады. Кеңес барлық мүше елдердің өкілдерінен (елші лауазымдары ретінде) құрылып, бас хатшының басқаруымен 2 жылда бір өз мәжілісін өткізеді. НАТО сыртқы істер министрлері және мемлекет пен үкімет басшылары деңгейінде де отырыстарын өткізіп тұрады, әйтсе де бұл отырыстары сыртқы істер министрлері отырысындағыдай ғана дәрежесі бар. Кеңес шешімдерді бірдауыстан қабылдайды. Сессиялар арасындағы уақытта Кеңес функцияларын блоктың барлық мүшелері елші ретінде жіберген өкілдерінен тұратыен НАТО Тұрақты кеңесі атқарады. Жоғарғы әскери-саяси органы қызметін 1966 жылдан бері жылына екі рет қорғаныс министрлер деңгейінде бас қосатын, бірақ тұрақты өкілдерінен тұратын Әскери жоспарлау Комитеті атқарады. Сессия-аралық уақытта бұл комитет қызметін барлық мүше елдер елші дәрежесіндегі өкілдерінен тұратын Тұрақты әскери жоспарлау комитеті атқарады. НАТО-ның жоғарғы әскери органы - Әскери комитет. Жылына кем дегенде екі дүркін жиналып тұратын бұл Комитет мүше елдер бас штаб басшылары мен қарулы күштері жоқ Исландияның азаматтық өкілінен тұрады. Әскери комитет өзіне бағынышты екі аймақты қамтиды: Еуропа мен Атлантика. Еуропадағы жоғарғы басшылықты жоғарғы қолбасшы (әрқашан - американдық генерал) басқарады. Оның қол астына үш ұрыс алаңы басшылығы кіреді: Солтүстікеуропалық, Орталықеуропалық және Оңтүстікеуропалық. Сессияаралық уақыттта бұл комитет қызметін Тұрақты әскери комитет атқарады.
НАТО негізгі органдарына әдетте жылына екі рет қорғаныс министрлері деңгейінде көбінше НАТО Кеңесі мәжілісі болар алдында жиналатын Ядролық жоспарлау тобы да кіреді, Исландияның өкілі болып бұл топта азаматтық байқаушы қатысады.
НАТО ресми тілдері ретінде ағылшын мен француз тілдері пайдаланылады.
Ұйымның штаб-пәтері Брюсселде (Белгия) орналасқан.
”Бейбітшілік үшін ынтымақтастық”
НАТО осы ұйымға кіруге ұмтылатын немесе осы ұйым саясатын қолдайтын бірқатар еуропалық мемлекеттермен “Бейбітшілік үшін ынтымақтастық ” деп аталатын келісімге қол қояды. Бұл бағдарлама мүшелері: Албания, Аустрия, Әзірбайжан, Әрменстан, Гүржістан, Ирландия, Қазақстан, Қырғызстан, Македония Республикасы, Өзбекстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Украина, Финландия, Хорватия, Швейцария, Швеция.
НАТО және Қазақстан
Қазақстан Республикасы және НАТО арасындағы ынтымақтастық 1992 жылы біздің елімізге 1997 жылы Еуроатлантикалық әріптестік кеңесіне (ЕАӘК) болып қайта құрған, Солтүстік Атлантикалық ынтымақтастық кеңесіне кіруімізден басталады. ЕАӘК Қазақстанға НАТО-ға қатысушы мемлекеттерімен және еуразиялық әріптестік мемлекеттерімен халықаралық қауіпсіздіктің ең өзекті мәселелері жөніндегі нәтижелі сұхбатты жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының ЕАӘК-ның жыл сайынғы Сыртқы істер және қорғаныс министрлерінің кеңесіне қатысуы ынтымақтастықтың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Саяси сұхбатты және әскери ынтымақтастықты терендету мақсатында 1994 жылы 27 маусымда Қазақстан «Бейбітшілік үшін әріптестік» (БҮӘ) атты бағдарламасына қосылған болатын.
1994 жылдың қаңтар айында қауіпсіздікті және тұрақтылықты нығайту, НАТО және әрбір қатысушы мемлекеттердің арасындағы нақты әріптестікке қол жеткізуді мақсат ететін НАТО ұсынған «Бейбітшілік үшін әріптестік» бағдарламасы кең ауқымды бастамашылық болып табылады. Бұл бағдарлама өте маңызды және қазіргі қауіпсіздікті құрудың ажырамас бөлігі болды.
Қазақстанның ынтымақтастығы БҮӘ бағдарламасының шеңберінде НАТО-мен ықпалдастықтың кең көлемін қамтиды, оған сондай-ақ азаматтық төтенше жоспарлау, дағдарысқа қарсы реттеушілік, қарулы күштерге және қорғаныс құрылымдарына демократиялық бақылау жасау, қорғаныс саясаты және стратегиясы, әскери оқулар және әскери білім және т. б. енеді.
Сұхбаттың тереңдеуіне екі жақты байланыстардың жоғары даму үрдісі куә. 2003 - 2004 жылдары НАТО Бас хатшысының көмекшілері Г. Альтенбург және Ж. Фурне, Директораттардың басшылары Я. Сконежка және Ф. Боланд, НАТО-ның Халықаралық әскери штабы басшысының көмекшісі, генерал-майор Ф. Яниз, сондай-ақ бейтарап сарапшы топтары Қазақстанға сапар жасаған болатын. 2005 жылдың наурыз және қазан айларында, 2006 жылдың шілде және қыркүйек айларында, 2007 жылдың ақпан, мамыр және қазан айларында, 2008 жылдың сәуір айында НАТО Бас хатшысының Орта Азиядағы және Кавказдағы Арнайы өкілі Р. Симмонстың ресми сапарлары болды. 2008 жылдың 9-12 маусымда НАТО-ның Парламенттік ассамблеясының (НАТО ПА) Президенті Ж. Лелло Қазақстанға алғашқы ресми сапары болды. 2008 жылғы 11 қыркүйекте ҚР Қорғаныс министрі Д. Ахметовтың шақыруымен НАТО Бас хатшысының орынбасары Клаудио Бисоньероның Қазақстанға алғашқы сапары өтті. 2008 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі Д. Әхметов басқарған қазақстан делегациясы Бухарестте өткен НАТО/СЕАП саммитіне қатысты. 2008 жылғы шілде айында Президент Н. Назарбаевтың бастамасымен Солтүстік Атлантикалық Кеңес келесі СЕАП Қауіпсіздік форумын (Сыртқы істер министрлер деңгейіндегі бейресми кездесу) Қазақстанда 2009 жылғы 24-25 маусым кезеңінде өткізу туралы шешім қабылдады. Қауіпсіздік форумы Саммиттен кейінгі НАТО-ның ең үлкен іс-шарасы.
2004 жылдың қазан айында Алматы қаласында және 2006 жылдың желтоқсан айында Брюссель қаласында ҚР Президенті Н. Назарбаевтың НАТО-ның Бас хатшысы Яап де Хооп Схеффермен болған кездесулері барысында күш-жігерді біріктіру және терроризммен, экстремизммен, есірткенің заңсыз айналымымен, сондай-ақ қару-жарақ контрабандасына қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты орнату жөнінде маңызды уағдаластықтарға қол жеткізілді. Осы бағыттағы бірлескен жұмыс 2006 жылғы 31 қаңтарда қабылданған Қазақстан және НАТО арасындағы Әріптестік іс-қимылы жөніндегі жеке жоспардың (ӘІЖЖ) шеңберінде іске асырылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz