Технологиялық процестердің «Технология» пәні бағдарламаларындағы көрінісі



1 «Технология» ұғымының мәні және технологиялық процестердің мазмұны мен құрылымы жөнінде
2 «Технология» пән бағдарламасы мазмұнын технология дамуына байланысты жетілдіру бағыттарын зерделеу, талдау
3 «Технология» пән бағдарламасында технологиялық операциялардың нақтылы көрініс табуына әдістемелік нұсқау ұсыну
Қазіргі кезеңде технологиялық прогрестің қарқынды дамуы жүзеге асырылуда. Сол себебті де өндіріс мамандарының технологиялық даярлығына ерекше мән берілуде. Бүгінгі мектеп партасында отырған оқушыларына ертеңгі өндірістің болашақ мамандарына технологиялық дайындықты жоғары деңгейде қамтамасыз ету қажеттілігінің туындайтыны айқын сезіледі. Сондықтан да орта мектепте өндірістік процестер бойынша оқушылардың дайындық мәселесі үшін оқыту мазмұны – бағдарламаларда технологиялық процестерді оқыту мәселесін талдау және оны оқыту үшін алғы шарттардың барын зерделеу қажеттілігі туындайды. Біздер зерттеу жұмысыздың тақырыбын «Технологиялық процестердің «Технология» пәні бағдарламаларындағы көрінісі» деп алуды жөн көрдік.
Зерттеудің мақсаты: технологиялық процестердің технология бағдарламасы мазмұнындағы көрінісін айқындау және олардың нақтылы еңбек операциясы деңгейінде көрсетілуі үшін әдістемелік нұсқау ұсыну.
Зерттеу міндеттері:
- «технология» ұғымының мәнін және технологиялық процестердің мазмұны мен құрылымын анықтау;
- технологиялық процестерді оқытатын оқу пәні жөніндегі материалдарды зерделеу;
- «Технология» пән бағдарламасы мазмұнын технология дамуына байланысты жетілдіру бағыттарын зерделеу, талдау.
- «технология» пән бағдарламасында технологиялық операциялардың нақтылы көрініс табуына әдістемелік нұсқау ұсыну.

Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Технологиялық процестердің Технология пәні бағдарламаларындағы көрінісі

Кіріспе
Қазіргі кезеңде технологиялық прогрестің қарқынды дамуы жүзеге
асырылуда. Сол себебті де өндіріс мамандарының технологиялық даярлығына
ерекше мән берілуде. Бүгінгі мектеп партасында отырған оқушыларына ертеңгі
өндірістің болашақ мамандарына технологиялық дайындықты жоғары деңгейде
қамтамасыз ету қажеттілігінің туындайтыны айқын сезіледі. Сондықтан да орта
мектепте өндірістік процестер бойынша оқушылардың дайындық мәселесі үшін
оқыту мазмұны – бағдарламаларда технологиялық процестерді оқыту мәселесін
талдау және оны оқыту үшін алғы шарттардың барын зерделеу қажеттілігі
туындайды. Біздер зерттеу жұмысыздың тақырыбын Технологиялық процестердің
Технология пәні бағдарламаларындағы көрінісі деп алуды жөн көрдік.
Зерттеудің мақсаты: технологиялық процестердің технология бағдарламасы
мазмұнындағы көрінісін айқындау және олардың нақтылы еңбек операциясы
деңгейінде көрсетілуі үшін әдістемелік нұсқау ұсыну.
Зерттеу міндеттері:
- технология ұғымының мәнін және технологиялық процестердің мазмұны
мен құрылымын анықтау;
- технологиялық процестерді оқытатын оқу пәні жөніндегі материалдарды
зерделеу;
- Технология пән бағдарламасы мазмұнын технология дамуына байланысты
жетілдіру бағыттарын зерделеу, талдау.
- технология пән бағдарламасында технологиялық операциялардың
нақтылы көрініс табуына әдістемелік нұсқау ұсыну.

Технология ұғымының мәні және технологиялық процестердің мазмұны мен
құрылымы жөнінде

1. Технология дегенде өнім өндіру процесінде шикізаттың, материалдың не
жартылай фабрикаттың күйін, қасиетін, формасын өзгерту, өңдеу, дайындау
тәсілдерінің жиынтығын түсінеміз. Әдетте технологияны нақтылы өндіріспен
байланыстырады. Мысалы, күкірт қышқылын алу, болат балқыту, т.с.с бұлардың
әрқайсысының өз технологиясы болады. Толып жатқан әр түрлі технологиялар
процестер бар және олардың әрқайсысының өз құрылымы өз ерекшеліктері
болады.
Алайда көптеген түрлі технологиялық процестер үшін ортақ бірнеше әдісті
атауға болады. Ондай ортақ әдіске механикалық, химиялық, биологиялық және
энергетикалық тәсілдер жатады.
1. Механикалық тәсіл еңбек затына механикалық жолмен әрекет ету
нәтижесінде болатын технологиялық процестерді қамтиды. Мысалы: материалды
кесу, шабу, детальды бинтпен бұрап тойтару т.с.с.
2. Химиялық тәсіл еңбек заттарын химиялық реакция жасап өзгертетін
технологиялық процестерді жүзеге асырады. Бұл әдіс тек тікелей химия
өнеркәсібінде ғана емес халық шаруашылығының басқа да салаларында кеңінен
қолданылады. Мысалы, кейбір электротехникалық өнеркәсіпте электролизациялық
және өткізгіш материалдар жасаған кезде, ауыл шаруашылығында зиянкестермен
күресте, машина жасау өнеркәсібінде металды тоттан қорғау үшін қолданылады.
3. Биологиялық тәсіл еңбек заттарын тірі организмде болатын биологиялық
тәсілдер өнеркәсіптің кейбір салаларында мысалы, тамақ химия жеңіл
өнеркәсіпте кеңінен қолданады және де металлургия саласында кейбір
металдарды бактериялар арқылы ажыратып алу тәсілдері жасалады.
4. Энергетикалық тәсіл энергияның электрлік ядролық және басқа да
түрлерін тікелей пайдалану нәтижесіндегі жүзеге асыралатын технологиялық
процестерді қамтиды. Мысалы, мыс және аллюминий электролиз арқылы алынады,
көптеген детальдар жоғарғы жиілікті токпен шынықтырылады. Жоғарыда
келтірілген технологиялық процестер туралы білімдер жалпы білім беретін
пәндердің ішінде математика, физика, химия, биология сияқты пәндер
мазмұнында қарастырылады. Еліміздің нарықты экономикаға көшуіне байланысты
балалар мен жасөспірімдерді еңбекке дайындау ісі жаңа экономикалық білім
беру мен жаңа экономикалық ой қалыптастыру талаптарына жауап беру
қажет. Сондықтан да полетехникалық негізде оқытуды ұйымдастырудың
формалары мен әдістерінде, мазмұнында табиғатты қорғау және
экологиялық тәрбие мәселелері көрсетілу қажет.
Мәселен, ағашты өңдеуге байланысты жұмыстарды негізгі үш топқа
біріктіруге болады:
1. Негізгі операциялар: белгі түсіру, кесу, тесу, ұнғу, жону, тазалау
т.б.
2. Біріктіру жұмыстары: жіптің, сымның, терінің, желімнің, шегенің т.б.
көмегімен біріктірулер.
3. Әрлеу жұмыстары: бояу, ою түсіру т.б.

2. Материалдық өндірістік сала материалдық игіліктерді өндіруші
немесе оларды тұтынушыларға жеткізуші барлық сала жатады. Өнеркәсіпте ауыл
шаруашылығында, құрылыста қоғамға қажетті құрал жабдықтары және тұтыну
заттары жасалады.
Халық шаруашылығының өндірістік емес саласына медициналық, халыққа
мәдени тұрмыстық қызмет көрсету, басқару жоспарлау басқа да қоғамдық
қызметтер жатады. Бұл салада адамдардың жұмыс тұрмыс жағдайларын
жақсартуға, халықтық тұрмыс дәрежесін көтеруге зор ықпал етеді. Материалдық
өндірістің жетекші саласы - өнеркәсіп. Қазіргі технологиялық процесс әдетте
үш сатыдан тұратынын білеміз. Олар: дайындама жасау, дайын детальдарды
даярлау және бұйымдарды құрастыру. Бұлар яғни дайындау форма жасау және
құрастыру сатылар халық шаруашылығының көптеген салалары кәсіпорындардың
технологиялық процесінде кездеседі.
Қазіргі өндірістің технологиялық процестерінің даму кезеңін анықтай
келе ол тоғыз даму сатысынан тұрады деп тұжырымдалады.
1. Технологиялық процестерді басқару.
2. Технологиялық процестерді операциялар бойынша орындау.
3. Шаруашылық ішілік және өндіріс ішілік мамандарды жүзеге асыру.
4. Жұмысшылардың қызметкерлердің және мамандардың жұмысын
ұйымдастыру.
5. Өндірістің жаңа технологиясын жобалау.

6. Қажетті нәтиже алу үшін технологиялық белгілерді анықтау.

7. Технологиялық процестерді электронды есептеу
техникасын пайдалану, басқару және ұйымдастыру.
8. Өндірістің преспективті технологияларын анықтау.
9. Қолданылатын өндірістік технологиялардың әлеуметтік
және экологиялық себеп салдарын анықтау.

Оқу пәні туралы
Бұл күндері оқушыларды белгілі бір кәсіпке баулитын, кәсіпкерлікке
даярлайтын аса қажетті оқу пәні - технология.
Адам өмірі үшін аса қажетті, әрі өмір бойы тоқтаусыз оқытылатын білім
беретін пән бұрынғыша (1998 жылға дейін) еңбекке баулу, бүгінгі
технология оқу пәні сонау аналық дәуірден басталып оқытылып келеді.
Алғашқы өмір басталғаннан адам баласы өз ұрпағын еңбек етуге үйретті
өздеріне қажетті еңбек құралдарын жасады, жабайы аңдарды аулады, тамақ
әзірледі, киім киді. Кейін келе мал және егіншілікпен айналысты. Сол еңбек
бүгінгі қоғам дамуындағы негізгі міндет кәсіпкершілікке әкелді.
Еңбекке баулу біз өмір сүріп отырған ғасырымыздан бұрын XVIII
ғасырдың аяғында, XIX ғасырдың бас кезінде оқытыла бастаған. Алғаш рет қол
еңбегінің оқыту негіздері 1886 жылы Швецияда оқу жоспарына негізгі сабақ
ретінде енгізілген. Біздің қазақ жерінде тұңғыш ағартушы Ы.Алтынсарин 1887
- 1888 жылдары алғаш орыс-қазақ мектебін ашқанда сабақты еңбекке баулудан
бастаған. Одан кейін бірыңғай еңбек мектебі - коммуна ұйымдастырылды.
1930 жылдан 1955 жылға дейін еңбекті оқыту біраз өзгертілді. 1955 -
1956 жыл оқу жылынан бастап орта мектептердің X сыныптарында трактор, ауыл
шаруашылық машиналар оқытыла бастады. Еңбекке деген көзқарас 1960 жылдан
кейін қайта қолға алынды. Бұрынғы жеті жылдық, сегіз жылдыққа, он жылдық,
он бір жылдыққа айналдыру жөнінде арнайы қаулы қабылданды. Әсіресе, ауылдық
мектепте оқушыларды еңбекке үйрету мақсатында мектеп жанынан мектептің
тәжірибе алаңы, оқушылардың өндірістік және құрылыс бригадасы, жазғы еңбек
сауықтыру лагерьлері ұйымдастырылды. Оқушылар еңбекке үйренді, техниканы
меңгерді. Он бір жылдықты бітіргенде бірден ауыл шаруашылығы мен өндіріске
араласып қоғамдық игілікті өндіруге өз үлестерін қосып, мамандықтарын
арнайы және жоғары оқу орындарын сырттай оқу арқылы жалғастырып, білімдерін
толықтырды.
Барлық саладағы еңбек құралдар, шеберханалар ауыл шаруашылық
техникалар талан-таражға түсті. Оқушылар еңбекке баулудан қол үзді.
Осындай кемшілікті түзету 1994, 1995, 1996 жылдардан бастап қолға алынды.
"Еңбекке баулу" "технология" (өндірістік, шеберлік, іскерлік) мектебі
болып қайта құрылды. Технология - білім саласының стандарты,
тұжырымдамасы жазылды. Соған сәйкестендіріліп байқау бағдарламалары мен
оқулықтар әзірленді. Қазіргі кезде жалпы білім беретін мектептерде
"технология" пәні оқытуда дүние жүзіндегі дамыған елдер жүйесіндегі
оқыту әдістеріне сүйене отырып мынандай мақсаттар қойылды:
Технология саласын оқыту барысында мынандай міндеттер іске асырылуы
қажет:
1. Кең тараған және болашақтық технология жайында политехникалық
білімді ақыл - ой, сезімдік әрекеттерінің жүйесін қалыптастыру.
2. Жанұя шаруашылығы мен экономикасын жүргізуге қажетті білім мен
іскерлікті қалыптастыру. Қазіргі өндіріс негіздерімен, қызмет көрсету
негіздерімен таныстыру.
3. Оқушылардың өз бетімен және қабілеті арқасында жобалау мен
шығармашылық есептерді шешуін дамыту.

Технология пән бағдарламасы мазмұнын технология дамуына байланысты
жетілдіру бағыттарын зерделеу, талдау
Жаңа экономикалық жағдай және тенденция қоғам дамуының ерекшелігіне
байланысты білім беру жүйесін түбірімен өзгертуді талап етеді. Ол біздің
еліміздегі прогрессивті технологияның дамуы. Білім берудің сапасы қазіргі
мектеп оқушыларының болашақта бүкіл дүние жүзіндегі білім алу дәрежесіне
көтерілуіне мүмкіндік береді.
Білім мен тәрбие берудің негізі мынадай үш компоненттің бірлігіне
тікелей байланысты. Ол адам мәдениетінің дамуындағы қоғамдық-гуманитарлық,
ғылыми-жаратылыстыну және техника-технологиялық мәдениет. Бұл компоненттер
бірін-бірі толықтыра отырып, оқушыларды жан-жақты жетілген азамат ертінде
тәрбиелеп, белгілі бір кәсіпкерлікке бейімделген, еңбек және кәсіптік
міндеттерді орындай алатын білім беруді талап етеді.
Бұл тәжірибеде біздің Қазақстан Республикасында 1996 жалдан бастап жаңа
талап негізінде қолға алынды. Технология білім саласының стандарты (1998,
2002 ж.ж.) даярланады. Жаңа буын оқулықтары байқаудан өткізіліп (2000-2001
оқу жылдарында 5 сынып, 2001-2002 оқу жылында 6 сынып, 2002-2003 оқу
жылында 7 сынып, 2003-2004 оқу жылында 8 сынып) жаңа бағдарлама негізінде
оқыту жүйесі жүргізілуде. 2004-2005 оқу жылдарында 9 сынып, 2005-2006 оқу
жылдарында 10 сынып, 2006-2007 оқу жылында 11 сынып оқулықтары байқаудан
толық өткізіліп, жаңа буын оқулықтары бүкіл елімізде жаңа талаптар
негізінде оқылатын болады.
Қазірдің өзінде 8, 9, 10, 11 сыныптарға арналған байқау оқулықтары
әдістемелік, дидактикалық құралдар, жазу дәптерлері Мектеп баспасынан
шығып, республиканың эксперимент жүргізетін 77 мектебіне жіберілді. Бұл
мектептің мұғалімдерінің байқау оқулықтарымен танысуға, сабақ беруге,
әзірленуге толық мүмкіндік береді.
Жаңа буын оқулықтарының шығарылу графигі, байқаудан өткізу мерзімі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің арнайы бұйрығымен
бекітілген.
Алайда, жас ұрпақты жаңа жан-жақты жетілген біліммен қаруландыруда,
отандық және дүние жүзіндегі біліммен, қоғамның жаңа нарықтық және
экономикалық, кәсіпкерлік білім талабын орындауда, оны өмірде жүзеге асыра
білуде көптеген кемшіліктер орын алуда. Оқушылардың өзінің болашақтағы
кәсібін таңдауда, өзін-өзі шыңдай білуде, өзін-өзі меңгеруде, шығармашылық
талаптарын орындауда басқа дамыған елдерге қарағанда өте төмен дәрежеде.
Оның басты себебі: біріншіден, жалпы білім беретін орта мектептердің оқу
материалдық техникалық базасының төмендігі, екіншіден, жаңа қоғам
талаптарына сәйкес бірнеше мамандықты меңгерген мұғалім кадрлардың
жеткіліксіздігі, үшіншіден, оқыту, білім беру сапасының төмендігі (Ә.Қ.
технология білім саласы бойынша айтып отырмын).
Осы саладағы біздің алыс және жақын көрші мемлекеттерімізде әлдеқайда
ілгерілеу бар. Мәселен, Ресейде (2001-2004 жылдарда) жоғары сыныптарда
білім беру бірінші этапты сынақтан өтуде. Мақсаты:
- Кәсіпке бағдарлаудың негізгі жолдары және формасы;
- 10-12 жылдық оқуға байланысты эксперименттік базистік оқу жоспары;
- Міндетті технологиялық білімнің минимумдық мазмұны және бітіретін
оқушылардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұғалім атқаратын қызметі
Дербес әдістемелік пәндерді оқыту барысында студент психологиясының ерекшеліктері
Педагогикалық оқу орындарындағы болашақ мұғалімдерді тұлғалық – кәсіби дамыту процесінде рухани және дене тәрбиесін интеграциялау
Орыс тілі мен әдебиеті
Компьютерлік ойындардың мінез - құлыққа агрессивті әсер ету проблемалары
Бастауыш сынып жастағы оқушыларды оқыту процесінде пәнаралық байланысты жүзеге асыру мәселелері
Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту
Технология сабақтарында оқушылардың білімі мен ептіліектерін есепке алу мен тексерудің теориялық негіздері
Физика сабағында инновациялық үрдістерді қолдану
Иттифак әль - Муслимин одағының құрылуы және қызметі
Пәндер