Рим құқығының қайнар көзі



1.Рим құқығы қайнар көздерінің түсінігі.
2 Міндеттеме мен шарттар туралы жалпы білім.
Шарттардың жекелеген түрлері
3 Шарт тәрізділерден туындайтын міндеттемелер.
Жеке деликттерден жәнеделикт тәрізді әрекеттен туындайтын міндеттемелер
3 Мұрагерлік құқық
Рим азаматтығы ең алдымен Рим азаматтарының заңды неке арқылы туылуы негізінде, кейін құлдарды бостандыққа жіберу арқылы және шетел азаматтарына азаматтық беру арқылы пайда болды. Рим азаматтығы ол өлгенде және өте ауыр қылмыстық жауапкершілікке тартылған тұтқынға түскенде жойылады. Бірақ Рим территориясына қайтып оралғандар барлық құқықтарды қайта иелене алатын болды.
III ғасырда формалды түрде құқық қабілеттіліктің теңдігі жарияланды. Шын мәнінде теңдік болған жоқ. Империялық кезеңде адамдар теңсіздігі олардың сославияға бөлінуінен көрінді және ол мамандыққа байланысты болды. Олар: сенаторлар, әскерилер, қалалық курилдер, саудагерлер, қолөнершілер, престондар. Сославиялық белгілерді білу салық салу барысында жєне некеге тұру барысында маңызды болды.
Қазіргі құқықта құқық қабілеттілік пен әрекет қабілетін жеке бөліп көрсетеді. Ежелгі Рим құқығында мұндай категориялар болмады, бірақ барлық әрекеттерді жасауға барлық тұлғалар тең құқықты болмады. Рим құқығында 7 жасқа дейінгілер толық әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылды. Ал 7 жастан 14 жасқа дейін тек қана олар өзіндік жағдайын нашарлатпайтын, мүлкін жоғалтпайтын, міндет арқаламайтын мәмілелер жасай алды. Ондай мәмілелер жасау үшін қамқоршысының келісімі қажет болды.
1. Айтжан Б.Е., Хусаинова А.М. Рим құқығы. - Алматы: Жеті жарғы, 2005.
2. Новицкий И.Б. Римское право. - Изд. 5-е, стереотипное. - М., 1994.
3. Скрипилев Е.А. Основы римского права. Конспект лекций. - 2-изд. - М., 2000.
4. Омельченко О.А. Римское право. - М., 2000.
5. Лунин Э.А. Римское право. - М., 2004.
6. Косарев А.И. Римское право. - М., 1986.
7. Римское частное право. //Под ред. Проф. И.Б.Новицкого и проф. И.С.Перетерского. - М., 2002.
8. Черниловский З.М. Римское частное право. Элементарный курс. - М., Новый юрист, 1997.
9. Иоффе О.С., Мусин В.А. Основы римского гражданского права. - Ленинград, 1974.
10. Хутыз М.Х. Римское частное право. - М.: Былина, 1995.
11. Санфилиппо. Курс римского частного права. - М.: БЕК, 2000.
12. Римское частное право. //Под ред. Новицкого И.Б. и Перетерского И.С. - М.: Юристъ. 1997.
13. Хвостов В.М. Системе римского права. - М., 1996.
14. Иво Пухан, Мирьяна Поленак-Акимовская. Римское право. - М.: Зерцало, 1999.
15. Дождев Д.В. Римское частное право. Понятия, термины, определения. - М.: Юрид. литер., 1989.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Рим құқығының қайнар көздері

1.Рим құқығы қайнар көздерінің түсінігі.

Тұлғалар түсінігі

Рим азаматтығы ең алдымен Рим азаматтарының заңды неке арқылы туылуы
негізінде, кейін құлдарды бостандыққа жіберу арқылы және шетел азаматтарына
азаматтық беру арқылы пайда болды. Рим азаматтығы ол өлгенде және өте ауыр
қылмыстық жауапкершілікке тартылған тұтқынға түскенде жойылады. Бірақ Рим
территориясына қайтып оралғандар барлық құқықтарды қайта иелене алатын
болды.
III ғасырда формалды түрде құқық қабілеттіліктің теңдігі жарияланды.
Шын мәнінде теңдік болған жоқ. Империялық кезеңде адамдар теңсіздігі
олардың сославияға бөлінуінен көрінді және ол мамандыққа байланысты болды.
Олар: сенаторлар, әскерилер, қалалық курилдер, саудагерлер, қолөнершілер,
престондар. Сославиялық белгілерді білу салық салу барысында жєне некеге
тұру барысында маңызды болды.
Қазіргі құқықта құқық қабілеттілік пен әрекет қабілетін жеке бөліп
көрсетеді. Ежелгі Рим құқығында мұндай категориялар болмады, бірақ барлық
әрекеттерді жасауға барлық тұлғалар тең құқықты болмады. Рим құқығында 7
жасқа дейінгілер толық әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылды. Ал 7 жастан 14
жасқа дейін тек қана олар өзіндік жағдайын нашарлатпайтын, мүлкін
жоғалтпайтын, міндет арқаламайтын мәмілелер жасай алды. Ондай мәмілелер
жасау үшін қамқоршысының келісімі қажет болды.
Жүйке ауруымен аруратындар толық және дене бітіміне кемістігі барлар
соған байланысты қатынастарда әрекет қабілеттілігі жоќ болып танылды. Әйел
адамдардың әрекет қабілеттілігі мен құқық қабілеттілігі шектеулі болды.
Рим құқығында тұлға ретінде екі жиынтықтан құрылған құқық
қабілеттілігіне ие субъектілер танылды. Бірінші жағдайда тұлға адам
белгілеріне тән болуы керек болса, екінші жағдайда азаматтық құқыққа ие
бола алатын субъект болуы тиіс болды. Адамдық ерекшелігіне бірнеші
жағдайлар әсер етті: еркіндігі мен еркінг еместігі, азаматтық жағдайы,
римдік отбасындағы жағлайы, тағы басқалар. Мұндай мәртебелердің болмауы
азаматтық құқықта субъект (адам) ретінде қарастырылмады. Толық субъект
ретінде еркін адам (тәуелсіз), әрекет қабілетке ие (25 жас) тұлға танылды.
Бұндай тұлғалар бірнеше элементтерден құрылған құқық қабілетінше ие болды:
1) некеге тұру;

2) мәмілелер жасау;

3) мұраға қалдыру немесе мұрагер болу;

4) талапкер болу.

5) әйелдер, рим азаматтары бола тұра толық құқық қабілеттілікке ие бола
алмады.

Тұлғалардың еркіндік мәртебесіне қарай құқықтық категориялары Рим
құқығы бойынша 3 тапқа бөлінді:

1) еркіндіктегілер;

2) құлдар;

3) еркіндікке жіберілгендер.

Құл иеленушілік қоғамда тұлға деп әрбір адамды емес, тек қана құқық
иеленуге мүмкіншілігі бар жандарды атады. Яғни, бұл қоғамда құқық
қабілеттілік адамның туылған сәтінен бастап пайда болмады. Ол қоғамдағы
экономикалық қатынастардың базисіндегі қондырғылық құбылыс болып табылды.
Римде адамдардың көптеген топтары өмір сүрді. Олардың ішінде кейбір
топтар құқықтың субьектісі емес, обьектісі болып табылды.
Римде құқық қабілеттілікке caput деген термин сәйкес келді. Толық
құқықты қаблеттілік 3 негізгі элементтерден тұрды.
1. Status Iibentatis - еркіндік элементтен тұрды.
2. Status Civitatis - азаматтық жағдайы.
3. Status Tamihae - отбасылық жағдайы.
Демек, толық құқықтық қабілеттілік болуы үшін жағдайы еркін, азаматтығы
Римдік отбасында өзіндік орнының болуы қажет болды. Құқық қабілеттілікті
айқындау Рим тарихының барлық кезеңінде бірдей болған жоқ. Экономикалық
қатынастардың дамуымен қатар құқық қаблеттілігі бар ерікті адамдар қатары
көбейді. Сыртқы қатынастары дамыған тұста ерікті адамдар арасындағы
топтардың құқық қабілеттікке байланысты айырмашылығы болмай қалды. Бірақ
ерікті топ пен құлдар тобы сақталып қалды. 212 жылы Қаракалланың
конституциясы бойынша ерікті адамдар формалды түрде жоқ болып жарияланды
(Рим азаматтығы, перегрин, латын).
Рим азаматтығы заңды Рим азаматтарының (неке барысында) дүниеге келуі
негізінде, құлдықтан босатылу негізінде және шет мемлекет азаматына
азаматтық беру арқылы пайда болды. Азаматтық азамат өлгенде, тұтқын
болғанда, өте ауыр қылмыс жасағанда жойылды.
Б.э.д. III ғасырға дейін латындар деп Лациумның латын азаматтығын алған
тұтқындары аталды. Кейін келе Рим жаулап алған аумақтардағы Латын Кеңесінің
мүшелері де латындар деп аталды. Жалпы алғанда латындардың құқықтық жағдайы
Римдіктердің құқықтық жағдайымен бірдей болды. Латындар Рим азаматтығын
оңай иеленді. Римге қоныстанған әрбір латынға Рим азаматтығы берілді.
Перегриндер деп Рим мемлекетінің қарауына жатпайтын аумақтардағы
қоныстанушылар айтылады. Яғни, олар Рим азаматтығын иемденбейді. Бірақ
латындар әрекет қабілеттігін иемденеді.
Ежелгі кезеңнен бастап Рим мемлекетінің өмір сүруінің соңына дейін құл
иеленушілік қоғамы болды. Рим тарихындағы әрбір кезеңде құлдардың
әлеуметтік жағдайы әр түрлі болды.
Құлдардың құқықтық жағдайы бойынша құл құқық субьектісі бола алмады. Ол
шаруашылыққа қажетті мүлік ретінде танылды. Оның иесі оны сатуға,
өндірістің кез келген құралы ретінде пайдалануға, өлтіруге құқылы болды.
Құл некеге тұра алмады.
Колондар деп классикалық дәуірде жер арендаторлары (шағын фермерлер)
аталды. Олар формалды түрде ерікті болғанымен, шын мәнінде жер иелеріне
экономикалық тұрғыдан тәуелді болды.
Мұндағы құлдар қоғамның ең төменгі сатысын көрсетті. Оның құқықтары
мойындалмады, өз еркімен құқықтық қатынастар жасай алмады. Оны субъект
ретінде емес объект (зат) ретінде қарастырды.
Құлдықтың пайда болу көздері төмендегідей болды:

1) Құл-анадан дүниеге келу;

2) Тұтқынға түсу;

3) Құлдарды сауда-сатыққа салу;

4) Қылмыс жасағаны үшін;

Еркіндікке жіберілгендер, яғни бұрынғы құлдар, олардың құқықтары толық
болған жоқ. Олар мемлекет қызметімен айналыса алмады.

Тұлғалардың азаматтығына қарай құқықтық категориялары

Ежелгі Римде рим азаматтары мен бірге арнайы категорияға кіретін азаматтар
өмір сүрді, оларды: латиндер мен перегриндер деп атады.

Құқықтық қатынастың негізгі субъектісі ретінде жеке тұлға, индивид
қатысып келген, яғни бұлар тек жеке құқықта ғана емес, жариялы құқықтық
салада да көрінген.
Жеке тұлғалардан басқа сол Ежелгі Рим заманының өзінде заңды тұлғалардың
болғанын да байқауға болады.
Заңды тұлға алғашқы көріністен - жеке тұлғалардың біріккендіктерінен,
қоғамдық мекемелер құрылуынан, қауымдастықтың пайда болуынан байқатты.
Өзінің мәртебесі жағынан заңды тұлға 3 негізгі түрге бөлінді:
1) мемлекет;
2) қауымдастық;
3) қоғамдық бірлестіктер, мекемелер.
Мемлекет алғашқыда саяси биліктің жүргізуші, жариялы-құқықтық қатынасқа
түсуші субъект ретінде қатысты.

Қауымдастық (Муниципии) - бұған жақын кез-келген рудан шыққан қоғам
бірлестіктері кірді (абыз алқалары, діни бірлестіктер, қолөнершілер мен
саудагерлер цехтары, т.б. қауымдастықтар).
Мекемелер (шіркеулер, қорлар, емханалар) биік көрсетуші тараптар арнайы
актімен таныған жағдайда ғана заңды тұлға ретінде мүліктік қатынасқа түсе
алатын субъект болып есептелді. Бірақта олар шіркеу билігіне бағынды.
Ұйымның және корпорацияның құққық қабілеттілігі.
Корпорация ( заңды тұлға) Рим құқығы бойынша ұйым болып есептелу үшін
кем дегенде толық құқық қабілеттке ие 3 рим азаматтары құру қажет болған.
Бірлестіктер заңға қайшы келмеу керек болды, оны құру үшін императордың
немесе сенатус-консульттің рұқсаты қажет болған. Ішкі ұйымы жағынан мұндай
корпорациялардың жеке жарғылары болуы тиісті болды. Жоғарғы органы болып -
біріккен мүшелердің жиыны болған.
Римдік заңды тұлға - әрекет қабілеттілігіне ие болмады. Әр түрлі заңды
тұлға атынан әрекеттерді заңды өкілдер атқарды. Корпорация атынан тек ол
ғана мүдделерін қорғап, талап арыз беріп, мәмілелер жасап отырған.
Корпорация-бірлестігінің тоқтатылуы мынадай себептерден болды:
1) Мүшелігінен кету;
2) сот немесе мемлекеттің әрекет етуіне тыйым салу;
3) құрылу алдында қойған мақсаттарына жетуі немесе мерзімінің бітуі;
4) мүшелердің көпшілік дауыспен шешім шығарып тарқауы жатты.

Отбасылық құқықтық қатынастар

Отбасы әлеуметтік ұйым (қауым) элементі ретінде, құқықтық реттеу жағынан 2
жағдайда көрінісін табады: еркек пен әйелдің одағы және отбасында
балалардың болуы.
Отбасы некеден құрылады. Мұны Ежелден Римде өмір сүрген заңгер Модестин
де келтірген болатын, ол Рим некесін рухани және адамзат құқы өмір бойына
қосқан еркек пен әйелдің одағы дейді.
Рим құқығындағы неке институтының құқықтық жағдайларын төмендегідей
көрсетуге болады: 1) Неке өзара ерікті түрде жасалу керек; 2) Дене
бітімінің келуі; 3) екеуінің келісімі; 4) отбасын құру мақсаты; 5) ерлі-
зайыптылардың өмір бойы бірге тұруы.
Жұбайлардың құқықтық сапасына қарай некелері:
1. дұрыс неке;
2. дұрыс емес неке;
3. азаматтық неке болып бөлінген. Біріншісі бойынша арнайы заң нысанында
танылған екеуінің бір құқықтық сапасынан жатқан жеке және мүліктік
құқықты туғызатын одақ танылған. Екіншісінде тараптардың бірі басқа
азаматтықта болуы (мысалы перегриндермен жасасқан неке т.с.с).
Үшіншісі неке рәсімін жасамай бірге өмір сүруі танылған.
Римдік отбасы құқында араларында неке қиылуына жол берілмейтін адамдар
да белгіленген. Некеге тұруға:
1) кәмілетке толмағандарға;
2) ақыл есі кемдерге;
3) құлдарға жол бермеген.
Римдікотбасы бойынша неке жасы еркектер үшін 14 жас болса, әйелдерге
13 жас белгіленген. Еркектер үшін 60 жасқа дейін, әйелдерге 55 жаста
жасалынған некеге рұқсат берілсе, 80 жаста жасалынған неке заңсыз деп
есптелінген.
Сондай-ақ әлеуметтік деңгейіне қарай басшысы мен қызметшісі арасындағы
некелерге жол берілмеді (мәселен магистрат пен әртіс әйел немесе қол
астындағы қызметші әйел. т.с.с.).
Неке рим құқығы бойынша сонымен қатар бір дінді ұстаушылар арасында
жасалуы керек болған. Туыстар арасында жасалынған неке жарамсыз болып
есептелінген.
Некенің тоқталуы әр түрлі болған:
1) жұбайының қайтыс болуы;
2) ажырасу;
Мұндағы ажырасуда еркектің қалауымен жүргізілген.
Қорғаншылық және қамқоршылық. Әкенің билігі
Қорғаншылық пен қамқоршылық қорғаншылыққа қажетті тұлғаларға
қолданылған. Қорғаншылықтың алғашқы тарихы түрінің бірі үй иесінің отбасы
мүшелеріне, үй қызметшілеріне қамқоршы болуы. Кейін бұл қорғаншылық түрі
өсиеттік қорғаншылыққа айналған.
Кәмелетке толмағандарға қамқоршылық тағайындау.
Мұндай қорғаншылық уақытша белгіленген, бұл кәмілетке толғанда
тоқтатылған. Кәмілетке толмағандар үшін қамқоршылық мына түрлерге бөлінген:
1) балаларға (7 жасқа дейінгілер);
2) жасөспірімдерге (7-ден 12, 14 жасқа дейін);
3) жас жігіттерге (25-тегі азаматтар).
Әйелдерге қорғаншылық - бұл әрқашан да және өмір бойы жүргізілген.
Қамқоршылық - билік жүргізуші органдардың шешімімен жасалынған. Бұл
ақыл-есінен ауысқан, есі дұрыс емес азаматтарға тағайындалған. Қамқоршылық
әсіресе магистраттың шешімімен қамқоршы болатын адамға психикалық және
әлеуметтік жағдайын тексеруі арқылы жасалынған.
Жұбайлар арасындағы жеке және мүліктік қатынастар
Римдік отбасы бойынша әйелдер құқы еркектермен салыстырғанда төмен
сатыда болды. әйелінің мүлкі тұтастай күйеуінің меншігі болып есептелді.
Некелік мүліктің екі түрі болды:
1) жасау;
2) некелік сыйлықтар.
Жасау - әйел тарапынан берілген материалдық сый болып есептелді. Жасау
- жабдықты беру некеге тұру рәсімінен басқа бөлек құжаттармен бекітілді.
Некелік сыйлықтар - бұл күйеуінің әйеліне берген сыйлығы есептелген.
Мұндай рәсім некеге отырудың алдында жасалған.
Әкенің билігі - үй иесі болып есептелгендіктен отбасы мүшелерінің бәріне
қатысты жүргізілген. Балаларына қатысты әкесі мынадай құқықтарға ие болған:
1) баласының кәмілетке толғанға шейін өмірінің тағдырын шешу;
2) жаңа туған сәбиін қадағалаусыз қалдыру;
3) қызын не ұлын құлдыққа сату.

Меншік құқығы. Бөтен адамның заттарына деген құқық

Меншік құқығы субъектінің заң арқылы танылатын және қозғалатын өзіне
тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.
Заттық құқық ішіндегі кең тараған түрі.
Иелену құқығы – мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң
қамтамасыз етеді. Иелену – мүліктің нақтылы иесінде болуы. Адам өз мүлкіне
ие деп саналады. Басқалар мүлікті иесінен келісім бойынша алып, пайдалануы
керек. Бұл сәтте олар да иеленуші болады, бірақ негізгі иеленуші емес.
Титулдық иеленуші мүлікті жалдау, сауда аманат, тасымал т.б. келісімдер
арқылы иеленуі мүмкін. Егер мүлік меншік иесінен оның өз еркіменшықса,
мүлікті алған заңды иеленуші болады, ал егер мүлік басқаға ұрлау, жоғалту
арқылы көшсе, иелену заңсыз болып табылады.
Пайдалану құқығы – мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың,
сондай-ақ пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда – кіріс, өсім,
жеміс, төл алу, өзге де түрде болуы мүмкін.
Билік ету – мүліктің тағдырын шешу. Меншік құқығының мерзімі шексіз.
Ежелгі Римде меншік құқығы құқықтық нысандарына қарай мынадай түрлерге
бөлінеді: квириттік, бонитарлық, провинциалдық, латиндік және перегриндік
меншік.
Рим құқығының жүйесі алғашқы кезде жеке меншік құқығының негізінде
қалыптасты. Әрбір адамның жеке меншігінің негізінде уақыт өте келе қоғамдық
меншік, оның ішінде тайпалық, рулық, отбасылық меншік қалыптасып дамыды.
Римдік құқықтың дамуында жерге меншік құқығының маңызы зор болды.
Жер Рим тарихының ежелгі кезеңінде патрицилердің қолында болды. Ал жер
өңдеуші плебейлер жер тапшылығынан зардап шекті. Бұл екі топтың арасында
құқықтарды теңестіру үшін үлкен күрес жүрді.
Республикалық кезеңде жерге мемлекеттік, ортақ және жеке меншік түрлері
болды.
Құл иеленушіліктің және өсімқорлықтың дамуы меншік құқығының жетілуін
тездетті. Бай патрицилер көптеген жерлерді иемденді (латифундар).
Римде меншік құқығы dominium, ал республикалық кезеңнің соңында
proprietas деген терминдермен айқындалды. Меншік құқығы алғашќы да тек Рим
халқына ғана, кейін жеке меншік құқығы түрінде Рим азаматтарына тиесілі
болды.
Меншік құқығы перегриндерге және провинциялық жерлерге қолданбады.
Рим заңгерлерінің көзқарасы бойынша жеке меншік құқығы, яғни оны
иеленуші өзіне тиесілі мүлікті заңмен тыйым салынбағаннан басқа кез келген
жолмен пайдалана алды.
Меншік және меншік құқығы дегеніміз - әр түрлі ұғымдар. Меншік туралы
айтылғанда, еңбектің өнімдерінің тиісті нысандарын иеленуді шартты түрде
дєйектейтін өндірістің құрал-жабдықтары мен өнімдеріне иелік жасау
жөніндегі белгілі бір қоғамдық қатынастар туралы болады.
Меншік дегеніміз - қоғам өмірінің шарты. Меншік базистік сипаттағы
экономикалық санат, ал меншік құқығы дегеніміз - қондырмалық тәртіптегі
ұғым болып табылады.
Меншік құқығы обьективті және субьективті мағыналарға байланысты
бөлінеді. Обьективті мағына тұрғысынан алғанда меншік құқығы өндіріс құрал
жабдықтары мен өнімдеріне иелік жасау, пайдалану және өкімдік жүргізу
қатынастарын дәйектейтін құқықтық нормаларының жиынтығы болып табылады.
Сонымен меншік құқығы дегеніміз - субьективті мағынасында белгілі бір
адамның нақты мүлікке қатынастағы құқығы болып табылады. Мешік иесіне
мүлікті иелену, пайдалану және оған өкімдігін жүргізу құқықтары тиесілі.
Бұл құқықтар, дєлірек айтқанда меншік иесінің µкілеттілігі адамныњ меншік
құқығының мазмұнын құрайды.
Иелену құқығы дегеніміз - мүлікті іс жүзінде иеленуді іске асыруды зањ
жүзінде қамтамасыз ету. Ие болу құқығы деп адамның өз қалауынша мүлікке
ықпал жүргізуінің мүмкіндігін құрайтын мүлікке нақты ие болуды айтамыз.
Ие болу құқығы заңмен қорғалады. Мүлікке ие болу құқығы басқа адамға
берілуі мүмкін.
Пайдалану құқығы дегеніміз - заттың пайдалы табиғи қасиеттерін шығарып,
одан табыстар, сондай-ақ басқа да тиімді игіліктер көру мүмкіндігі.
Пайдалану құқығы кезінде меншік иесінің өзіне тиесілі мүлікті кәдеге
жаратуы, өзінің тұтынушылық сезімін қанағаттандыру үшін одан пайда табуы
қажет.
Билік ету құқығы дегеніміз - мүліктің заң жүзінде тағдырын белгілеудің
заңмен қамтамасыз етілуі. Билік ету құқығы бойынша меншік иесі өзіне
тиесілі мүліктің заңдық жағдайын анықтап, өзгерте отырып, мүлікке
байланысты құқықтық қатынастарды белгілейді немесе тоқтатады.
Мүлік тек бір адамға ғана емес, екі немесе одан көп адамдарға тиесілі
болуы мүмкін. Мұндай жағдайда бір материалдық объектіге қатысты бірнеше
субъектінің ортақ меншік құқығы пайда болуы мүмкін. Ортақ меншіктің екі
түрі бар: үлестік және бірлескен. Ортақ үлестік меншік меншік иесінің
әрқайсысының үлесін анықтаумен сипатталады.
Ежелгі Рим мемлекетінде меншік құқығының негізгі институттары мен
белгілері қалыптасқан деп айта аламыз.
Заттық құқық – бұл негізінде нәрсеге жататын жеке азаматтарға тән құқық.
Зат иесі мүлікті игереді, пайдаланады және билейді.
Рим құқығы бойынша заттық құқыққа меншік құқығы және біреудің затына
құқық кірген. Соңғысы төмендегі топтарға жіктелген:
1) Сервитут құқығы;
2) Кепіл құқығы;
3) Эмфтитевзис;
4) Суперфиций;
Res – зат, заттық құқықтың объектісі, оған ақша, бағалы қағаздар
кірген. Римдіктер затты әр түрлі бөліп қарастырған. Мысалы, заттар: денелі
және денесіз, жылжитын және жылжымайтын, жеке анықталған заттар және түр-
сапалық белгісін анықтайтын заттар, тұтынатын және тұтынбайтын, жай және
күрделі зат, жариялы, ешкімдікі емес және жалпыға бірдей заттар деп
қарастырған.
Денелі зат деп физикалық табиғатына сай, көзбен көретін, қолмен
ұсталатын затты таныған.
Денесіз зат деп заңдық табиғатына сай адамның көбінесе ойлық
қабілетінде жүретін затқа құқықтарымен игіліктері кірген.
Жеке анықталған зат деп өзі айтып тұрғандай, басқа заттардан бөлек
тұрған заттарды таныған.
Түр-сапалық белгісін анықтайтын заттар – мысалыбұған бидай, күнбағыс
майы, шарап т.б. жатқан және бұлар санмен, салмақ және басқада өлшемдермен
анықталатын заттар (мысалы, литр; кг). Бұл заттар ешқашан да заңдық мәнін
жоғалтпаған (Мәселен 1 т. бидай алсаң, орнына басқа бидай өткізесің).
Тұтынатын зат – қолдану кезінде түрлік сапасы жойылады (мысалы тамақ,
жеміс жидек т.б.).
Тұтынбайтын зат – бірнеше қолданыстан өтсе де сапалығы жойылмайтын зат
(мысалы жер учаскесі).
Бөлінетін зат – бөлшектеген кезде сапалығы жойылмайтын зат (мысалы
шарап, ыдыс-аяқ т.б.).
Бөлінбейтін зат – ажыратқан кезде сапалығы жойылатын зат (мысалы құлды
бөшектесе ештеңеге жарамайды).
Жай зат – бөлшектерден тұрмайтын, тұтас зат (мысалы құл).
Күрделі зат – бірнеше бөлшектерден құралған зат.
Меншіктің пайда болуының бастапқы әдістері:
1) Жаңа заттарды дайындау (өз материалдарын пайдалану арқылы).
2) өз затынан кіріс, өсім, жеміс, төл алу.
3) оккупациялау, яғни иесіз заттарды иелену.
Шарт нысанындағы меншік құқығы.
Виндикация – латын тілінен аударғанда қорғаймын, талап етемін деген
ұғымды білдіреді. Бұл – меншік иесінің өз мүлкін басқа біреудің заңсыз
иемденуінен қайтарып алуы. Мүлік қолында тұрған адам адал иеленуші болса
(біреуден ұрлап алынғанын білмесе, білуге тиісті де болмаса), негізгі мүлік
иесі ол мүлікті басында жоғалтып алған адамнан ұрлап кеткен болса ғана
қайтарып алады. Ал егер мүлікті иеленіп отырған адам оны басқа біреуден
ақысыз тегін алса, негізгі меншік иесі ол мүлікті барлық жағдайда қайтаруды
талап ете алады. Бұл азаматтар арасындағы виндикация.
Меншік құқығының пайда болуы және тоқтатылуының негіздері дегеніміз -
нақты адамның белгілі бір затқа байланысты меншік құқығын алуын немесе
жоғалтуын заңды түрде байланыстыратын заңды фактілер.
Меншік құқығын иемденудің тәсілі алғашқы және кейінгі болып бөлінді.
Алғашқы түріне, яғни ол мүлікті алғашқы рет иемдену жатты. Демек, ол мүлік
бұрын ешкімнің меншігінде болмауы керек. Кейінгі түрі бойынша меншік
алғашқы меншік негізінде қалыптасты.
Меншік құқығының кейінгі иелену арқылы пайда болуы өте кең тараған
тәсіл. Кез келген мүлікті екінші жаққа беру, екінші жақтың ол мүліктің
қабылдап алуы меншікті иелену болып табылмайды. Мысалы, сақтауға,
пайдалануға кепілпұлға бергенде мүлікке құқық пайда болмайды. Меншік құқығы
тек қана ол мүлікті екінші жаққа пайдалануға, иеленуге және басқаруға, оның
меншігіне бергенде пайда болады.
Меншік құқығының алғашқы иелену, ол иесі жоқ мүлікті алғаш болып өз
меншігіне алу болып табылады. Рим құқығында егесі жоқ мүлікті алғаш кім
пайдаланса, ол мүлік соның меншігі болып табылады (жоғалған, танылған,
тастаған мүлік).
Иеленушіге затты беру - өткізу деп мойындалады. Мысалы, иеленушіге
тиісті ұйымдарының жеткізуі үшін тапсыруы және жеткізу міндеттемесінсіз
бөлектенген заттарды иеленушіге біреу арқылы тапсыру әрекеттері де нақты
осындай.
Сөйтіп, затты өткізген, берген сәттен бастап иеленушінің оған деген
меншік құқығы пайда болады. Мысалы, адам ақшасын төлеп белгілі бір затты
сатып алды, алған сәттен бастап бұл зат оның меншігіне айналады. Алайда,
тараптардың келісімі бойынша жекелеген жағдайда меншік құқығы шартты
рәсімдеген, яғни жасаған сәттен бастап пайда болуы мүмкін.
Меншік құқығының пайда болуының мәнін меншік иесі меншік құқығын алумен
иеліктен айырылған заттардың кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүліну
қауіпі де жаңа иесіне бір мезгілде көшеді. Бұл жағдайда тараптардың
ешқайсысы да кінәлі емес болып табылатын мүліктің жойылуы туралы болып
отыр. Егер иеліктен айырушы адам заттарды өткізуді кешіктіре берсе немесе
иеленуші қабылдап алуды кешіктірсе, онда кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ
бүліну қауіпі кешіктірген тараптың жауапкершілігіне өтеді.
Меншік иесінің еркіне қатысты және қатыссыз меншік құқығының
тоқтатылуының әр түрлі негіздері бар. Біріншіге, мысалы сатып алу-сатудағы
жағдайлар жатады. Меншік құқығының тоқтатылуы меншік иесінің еркіне
қатыссыз жағдайлардан туу мүмкін.
Біреудің затына құқық – бұл сервитут құқығы болып табылады. Сервитут –
азаматтардың басқа адамдардың жеке меншік құқындағы немесе жер пайдалану
құқындағы жер учаскелерін шектеулі нысаналы пайдалану құқығы.
Жеке сервитут – белгілі бір нақты тұлғаға беріледі, меншік иесі өлген
сәтте тоқтатылады. Мұрагерлік бұл жағдайда жүргізілмейді.
Жеке сервитут түрлері:
1) Узуфрукт нақты бір заттан кірістерін, өсімдері мен жемістерін
пайдалану;
2) Узус - өсімдер мен жемістерді алмай затты пайдалану;
3) Habitatio – бөтен үйде тұру құқығы;
4) Бөтен құл мен мал еңбегін пайдалану құқығы;
Сервитут құқығының жүзеге асу механизмі екі формада көрініс табатыны
айќындалды:
Эмфитевзис – ауыл шаруашылығына берілген жер учаскесін өмірлік мұра
ретінде иелену мен пайдалану.
Суперфиций – бөтен жер учаскесінде құрылыс салу құқығы.
Келісім-шарттардың әсер етуі нәтижесінде белгілі бір заңдық салдарларды
қалыптастыратын фактілер - заңдық фактілер болып табылады.
Заңдық фактілерді адамның еркінен тыс оқиғалар және адам еркіне
байланысты оның әрекеттері арқылы бөліп көрсетуге болады. Әрбір заңдық
фактінің нәтижесі заңды, әрі заңсыз болуы мүмкін. Құқыққа қарсы заңды
фактілер нәтижесі бұрыс салдарлар, яғни құқық бұзушылыққа қарсы әкеп
соғады. Заңды және заңсыз әрекеттер оның ішінде құқық пен міндетті
өзгертуге, тоқтатуға қалыптастыруға бағытталған заңды әрекеттер (мәмілелер)
маңызы зор. Рим заңгерлері кепіл және оның нысандары бойынша мәміленің
жалпы түсінігін қалыптастырмады. Олар тек кейбір нақты шарттарды ғана
пайдаланды.
Кепіл қатынастары бойынша заңдық факт дау бойынша азаматтардың
құқықтары мен міндеттерін өзгертуге, тоқтатуға және пайда болуына әсер
ететін бір шындық. Олар әр түрлі негіздер бойынша сараланды. Оныњ негізгі
нысаны субьектілердің еркіне байланысты әрекет және уақиғаға бөлінеді.
Әрекет заңды және заңсыз болуы мүмкін. Мәміледе және әрбір заңды әрекетте
оны жасаушы тұлғаның еркі білдіріледі. Егер кепілдік қатынастар мәмілесінде
тек бір тараптың еркі білдірілсе, мәміле бір жақты деп аталды. Мысалы, кез
келген қозғалмайтын мүлікті кепілге қоя отырып қарызға алатын қаржының
қайта қайтатыны, кейде оны қайтара алмайтын фактілері де кездеседі.
Осылайша, Римдегі кепілдік қатынастардың шарттық жүйесінің өзіндік
ерекшелігі болды. Олар, яғни міндеттеменің уақтылы орындалу фактісі жєне
орындалмау арқылы жауапкершілік туындататын жағдайлары арқылы ерекшеленді.
Міндеттеменің талап ету құқығы бар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рим азаматтық құқығының пәні мен қайнар көздері
Рим құқығының тарихы
Рим құқығының жалпы сипаты
Құқықтық жүйелер
Роман - герман құқықтық жүйесі құқығының қайнар көздері
Римдік жек құқық пәні
Рим құқығының қайнар көздері
Скандинавия елдерінің құқықтық жүйелерінің ерекшеліктері
Әдеттегі құқық және заң
ҚР азаматтық заңнаманы құрайтын заңдар мен нормативтік актілер
Пәндер