Үйірме жұмыстарына гипстен музыкалық аспаптар жасау әдістемесі. «Саз сырнай»
КІРІСПЕ
1. ТАҢДАП АЛҒАН ТАҚЫРЫПТЫҢ ДӘЙЕКТІЛІП МЕН өзектілігі
1.1. КЕРАМИКАНЫҢ ШЫҒУ ТАРИХИ .
1.2.ҚАЗАҚСТАН КЕРАМИКАСЫ
2.ТАҚЫРЫПТЫҢ ҒЫЛЫМИ ЭРГОНИКАЛЫҚ,
АНТОРПОМЕТРИЯЛЫҚ ЖАҚТАРЫ
2.1.КЕРАМИКАНЫҢ ТҰРМЫСТЫҚ ӨМІРДЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ МЕН ОНЫҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ МӘНІ
2.2.КЕРАМИКАНЫ КӨРКЕМДЕП ӨҢДЕУ ТӘСІЛДЕРІ
3.КЕРАМИКАЛЫҚ БҰЙЫМДАРДЫ ЖАСАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
3.1.ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ
4. Оқушыларды ұлттық қолөнерге баулудағы халық
педагогикасының негіздері
4.1Оқушыларды ұлттық қолөнерге баулудағы халық педагогикасының тиімділігі
4.2.Ұлттық қолөнер негізінде оқушыларды еңбекке
тәрбиелеу
4.3.Оқушыларды қолөнерге баулудағы дидактикалық принциптер
5. 7.8 сынып оқушыларына көркемдік керамиканы үйретудегі ұлттық
тәсілдермен өңдеудің мазмұны мен формалары
5.1.Оқушыларды қолөнерге үйретудің мазмұны мен мәні
5.2 Өқушыларды қолөнерге баулудың формалары мен әдістері
5.3 Ұлттық қолөнерде ою.өрнекті пайдалану
және оның түрлері
ҚОРЫТЫНДЫ

Керамика грек тілінен аударғанда «Keramos» балшық дегенді білдіреді . Әр түрлі минералдық және биорганик заттар қоспасы араласқан балшықты күйдіру арқылы алынатын бұйым. Тұрмыстың барлық салаларында :үй тұрмысында (әр түрлі ыдыстар) , құрылыста (кірпіш , қыш , құбыр , тақта т.б.) техникада су және ауа транспортында мүсін өнерінде т.б. кеңінен қолданылады. Керамиканың негізгі технологиялық түріне құрылыстың кірпіш терракота майолика, фаянс, фарфор, жатады.
Керамика жасауды әр халық өз бетімен ойлап тапқандықтан олардың өзіндік ерекшеліктері де бар. Халқы мен заманына тән ерекшелігі әртүрлі ою-өрнектер мен таңбалардың , тіпті кейде жазулардың болуы бұларды бағалы тарихи ескерткіштер қатарына жатқызады.
Керамиканың дамуы тарихында ертедегі гректердің орны ерекше. Б.э.б.мың жылдықта керамикалық бұйымдар жасалғаны анықталып отыр. 10 ғасырдан бастап ертедегі Русьте гончар дөңгелегімен ыдыс аяқтар жасала бастаса , 11-12 ғасырда Петербург қаласында ұйымдастырылды. Тұңғыш фарфор заводы 1744 жылы Петербурге салынды. Керамика Қазақстан территориясында да ертеден дами бастаған.

1. Өзбекәлі Жәнібеков « Эхо » , Алматы «Өнер» 1990ж.
2. «Қазақ сувенирлері» авторлар : Г. Поздняков , И.
Синенькая. Қазақстан баспасы Алматы 1971 жыл.
3. Т. Бэсенов Ахмет Яссауи мовзолей - комплекс! Алматы
« Өнер » 1982 жыл.
4. А.И. Августник « Керамика » 1957 жыл.
5.К.Д. Анварович « Керамика » 1957 жыл. Шымкент
Т.О.О « Кітап ».
6. Қ. Байпақов, Л. Ерзакович.
Орта ғасырдағы Отырар керамикасы Алматы «Өнер» 1990ж.
7.Аймауытов Ж. Шығармалары. Алматы,1989.
8.Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері: Ғылыми-зерттеу еңбек.-Алматы,1987.
9.Білім туралы заң, тұжырымдама.
11.Жәнібеков О. “ЭХО” Москва 1988.
12.Жарықбаев Қ.,Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі.
(Оқу құралы).-Алматы,1995.
13. Жарықбаев Қ.,Қалиев С. Халық педагогикасының
тағылымдары. “Бастауыш мектеп”, 1990, № 2.
14. Коноплева Н.П. “Втарая жизнь вещей”(о коже) 1991
66
15. Кюльев Э.П. Кирме К.К. Реймо Х.К. “Технология художественных
изделий из кожи”,1987
16. Қазақ совет энциклопедиясы.1-12 томдары.Алматы,1972-1978.
17. Қазақ әдебиет тарихы. 2-ші том. Алматы,1961.
18. Қазақстан шеберлері, Алматы 1980.
19. Қасымов С.“Қазақ халқының қол өнері”
Қазақстан баспасы 1969
20. Құралов А. Қол өнер бұйымдарына байланысты
терминдердің түсіндірме сөздігі.
21. Қазақ совет энциклопедиясы. Том-3
22. Марұлан А,Х. “Казахское народное прикладное искусства”
Алматы “Өнер” 1986
23. Муканов М.С. Казахские домашние художественные
ремесла. Алматы,1979.
24. “Өнер” Алматы 1988.
25. Сәрсенбаев Н.С. Обычай, традиции и общественная
жизнь. Алматы,1974.
26. Төленбаев С., Өмірбекова М. “Қазақтың ою-өрнектері”
Алматы “Қазақстан” Қағанат ЛТД 1993.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Қашықтықтан білім беру институты
“Бейнелеу және сызу” кафедрасы
Қорғауға жіберілді
“____”_________2007 ж.
Кафедра меңгерушісі
п.ғ.к._______________
Тәңірбергенов М
Дипломдық жұмыс
Тақырыбы:Үйірме жұмыстарына гипстен музыкалық аспаптар
жасау әдістемесі.
Саз сырнай
Орындаған: ЗЕП-0-8к1 тобының
студенті
Оңласбеков
Пернебай Мырзаханұлы
Ғылыми жетекші: п.ғ.к., доцент Матаева С.Р.
Сипаттама беруші: Айдарбек
Бакіржан
Шымкент – 2007
КІРІСПЕ
Керамика грек тілінен аударғанда Keramos балшық дегенді білдіреді . Әр
түрлі минералдық және биорганик заттар қоспасы араласқан балшықты күйдіру
арқылы алынатын бұйым. Тұрмыстың барлық салаларында :үй тұрмысында (әр
түрлі ыдыстар) , құрылыста (кірпіш , қыш , құбыр , тақта т.б.) техникада су
және ауа транспортында мүсін өнерінде т.б. кеңінен қолданылады. Керамиканың
негізгі технологиялық түріне құрылыстың кірпіш терракота майолика, фаянс,
фарфор, жатады.
Керамика жасауды әр халық өз бетімен ойлап тапқандықтан олардың өзіндік
ерекшеліктері де бар. Халқы мен заманына тән ерекшелігі әртүрлі ою-өрнектер
мен таңбалардың , тіпті кейде жазулардың болуы бұларды бағалы тарихи
ескерткіштер қатарына жатқызады.
Керамиканың дамуы тарихында ертедегі гректердің орны ерекше. Б.э.б.мың
жылдықта керамикалық бұйымдар жасалғаны анықталып отыр. 10 ғасырдан бастап
ертедегі Русьте гончар дөңгелегімен ыдыс аяқтар жасала бастаса , 11-12
ғасырда Петербург қаласында ұйымдастырылды. Тұңғыш фарфор заводы 1744 жылы
Петербурге салынды. Керамика Қазақстан территориясында да ертеден дами
бастаған.
Орталық Қазақстандағы Алаш, Жұға Аяққамыр мазарлары, Тұркістандағы Ахмед
Яссаидің мазары осы керамикалық материалдардан жасалған. Керамика
өндірісінің негізгі шикізаты балшық. Балшық ішінде мөлшері 5 мл ден астамы
тастан болса, машинанада өткізіліп , не тазартыла ды, не уатылады. Ұсақ
түйірлі керамикалық бұйымдар жасау үшін күйдіргенде түсі ағаратын
балшықтар, каолиндер, кварц, дала шипаты т.б. қоспасыз сапалы шикізаттар
қолданылады. Керамикалық масса дайындалу жағынан сұйық плстикалық жартылай
құрғақ болып келеді. Керамиканы қалыпқа қүю әдісі бүйымның түріне қарай
таңдап алынады. Отқа төзімді кірпіш, тыстамалық тақтамалар секілді .
3
Қарапайым бұйымдар құрғақ майда массадан пірестеліп жасалады. Қалыпталған
керамикалық материалдар күйдіруден бұрын кептіріледі. Күйдіру процессінде
керамикалық массадан гигроскопиялық судың қалдығы бөлініп шығады, және
балшық қүрамындағы минералдар химиялық өзгеріске үшырайды. Кұйдіру
температурасы массаның қүрамына алынатын бүйым түріне және қасиеттеріне
қойылатын талаптарға байланысты 300 градустан (құрылыс қышы) 3000 градусқа
(отқа төзімді матермалдар) дейін жетеді . Күйдіру мерзімі 2-3 сағаттан
бірнеше тәулікке дейін созылады.
Қазақстандағы керамика өндірісі негізінен Үлы Қазан революциясынан кейін
, әсіресе 1950 жылдан бастап өрістеді. Қазір Қазақстанда жүзден аса қыш
заводтары жылына 1,5 млрд аса күйдірілген қыш өндіреді. Керамикалық шикізат-
керамикалық бүйымдар жасауға қолданылатын әр түрлі материалдар,
минералдардың тотықтары, жоғары температураға төзімді т.б. заттардың
қоспалары. Химикат және грануламетриялық қүрамына тығыздығына қарай
керамика шикізаттың ұсақ тесікті , су өткізгіштігі 50 проценттен асатын
одан да кем түрі бар.
Құрамдық ерекшеліктеріне қарай ұсақ түйіршіктері өте ұсақ біркелкі
түйіршікті біріңғай бояулы (фарфор , фаянс) болып бөлінеді. Қабырғалық
бүйымдар жасауға пайданылатын негізгі шикізат әр түрлі тас, әк тас, балшық.
Әшекейлік бұйымдар отқа төзімді , тез балқымайтын балшықтан жасалады . Оның
отқа төзімділігін арттыру үшін 50 процентке дейін шамот қосу керек.
Санитарлық техника бұйымдарын өндіруге негізгі шикізат ретінде балшқтың
отқа төзімді түрлері каомин (25-30 %)кварц құмдары (25-30%) .Әр түрлі
күйдірілген заттардың ұнтақтары (6-16%) қолданылады. Керамикалық
материалдар негізінен шикізаттардан алдын ала керамикалық масса дайындау ,
оларды әр түрлі қалыпқа салып кептіру арнаулы пештерде күйдіру жолымен
алынады. Керамиканың дамуындағы
4
жаңа кезең Біздің эрамызға дейінгі бірінші мыңжылдықта екінші жартысында
тура келді. Сақтар мен үйсіндердің керамикасында көптеген жаңа бейнелер
түрлі көлемдегі кеселер кубоктар , аяғы мен шүмегі бар ыдыстар , құмыралар,
сапты аяқтар пацуда болды. Олардың сыртқы жағы басқа түспен балшықпен
ангобпен қапталған минералды бояуларды өрнектелетін.
Жұмыстың көкейкестілігі: Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет
дәрежесіне ие болуына байланысты, оқушылардың жас ерекшелігін ескере
отырып, ерте жастан еңбекке, ой-өрісіне, шеберлігіне және дағдысына талапты
күшейту бүгінгі қазақ мектептерінің негізгі міндеттері болып саналады.
Қазақстан Республикасының өркениетті елдермен теңесуіне адамзат
қоғамы жауапты. Ал қоғамның алдында жас ұрпақты тәрбиелеу және білім беру,
жаңашыл техника мен технологияны меңгерту, елімізде шығарылатын техниканың
өзгешілігі мен жаңашыл технологияның артықшылықтарын білуге үйрету, еңбекке
баланың оқуы мен білім алуы үшін қажетті көптеген құнды қасиеттерді:
икемділік, ұқыптылық, дербестік, жауапкершілік т.б. қалыптастыру мәселелері
өзекті болып келеді.
Мұндай талап, Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңында білім
беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде көрініс тапқан. Соның бірі
- жастарды халықтық тәрбие негізінде оқытуда көркем еңбекке баулудың
өркендеуіне жол ашу қажеттілігі. Ал, этнопедагогикалық білім беру мен
тәрбиелеудің бірі көркем еңбек болып табылады. Қазіргі кезде оқушыларды
көркем еңбекке баулуды мектеп қабырғасынан бастау талабы қойылып келеді.
Көркем еңбектің ғылыми негізін ашу және оларды оқу-тәрбие процесінде
пайдалануда, жалпы білім беретін мектептің “Технология” иньегративті білім
саласы бағдарламасы және оның оқулықтарындағы сабақтың жеткілікті деңгейде
еместігін нысанаға алған абзал. Себебі, мектепте еңбекке және кәсіпке баулу
мазмұны ғылымның, техника мен өндірістің жетістігіне сәйкес үнемі жаңарып
отырады және бұл мазмұнды меңгертуде бағдарлама негізі мен оқулықтарды
бөліп қарау мүмкін емес.
5
Жалпы білім беретін оқу материалының сипатын ашуға бағытталады. Соның
ішінде ғылыми негіздері, оның ережелері, терминдері қазіргі заманғы өмірмен
байланысты болып, олар мектеп оқушыларын еңбек етуге бағыттап отыруы қажет.
Заман талабына сай оқу материалдары жаңарып, толықтырылып отырылуы тиіс.
Еңбек біздің тәрбиеленушілеріміздің рухани өміріне еніп достық пен
қуанышқа бөлесе, құштарлық пен білуге деген ұмтылушылықты дамытса,
қиыншылықты жеңудің тебірентерлік қуанышын тудырса, қоршаған дүниеде жаңа
таңғажайып тамашаларды ашса, адам өмір сүре алмайтын материалды байлықтар
жасаушы сезімді, яғни тұңғыш азаматтық сезімді оятса ұлы тәрбиешіге
айналады.
Баланы ерте жастан еңбекке, оның жас ерекшелігін ескере отырып, ой-
өрісіне, шеберлігіне және дағдысына талапты күшейту – қазақ халық
педагогикасының өскелең ұрпаққа еңбек тәрбиесін беру жөніндегі негізгі
міндетіне айналады. Жас өспірімдерді еңбекке тәрбиелей отырып, оларды тек
өзі үшін ғана емес жалпы игілік үшін еңбек етуге, оған құрметпен қарауға,
еңбек процесінің әсемдігін, эстетикалық қуаныш ләззатын сезініп, түсіне
білуге үйретеді.
Қазіргі таңда жанданып келе жатқан қазақ мектептерінің жаңа
талаптарына біртіндеп көшуі нарықтық экономика кезеңіне тұспа-тұс келіп
отыр. Осыған орай Қазақстан Республикасының білім туралы заңында “Мемлекет
Қазақстан Республикасының азаматтарына тегін жалпы орта және кәсіптік
бастауыш білім алуға және әр азамат осы деңгейлердің әрқайсысына бірнеше
рет білім алатын болса, сайыстық негізде мемлекеттік білім беру
тапсырмасына сәйкес білім беру ұйымдарында мемлекеттік жалпы міндетті
стандарттар шегінде тегін кәсіптік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі
кәсіптік білім алуға кепілдік береді”, сонымен қатар “Кәсіптік білім
негіздерін мектеп жасында қалыптастырмайынша олардан іскер маман шықпайды”,-
деп оқушыларды мектеп қабырғасында ағаш, темір т.б. істеріне баулу
жұмыстарын бағдарламалар бойынша қарастыруда.
6
Көркем еңбек - адамның өмірлік қажеттілігі. Сол қажеттілікті қолдан жасау,
игілікте қолдану үшін еңбек сабақтарында тігіп, әзірлеп, дайындап үйренсе,
келешекте септігі тиетін болса, ұстаз еңбегінің зая кетпегені. Ол үшін
бұйымға эстетикалық талғаммен жаңалық еңгізіп, олардың дидактикалық
мәселелерін жаңа техникада, жетілдірілген технологиялар- ды орындау қажет.
Көркем кәсіпшіліктің еңбек объектілерінің еліміздің мәдениетіндегі өзіндік
ролі бар.
Сонау ерте заманнан тарихпен бірге өсіп, біте қайнасып келе жатқан,
халық қолөнерінің бірі - көркем еңбек деп санауға болады. Себебі, сол
кездің өзінде-ақ халықтың жасаған бұйымдарында жоғары сапалы, сәнді, әсем,
көзге тартымдылық әсері болған. Міне, осындай бұйымдарды даярлауда
оқушыларға сабақ барысында үйрету, оны көркемдеудің түрлерімен таныстырып
дамыту міндетін дидактика мәселесі етіп қоюға болады. Дидактика – гректің
didako деген сөзінен шыққан, білім мен оқытудың теориясы деген мағына
береді. Оқытудың мазмұнын, ұйымдастыру түрлерін, заңды принцптерін және
әдістерін баяндайды. Бұл - педагогика пәнінің ең басты бөлімі. Мектептерде
жеке пәндерді оқыту әдістері осы дидактика принцптеріне негізделеді.
Сондықтан да, зеттеу барысында оқушыларға оқу материалын түсінікті етіп
баяндау үшін , өте қажетті дидактикалық принцптерді ескеру керек.
Себебі, көркем еңбек мәселелері бұйымдарды сәндеп өңдеуге
технологиялық процестердің ғылыми негізін ашу және оларды оқу тәрбие
процесінде пайдалану, оқушыларды ұлтық өнерге баулу педагогикалық тұрғыдан,
яғни зертеу объектісі ретінде қарастырылмаған.
Мектепте еңбекке және кәсіпке баулу мазмұны ғылымның, техника мен
өндірістің жетістігіне сәйкес үнемі жаңарып отыруына байланысты- рылғанын
ескере отырып, материалды көркем өңдеудің негіздерін айқындауға болады.
Осыған орай оқушыларды көркем еңбекке баулуды нысынаға алған абзал. Мұнда
заттық орта мен экономиканың байланысы, әдемілік, талғам, стиль жөніндегі
түсінік, стандарт пен сұлулық үйлесімділігі, композиция шеберлігі және
үнемдеу, түстану, бояулар, отты
7
пайдалану мен туындыларын түзу, қолданбалы өнер мәселелері қарастырылады.
Жалпы білім беретін орта мектептерде оқушыларды көркем еңбекке баулудың
теориясы мен практикасы мәселелерін П.Р.Атутов, А.Д.Тхоржевский және т.б.
ал, қазақстандық ғалымдардан К.Ж. Қожахметова жан-жақты зерттеген. Сонымен
қатар оқушыларды еңбекке баулудағы тұрақтылық, белсенділік, екпінді еңбек,
тапқырлық, жауапкершілік сияқты қасиеттерді қалыптастыру да ескертілген.
Мектеп оқушыларын ұлттық көркем еңбекке баулу бірнеше жылдан бері
қолға алынғанымен оның дидактикалық мәселелері нақтыланбаған. Сондықтан,
біздің зерттеу мәселеміз оқушыларды көркем еңбекке баулудың дидактикалық
мәселелерін анықтау болып табылады. Бұл мәселе біздің зерттеу
жұмыстарымыздың өзектілігін анықтайды. Осы қажеттілікті қанағаттандыру
мақсатында диплом жұмысымыздың тақырыбын, Былғарыны ұлттық тәсілмен
өңдеуді 8-сынып оқушыларына үйретудің дидактикалық талаптары деп таңдауға
негіз болды.
Көркем еңбекке баулу барысында ұлттық қолөнерінің табиғи ортамен
байланысы материалдық заттар және құбылыстар негізінде әртүрлі формада
болады. Басты формалары: оқу материалының мазмұны, іс-әрекет практикасы
және тәжірибесі жатады.
Осы мәселелерді ескере келе біз, диплом жұмысының ғылыми ақпараттарын
былайша құрастыруды жөн көрдік:
Зерттеу жұмысының мақсаты: мектеп оқушыларын көркем еңбекке баулудың
дидактикалық проблемаларын айқындау және оны ғылыми тұрғыда негіздеу;
Зерттеудің пәні: оқушыларды көркем еңбекке баулудың дидактикалық
мәселелері;
Зерттеудің ғылыми болжамы:
егер:
- оқушыларды көркем еңбекке баулуға дидактикалық мәселелер негіз
болса;
- 8
- онда: мектепте технология пәнінің оқыту деңгейі жоғарылайды.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Еңбекке баулу жүйесінің негізіне сипаттама жасай отырып, көркем
еңбек мәселелерін айқындауға байланысты педагогикалық және
әдістемелік арнайы әдебиеттерді зерделеу;
- “Көркем еңбек” ұғымының мәні мен мазмұнын айқындау;
оқушыларды көркем еңбекке баулудың әдістемелік жолдарын айқындауға
байланысты міндеттер;
- оқушыларды көркем еңбекке баулу мазмұнына талдау жасау;
- көркем еңбекке баулудың тиімді әдістері мен формаларын анықтау;
- көркем еңбекке байланысты қолөнер түрлері мен бұйымдарды сәндеу;
- Бұйымның өзіндік құнын есептеу;
Әдістемелік жаңалығы:
- оқушыларды қолөнерге баулудың алгоритмі ретінде, еңбекке оқытудың
жүйесі зерделенді;
- оқушыларды еңбекке баулудың дидактикалық проблемаларын теориялық
тұрғыда айқындалды;
- дидактикалық проблемалар мектеп бағдарламасының мазмұнына сәйкес
қарастырылды;
Зерттеудің практикалық құндылығы: зерттеудің нәтижелерін жалпы
білім беретін мектептердің “технология” сабақтарында пайдалануға болады.
9
1. ТАҢДАП АЛҒАН ТАҚЫРЫПТЫҢ ДӘЙЕКТІЛІП МЕН өзектілігі.
Таңдап алынган тақырыбым Қазақстан елінің егемендік алған күндерінен
бастап елді басқа елдерге таныту ол тек халықтың мәдениетін, өнерін,
күнделікті өмірдегі болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтармен әр уақытта
таныстырып көрсетіп отыру болады. Басқа халықтар еліміздің өнері мен
мәдениетінің деңгейін біле отырып халықтың тұрмыс жағдайын біліп отырады.
Балалық шақ атты декоративті ваза, өзімнің жас кездегі шақтарды еске алып,
совет кезеңіндегі балаларға деген қамқорлықтың бүгінгі күнмен салыстырғанда
ерекше екеніне көзімді жеткізіп, соны осы өзімнің жүмысым арқылы көрсеткім
келді. Керамика күнделікті тұтынып жатпаса да ол қазақ өнерінің ескі
дүниелерінің бірі болып табылады. Сол себепті еліміздің тарихын бұл дүние
арқылы кешесі мен бүгінмен салыстыра отырып көрсетеміз. Өткен ғасырларды
бұл дүниелер үй тұрмыстарында өте қәжетті зартар болып есептелсе, бүгінгі
күндері ол дүниелер еліміздің кешегі күндерінен естелік сияқты сувенирлік
бүйымдар әр түрлі материалдарды орындалып жатқандарын көріп отырмыз. Бүл
дүниелер әшекейленіп, киізден, металдан, ағаштан, саз балшықтан\керамика\
да орындалып өз халқымызға және өзге халықтарға да ұсынып отырмыз. Олар
қазақ үлтының бар өткені мен болашағын осы қол өнерінің шеберлігі арқылы
көрсетіп отыр. Онын дәйектілігі-өзінің өткен тарихы арқылы , болашаққа жаңа
дүние ретінде танымал болып, өзінің тұрмысқа тұтыну кажеттілігінің бүгінгі
күндері де әл керек екенін және оны бүгінгі күні де пайдалануға болады
екенін көрсетеді. Ол дегеніміз ескі дүнилердің барлығы қазақ даласында
көшпенді
болып жүрген ата-бабаларымыздың біздерге қалдырған дүниелерінің өз тарихи-
шежіре екен көрсетеді. Неше түрлі қыш ыдыстар, қыш құбырлар, астық сақтауға
арналған астаулар, құмыралар Оңтүстік өңірі тарихында, әсіресе ескі Отырар
тарихынан көп нәрсені айтып өттік. Қыш өнерінің өзектілігі де осында болып
отыр. Сол Отырар
10
керамикасын көріп танып біліп, орындау технологиясын тексере келе, қыш
құрамының қоспаларының ерекшеліктерін біле отырып, жаңа туындыларды дүниеге
келтіріп отырған көптеген суретшілер зерттеушілер сол дүниелердің желісімен
көптеген жаңа дүниелер келтіруде. Атап айтар болсақ өзіміздің оңтүстік
өңірінен шыққан Қарабдалов Кендебай,әрі зертеуші әрі суретші ретінде Отырар
дүниелерін қайта дүниеге келтіріп жүр деп айтсақ та болады. Онын жасаған
бүйымдары тек қазақстанда ғана емес сонымен қатар дүние жүзіне тарытылып
жатқанын білеміз. Суретшінің қолынан шыққан еңбектері бүл күндері өткен
тарихымыздың бүгінгі күні десек те болады.
Қыш өнерінің дамып,халық арасында бүгінгі күні сұранысқа енуі, оның
тазалық жағынан ешқандай экологиялық зиянкестілігінің әрекеттерге
соқтырмайтынын айтатын болсақ, керамикалық дүниелердің болашақтағы өмірі
мен қажеттілігі әлі алда екеніне кәміл сенуімізге болатынын көрсетеді.
Керамикалық шығармалар қазіргі күндері көбінесе жеке үйлер мен демалыс
орындарын безендіруге, немесе офистер мен кіші гірім кафелерде пайдаланылып
отырғанын көреміз. Оның экологиялық тазалық жағын ескерсек келешекте үй
тұрмысында жаппай пайдаланылатына сенеміз. Бұған қыш өнерінің әлі де
зертелмей, біз білмейтін кереметтері көп екенінің өзі айғақ. Бүл тақырып
бүгінгі күннін өзекті мәселерінің бірі деп есептеймін. Сол себепті мен өз
еңбегімде балалық шағымыз үшін біздің атқа мінер ағаларымыз осыны көріп өз
жігерлерін бөбектердің балалық шақтарын жарқын етуге ат салысады ғой деп
есептеймін.
11
1.1. КЕРАМИКАНЫҢ ШЫҒУ ТАРИХИ .
Жергілікті ұлттық дәстүрлерді жалғастырып , оларды одан әрі дамытқан
фабрикалар мен заводтар құрылды. Осы заманға фабрика жасаудың Қазақстандағы
негізгі орталылығы.
Амидтының эксперименталдық көркем керамика заводы. Бүл кәсіпорын қырық
жылдық мерзім ішінде қиын жолдардан өтті. Оның творчестволық бағытында
өрлеу мен сәтсіздіктер де болды.
Керамиканың дамуындағы жаңа кезең біздің эрамызға дейін бір мыңжылдықтың
екінші жартысына тура келді. Сақтар мен үйсіндердің керамикасында көптеген
жаңа бейнелер түрлі көлемдегі кеселер , кубоктар , аяғы мен шүмегі бар
ыдыстар , құмыралар , сапты аяқтар пайда болды. Олардың сырт жағы
басқа түсті балшықпен ангобпен қапталған минералды бояулармен өрнектелетін.
Оймалы және сызықты өрнектермен әшекейленетін саз балшықтан жасалған
көптеген бұйымдардың түбі томпақ шеңберлі болып келеді.
Керамика кәсіпшілігіндегі маңызды жаңаланысты ол халық шеберлерінің
творчествосымен қол үзіп алды. Бүл жағдайлар 19 ғасырда Қзақстанда керамика
дамуының құлдыраумен байланысты еді. Қазақстанның ұлан байтақ территориясын
мекендеген халықтардың қол өнерінде керамикалық бұйымдарды өндіру талай
ғасырлар негізгі роль атқарады. Археологтардың дәлелдегеніндей саз
балшықтан ыдыс жасауды адамдар осыдан 6 мың жылға жуық уақыт бұрын
үйренген. Алғашқы құмыралар құм не уатылған қабыршықтар қосылған саз
балшықтан жасалып , отқа күйдірілген. Олардың формасы сопақша , түбі
дөңгелек болған , сонымен бірге ойықтар, толқынды бұжырлар арқылы жасалып
әшекейлейді. Қола дәуірінде керамика дайындау технологиясы жағынан да,
анағұрлым жетіле түсті.
Шеберлер әр түрлі мақсатқа арналған ыдыстар жасайды. Ыдыстардың формасы
мен оларды жасау технологиясы б.э. 6 ғасырына дейін көпшілік
12
жағдайда дәстүрлі күйіңде қалды. 7-8 ғасырдың керамикасы ертедегі
керамикадан ерекше. Әл ауқатты , тұрмысты үйлерде болатын алтыннан,
күмістен және қоладан жасалған ыдыстардың формалардың, көнешілер арзан әрі
оңай табылатын материал- саз балшықтан қайталап жасайтын. Сол кездегі көзе
бүйымдардың өзіндіндік ерекшелігі металл қүмыраға, сапты аяқтарға еліктеу-
осыдан туған.
Кейінірек 9-12 ғасырларда ыдыстардың басым бөлігін шеберлер көзелік
шеңберде дайындаған. Құмыралар мен қазандар үшін олар әдемі қақпақтар
жасаған, ол қақпақтарда үлгілермен
ойып өрнектеумен жапсырмаларымен барынша безендірілген . Көптеген нүктелер
арқылы үйлестіре отырып жүргізілген ирек геометриялық сызықтар , әр түрлі
түстер , күннің суреті, қырлы шыршалар , жартылай сопақшалар салынған
ромбылар мен шеңберлер әр алуан өрнектерге ұласып жатады.
11-12 ғасырда минералды бояулар қара қоңыр, қызыл немесе қызғылт түске
боялып әшекейленген ыдыстар тарай бастады. Негізінен алғанда құмыра
тостаған табақ аяқтар боялатын.
9 ғасырдың аяғында глазурьдің табылуы бүйымдардың сыртқы
қабатының беріктігін күшейтіп ғана қойған жоқ , сонымен бірге
керамикашыларға әшекейдің жақсарту жаңа мүмкіндіктерін
ашып берді. Оңтүстік Қазақстан территориясында тұрған
көнешілер бұл жаңалықты жетілдіре түседі. Ең алдымен сахар
сілті глазурьі пайда болды. Ол онша мықты емес күңгірт сөйтіп
шеберлер жылтыратып заттың жаңа құралын іздестіреді.
10 ғасырда қорғасыннан және қолайдан істеген глазурь кең
тарай бастайды . Қорғасын глазурь темір, мыс, қалайы, күміс
тотықтарының бояуларымен үйлестіріп пайдаланып қолданып,
металдардың тотықтары қыздыру кезінде қызыл, жасыл, сары,
қоңыр түске айналады, бұлар жалт-жұлт еткен глазурьде
айқын,анық көрінеді.
13
11-13 ғасырлардағы суреттердің элементтері сан алуан стильді өсімдік
нақыштары , жан жануарлар мен адамның шарттары, бейнелері, араб алфавитінің
стильді әріптері геометриялық фигуралар, өрмелер, леондар көріністі
нақыштар , нүктелер болып келеді. Отырарда осы кезеңде ою-өрнек туындысының
неготивті бейнелері бар арнайы дайындалған жоғарғы дәрежедегі көркем
керамикалар өндіріледі. Мұндай типтегі керамиканы осы жерден археологтар
көзедерді күйдіретін пештерді қосқан кезде
тауып алды. Бұл керамиканың жергілікті жерде өндірілгенінің тамаша айғағы.
Шырақ шамдары құйма ыдыстардың ерекше тобына жатады. Олардың сыртқы
көріністері ұзын подьяға ұқсайды, ілмек сабы бар , ұстауға ыңғайлы болуы
үшін көп жағдайда сабы иректеліп буылтықтана жасаланатын. Олар сопақша,
дөңгелек тік бұрышты және үшбұрышты болып келеді. Оның үсті гүл немесе анар
жемісімен геометриялық өрнекпен аңдармен , құстармен бейнесімен
әшекейленген. Отырар шырақтарының бірінің түтқасында артына бүрылып түрған
киік бейнеленген. Шырақ Оңтүстік Қазақстан жеріндегі қалаларда көп тараған
.
14
1,2.ҚАЗАҚСТАН КЕРАМИКАСЫ.
Қазақстанда 14 ғасырдың аяғында көгілдір және көк қүймамен қапталып ,
мөлдір құйма көк және бояу арқылы салынған суреттермен әсемделген ыдыстар
тарай бастады. Сырт тәрізді фигуралардан жасалған ою-өрнек қара немесе көк
түстермен әшекейленді.
Б.э. алғашқы ғасырларының керамикасында екі құлақты шағын қүмыралар пайда
бола бастады. Міне сол үшін болған қүмыралар , қазір қайта шығарылып отыр.
Құйма керамикаларға кесе, тостаған, табақ, тарелкалар мен шылапшындар
жатады. Бүл бүйымның әшекейлері әр алуан және күрделі, оларда геометриялық
айқышты сызықтар, крестер мен ромбылар өсімдік бұталары, ағаштардың ,
шырмауықтың суреттері де пайдаланылды.
Мөлдір көк түсті бояумен боялған ыдыстар өте көп. Шеберлер оларды қытай
фарфорларына еліктеп жасаған.
Кәсіпорынның негізгі өнімі-түрмыстық және сәндік керамика әр түрлі палау,
жеміс, конфет салуға арналған ыдыстар, шәй және кофе жиынтығы. Сондай-ақ
түрлі сәнді ыдыс вазалар ,
қабырғаға ілетін суреттер мен шағын сәндік мүсіндер, бүйымдар көнелік (
гончарлық ) қол және жартылай автоматты станоктарда жасалды. Мүнымен қатар
соңғы уақытта саз балшықты гипс формасында қүю әдісі шапшаң даму үстінде,
бүл әдіс жаңа қабырғалы керамика жасауға мүмкіндік беруде. Бұйымдардың
формаларын жасап , оларды безендірумен суретшілер жонушылар айналысады.
Күнделікті тұрмыста қолданылатын керамикалық бүйдар жасауға көп көңіл
бөлінуде. Бүйымдардың мүңдай түрлерінің көпшілігі көнекөз шеберлерден
алынып , әсіресе бұйымдарды безендірумен, өрнекті оюлармен және рельевтік
жапсырмалармен айналысатын орта ғасырлық көнешілерден келе жатқан дәстүрлер
бойынша дамытылуда. Дегенмен сонымен бірге жаңа бүйымдардың өзіндік
ерекшеліктері бар. Олар бұрынғылырға үсамайды. Ал егер бұйымдардың барлық
формалары, типтері бойынша
15
бұйым формасымен безендірудің дәл табылған ара қатынасы қарапайым табақты
әсем бұйымға айналдырады. Ангобтардың негізгі қүрамдас бөлігі ақ немесе
қызыл саз балшықтар түсті пигменттер мен араластырылған ангобтар мейілінше
дамыған материалдар болып табылады. Бүлардың көмегімен бүйымдардың сыртқы
қабаты әсем жасалады. Әдетте ангобтармен сурет салу дайын емес бүйымда орын
алады. Сонан соң оны мөлдір глазурьға шалып алады. Күйдірілгеннен кейін ,
глазурь бояуларды айқын түсіреді де, олар әсем болып шығады. Егер ыдыстар
глазурьмен қапталмаса , онда бүйымдардың беті көмескі болады. Сонымен
түсінің қанықтығы жағынан ангобтар ашықтығы мен жылтыры жоқ пастельдерге
ұқсас. Қазіргі керамиканы безендіру тәсілдері әр түрлі. Беті түссіз
глазурьмен қапталған ангобтармен табақ, кесе, ас аяқ , шәйнек , кофе
жиынтыгы, сәнді вазалар боялады.Әлі шикі бұйымдардардың үстіне ангобтарды
түсіргеннен кейін ойық суреттер жасалады.
Күйдірудің нәтижесінде кесілген орындарында балшықтың әдемі түсі сақталып
қалады . Бүл күңгірт ангобпен үйлеседі . Графикалық сурет бұйымның бетінен
жақсы көрінеді Безендірудің бүл әдісін суретшілер сәндік табақ , вазалар
жасау кезінде пайдаланады . Глазурьдің сіңетін ерекшелігі бар. Оның бұл
қасиетін алуан түрлі бүйымдар жасауда пайдаланады. Бір түсті глазурьмен
бүйымдарды бояғаннан кейін оның үстінен қылқаламмен басқа түсті сызықтар
жүргізіледі. Бір глазурьге араласады : сонан соң күйдірілгеннен кейін нәзік
түс неонстарын жасап , араласқан жерінде бір түс екінші түске араласады
(айналады). Глазурьді пайдалана отырып , бүйымдардың үстін кедр — бұдырлы
етуге де болады. Бүл жағдайда қыздырғанда түрлі температурада глазурьдің әр
түрлі құю қасиеті пайдаланылады . Соңғы уақытта заводта бұйымдарды сырлай
және бояу үшін эмальді пайдалана бастаған . Эмальдің глазурьдан
айырмашылығы тез ерімейтіндігі . Эмальді күйдіру анағүрлым жоғары
температурада жүргізіледі . Эмальмен қапталған бүйым күйдірілгеннен кейін
жарқырап түрмайды .
16
Эмальмен қаптау кейінірек шыққан әдіс , оның анговтармен глазурьлардан
айырмашылығы қазақтың көне өнерінде ол бұрын пайдаланылмаған . Алайда оның
өз құндылығы бар . Ақ эмальмен бүйымдарды қапталғаннан соң , оларға сурет
сала беруге болады . Ал глазурьда қосымша суреттер салу қиын . Бұдырлы
беттерді эмальмен қаптау әдемі де тиімді . Бұйымдарды безендіру кезінде
көбіне түрлі техникалар , тәсілдер қолданылады . Мәселен , ангобтармен
салынған сурет ойып жасалынған өрнектерді көмкерген глазурьларға сай келеді
. Сонымен бірге терракотадан істелген бүйымдар кейде глазурьлармен
немесе ангобтармен әшекейленеді . Түрлі техникалық құралдарды пайдалана
отырып , суретшілер қызықты , ерекше бұйымдар жасайды . Алматы керамика
зоводының бұйымдарын тамаша сувенирлер ретінде сөз етуге болады . Не
нәрсеге арналғанына қарамастан , кез келген бүйымдар : табақ , құмыра ,
пиала тостағы , ваза т.б. бай дәстүрлі безендірумен көне формаларды қазіргі
кезде құрметпен аталады . Оның арқасында әсем сувинер, көз қуанатын
ескерткіш сыйлық болып отыр .
17
2.ТАҚЫРЫПТЫҢ ҒЫЛЫМИ ЭРГОНИКАЛЫҚ,
АНТОРПОМЕТРИЯЛЫҚ ЖАҚТАРЫ
Күйдірілген саз балшықтан, құрылыс кірпішінен бастап, нәзік фарфор шыны
аяққа дейін әр түрлі бұйымдар жасап келген.
Археологиялық қазба жұмыстары кезінде қыш ыдыстар ғана емес, өткен
заманның басқадай да үй мүліктері көптеп табылды. Табылған бұл ыдыстарды ас
үй жабдықтары (қазан, көзе, қақпақ, таба, таған түғырықтар), азық-түлікті
сақтауға және тасуға арналған жабдықтар (хүм, көзе, құмыра,кіреңке),
сонымен қатар ас ішетін ыдыстар (сапты аяқ, көзе, ыдыс-аяқ) деп бөлуге
болады.
Ертеректе, яки 1- ғасырларда жасалған керамикалық бұйымдар Отырар
төбені, Көкмардан зиратын, Қостөбе жұртының оңтүстігін қазғанда табылды.
Бүл бұйымдарды зерттеушілеріміз Қангүй мемлекетімен теңейтін Отырар —
Қаратау мәдениеті аталған кезеңге жатқызады. Аталмыш кезеңнің ас үй қыш
бұйымдары арасывда пішіні дөңгелектеу, ернеуі сыртқа қарай қайқы, мойны
қысқа қыш көнелер көбірек кездеседі. Көзелер негізінен тік немесе шеңбер
иінді, не шеті ара тістілеу жапсырма тұтқалы болып келеді. Жапсырып бекіту
әдісімен бір тұтқасы тік ілмек түрінде, екінші тұтқасы қүлақ пішінінде
жасалатын көзделер де кезігеді.
Қақпақтарының көлемі әр түрлі: шағынының диаметрі 10-12 см ал
үлкендері 25-30 см-ге дейін болады. Қақпақтардың тұтқасын оның дәл ортасына
ілмек етіп, не шетіне сопақша келген ойықша етіп жасаған түрлері бар.
Тұтқаның өзі бұқаның басы пішінінде стильдендіріліп, мүйізінің ірілігіне
көңіл аударардай етіп жасалынған.
Мүнда азық-түлік пен су тасуға және оларды сақтауға арналған ыдыстар
тобына жататын хүмдар көбірек үшырасады. Бүларға тік қырлы немесе үш
қырлылау келген ортасы дөңестеу ернеу тән. Хүмдардың көбінің беті ашық
қызыл қоңыр, қызғылт, кейде ашық түсті ангобпен боялған, бұның үстіне реңі
күңгірттеу, кейде шымқай қара түсті басқа ангобпен
18
ернеуінен бастап түрлі жосықтар мен тамшы іздері бейнеленген. Сондай — ақ
хүмның иінінде күйдірілгенге дейін салынған белгілер — крестер, параллель,
ирек сызықтары барлары да кездеседі.
Астықты, үнды, майды сақтауға арналған хүмдардың бетіндегі сорғалаган
тамшының іздері — тоқшылықтың, береке — байлықтың, ақпа — төкпе мол
дәулеттің, пейілдің белгісін көрсетуге әдейі жасалғандай.
Ал, айқыш-ұйқыш, ирек сызықтар және басқа да бе л гі л ер, бір жағынан,
шебердің өз таңбасын, жеке адам мүлкі екенін көрсететін болса, екінші
жағынан, олар ыдыс ішіндегі затты бұзылудан сақтаудың ырымы ретінде көз
тимеу үшін жасалған. Ыдыс қақпақтарының жануар бейнесіндегі, көбіне,
қойдың, иттің, жылқының бейнесі түріндегі құлақтары да осындай
қасиетті—киелі ұғымдарды мегзейтін сияқты. Көкмарданда табылған қақпақтың
бірінің тұтқасы ақбөкен пішіндес. Оның пропорциялы түрқы ұзындау, қошқар
тұмсығын айнытпай келтірген. Ел арасында мүйізінің айрықша шипа л ы
қасиетімен бағаланатын және киелі жануар деп қастерленетін жүйрік те
сымбатты түс тағысы — қарақүйрықты шебердің әсем бейнелеуі барынша нанымды.
Су таситын құмыралардың мойны қысқа, аузы кең, ернеуін қимасына
қарағанда, төрт қырлы етіп сыртына қарай қайыра жасаған. Сыртқы көрінісі
саба тәрізді, түбі сиымды әрі жалпақ. Бүл қыш бұйымдар шебердің ыдыс
формаларын алуан түрде пайдалана білгені жайында түсінік береді. Ыдыстардың
безендірілуі, негізінен, ас дайындау, азық қорын сақтау рәсіміне орай лас
болғанымен, көп жағдайда байырғы тайпалардың діни түсініктерінің аясымен
өресін сипаттайды.
Тойға, отырысқа арналған ас ыдыстары ретінде құмыралар тостанғандар,
шүмекті құмыралар, сапты аяқтар жарияланып отыр. Олар сапалы иін қандырып
иленген балшықтан қолмен немесе қышқана үршығына салып жасалынған.
Құмыралардың бүйірі қампиған, көбінесе, су ағуға
лайықтап, ернеуінің бір тұсынан ойылған. Кішкене
құмыралардың аузы қысыңқылау, су ағары шығыңқы, үзындау.
19
Жұмыр тұтқалар ыдыстың ернеуі мен иінін жалғастыра
түскендей. Бүл қыш ыдыстардың біразына қызыл, күрең қызыл,
қошқыл, кейде қара ангоб жағылып, оған қосымша жылтырата
әсемделуі оларға салтанатты көрік берген. (
Жиі болмаса да, сапты аяқтардың тұтқасы кейбір жағдайда қошқардың иір
мүйізі тәрізді жасалған. Осындай нақышты фигуралармен қатар
стильдендірілген тұтқалар да бар. Оған S немесе V сияқты мүйізді
сипаттайтын жапсырма фигуралар да жатады.
Ыдыстарға жапсырылған қой пішініндегі тұтқалар ыдысқа көз тимеу үшін
жасалған кие белгісі ретінде қолданылатын атап өткенбіз.
Бірақ бүл жөнінде бұдан басқа да дәлелді түсініктеме бар... Мұндай
бейнелер Отырар- Қаратау мәдениетіне туыстас Қауыншы мәдениетін құрған
тайпалар арасында кеңінен таралғаны мәлім. Ол дәуірдегі қошқар — Фарн
құдайдың бейнесі, ол — денсаулық кепілі, барлық жаманшылықтан жебеп
қорғаушы деген үғымды береді.
Қошқар бейнесі салынған қыш бүйымдар Сыр бойын, оның ішінде, Отырар
төңірегін мекендеген тайпаларға тән. Қой эмблемасы жергілікті керамика
бүйымдар өрнегінің бет — бейнесі іспетті. Оларда Орта Азияның Әмудария
мен Қашқадария өңірін мекендеген тайпалардың аңды тәңір деп танып, бұйым
тұтқаларына аң суретін салуды кеңінен қолданған әсері де бары аңғарылады.
Ақ ангобтың бетіне қызыл бояумен әшекей жасаған ас ыдыстрының бір бөлігін
қолөнер бүйымдарының тамаша ескерткіштері деп таныған жөн. Ыдыстың бүйірін
көркемдеген пирамидалар қатарының астына үш тал қауырсын құйрықты, мойын
артына бұрған қүлақты грифон салынған. Сонымен қатар антроморфтық бейнелер
түсірілген. Пирамидалардың үстіңгі жағында шауып бара жатқан мүйізі
шаңырақтай бұғы бейнеленген. Бәлкім, ертедегі суретші салған
композицияның осы фрагмент! сол дәуірдегі эпостық сюжеттің көркем бейнесі
болуы да мүмкін.
20
Бүл керамика Сырдария бойындағы Қауыншы және Жетіасар мәдениетімен
бірігіп, өлкенің оңтүстігіндегі өзіндік мәдени -көркем аймақ құрайтын,
басты сипатына диқаншылық, мал шаруашылық, экономика, бекіністі қалалар,
монументті архитектура тән Отырар-Қаратау қала мәдениеті болғанын
айғақтайды. Осы мәдениеттің негізінде, Отырар өңірі жұртына жүргізілген
қазба жұмыстарынан жақсы белгілі болған ерте ортағасырлық қала мәдениеті
құралды.
2.1.КЕРАМИКАНЫҢ ТҰРМЫСТЫҚ ӨМІРДЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ МЕН ОНЫҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ МӘНІ.
Отырардың ерте ортағасырлық кезеңінің қыш бұйымдары жаңа белгілерінің
өзіндік сипаты оларды бүдан да ертедегі және кейінгі кезеңдегі қыш
бұйымдардан ажыратуға мүмкіндік береді. VІІІ-ғасыр мен ІХ-ғасырдың бірінші
жартысындағы қыш бұйымдары комплексі аралас кездеседі. Мұнда қыш
бұйымдардың екі тобы бар: біріншісінде - алдыңғы дәуірдің жалғасқан
дәстүрін көрсек, екіншісінде — жаңа стиль ерекшеліктерінің пайда бола
бастағанын байқаймыз. Соңғы түрі Соғда, Шаш, Фергана, Жетісу жерінде кең
жайылған. Ол Педжикент жұртына жүргізілген көп жылдық қазба жүмыстары
арқасында Соғдада кеңірек зерттелді. Зерттеушілер сол кезеңдегі қыш
бұйымдар металл үңгірлерге көбірек ұқсайтынын атап өтті. Құмыралар үшін үш
қырлы су агар жасау тән бола бастады. Ыдыстардың сыртын бояуға слюда қосып,
оларға металл реңін беріп отырған. Құмыралардың түрі түркі тайпалары
пайдаланған күміс сапты аяқтарға үқсас келіп, түтқалары металл құмыраларға
тән, дөңгелектеу пішінде жасалды. Ернеуі толқын
тәрізді сапты аяқтар мен тостағандар, тұтқасы үстінде жапсырма дөңестері
бар тұтқалы тостағандар пайда бола бастады. Бірақ, Отырардың Соғдадан
айырмашылығы, Соғдыда УІІ-УІІІ ғасырлардың екінші жартысында
21
кеңірек етек алған қыш ыдыстардың жаңа түрлері Отырарда IX ғасырларда ғана
жаппай тарағанын атап өту керек.
Ерте орта ғасырлық қыш бұйымдарының өрнек салынбағанымен, қышқа металл
өңін беруге тырысушылықтың нәтижесінде қарабайырлау көрінсе де өзіндік
әсемдігімен назар аударатынын атап өткен абзал.
Құйрықтөбе қамалын қазу барысында (УII-УIII ғ. жататын топырақ
қабатынан) бір үйдің еденінен кесе қырлы алғы бетіне қошқардың басы
салынған қола шырақ тұғыры табылды. Қошқардың тұмсығы мен үйір мүйізінің
бедерлерін шебер асқан дәлдікпен бере білген.
Құйрықтөбеде табылған құмыраның шүмегі үзынша жасалғандықтан ыдыстың
мойыны қүстың басына үқсас,әсем әрі көрікті.
XII ғасыр мен XIII ғасырдың басы қала мәдениетінің барынша дамып
өркендеген кезі. Қалаларда көзешілер көшелері пайда болып, қыш өндірісінің
технологиясы жетілдірілді. Осы шақта қыш ыдыстардың бетін шыңылтырмен
қаптау тәсілі шығып, ол кеңінен етек жайды. Орта Азия қалаларында бүл
тәсілдің қашан шыққаны туралы зерттеушілер әлі ортақ пікірге келген жоқ.
VІІ- ғасырдың аяғы VІІ- ғасырдың басы VІІІ- ғасырдың жиырмасыншы
жылдары IX- ғасырдың ортасы және аяғы деп топшылаулар бар. Шығыстағы орта
ғасырлық қалалардың жетекші зерттеушісі О.Г.Болыпаковтың болжамынша, беті
шыңылтырланған қыш бұйымдарды жасау IX ғасырдың екінші жартысында Орта
Азияға Ираннан ауысқан.
Ал, Оңтүстік Қазақстан мен Отырарға жылтыратылған қыш бұйымдар ІХ-Х
ғасырларда Орта Азиядан таралған. ІХ-ХІІІ ғасырлардың басында Орта Азия,
Таяу Шығыс, Қазақстан арасындағы мәдени экономикалық байланыстардың дамуы
қыш бұйымдардың жаңа көркем туындыларының сәнділігін ғана емес,
жетілдірілген технологиялық тәсілдерінің де таралуына барынша әсерін
тигізді. Осы дәуірдің көркем қыш бұйымдары ортағасырдағы қоғамның өзіндік
талап—
22
тілегіне сай болды. Ыдыстардың формасы (түрі) өзгерді, олардың
пропорциясы, детальдары, сәнділігі артып, бүкіл Орта Азияның ортағасырлық
өнерінің ең басты ерекшеліктерінің бірін қүрады. Шеберлер ою -өрнектердің
жаңа элементтерін, жаңа композиция мен бояу үйлесімін енгізе бастады.
Ортағасырлық көркем көзешілік мектебінің бірнеше орталықтары Мервте,
Самарқанда, Кувада, Шашта, Таразда қалыптасты. Со л кездегі Отырар мектебі
жайында да осыны айтуға толық негіз бар. Ол ерте ортағасыр кезінде-ақ
қалыптаса бастады. Иір мүйізді қошқар бейнесін бүйымдарға пайдалану өте
ерте кезде де және дамыған орта ғасыр дәуірінде де кеңінен тарала бастады.
Енді ас үй жабдықтары мен ас ішетін ыдыс-аяқтардың әр түрлі
көлеміндегі қақпағының тұтқалары қошқар пішінде болса, диаметрі өте шағын
түрінен үлкендігі 30 см-ге жететін түріне дейін жасала бастады. Ол
қақпақтарға бедерлер салынып, әртүрлі сипаттағы әдемі өсімдік тәріздес,
геометрия л ық және аң тәріздес нұсқалар жүргізе бастады. Кейбірінің
элементтері толқындана тартылған шиыршық атқан композиция құрайды. Бұл
қақпалардың дөңес етіліп, немесе кеңіретенген моншақ түрінде жапсырылып,
немесе қойдың басы сияқты сопақ етіліп, болмаса қырғауыл мен қораздың
басына ұқсатылып жасалатын. Отырарда жүргізілген қазба кезінде Х-ХІІ
ғасырлардың топырақ қабатынан табылған қой пішінді түтқалар сериясының
ішіндегі біреуі ерекше көзге түседі. Оның түрқы қошқар тәріздес, ал
биіктігі 7,5 см. Қызғылт тығыз қыш балшықтан жасалып күйдірілген. Қошқар
тұмсық қойдың басы аздап өңделген. Мүйізі иір дөңгелек, бадам дәні тәрізді
көздің қарашығы етіп тесіп жасаған. Қойдың басындағы конус тәрізді шашақ
оның салттық мерекелік жоралар кезінде мүзеген қошқарлар екендігін сипаттау
мүмкін.
Келесі бір түтқаның жасалуы да үлкен талғампаздықты танытады.
Шекесімен маңдайына дөңгелек қосымша жапсырмалар қадау
23
арқылы үсынақты шебер жануарды айрықша сүсты да сұм тұлғалы етіп
көрсеткен.
XI-XII ғасырлардағы Отырар моншаларына қазба жүргізген кезде табылған
ауқымды қақпақтың тұтқасы екі басты қой пішіндес жасалған, мүйізі мен
тұмсығының детальдары кеңірек тәрізді түйір-түйір бұлдырланып айқындала
түскен.
Жартылай шұңғыл қақпақтармен қатар, жиегі қырсыз немесе тік қырлы
жайпақ қақпақтар да кездеседі. Саңырауқұлақ сияқты тұтқалары толқындалған
бедерлермен өрнектелген. Ыдыстардың қақпақтары ангобпен жалатылып,
оюларменәшекейленген. Өрнектерді терең ойма, жапсырма
тәсілдерменжасаған. Оның элементеріне күн көзі белгісі жақша, S-V тәрізді
бейнелі бедерлері, құйын шиыршығы тәрізді белгілер кіреді. Бір қақпақтың
төбесін ара тісті қалқаны бар қорған мұнарасы түрінде аяқтаған.
Қазба кезінде қыш дастархан — дөңгелек жозылар көп табылады, о л
көгеріс, геометрия лық және аң-құстарды бейнелейтін мағыналы өрнектерге
бай. Тауықтың, көгершіннің, айдарлы құстардың суреттері бейнеленгендері де
көптеп кездеседі.
Қыштан жасалған табыну тағандарының немесе мехрабтардың бірнеше
түрлері кездеседі: тұрақты табалар, тасымалдауға ыңғайлы шеңбер түріндегі
ошақтар, таға тәрізді ошақтар. Тұрақты сандал тәрізді ошақтар дөңгелек және
тік төрт бұрышты, көбіне антропоморфты бейнелі. XII ғасырға тән, Құйрықтөбе
қалашығындағы үйлерден табылған қыш таған шылапшынға ұқсас, тік қабырғалары
мен түбінің қалыңдығы 3-5 см еденімен бір деңгейге орналастырылған.
Диаметрі 41 см. Қабырғаларының биіктігі 10 см, қабырғасының ішкі беті
тіреулермен төрт бөлікке бөлінген. Оның бір бөлігінде от жағуға арналған
ойық қуыс бар, оның айналасы көтеріңкі. Қыш тағандардың үстінгі бетіндегі
метоп пішінді шаршы оюлардың ортасы бұдырлана әшекейленген. Метоп
кіндігінің үстін ала ойып түсірілген белдік тәрізді тісті өрнек орналасқан.
24
Қыш таған түбінің қақ ортасында диаметрі 13 см жеті бүрышты медальон
жасалған, оған алты шашыраңқы гүлтесте салынган. Медальонның айналасына
бірнеше сырғалар шеңбері мен X сияқты белгілер салынған. Бүл өрнектерді
таңба, ойма, жапсырма тәсілдерімен орындаған.
Көнешілер әр түрлі таңбалар жиынтығын қолданып және сәндік оюлардың
элементтерін пайдалана отырып, бүйымдардың соны түрлерін әзірлеген.
Безендіру сипаттарына ағаштың, медальонның, глүдестелердің, күн сәулесі
белгісінң, Ж сияқты фигуралардың, белдіктің тоғасы сияқты таңбалардың,
эпиграфикалық өрнектердің суреттері енді. Әлбетте, табынуға арналған қыш
тағындардың өрнектері мағыналы ойды мезгейді, көбіне жаратылыстың мифтік
құрылымы сипатталатын сияқты. Көптеген зерттеушілердің пікірінше,
тағандардың өзін отқа
табынушылықтың ескілік қалдықтарымен байланыстырады. Өте
ерте кезде таған отқа табыну жөнінде Г.А.Пугаченкова мен Л.И.Ремпель өте
көркем жазған:
768 жыл Муканна отқа жанып өлген жыл болып, Соғда жерінде маздеимнің
ұлы оттары мәңгі сөнді, бірақ үйлердегі таған оттарына табыну қалған жоқ,
жойылмады. Тіпті, ислам діні орнықса да, соғдалықтар отқа табынуын қойған
жоқ... .
Қазақстанның оңтүстігінде ол он бес ғасыр өткен соң да маздап тұрды,
оны қазба жұмыстары кезінде табылған Отырар шеберлерінің тамаша туындылары
да дәлелдейді.
Жылтыр бояумен сырланған қыш бұйымдар ретінде сапты аяқ, табақ,
тостаған, кіреңке пішіндес ыдыстар, құмыралар, шырағдан тұғырлар берілген.
Олар әрлеуінің сапасы және сыртқы фонының түсіне қарай бірнеше түрге
бөлінеді. Әсіресе, балқыған қорғасын түстес қыш бұйымдарды ақ ангобпен
әшекейлеу түрі кеңінен тараған. Бүл бұйымдардың өте ертедегі түрлеріне
қара, қызыл, қоңыр түсті жылтыр
25
ойық жазбаларымен көмкерілгендері жатады.
Негізі өрнектер құрылымы ыдыстың бестен бір бөлігін алатын, әдетте, 3
см-ге дейін жететін мойын түсындағы белдеуге орналасқан. Мүнда керамикалық
курсивпен және куфи қолтаңбасына араб әрпімен жазылған жазулар бар. Әдетте,
ыдыстың сырты әшекейсіз ашық болады, тек ортасында ғана шиыршықтар,
дөңгелек дақтар, үтірлер салынған. Ойма әшекей мен теңбіл өрнектер
үйлесімді салынған қыш бұйымдар да баршылық. Жасыл түспен боялған тепе
теңдік өрнегі деп аталатын, ортасынан, жан-жағына тарата жасаған көгеріс
шоқтарын салған қыш бұйымдар да кездеседі.
Тұнжыр түсті боп келетін қыш бұйымдар топ құрайды. Оларға жүргізілген
өрнек- бедерлер ақ және қара түспен боялған. өрнек белгілеріне ақ нүктелер,
жазумен толтырылған медальондар, қарапайым әріп әшекейлері пайдаланылған.
Асты қара түсті қыш бұйымдарға ақ бояумен көгеріс өрнектің жосықтары мен
геометриялық әр түрлі гүлдестелер таңбаланған.
Араб жазуымен өрнектелген кеселер, тостағандар да бар. Жылтыратпай
қоңыр және жасылмен боялған ыдыстардың түрлері де кездеседі. ХІІ-ХІП
ғасырдың жылтыр қыш бұйымдарға бөлшекті өрнектер салу тән. Олар
тостағанның, табақтардың, ыдыстардың бетіне тұтас салынғанмен, крест сияқты
фигуралармен бөлшектелген. үш бүрышты, төрт бүрышты, бір-біріне
кіріктіріліп жасалған композициялар да шыға бастады. Шыңылтырлаудың алдында
оймыштап алу бүрынғыдан гөрі жиірек қолданылды. Ақ фонды қыш бұйымдарға әр
түрлі гүлдестелер салып, оны қызыл қоңыр бояумен сирегірек, алқызыл және
қоңыр түспен бояу XII- ғасырда негізгі тәсіл ретінде пайдаланылды.
Гүлдестелер тостағанның түбінде ортасы немесе ішкі бетін түгел қамтып
салынған. Жасыл және күңгірт қызыл қоңыр-жылтыр бояумен әрленген қыш
бұйымдар пайда бола бастады. Нүктелерді негізгі фон ретінде пайдаланып,
қара реңді жылтыр өрнектелген қыш бұйымдар да бар.
26
ХII-ғасырдағы май шам түғырлары қырлы және ұзын шүмекті. Түтқасы иір-
иір оған әр —түрлі өсімдік жапырағының, қүрманың суреті таңбаланып
түсірілген. Аңның пішіні санғандары да кездеседі. Осы екі жағдайда да
шырағданның табанына ақбөкен бейнеленген.
2.2.КЕРАМИКАНЫ КӨРКЕМДЕП ӨҢДЕУ ТӘСІЛДЕРІ.
Оңтүстік Қазақстанның шыңылтырланған керамика
бүйымдары Орта Азия қалаларының ыдыстар комплексіне ұқсас. Зерттеушілердің
атап өтуінше, осынша кең-байтақ территорияда жылтырақ қыш бұйымдардың
ұқсастығы ондағы қала түрғындарының экономикалық және мәдени тығыз
байланыста болғандығын, алдыңғы қатардағы мәдени орталықтардың ең тәуір
үлгілеріне сәйкес екендігі байқалады. Әсіресе олар Шаш, Тараз, Ферғана, қыш
бұйымдарына жақын.
ІХ-ХІІІ ғасырдың басындағы Отырар керамикасынның ереекшелік сипаты
атап өткендегідей, VІІ-VIII ғасырлардан басталған формаларының біртекті
дәстүрі сәнделген қақпақтар мен дастарқандардың күн сәулесі белгі
таңбаларымен әсемделген қүмыралармен қоса ыңғайлы жөне орындықты табыну
тағамдарымен бірге бірыңғай қыш бұйымдар комплексін құрайды.
ХII-ғасырдың екінші жартысы мен ХIIІ-ғасырдың басында жаңа
бетбұрыстардың пайда болғанын атай кетеміз. Шеберлер түр мен көркемдік
құралдарын жаңартуға тырысқан. Қыш заттардың едәуір бөлігі үшін олардың
сыртының негізгі түсін күңгірт бояумен сырлау ерекшелігі тән бола бастады.
Осының арқасында ойма сызықтармен айқындалған өрнек өзінің жазықтық
көрінісін жайған.Бүл тәсіл Монгол шапқыншылығы алдындағы Шығыс Жерорта
теңізін, Кавказ, Қырымда таралған ангобтың сырланған біртүсті өрнек
техникасына (резерва) еліктеуден туған. Шекілген металл өрнектеріне
еліктеп
27
негізгі түсті үзік-үзік сызықпен өрнектеуді оймыштап әшекейленген
үйлестіре салу кеңінен тарала бастады. Сонымен қабат күрделі өрнектер салу
дәстүрінен қашқақтау сезілетіні байқалады. Олар графикалық мәнермен белгілі
бір бөлікке орналасып, әр түрлі таңба дақтармен боялған.
Өрнек сызықтарының нәзіктігі баршаға белгілі жылтырақ бояумен, шеку
әдісімен үндесе бастады. Өрнектің ондай нақыштары жылтыратылмаған балшықтан
жасалған ыдыстарға салынған нақыштармен астасып жатыр. Мұндай қыш бұйымдар
XII-ғасырдың ортасына дейін қолданылды.
XIII-ғасырдың басындағы Азия мен Шығыс Европа халықтарының ілгері даму
барысын монгол шапқыншылығы тежеді. Алғашқылардың бірі болып Қазақстан мен
Орта Азияның өркендеген егіншілік аудандарындағы қала мәдинетінің көптеген
орталықтары зардап шекті. Сыр бойының қалалары, оның ішінде, Отырар да
монғолдарға қатты қарсыласқанына қарамастан, түгелдей қирады, халқы
түгелдей қырылды немесе құлдыққа айдалды.
1219-1220 жылдардағы қасіретті оқиғалардан кейін Отырар
XIII-ғасырдың ортасына таман ғана дәуірледі. Міне, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz