Жұқпалы аурулардың қоздырғыштары: Соз, Мерез



1.Жыныстық жолмен таралатын инфекциялар.
2. Соз(гонорея), Мерез(сифилис), ЖИТС (СПИД)
Жыныстық қатынаста жұғатын ауруларға не мүмкіндік туғызады және қалай азайтуға болады?
Жыныстық жолмен берілетін аурулар немесе жыныстық қатынаста жұғатын аурулар жыныстық қатынастар арқылы беріледі.
Әсіресе олардың ең қауіптілері: СПИД, мерез, соз. Олармен әркім зақымдала бермейді. Адамдар мәдениеттілікті сипаттайтын ереженің ретін сақтап жүрсе және өзінің денсаулығын, сондай-ақ басқа адамдар денсаулығын ойлап жүрсе, бұл аурулар болмас еді.
Жыныстық қатынастағы аурулар сақтану ережелері мынадай:
1.Кездейсоқ жыныстық қатынастан сақтану.
2.Презервативтерді қолдану.
3.Жыныс мүшелердің гигиенасын сақтап, оларды жылы сумен, жұмсақ сабынмен жуу.
4.Бір жағдайларда жыныс жолмен жұғатын аурулар байқалса, бірден анонимді профилактикалық пунктке бару керек.
5.Сыртқы және ішкі киімдердің гигиенасын сақтау.
6.Ешқашан басқаның жөкесін, сүлгісін, ішкі киімін қолдануға болмайды.
2.Соз(гонорея)- жыныстық жолмен берілетін, жыныстық контакті арқылы берілетін, жиі кездесетін ауру. Бұл несепағар өзегінің іріңдеуімен және ауру тудыратын микроорганизм-гонооккың болуымен сипатталады. Гонореяның еркектер мен әйелдерде біршама айырмашылықтары бар.
Еркек Гонореясы. Еркектерде ол тек жыныс жолымен ғана жұғады. Жаңа гонорея (2 ай ауру кезінде) және созылмалы гонорея (2 айдан жоғары) деп бөлінеді. Аурудың байқалуы 3-тен 5-ке дейінгі күн аралығында пайда болады (кейде 1 күннен- 2-3 апта аралығында болады).

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Микробиология және вирусология
Лекция №10

Тақырыбы:Жұқпалы аурулардың қоздырғыштары: Соз, Мерез.

Жоспар: 1.Жыныстық жолмен таралатын инфекциялар.
2. Соз(гонорея), Мерез(сифилис), ЖИТС (СПИД)

1.Жыныстық қатынаста жұғатын ауруларға не мүмкіндік туғызады және қалай
азайтуға болады?
Жыныстық жолмен берілетін аурулар немесе жыныстық қатынаста жұғатын аурулар
жыныстық қатынастар арқылы беріледі.
Әсіресе олардың ең қауіптілері: СПИД, мерез, соз. Олармен әркім зақымдала
бермейді. Адамдар мәдениеттілікті сипаттайтын ереженің ретін сақтап жүрсе
және өзінің денсаулығын, сондай-ақ басқа адамдар денсаулығын ойлап жүрсе,
бұл аурулар болмас еді.
Жыныстық қатынастағы аурулар сақтану ережелері мынадай:
1.Кездейсоқ жыныстық қатынастан сақтану.
2.Презервативтерді қолдану.
3.Жыныс мүшелердің гигиенасын сақтап, оларды жылы сумен, жұмсақ сабынмен
жуу.
4.Бір жағдайларда жыныс жолмен жұғатын аурулар байқалса, бірден анонимді
профилактикалық пунктке бару керек.
5.Сыртқы және ішкі киімдердің гигиенасын сақтау.
6.Ешқашан басқаның жөкесін, сүлгісін, ішкі киімін қолдануға болмайды.
2.Соз(гонорея)- жыныстық жолмен берілетін, жыныстық контакті арқылы
берілетін, жиі кездесетін ауру. Бұл несепағар өзегінің іріңдеуімен және
ауру тудыратын микроорганизм-гонооккың болуымен сипатталады. Гонореяның
еркектер мен әйелдерде біршама айырмашылықтары бар.
Еркек Гонореясы. Еркектерде ол тек жыныс жолымен ғана жұғады. Жаңа гонорея
(2 ай ауру кезінде) және созылмалы гонорея (2 айдан жоғары) деп бөлінеді.
Аурудың байқалуы 3-тен 5-ке дейінгі күн аралығында пайда болады (кейде 1
күннен- 2-3 апта аралығында болады).
Несепағардың алдыңғы бөлігінде алдымен күю сезімі мен қышуы, сосын
кілегейлі бөліністер байқалады(жыныс мүшесінің басы). 3-4 күннен кейін ауру
құбылыстары қатты көрінеді. Несепағар өзегінің сыртқы тесігінде қызару мен
ісіну пайда болып, ол тығыздалып және аурулы болады. Ірің
бөлінеді:лайланады,сары түсті және көп бөлінеді. Несепшығаруда ауру пайда
болады. Жалпы ағза азап шегеді және әлсіздік, қозғыштық пайда болады. Содан
басқа бұл қолайсыз жұқтырылған факт жүйкені тоздырып, психо- эмоционалды
стрессті қалыптастырады.
Егер бұл жағдайда медицианалық көмекке назар аудармаса, онда қуықта
инфекция тереңіне таралады. Несеп шығару жиі болады және ақырында ауруы
күшейеді.
Емделуі жеткіліксіз немесе емделу толық өткізілмесе, онда гонорея созылмалы
түріне көшеді. Несептің бөлінуі азаяды және онда іріңдік қауыз бен жіптер
табылады. Қосалқы және қуық алды бездерге тарап, аурудың күйі біршама
нашарлайды. Қосалқы бездің зақымға ұшырауы, жоғарғы температура, бездің
ісінуі және бірден ауруымен байқалады. Өзектің тарылуы келешек
ұрықсыздықпен аяқталады.
Қуық алды бездің зақымдануы жоғарғы температурамен және шап ауруымен
сипатталады. Импотенцияның дамуы да ықтимал.
Әйелдердегі гонорея. Еркектер сияқты жұқтыруының негізі жыныстық жолмен
өтеді. Бірақ әйелдерде, әсіресе, жас қыздарда дәретханадан кейін, басқа
ішкі киімнен, жөкеден, сүлгіден жұғуы мүмкін. Әйелдерде созылмалы және
латтенті гонорея әлсіз ағады. Ақырғы кезде оларда ауру белгілері байқалмай,
сөйтіп олар жұқты- рудың негізгі көзі болады. Жыныстық мүшелерінің
құрлысының әртүрлі болуына байланысты еркектер мен әйелдер гонореясының
ағымы да әр түрлі.
Несепағар өзегінің зақымдануы әйелдерде еркектердікі сияқты өтеді.
Әйелдерде инфекцияның тез терең енуі,несепағар өзегінің қысқалығымен
байланысты. Жедел сатысында несепағар өзегі ауырады,кілегей, кейіннен ірің
бөлінеді, қызаруы және несепағар өзегінің сыртқы тесігінде ісіну пайда
болады.
Гонорея қынап пен жатырдың мойнына зақым келтіруі мүмкін. Олардың кілегей
қабығы жұмсарып, іріңдеп кетеді. Іштің төменгі бөлімінде ауру сезімі
байқалады.
Бұл жатырдың кілегей қабатының зақымдалуына әкеледі. Бұл жағдай іштің
төменгі жағын ауыртып, температурасын жоғарылатып, қынаптан ретсіз қанның
бөлінуіне әкеп соқтырады. Жатырдың кілегейлі қабығының зақымдануы қауіпті,
біріншіден ол жатыр түтігіне, жұмыртқасына және құрсақ қуысына инфекцияның
өтуіне жол ашады; екіншіден- егер әйел жүкті болса, жатырындағы ұрық
зақымдалып, оның дамуы нашарлайды.
Тағы бір жағдай, жеткіліксіз емделсе, жұмыртқаның зақымдануына, ал бұл
келешек ұрықсыздыққа әкеледі. Егер құрсақ қусы зақымданса, онда қатерлі
ауру құрсақ пердесінің қабынуына немесе перитонитке әкеледі. Ал, бұл,
күрделі хирургиялық ауру.
Гонореяда иммунитет болмайды, сондықтан тез қайтарылып жұғу пайда болуы
мүмкін. Гонорея жедел сатысында ғана адамға жұғады, бірақ ол созылмалы
кезінде де жұғуы мүмкін.
Мерез(сифилис)- жыныстық жолмен берілетін инфекциялық ауру. Бұл ауру
өзінің белгілерімен, асқынуларымен өте қауіпті. Сифилисті микроорганизм –
бозарған спирохета тудырады.
Жұқтыру көзі – кілегей қабығы мен терісінде белсенді сифилис ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жыныстық жолмен берілетін аурулардың түрлері және олардың алдын алу
Оба тектес қоздырғышы
Коринебактериялар, микобактериялар, алапес (лепра) қоздырғыштар
Биологиялық ластану
Биоалуантүрлілік жəне ортаның биологиялық ластануы. Ғаламдық мәселелердің биоалуантүрлілікке әсері
Эпидемиологиялық процестің үш тізбегі
Инфекция формалары және олардың сипаттамасы. Инфекцияның негізгі көздері, тасымалдау жолдары
Жүйке жүйесінің аурулары
Қоршаған ортаның ластануы
Қоршаған ортаның халық денсаулығына әсері
Пәндер