Теңгенің шығуы, қалыптасуы және тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары (1993-қазіргі кезең)


Пән: Электротехника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Теңгенің шығу тарихы

1993 жылдың 15 қараша күні Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңге айналымға енгізілді. Осыған орай Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаевтың жарлығымен бұл күн қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып жарияланды.

1990 жылы 25 қазанда қазақ халқының ғасырлар бойы арман еткен мұраты - Тәуелсіздік Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің мемлекеттік тәуелсіздігі туралы декларациясын қабылдаумен жүзеге асырылды. Сөйтіп, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде жаңа тарихи кезені басталды. Дәл осы кезден Қазақстанның төл теңгесінің тарихы басталды деп айтуға болады. Осы уақытта жоғарғы билік басында, қатаң құпия жағдайда егемен еліміздің жаңа валютасы - теңгенің дизайны дайындала бастады.

Теңгенің шығу тарихы, оның дамуы, қалыптасуы Қазақстан Республикасының аяғынан қаз тұрып, өсіп, өркендеген жылдарымен сабақтас. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда банк және қаржы жүйелерінде айтарлықтай өзгерістер болды. Саяси жүйені реформалау жұмыстары дәйектілікпен жүзеге асырылды. Осы жылдардың барлығында теңге аталған өзгерістердің куәсі болып, өзін сенімді және тұрақты ақша бірлігі ретінде көрсетті.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен экономикада сапалы өзгерістер еңгізілді. Олар Қазақстанның тұрақты және қарқынды дамуына, отандық өнеркәсіпті жандаңдыруға, қатардағы қазақстандықтардың өмір деңгейің арттыруға бағытталды.

Қазіргі таңда әлемдік қаржы дағдарысы мен одан туындаған кедергілерге қарамастан теңге өзінің дербестігі мен тұрақтылығын көрсетіп отыр. Атап өту керек, бұл дағдарыс теңгенің басына түскен бірінші қиыншылық емес. Бұған дейін теңге 1998 жылғы Оңтүстік Шығыс Азия барыстарының қаржы жүйесінің құлдырауың, сол кездегі мұнай бағасының құны баррельге 10 долларға төмендеуін, осының әсерінен Ресей федерациясында орын алған дефолтты, Ресей рублінің девальвациялануын, рубльдің жаңа номинальды бағаммен алмасуы сияқты аласапыран күрделі кезеңдерді бастан өткерді. Ал Қазақстанға сол кездегі дағдарыстың әсері болған жоқ деп айтуға болмайды.

1998 жылғы дағдарыстың зиянын болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі АҚШ долларының “тіркелген тұрақты” бағамынан бас тартып, 1999 жылдың сәуір айында теңгені АҚШ долларына айырбастаудың еркін айналымына көшті. Осының нәтижесінде теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы 1999 жылы сәуірде 88, 3 бірліктен 2001 жылдың аяғына дейін 156 теңгені құрады. Сондай-ақ, теңге 2000 жылғы АҚШ-та болған жоғарғы технологиялар нарығының биржалық құлдырауының да куәсі болды.

Қазір әлем нарығындағы несиелеу шарттары қатайды. Өтем қабілетінің нашарлауына әкеп соқтырған қаржы дағдарысы экономиканың нақты секторына, қарапайым тұтынушылар - несие алушылар мен бизнеске кері әсерін тигізіп отыр. Алайда, теңгенің тұрақтылығына бұл жағдайлар еш әсерін тигізген жоқ.

Қазіргі дағдарыс теңгенің абыройына айтарлықтай нұқсан келтірген жоқ. Ұлттық валютада жеке азаматтар мен заңды тұлғалардың депозиттік салымдары ұлғаюда. Ұлттық валютада несиелеу көлемі күн өткен сайын артуда. Бүгінде теңге Орталық Азияның ең мықты валютасы, ол белсенді түрде қазіргі заманғы экономикалық жүйеге енуде. Жыл өткен сайын қаржы және банк жүйесінде ІT-технологиялар қолданысымен жаңа технологиялық циклдар еңгізілуде.

Осыдан 15 жыл бұрын Қазақстанда таңданыс туғызатын төлем карталары бүгінгі таңда күнделікте қолданыстағы үйреншікті жүйе болып табылады. Тек қана Қызылорда обылысында 169 банкомат, 6 импринтер, 358 - pos-терминалдар жұмыс жасап, олар пайдаланушыларға алуан түрлі банктік қызмет көрсетуде. Төлем карталарының пайдалану тиімділігі - олардың жеделдігі болып табылады, тұтынушы банкке бармай-ақ кез келген банктік операциялар жасай алады.

Соңғы уақытта қолма-қол ақшаны қабылдайтын аппараттар жұмыс жасауда. Олардың нәтижелігін несие төлеушілер айқын сезініп отыр. Аппараттың тиімділігі - кезексіз, дәл сол сәтте, кез келген уақытта банктегі есеп шотына ақша енгізу мүмкіншілігі жоғары. Салынған ақша сол сәтте қарызгердің жеке шотына түсіп, несиені өтеуге қажет сомасына айналады.

Соңымен қатар банктердің ақпараттық терминалдары іске қосылуда. Интернет-банкингтің дамуы қазіргі кезде үйден шықпай-ақ, өз төлем карталарын пайдалана отырып сауда жасауға, жүру билеттеріне тапсырыс беруге, жеке банк шоттарын тексеруге және көптеген басқа да жағдайларға мүмкіншілктер береді. Қазір милиондаған қазақстандықтар осының игілігін көруде.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Техносферадағы өндірістік процестердің тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары
Қазақстан теңгесінің қалыптасуы, енгізілуі және тұрақтылығын қамтамасыз ету саясаты
Қазақстандағы ақша айналысының заңдылықтары, құрылымы және тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары
Кибершабуылдар жағдайында ақпараттық жүйелердің тұрақтылығын қамтамасыз ету әдістері
Қазақстандағы коммерциялық банктердің қалыптасуы мен екінші деңгейлі банктердің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету жолдары
Банктің жеке капиталын қалыптастыру және қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету
1993 жылғы теңгенің енгізілуі: тарихы, бағамы және экономикалық әсерлері
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жолдары (кәсіпорын мысалында)
Әлемдік қаржы дағдарысының Қазақстан банк жүйесіне әсері және қаржы мекемелерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары
Қазақстандағы ақша айналымы және оның тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz