Оңтүстік-шығыс Қазақстан жағдайында еділбай, гиссар және олардан алынған будан қойлардың өнімділік және биологиялық көрсеткіштері


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   

ӘОЖ 636. 3. 03(574) Қол жазба құқығында

ШАУГИМБАЕВА НҰРЖАН НҰРЛАНҚЫЗЫ

Оңтүстік-шығыс Қазақстан жағдайында еділбай, гиссар және олардан алынған будан қойлардың өнімділік және биологиялық көрсеткіштері

06. 02. 04-Дербес зоотехния; мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің технологиясы

Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты ғылыми

дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

Авторефераты

Қазақстан Республикасы

Алматы қаласы, 2008

Жұмыс: Қазақ ұлттық аграрлық университетінде орындалған.

Ғылыми жетекшілері: ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы,

профессор Қ. С. Сабденов.,

ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты,

доцент Б. Т. Құлатаев

Ресми оппоненттері: ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы,

профессор Қ. А. Сағындықов.,

ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы,

профессор Ш. Н. Зарпуллаев

Жетекші ұйым: «КазАгроИнновация» АҚ мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-өндірістік орталығы

Қорғау 1 шілде 2008 жылы сағат 14 00 Қазақ ұлттық аграрлық университетінің Д. 18. 01. 03 диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен жайы: 050013 Алматы қаласы, Абай даңғылы, 28.

Диссертациямен Қазақ ұлттық аграрлық университетінің кітапханасында танысуға болады.

Автореферат «__» маусым 2008 жылы таратылды.

Диссертациялық кеңестің

ғылыми хатшысы, ауыл шаруашылық

ғылымдарының докторы, профессор Нұрғазы Қ. Ш.

ЖҰМЫСТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі таңда нарық экономикасының сұранысына жауап беретін қазақтың құйрықты қылшық жүнді қойлары. Қазақстанда өсетін қой тұқымдарының ішінде ең төзімталы, мол өнімдісі, тез жетілгіштігі, төлшеңдігі, жүндестігі т. б. шаруашылыққа пайдалы қасиеттері жағынан қазақтың құйрықты қылшық жүнді қойлары.

Құйрықты қойлардың көпшілігі туған жылы аса жылдам өсіп-жетіліп, тауарлық мақсатқа жұмсалады. Ал, тиісті салмаққа жетпеген қозылардың өзі қосымша шығындарды көп керек етпей, қоршаған орта әсеріне төзімділік көрсетіп, қыстан жақсы шығады. Көктем-жаз айларында қоңдылығын жылдам көтеріп, салмақты тез қосады, сөйтіп етке өткізуге уақытында дайын болады.

Будан қойларды жаңа аймақта ет өнімділігін зерттеудің маңызы зор. Қойдың ет өнімділігінің мөлшеріне оның тұқымы, өнімділік бағыты, тез жетілгіштігі, жынысы, жасы, конституция типі, күтіп-бағу және азықтандыру жағдайы үлкен әсер етеді.

Қазіргі заман талабына сай нарық жағдайында, қозыларды енелерінен бөлгеннен кейін 4-4, 5 айлық кезеңдерінде сою және етке өткізу тиімді болып саналады.

Будан қой ұшаларының басты ерекшеліктері - бұлшық еттері жақсы жетіледі. . Будан қой қозылары мен тоқтыларын өсіру арқылы оларды 4 айлығынан бастап кез-келген жас кезеңінде етке союға болады.

Малдың тірідей салмағы жоғары болса, ұшаның да салмағы ауыр болады. Сондықтан ет өнімділігін зерттеген кезде ісектің ет жасақтау өлшемі сойыс шығымының мөлшеріне қарай анықталады.

Бұл қойлардың ет алу ерекшелігіне бұлшық еттерінің жақсы жетілуі, жоғарғы биологиялық және тамақтық құндылығы жатады.

Оңтүстік-шығыс Қазақстан аймағында еділбай, гиссар және қазақтың биязы жүнді қойларынан алынған будандардан ет өнімділігін молынан алу үшін өндірістік будандастыру әдісін қолданып, қазіргі нарықтық жағдайға қарай ет өнімділігін зерттеу ғылыми жұмыста негізгі мақсат болып көзделді.

Ғылыми-зертеу жұмыстары Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің тақырыптық жоспарына сәйкес жүргізілді. 03. 02. 01. 11. Н 11 (мемлекеттік тіркеу номері 0101РК00248) «Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік шығысындағы жеке меншіктің әр түрлі нысандарындағы шаруашылықтарына және табиғи климаттық жағдайларға қатысты биязы жүнді қой шаруашылығының экологиялық таза өнімдерін өндірудің жаңа ресурстарды сақтаушы технологиясын дайындау мен енгізу» тақырыбы бойынша.

Зерттеулердің мақсаты. Зерттеу жұмыстарымызда басты мақсат: Оңтүстік-шығыс Қазақстан жағдайында еділбай, гиссар қойлары мен қазақтың биязы жүнді қой тұқымынан алынған будандардың биологиялық және өнімділік көрсеткіштерін зерттеу.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

- будандардың өсіп жетілуі;

- қозылардың өміршеңдігі;

- ұрпақтың жүн өнімділігі;

- ұрпақтарының ет өнімділігі;

- ішкі мүшелері және интерьерлік көрсеткіштері;

- ұрпақтарының қанының көрсеткіштері;

- экономикалық тиімділігі;

Ғылыми жаңалығы. Алғаш рет оңтүстік-шығыс Қазақстан жағдайында гиссар, еділбай және қазақтың биязы жүнді қойы олардан алынған будан қойлардың биологиялық және өнімділік көрсеткіштері зерттеліп отыр.

Зерттеу жұмысының өндірістік маңыздылығы. Бұл жұмыс негізінде гиссар, еділбай қошқарларын қазақтың биязы жүнді саулықтарымен будандастырып, олардан алынған будан қойларды жетілдіруде, өнімділік көрсеткіштерін арттыруда, ұрықтандырылған саулықтар мен олардың төлдегіштігі, қозылардың өміршеңдігін, өсу қарқынының жылдамдығын, саулықтардың сүттілігін, будандардың өсіп жетілуін, будандардың ет және жүн өнімділігін, интерьерлік ерекшеліктерін жетілдіру тиімді екенін, сонымен қатар экономикалық тиімділігін анықтау мүмкін болып отыр.

Қорғауға шығарылған негізгі тұжырымдар:

- еділбай, гиссар және қазақтың биязы жүнді қойы мен олардан алынған будандардың оңтүстік-шығыс Қазақстан жағдайындағы өнімділігі және қан құрамының көрсеткіштері;

- сүт өнімділігі;

- қозылардың өсіп-дамуы және ет өнімділігінің қалыптасуы;

- жүн өнімділігі мен жүн сапасы;

- қозылардың өміршеңдігі және саулықтардың төлдегіштігі;

-будандарды өсірудің экономикалық тиімділігі.

Жұмыстың сынақтан өтуі мен жарық көруі. Диссертациядағы жұмыстың нәтижелері халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда «Аграрлық өндірісті кластерлі-индустриалдық дамыту: негізгі проблемалары мен перспективалық бағыттары» (Алматы, 2005), «Аграрлық өндірісті кластерлі-индустриалдық дамыту: негізгі проблемалары мен перспективалық бағыттары» (Алматы, 2005), «Профессор М. Ә. Ермековтың 100 жылдығына арналған ветеринария және мал шаруашылығы мәселелері» (Алматы, 2006),

«Жас ғалымдардың зерттеулері - ауыл шаруашылығы инновациялық дамуының негізі» атты жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы (Алматы, 2007), «Қазақстан ауыл шаруашылығы өндірісінің бәсекелестік қабілеттілігін арттыру: проблемалары және шешу жолдары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы (Алматы, 2007) .

Диссертация мәліметтері бойынша барлығы 8 ғылыми мақала жарық көрген, оның ішінде 5 мақала халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдарында жарияланған.

Диссертацияның құрылымы және көлемі. Диссертацияның компьютерлік мәтіні 119 беттен, 25 кестеден, 19 суреттен тұрады.

Жұмыс құрылымы кіріспеден, әдебиеттік шолу, әдістемеден, зерттеу нәтижелерінен, тұжырым және ұсыныстардан тұрады. Пайдаланылған әдебиеттер саны - 182.

ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ МЕН МАТЕРИАЛДАРЫ

Ғылыми зерттеулер 2004-2007 жылдар аралығында Алматы облысы Жамбыл ауданының «Ажар» асыл тұқымды шаруа қожалығында жүргізілді.

Зерттеу материалдары ретінде 3, 5-4, 5 жастағы, «элита» класты еділбай және қазақтың биязы жүнді саулық отарлары пайдаланылды.

І топқа гиссар тұқымдық қошқарлары мен еділбай саулықтары

ІІ топқа гиссар тұқымдық қошқарлары мен қазақтың биязы жүнді саулықтары

ІІІ топқа еділбай қошқарлары мен қазақтың биязы жүнді саулықтары

Саулықтарды күтіп-бағу жағдайы бір деңгейде болды. Олардың денсаулығы дұрыс. Қоңдылығы орта деңгейде болды.

Салыстырып отырған топтар қозыларының өсіп-дамуын анықтау үшін жаңа туылғанында, 4-4, 5 және 12, 18 айлығында есепке алынды. Сондай-ақ алынған ұрпақтың негізгі дене өлшемдері: шоқтық биіктігі, дененің қиғаш ұзындығы, кеуде енділігі, сербек аралық енділігі, кеуде орамы, жіліншік орамы, өлшеніп дене бітім индекстері (сирақтылығы, тұрқы сипаты, жұмырлығы, еңселілігі, сүйектілігі, толықтығы) есептелінді.

Қозылардың туылған кезінде, 4-4, 5, 12, 18 айындағы тірі салмақтары 0, 1 кг дәлдікпен өлшенді.

Әр түрлі қошқарлар ұрпақтарының, яғни будандардың конституциялық ерекшеліктерін анықтау үшін гемотологиялық көрсеткіштері бойынша физиологиялық зерттеулер жүргізілді. Қан сарысуының құрамындағы жалпы белок зерттелінді. Жалпы белок-Лоури әдісі бойынша қанның гемотологиялық көрсеткіштерін зерттеу үшін тірідей салмақтары бір-біріне ұқсайтын қошқарлар іріктелді. Қанның құрамын зерттеу жұмысы «Физиология және морфология» кафедрасының зертханасында жасалды. Гемотокритті «Геманализатор PS-5 Будапешт» аппаратында анықталды. Лейкоцитті лизер глобин ерітіндісі арқылы анықтадық. Жалпы белоктың мөлшерін рефрактометр приборымен анықтадық. Гемоглобинді Сали гемометрі приборының көмегімен анықтадық. Барлық зерттеу уақытында үш топтың қозылары бірдей күтіп-бағу жағдайында ұсталды.

Саулықтардан алынған сүттің құрамы зерттелді. (Мал шаруашылығы өнімдерінің технологиясының әдістемелік нұсқауы, 1993, 60 б. ) бойынша жасалды.

Негізгі қошқарлар мен саулықтардың, олардың ұрпақтарының қырқым кезінде, әр жүн жабағысы жеке-жеке 0, 1 кг дәлдікпен өлшеніп анықталды.

Қойлардан алынған әртекті жабағы жүндердің әр топографиялық бөліктерінен (бүйір, сан, арқа) үлгілер алынып, талшық типтеріне бөлініп, ұзындығын (өлшеуіш линейкамен) өлшеген едік.

Төлдердің ет сапасын анықтау үшін 4-4, 5 айлық қозыларға және 18 айлық гиссар, еділбай және қазақтың биязы жүнді қойларынан алынған будандарға бақылау сою жүргізілді. Ұша құрамын ВИЖ (изучение мясной продуктивности овец, 1970 ж, 43 б. ) әдістемесі бойынша тексерілді. Биометриялық өңдеу жұмыстары Е. К. Мерькурева (1970) сонымен қатар Microsoft Excel бағдарламасы бойынша жасалды. Зерттеу жұмысының нобайы [1] көрсетілген.

1- Ғылыми-зерттеулер нобайы

ГхЕ: ГхЕ
:
ГхҚБЖ: ГхҚБЖ
:
ЕхҚБЖ: ЕхҚБЖ

ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

Будандардың өсіп - жетілуі

Малдың өсіп - жетілуі тікелей олардың денсаулығына байланысты. Қозы жаңа туған кезінде күшті және дені сау болса, іштегі төл кезінде дамуына байланысты болады. Салмағы жоғары, дене бітімі ірі, қалыпты дамыған саулықтың қозысы да сау, күшті, тіршілікке бейім болады.

Будан қозылардың өсіп - жетілуі олардың денсаулығына байланысты. Қозы туған кезде мықты және дені сау болуы керек, бұл оның іштегі төл кезінде дамуына байланысты. Ірі, қалыпты дамыған саулықтың қозысы да сау, күшті, тіршілікке бейім болып туады. Малдың төлінің бір қалыпты дамуы, оның туғаннан кейінгі жақсы дамып өсуінің кепілі. Ал еміп жүргенде және енесінен бөлгеннен кейін қолайсыз жағдайға тап болса, мал өспей қалады.

Біздің деректерімізден, І топтағы қозылардың (екі жыныстың да) жаңа туғандағы тірі салмақтары келесі топтарға қарағанда, (ІІ және ІІІ топ) жеткілікті жоғары екенін көруге болады. Соның ішінде ұрғашы қозылардың ІІ және ІІІ топтардан 0, 2 және 1, 0 кг немесе 3, 8 және 19, 2 % жоғары болып отыр. Ал ІІ топтың тірі салмақтары соңғы ІІІ топтан тиісінше 0, 8 кг немесе 16, 0 % басым болды.

1 кесте - Ұрғашы тоқтылардың жасына қарай тірі салмағының өзгеруі

Топ

Тар

n
Жасына қарай тірілей салмағы, кг
Туылғанда
4-4, 5 ай
12 ай
18 ай
Х±m х
С v %
Х±m х
С v %
Х±m х
С v %
Х±m х
С v %
ТопТар: І
n: 54
Жасына қарай тірілей салмағы, кг: 5, 2±0, 05
5, 49
41, 6±0, 94
10, 51
51, 5±0, 16
11, 25
73, 6±0, 13
21, 20
ТопТар: ІІ
n: 51
Жасына қарай тірілей салмағы, кг: 5, 0±0, 06
6, 63
39, 2±1, 22
12, 54
49, 9±0, 17
13, 22
70, 5 ±1, 18
19, 24
ТопТар: ІІІ
n: 55
Жасына қарай тірілей салмағы, кг: 4, 2±0, 04
5, 63
36, 5±0, 63
15, 51
48, 2±0, 12
15, 20
65, 1±1, 15
17, 25

Барлық топтағы қозылардың сүт ему кезеңдеріндегі, яғни туғаннан 4-4, 5 айлықтарына дейін, жоғары деңгейдегі өсіп-жетілуі нәтижесінде -36, 5 - 41, 6 кг жетті. Осының ішінде ең жоғарғы салмақтағы қозылар, гиссар қошқары мен еділбай саулықтарын шағылыстырудан алынған (ұрғашылары 41, 6 кг),

нәтижесінде ІІ және ІІІ топтан -2, 4 және 5, 1 кг немесе 5, 8 және 12, 3 % жоғары болып отыр (1 кесте) .

Тірі салмағына қарай салыстыратын болсақ, І топ, қалған ІІ және ІІІ топтан 3, 1 және 6, 4 % жоғары болып отыр. Ал ІІ топ тірі салмақтары бойынша, соңғы ІІІ топтан тиісінше -1, 7 кг немесе 3, 4 % басым түсті.

Будан қойлардың тірі салмақтарына байланысты 18 айлықтарындағы көрсеткіштері бойынша І және ІІ топтағы малдар жоғары салмақпен көзге түседі. І топтағы малдың тір салмақтары 73, 6 кг құрап, ІІ және ІІІ топтан 3, 1 және 8, 5 кг немесе 4, 2 және 11, 5 % жоғары болып отыр. Ал ІІ топ соңғы ІІІ топтан тиісінше 5, 4 немесе 7, 7 % басым болды.

2 кесте - Еркек тоқтылардың жасына қарай тірі салмағының өзгеруі

Топ

тар

n
Жасына қарай тірілей салмағы, кг
Туылғанда
4-4, 5 ай
12 ай
18 ай
Х±m х
С v %
Х±m х
С v %
Х±m х
С v %
Х±m х
С v %
Топтар: І
n: 49
Жасына қарай тірілей салмағы, кг: 5, 8±0, 08
6, 0
45, 2±0, 89
21, 85
55, 7±0, 25
31, 1
80, 8±0, 16
22, 29
Топтар: ІІ
n: 48
Жасына қарай тірілей салмағы, кг: 5, 2±0, 08
7, 0
40, 9±1, 18
31, 1
53, 7±0, 20
32, 0
78, 8± 0, 21
28, 31
Топтар: ІІІ
n: 50
Жасына қарай тірілей салмағы, кг: 4, 6±0, 09
7, 2
38, 2±0, 51
30, 2
51, 9±0, 22
33, 2
74, 5±0, 14
24, 12

Біздің зерттеу деректерімізден, І топтағы қозылардың еркектері ІІ және ІІІ топтан 0, 6 және 1, 2 кг немесе 10, 3 кг және 20, 7 % жоғары болып отыр. Ал ІІ топтың тірі салмақтары соңғы ІІІ топтан тиісінше 0, 6 кг немесе 11, 5 % басым болды (2 кесте) .

Еркек топтағы қозылардың сүт ему кезеңдеріндегі туғаннан 4-4, 5 айлықтарына дейін, жоғары деңгейдегі өсіп-жетілуі нәтижесінде - 38, 2 - 45, 2 кг жетті. Осының ішінде ең жоғарғы салмақтағы қозылар, гиссар қошқары мен еділбай саулықтарын шағылыстырудан алынған (еркектері -45, 2 кг), нәтижесінде ІІ және ІІІ топтан 4, 3; 7, 0 кг немесе 9, 5; 15, 5% жоғары болып отыр. Ал ІІ топ тірі салмақтары бойынша, соңғы ІІІ топтан тиіснше 2, 7 кг немесе 6, 6 % басым түсті.

Будандардың дене бітімдерінің ерекшеліктері

Тәжірибемізде, жасына қарай тәжірибелік алынған ұрпақтың тірі салмағын анықтау мақсатында төлдердің туған кезінде, енесінен айырған уақытта, бір жасында және бір жарым жасында өлшемдер алынды.

Будан қойлардың биологиялық ерекшеліктерінің бірі - туған кезде дене бітімінің ірі болуы. Бұл көрсеткіш олардың тірідей салмағына байланысты. Оңтүстік-шығыс Қазақстан аймақ жағдайында будан қойының жеке дамуын зерттеу, малдың эмбриональды және постэмбриональды кезеңдегі өсіп-жетілуін анықтауға мүмкіндік береді. Қойдың тірідей салмағы өсу қарқынына, конституциясына және өнімділігіне байланысты болады.

Қойдың қандай да болмасын, дене бітімдік типін оның сыртқы дене тұрқын (экстерьерін) зерттегеннен кейін анықтайды.

Тәжірибеге алынған төлдің өсіп-жетілуі үшін, тірі салмағы мен орташа тәуліктік қосымша салмағымен бірге, негізгі дене өлшемдері алынып, сосын дене бітім индекстері есептелді.

Соның ішінде, топ малдарында шоқтығының биіктігі жаңа туғанда 46, 5-50, 5 см аралығында болса, ал енесінен бөлгеннен кейін ұрғашыларында 15, 4- 22, 5 см немесе 31, 3-24, 8 %, сол сияқты құйымшақ сүйегінің биіктігі жасына қарай тиісінше 20, 7-29, 9 см немесе 34, 4-41, 8 % өскен (3 кесте) .

Еркек қозыларда кеуде орамы жаңа туғанда 46, 8-48, 9 см құраса, ал енесінен бөлгеннен кейін 21, 7-26, 7 см немесе 35, 3-31, 7 % өскен, сол сияқты тұрқының қиғаш ұзындығы жасына қарай тиісінше 35, 7-30, 3 см-ге дейін немесе 46, 6-43, 9 % өскен. Ал керісінше қозылардың жіліншік орамы жас мезгілдеріне қарай аз мөлшерде өседі, жаңа туғанда 5, 2-6, 1 см аралығында болса, ал енесінен бөлгеннен кейін не бары 7, 7-8, 7 см немесе 32, 5-29, 9 % құраған (4 кесте) .

Тәжірибеге алынған қозылардың жас мезгілдеріне қарай дене өлшемдерінің өзгергіштіктерін зерттеу барысында, олардың енелерінен бөлгеннен 18 айлық мерзімдеріне қарағанда сүт ему кезеңдерінде қарқынды өсетіндігі анықталды. Соның ішінде, топ бойынша қозылардың 18 айлық өлшеу мерзімдеріндегі шоқтық биіктігінің салыстырмалы өсімі-12, 5-11, 2%, құйымшақ сүйегінің биіктігі - 14, 4-13, 2 %, тұрқының қиғаш ұзындығы - 11, 6-9, 1 %, сербек аралық енділігі - 30, 1-30, 7 %, кеуде орамы - 13, 9-11, 9 % және жіліншік орамы - 15, 5-22, 2 % болады. Қорыта келе, барлық топтағы қозылар зерттелініп отырған тұлға индекстерінің үйлесімділіктерімен ерекшелене келе, осы қой тұқымының өсіп-жетілу заңдылықтарына сай екенін айта кеткен жөн.

3 кесте - Ұрғашы тоқтылардың дене өлшемдері, (Х±m х )

Тәжірибелік топтар
Қозылардың жасы
n

Дене өлшемдері, см

шоқтығынан

биіктігі

құйым

шағынан

биіктігі

тұрқының

қиғаш

ұзындығы

сербек аралық енділігі
кеуде орамы

жіліншік

орамы

Тәжірибелік топтар: І
Қозылардың жасы:

Туылған кезінде

4-4, 5 ай

12 ай

18 ай

n:

54

51

49

47

Дене өлшемдері, см:

50, 0 ±0, 11

72, 5 ±0, 13

79, 5 ±0, 36

78, 1±0, 47

41, 6 ±0, 12

71, 5 ±0, 26

80, 5 ±0, 31

77, 0±0, 11

40, 4 ±0, 12

72, 5 ±0, 21

81, 5 ±0, 11

78, 2±0, 12

12, 9 ±0, 14

14, 6 ±0, 15

19, 5 ±0, 26

21, 2±0, 19

48, 9 ±0, 75

74, 0 ±0, 22

93, 5 ±0, 33

97, 0±0, 21

5, 9 ±0, 30

8, 0 ±0, 41

9, 1 ± 0, 12

10, 2±0, 17

Тәжірибелік топтар: ІІ
Қозылардың жасы:

Туылған кезінде

4-4, 5 ай

12 ай

18 ай

n:

51

49

47

45

Дене өлшемдері, см:

49, 9±0, 56

68, 3 ±0, 36

72, 6 ±0, 50

76, 5±0, 17

41, 2 ±0, 50

69, 0 ±0, 14

75, 0 ±0, 51

75, 7±0, 37

40, 2 ±0, 32

67, 1 ±0, 16

76, 2 ±0, 23

77, 2±0, 24

12, 8 ±0, 17

14, 8 ±0, 16

19, 0 ±0, 17

20, 9±0, 15

48, 7 ±0, 48

69, 5 ±0, 18

91, 7 ±0, 21

94, 0±0, 28

5, 9 ±0, 25

7, 9 ±0, 32

9, 0 ±0, 21

10, 0±0, 29

Тәжірибелік топтар: ІІІ
Қозылардың жасы:

Туылған кезінде

4-4, 5 ай

12 ай

18 ай

n:

55

53

51

47

Дене өлшемдері, см:

46, 5± 0, 17

61, 9±0, 15

66, 4±0, 41

69, 7±0, 12

39, 4±0, 21

60, 1±0, 22

66, 9±0, 14

71, 2±0, 15

35, 8±0, 31

56, 4±0, 16

65, 6±0, 28

71, 1±0, 23

11, 5±0, 11

13, 6±0, 45

15, 9± 0, 18

18, 9±0, 11

45, 4±0, 16

63, 4±0, 24

85, 2±0, 19

90, 5±0, 45

5, 1±0, 18

7, 0±0, 12

8, 9±0, 31

9, 8±0, 14

4 кесте - Еркек тоқтылардың дене өлшемдері, (Х±m х )

Тәжірибелік топтар
Қозылардың жасы
n

Дене өлшемдері, см

шоқтығы

нан биіктігі

құйымша

ғынан биіктігі

тұрқының

қиғаш

ұзындығы

сербек аралық енді

лігі

кеуде орамы
жіліншік орамы
Тәжірибелік топтар: І
Қозылардың жасы:

Туылған кезінде

4-4, 5 ай

12 ай

18 ай

n:

49

47

46

44

Дене өлшемдері, см:

50, 5 ±0, 55

74, 6 ±0, 11

82, 9 ±0, 13

85, 3±0, 51

41, 9 ±0, 15

72, 9 ±0, 16

83, 2 ±0, 17

85, 2±0, 50

40, 9 ±0, 18

76, 6 ±0, 26

87, 8 ±0, 29

86, 7±0, 12

13, 4 ±0, 31

15, 3 ±0, 41

19, 7 ±0, 56

21, 9±0, 18

48, 9 ±0, 48

75, 6 ±0, 12

94, 4 ±0, 1

87, 8±0, 14

6, 1 ±0, 31

8, 7 ±0, 25

9, 6 ±0, 14

10, 3±0, 32

Тәжірибелік топтар: ІІ
Қозылардың жасы:

Туылған кезінде

4-4, 5 ай

12 ай

18 ай

n:

48

46

45

43

Дене өлшемдері, см:

50, 4 ±0, 12

72, 7 ±0, 31

79, 9 ±0, 4

81, 8±0, 26

41, 8 ±0, 15

71, 9 ±0, 1

79, 2 ±0, 4

81, 5±0, 16

40, 6 ±0, 27

74, 1 ±0, 12

81, 7 ±0, 16

82, 3±0, 19

13, 3 ±0, 5

15, 2 ±0, 42

19, 2 ±0, 32

22, 5±0, 45

48, 5 ±0, 14

74, 7 ±0, 20

94, 1 ±0, 30

84, 6±0, 17

6, 0 ±0, 10

8, 5 ±0, 22

9, 5 ±0, 13

10, 1±0, 13

Тәжірибелік топтар: ІІІ
Қозылардың жасы:

Туылған кезінде

4-4, 5 ай

12 ай

18 ай

n:

50

48

47

45

Дене өлшемдері, см:

47, 5±0, 18

66, 5±0, 25

70, 1±0, 21774, 9±0, 19

39, 4±0, 18

65, 2±0, 26

70, 0±0, 31

75, 1±0, 21

38, 6±0, 41

68, 9±0, 39

71, 2±0, 11

75, 8±0, 34

12, 9±0, 15

14, 2±0, 17

17, 6±0, 24

20, 5±0, 36

46, 8±0., 18

68, 5±0, 19

89, 6±0, 35

77, 8±0, 15

5, 2±0, 42

7, 7±0, 21

9, 0±0, 15

9, 9±0, 27

Ұрпақтарының ет өнімділігі

Будандардың бақылау сойысы

Тәжірибеге алынған еркек малдардың 4-4, 5 және 18 айлықтарындағы ет-май өнімділіктерінің ерекшеліктері зерттелінді (5 кесте) .

Біздің деректерімізге қарағанда, төлдерді бақылау үшін сою нәтижесінің негізгі көрсеткіштері бойынша І топтағы қозылардың ұша салмағы бойынша 4, 6 және 30, 2 %, ұша шығымы келесі топтарға (ІІ және ІІІ топ) қарағанда 2, 4 және 16, 2 %, сойыс шығымы 2, 3 және 13, 0 % басым.

Сол сияқты, ІІ топ жоғарыда келтірілгендей ет өнімділігінің негізгі көрсеткіштері бойынша олардың шығымы, соңғы ІІІ топқа қарағанда тиісінше 14, 2 % және 10, 9 % жоғары болып отыр.

5 кесте -Тәжірибелік топтар қозыларын (әр топтан 3 бас) бақылай сою нәтижелері

Көрсеткіштер

Тәжірибелік топтар

І

ІІ

ІІІ
Көрсеткіштер: Х±m х
Көрсеткіштер: 4-4, 5 ай
Көрсеткіштер: Сояр алдындағы тірі салмағы, кг
Тәжірибелік топтар: 42, 5 ±1, 5
41, 5 ±1, 9
35, 4±1, 8
Көрсеткіштер:

Ұша салмағы, кг

- // - // - // -, %

Тәжірибелік топтар:

21, 5 ±0, 58

50, 6

20, 5 ±0, 48

49, 4

15, 0±0, 16

42, 4

Көрсеткіштер:

Құйрық салмағы, кг

- // - // - // -, %

Тәжірибелік топтар:

3, 8 ±0, 22

9, 0

3, 7 ±0, 15

9, 0

3, 2±1, 0

9, 0

Көрсеткіштер:

Іш май шығымы, кг

- // - // - // -, %

Тәжірибелік топтар:

2, 5 ±0, 06

5, 9

2, 4 ±0, 02

5, 8

2, 0±2, 1

5, 6

Көрсеткіштер:

Сойыс салмағы, кг

- // - // - // -, %

Тәжірибелік топтар:

27, 8±±3, 1

65, 5

26, 6± 1, 3

64

20, 2±0, 17

57

Көрсеткіштер:

18 ай

Көрсеткіштер: Сояр алдындағы тірі салмағы, кг
Тәжірибелік топтар: 69, 65 ±0, 03
67, 28 ±0, 02
50, 65±0, 15
Көрсеткіштер:

Ұша салмағы, кг

- // - // - // -, %

Тәжірибелік топтар:

26, 41 ±0, 21

38

24, 10 ±0, 31

36

20, 41±0, 01

40, 3

Көрсеткіштер:

Құйрық салмағы, кг

- // - // - // -, %

Тәжірибелік топтар:

5, 17 ±0, 04

7, 5

4, 82 ±0, 14

7, 1

3, 12±0, 30

6, 1

Көрсеткіштер:

Іш май шығымы, кг

- // - // - // -, %

Тәжірибелік топтар:

0, 790 ±015

1, 1

0, 690 ±0, 16

1, 0

0, 890±0, 15

1, 8

Көрсеткіштер:

Сойыс салмағы, кг

- // - // - // -, %

Тәжірибелік топтар:

32, 4 ±0, 28

46, 5

30, 0 ±0, 17

44, 6

24, 4±0, 21

48, 2

І топ ұша салмағы 26, 4 кг құрап, қалған ІІ және ІІІ топтардан 8, 7 және 22, 7 % басым, сол сияқты құйрық (5, 17 кг), іш май (0, 890 кг), сойыс (32, 4 кг), құйрық салмағы 6, 7 және 39, 6 %, іш май салмағы бойынша ІІІ топта жоғары көрсеткішке ие, (І және ІІ топ) ІІІ топтан 11, 2 және 22, 5 % жоғары.

Ұшаның морфологиялық және химиялық құрамы

Біздің зерттеулеріміздегі 6 кестедегі 4, 5-5, 0 айлықтарындағы көрсеткіштері бойынша ет салмағы 12, 0-18, 5 кг құрады. Ұшаның морфологиялық құрамының негізгі көрсеткіштері бойынша І топтағы қозылардың ет шығымы келесі топтардан (ІІ және ІІІ топ) 1, 8 және 7, 0 % басым түскен. Сол сияқты ІІ топ жоғарыда келтірілгендей ет өнімділгінің негізгі көрсеткіштері бойынша олардың ет шығымы, соңғы ІІІ топтан тиісінше 5, 2 % жоғары болып отыр.

6 кесте - Қозылардың ұшасының морфологиялық құрамы (әр топтан 3 бастан)

Көрсеткіштер

Тәжірибелік топтар

І
ІІ
ІІІ
Көрсеткіштер: 4-4, 5 ай
Көрсеткіштер: Ұша салмағы, кг
Тәжірибелік топтар: 21, 5±0, 2
20, 5±0, 10
15, 0±0, 10
Көрсеткіштер: - // - // - // -, %
Тәжірибелік топтар:

50, 6

49, 4

42, 4

Көрсеткіштер: Ет салмағы, кг
Тәжірибелік топтар: 18, 5±0, 25
17, 3±0, 31
12, 0±0, 22
Көрсеткіштер: - // - // -// -, %
Тәжірибелік топтар: 86, 0±0, 02
84, 4±0, 12
80, 0±0, 02
Көрсеткіштер: Сүйек салмағы, кг
Тәжірибелік топтар: 3, 0±3, 1
3, 2±0, 12
3, 0±2, 11
Көрсеткіштер: - // - // - // -, %
Тәжірибелік топтар: 14, 0±0, 01
15, 6±0, 02
20, 0±0, 01
Көрсеткіштер: Еттік коэффициент
Тәжірибелік топтар: 5, 7±0, 21
5, 4±0, 18
4, 2±0, 16
Көрсеткіштер: 18 ай
Көрсеткіштер: Ұша салмағы, кг
Тәжірибелік топтар: 26, 4±0, 18
24, 1±0, 12
20, 4±0, 13
Көрсеткіштер: - // - // - // -, %
Тәжірибелік топтар: 38
36
40, 3
Көрсеткіштер: Ет салмағы, кг
Тәжірибелік топтар: 20, 2±0, 15
18, 7±0, 01
15, 9±0, 03
Көрсеткіштер: - // - // - // -, %
Тәжірибелік топтар: 76, 5±0, 20
77, 6±0, 15
78, 0±0, 14
Көрсеткіштер: Сүйек салмағы, кг
Тәжірибелік топтар: 6, 2±0, 21
5, 4±0, 15
4, 5±0, 02
Көрсеткіштер: - // - // - // -, %
Тәжірибелік топтар: 23, 5±0, 19
22, 4±1, 12
22, 0±0, 17
Көрсеткіштер: Еттік коэффициент
Тәжірибелік топтар: 3, 0± 2, 0
3, 49±0, 31
4, 59± 0, 18

Ұшаның морфологиялық құрамының негізгі көрсеткіштері бойынша І топтағы қозылардың ет салмағы келесі топтардан (ІІ және ІІІ топ) 21, 3 және 7, 4 % басым түскен. Сол сияқты ІІ топ жоғарыда келтірілгендей ет өнімділгінің негізгі көрсеткіштері бойынша олардың ет салмағы, соңғы ІІІ топтан тиісінше 15, 0 % жоғары болып отыр.

Керісінше ең көп сүйек шығымының үлесін (23, 5 %) алғашқы І топ құраса, ал ең көп еттілік коэффициенті (4, 59) соңғы ІІІ топта басым болып отыр.

Будан қойлардың ет - май өнімділіктері олардың тірі салмағына байланысты. Ет көп болған сайын сүйектерінің үлесі азайып, ет-май өнімділіктері жоғарылап отыратыны және осыған керісінше құбылыс болатындығы анық.

Тәжірибелік мәліметтерімізге қарағанда, алынған барлық үш топтағы 4-4, 5 айлық еркек малдардың ұша етінің құрамындағы су, май, протеин, күл анықталды. Топ бойынша бір-бірімен салыстыратын болсақ, ұшаның құрамындағы майы бойынша І топтың көрсеткіштері келесі топтардан (ІІ және ІІІ топ) 0, 5 және 5, 0 % басым, ал протеині бойынша ІІ топтың көрсеткіштері (І және ІІІ топ) 2, 3 % жоғары болды (7 кесте) .

7 кесте - Ұша етінің химиялық құрамы, %

(әр топтан 3 бастан)

топтар

Су

Май

Протеин

Күл

4-4, 5 ай

топтар:

І

Су:

64, 1

Май:

18, 0

Протеин:

17, 0

Күл:

0, 9

топтар:

ІІ

Су:

63, 8

Май:

17, 9

Протеин:

17, 4

Күл:

0, 9

топтар:

ІІІ

Су:

65, 1

Май:

17, 1

Протеин:

17, 0

Күл:

0, 8

топтар:

18 ай

топтар:

І

Су:

63, 8

Май:

18, 4

Протеин:

16, 8

Күл:

1, 0

топтар:

ІІ

Су:

64, 7

Май:

18, 1

Протеин:

16, 8

Күл:

1, 2

топтар:

ІІІ

Су:

63, 5

Май:

17, 9

Протеин:

17, 6

Күл:

1, 0

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қой тұқымының биологиялық ерекшеліктері
Қылшық жүнді құйрықты қойларының өнімділігі
Ордабасы қой тұқымының өсіп-жетілуі ерекшеліктері_
Асыл тұқымды еділбай қой тұқымының өнімділік және биологиялық ерекшеліктері
Етті-майлы құйрықты қойлар
Құйрықты және майлы құйрықты қой тұқымдары
Қазақтың биязы жүнді қой тұқымдары
Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойы тұқымының биологиялық ерекшеліктері
Мал қораларын желдету
Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz