Мекепке дейінгі шағын орталықтарды дамыту туралы


Мекепке дейінгі шағын орталықтарды дамыту туралы
Атқарушы биліктің жергілікті органдарының міндеті - халық игілігіне баса назар аудару, оның ішінде мектеп жасына дейінгі балаларға білім беру және тәрбиелеуге қатысты қамқорлық жасау болып табылады. Осыған байланысты мектепке дейінгі ұйымдар желісін сақтау және көбейту - олардың тікелей міндеті.
Мектепке дейінгі ұйымдар желісін одан әрі дамыту Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 12 қазандағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында жоспарланған. 23 мың орындық 164 мектепке дейінгі ұйымның құрылысымен қатар, білім беру ұйымдары базасындағы 20 мың орынға арналған 800 мектепке дейінгі шағын орталықтарды құру көзделген. Республикамызда қазірдің өзінде 3, 5 мың орындық 181 шағын орталық жұмыс істейтінін атап өткен жөн.
Мектепке дейінгі шағын орталықтар 1 жастан бастап 6 (7) жасқа дейінгі балаларды жан жақты дамыту және ата-аналарға баланы тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыруда кеңес беру-әдістемелік қолдау, балаларды әлеуметтік бейімдеу үшін ашылады.
Мыналар мектепке дейінгі шағын орталықтардың негізгі міндеті болып табылады:
1. баланы ерте бастан әлеуметтендіруді қамтамасыз ету;
2. әр баланың жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескеріп, балаларды ақыл-ой, адамгершілік, физикалық, әсемдік, сезімдік, танымдық дамыту;
3. балалардың педагогикалық қараусыз қалуының алдын алу;
4. балалардың денсаулығын сақтау;
5. балаларды бағу, күтуді ұйымдастыру;
6. баланың дамуындағы ауытқушылықтарды дер кезінде түзету;
7. ата-аналарды психологиялық-педагогикалық ағарту.
Мектепке дейінгі шағын орталықтарды мынадай өзара байланысқан үш шартты орындаған кезде ұйымдастыруға болады:
• әрбір баланың қабілетін қамтамасыз ететін және дамытатын пәндік-кеңістіктік ортаны құру және педагогтардың шығармашылық әлеуетін іске асыру;
• үй-жайды тиімді пайдалану негізінде педагогикалық процесті және мамандардың көп функциялы қызметін ұйымдастыру;
• тәрбиешілермен, мамандармен және ата-аналармен ынтымақтастық негізінде ересектердің өзара әрекет етуін үйлестіру.
Мектепке дейінгі шағын орталықтардың мынадай түрлері:
1. 1 жастан бастап 5 жасқа дейінгі балаларға және олардың ата-аналарына арналған бейімделу;
2. 3 жастан бастап 6 (7) жасқа дейінгі балаларға арналған дамытушылық;
3. 1 жастан бастап 7 (8) жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған;
4. келу уақыты бойынша: 1 жастан бастап 6(7) жасқа дейінгі балалар үшін күндізгі, кешкі, түнгі, демалыс және мейрам күндерінде, тәуліктік;
5. 1 жастан бастап 6(7) жасқа дейінгі балалар үшін балаларды үйде бағу, күту және дамыту бойынша шағын орталықтар құрылуы мүмкін.
Мектепке дейінгі шағын орталықтар аптасына 2-ден бастап 7 ретке дейін, күніне 2 сағаттан бастап 10 сағатқа дейін, таңертең де және күннің екінші жартысында да оңтайлы тәртіппен жұмыс істеуі мүмкін. Мектепке дейінгі шағын орталықтар тобы кешенделуіне қарай оқу жылы ішінде ашылуы мүмкін.
Балалар бақшасы немесе мектеп ұжымы өзінің жұмыс істеу практикасы мен кадрлық мүмкіндігі негізінде мектепке дейінгі шағын орталықтардың үлгісін өзінің таңдауына қарай жасай алады. Сонымен қатар іс-қимылдың мынадай алгоритмін сақтау:
1. мектепке дейінгі шағын орталықтың халықтың сұранысын қанағаттандыратын осындай үлгісін таңдау мақсатында ата-аналардың білімдік сауалдарын зерделеу;
2. қаржыландырудың ықтимал көздерін белгілеу;
3. педагогикалық процестің қандай үй-жайда ұйымдастырылатынын анықтау, яғни шағын орталық қайда орналасатынын анықтау (жұмыс істеп тұрған жастық топта немесе мектеп алды сыныпта, кабинетте немесе бос үй-жайда) ;
4. педагогикалық процестің материалдық техникалық жарақталуын ойластыру және қамтамасыз ету (жастық құрамға, білім беру бағдарламасының мазмұнына сәйкес және т. б. ) ;
5. шағын орталықтың жұмыс істеу тәртібін әзірлеу, яғни қандай да бір топтың қашан жұмыс істейтіні жайлы мәселені шешу (күн сайын немесе аптасына бірнеше рет, күндізгі немесе түнгі уақытта, күніне неше сағат) ;
6. шағын орталықтың жұмысын кадрмен қамтамасыз етуді жүзеге асыру, яғни балалармен кім (тәрбиеші, музыкалық жетекші, дене шынықтыру нұсқаушысы және т. с. с. ) және қандай жағдайда (қосымша ставка енгізу, жасырын резерв) жұмыс істейтіні туралы шешім қабылдау;
7. шағын орталықта жұмыс істейтін педагогтардың атқарымдық міндеттері мен жұмыс кестесін әзірлеу;
8. шағын орталықтағы педагогикалық процестің мазмұнын анықтау, оқу торын әзірлеу, жұмыс әдісін ойластыру, оның ішінде регламенттелмеген қызметтің және үй жағдайында (бағдарламалық әдістемелік қамтамасыз ету), яғни осы топтағы мектеп жасына дейінгі балалардың нені және қалай үйренетіні жайлы шешім қабылдау;
9. педпроцестің нәтижелілігін, оның сапасын, мектеп жасына тәрбиелеу және оқытудың мемстандартқа сәйкестігін бақылауға мүмкіндік беретін диагностикалық әдістемелерді таңдап алу;
10. отбасымен бірге түрлі формаларды ойластыру және ұйымдастыру.
Мектепке дейінгі шағын орталықтардың қызметін қамтамасыз ету үшін мына құжаттарды басшылыққа алу қажет:
1. “Мектепке дейінгі ұйымдардың қызметінің типтік ережесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы №1353 қаулысы;
2. “Жалпы орта білім берудің білім беру бағдарламасын іске асыратын білім беруді ұйымдастырудың типтік ережесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 11 наурыздағы №224 қаулысы;
3. «Негізгі ережелер. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту» мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2001 жылғы 19 қыркүйектегі №739 бұйрығы;
4. «1 жастан бастап 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың жалпыға білім беру бағдарламасының мазмұнының базалық минимумы» мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 14 мамырдағы №410 бұйрығы.
Нормативтік және бағдарламалық әдістемелік қамтамасыз ету және мектепке дейінгі шағын орталықтардың ашылу тетігін анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Балалар толық және толымсыз күн болатын мектепке дейінгі шағын орталықтар қызметінің типтік ережесін дайындады және 2005 жылғы 27 маусымдағы № 441 бұйрықпен бекітті. «Мектепке дейінгі шағын орталықтарды ұйымдастырушылық және бағдарламалық әдістемелік сүйемелдеу» республикалық эксперименті аясында бейімделетін «Қарлығаш» мектепке дейінгі шағын орталықтарда балаларды дамытудың жобасы әзірленді.
Экспериментті жүргізу 2005-2006 оқу жылының 1 қаңтарынан бастап жоспарлануда. Осы экспериментті ұйымдастыру мәселесі бойынша Мектепке дейінгі және орта білім берудің нормативтік және бағдарламалық әдістемелік қамтамасыз етуін құру басқармасына хабарласу қажет
Мектепке дейінгі 3-тен 7-жас аралығындағы балаларға білім мен тәрбие берудің авторлық «Жеке тұлға» бағдарламасы.
Авторлық «Мен - жеке тұлға» бағдарламасы «Қарлығаш» балабақшасы ұжымының «Балбөбек», «Тәй-тәй», «Дамыту» бағдарламаларына салыстырмалы талдау жасау негізінде туындаған еңбек.
Бағдарламаның басты жаңалықтары:
- тәрбие мен білім беру мазмұнының модульді-блокты түрде құрылуы;
- балаларды оқыту мазмұнындағы тақырыптық жоспар;
- оқыту жүйесінің балалардың өз беттерінше іздену әрекеттеріне бағытталуы;
- әрбір баланың бірегей табиғи қабілетін дамыту;
- балалар мен педагогтардың рефлексивті іс-әрекеттеріне көңіл бөлу;
- этнопедагогика негіздері мен аймақтық компоненттің енгізілуі;
- пәнаралық сабақтастықтың жузеге асырылуы;
- баланың генетикалық дарындылық қабілеттерін саралап анықтау негізінде дамыта отырып тереңдету;
- балалар жас ерекшеліктеріне сипаттама және физиологиялық даму білімдерінін еңгізілуі.
Бағдарламаның негізгі көздеген мақсаты:
3 жастан 7 жасқа дейінгі балаларды адамға тән қасиеттерге қарай бейімдей отырып, жеке тұлға ретінде дамыту.
Осы мақсатқа жету үшін мынандай міндеттер қойылды:
- баланың өзін-өзі тануына ықпал ету;
- өзінің пікірін жеткізуге жағдай туғызу;
- баланың әлеуметтенуін қамтамасыз ету.
Бағдарламанын көкейкестілігі - үш жасқа келген балалардың ұлттық генетикалық түйіндеріне сүйене отырып, оны әлеуметтік ортаның белсенді мүшесі болуға ұмтылдыру. Бала алғашқы тәрбие негізін отбасынан алады. Бағдарлама мазмұны жеке тұлғаның жанұяда ұлттық сипатта дамуына негізделген. Өйткені отбасы - ізгі тұрақталған аймақтың барлық деректерін сіңірген ұжым. Яғни, баланың дамуы ізгі өмір сүрген аймағыңыз, қоршаған орта идеясының бағыт-бағдары мен деректеріне байланысты өрістейді.
Бағдарлама мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиелеудің мемлекеттік стандарты аясында әзірленген. «Тәй-тәй» бағдарламасы мен дамыту технологиясын талдай отырып, мазмұны аймақтық, ұлттық сипатта тереңдетіліп зерттелінді. Отбасында қалыптасқан халық ауыз әдебиетінің үлгілері - тыйым сөздер, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, ертегілер, аймақтық салт-дәстүрлер және ізгі өмір сүріп отырған аймақтың жан-жануарлары мен өсімдік жамылғысы баланың жеке тұлға ретінде «Мен» сезімін қалыптастыруға мумкіндік туғызады.
Бағдарламадағы коммуникативтік қасиеттерді дамытып қалыптастыру міндетін шешу рефлексия жүйесі арқылы жузеге асырылған. Рефлексия бағытында қарым-қатынастың жоғарғы әдептілікте журуіне баулу арқылы түсіністілік, сыйластық қасиеттерін меңгерту міндеттері баланың әлеуметтенуіне ерекше жағдай туғызады. Балалардың қиялын дамытып, шығармашылық қабілетін жетілдіру міндеттері мектепке дейінгі балаға музыка, қол өнерін үйретуге бағыттай отырып, ұлттық бейнелеудің қыр-сырларымен таныстыруы негізінде жүзеге асыруды көздейді.
Бағдарламаның тәрбиелік мәні - жалпы адамзаттық қасиеттерін өзгерте отырып, интеллектуалды деңгейлерін өсіру, жеке адам ретіндегі менталитетін қалыптастыру.
Мектеп жасына дейінгі балаларды дамытудың осындай негізгі міндеттерін жүзеге асыру мақсатында бағдарлама модульді-блокті-рейтингті жүйеде құрылды.
Модуль - балабақшаның апталық тақырыбы болып есептеледі.
Блок - модулді жүзеге асырушы мектепке дейінгі білім мен тәрбие берудің базалық пәндерінің жиынтығы. Әрбір блок құрылымдық білімдерден тұрады. Яғни, бір тақырыпты (модулді) әрбір пән (блок) өз бағытында (бөлімдер) жан-жақты ашады. Модулде үлкен бір мәселе қойылса, оның бөлімдерін блоктар шешеді. Мұндай модулді-блокті-рейтингті жүйе пәндердің және жас ерекшеліктеріне байланысты топтардағы балаларды оқыту мен тәрбиелеудің өзара сабақтаса жүзеге асуына мүмкіндік береді. Таңертеңгі жиындағы ашық алаңда әрбір топта жас ерекшеліктің ескерілуімен модул мәселелері балаларға ұсынылады. Ал модулді тезірек ашып, оны жан-жақты ұсыну үшін балалар өз еріктерімен белсенді орталықтарға бөлінеді.
Ашық алаңда негізгі білім беру әрекеттеріне дейін балаларды жинаудың негізгі мақсаты: олардың алдына мәселе қою ғана емес, сонымен қатар балалар арасында жағымды эмоциялық көңіл-күй және топтық қарым-қатынас атмосферасын туғызу. Балалардың әлеуметтік және қарым-қатынас жасай білу қабілеттерін дамыту. Балалардың белсенді орталықтарын өз еркімен таңдауларына ықпал ету.
Ал белсенді орталықтарындағы әрекеттерден кейінгі ашық алаң мақсаты: сабақтың негізгі мазмұнының балаға тигізген әсерін, әр баланың көңіл-күйін сабақтың басынан аяғына дейінгі аралықта қалай өзгергендігін байқау.
Оқу-тәрбие үрдісі «Тәй-тәй» бағдарламасының технологиясы бойынша белсенділік орталықтарында баланың жеке бас ширақтығымен ыңғайын ескере отырып, шағын топтарда тәрбиешінің басшылығымен бірлесе, өз беттерінше іс-қимыл жасап, жеке тапсырмаларды орындауы арқылы жүзеге асады. Әрбір топтарда ата-аналар белсенділік орталықтарындағы негізгі әрекеттерде өз баласының алғашқы педагогы ретінде, даму деңгейінің зерттеушісі, әрі адвокаты ретінде қатысып отырады. Әр баланың балаға тән бойындағы ерекше бір қасиетін дамытып, қалыптастыру мақсатымен түстен кейінгі уақытта ойын түрінде жеке және үйірме жұмыстары ұйымдастырылады. Сонымен қатар, балалардың зерттеуге деген қызығушылықтарын, өз бетінше білім алуға деген ынталарын арттыруда ата-аналарымен біріге отырып педагогтың берген бағыты негізінде жеке жобалау іс-әрекеті жүзеге асады.
Авторлық бағдарлама оқыту - тәрбие үрдісінің қатысушылары - педагог пен баланы толық қамтыған. Өздік талдаудың негізінде педагог өзінің іс - әрекетін, тәжірибе жинақтай отырып, шеберлік деңгейін арттыру арқылы жүзеге асырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz