Мұсылмандық мектептер мен медреселер



1 Мұсылмандық мектептер мен медреселер
2 Исламдағы ішкі теологиялық тартыс
3 Медресе ешнәрсенің көшірмесі емес
4 медреселердің қаржыландырылуы, қаражат көзі
5 Исламдық білім, ғылым жүйесі
Құранда жиі қайталанатын ұғымдардың бірі — Ілім, яғни білім, ғылым сөзі. Ілім қасиетті кітапта 750 рет кездеседі. Бұл кездейсоқтық болмаса керек! Әрине, бірінші орында Алла сөзі - 2800 рет, екінші - Рабб (Құдай, 950 рет) ұғымы.
Ислам дінінің өзі де білімге негізделеді, оның бірінші тірегі Иман болса, ол да біліп істеумен, саналы іс-әрекетпен білдіріледі. «Аллаға, оның барлығы мен бірлігіне жүрегіңмен күмансыз сен» дейді, яғни, ақылың мен ой-санаң осыған шексіз сеніп, берілуі тиіс. Кәлимаға келіп, сөз байлауың оны тиянақтайды. Ішкі жан дүниең қалаған нәрсені шын ықыласыңмен жүзеге асыру, сеніміңе сай әрекет ету—әр мұсылманның басты парыздарының бірі.
Исламдағы білімнің құдіреті туралы жазылған еңбектер көп. Дегенмен, осы тақырыпты тағы бір қозғаудың реті бар және ол біздің, түркі бабаларымыздың тарихына қатысты. Әңгіме, медресеге қатысты өрбімек.
Тарихшылар «алғашқы медресе Мауараннахр мен Хорасанда Х ғасырда пайда болды» деген дерек айтады. Осы пікір қалыптасып кеткен және дау тудырмайды. Дегенмен, оның себеп-салдары мен қажеттігі қайдан пайда болды?-деген сұрақтардың жауабы табылмайды. Өйткені, бұрыннан қалыптасқан қасаң көзқарас оған мойын бұрғызбайды. Көшпенділерде өркениет белгілері болуы мүмкін емес деп оқытты емес пе? Тәуелсіздік жылдары жаңа сана қалыптасып, кейбір ғалымдарымыз бұрынғы тұжырымдардың қателігін әшкерелеп, тарихи деректерді сараптаудың әдістемесін қайта қарап, жаңа көзқарас білдіре бастады. Ақиқат жолындағы ізденіске сеп бола ма деген үмітпен осы жолдарды жазып отырмын.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Мұсылмандық мектептер мен медреселер

Құранда жиі қайталанатын ұғымдардың бірі — Ілім, яғни білім, ғылым сөзі.
Ілім қасиетті кітапта 750 рет кездеседі. Бұл кездейсоқтық болмаса керек!
Әрине, бірінші орында Алла сөзі - 2800 рет, екінші - Рабб (Құдай, 950 рет)
ұғымы.

Ислам дінінің өзі де білімге негізделеді, оның бірінші тірегі Иман болса,
ол да біліп істеумен, саналы іс-әрекетпен білдіріледі. Аллаға, оның
барлығы мен бірлігіне жүрегіңмен күмансыз сен дейді, яғни, ақылың мен ой-
санаң осыған шексіз сеніп, берілуі тиіс. Кәлимаға келіп, сөз байлауың оны
тиянақтайды. Ішкі жан дүниең қалаған нәрсені шын ықыласыңмен жүзеге асыру,
сеніміңе сай әрекет ету—әр мұсылманның басты парыздарының бірі.

Исламдағы білімнің құдіреті туралы жазылған еңбектер көп. Дегенмен, осы
тақырыпты тағы бір қозғаудың реті бар және ол біздің, түркі бабаларымыздың
тарихына қатысты. Әңгіме, медресеге қатысты өрбімек.

Тарихшылар алғашқы медресе Мауараннахр мен Хорасанда Х ғасырда пайда
болды деген дерек айтады. Осы пікір қалыптасып кеткен және дау тудырмайды.
Дегенмен, оның себеп-салдары мен қажеттігі қайдан пайда болды?-деген
сұрақтардың жауабы табылмайды. Өйткені, бұрыннан қалыптасқан қасаң көзқарас
оған мойын бұрғызбайды. Көшпенділерде өркениет белгілері болуы мүмкін емес
деп оқытты емес пе? Тәуелсіздік жылдары жаңа сана қалыптасып, кейбір
ғалымдарымыз бұрынғы тұжырымдардың қателігін әшкерелеп, тарихи деректерді
сараптаудың әдістемесін қайта қарап, жаңа көзқарас білдіре бастады. Ақиқат
жолындағы ізденіске сеп бола ма деген үмітпен осы жолдарды жазып отырмын.

Мұсылман әскері Амударияны алғаш 671 жылы кешіп өтті. Аумалы-төкпелі заман
болды, сөйтіп ХІІІ ғасырдың басында Самарқан мен Бұқарада Халифат билігі
орнады. Аз уақытта бұл аймақ Исламның орталықтарының біріне айналды. Оның
бір қиыры көне Шаш пен Испиджабты (Сайрам) да қамтыды. Бір уақыттарда жаңа
толқын қазіргі Тараз қаласына да жетті.

Жазба деректерге сүйенетін болсақ, алғашқы медресеге қатысты белгілі
шығыстанушы ғалым В. Бартольд Нершахидың жазбаларына сүйене отырып,
Бұқарадағы алапат өртте медресенің де жанғандығынан ғылыми тұжырымдар
жасайды. Оның күндері де белгілі, 15 мамыр мен 13 маусымды қамтиды. Осы 937
жылғы өртте от шалған Фарджек медресесі әзірге тарихтан белгілі, күмән
тудырмайтын алғашқы мұсылмандық арнайы оқу орны. 998-1030 жылдары билік
құрған тегі түркі Махмуд сұлтан Газна қаласында медресе салдырғаны белгілі.

Тарихшы ғалым Н. Нұртазина шығыстан шыққан ұлы ғалым Әбу Насыр Мұхаммед ибн
Тархан ибн Ұзлағ әл-Фараби медреседен оқып, білім алған деген батыл тұжырым
жасайды. Нақты жазба дерегі болмаса да, индуктивті зерттеу тәсілімен
алынған, логикалық тұрғыдан қисынды пікір деп білемін. Бабамыз 16 жасында
Отырардан аттанып, білім іздеп, ұзақ сапарға шығады. Бұл 885-886 жылдар
шамасы, Фарджек медресесіндегі өртке дейін қырық жылдан аса уақыт бар.
Фараб пен Бұқараның арасы сол кездегі өлшеммен үш күншілік жер. Дегенмен,
сол кездері Мауараннахрда арнайы мұсылмандық білім беру жүйесі қалыптаса
бастады деген ғылыми тұжырыммен келісуге болады. Әбу Насыр әл-Фарабиден
кейін де ондаған ірі ғалымдардың шығуы осындай мектептің болғандығын
дәлелдей түседі. Ғылымның жалпыдан (дедукция) және жалқыдан (индукция)
тәсілдеріне салатын болсақ, осы аймақта білім жүйесі болғандығы анық,
білімге деген айрықша құштарлық сезіледі және содан туындайтын білім
мектебі, ұстаз бен шәкірт қарым-қатынасы қалыптасқан. Міне, осының бәрі
жинақтала келе, біліми ортаны дүниеге әкелді, қарапайым халық арасынан ірі
ғалымдар өсіп шықты. Бұл тұжырымымызды Отырарда ортағасырлық аса ірі
кітапхананың болғандығы туралы саяхатшылардың қалдырған деректері дәлелдей
түседі. Мәселеге келесі бір қырынан келейік. Психолингвистикалық тұрғыдан
алатын болсақ та, еш дайындығы жоқ, сауаты кем жалаңаяқ бала қанша талантты
болса да, білім іздеп Бұқараға бармайды, одан асып Бағдатқа кетпейді.
Сөйтіп, әлемдік өркениетті өзгерткен, атағы жер жарған ғалым болып
қалыптаспайды. Бір ғалым ғана болса кездейсоқтық дер едік, Отырар
төңірегінен үлкен ғалымдар шоғыры өсіп шығып отыр ғой! Профессор Әбсаттар
қажы Дербісалы осы аймақтан шыққан 50-ден асатын ғалымның есімін атап жүр.

Осының бәрін жинақтай келе, ғалым Н. Нұртазинаның қазіргі қазақ топырағында
орта ғасырларда-ақ білім жүйесі болды, ғылыми мектеп қалыптасты деген
пікірін қуаттаймын. Ол медресе болуы да мүмкін, немесе мектеп шығар. Жалпы,
мұсылмандық білім ошақтары, әрине, шығыс Азиядан бастау алады. Мединеде 653
жылы мешіт жанынан алғашқы мектеп жұмыс істей бастады. Дамашықтағы мектеп
744 жылдан бастау алады. ІХ ғасырда барлық мешіттердің қасынан бастауыш
мектептер ашылып, балалар бес жасынан білім ала бастады. Фес қаласындағы
жұма мешіт өсе келе, университетке айналды. 970-972 жылдары фатимидтік
халиф әл-Муиззе (953-975 жж.) әмірімен Қайырда атақты әл-Азхар мешіті мен
медресесі бой көтерді, ол қазіргі таңда әлемдегі озық университеттердің
бірінен саналады.

Мұсылмандар жаппай сауаттылыққа ден қойды. Оның бір қайнары Құраннан бастау
алады. Алланың сегіз сипатының екеуі ғылым-дейді дана Абай. Мұхаммед
пайғамбардың сөзі деген Хадистардың бірі Ғылымды Қытай тәрізді қашықта
болса да іздеп тап деп келеді. Мұхаммед пайғамбарға қатысты мынадай да
нақты дерек бар: Бадра шайқасынан кейін тұтқындарға қатысты пәтуа айтады:
егер қаржы төлей алмаса, мединелік он баланы оқытып, сауатын ашқандар
тұтқыннан босатылып, еркіндікке қол жеткізеді. Осы даналық жемісін береді,
Ислам өркениеті осындай қайнарлардан бастау алады.

Ал, медреселердің атағының шығуы және өркендеуі Низам әл-Мүлік (–1092 ж.)
есімімен байланысты. Оның толық есімі Әбу Әлі әл-Хасан ат-Туси. Иранның Тус
қаласында дүниеге келген, парсы болуы тиіс. Дегенмен, ол атабегтерден еді
деген де дерек айтылып қалады. Әдетте атабег деп халифатқа қызмет ететін
түрік әскерилері аталады. Әңгіме тегінде де емес, оның сіңірген еңбегінде.
Ол 30 жыл бойы бас уәзір қызметін атқара жүріп, Ислам мемлекеттігін құруда,
оның басқару құрылымын, әскери қуатын, салық жүйесін жетілдіруде қыруар
жұмыс атқарды. Оның ықпалымен Исламға дейінгі парсылық билік жүйесі
жаңғырды, үлкен реформалар жүзеге асты. Низам әл-Мүлік өз көзқарастарын
Сайасатнаме атты кітабында жазып қалдырды, ол 1949 жылы орыс тіліне
аударылып, жарық көрді.

Исламдағы ішкі теологиялық тартыс Низам әл-Мүлікті жаңа үлгідегі оқу
орындарын—медреселерді қолдауға итермеледі. Нишапурда, Иранның басқа да
қалаларында сунниттік Әбу Ханифа мәзхабының медреселері көптеп салына
бастады. Одан басқа мәзхабтар да қалмауға тырысты. Тарихтан екі мәзхаб
талабалары арасында сөз дауы қақтығысқа ұласып, қан төгілгені туралы да
деректер сақталған. Низам әл-Мүлік 60 мың динар өз қаражатын жұмсап,
Бағдатта үлкен медресе салдырды, ол кейіннен ән-Низамийа атымен мәшһүр
болды, оған теңдесетін медресе болмады. Халиф Мустансир 1234 ж. өз білім
ошағын салдырды, медреселердің мәртебесі өсе берді. Төрт мәзхабты бірдей
оқытатын медреселер қалыптасты. Көп мешіттердегі төрт мұнара, дүниенің төрт
қиырын ғана емес, осы төрт мәзхабтын бірлігін, теңдігін де білдіреді.

Жалпы, медресе ұғымы арабтың дараса, мадраса сөздерінен шығады және
іздеу, зерттеу (изучать) деген мағынаны береді. Кейбір орыс зерттеушілері
медресе будда дінінен тамыр алады, олардың шіркеуі вихардан үлгі алған
деген сәуегейлік айтады. Енді бір іштарлар ол эллин үлгісінен туындаған деп
ескі әуенінен таймайды. Ол мешіт жанындағы жолаушылардың жатар орны ханнан
өсіп шықты деген де пікір бар. Мәдениеттегі ықпалдастық, сабақтастық
дегенді жоққа шығармаймын. Тек еш нәрсе қатып қалмағандығын, дүниенің
өзгермелі екендігін ескерсе екен деймін. Сол ойымды дәлелдеуге тырысамын.

Медресе ешнәрсенің көшірмесі емес, ол Ислам дамуындағы қажеттіліктің, яғни
тарихи сабақтастықтың жемісі. Тарихи деректерден, Исламның дамуындағы
алғашқы жылдардағы ішкі тартыс, билік таласы, теологиялық көзқарастардың
саналуандығы билік пен оған қарсы күштерді дүниеге әкелді. Кей уақиғаларда
қан да төгілді. Екі жақ та осал емес еді. Дегенмен, оппозиция орталықтан
ығысып, Хорасанды келіп паналады, осында жергілікті парсылармен және
көршілес түркілермен одақтасуға мәжбүр болды. VІІІ ғасырдың екінші
жартысында сол күштердің ең ықпалдылары Амудариядан асып, тіпті Сырдан да
асып келіп, бүгінгі қазақ топырағына табан тіреді. Осы деректер тарихшы
ғалымдар З. Жандарбек, Н. Нұртазина, Ә. Муминов еңбектерінде жаңа әдістеме
тұрғысынан жазылған. Міне, Мауараннахрдағы өрлеудің бір қайнары осы
күштерде жатыр. Қазақ шежіресіндегі қожалардың тарихы, осы қоғамдағы орны
да сол кезеңнен сабақтастық табады.

Медреселердің тез өркендеуіне діни көзқарастарды дәлелдеуге, соны кең
таратуға деген ұмтылыс қана емес, Исламның құқықтық тәртібі де оң ықпал
етті. Мұндағы ең бастыларының бірі уақып тәртібі, қайырымдылық мақсатпен
Аллаһ жолына бағышталған мүлік, яғни, мешіт, медресе сияқты құрылымдар
қазіргі тілмен айтқанда, қоғамдық сипатқа ие болды, оның мүлкін иемденуге,
тәркілеуге, басқа да мәжбүрлеуге болмайтын еді, яғни құқықтық дербестігі
шариғат заңы бойынша қорғалды.

Екінші бір маңызды мәселе, ол—медреселердің қаржыландырылуы, қаражат көзі.
Ислам дінінің ізгі қағидаларының бірі—әр бақуатты адам өз дәулетінен зекет,
садақа беруге міндетті; асыл парыз; әрі сауапты іс; моральді де
артықшылықтары бар: қайырымды адамдарға кешірім мол, білмей істеген
күналары осы жолмен жойылуы мүмкін. Исламның осы даналығы арқасында
мыңдаған мешіт, медресе, кітапхана, ауруханалар дүниеге келіп, өркендеді,
білім нұрын шашты, өркениетті дамытты. Бұл үрдіс күні бүгінге дейін заңды
жалғасын тауып келеді.

Медреселер дамуының үшінші шарты, онда оқитындарға тең құқық берілді, ешкім
алаланған жоқ, сен кедей, сен бай отбасынансың деп бөлінген жоқ. Білімге
құштар кез-келген талапкер медресе есігін ашты, оның барлық сатысына
көтерілді. Бүгінгі толеранттық деген ұғым сол кезде-ақ қалыптасқан еді,
мысалы, мұсылмандық Испаниядағы медреселер мен мектептерде христиан мен
еврейлер де қатар білім алды.

Келесі бір шарт, ол—ұстаз мәртебесі. Орта ғасырлық мұсылман елдерінде
білімді адам, ғалымның дәрежесі өте жоғары саналды. Ол жеке алдына бір
тақырып. Бір ғана мысал, Халифтің жеке дәрігері, медреседе қатар сабақ
берді.

Медреселерде оқу шәкірт үшін тегін болатын. Керісінше, оларға кітап, киім
тегін берілді, кейіннен шәкіртақы төленетін болды, жатақханаларда тұратын,
бір мезгіл тамақтанатын жағдайлар жасалды.

Испан жиһангері Ибн Джубайра ортағасырлық Қайырдағы Салахийа медресесі
(іргетасы 1180 ж. қаланған) қала сыртындағы қала еді-деп жазады. Яғни,
медресе сан мың оқытушылар мен тәлімгерлердің басын қосатын тұтас бір
қоғам, экономикалық құрылым дәрежесіне көтеріледі. Осы үлгіде мұсылмандық
ауруханалар Харун ар-Рашид (786—809 ж.ж.) билігі тұсында пайда болды. Жүз
жылда оның саны бесеуге жетті, кейін жылжымалы аурухана іске қосылды.
Ауруханалар жүйесінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның білім беру жүйесі туралы
Мұсылман медреселерінің оқу жүйесінің мәні
Мұсылман ағартушылығының мәнін ашу және хіх ғасырдағы Қазақстандағы мұсылман ағартушылығының даму жағдайы мен барысы
Қазақстандағы бастауыш мектептердің қалыптасуы мен дамуы (1861-1930 ж.ж. материалдар негізінде)
Әзиз хан медресесі
Қазақстандағы бастауыш мектептің әдіснамалық және тарихи-педагогикалық сипаттамалар беру
Зәки Уәлиди Тоған
XVIII ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басындағы Сыр өңірі ишандары мен пірлері және олардың ағартушылық қызметі
Білім беру көпаспектілі феномен ретінде. Оқыту психологиясының негіздері
Патшалық ресейдің оңтүстік Қазақстандағы орыстандыру саясаты, орыстандыру саясатына қарсы наразылықтың өрістеуі
Пәндер