Қазақстан және Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы



1 Қазақстан және ЕҚЫҰ
2 Қазақстанның ЕҚЫҰ.мен қарым.қатынастары
3 ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР
4 Қазақстанның төрағалығы туралы шешім
5 Келіссөздердің барысында заң шығарушылық реформасы саласындағы ынтымақтастық
Тарих сахнасына қадам басқан 2010 жылдың алғашқы парақтары ашылды. Еліміз үшін бұл жылдың жауапкершілік салмағы зор болғалы тұр. Ең алдымен, Қазақстан бұл жылы халықаралық беделді ұйым – Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) төрағалық ету қызметін бастады. Өткен жылғы желтоқсанның 1-2-сі күндері Афиныда өткен ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлерінің 17-ші отырысында осы ұйымға төрағалық етіп келген грек тарапы Қазақстанға ЕҚЫҰ төрағалығын ресми түрде
тапсырды.
ЕҚЫҰ-ға төрағалық ТМД елдерінен және мұсылман жұртының арасынан алғаш рет бізге сеніп тапсырылып отыр. Мұның өзі – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы, сарабдал басшылығымен тәуелсіздігіміздің 18 жылында еліміздің халықаралық аренада беделі арта түскендігінің, еліміздегі тұрақтылық пен өркендеудің зор айғағы.
Енді Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының тарихына аз-кем шолу жасап өтейік. Бүгінде құрамына 56 мемлекет еніп отырған осы халықаралық ұйым Солтүстік Американың, Еуропаның, Оңтүстік Кавказ бен Орталық Азияның көптеген мемлекеттерінің басын қосқан ірі өңірлік құрылым болып табылады. Оның жауапкершілік аймағы үш құрлықтың ауқымды аймағын қамтып, Ванкувер мен Владивостокқа дейінгі кеңістіктің аралығында созылып жатыр.

Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан және ЕҚЫҰ
Тарих сахнасына қадам басқан 2010 жылдың алғашқы парақтары ашылды. Еліміз
үшін бұл жылдың жауапкершілік салмағы зор болғалы тұр. Ең алдымен,
Қазақстан бұл жылы халықаралық беделді ұйым – Еуропадағы қауіпсіздік пен
ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) төрағалық ету қызметін бастады. Өткен жылғы
желтоқсанның 1-2-сі күндері Афиныда өткен ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлерінің
17-ші отырысында осы ұйымға төрағалық етіп келген грек тарапы Қазақстанға
ЕҚЫҰ төрағалығын ресми түрде
тапсырды.
ЕҚЫҰ-ға төрағалық ТМД елдерінен және мұсылман жұртының арасынан алғаш рет
бізге сеніп тапсырылып отыр. Мұның өзі – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың
салиқалы, сарабдал басшылығымен тәуелсіздігіміздің 18 жылында еліміздің
халықаралық аренада беделі арта түскендігінің, еліміздегі тұрақтылық пен
өркендеудің зор айғағы.
Енді Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының тарихына аз-кем шолу
жасап өтейік. Бүгінде құрамына 56 мемлекет еніп отырған осы халықаралық
ұйым Солтүстік Американың, Еуропаның, Оңтүстік Кавказ бен Орталық Азияның
көптеген мемлекеттерінің басын қосқан ірі өңірлік құрылым болып табылады.
Оның жауапкершілік аймағы үш құрлықтың ауқымды аймағын қамтып, Ванкувер мен
Владивостокқа дейінгі кеңістіктің аралығында созылып жатыр.
Аталмыш ұйым тарихының бастауы 1970 жылдардың бас кезінен, яғни, НАТО мен
социализм елдерінің арасындағы диалог үдерісін жеделдеткен 1968 жылғы
Чехословакиядағы оқиғалардан кейін басталды. 1970 жылдардың бірінші
жартысында өткізілген бейтарап Хельсинки мен Женевадағы көптеген
келіссөздерде ынтымақтастық ахуалы біртіндеп идеологиялық күресті ығыстыра
түсуіне ықпал етті. 1975 жылы Шығыс пен Батыстың арасындағы диалогты жолға
қою мақсатымен Еуропадағы Қауіпсіздік пен ынтымақтастық кеңесі деп аталатын
көптарапты форум шақырылды. Онда қабылданған Хельсинки қорытынды актісі
(яғни, Хельсинки диалогы) мемлекеттердің арасындағы қатынастардың
принциптерін айқындап берді, сондай-ақ, бірқатар салаларда ынтымақтастықты
дамытудың нақты қадамдарын белгіледі. 1964 жылғы Будапешт саммитінде Кеңес
Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) деп аталатын жаңа
мәртебесіне ие болды. ЕҚЫҰ бүгінде еуроатланттық және еуразиялық
қауіпсіздік архитектурасының маңызды бөлігі болып табылады.
Қазақстан ЕҚЫҰ-ға 1992 жылдан бері тұрақты мүше болып келеді. Әлемдік
державалар мен беделді халықаралық ұйымдардың, оның ішінде ЕҚЫҰ-ның
Қазақстанның саяси және экономикалық дамуына кезінде зор қолдау көрсеткенін
айтпай кетуге болмайды. 1992 жылдардағы еліміздегі жағдайдың қандай болғаны
белгілі. Кеңестік жүйе құлағаннан кейін өз алдына түтін түтетіп, дербес
шаңырақ құрған бұрынғы кеңестік республикалар өз проблемаларымен бетпе-бет
жеке қалды. Бұрынғы экономикалық байланыстар үзілді, соның ішінде Одақ
тұсында шикізаттық база болып келген, индустриясы орталыққа бағынған
Қазақстан бәрін де тың жерден басынан бастауға тиіс болды. Кейбір
сәуегейлер Қазақстанның өз алдына өмір сүруіне күмәнмен қарады. Осындай
жағдайда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың көрегендік саясатының арқасында
нарықтық экономиканың негіздері қаланып, әуелі экономика, содан кейін –
саясат ұстанымымен көшімізді түзей бастадық, мемлекеттіктің негізгі
атрибуттары жасалды, елімізде ішкі тұрақтылықты сақтау арқылы саяси жүйе
дамуының демократиялық векторы орнықты, БҰҰ-ға мүше болдық. Сол тұста
әртүрлі ұлтаралық кикілжіңдерге бой алдырған кейбір жас мемлекеттердің
талай қиыншылықтарға ұшырағаны тарихтан белгілі. Қазақстан сол кездің
өзінде әлемдегі төртінші ядролық әлеуетінен бас тартып, Семейдегі полигонын
жауып, АҚШ, Ресей, Қытай сияқты іргелі елдердің қолдауына ие болып,
жасампаздық істерге білек сыбана кірісті және өзінің бейбітшіл саясатымен,
ішкі тұрақтылығымен тікелей шетелдік инвестициялар ағынын өзіне қарай бұра
білді.
Қазақстанның ЕҚЫҰ-мен қарым-қатынастарын бірнеше кезеңге бөліп қарастыруға
болады. Алғашқысы – 1994-1997 жылдар, бұл – ықпалдасу іргетасының қаланған
кезеңі. Мұндағы елеулі оқиға 1995 жылы Вена қаласында Қазақстанның тұрақты
өкілдігінің ашылуы болды.
1998 жылғы 2-3 желтоқсанда ЕҚЫҰ мен Қазақстан Республикасы Үкіметі арасында
өзара түсіністік туралы, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен ЕҚЫҰБДИПЧ
арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. 1999 жылғы
қаңтарда Алматыда ЕҚЫҰ-ның орталығы ашылды. Ал 2008 жылғы маусым айынан
бастап Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығын А.Кельчевски (Франция) басқарады.
ЕҚЫҰ-ға мүше болған жылдар ішінде Қазақстан осы құрылыммен оның барлық
қызметінің саласы бо-йынша өзара қарым-қатынастарын жоғары деңгейге
жеткізді. БАҚ бостандығы мәселелері жөніндегі Өкілінің кеңсесі, ұлттық
азшылық істері жөніндегі Жоғарғы Комиссар кеңсесі және Демократиялық
институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюро тәрізді Ұйым институттарымен
сындарлы байланыс-тар орнаған.
ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету туралы ниетін Қазақстан 2003 жылы білдірген болатын.
Осы ниетке Елбасының 2005 жылғы “Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және
саяси жедел жаңғыру жолында” атты халыққа Жолдауында арнайы екпін берілді.
Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне 2005 жылы Қазан қаласында ТМД
басшыларының саммитінде қолдау көрсетілді, Ұйымның көптеген елдерімен қарым-
қатынастар барысында осы идеяны ілгерілету жөнінде көптеген шаралар дәйекті
жүргізілді.
Қазақстан осынау халықаралық ұйымға төрағалық ету ниетін білдіре отырып,
оған әзірлік барысында көптеген саяси шешімдерді қабылдады, өзінің
әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында көптеген белестерден өтті. Бір
кездері халық-,аралық ұйымдардың белсенді қолдауына ие болған еліміз оны
маңызды істермен айшықтап, өзі де әлемдік ауқымда өнеге көрсететін жағымды
бастамаларымен байыта түсті. Ең алдымен ЕҚЫҰ ұсыныстарына сәйкес елде кең
ауқымды саяси реформалар жүзеге асырылды. Оның ішінде 2007 жылы жүргізілген
Конституциялық реформалардың маңызы үлкен. Соның нәтижесінде елімізде саяси
партиялар туралы, сайлау туралы, бұқаралық ақпарат құралдары туралы
заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, Парламенттің және
жергілікті мәслихаттардың рөлі анағұрлым арттырылды, Қазақстан президенттік
республикадан президенттік-парламенттік республикаға айналды, халық пен
билік арасындағы көпір тәрізді үкіметтік емес ұйымдардың рөліне маңыз
берілді. Қазақстандағы тұрақтылық пен дамудың маңызды институттарының бірі
– Қазақстан халқы Ассамблеясының мәртебесі ұлғайып, оның 9 өкілі ҚР
Парламенті Мәжілісінен орын алды. Қазақстандағы ұлтаралық келісім мен
татулықтың бірегей тәжірибесі әлем елдеріне үлгі-өнеге ретінде таратыла
бастады. Жақында 2009-2012 жылдарға арналған Адам құқықтары саласындағы
Ұлттық іс-қимыл жоспары және 2010-2020 жылдарға арналған Құқықтық саясат
тұжырымдамасы қабылданды, соның нәтижесінде қазақстандық заңнамалар
халықаралық стандарттарға едәуір жақындай түсті. Таяудағы уақыттарда біз
әйелдер мен ерлердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктері, тұрмыстық
зомбылыққа қарсы тұру туралы заңдар қабылдап, сондай-ақ балалардың
құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңнамаға түзету
енгізбекпіз. Қазақстанның демократияландыру саласындағы одан әрі қадамдары
толық көлемінде ЕҚЫҰ төрағалығы ауқымындағы мақсаттары мен міндеттеріне
сәйкес келетін болуы тиіс деген мақсатта өзімізге міндеттер қойып отырмыз.

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ЕУРОПАДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫ

АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
(ЕҚЫҰ)
2010 жылы Қазақстан ЕҚЫҰ төрағасы болады
Жалпы мағлұматтар
1992 ж. қаңтар - Қазақстан Республикасы ЕҚЫҰ-ның мүшесі болып қабылданды.
1995 ж. - Вена қаласында ҚР ЕҚЫҰ жанындағы өзінің тұрақты өкілдігін ашты.
1999 ж. қаңтар - Алматыдағы ЕҚЫҰ Орталығы ашылды.
2004 ж. 3 сәуір - Алматы қаласындағы ЕҚЫҰ орталығының басшысы И.Викки
(Норвегия) Қазақстандағы жұмысын бастады.
2007 ж. 21 маусым айынан бастап ҚР ЕҚЫҰ-дағы Тұрақты кеңесінің шешіміне
сәйкес Орталық ЕҚЫҰ Орталығы болып атауы өзгерді.
2008 ж. маусым айынан бастап - Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығын А.Кельчевски
(Франция) басқарады.
Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-ға мүше болып қабылдануы, Қазақстанның 1975
жылғы Хельсинк қорытынды актісіне негізделген жалпыеуропалық үрдерістерге
еркін қатысуға, тәжірбие алмасуға деген ұмтылысын көрсетеді.
Қазақстан ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастық барысында үлкен жетістіктерге қол
жеткізді. Атап айтқанда, ЕҚЫҰ Орталық Азиядағы экономикалық жағдайға
қатысты, аймақтақтың нарықтық экономикаға өтуіне қатысты, экономикалық
реформалар жүргізу, адам құқықтарын қорғау, аймақтық қауіпсіздік
салаларында бірқатар семинарлар өткізді.
ЕҚЫҰ-мен Қазақстан Республикасы Үкіметі арасында өзара түсіністік және
Алматыдағы ЕҚЫҰ Орталығын ашу жөнінде, Демократиялық институттар және адам
құқықтары жөніндегі бюросымен өзара түсіністік меморандумдары қабылданды.
Өзара түсіністік меморандумына негізделіп, демократиялық институттар және
адам құқықтары жөніндегі бюросы Қазақстанда сайлау заңнамасын, соттық
жүйені реформалау сияқты жұмыстарды атқаруда.
2003 жылдың ақпан айында қосымша хаттамаға қол қойылды.
Қазіргі уақытта Қазақстан ЕҚЫҰ Төралығына өтінімді ілгерілету барысында
жоспарланған жұмысты атқарып жатыр.
Маңызды іс-сапарлар мерзімдік реті
2007 жылы:
22-23 қантар - Қазақ делегациясы құрамындағы ЕҚЫҰ жанындағы ҚР тұрақты
өкілдігі, ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігі және қазақстандық
экологиялық үкіметтік емес ұйымның өкілдері Венадағы ЕҚЫҰ-ның ЕҚЫҰ
аймақтарындағы қоршаған ортаның қауіпсіздігін және тұрақты дамуды
қамтамасыз етудің бас мәселелер: жер тозуы, топырақ ластануы және су
ресурстарын басқару Экономикалық және экологиялық форумына қатысты.
22-23 ақпан – қазақстандық прламенттік делегация Сенаттың Төрағасы
Қ.Тоқаевтің басшылығымен Венадағы ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының қыс
мәжілісіне қатысты.
ЕҚЫҰ ПА Тұрақты комитетінің мәжілісінде Қ.Тоқаев сөз алып, ЕҚЫҰ-ның қызмет
атқаратынындағы үдеріске ҚР-дың өз үлесін қосуға әзірлігін білдірді. ПА
және ұлттық парламенттік делегациялардың басшылары кезекті ЕҚЫҰ ПА 17-ші
мәжілісін 2008 жылы Қазақстанда өткізу жөніндегі Қазақстанның ұсынысын бір
дауысымен қолдап, сондай-ақ бұл шешім парламентаралық сұхбатты мен
ынтымақтастықты дамытуға және ЕҚЫҰ-ның бас мақсаттарын жетіп жатқанға Орта
Азияны жан-жақты қатыстыруға қол береді деп сызып кетті.
10-11 сәуір – ЕҚЫҰ-ның Қазіргі Төрағасы, Испания Корольдігінің сыртқы істер
және ынтымақтастық министрі Мигель Анхель Моратинос Қазақстанға сапар
жасады. Сапар аясында ол ҚР Президенті Н.Назарбаевпен, ҚР сенаты мен
Мәжілісі төрағалары Қ. Тоқаев және У.Ахмеджановпен, Премьер-министрі
К.Мәсимовпен, Сыртқы істер министрі М.Тәжинмен және Қорғаныс министрі
Д.Ахметовпен кездесті. Келіссөздер барысында ҚР және ЕҚЫҰ мен Испания
арасындағы ынтымақтастық, ҚР-дың ЕҚЫҰ төрағалығына өтінімі және
мемлекеттегі және жалпы Орта Азиядағы қоғамдық пен саяси ахуал жөніндегі
мәселелер талқыланды.
16-18 мамыр – Қазақстан делегациясы құрамындағы Орталық сайлау комиссиясы,
Мәдениет және ақпарат министрлігі, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық
орталығы, Әділет министрлігі, СІМ және Польшадағы ҚР елшілігінің өкілдері
Варшавада жыл сайын өтетін ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам
құқықтары жөніндегі Кеңсесінің (ДИАҚКЕҚЫҰ) кезекті Демократиялық
қоғамдастықтағы тиімді қатысу және өкілдік атты семинарына қатысты.
Қазақ делегациясының ресми өкілдері үш жұмыс мәжілісі аясында азамат
қоғамын және демократиялық институттарды дамыту, заң үстемдігін, сөз және
БАҚ еркіндігін, ұлттық азшылықтардың құқықтарын және әйелдер үшін теңдікті
қамтамасыз ету мәселелеріне сөз аударды.
Атап айтқанда, бірінші мәжіліс барысында Қазақ делегациясының басшысы – ҚР
ОСК мүшесі – форумның қатысушыларын ҚР Президенті Н.Назарбаев ҚР Парламенті
Палаталарының бірлескен мәжілісінде дыбыстарған ҚР Ата Заңына енгізілетін
өзгерістермен таныстырды.
Семинар барысында ҚР делегациясы ДИАҚКЕҚЫҰ-ның Директор К.Штрохаль бас
болып басшылығымен бейресми сұхбатты жүргізді.
23 мамыр – Қазақ делегациясы құрамындағы Қоршаған ортаны қорғау министрінің
орынбасары Ә.Бірәлиев, Жер ресурстарын басқару агенттігінің төрағасы
Б.Оспанов, сондай-ақ Чех Республикасындағы ҚР елшілігінің дипломаттары
Прагадағы ЕҚЫҰ аймақтарындағы қоршаған ортаның қауіпсіздігін және тұрақты
дамуды қамтамасыз етудің бас мәселелер: жер тозуы, топырақ ластануы және су
ресурстарын басқару атты ЕҚЫҰ-ның XV Экономикалық және экологиялық
форумына қатысты.
Форум жұмысы барысында Қазақ делегациясы Еуропалық және Азиялық тұрақты
даму үрдістерін бірыңғай Еуразиялық үрдіске қосу жөніндегі бастаманы,
сондай-ақ 2012 жылғы Үшінші Әлемдік тұрақты даму басқосуды Қазақстанда
өткізуді ұсынды.
22 маусым – ҚР Президенті жанындағы адам құқығы жөніндегі Комиссияның
Төрағасы С.Тұрсыновтың, ОСК және Омбудсман офисі мүшелерінің Варшавадағы
ЕҚЫҰДИАҚБ штаб-пәтеріне іссапармен барды.
25-27 маусым – ЕҚЫҰ Тұрақты Кеңесінің отырысында Мәдениет және ақпарат
министрі Е.Ертісбаев сөз сөйлеп, БАҚ бойынша заңнаманы жетілдіру мен
ақпараттық қамсыздандыру саласындағы жаңартулар жөнінде баяндады. Сонымен
қатар Е.Ертісбаев ЕҚЫҰ Бас хатшысы М.П. де Бришанбомен, БАҚ еркіндігі
жөніндегі ЕҚЫҰ өкілі М.Хараштимен және ЕҚЫҰ жанындағы делегация
басшыларымен кездесті.
10-12 қыркүйек – ЕҚЫҰ жанындағы Бельгия Елшісінің (Б.де Кромбрюгге),
Словакия Елшісінің (П.Лизак) и Швеция Елшісінің (В.Бард Брингус) Астана
және Алматы қалаларына іссапары болды. ҚР Парламенті Сенатында, Президент
Әкімшілігінде, СІМ және ОСК-да кездесулер өтті.
5-6 қараша – ЕҚЫҰДИАҚБ Директоры Астанаға іссапар жасап, Президент
Әкімшілігінде, Адам құқығы жөніндегі комиссиясында, Жоғарғы Сотта, СІМ-де
және ОСК-да кездесулер өткізілді. Кездесудің мақсаты 2007 жылғы 30 қазанда
басылып шыққан 2007 жылғы 18 тамызда өткен Парламенттік сайлауға бақылау
жасау жөніндегі ДИАҚБ миссиясының қорытынды есебін таныстыру, сондай-ақ
тиісті есепте көрсетілген ұсыныстар негізінде одан әрі өзара ықпалдастықтың
жолдарын (follow-up) талқылау болды.
29-30 қараша – ҚР Сыртқы істер министрі М.Тәжиннің басшылығымен
қазақстандық делегация Мадрид қаласында өткен ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлері
кеңесінің 15-ші мәжілісінің жұмысына қатысты. Күн тәртібінің басты
мәселелерінің бірі Ұйымға төрағалық ету туралы Қазақстанның өтінімі жөнінде
ортақ келісімге келу болды.
Келіссөздер нәтижесінде 2010 жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалық етуі
туралы келісімге қол жеткізілді. СІМК тиісті шешімі мәтінінен оны орындауды
кейінге қалдырудың айқын немесе жасырын механизмдері, қандайда бір талаптар
алынып тасталды.
Көбіне төрағалық туралы шешім Қазақстанның демократиялық қоғам құрудағы
және нарықтық экономиканы ырықтандырудағы айқын жетістігін мойындау болып
табылады. ЕҚЫҰ қатысу-елдерінің консенсусы саяси тұрақтылық пен сыртқы
саяси бағыттың айқындылығын қамтамасыз еткен еліміздің сыртқы және ішкі
саясатын мойындауға негізделген.
Бірнеше себептерге байланысты бұл тарихи және теңдессіз шешім.
Осылайша, ЕҚЫҰ-ның тарихында бұл ұйымға мұсылман халқы басым түркі азиялық
ел басшылық жасайды. Әдетте ЕҚЫҰ төрағалары қатарында Еуроодаққа мүше не
үміткер атанған Батыс Еуропа мемлекеттері басым болған. Мұндай жоғарғы
дәрежелі орынға бұрын ТМД елдерінің ешқайсысы үмікер де бола алмады.
Қазақстанның төрағалығы туралы шешім Ұйымға қатысушы барлық
елдің шынайы тең құқылы екенін дәлелдеді.
Жалпы алғанда өңірлік беделді форумдардың бірінің төрағасы статусы
Қазақстанды жаңа әлемдік жүйеде жаңа деңгейге көтеретіні сөзсіз. Орта және
ұзақ мерзімді перспективада бұл басқа да халықаралық құрылымдардың
шеңберінде, ең алдымен БҰҰ, сондай-ақ АҚШ, Еуропа мен Азияның жетекші
елдерімен қарым-қатынаста Қазақстанның беделіне оң ықпалын тигізеді.
2008 жылы:
28-29 қаңтар – ҚР делегациясы ЕҚЫҰ-ның 16-шы Экономикалық және экологиялық
форумның 1-шы жартысында қатысты.
6-7 наурыз – Ашгабад қаласында ЕҚЫҰ-ның 16-шы Экономикалық және экологиялық
форумға дайындық Конференциясы өтті.
21-22 сәуір – Астана қаласында ЕҚЫҰ тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтті.
Аталмыш іс-шараға ЕҚЫҰ Хатшылығының, Ұйымда бұрын төрағалық еткен
мемлекеттер Сыртқы істер министрліктерінің өкілдері, еуропаның зерттеу және
білім беру орталықтарының басшылары қатысты. Дөңгелек үстел нәтижелері
бойынша нақты ұсыныстар тұжырымдалынды.
16 мамыр – Астана қаласында ЕҚЫҰ тақырыбына қатысты Сыртқы істер
министрлерінің орынбасарлары деңгейінде қазақстан-ресей екіжақты кездесуі
өтті.
1-2 маусым – Хельсинки қаласында (Финляндия Республикасы) ЕҚЫҰ-ға төраға
елдер Квинтетінің (Испания, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясаты
Еуропадағы қауіпсіздікке қатысты мәселелер
1990 ЖЫЛДАРДАҒЫ ЕУРОПАДАҒЫ ГЕОСАЯСИ ЖАҒДАЙДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы және Қазақстан
Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға жетекшілік ету
Қазақстан жетістіктері
Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы
Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы
Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық
Қазақстанның халықаралық қауымдастықтағы орны
Пәндер