Сөз қадірін кетіріп алмайық



1 Ғұсман Жандыбаевтың апталық бетінде «Тілге достың мұңы жоқ тілден басқа»
2 Ғарыш термині
Ғұсман Жандыбаевтың апталық бетінде «Тілге достың мұңы жоқ тілден басқа» атты айдармен шыққан «Қисынға келетінімен келіссек» атты мақаласында, негізінен, сөз табиғаты, оның ішінде термин сөздердің пайда болуы мен қызметі турасындағы ой-пікірлері беріліпті. Автор «термин» ұғымының сөздіктерде көрсетіліп жүрген түсініктерінен бастап, өзінің көңіліндегі бірқатар жайларды ашып салған екен, сол жайлар біздің де көкейдегі көп ойдың көркін бір шолып өтуімізге себепкер болып отыр.
Кезінде кең тараған Ф.Энгельстің уәжін алға тарта отырып, автор: «Адамда сананың (ойдың ) пайда болуы тілмен, сөздің пайда болуымен тікелей байланысты деген қорытынды шығарамыз» – деп түйеді. Әрине, біздің Энгельс шалда шаруамыз жоқ, бірақ автордың онан алып отырған осы пікірінің қарапайым логикаға да қисыны келмейтінін кешегі кеңестік кезеңде айта алмай қыстығып келгеніміз, сонау өткен ғасырдың жетпісінші жылдарында студенттік аудиторияларда ғана «сонда қалай, тіл дегеніміз ойлаудан тууға тиіс емес пе, ойлай білмейтін адамда тіл қайдан болушы еді?, т.т.» тәрізді өзара пікір таластырып қана қойып, бірақ онан әрі баруға сол заманның қатыгез пысы басып жібермей жүретініміз еске түссе, бүгінгі еркіндік кеңістігінің құдыретіне іштей мың ризашылығымызды білдіретініміз бекер емес.
Автордың айтпағы – қазіргі ғылыми терминдеріміздің ішінде әлемдік аренада танымал болған қазақы (түркілік) тілді термин сөздердің жоқтығы екен және мұның себебі «ұлт топырағында ғылым мен техниканың туып, дамымағандығы, сондай-ақ халықаралық кеңістіктегі орнымыздың төмендігі, өркениетті ұлт ретінде мойындалмағандығымыз» тәрізді. Осыдан түйілген түйін: «Ұлттық ұстынымыз жоққа тән» - болып шығыпты. Ия, біз де автордың: «Ұлт мерейі үстем болмай, тіл мәртебесі көтерілмейді.» - деген пікіріне қосыла отырып, дегенмен, халықтың ұлттық намысын жани түсетін қара қайрақ та керектігін түсіне тұрсақ та, өзіміз өзіміздің мәртебе-мерейімізді соншама тұқырта құлдыратқаннан ұтарымыз не? – деген де ойға келеміз. Егер шындығына келсек, біздің қазақтың (жалпы түркінің) рухани дүниесіндегі хал-жағдайы сонша мүсәпір де емес. Мәселе, сірә, өзімізді өзіміздің әлі де тереңдей танып-түсіне білмеуімізде жатса керек. Халық даналығы «Өзін өзі жеңген – қаһарман, өзін өзі түсінген - данышпан» - дейді ғой. Бұл тек жеке адамға ғана емес, тұтастай ұлтқа, халыққа қарата да айтылуға тұратын ұлағатты ой.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Сөз қадірін кетіріп алмайық
Ғұсман Жандыбаевтың апталық бетінде Тілге достың мұңы жоқ тілден
басқа атты айдармен шыққан Қисынға келетінімен келіссек атты
мақаласында, негізінен, сөз табиғаты, оның ішінде термин сөздердің пайда
болуы мен қызметі турасындағы ой-пікірлері беріліпті. Автор термин
ұғымының сөздіктерде көрсетіліп жүрген түсініктерінен бастап, өзінің
көңіліндегі бірқатар жайларды ашып салған екен, сол жайлар біздің де
көкейдегі көп ойдың көркін бір шолып өтуімізге себепкер болып отыр.
Кезінде кең тараған Ф.Энгельстің уәжін алға тарта отырып, автор:
Адамда сананың (ойдың ) пайда болуы тілмен, сөздің пайда болуымен тікелей
байланысты деген қорытынды шығарамыз – деп түйеді. Әрине, біздің Энгельс
шалда шаруамыз жоқ, бірақ автордың онан алып отырған осы пікірінің
қарапайым логикаға да қисыны келмейтінін кешегі кеңестік кезеңде айта алмай
қыстығып келгеніміз, сонау өткен ғасырдың жетпісінші жылдарында студенттік
аудиторияларда ғана сонда қалай, тіл дегеніміз ойлаудан тууға тиіс емес
пе, ойлай білмейтін адамда тіл қайдан болушы еді?, т.т. тәрізді өзара
пікір таластырып қана қойып, бірақ онан әрі баруға сол заманның қатыгез
пысы басып жібермей жүретініміз еске түссе, бүгінгі еркіндік кеңістігінің
құдыретіне іштей мың ризашылығымызды білдіретініміз бекер емес.
Автордың айтпағы – қазіргі ғылыми терминдеріміздің ішінде әлемдік
аренада танымал болған қазақы (түркілік) тілді термин сөздердің жоқтығы
екен және мұның себебі ұлт топырағында ғылым мен техниканың туып,
дамымағандығы, сондай-ақ халықаралық кеңістіктегі орнымыздың төмендігі,
өркениетті ұлт ретінде мойындалмағандығымыз тәрізді. Осыдан түйілген
түйін: Ұлттық ұстынымыз жоққа тән - болып шығыпты. Ия, біз де автордың:
Ұлт мерейі үстем болмай, тіл мәртебесі көтерілмейді. - деген пікіріне
қосыла отырып, дегенмен, халықтың ұлттық намысын жани түсетін қара қайрақ
та керектігін түсіне тұрсақ та, өзіміз өзіміздің мәртебе-мерейімізді
соншама тұқырта құлдыратқаннан ұтарымыз не? – деген де ойға келеміз. Егер
шындығына келсек, біздің қазақтың (жалпы түркінің) рухани дүниесіндегі хал-
жағдайы сонша мүсәпір де емес. Мәселе, сірә, өзімізді өзіміздің әлі де
тереңдей танып-түсіне білмеуімізде жатса керек. Халық даналығы Өзін өзі
жеңген – қаһарман, өзін өзі түсінген - данышпан - дейді ғой. Бұл тек жеке
адамға ғана емес, тұтастай ұлтқа, халыққа қарата да айтылуға тұратын
ұлағатты ой.
Мысалы, біз автордың: Ана тілімізде терминдер жоқ па? деген сұрақ
ойлантады. Біз үшін бұл өте ауыр сұрақ. Өйткені қазір қолданылып жүрген
термин атаулының ішінен бір де бір қазақ сөзін, тіпті түркілік иісі бар
сөзді таппайтынымыз рас - деп ауызды қу шөппен сүртуіне осының ақ-қарасын
әлі де ашып бере алмай отырған тіл ғылымы кінәлі шығар, бәлкім, деп те
ойлаймыз. Ақиқатында, қазіргі халықаралық термин ретінде танылып жүрген
көптеген сөздердің түп-тамырында жусанның жұпарындай болып, қазақы
(түркілік) йіс аңқып тұр. Ертеректе, сонау бала шақта, әкеме еріп қалың
қыс ортасында қырға мал қарап шыққанымыз бар. Марқұм әкем Сырдарияның
жағасындағы бір жерге келгенде, атынан түсіп, үйме қардың күртігін саптама
етігінің тұмсығымен теуіп-теуіп жіберіп еді – қалың қардың астынан жап-
жасыл болып жатқан құртқашаш сияқты әлдеқандай шөптің жапырағы жайнап шыға
келмесі бар ма? Сенерімді де, сенбесімді де білмей, таңырқай сұрағанымда,
ол Е, жарықтық, жатыр екен ғой - деп, әлденені күбірлей сөйлеп, шапанының
шалғайына жабысқан қарын қолымен қаққыштай тұрып, әлгінің сырын баян еткен.
Осындай бір текті шөп бар, қыста да осы қалпында жатады, жарықтық, өзі
бүкіл осы өңірде бір ғана түп, - дегені ғана есте қалыпты, өкінішке қарай,
аты есімде қалмапты. Ия, осы бір оқиғадағы тәрізді, біздің тіліміздің де
небір кереметтері уақыт пердесінің қалың қатпарларында жұпарын шашып
(Тыныштықбек айтпақшы), көгімен жатқанына біздің еш күмәнымыз жоқ.
Біздіңше, қазірде халықаралық деп танылып жүрген мына тәрізді
терминдердің түркілік қаны ап-айқын. Мысалы: генетика – қантаным. Мұндағы
ген – қан. Ал -етика тұлғасы математика, кибернетика, информатика, т.б.
тәрізді көптеген сөздердің құрамында келіп ұғу, түсіну (ет+ұқ), яғни ғылым,
таным мағынасын беретін өз сөзіміз. Бұл қосымша, сондай-ақ, тіл білімі
ғылымының термині фонетика сөзінің құрамында келіп үн (фон) таным түрінде
танылса, сондай-ақ басқа да көптеген сөздердің құрамында да осы мағынада
қолданылады. Ғалымдар тіл білімінің грамматика терминін гректің gramma
буква сөзінен шығарып, первоначально: искусство читать и писать буквы
(Словарь-справочник лингвистических терминов, А., 1988) деп түсіндіреді.
Бірақ бұл ғылымның (грамматиканың) әріппен, жазумен еш тікелей байланысы
жоқ, ал бола қалса, ол әріпті құрау, яки жазу сипатында ғана болуы мүмкін.
Ал грамматиканың объектісі жазу емес қой. Бұл ғылымның негізгі зерттеу
обьектісі – морфология мен синтаксис болса, бұлар енді тікелей осы құрау
мәселесімен байланысты: морфология түбір мен қосымшаларды құрастыруды
қарастырса, синтаксис сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді құрастыру
мәселелерін зерттейді. Сондықтан да біз бұл терминді құраматика деген
қазақ сөзі деп тануымызға толық хақымыз бар. Ал графит тасына байланысты
жазу мүмкіндігі ескеріліп, осыдан пайда болды делінетін графема графика
терминдерін гр (қыру, жыру, жазу) + афап жазу, әріп + ика ұғу
түріндегі қазақ сөзі деп білеміз. Мұндағы ап түбірінің жазу, әріп мағынасын
білдіретіні көне түркідегі бәдіз (бәәпап), арабтың алиф (иф), кітап (ап),
орыстың буква (бу), писать (пи) немістің das Buch (bu), жапонның мондзи
(моопбу), т.б. сөздерінде тұр. Жоғарыдағы грамматика сөзінде де оны
жазумен байланыстырушы ғалымдар осы графграмм түбірлерінің сыртқы дыбыстық
ұқсастықтарына қарап, оларды орынсыз түрде алмастырып алып отыр.
Әрине, біз бұл пікірлерімізді ойдан алып, тек олардың сыртқы дыбыстық
ұқсастықтарына қарап қана айтып отырған жоқпыз. Қазірде кейде осылайша
алып, сөзінің астарын сықаққа, мысқылға, әзілге айналдырып жіберетін жайлар
да жоқ емес, олардың жөні бір басқа. Ал біздің бұл пікірлеріміз - тіл
табиғатын тереңнен зерттей отырып, әр тілдік негіздің (тілдік негіз
элементтердің) түпкі табиғаты мен ішкі астарын, дүниетанымдық негіздерін
аша отырып, соларға сүйеніп айтылған пікірлер (Ш. Бекмағамбетов. Тілдік
таным негіздері және тілдік символдар. А., 1999). Мұнда да кейбір тұстарда
интуитивтік болжамдарға орын берілуі заңды, бірақ олар қалайда нақты
фактілермен байланысты болатыны айқын.
Біздіңше, энергия сөзінің түбірі қазақтың нұр сөзі, яки бұл дегеніміз
нұр+ағыны (энэр+ағын) деген сөз. Тілдік деректер нұр, нәр сөздерінің ішкі
қуатты, ядролық сипаттағы қуатты білдіретінін, айқын аңғартатынын аталмыш
еңбегімізде дәлелдеп көрсеткен болатынбыз. Сондай-ақ медицина сөзін мед
(ем+ет) түріндегі қазақ сөзі демеске шара жоқ. Араб тілінің таб (табибун-
дәрігер) сөзінде бұл та (ет-етістігі) + аб (ем) түрінде көрінеді. Мұндағы
ем түбірі аптека сөзінде ап түрінде келіп, тека ток жиын, жинақ сөзімен
бірігіп тұр. Ал ипотека сөзіндегі ип түбірі көне түркідегі үй мағынасындағы
ебев сөзі екені даусыз. Қазіргі түрік тіліне бұл сөз эв түрінде Ататүрік
реформасы кезінде енгізілді. Қазақ тілінің үй сөзінде бұл заңды түрдегі бй
ауысуы түрінде көрінеді: еб ей үй дыбыстық ауысулары -тілдік заңдылықтар
негізіндегі өзгерістер нәтижесі.
Жоғарыдағы сөздердің бірқатары тілімізде бір кездері қолданылған, ал
негізгі іздері бүгінгі тілімізде де қолданылып отырған өз сөздеріміздің
алуан түрлі себептермен өзге тілдерге ауысып, енді замана желінің ығымен,
ыңғайымен өзімізге қайтып келіп жатқанына куә болар деп білеміз. Бұл ретте
біз тарихи деректерде ғылым-білімнің әуелде Шығыстан бастау алғандығы
туралы мағұлматтар бар екендігін, мұның өзі қазірде әбден мойындалған
түсінік екенін ескереміз. Әйтпесе, біздіңше, аталмыш тілдік негіздер,
олардың мағыналары жалпы адамзат тіліне ортақ негіздер болып табылады.
Сондықтан да біз қазіргі кейбір өзге ұлт зерттеушілері сияқты бәрін өз
ұлтының көрпесіне қарай тартып, бәрі де қазақтан басталған деп дау салуды
негізсіз деп білеміз.
Біз осы жоғарыдағы тәрізді сөздер қатарына қазірде жиі қолданылатын
ксерокс (көшіргіш), логика (ұлық ой), сперма (өспірім), процент (пайыз),
вулкан (бұлқан), бұрқақ – су бұрқақ, яки фонтан болар, кастрация
(кестіру), кесерево да ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қайым Мұхамедхановтың қазақ әдебиетінде алатын орны
Тәуелсіздік жылдарындағы поэзияның егемендік келбеті
Абай Құнанбаев шығармашылығы
Абайдың сыны
Ғылыми зерттеу пәні арқылы оқушылардың ғылыми стилін қалыптастыру
XV—ХVIII ғасырлардағы қазақ әдебиеті
«Қара жорғаға» биі
Кемел кісі қалыптастыру жолы
Абай шығармалары
Абайдың ақындық сыны
Пәндер