Ұлы Жібек жолының халықаралық қарым-қатынасты дамытудағы тарихи маңызы



Кіріспе

1. Ұлы Жібек жолы.
2. Ұлы Жібек жолынын тарихы.
3. Ұлы Жібек жолының шаруашылықтың дамуына тигізген әсері.
4. Ұлы Жібек жолының мәдениеттің өркендеуіне тигізген ықпалы.
5. Ұлы Жібек жолының халықаралық қарым.қатынасты дамытудағы тарихи маңызы.

6. Қазақстанның ортағасырдағы қалалары.

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Ұлы Жібек жолы шығыс пен батысты байланыстырған сауда жолы. Ұлы Жібек жолы шаруашылықтың дамуына, мәдениеттін оркендеуіне, халықаралық қарым-қатынастын дамуына үлкен үлес қосты.
Ұлы Жібек жолы атауын алманиялық ғалымдар Ф. фон Рихтофен (F. von Richthofen) мен А. Герман (А Hеrman) 19 ғасыры ұсынған.
Ежелгі Қытай деректеріне қарағанда, б.з.б. Iғ. ортасында алғаш рет Қытай елінен Батыстағы елдерге қарай жібек артқан керуендер жолға шыққан.
Қазақстанның орта ғасырдағы қалалары.

Архелогиялық зерттеулерде ерте орта ғасырға қарағанда орта ғасырдың дамыған кезінде отырықшылық мәдениет өркендеп, қалалар саны көбейген.
Егер бұрын Оңтүстік қазақстанда 30 қаланың орны белгілі болса, ал кейнгі кезде зерттеулер бойынша, олардың саны 37 қалаға жеткен. Жазба деректерде алғашқы кезенде 6 қала ғана аталса, соңғы кезде 33-ке жетті.
1. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы.
2. Отырар. Энциклопедия. – Алматы.
3. Қазақстанның физикалық географиясы.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1. Ұлы Жібек жолы.
2. Ұлы Жібек жолынын тарихы.
3. Ұлы Жібек жолының шаруашылықтың дамуына тигізген әсері.
4. Ұлы Жібек жолының мәдениеттің өркендеуіне тигізген ықпалы.
5. Ұлы Жібек жолының халықаралық қарым-қатынасты дамытудағы тарихи маңызы.

6. Қазақстанның ортағасырдағы қалалары.

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Ұлы Жібек жолы шығыс пен батысты байланыстырған сауда жолы. Ұлы Жібек
жолы шаруашылықтың дамуына, мәдениеттін оркендеуіне, халықаралық қарым-
қатынастын дамуына үлкен үлес қосты.
Ұлы Жібек жолы атауын алманиялық ғалымдар Ф. фон Рихтофен (F. von
Richthofen) мен А. Герман (А Hеrman) 19 ғасыры ұсынған.
Ежелгі Қытай деректеріне қарағанда, б.з.б. Iғ. ортасында алғаш рет
Қытай елінен Батыстағы елдерге қарай жібек артқан керуендер жолға шыққан.
Қазақстанның орта ғасырдағы қалалары.

Архелогиялық зерттеулерде ерте орта ғасырға қарағанда орта ғасырдың дамыған
кезінде отырықшылық мәдениет өркендеп, қалалар саны көбейген.
Егер бұрын Оңтүстік қазақстанда 30 қаланың орны белгілі болса, ал кейнгі
кезде зерттеулер бойынша, олардың саны 37 қалаға жеткен. Жазба деректерде
алғашқы кезенде 6 қала ғана аталса, соңғы кезде 33-ке жетті.

Ұлы Жібек жолы.

Жібек Жолы (Ұлы Жібек Жолы) — Қытай жеріндегі Хуанхэ өзенінің
аңғарындағы аймақтан басталды.

1-ші ғасырдағы Жібек жолы, Қытайдан Жерорта теңізіне дейін.

Осынау тарихи жолдың жібек саудасына байланысты “Жібек жолы” атанғаны
түсінікті. Ал “Ұлы” сөзінің оған қосылуы жолдың кең-байтақ Шығыс өлкелері
мен Батыс өлкелерін байланыстырып жатуынан. Сондықтан да бұл жол “Ұлы Жібек
жолы” болып тарихқа енді.
Қытай жазба деректеріндегі хабарларда б.з.б. II-I ғасырларда Үйсін
мемлекетінің Қытай өкіметімен қарым-қатынастары жайлы мәліметтер бар. Сол
байланыс кезінде олардың араларында жасалған саудада қымбат бағалы жібектің
жүргендігі сөзсіз. Сол қытай деректері бойынша, VI ғасырда Батыс Түрік
қағанының және оның нөкелерінің жібек шапан кигендері белгілі. Бұл- VI
ғасырда жібектің бүкіл Еуразияға әйгілі болған кезеңі.
Жібек жолының басы Қытай жеріндегі Хуанхэ өзенінің аңғарындағы аймақтан
басталды. Ол Ұлы Қытай қорғанының батыс шетінен өтіп, Іле өзенімен
Ыстықкөлге жетеді. Жол осы арада батысқа және солтүстік-батысқа қарай шығу
үшін оңтүстік, солтүстік бағыттарға тармақталады. Оңтүстік бағыт Ферғана,
Самарқан, Иран, Ирак, Сирия елдері мен Жерорта теңізіне шыққан. Ал
солтүстік бағыт Оңтүстік Қазақстанда Испиджаб қаласына келіп және екі
тармаққа бөлінген. Біреуі Орта Азияға қарай, екіншісі Түркістан арқылы
Сырдарияның төменгі ағысымен батыс Қазақстанға шығып, Еуропаға қарай өткен.

Алайда бұл көрсетілген бағыттар үнемі тұрақты болды деп айтуға болмайды.
Ол халықаралық саяси жағдайға байланысты өзгеріп отырған. Бірақ мүлде
өзгеріп, басқа арнаға түспеген. Жағдайға байланысты бұрынғы жолдар қайта
жанданып отырған.

Ұлы Жібек жолының тарихы.

Жол бұдан 3-4 мың жыл бұрын болған. Ол Қытайдың Хан патшалығы кезінде
ғана өркендей бастаған, себебі Хан патшалығының Хан Уди патшасы Жаң Чянды
батыс өңірге екі рет жіберіп, Орталық Азиядағы елдермен достасуға пейілді
болған. Жаң Чян қазіргі Ферғана, Самарқан және Балқаш көлі сияқты жерлерге
барған. Жаң Чянның сапары бұл жолды шығыс пен батыс үкіметтері арасындағы
байланыс жолына айналдырған. Осыған орай саудагерлер де Жібек жолында ат
ізін суытпаған. Жаң Чян батыс өңірге және Орта Азияға Қытайдың жібек
өнімдерін ала барған;ал елге қайтарында барған жерлерінің тауарлары және
батыс өңірінің музыкасы сияқты алуан түрлі мәдениетті алып қайтқан. Жаң
Чянның сапары қытайлықтардың батыс өңір мен Орта Азияны түсінуіне мүмкіндік
берді. Ал Жаң Чян барған жерлердегі халық та Қытайдың өнімдері мен
мәдениетіне қатысты түсінігін анағұрлым тереңдетті. Осылайша, бұл жол
гүлденіп, көркейе бастады. Шығыс пен батыстың аралығындағы дәнекерге
айналып, өркениеттерді өзара тоғыстырды. Осы жолды қорғау және дамыту
мақсатында, Қытайдың әр дәуірдегі патшалары жол бойына қарауыл қойып, әскер
тұрғызды.

Жібек жолы іс жүзінде өзгермейтін тұрақты жол емес, қайта ол уақыт ізімен
өзгеріп отырған, бірақ тарихтағы дәстүрлі сорабы өзгермеген:жол шығыста
Чаң-аннан (қазіргі Ши-ан) басталып, Тарым ойпатынан өтіп, Памир үстіртінен
асып, Орталық Азияны, Батыс Азияны кесіп өтіп, Жерорта теңізінің шығыс
жағалауына дейін барады, жалпы ұзындығы 7000 км.ден асады.

Ерте кездегі Жібек жолы Шинжәңнан 3 айрыққа бөлінген, Тянь-Шань тауының
солтүстігіндегі ежелден бар дала жолы: Жемсары, Іле өңірін басып, Балқаш
өңіріне барады, онан ары батыс солтүстікке жүргенде Қара теңіздің шығыс
жағалауына жетеді. Оңтүстік айрығы Крораннан (Лулан) шығып Күнлүн тауының
батысын қапталдап Жаркентке барады, онан ары жүргенде адырлардан асып, Орта
Азияға, Батыс Азияға, Еуропаға дейін созылады. Кроранның батыс
солтүстігіндегі Көншы өзенінің батысын бойлап, Иіңпанды, Күшарды басып
Қашқар Жаңашар ауданына баратын жол солтүстік айрығы саналады, бұл жол да
адырлардан асып, Еуропаға дейін барады.

Кейін тағы 3 айрық жол пайда болды:Юймынның батыс солтүстігінен басталып,
қазіргі Құмыл, Тұрпан, Жемсары сияқты жерлерді басып, бұрынғы дала жолына
тұтасатын жол, бұл кейінірек солтүстік жол деп аталды. Тұрпаннан шығып,
Тянь-Шань тауының оңтүстігін қапталдап, батысқа беттеп, Қарашәр, Күшәрді
басып, бұрынғы солтүстік жол айрығымен тұтасатын жол кейінгі кездері Орта
жол деп аталды. Оңтүстік жол бұрынғысымен ұқсас.

7 ғасыры кейін, теңіз қатынас-тасымалы дамығандықтан, Жібек жолы
біртіндеп екінші орынға түсті, бірақ 13 ғасыры дейін шығыс пен батыс
қатынасының маңызды жолы болып келді. 19 ғасыры басында, Иcпанияның елшісі
Қытайдың 800 түйелік сауда керуенін өз көзімен көріп тұрып Самарқанның
жағдайы туралы былай деп жазады:

Төңіректің төрт бұрышынан келген тауарлар Самарқанға жиналыпты... Қытайдың
торғын-торқалары көз жауын алады.

Қытайдың торғын-торқасы осы жолмен Орта Азияға, Батыс Азияға және Еуропаға
толассыз тасылды, сонымен тұт ағашын өсіру өнері де батысқа тарала бастады.
Сондай-ақ Шинжяңнан шығатын қас тасы, былғары, жүн әдиял сияқты тауарлар
мен орта жазықтың темір ыдыстары, фарфор ыдыстары, сырлы ыдыстары, шабдалы,
өрік, рауағаш, дәршен сияқты өнімдері батыс базарына қатар кірді. Орта
Азияның, Батыс Азияның және Еуропаның әйнек, жақұт, экономикалық дақылдары
және хош иісті заттары, дәрі материялдары, сондай-ақ Отқа табыну діні,
Бұдда діні, Сіләм діні сияқты діндер де Қытайға кірді және таралды. Шығыс
пен батыс арасындағы экономикалық, мәдени ауыс-күйіс адамзаттың материялдық
мәдениетін байытты. Шығыс пен батыстағы халықтар Жібек жолы арқылы сыртқы
мәдениетті қабылдап, бұрынғыдан да салауатты мәдениет жарата алды.

Жібек жолы тек сауда жолы болып қана қалмастан, дүние жүзі өркениетін
тоғыстырып, адамзат қоғамының дамуына өшпес үлес қосты.

Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларының Византия, Иран, Орта Азия,
Кавказ, Алтай, Сібір, Шығыс Түркістанмен тығыз сауда байланыстары
болғандығын ежелгі қолжазбалардағы мәліметтер дәлелдейді. Шаштан
(Ташкенттен) жол Гизгирдқа, Испиджабқа келіп, одан әрі керуен Таразға бағыт
алған. Тараздан солтүстікте Адахкет, Дех-Нуджикет қалалары орналасқан
қимақтарға, оңтүстікте өздерінің туған өлкесінде - Шельдяни, Куля және т.б.
қалаларға тірелген. Сондай-ақ Тараздан Төменгі Барысханға, одан әрі Құлан,
Мерке арқылы Аспараға жететін болған. X ғ. бастап Ӏле жазығындағы сауда
жолы арқылы керуендер жүре бастайды. Осы жерден Ӏле Алатауының көпестері
қазіргі Алматы мен Талғардың елді мекендеріне жолға шыққан. Талғарда жол
қазіргі Шелек, Есік, Кеген аудандарында, Подгорныйға, одан әрі Шонжаға иек
артады. Алакөл ауданында жол тармақталады. Екіөгіз, Қиялық, Көктем керуен
жолдарымен Шығыс Түркістанға, Алтайға, Монғолияға шығуға болатын еді.
Сырдария қалаларын байланыстыратын жолдардың маңызы орасан зор. Ол
Испиджабтан басталып, солтүстік-батыста - Арсубаникент, Арыс, Кедер,
Шавгар, Сауран, Сығанаққа әкелетін. Сығанақтан Жентке және Янгикентке
тірелген. Исфиджабтан солтүстікке қарай түскен жол Қүмкент, Аба - Ата,
Созаққа барады. Одан әрі Орталық Қазақстанның жазық жерлері арқылы Кеңгір,
Жезді, Нұра далаларына шығады. Атаулы керуен жолы XX ғ. басына дейін
сақталып келді, тіпті, Ресей, Қазақстан және Орта Азияның қалалары мен елді
мекендерін байланыстырып отырды, оған жақын жерлерде жәрмеңкелер
ұйымдастырылды.Ұлы Жібек жолы көп халықтардың мәдениетін түйістіруімен
бірге оның табиғатының ерекшеліктерін анықтауда тарихи қызмет атқарды. Бұл
істе Қазақстан жерін мекендеген халықтардың еңбегі де бар. Олар тұрғын үйді
(киіз үй), ат әбзелдерін жасау өнерін, кілем тоқуды, күмістен түрлі әсемдік
бұйымдарды соғуды, бай ауыз әдебиетін мұра етіп қалдырған. Осының бір
айғағы - Есік және Аралтөбе қорымдарынан табылған Алтын киімді адам
ескерткіштері, Шығыс Қазақстандағы Берел қорымынан табылған олжалар, ежелгі
Түрік жазба әдебиетінің орхон ескерткіштері.

Ұлы Жібек жолының шаруашылықтың дамуына тигізген әсері.

Ежелгі Қытай деректеріне қарағанда, б.з.б. Iғ. ортасында алғаш рет Қытай
елінен Батыстағы елдерге қарай жібек артқан керуендер жолға шыққан. Ал
бұған жауап ретінде Қытайға немесе Шығыс елдеріне қарай Жерорта теңізі
жағасындағы елдерден, Таяу және Орта Шығыстан, Орта Азиядағы елдерден әр
түрлі тауарлар ағыла бастаған. Халықаралық сауда жолы арқылы Орта Азияның
атақты асыл тұқымды жылқылары, Шығыс елдерінен пілдер мен мүйізтұмсық,
барыс пен арыстандар, аң аулауға және саятшылық құруға қажетті құстар
(қаршыға, бүркіт) сияқты сирек кездесетін жан-жануарлар сатыла бастаған.
Әсіресе, бұл жолдың бойымен қолда өсірілетін мәдени өсімдіктердің ішінде
жүзім түрлері, шабдалы, қауын, Шығыстың, Орта Азияның жемістері сатылған.
Көкөністердің сирек кездесетін түрлері тұқымымның сатылуы олардың Азия
елдерінде де егіліп, шаруашылықтың жандануына пайдасын тигізіп отырған.
Мәселен, қазіргі кезде базарда сатылып жүрген қытай немесе болғар бұрыштары
сол ерте кездерден-ақ осы Жібек жолының арқасында көп елге тараған.
Жібекті халықаралық саудаға шығарғанмен, оны өндіру тәсілін Қытай
өкіметі өте құпия сақтаған. Бірақ та соған қарамастан, ол құпияны Қытайдан
жасырын түрде алып шыққандар болған. Деректерге қарағанда, жібек құртын
адамдар қуыс қурайдың ішіне салып, тіпті кейбір әйелдер шашының арасына
тығып алып шықса керек. Сөйтіп, жібек өндіру б.з. алғашқы кезінде Византия,
Соғды сияқты елдерде тағы да игеріле бастаған. Соғдыды жібек өндірудің
дамығаны сонша, жібек сатуда Қытай мемлекетімен бәсекеге түскен. Мәселен,
кытайдың кейбір қалаларында олардың сауда отарлары болған. Ал Жібек жолының
Жапонияның сілемі – ертедегі астанасы Нарға қаласында жібек сататын орындар
болған. Оның басты бір дәлелі, ондағы ғибадатханада осы уақытқа дейін соғды
тілінде жазылған қолжазбаның сақталуы. Осылай жібек өндіру Жапон елінде,
Кавказ жерінде жандана бастайды. Сөйтіп Ұлы Жібек жолының бойындағы
сауданың дамуы арқасында бүкіл дүние жүзінде жібек шаруашылығы және басқа
да шаруашылық түрлері дами бастайды.

Ұлы Жібек жолының мәдениеттің өркендеуіне тигізген ықпалы.
Сауда кезінде жол бойындағы елдердің бір-бірімен қарым-қатынас жасауының
барысында олар тек тұтыну бұйымдары арқылы ғана емес, өзара мәдени жағынан
да байланысқа түседі. Сатылатын бұйымдар өзінің өте тамаша, сәнді жасалуы
арқылы үлкен сұранысқа ие болады. Хас шеберлер қалыптасады. Мәселен,
археологиялық қазба жұмысы кезінде атақты Византия шеберлерінің қолынан
шыққан тамаша күміс құмыралар Тараз қаласынан табылған. Осындай құыраларды
жергілікті шеберлер де жасаған болуы керек. Қытайдың әдемі фарфордан
жасаған, көздің жауын алатын ыдыстары Қазақстандағы Талғар, Испиджаб,
Отырар сияқты ортағасырлық қалалардан көптеп табылған. Яғни жергілікті
шеберлер де сондай ыдыстар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жібек жолы
Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы
Ұлы Жібек жолы жеріміздегі өркениеттің даму жолы
Ұлы жібек жолы. Орта ғасырлық Қазақстан қаласы
Ұлы жібек жолы жөнінде
Жетісу Ұлы Жібек жолының Шығысқа шығатын басты қақпасы
Қазақ мәдениетінің бастаулары. Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы
Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолының тарихы
Негізгі бағыттарда туризм инфрақұрылым дамыту
Жібек жолының тарихи бастауы
Пәндер