Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні және рөлі
Кіріспе 3.4 бет.
I . тарау. Мемлекеттік бюджет. 4 . бет.
1.1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен ролі. 4. 7 бет.
1.2. Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы 7. 14 бет.
II . тарау. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы
мен құрылысы. 14. бет
2.1. Республикалық бюджет кірістерінің көлемі мен құрылымы 14 . 26 бет
2.2. Бюджет баланс. Бюджет тапшылығы. 26 .27 бет
Қорытынды 28 . бет
Пайдаланған әдебиеттер 29 . бет

Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ ерекшеліктері мен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілермен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастыру мен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиыны мемлекеттік бюджет ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Демек, мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастарды білдіреді.
Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән: бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастыру мен және пайдаланумен қосарлана жүргізіледі. Сонымен бірге, бюджет қатынастарына белгілі бір өзіндік ерекшелік тән, алайда ол қаржымен
ортақ өзгеше белгілердің шеңберінен шықпайды.
Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты материалдық - заттай түрінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорында бюджеттік қорында затталанылады. Мұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық прцестер мемлекеттің жұмылдыратын және пайдаланатын ақшаның ағынында қзінің көрінісін табады. Бюджеттік қор - бұл қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың құндық бқліністің белгілі стадияларына өткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс, халыққа әлеуметтік - мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару жөніндегі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке түсетін бөлігі қозғалысының объективті шарттасылған экономкалық нысаны. Бюджеттік қордың қалыптасу мен пайдаланылуы құнды бөлу жіне қайта бөлумен байланысты оның қозғалыс процесін білдіреді.

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. — Алматы: Қазақстан, 2000.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы.
3. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі. Қазақстан Республикасының кодексі. Егемен Қазақстан, 6 мамыр 2004 ж.
4. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі). — Алматы: ЮРИСТ, 2002.
5. Бабич А.М., Павлов Л.Н. Финансы. Учебник.- М.: 2001.
6. Балабанов А.И., Балабанов И.Т. Финансы. Учебное пособие. - Петербург: 2000.
7. Балабанов И. Т. Основы финансового менеджмента. Учебное пособие. - М.: 1999
8. Берлин С.И. Теория финансов. Учебное пособие. — М.: Приор, 2000.
9. Елубаева Ж.М., Бюджетная система Республики Казахстан: теория, практика и направления развития. — Алматы: 2004
10. Ильясов К.К., Исахова П.Б. Расходы государственного бюджета. Учебное пособие. — Алматы: Экономика, 2003.
11. Финансы, Деньги, кредит. Учебник. Под.ред. О.В. Соколовой. - М.: ЮРИСТ, 2001.
12. Құлпыбаев С. және басқалары. Қаржы теориясы. Оқу құралы. — Алматы: Мерей, 2001.
13. Клиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Оқулық. - Алматы: 2003

Жоспары
Кіріспе 3-4 бет.
I – тарау. Мемлекеттік бюджет.
4 – бет.
1.1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен ролі. 4- 7 бет.
1.2. Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы 7- 14 бет.
II – тарау. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы
мен құрылысы. 14- бет
2.1. Республикалық бюджет кірістерінің көлемі мен құрылымы 14 – 26 бет
2.2. Бюджет баланс. Бюджет тапшылығы. 26
-27 бет
Қорытынды 28 - бет
Пайдаланған әдебиеттер
29 - бет
Кіріспе
Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ
ерекшеліктері мен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп
көрсетуге болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші
субъектілермен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы
қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық
қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын
қалыптастыру мен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы
қатынастарының бұл жиыны мемлекеттік бюджет ұғымының экономикалық
мазмұнын құрайды. Демек, мемлекеттік бюджет мемлекеттің
орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық
қажеттіліктерді қанағаттандандыру мақсаттарына пайдалану жолымен
қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен
қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын
экономикалық қатынастарды білдіреді.
Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік
бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше
белгілер тән: бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша
нысанында жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастыру мен
және пайдаланумен қосарлана жүргізіледі. Сонымен бірге, бюджет
қатынастарына белгілі бір өзіндік ерекшелік тән, алайда ол қаржымен
ортақ өзгеше белгілердің шеңберінен шықпайды.
Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты,
өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты
материалдық - заттай түрінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің
орталықтандырылған ақша қорында бюджеттік қорында затталанылады. Мұның
нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық прцестер
мемлекеттің жұмылдыратын және пайдаланатын ақшаның ағынында қзінің
көрінісін табады. Бюджеттік қор - бұл қоғамдық өнім мен ұлттық
табыстың құндық бқліністің белгілі стадияларына өткен және ұлғаймалы
ұдайы өндіріс, халыққа әлеуметтік - мәдени қызмет көрсету, қорғаныс
және басқару жөніндегі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке
түсетін бөлігі қозғалысының объективті шарттасылған экономкалық
нысаны. Бюджеттік қордың қалыптасу мен пайдаланылуы құнды бөлу жіне
қайта бөлумен байланысты оның қозғалыс процесін білдіреді.
Мемлекеттік бюджеттің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны тек
экономикалық категория және мемлекетің орталықтандырылған ақша қоры
ретінде ғана емес, соным бірге негізгі қаржы жоспары, әлеуметтік –
экономикалық процестерді реттеу механизімінің жиынтық ұғымы ретінде
қарауға болады. Мәселен, мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық
экономикалық проуестер бейнеленетіндіктен, сондай –ақ барлық негізгі
қаржы институттары, салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит,
мемлекеттік қарыздар және т.б. өзінің шоғырланған көрінісін
табатындықтан бюджет мемлекеттің негізгі өаржы жоспары ретінде
сипатталады.
I – тарау. Мемлекеттік бюджет.
1.1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен ролі.
Құндық бөліністің артықшылықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет
мына өзгеше белгілермен сипатталады:
1) мемлекеттен жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін оқшуланландырумен
және оны қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдалану мен
байлагысты бөлгіштік қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып
табылады;
2) құнды жасау және оны тұтыну процесін шарттастыратын материалдық
өндіріс қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес
сфера қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық
шаруашылықтың салалары, аумақтар, экономиканың секторлары, қоғамдық
қызметтің сфералары арасында құнды қайта бөлуге арналған.
3) қоғамдық өнімнің оның тауар нысанындағы қозғалысымен тікелей
байланысты емес құндық бөліністің стадиясын білдіреді және одан белгілі
үзілісте жүзеге асырылады, ал қаржы қатынастары материалдық өндірісте
де, өндірістік емес сферада да тауар –ақша қатынастарымен тығыз
тойқаласып жатады.
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде жалпы қаржы сияқты
бөлу және бақылау функцияларын орындайды. Бұл іс қимылы, мазмұны, мәні
мен маңызы бюджет қатынастарының қаралған артықшылығымен айқындалады.
Бөлгіштік функцияның іс -әрекетінің өзіндік ерекшелігі сол, қоғамдық
өнімнің құны қоғамдық өндірістің сфералары, ұлттық шаруашылықтың
секторлары, аумақтық, салалар, жеке шаруашылық жүргізуші субъектілер
арасында бөлінеді. Мемлекеттік бюджет арқылы бүгінде Қазақстанда жалпы
қоғамдық өнімнің шамамен
10 % және жалпы ішкі өнімнің 20 % бөлінеді. Сонымен бірге мемлекет
қаржысының негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджет бөлгіштік функция
шеңберінде қосалқы функцияларды, атап айтқанда: ұлттық табыс пен жалпы
ішкі өнімді қайта бөлу; экономиканы мемлекеттік реттеу және ынталандыру;
әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету; ақша қаражаттарының
орталықтандырылған қорын жасау және пайдалануға бақылау жасау және
пайдалануға бақылау жасау сияқты сипатты функцияларды орындайды.
Бақылау функциясы бюджет қорларын бөліудің сандық үйлесімдерінде,
олардың қоғамдық өндіріс дамуының қажеттіліктеріне сай келетіндігінде,
бөлудің ұнамсыз барысынан ауытқуын анықтау және оларды жою
мүмкіндігінде көрінеді.
Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты
механизмдерінің бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша
қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып
табылатын бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді. Жалпы экономикаға
ықпал етудің құралы ретіндегі бюджеттің рөлі осында көрінеді.
Экономиканы реттеу орталықтандырылған ақша қорының сандық көлемін
анықтау, оны жасау мен бөлудің нысандары мен әдістерін реттеу,
бюджеттің атқарылу процесіне қаржы ресурстарын қайта бөлу жолымен
жүзеге асырады.
Ақырында мемлекеттік бюджет орындалу міндетті мемлекет заңдарының
бірі болып табылады. Сөйтіп, бюджетті осы жоғарыда айтылғандардың
жиынтығы ретінде қараған жөн. (1 - сурет) Нарықтық механизмге көшу
жағдайында мемлекеттік бюджеттің қаражаттары ең алдымен экономиканың
құрылымын қайта құруды, кешенді мақсатты бюджеттік бағдарламаларды
қаржыландыруға, кешенді мақсатты бюджеттік бағдамаларды қаржыландыруға,
ғылыми – техникалық әулетті арттыруға, әлеуметтік дамуды тездетуге
және халықтын табысы аз жіктерін қолдау, сондай –ақ денсаулық сақтау,
білім беру және мәдениет мекемелерін әлеуметтік қорғауға бағытталуы
тиіс.
НЕГІЗГІ ҚАРЖЫ ЖОСПАРЫ ҚОН -
ДЫРМА
БӨЛІГІ
МЕМЛЕКЕТ ЗАҢЫ
ӘЛЕУМЕТТІК – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫ БАСҚАРУ
МЕХАНИЗМІ
МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ
БАЗИС МЕМЛЕКЕТТІҢ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН РЕСУРСТАР
БӨЛІГІ АҚША ҚОРЫ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ ҚАТЫНАСТАР
( 1 - сурет)
Шығындар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен инвестицияларды
реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды
құралы болып табылады.
Қаржылық жоспарлау процесінде бюджет ұлттық шаруашылықтың
салаларына және өндірістік емес сфераның мекемелеріне айтарлықтай ықпал
етеді. Мемлекеттің ақшы қорын жасау және пайдаланудың негізгі қаржы
жоспары бола отырып, бюджет барлық шаруашылық жүргізуші субъектілермен
және ұжымдармен етене баланысқан.
1.2. Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын орындауы үшін
басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы
мақсатпен әр елде аймақтардың шаруашылығын, әлеуметтік сферасын әрбір
әкімшілік - аумақтық бірліктерді абаттандыруды, заң шығарушы билікті,
басқару аппаратын ұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін
олардың ақша ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер
тармақтарының желісі құрылады. Бюджеттердің жекелеген түрлерінің
кірістері мен шығындарын қалыптастыру, оларды теңдестіру процесінде
заңмен реттеліп отыратын белгілі және мемлекеттің әлеуметтік
сақтандыру бюджетінен тұрады. Ордақтың бюджетке 1970 – 1990 жж.
Мемлекеттік бюджет ресурстарының жалпы ауқымының
52-50 % тиді, оның 35 % республикалардың республикалық бюджеттерінің
және 15 % жергілікті бюджеттердің қарамағында болады. Бюджет кодексіне
сәйкес, мемлекеттік бюджет - араларындағы өзара өтелетін операцияларды
есепке алмағанда, республикалық және жергілікті бюджеттерді
біріктіретін, талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге
жатпайтын жиынтық бюджет.
Мемлекеттік және жергілікті бюджеттер кез –келген басқа
мемлекеттердегідей Қазақстан Республикасы қаржы жұйесінің орталық буыны
болып табылады. Бюджет – мемлекеттің қажетті атрибуты және оның
егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және
муниципалдық құрылымдарының ақша қорлары құрылады, бұл қорлар олардың
жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік
билік пен жергілікті өзін - өзі басқару органдарының функцияларын
жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды. Бюджеттерде мемлекеттің
қаржы ресурстарының аса ірі бөлігі шоғырландырылады. Бюджетте қаржы
ресурстарын шоғырландыру мемлекеттің қаржы саясатын ойдағыдай жүзеге
асыру үшін қажет.
Қазақстан Республикасы мемлекеттің бюджетінің басты бөлігі
республикалық бюджетте шоғырланған.
Республикалық бюджет - бұл салықтық және басқа да түсімдер
есебінен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың,
оларға ведомствалық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен
функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясттың
жалпыреспубликалық бағыттарын жүзеге асыруға арналған
орталықтандырылған ақша қоры.
Жергілікті бюджет - облыстық бюджет, республикалық маңызы бар
қаланың, астананың бюджеті, аудандардың бюджеті.
Бюджет кодексімен айқындалған салықтық және басқа да түсімдер
есебінен қалыптастырылатын және облыстық деңгейдегі жергілікті
мемлекеттік органдардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың,

функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге тиісті әкімшіл акмақтық
бірлікте мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған
ақша қоры облыс бюджеті, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті
болып табылады.
Бюджет заңнамасымен айқындалған салықтық және басқа да түсімдер
есебінен қалыптастырылатын және ауданның жергілікті мемлекеттік
органдарының, оларға ведомствалық бағынышты мемлекеттік мекемелердің
міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиісті
аудандағы мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған
орталықтандырылған ақша қоры аудан бюджеті болып табылады.
Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет ҚР – ң заңымен,
жергілікті бюджеттер мәслихаттардың шешімдерімен бекітіледі.
Төтенше мемлекеттік бюджетті республикалық және Қазақстан
Республикасындағы төтенше немесе соғыс жағдайларында енгізіледі.
Төтенше мемлекеттік бюджетті бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық
уәкілетті орган әзірлейді және ол Қазақстан Республикасының заңдарына
белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен
бекітеді. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төтенше немесе соғыс
жағдайын енгізу және оның күшін жою туралы Президенттің Жарлығы
төтенше мемлекеттік бюджетті енгізуге және оның қолданылуын тоқтатуға
негіз болып табылады.
Төтенше мемлекеттік бюджеттің қабылданғаны туралы Қазақстан
Республикасының Парламенті дереу хабардар етіледі. Төтенше мемлекеттік
бюджеттің қолданылу уақытына тиісті қаржы жылына арналған
республикалық бюджет туралы заңның және тиісті қаржы жылына арналған
барлық деңгейлердің жергілікті бюджеттері туралы маслихаттар
шешімдерінің қолданылуы тоқтатыла тұрады. Төтенше мемлекеттік бюджет
төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген мерзім ішінде қолданыста
болады. Төтенше мемлекеттік бюджеттің қолданылуы тоқтатылғаннан бастап
республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу тиісті қаржы
жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға және тиісті қаржы
жылына арналған барлық деңгейлердің жергілікті бюджеттері туралы
мәслихаттардың шешімдеріне сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан
Республикасының жекелеген жерлерінде төтенше жағдай енгізілген ретте
төтенше мемлекеттік бюджет енгізілмейді. Қазақстан Республикасының Ұлттық
қоры оқулықтың 16 тармағында қаралған. Бюджет жүйесінің жұмыс істеуі
бюджеттердің әр түрлі деңгейлерінің өзара байланысына негізделеді және
оларды жоспарлау, әзірлеу, қарау, бекіту, атқару, бақылау,
тәртібімен, сондай ақ республикалық және жергілікті бюджеттердің
атқарылуы туралы есеппен қамтамасыз етіледі. Қазақстан Республикасының
бюджет жүйесі мемлекеттік бюджет жүйесіне кіретін барлық бюджеттердің
бірлігі, дербестігі, толықтығы, реалистігі, дәйектілігі, жариялылығы
және т.б. қағидаттарына негізделеді.
Бюджеттің бірлігі қағидаты бюджет жүйесін ұйымдық - экономикалық
орталықтандырудың дәрежесін білдіреді. Бірлік қағидаты КСРО – ның
бюджет жүйесінде неғұрлым толық көрінді. Қазіргі кезде биліктің
жергілікті органдарының дербестік алуы мен және оларға қаржы ресурстарын
иелену жөніндегі құқықтардың берілуімен байланысты бұл қағидат
біршама әлсіреді. Бюджет жүйесінің бірлігі біріңғай қаржы саясатын
қамтамасыз етуге бағытталған және ең алдымен ҚР –ның егеменді
мемлекетінің жалпы экономикалық және саяси негізін тірек етеді. Ол
реттеуші кіріс көздерін пайдалану арқылы барлық деңгейдегі
бюджеттердің өзара іс – қимылына, төменгі деңгей бюджеттерінің
теңгерімділігі үшін оларды қаржылық қолдауға, сондай –ақ ішінара
қайта бөлудің мақсатты және аумақтық бюджет қорларын жасауға да
негізделеді. Бюджеттердің бірлігі біріңғай бюджет заңнамасын
қолданумен, соның ішінде Үкімет бекіткен біріңғай бюджеттік
сыныптамасын, бюджет процесін жүзеге асырудың бюджет рәсімдерін
пайдаланумен қамтамасыз етіледі. Бюджет жүйесінің бірлігі салық
саясатын қоса біріңғай әлеуметтік – экономикалық саясат арқылы іске
асырылады. Алайда бюджеттердің бірлігі бюджет жүйесін құрудың маңызды
қағидаты болып отырған оның жеке буындарының дербестігін жоққа
шығармайды. Бюджеттердің дербестігі қағидаты түрлі деңгейдегі
бюджеттердің арасындағы түсімдерді тұрақты бөлуді белгілейді және
оларды жұмсаудың бағыттарын анықтайды.
Биліктің әрбір органы бюджетін жасайды, бекітеді және оны
атқарады. Бюджеттердің жеке түрлерінің арасындағы кіріс көздері мен
шығыстарды бөлуді шектейтін айқын құқықтар белгіленген. Жергілікті
бюджеттердің атқарылуы барысында қосымша алынған кірістерді,
жергілікті бюджеттер қаражаттарының бос қалдықтарын жоғарғы бюджетке
алып қоюға, тиісті өтемсіз жергілікті бюджеттерге қосымша шығыстарды
жүктеуге жол бермейді. Сонымен бірге бюджеттердің барлық түрлерінің
шығыстары осы аумақтың әлеуметтік – экономикалық даму мәселелерімен және
биліктің тиісті органдарының нақты функцияларымен, құзырымен
анықталады. Бюджет қаражаттары бойынша талаптардан да шегінуге жол
берілмейді.
Бюджеттің толықтығы – бюджетке үкіметтің барлық қаржы
операцияларының, оның жинағын барлық түсімдерінің және жасайтын
шығыстарының, ҚР –ң салық және бюджет заңнамаларында белгіленетін
барлық түсімдердің толық тізбесінің бюджеттерде және толық
көрсетілумен қамтамасыз етіледі. Сөйтіп, ол мемлекеттік билік пен
басқару органдарының барлық кірістері мен шығыстарын бюджетке жинақтап,
жұмылдырудың объективті қажеттігін қамтып көрсетеді. Осыған
байланысты барлық ақша түсімдерін, сондай –ақ бюджет шығыстарының
көлемі мен нақтылы бағыттарын айқындау қажет.
Бюджет іске асатындай болуы тиіс, нақты экономикалық және саяси
ахуалды, өндірістің даму тенденциясын, жалпымемлекеттік қажеттілікті
есепке алу қажет. Дүниежүзілік практикада бұл қағидат қазіргі кезде
оны дәл қолдану бюджетке кірістерінің дербес көздері бар автономды
түрде бөліп көрсетуге болатын аса көп шығыстарды жүктейтіндіктен
орынды деп есептелмейді. Қазақстанда мемлекеттік қаражаттарды
қалыптастырудың орталықтандырылған әдісі қабылданған, сондықтан 1998
жылдан бастап мемлекеттік бюджетке бюджеттен тыс қорларқтандың
–зейнетақы, әлеуметтік сақтандыру және т.б. қорлардың қаражаттары
енгізілген.
Реалистік қағидаты - параметірлердің эконгмикалық ағымдағы жай –
күйінің көрсеткіштеріне, сондай ақ Қазақстанның және аймақтардың
параметірлеріне және әлеуметтік –экономикалық дамуының бағыттарына
сәйкестігі. Бюджеттің реалисті к ішкі және сыртқы саясатының негізіг
бағыттары туралы Президеттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын
сәйкес оларды ҚР-ң әлеуметтік – экономикалық дамуының индикативті
жоспарының, аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтік
бағдарламаларының өлшемдеріне сәйкес келтіру арқылы қол жеткізеді.
Сондықтан оның көрсеткіштері көпнұсқалық есеп қисаптармен негізделуі
тиіс, бюджеттердің атқарылуына, ведомстволардың өткен кезеңдегі қаржы
жоспарларына жасалған терең талдаудың нәтижесі, болжамдық бағалау есепке
алынуы қажет. Дүниежүзілік практика бюджет ресурстарының қозғалысын
ағымдағы жылға, анағұрлым ұзақ мерзімге үлгілеуді, сондай –ақ оларды
нақтылы жағдайлардың өзгеруіне байланысты қаржы жылы ішінде түзетуді
пайдаланады. Реалистік қағидатына ең алдымен жеке қаржы жоспарын,
сметаларды және жалпы тиісті деңгейдің бюджет жобасын жасау
процесесінде қол жетеді.
Реалистік қағидаты бюджет тізімдемесін бұрмалауды болдырмау және
бұзылуын жою үшін қажет. Ол бюджетте мемлекеттің қаржы
операцияларының шынайы көрсетілуін, бекітілген сомалардың бюджеттік
арналымдардың атқарылуына сәйкестігін алдын ала қарастырады. Нақтылық
дамудың болжамдары мнен бағдарламаларының көрсеткіштеріне негізделетін
және бюджеттік резервтердің болуымен нығайтылған кірістердің барлық
көздері мен шығыстар бағыттарының есеп – қисап тарының негізділігімен
анықталады.
Транспаренттік қағидаты - бюджет заңнамасы саласындағы нормативтік
құқықтық актілерді, бекітілген бюджеттерді және олардың атқарылуы
туралы есептемелерді, мемлекеттің фискалдық саяссатына қатысты басқа
ақпаратты міндетті түрде жариялау, бюджет процесінің ашықтығы,
мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу.
Дәйектілік қағидаты - дегеніміз мемлекеттік басқару органдарының
бюджет қатынастары сферасында бұрын қабылданған шешімдерінің сақталуы.
Тиімділік пен нәтижелік қағидаты - бұл бюджеттік бағдарламалардың
паспорты қарастырған нәтижеге жету үшін қажетті бюджет қаражаттарының
оңтайлы көлемін пайдалана отырып белгілі бір нәтижелерге жетудің
қажеттігіне қарай бюджеттерді әзірлеу және атқару.
Басымдық қағидаты –бюджеттік процесі республиканың немесе аймақтың
әлеуметтік – экономикалық дамуының басты бағыттарына сәйкес жүзеге
асыру.
Жауапкершілік қағидаты - бюджеттік процеске қатысушыларды бюджет
заңнамасын бұзғаны үшін жауапқа тарту.
Бюджеттердің жариялығы қағидаты – бекітілген бюджеттер мен алдағы
қаржы жылына арналған бюджет туралы заң мен өткен кезеңдегі олардың
атқарылуы туралы есептердің жариялануы арқылы қамтамасыз етіледі.
Бюджет кірістерінің қалыптасуы мен бюджет ресурстарының бағытталуы
сияқты шаруашылық жүргізуші субъектілердің және қоғамның барлық
мүшелерінің мүдделерін шалады. Сондықтан олар бюджеттің мазмұны, оны
қалыптастырудың көздері, салық төлемдерін алудың тәртібі, сондай –ақ
бюджет қаражаттарының бағыттары туралы хабардар болуы тиіс. Президент
қол қойған ҚР –ң бюджеті заң мәртебесін қабылдайды және оның
атқарылуы бюджет рәсімінің қатысушылары үшін міндетті болады. Заң,
өткен кезеңдегі бюджеттің атқарылуы туралы есеп баспасөз бетінде
жарияланады. Осылайша бюджеттің кірістері мен шығыстарының көлемі, оның
негізгі түсім көздері, шығыстарының бағыттары, тапшылық және оны
жабудың әдістері жария етіледі.
Бюджет жүйесін құрудың барлық қағидаттары өзара үйлестірілген және
бірін –бірі толықтырып отырады, олар егеменді еліміздің
Конституциясында және бюджет кодексінде, Жергілікті өкілді және
атқарушы орган туралы ҚР –ң жергілікті мемлекеттік басқару туралы
арнай заңдарда және басқа да заңнамалық актілерінде қамтып
көрсетілген.
Нақтылы жағдайда бұл қағидаттардан жиі ауытқиды. Мысалы, кейде
бюджеттің бірлігі қағидатынан ауытқиды өйткені көптеген арнаулы және
бюджеттен тыс қорлар пайда болады. Нақтылық қағидаты да өзінің маңызын
жоғалтып барады: әт түрлі бюджеттен тыс қорлар жұмыс істеуі мүмкін,
олар арқылы мемлекет қаржы қатынастарын саралауға ұмтылады.
Бюджет жүйесі реттеуші кіріс көздерін пайдалану, мақсатты және
аймақтық бюджет қорларын құру, оларды ішінара қайта бөлу арқылы жүзеге
асырылатын барлық деңгейлер бюдеттерінің өзара іс – қимылына
негізделген.
Кірістер мен шығыстардың егжей – тегжейлі тізбесі мен топтамасы
бюджеттік сыныптамамен айқындалады. Біріңғай бюджеттік сыныптама
сыныптау объектілірені топтастыру кодтарын бере отырып функциялық,
ведомствалық және экономикалық сыныптамалар бойынша бюджеттің түсімдері
мен шығыстарын топтастыру болып табылады. Ол кірістердің
сыныптамасынан, бюджет шығыстарының функциялық және экономикалық
сыныптамаларынан тұрады. Біріңғай бюджеттік сыныптама ҚР – сы бюджет
жүйесінің барлық деңгейлері бюджеттерінің көрсеткіштерінің
салыстырымдылығын қамтамасыз етеді.
Біріңғай бюджеттік сыныптама біріңғай және бюджеттердің барлық
деңгейлері үшін міндетті болып табылады. Оны бюджеттік жоспарлау
жөніндегі әукілетті орган әзірлейді және республика Үкіметі бекітеді.
Бюджет процесі біріңғай бюджеттік сыныптама негізінде жүзеге
асырылады.
II – тарау. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен
құрылысы.
2.1. Республикалық бюджет кірістерінің көлемі мен құрылымы
Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және
пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше
экономикалық нысандар бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып
отырады. Олар қүндық бөліністің жеке көздерін білдіреді.
Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың
өзгеше қоғамдық арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша
қаражаттарымен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған
ресурстарды жалпымемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі. Бюджеттің
түсімдері кірістер, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы
активтерін сатудан түсетін түсімдер, сондай -ақ мемлекеттік қарыздар,
ал оның шығыстары шығындар, бюджеттік кредиттер, қаржы активтерін сатып
алу, қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу болып табылады.
Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы нақты әлеуметтік –
экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттік
бюджет және салық саясатын жүргізудің бағыттарына байланысты болады.
Бұл кезде мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың
және шығыстарды жұмсаудың қолайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады.
Нарықтық қатынастарға көшкенге дейін КСРО –ның мемлекеттік
бюджетінің кірістері мемлекеттік кәсіпорындардың ақша жинақтарына
негізделіп келеді. Ол бюджет кірістерінің жалпы сомасының 90 % құрады
және негізінен екі төлемнен - айналым салығы мен пайдадан алынатын
төлемдерден тұрады. Бұл жүйе 1930 жылдан 1990 жылға дейін өмір сүрді.
1980 жылдары енгізілген өндірістік қорлар, еңбек ресурстары және
басқалары үшін ақы түрінде пайдада алынатын нормативті төлемдер
қолданылып жүрген төлемдер жүйесін өзгертпеді және жеке кәсіпорындар
қызметінің жеке –дара нәтижелеріне бағытталып отырды.
Дағдыдағыдай, кірістердің көздері салық немесе оларға бара бар
төлемдер болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті
кірістерінің құрамы мен құрылымы салық төлемдерінің қолданыстағы
жүйесімен және салыстырмалы тұрақсыз сипаттағы салықтық емес
қаражаттардың түсімдерімен айқындалады.
Бюджет келесідей сәйкес бюджеттің құрылымы мына бөлімдерден тұрады.
1) кірістер:
салықтық түсімдер;
салықтық емес түсімдер;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер;
ресми трансференттер түсімдер;
2) шығындар:
3)операциялық сальдо;
4) таза бюджеттік кредит беру:
бюджеттік кредиттер;
бюджеттік кредиттерді өтек;
5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо;
қаржы активтерін сатып алу;
мемлекеттік қаржы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz