Адам популяциясы туралы жалпы түсінік


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

Популяция туралы жалпы түсінік

Адам популяциясы

ІІІ. Қорытынды

Популяция туралы жалпы түсінік

Түр деп морфологиялық және қызметтік белгілері, кариотипі бірыңғай үқсас, белгілі бір жерді ұзақ уақыт мекендейтін, шығу тегі бірдей, өзара еркін будандасып, көбеюге қабілетті ұрпақтар қалдыра алатын даралар жиынтығын айтамыз.

Түр деген терминді 17 ғасырда Джон Рэй енгізген, бірақ түр туралы нақтылы деректер келтіріп, олардың ғылыми аталу принциптерін (бинарлы номенклатура) қалыптастырған К. Линней (18 ғ. ) болатын.

К. Линнейден бері қарай оқымыстылардың түрге деген көзқарастары өзгеріп отырған. К. Линней түрлер өзгермейді, тұрақты болады деп болжамдаған.

Ж. Ламарк керісінше түрлер үнемі өзгереді, табиғатта шынайы түрлер кездеспейді, оларды адамдар ойлап тапқан, табиғатта шынайы тек даралар ғана кездеседі деген.

Ч. Дарвин түрлер үнемі өзгеріп отырады, бірақ белгілі бір тарихи уақыт аралығында табиғатта олар шынайы кездеседі деп айтқан. Кез келген түрлердің өздеріне тән критериялары болады, оларға морфологиялық, физиологиялық, цитогенетикалық, экологаялық, биохимиялық т. б. критериялар жатады.

Табиғи жағдайларда бір түрдің даралары өздерінің ареалдарында біркелкі таралмаған, бір жерлерде жиі кездесіп топтасып орналасса, екінші бір жерлерде аз кездеседі, тіпті кездеспеуі мүмкін. Түр дараларының үлкенді - кішілі топтарын популяциялар деп атайды.

Популяция деп белгілі бір жерді ұзақ уақыт мекеңдеп, бір - бірімен еркін будандасатын биологиялық түрдің даралар жиынтығын айтамыз.

Популяциялар түрдің тіршілік ету, эволюциялану формасы болып табылады. Олар ағзалардың сыртқы орта факторларымен әрекеттесуінің нәтижесінде, тұқым қуалаушылық, өзгергіштік және табиғи сұрыптау салдарынан қалыптасады. Популяция терминін биологияға 1903 жылы Иогансен енгізген болатын. Бір түр бірнеше популяциялардан тұрады.

Адам популяциясы

Популяциялардың экологиялық, генетикалық сипаттамалары белгілі.

Популяцияның экологиялық сипаттамасына мыналар жатады:

1. Ареал мөлшері;

2. Даралар саны;

3. Жастық құрамы;

4. Жыныстық құрамы.

Популяциялар ареалдарының мөлшері түрліше болады, ол ағзалардың жекелей белсенділігінің радиусына байланысты. Мысалы, ұлу өте баяу қозғалады, ол бірнеше метрге ғана жылжи алады, демек оның ареалының мөлшері кішкентай, ал су тышқаны жүздеген метрге барып келе алады, түлкілер, қасқырлар - ондаған, жүздеген километрге таралады, демек олардың популяцияларының ареалдары үлкен. Сол сияқты популяциялардағы даралар саны да әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, көлдерді мекендейтін инеліктің популяциясында 3 жуық даралар болатын болса, ұлу популяциясында небәрі 1000 жуық даралар кездеседі. Дегенмен, популяциядағы даралар санының ең төменгі деңгейі болады. Ол деңгейден азайса, популяциялар жойылады.

Адамдардың сан жағынан шағын, 1500 - 4000 адамнан аспайтын кішкентай популяцияларын демдер, ал одан да кішкентай 1500 - ден аз адамдардан тұратын популяцияларды изоляттар деп атайды. Демдер мен изоляттар өте баяу көбейеді, демдер - 20, изоляттар - 25 процент мөлшерінде. Сол сияқты, демдер мен изоляттарда туыстық некелесу жиілігі өте жоғары дәрежеде болады, ал ол рецессивті аллельдердің гомозигота күйіне өтіп, кейбір аурулардың дамуына алып келеді. Егер изоляттар 4 буыннан астам уақыт бір жерде өмір сүретін болса, оның әрбір мүшелері бір - бірімен кем дегенде шөберелес ағалы - інілі, немесе апалы - сіңлілі болып келеді.

Әртүрлі түрлердің популяцияларының жастық құрамы құбылмалы болып келеді және бұл олардың тіршілік ұзақтығына, көбею белсенділігіне, жыныстық жетілу мерзімдеріне байланысты болады.

Популяцияны генетикалық тұрғыдан қарастыратын болсақ оның өзіне тән генофонды болады. Генофонд (ген қоры) дегеніміз популяция дараларының генотиптерінің (аллельдерінің) жиынтығы. Табиғи популяцияларының генофондының негізгі белгілері:

1. Генетикалық гетерогенділігі немесе генетикалық полиморфизмі (көптүрлілігі) .

2. Генетикалық біртұтастығы.

3. Әртүрлі генотипті даралардың өзара динамикалық тепе - теңдігі болып саналады.

Популяциялар генофондының генетикалық көптүрлілігі бір геннің әр түрлі аллельдерінің бір мезгілде кездесуі нәтижесінде байқалады. Ол мутациялық құбылыс негізінде қалыптасады. Мутациялар, әдетте рецессивті болып гетерозиготалы ағзалар фенотипіне айтарлықтай ықпал етпей, популяция генофондында табиғи сұрыптауға ұшырамай, ұзақ уақыт сақталынады. Олар жинақталынып "тұқымқуалаушы өзгергіштіктің қорын құрайды".

Комбинативтік өзгергіштіктің арқасыңца бұл "қор" әрбір буында аллельдердің жаңа комбинацияларының пайда болуына алып келеді. Ал, ол "қордың" мүмкіншілігі өте үлкен. Мысалы, егер бір - бірімен 1000 локус бойынша ерекшеленетін, ал әрбір локуста 10 аллельдері бар ағзаларды өзара будандастырсақ олардан пайда болатын генотиптер варианттары 10 000 тең болар еді.

Популяцияның генетикалық біртұтастығы олардың кең мөлшердегі панмиксиясымен байланысты, яғни популяция даралары өзара еркін будандасып ұрпақтар генотиптерінің, аллельдерінің көзі ретінде популяция генофондын "пайдаланады". Популяция генофондында белгілі жағдайларда әр түрлі аллельдерден тұратын генотиптер мөлшері ұрпақтан - ұрпаққа тұрақты болады. Ол Дж. Харди - Г. Вайнберг заңы арқылы сипатталады.

Популяцияларда тұқым қуалаушылықты зерттеу олардың генотиптік құрамын, яғни әр түрлі генотиптің және аллельдердің жиілігін анықтаудан басталады.

Популяцияның генотиптер не аллельдер жиілігі деп процент мөлшерімен белгіленетін осы генотипке ие аллельдер не даралар жиынтығын айтамыз. Популяция дараларының жалпы саны 100 процент деп есептелінеді. Жынысты жолмен көбейетін ағзаларды өздігінен ұрықтанатын қас ұрықтанатын деп екі топқа бөлуге болады. Осы топтың популяцияларында тұқым қуалау зандылықтары турліше болады.

Демографиялық құрылысы, популяция саны және оның табиғаттағы айналымы.

Популяция дегеніміз - эволюциялық ұзақ уақыт бойы ареалдың белгілі бір бөлігінде тіршілік етіп, өз алдына дербес генетикалық жүйе құра алатын, еркін шағылысып, өсімтал ұрпақ беретін бір түр дараларының шағын тобы. «Популяция» деген сөз латынша «популюс» -халық, тұрғындар деген ұғымды білдіретін сөзден шыққан.

Популяция даралары оқшаулануға байланысты көршілес популяциямен салыстырғанда барлық қасиеттері мен белгілері бойынша өзара өте ұқсас болып келеді. Топтық ерекшеліктер - популяцияның ең негізгі сипаттамасы.

Оларға мыналар жатады:

1. Саны - белгілі бір территориядағы даралар саны.

2. Популяция тығыздығы - сол популяцияның алып жатқан кеңістігінің немесе аудан көлемінің бірлігінің орташа даралар санына қатынасы.

3. Туу -көбею нәтижесіндегі бір уақыттағы жаңа даралар саны.

4. Өлім - белгілі бір уақыт мөлшеріндегі популяция ішіндегі өлген даралар саны.

5. Популяцияның өсуі - туу мен өлім арасындағы айырмашылық.

6. Өсу темпі - бір уақыттағы орташа өсу.

Әр түр, белгілі бір территорияны (ареал) ала отырып, популяция жүйесін құрады.

Түр → түрасты (нәсіл) → географиялық популяция → экологиялық популяция → жергілікті, локальды немесе элементарлы популяция. Популяцияның белгілі бір нақты құрылысы болады: жыныстық, жастық, кеңістіктік және этологиялық.

Популяцияның жыныстық құрылымы

Жыныстық құрылым - популяциядағы особтардың жыныстық ара салмағы. Жыныстық арасалмағы түрлердің генетикалық заңдары мен қоршаған орта ықпалына байланысты құрылады. Жыныстық құрылым бейімдеушілік сипатта.

Популяцияның жастық құрылымы

Популяциядағы жастық топтардың қосындысы (жоғарғы, орташа, кіші) . Өсімдіктің тіршілік ауысуында ауысым мен жас жағдайын бөлуге болады. Түрлердің жас ерекшеліктеріне байланысты бөлінуі оның жастық спекуторы болады.

Жас жануарларда әртүрлі генерация және ұрпақтар болады.

Генерация - бір жылдағы және бір мезгілдегі туған «бауырлар» мен «сіңлілер» қосындысы.

Ұрпақтар - бір жылдағы барлық генерацияның барлық қосындысы.

Популяцияның кеңістік құрылымы

Особьтардың белгілі бір территорияда немесе акваторияда сандық және популяцияның құрамының сапалық таралуы оның кеңістіктік құрылымы деп аталады.

Популяцияның кеңістіктік құрылымы тұрғындардың «әлеуметтік ұйымымен» сипатталады.

1. Жалғыз немесе отбасылық.

2. Топтық.

Жалғыздық немесе отбасылықта сол жер бөліктерін бір дараның немесе отбасының қолданады. Жалғыз тіршілік ету сипаты су түбіндегі тұрғылықты су жануарларына тән. Отбасының иемделген территориясы қорғалады - ол экскременттерімен, зәрімен, дене бездерінен бөлінетін өткір иісті сұйықтықтарымен, дыбыстарымен немесе айғайларымен «белгіленеді» (жыртқыш сүтқоректілер, тышқантекті кеміргіштер, құстар т. б. ) .

Кеңістікті топтық қолдану. Олар мына төмендегі негізгі формалар:

1. Жартылай колониялар. 2. Колониялар. 3. Отарлар. Үйірлер.

Жартылай колониялар (кіші егеуқұйрықтар, гагалар және көптеген басқалар) . Бұндай отбасында өз баспаналары болады (ұялар, індер) . Жартылай колонияларда өздерінің шекаралары болады. Келген жаумен күресуге бірлесе шығады (сигналдық жүйе арқылы, беймаза қышқыруларен және т. б. ) .

Колониялар - бұл тек территориядағы азық - түліктерді ғана емес, сонымен бірге мекен етуші баспаналарын да бірге қолданады (қоғамдық жәндіктер: аралар, құмырсқалар, ұшқыш мысықтар), ұя салушы шағалалар мен бакландар.

Отарлар (үйірлер) - шегірткелер, балықтар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Популяциялардың кеңістіктік құрылымы
Популяция туралы жалпы түсінік
Вирустардың организмге енуі,таралуы,орналасуы. Инфеция түрлері және оларға сипаттама
Харди - Вайнберг формуласы бойынша популяция ішіндегі геннің, аллельдің жиілігін анықтау
Есептердің математикалық моделін құру
Экожүйелер экологиясы туралы
Популяция жайлы
Вирустардың организмге енуі,таралуы,орналасуы.Инфекция түрлері және оларға сипаттама. Иммунитеттің механизмдері.Иммунитеттің гуморальдық,клеткалық,жалпы физиологиялық факторлары
Бағаналық клеткалар, медициналық маңызы
Жұмсақ бидайдың ботаникалық сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz