Түркология


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   

М а з м ұ н ы.

Қысқартулар мен белгілеулер . . .

Кіріспе . . .

1 Тарау

  1. Түркологиядағы фонотактикалық зерттеулер . . .
  2. Қазіргі қазақ және өзбек тілдеріндегі консонанттық тіркестердің зерттелуі, олардың генеологиялық және типологиялық сипаты, фонемалық құрылымы . . .

Тарау бойынша қорытынды . . .

  1. Тарау

Қазіргі қазақ және өзбек тілдеріндегі екі фонемалы консонанттық тіркестер

  1. Қазіргі қазақ тіліндегі сөз соңындағы екі фонемалы консонанттық тіркестерге құрылымдық талдау жасау . . .
  2. Құрылымдық - дистрибутивтік талдау жасау . . .

2. 1. 2 Статистикалық талдау жасау . . .

2. 2 Қазіргі өзбек тіліндегі сөз соңындағы екі фонемалы консонанттық тіркестерге құрылымдық - статистикалық талдау жасау . . .

2. 2. 1 Құрылымдық - дистрибутивтік талдау жасау . . .

2. 2. 2 Статистикалық талдау жасау . . .

Тарау бойынша қорытынды . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .

Қосымша А . . .

Қосымша Ә . . .

Қосымша Б . . .

Қосымша В . . .

Қосымша Г . . .

Қысқартулар мен белгілеулер

А -дауысты

Қ -дауыссыз

Т -шұғыл

S - ызың

R - үнді

КК - консонант консонант

КТ - консонанттық тіркестер

ББС - бір буынды сөздер

КБС - көп буынды сөздер

Кіріспе

Лексикалық құрамы, грамматикалық құрылымы ұқсас қазіргі түркі тілдерінде сөйлейтін халықтар бірін-бірі түсіне алмай қалатын болса, ол дыбыстардың әрқилылығынан емес, сол дыбыстардың өзара қиюласып, ұқсасып тұру тәртібіне көп байланысты. Көне түркі тіліне олардың жақындататын да, алшақтататын да негізгі тетік баршасына ортақ ұқсас дыбыстардың, сөздің әр түрлі деңгейінде (басында, ортасында, соңында) өзге - дыбыстарымен қиюласу, тіркесу мүмкіндігі мен ерекшелігіне байланысты. Бұдан дыбыстар тіркесі фонетиканың өзекті мәселесі екендігіне көз жеткізуге болады. Тек дыбыс тарды транскрипциялаудың өздік қиындықтары (әсіресе баспа үшін) оларды фонемалар деңгейінде қарауға мәжбүр етеді. Олай болса фонемаларға негізделген біздің жазуымыздағы дыбыстар тіркесі фонемалар тіркесі екені шындық.

Дыбыстар тіркесі - дыбыстардың бірімен-бірінің қатар тұру мүмкіндігі, әр тілдің өзінің фонетикалық заңдылықтарына байланысты тарихи қалыптасқан орны.

Бұл- халықтың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жетілген, жүйеленген ауызша сөйлеу өнерінің жемісі.

Жұмыстың мақсатаы мен міндеті. Жұмысымыздың мақсаты - қазақ және өзбек тілдеріндегі дауыссыз дыбыстардың тіркесу ерекшеліктеріне салыстырмалы лингво-типологиялық талдау жасау. Алға қойылған мақсатқа қол жеткізуде төмендегі міндеттер алға қойылды:

  • туыс, бір жүйеге жататын тілдердегі даусыз фонемалар тіркесуінің заңдылықтарын айқындау мақсатында К. Мейлонның және Н. С. Трубецкойдың позициялық әдісі бойынша құралымдық талдау жасау;
  • КТ-ның дистрибутивтік қатынасын айқындап салыстырылушы тілдердегі екі элементті КТ-ның толықтылық дәрежесін ішкі симметриялығын және рефлексифтілігін анықтау;
  • Сөздіктегі лексикалық қуаттылық пен мәтіндегі қолдану жиілігін сипаттау мақсатында сөз соңындағы КТ-ға жеке дауыссыз фонемалар деңгейіндегі сондай-ақ олардың типтеріне статистикалық анализ жасау;
  • Жеке дауыссыз фонемалар позициясына қатысты және қатысты еместігін ескере отырып, олардың дауысты ядроға жұғысу дәрежесін анықтау.

Зерттеу әдістері. Зерттеу жұмысы барысында тіл білімінің және басқа да ғылым салаларында пайдаланылатын сипаттамалы, салыстырмалы-типологиялық, статистикалық, логика-математикалық әдіс-тәсілдер кешені қолданылады.

Зерттеу жұмысының материалдары ретінде қазіргі қазақ және өзбек тілдеріндегі көркем әдебиеттер мен түрлі сөздіктер пайдаланылды. Қазақ тілінің 10 томдық, өзбек тілінің 2 томдық түсіндірме сөздіктерінен, Қ. Бектаевтың қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздігінен және орфографиялық, орфоэпиялық сөздіктерден материалдар алынды.

Талдау жүргізілген тілдік материалға қазақ және өзбек тілдерінің төл сөздері, сонымен қатар салыстырылушы тілдің өзіндік фонотактикалық ерекшеліктері мен орфоэпиялық нормаларына қарсы келмейтін кірме сөздер де енгізілді. Біз абревиатураларға, қысқарған сөздерге, сондай-ақ шетел сөздеріне, жалқы есімдерге (кісі аттары мен географиялық атауларға) одағайларға, анатомиялық атаулар мен экспресивті бояуы бар сөздерге талдау жүргізбедік.

  1. Түркологиядағы фонотактикалық зерттеулер

Сөз өзінің тұтастылығымен сипатталатындығы белгілі. Сөздің фонотактикалық бүтінділігі фонетикалық ұйымдасуынан да көрінеді яғни, сөздің фонетикалық бүтіндігі - оның маңызды белгілерінің бірі. Белгілі бір фонетикалық бүтін ретіндегі сөздің сипаттамасын былайша түсіндіруге болады: кез келген лексикалық бірлік, дыбыстық құрылымдық бірлік болып көрінеді де, аталған тілдік жүйенің фонологиялық нормаларымен сәйкес болады

Қабылдау жағдайында сөз тіл ішінің жалпы дыбыстық бейнесі бойынша қабылданады. Тыңдаушыға сөзде тек фонема емес, бүкіл дыбыстық кешен маңыздырақ. Дыбыстық кешенде сөз бірқатар фонемалық бірлестіктер түрінде емес мағынасы мен дыбысталу бірлігі ретінде бүтін өлшем болып қалыптасады . Сөздің фонетикалық тұтастығы оның синтагматикалық тұтастығынан көрінеді. Сөз бірлігін екпін мен сингорманизм қамтамасыз ететоіндігі белгілі.

И. А. Бодуэн де Куртек. «Түркі тілдеріндегі дауыстылар үндесуі сөздегі буындарды біріктіруші немесе байланыстырушы дәнекер қызметін атқарады. Ал ариоеуропа тілдерінде сөздегі буындарды біріктіруші ролін екпін атқарады. Ариоеуропа тілдерінде кейбір жеке буындар, түбірлер, жұрнақтар, жалғаулар, дыбыс тіркестері өзіне тән бір бүтін екпінге біріктірілмей, бір бүтін сөздер туралы айтуға болмайды», -деп

жазады .

Сингормонизм - бұл жай ғана фонетикалық факт қана емес, сонымен бірге ассимиляцияның бір түрі де емес, фонетикалық қабаттың барлық деңгейін ғана емес, сонымен қатар тілдің морфологиялық қабатын да қарастыратын фундаменталдық құрылымдағы - типологиялық құбылыс .

Сингормонизмнің мәні мен функциясы және оның екпін мен тонның арақатынасы туралы мәселенің ақиқаттығына көз жеткізбей -ақ, біз сингорманизмнің бір бірлікті басқа бір бірлікпен біріктіру (түркі, угрофин және монғол тілдеріндегі) қызметін атқаратынын байқаймыз. Бұл мәселе жөнінде В. Б. Касевич: «Но нужно, во, во первых, уточнить, какие именно единицы - интегранты должны иметься в виду, и во-вторых, выяснить аспект рассмотрения порождения или восприятие речи» - деп өз көзқарасын білдіреді .

А. Жүнісбеков қазақ тілі материалы негізінде жүргізген зерттеуінен: «Екпін үнді еуропа тілдеріне тән құбылыс, түркі тілдерінде сөз екпіні жоқ, оның қызметін бұл тілдерде сингормонизм атқарады» - деген пікір айтқан. Дегенмен түркологтар тарапынан бірден қолдау таппаса да, ғалым өз пікірін ғылыми негізге сүйене отырып дәлелдеген .

Түркі тілдерінің көпшілігінде бұл тілдердің өзіне тән ерекшеліктерін ескермейтін акцентті -фонемалық теория XX ғасырда жетекші көзқарас болған. Мұнда басты просодикалық доминанты дыбысталушы тіл ретінде акцент емес, сингормонизм болып табылады. Түркі тілдерінің дыбыстық жүйесін сингормофонемдік тұрғыдан сипаттау жайында тұңғыш пікір айтқан көрнекті лингвист Ахмет Байтұрсынов XX ғасырдың алғашқы ширегінде - ақ араб графикасы негізінде қазақ тілінің сингормониялық орфографиясын жасады. . Туркологияда әбден сіңісіп кеткен пікірден бұл концепция, шамасы, дәстүрлі концепциясымен қатар өмір сүруі тиіс, типтен бекітілуі де керек шығар. Автор сөздің фонетикалық бүтіндігі сегменттік (фонотактика-дистрибутивтік), сонымен қатар суперсегментті- поросодикалық құралдармен (екпін, тон және сингормонизм) қамтамасыз етіледі деген. Мұнда олардың біреуінің жоқ болуы тілдің өзіне тән қасиеттеріне байланысты және басқа бір белгінің пайда болуы мен дамуы нәтижесінде қамтылуы тиіс.

Жоғарыда айтылған сөз тұтастығы мынадай пікірлермен де дәлелденеді: фонемалар сөз құрамында сол тілге тән белгілі бір заңдылықтар бойынша бірігеді, өйткені кез келген сөз тұтастықты, құрылымды білдіреді, және басқа сөздерден ажыратуға мүмкіндік болатындай фонемалардан құралып, кезектілікте келуі керек. (8, 43)

Буынсыз тілдер материалында фонемалар тіркесуінің ерекшелігін зерттеген (үндіеуропа, түркі және басқалар) және бұл тілдерде фонемалар дистрибуциясы (дауысты, дауыссыздарда) белгілі бір заңдылықтарға бағынатындығын дәлелдеген А. Г. Зубкова бұл пікірді жоққа шығарды .

Мұнда нақты тілдің фонологиялық тіркесуінде шектеулер бар. Бірақ әр түрлі тілдерге ортақ әмбебап дистрибутивті заңдылықтарға бағынады. Бұл алдымен сөздегі дауысты және дауыссыз дыбыстарға қатысты. Бірқатар еңбектерде дауыссыздардың сөз басында, сөз соңында көп кездесетіндігі көрсетілген. Сөз басында дауыссыздар аз кездесетін (полинезиялық) тілдер де бар. Мысалы, немец, дұңған, араб, көне семит тілдері (иврит, сирия эфиоп т. б. ) . Дауыссыздардың сөз басы мен аяғында қолданылуын көрсететін әр түрлі шектеулер де бар. Бұл шектелген қолданыс үнділерге, әсіресе l, ч-ге арналған. l, г-дің сөз басында келмеуі түркі тілдерінің көпшілігінде, төл лексикасында атап көрсетілген.

Екі ұяңның-башқұрт, қарашай - балқар, қырым татар, хакас, қырғыз эвенк, сондай-ақ кәріс тілдерінде қатар келмейді десе де болады. Бұл тілдерде сөз басындағы l, ч дыбыстары бір фонеманың аллофондары.

Түркі және герман тілдерінде сөз басында мұрын жолды дауыссыздар ішінде «h» кездеспейді. Сөз аяғында дауыссыздардың қолданылуының шектелуі бірінші кезекті ұяң дауыссыздарға байланысты. Олар орыс, неміс, қарайым, +қырым, татар және басқа тілдерде кездеспейді. Үнділер арасында сөз басында бұрын еріндік- мұрындық “т”-ге байланысты шектеулер берілген. Бұлардың ішінде неғұрлым қарапайымдары n және h дыбыстары (11, 35) .

Түркі тілдерінде сөз соңындағы TS, TR. SR, RR типтегі тіркестер тіркесу мүмкіндіктеріне қарай тек кірме сөздерде ғана кездеседі. Кейбір жағдайларда тіркестердің арасын бөліп тұратын дауысты дыбыстармен бірге келуі мүмкін. Мысалы: көне өзбек тілінде Мысыр (Миср) «Египет», өмүр (-умр) «өмір». Хазыр (Хизр) - жалқы есім, хусун (хусн) - «әдемілік» сабур - (сабр) «сабыр» шыдамдылық”, зулум - (зулм) «зұлымдық». Түрік тілінде - resim - «сурет», akit (араб тілінен) «келісіне», hapis (араб тілінен) «абақты» nakil (араб тілінен ) «әңгіме»; Чуваш тілінде емер (өмр) «өмір», халах (халқ) «халық»; қырғыз тілінде оспы (< оспы ), омбы < Омыск < (< Омск), ладоз (< ладзь), гибозид (< гвоздь), икыс (<икс), текис (<текст), панке (<банк), пункүт (<пункт) . Сондай-ақ араб тіліндегі фикр «пікір» ұйғырша - фикр, түркіменше, қарақалпақша-фикир, қазақша - пікір, қырғызша - бикир; арапша-лафз «лебіз» ұйғырша-ләвиз, өзбекше - лафз қарақалпақша - лебиз; арабша-илм «ілім», ұйғырша -илим, өзбекше-илм, түркіменше-ылм, қарақалпақша -илми, қазақша -ілім, қырғызша-илим тағы басқа (11, 12, 63-64)

Түркі тілдеріне тән сөздердегі (буындардағы) дауыссыз дыбыстар тіркесдінде шұғыл дауыссыздардың қатысы (R+T және S+T) көп. Біз көне түркі тілдерінің сөздігінен шұғыл дыбыстардың қатысы арқылы болған сөз соңындағы дауыссыз дыбыстар тіркесіне мысал келтірейік: lp (alp мерген), lt ( elt «anapy») lk ( ilik «алғашқы»), lg (alg «жою»), rp(sarp «ауыр»), rt ( art«молаю») rk (berk «қатты») erk «еріндік») rg (barg «ғимарат», girg «қырық», nd nt (and-ant «ант»), st (ust «көтеріңкі»), sk (usk «жанында») .

Ызың дауыссыз дыбыстардың қатысы арқылы жасалған тіркестер мыналар: lp, rp, rt, ntnd, lk, rk, lg, rg, st. Осы тіркестер қазіргі кездегі түркі тілдеріне де тән. Мәселен: В. В. Радловтың сөздігінде көрсетілгендей, сөз соңындағы ызың дауыссыз дыбыстардың қатысы арқылы жасалған тіркестерде ұқсастықтар бар: (алп «батыр»), рп (кырп // кырк «қырқу») курп «өзеннің жағасы»), рт //рд (арт//ард) «артқы жоқ», арт «жанынан өту», курт «қасқыр», ст (аст, ост «астыңғы жоқ», лк(ilkilik) “алашқы” рк (өрк// өрүк «қырат», күрк «тон»), нг (анг // аң (анк баштон) «ең баста»), ңг (аңг// аң) (астыңғы жақтың жиектері), лк (калк «тұр»), шт (ішт / үст «үстіңгі жақ») Сөз соңындағы дадуыссыз дыбыстар шұғыл дауыссыз дыбыстардың қатысы арқылы тіркес жасауы түркі тілдерінде түрлі қолайлы жадайларға ие. Мысалы, қазақ тілінде сөз соңындағы тіркестердің дауыссыз дыбыстардың қатысы арқылы жасалуы мына төмендегіше: рт, рп, рк, рқ, нт, лк, лп, йт, нк, ңқ, мп. Қырғыз тіліне тән рп (арп «күш-қуат жұмсау», «ырп-қуат»), лп (жалп «кенеттен»), лт (жалт берді «дірілдеу»), нт (ант «ант»), рк (эрк «еркіндік») лк (жұлк «кенеттен күшею»), ңқ (доңқ «даңқ»), йт (айт «айту», мейрам) , мп (ээмп «ұластару»), ст (аст «асты») үст - үсті, шт (мүшт «жұдырық») . Азербайжан тілінде (ескі лексикасында) кездесетін тіркестер рп (чарп «соқ», ұр), лт (алт «асты»), рт (дарт «тарт»), нд (анд «ант»), рк(бәрк-қатты), лк (ілк «алғашқы»), нк (әнк «желке»), ст (үст «үсті») (14, 16, 17, 112-120)

Кейбір туркологтардың пікірінше, көне түркі тілдеріндегі сөздер түбірі Қ+А+Қ; А+Қ; Қ+А типтерден құралған, ал бір буынды (Қ) +А+Қ+Қ типтегі сөздер алғашқы түбірлерге сай келмейді. Бірқатар сөздерге талдау жасау нәтижесінде буындардағы дауыссыз дыбыстың қатысы (үнді дыбыстардың) нәтижесінде жасалған тіркестердің басындағы позицияларда кездесетінін байқадық. Екінші позицияда аз кездеседі. Сонымен (Қ) +А-үнді-ызың типтегі сөздер немесе көптеген қазіргі түркі тілдерінде (Қ) +А-шұғыл+қысаң типтегі сөздер бір кездері туынды болған да, үнді мен ызыңның, шұғыл мен қысаңның арасындағы дауысты дыбыстың редукцияға ұшырау нәтижесіндегі түбірдің бастапқы түрін көрсетеді. Мысалы, көне түркі тілінде элт «тарт» (< aлjm) ajm-айт (< ajыm), түркі тілдеріндегі кейбір бір буынды (Қ) +А+Қ+Қ типтегі сөздер (Қ) +А+Қ+А+Қ типіндегі сөздерге ұқсас болып келеді. Мысалы: Орхон-Енисей -эрк “ерік” тува тілінде эрге-шолээ, хакос тілінде-пос, латай тілінде -эрик, өзбек, түркімен тілінде-эрк, қазақ тілінде -ерік, қарақалпақ -ерк, ұйғыр тілінде эркин (лик) ; Орхон-енисей -корк “қорқу, ” тува тілінде -корук, хакас тілінде -хорых, алтай тілдерінде-корк, өзбек тілінде-қурқ, түркімен тілінде-горх; Орхон-енисей -бөрк «бас киім», тува тілінде -бөрт, хакас тілінде-перік, алтай, түркімен тілдерінде -бөрік, қырғыз тілінде-бөрк, қазақ тілінде -бөрік, қарақалпақ тілінде-бөрик, өзбек тілінде -бурк, Орхон-енисей -кырк «қырық», тува тілінде -дөртен, хакас тілінде-хырық, алтай тілінде -кырык, қазақ тілінде -қырық түркімен тілінде -кырк, қарақалақ тілінде-киык, өзбек ұйғыр тілдерінде-қирқ, сонымен бірге-айыт (айт) «сөйлеу», «сұрау», «айту», айт-«сөйлеу, айту», ай (ы) т-«сөйлеу, айту»; айыт-// әйит-«сөйлеу, айту»; бәрк «қатты, күшті», бэрк, бэрик «күшті», «қалың орман; арк// арік «күш», ілік (илк) «бірінші», алғашқы, арк // арык «арық», урк - «қорықу, жындану»; корт (кір) // курут «құрт, шыбын-шіркей»

Кейбір түркологтардың пікірі бойынша, сөз соңындағы дауыссыз дыбыстардың арасында келген дауысты дыбыстар эпентетикалық болып келеді, оларды бір буынды сөздердегі тіркестердің алғашқы Қ+А+Қ+Қ типін соңғы Қ+А+Қ+А+Қ типіне жатқызбау керек. Мләселен, А. М. Щербак «Оғуз-наманың» ұйғырша варинтында кездесетін КТ арасында дауысты дыбыстардың келуі кірк >кірік «қырық», корк >корук «қорқу», тарт > тарат «тарту» . . . деген мысалдардан бұл қолжазбаны құрған немесе көшіріп жазған адамның тілінде монғол тілінің диалектісі басым екені байқалатынын айтқан. Монғол жазба тілінде дауыссыз дыбыстардың тіркесі сөздің алдыңғы буынында да, сондай-ақ соңғы буынында да кездеспейтіні белгілі. И. А. Батмановтң пікірі бойынша ҚАҚАҚ формуласы бойынша екі буын құрайтын түбір және басқалары екі морфеманың тіркесуі арқылы болады деп пайымдамау керек, мұндай жағдайларда басқа процестер әсер етуі мүмкін. Бір буынды түбірлер екі буынды түбірлерге бөлінуі дауыссыз дыбыстардың тіркесу нормаларының нәтижесі болуы мүмкін. Оны төмендегі кірме сөздер арқылы дәлелдеуге болады. Мысалы, барк-«абырой», бейт - «құлпытас», бөрч - «қарыз», зарп, сарп - «шығын» сөздері борч- боруч, бейт-бейит, сары-сарып түрінде келеді. Сөздердің соңғы буынындағы дбыстардың тіркесуі жайында Ф. Абдуллаев төмендегіше пікір азйтқан, «что оно допустимо в основом в огузском наречий в кичакском же между согласными появляется беглый (ъ) », кырък «қырық», парък «өзгешелік», шарък «батыс». Бірақ мұнда интелегенция мен оқып жүрген жастардың сөйлеу тілінде бұл заңдылық әрдайым әдеби тілдің номаларын меңгеріп алу мақсатында өзгеріске ұшырайды

Кейбір бір буынды Қ+А+Қ+Қ типтегі етістіктерді қарастыра отырып (Мысалы, азербайжан тілінде -дарт «тарт», jырт- «жырту», сүрт «сүрту»; башқұрт тілінде - йырт, бүрт «аңқу», сирт «жуу»; якут тілінде -кәрт «кесу», кырт «қырқу»; түрік тілінде - surt «тарту», «tart» «асу, ілу»; өзбек тілінде-бүрт «iciрy, йирт, сүрт, төрт; қарақалпақ тілінде -сүрт, - тарт және тағы басқа) жеке туркологтар бір етістіктер түбірлерін жай бірдей деген пікірге әрдайм қосылуда. Олардың пікірі бойдынша, бұл етістіктердің түбірлері бір кездері туынды және екі буынды болған және осы түбірлердің құрамында келетін т (ыт-//-ит//ут+//үт) жұрнақтары оның көне сөзжасам қолданысындағы етістіктің формасы болып саналады. Ал К. Менгес бұл түбірлердегі «т» дыбысының шыққан тегі ет (делай) көмекші етістігі деп санайды. Мысалы қазақ тіліндегі қаjt-< қaj-et, sojt<so-et.

Бізге белгілі кейбір өлі және тірі түркі тілдеріндегідей азербайжан тілінде «горых» формасы сақталынбаған Мысалы, қазақ тілінде - «қорқу», түркі тілінде -«korkmak», хакас тіліндегі - «хорых» етістіктердің түбіріндегі гор-хор-қор-коr хырықсыз етістіктің формасы «гор», - деп есептлінеді. Біз жоғарыда айтылғандай пікірлерге сүйене отырып, көп буынды морфлемалардың бір түрі Қ+А+Қ+Қ және А+Қ+Қ типтегі бір буынды тіркестер (әсіресе етістік түбіріне дарт, үрк, эрк типтегі сөздер) көне түріне жатады демекшіміз. Дауыссыз дыбыстардың сөз соңындағы тіркестері әртүрлі болуы екінші элементтің түсіп қалу есебінен туындайды. Бұл элемент етістік тудыратын -ыч (-ик//-ук//-ук), (үрк<үр (у) к, gor (и) д, kor) (и) k, жұрнақтарының көне түрі. Бұл жұрнақтардың түсіп қалуының басты себебі түбірге қосымша жалғануы нәтижесінде екпіннің соңғы бдуынға жылжып, түбірдің екінші екпінсіз буынындағы дыбыстың редукцияға ұшырауынан деп түсінген дұрыс (25, 338-396, 26, 65)

Айта кететін бір жайдай, дар-ыт, сүр-үт типтегі екі буынды түбірлердің алғашқы буынындағы қысаң дауысты дыбысты жұрнақтардың түсіп қалуы, негізінде түбір үнді «р» дыбысына (кейде л дыбысына) аяқталғанда ғана кездеседі. Сонымен бірге айтылуы жеңіл үнді-қысаң типтегі сөз соңындағы тіркестерде кездеседі. Екі буынды түбірдің алғашқы буынның соңғы дыбысынан кейінгі қысаң дауысты дыбысты қосымшаның түсіп қалуы түркі тілдеріне тән қасиет.

Кейбір жадайларда қосымша жалғанғанда түбірдің дыбыстық құрамы өзгеріске ұшырайды. Біз қосымшаны алып тастаған жағдайда нақты, қолданыстағы сөздерге ие бола алмаймыз. Мысалы, тува тілінде-экти (< экт-и) < эшн -и «оның иығы» (экт сөзі жеке тұрып қолданылмайды, мағына бермейді), сактар(сактыр) <сагыныр «еске алу, сағыну, (сакт сөзі жеке тұрып қолданылмайды, мағына бермейді), алтай тілінде-карды (кард-ы) <карын-и «оның қарны», (кард сөзі жеке тұрып қолданылмайды, мағына бермейді), эрди (эрд-и) эрин-и «ерні» (эрд сөзі жеке сөз ретінде қолданылмайды, мағына бермейді) дьелди (дьелд-и) дьемен -и «желіні» (дьелд сөзі жеке тұрып қолданылмайды ешқандай мағына бермейді) . Жеке тұрып мағына бере алмайтын түбірлер тәуелдік жалғауының үшінші жағының жалғауымен бірге ажыратылмайтын сөз ретінде қолданылады (27, 110, 28, 125)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркітануға кіріспе
ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕГЕ ШЫҒУЫНА ЖОЛ АШАДЫ
Түркі тілдерін салыстырмалы-тарихи тәсілмен зерттеу. салыстырмалы-тарихи зерттеу (xyiii-xix ғғ.) Европа, Ресей ғалымдарының зерттеулері
Түркітануға байланысты алғашқы зерттеулер
Түркітануға байланысты алғашқы зерттеулер орыс ғалымдарының түркітануға байланысты зерттеулері. ХХ ғасыр басындағы түркітану тарихы
Түркологияның Еуропа мен Ресейде зерттелуі
Түркітануға байланысты алғашқы зерттеулер. Орыс ғалымдарының түркітануға байланысты зерттеулері.ХХ ғасыр басындағы түркітану тарихы туралы ақпарат
Орыс ғалымдарының түркітануға байланысты зерттеулері. ХХ ғасыр басындағы түркітану тарихы
Түркология және Қазақстан
Көне түркі жазба ескерткіштері жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz