Оқу материалдары және түйсік, маңызы


Оқу материалдары және түйсік
Оқыту - шәкірт тен ұстаздың өзара бірлесіп, ынтымақтасып жасайтын ортақ іс-әрекеті. Оқыту - мұғалімнің тәлім-тәрбие берудегі басты әрекеті болса, оқу - шәкірттің дүниені танып-білуге бағытталган өзіндік әрекеті.
Қысқаша айтсақ, оқу-еңбек әрекетін орындауға қажетті білім, дағды, икемділіктер жүйесін игеру процесі.
Сөйтіп, оқу меи оқыту, бір медалдің екі жағындай бір-бірімен
тығыз байланысқап күрделі әрекет. Оқу да, оқыту да қалай болса солай жүргізілмейді, олар белгілі мақсат көздеп, жоспармен жүйелі түрде ұйымдастырылып, жүзеге асады, олардың өзіне тән әдістері (тіпті әр пәнді оқып-үйренудің жеке-дара әдіс-тәсілдері болады) мен сабақ жүргізу формалары, сондай-ақ әр түрлі нәтижелері болады. Оқу арқылы шәкірт біртіндеп білім, дағды, икемділіістерді, тиісті ғылыми ұғымдарды меңгереді, мұның нәтижесінде оның жан қуатгары (ес, ойлау, қиял), эмоция, ерік-жігер т. б. процестері дами түседі.
Оқыту процесінің әртүрлі қырларын педагогиканың дидактика, сондай-ақ жекелеген пән методикалары қарастырады, Дидактиканың осы мәселеде зерттеуге орай ерекше сүйешетін тірек ғылымы - психология. Соңғысының басты саласыныңг бірі-оқыту психологиясы, ол оқу процесінің екінші жағын, яғни шәкірттердің оқу мазмұндарын ұғынып, әр түрлі тапсырмаларды қалайша орындай алу мүмкіндіктсрін зерттейді. Шәкірттің оқуга талпынысы мен ынтасының қалыптасу жолдарын, оның түрлі білім, дағды, әдеттерді қалайша меңгеріп отыратындығын, әр түрлі мазмұндағы материалды ұғыну ерекшелігін т. б.
Оқу материалдары адам психологиясына зор талап қоятны белгілі, өйткені, шындықтағы құбылыстардың сыр-сипатын, мән жайын ұғыну - өте күрделі әрекет. Мұның өзі бірнеше кезеңдерден тұратыны қазірде ғылымға белгілі болды. Мәселен, сабақта материалды ұғынудың алғашқы кезеңінде (таныстыру кезеңі) шәкірт нені қалай оқу керектігі жайлы жалпы мағлұмат алады. Бұған соңғы кезеңде, ол мұны тәжірибеде байқап кереді, үшінші кезеңде, ұғынғанын сөзбен тұжырымдайды. Төртінші кезенде, оларын ойына үстап тұрады да, бесінші кезеңде шәкіріте зат пен құбылыс туралы белгілі ұғым қалыптасатын болады. Ақыл-ой амалдарын меңгеру арқылы оқушы шындықтағы заттардың байланыс-қатынастарын меңгереді, бір затты екінішсімен салыстырып, дәлелдей алуға, олардың айырмашылық, ұқсастықтарын айыра білуді үйренеді, мұндай себеп пен нәтиженің, яғни заттардың себеп-салдары заңды байланысын түсінетіні болады, Мәселен, жас баланың өзі де «от жақса, түтін шығады» дегенде, оттың жануы-түтіннің шығады себеп болып тұрғанын аңғарады. Ұғыну дегеніміздің өзі де нәрседе себеппен қатар нәтиже болатындығына шәкірттің көзінің жетуі, соған жете түсінуі. Оқу матермалдарының-мәнісіне тереңдеп бара алмай, оларды жәй жаттал алу, өз бетінше пікір айтуға шорқақтық оқушыда талдау (анализ), жинақтау (синтез) тәсілдерінің әлде де оншама дамымағанын көрсетеді. Мұғалім шәкірт ойлануындағы талдау тәсілінің қалыптасуына жеткіліксіз көңіл бөлетін болса, ондайда оқушы материалдың бір-бірімен байланысының жеке жақтарын ғана меңгереді, әр ұғымның мәнін, өзіндік ерекшелігін жете түсімбей қалады, Сондай-ақ мұғалім сабақ беруде жинақтау тәсілін ойдағыдай пайдалана алмаса, онда берілетін мағлұмат бұрынғы материалмен дұрыс байланыспай қалады, бұл берілген мағлүматтың практикалық, мәнінің төмендеуіне әкеліп соғады. Кейбір мұғалімдер оқушыда бслсенді ойлау процесін дамытудың орнына олардың ес, жаттау қабілетін өсіруге ғана ерекше мән береді. Әрине, бұдан баланың есін дамыту онша мәнді нәрсе емес деген қорытынды шықпайды. Шәкіртке ойлаттырып, әр нәрсені бір-бірімен салыстырғызып, талдатып-жинақтатып, дәлелдеткізіп үйретсе ғана олардың танымы мазмұнды болады. Ал, материалды өз күйінше жаттап алу, оның ішкі мәніне бара бермеу, балада жаттампаздық, яғни оны құрғақ жаттап алуға әуес болуға жетелейді.
Орыс психологы П. Я. Гальперин (1902-1988) өзінің «Ақыл-ой әрекетін жоспармен, сатылап қалыптастыру» дейтін тұжырымдамасында оқушы қандай да болмасын бір меселені шешу үшін алдымен сыртқы материаддық әрекеттерді (яғни затты үстап көру, оның тұрқын, көлемін ажырату, шамасын білу, т. б. ) пайдаланады да, кейіннен оның бейнесін миында елестетеді, содан соң барып дауыстап, кейін іштей амта алатын болады, сөйтіп сыртқы заттық іс-әрекет (экстериоризация) біртіндеп ішкі ой әрекетіне (интериоризация) айналады дейді. Ақыл-ой әрекетінің қалыптасуының әр кезеңінде екі бөлім: бағдарлау мен орындау болады. Бағдарлау - оқытудың Қалай жүргізілетініндігіне байланысты. Шәкірт өзіне берілген оқу материалын ұғынуда бұрыннан өзі білетін жалпы ережелерді, негізгі заңдарды пайдаланса онда, бағдарлау анағұрлым өнімді болады. Бағдарлау - шешілуге тиісті нақты мәселенің шарттары мен мәліметтерін саралау, құбылыстың негізгі және мәнді белгілерін ажыратуға ұмтылу. Ал, орындау бөлімінде шәкірт амалдың іріктелген ережелері мен әдістерін, нақты бір мәселені шешуге пайдаланады. Ақыл-ой әрекетінің көрсеткіші оның бірінші бөлігі, өйткені мұнда мәселенің тұрнатын танып білу, оны шешу, қажетті әдістерді таңдап алу жағдайлары қарастырылады.
Шәкіртгің білім меңгеруі, мұғалімнің сабақ оқьггуы, екеуі де «инемен құдық қазғандай» қиын нәрсе. Мәселен, мүғалім оқушыға бұрыннан таныс нәрсені ығыр қылып айта берсе, осы жағдай онда ақыл-ой керенаулығын, кейде тіпті оқудан жиренушілікті туғызуы мүмкін. Сондықтан үстаз әркез шәкірттің рухани тілектерін, таным белсенділігін шөліркетпей, оны ұдайы қанағаттандырып, оның табиғатты, өмірді, адамдар еңбегін білуге құштарлығын түртпектеп дамытуы қажет. Тіпті бала бақшасындағыларда «бәрін білуге» қүштарлықтан туындайтын тамаша қасиет бар. Мәселен, олар «Артқы ұзын аяқтар қоянға неге керек?», «Ақ тиін неге ағаш басында тіршілік етеді?» «Бөлмеде сымға жабысып шалқалап тұрған шыбындар неге қүлап кетпейді?» т. б. осы іспеттес көптеген шытырман сұрақтар қоюға әуес келеді. Кейбір ата-аналар, кейде мұғалімдер де балалардың осындай айналаны білсем, танысам екен деген табиғи талпыныстарына жауап бере бермейді Көбінде олар «сен мұны бәрібір түсіне алмайсы», кейін мектепке барғанда оқисың ғой» деп, «ұзын арқан, кең тұсауға» салып жүре береді. Әрине, сұрақ кеткеннің бәріне жауап қайтара берудің де қажеті жоқ, өйткені мұндай сауалдардың кейбіреулері осы жастағы балалардың интеллект мүмкіндігін көтермейді де. Бірақ, мына жағдай әркез есте болуы тиіс. Егер жас баланың потенциалдық мүмкіндіктері жете бағаланбаса, яғни оның рухани тілектері қанағаттандырылмаса, бұл жағдай оның айналаны танып-білуге құштарлығының біртіндеп сөнуіне, самар қаулыққа салынуына себеп болуы ықтимал. Шәкірт ақыл-ойын жүйелілікпен дамыту үшін оқытуды тым жеңілдетудең де қажеті жоқ. Шәкіртгің ақыл-ойына жеткілікгі азық беретін оқу ғана қарқынды дамытуға септігін тигізе алады. Міне, оқушының ойлау белсенділігінің осылайша дамуынан білім мен дағдыға, икемге қанығудың негізі қаланады. Оқыту процесін психологиялық жағынан қарастыратыи П. Я. Гальперин теориясынаи басқа да әртүрлі тұжырымдамалар бар. Солардың бірі - проблемалап оқыту. Бұл үстаз бен шәкірте ортақ танымдағы белсенді ой тәсілдері мен ізденіс әрекеттерінің заңдылықтарын (проблемалық ситуация, танымдық қызығу, қажетсіну, т. б. ) ескере отырып жасалған, оқытудың бұрыннан мәлім тәсілдерін қолдану ережелерінің жаңа жүйесі. Бұл - шәкірттерді дамыта оқытуға, яғни ғылыми ұғымдары мен ғылыми дуниетанымы әр жақты дамыған жеке адамды, оның ақыл-ой белсеңділігін қалыптастыруга бағытталған оқыту әдісінің өзіндік жүйесі. Шәкірттердің ойлау қабілетін дамытуға оқытудың проблемалы сипатга балуы ерекше әсер етеді. Проблемалық оқу-оқушыға беретін білімнің бәрін мұғалімнің өзі баяндап бермейді.
Білім жүйесілерін меңгеру-күрделі ой жұмысының нәтижесі. Бұл ойлау тәсілдері мен ормалары (ұғым, пікір, ой қорытындылары) арқылы жүзеге асады. адам ойының бастапқы формасы-ұғым. Бұл айналадағы заттардың мәнді, негізгі белгілері туралы қарапайым ой. Шәкірттердің оқу үстінде меңгеретін ұғымдарының қалыптасу жолы бір неше басқыштардан өтеді. Алғашында бала меңгеретін ұғымдардың аумағы тар, мазмұны да кейіннен тереңдейді. Ұғымдарды меңгеру сөз арқылы іске асады. Сөз-ұғымның материалдық қабығы. Ұғым бір сөзбенде, бірнеше сөзбен де беріледі, оның нақты не абстрактіні, жалаң не күрделі екендігі тек контексте ғана айқындалады.
Шәкірттердің танымдық ұғымдарын берік қалыптастырмайынша оларға жүйелі білімберу қиынға соғады.
Осылайша ойлау тәсілдерін тиімді пайдаланудан шәкірттер өздері ұғынуға тиісті заттар мен фактілерді саралап, салыстырып, жекеленген құбылыстардың не себептен туындайтының, яғни оның шығу төркінің, себебін іздестіретін болады, оқушы мұғалім сұрағына тек жауап беріп ғана қоймай, оған өздеріде сұрақ қойып, мәселені өз бетінше шеше білуге машықтанады.
Еліміздің озат, жаңашыл ұзтаздары өз тәжірибелерінде методика, педагогика, психология ғылымдараның соңғы жетістерін тиімді пайдалана арқылы сабақ процессін нәтижелілігін жетілдіре түсуде. Ол бәрінен бұрын сабақтың құрлымына ерекше көңіл бөліп жүр.
Атап айтқанда, бұл біріншіден- ұстаздың сабақты терең және жан-жақты түсіндіруі, екіншіден - оқу материалын тірек плакаттарына орайластыра қысқаша баяндай білу. Осының арқасында шәкірт тірек белгілері бар беттердің (тірек плакаттарының шағын көшірмесі) мән-мәнісін ұғынады. Ол альбомдарына желімдеп жапсырады. Одан соң тірек сигналдарымен оқулықты қатар пайдаланып үй тапсырмасын орындауға машықтанады. Келесі сабақтарда тірек сигналдарын жазба түрде қайтадан жаңғыртады. Кейіннен сыныптағылардың ауызша, әсіресе тақта алдындағы жауаптарын тыңдайды.
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің, сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді түйсік деп атайды.
Түйсік арқылы заттардың түсін, иісін, дәмін қатты-жұмсақтығын кедір-бұдырлығын т. б. осы секілді қасиетгері ажыратылады. Сондай-ақ түйсік денедс болып жататын түрлі өзгерістер жөнінде де, яғни дененің қозғалысы мен оның кеңістікке орналасуын жеке бөліктерінің жұмысы жайлы хабарлайды. Сыртқы дүниені танып-білу түйсіктен басталады. Ол білім атаулының алғашқы көзі. Мәселен, жолдасыңнан көзін жұмуын өтініп, оның алақаныңа белгісіз бір затты тигізсең, сосын одан оның не екенін сүрасаң ол: «қатты, жылтыр, мұздай, жұмсақ, жылы кедір-бүдыр бір нәрсе» деп жауап береді. Заттардың нақты атаулы емес, тек түрлі қасиеттерін білдіретін осы сөз тіркестері түйсік болып табылады.
Түйсіктер заттар мен нәрселердің тек жеке қасиеттерін ғана мида бейнелейді. Мәселен: адам секундтың 1/10 бөлігінде жалт еткен жарықта көрдім деп айта алады, бірақ оның қалай деп аталатынын білмейді»
И. П. Павловтың жүйке қызметі туралы ілімі түйсіктердің пайда болуын анализатор (талдағыш) деп аталатын анатомиялық-физиологиялық жүйке аппаратының жұмысына байланысты түсіндіреді. Адамдар мен жануарларда көптеген анализаторлар бар. Олардың қай-қайсысы болмасын (көру, есту, қозғалыс т. б. ) ұш бөліктен құралады. Олар: бірінші сезім мүшесі (рецептор), Сезім мүшесі сырттан келген тітіркендіргіштерді жүйкелік қозуға айналдырып отыратын жер. Анализатордың екінші бөлігі - миға баратын жүйке талшықтары. Олар секундына 120 метр тездікпен рецепторларға түскен қозуларды мидың түрлі бөліктеріне жеткізіп отырады. Анализатордың үшінші компоненті (құрамы) - мидағы түрлі жүйке орталықтары. Олар тітіркендіргіштерді айыра алуға қабілетгі нейрондардан тұрады.
Егер осы айтылған анализаторның үш бөлігінің біріне зақым келсе, (мәселен, көзге зақым келсе) көру түйсігіне нұқсан келеді. Анализаторлардың мидағы ядролары тиісті аймақтарға ор-наласқанмен, олар бір-бірімен тығыз байланысып жатады. Ана-лизаторлар бірінің, қызметін екіншісі, атқара алуға да қабілетті. Мұны ми қабығының компенсаторлық функциясы деп атайды. Сезім мүшелерінің мимен байланыстылығы жәйлі Шәкәрім «Тән сезіп, көзбен көрмек, мұрын-исі, тіл-дәмнен хабар бермек. Бесеуінен мұндағы ой хабар алып, жақсы жаман өр істі сол тексермек», - деп мидың жетеші, басқарушылық рөлін ерекше атап көрсетеді».
Кейбір философтар мен психологтар адам түйсіктері заттардың объективтік қасиеттерін бейнелемейді, олар тек осы заттардың әсерінен сезім мүшелерінде пайда болатын өзгерістерді ғана бейнелейді дейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz