Ойын іс-әрекетінің психологиялық сипаттамасы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.6 б.
І бөлім. Ойын іс.әрекетінің психологиялық сипаттамасы.
1.1Ойын жайлы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7.13 б.
1.2Ойынның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14.16 б.
1.3Қазақ ұлттық ойындарының зерттелуі. ... ... ... ... ... ... ... ..17.20 б.
ІІ бөлім. Ойынның тәжірибелік тұрғыдағы әдіснамасы.
2.1 Ойын әрекеті және психикалық дамуы. ... ... ... ... ... ... ... 21.22 б.
2.2 Ойынның жүргізілу ерекшеліктері. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23.24 б.
ІІІбөлім. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25 б.
IVбөлім. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26б.
Vбөлім. Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27 б.
Сапалы ұрпақты өсіру әсіресе, психология ғылымының дамуына ерекше көңіл аударуды талап етеді. Психологияны дамыту арқылы өскелең ұрпақты өз дәрежесіне әлем елдеріне таныту бұл біздің әрбір азаматтың міндеті. Психология-педагогикалық қызметте негізгі әрекет түрі баланың логикалық психикалық дамуы болып табылады. Мұнда баланы тәрбиелеу процесіндегі шығармашылық дамыту ойын іс-әрекетімен тығыз байланыста болуы тиіс.
Қоғамның болашақ азаматын өсіру үшін отбасы, қоғамдық орындар, қоршаған ортаның тигізер ықпалы ұшан-теңіз. [1.3-4 б ]
Ойын мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті болып табылады.Атап айтқанда ойын арқылы балалар өмірді таниды, ойын оларды үлкен өмірге дайындайды. Сонымен қатар баланың шығармашылық дамуында маңызы өте зор.
Ойын мәнін балалық шақтан есейген шаққа өтетін көпір ретінде сипаттауға болады. Сонымен қатар мектепке дейінгі балалардың іс-әрекетінің дамуы үшін, тәрбиелеу үшінде ойынның мәні өте зор. Философтар, тарихшылар, этнографтар, психологтар, педагогтар ойынның шығу тарихына, оның бала өміріндегі орнын тәрбиелік мәнін шешу жөнінде әртүрлі мүмкіндікті зертттейді. Ойын теориясына елеулі роль қосқан Н.К.Крупская.
Бала ойынның әлеуметтік мәнін, өмір құбылысының ерекшелігін бейнелейтінін айта келіп, ең алдымен ойын қоршаған болмыс жөніндегі әсер мен ұғынуды кеңейтудің құралы деп біледі.
Баланың жеке басының дамуы үшін, ойынның айрықша маңызы бар. Ойын олар үшін оқу, еңбек, және тәрбиенің нақты формасы. Сан қатар ойын қоршаған ортаны танып білу құралы.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .3-6 б.
І бөлім. Ойын іс-әрекетінің психологиялық сипаттамасы.
1.1Ойын жайлы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7-
13 б.
1.2Ойынның
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14-
16 б.
1.3Қазақ ұлттық ойындарының зерттелуі. ... ... ... ... ... ... ... ..17-20
б.
ІІ бөлім. Ойынның тәжірибелік тұрғыдағы әдіснамасы.
2.1 Ойын әрекеті және психикалық дамуы. ... ... ... ... ... ... ... 21-22
б.
2.2 Ойынның жүргізілу ерекшеліктері. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23-
24 б.
ІІІбөлім.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
5 б.
IVбөлім. Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...26б.
Vбөлім.
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...27 б.

Кіріспе.

Сапалы ұрпақты өсіру әсіресе, психология ғылымының дамуына ерекше
көңіл аударуды талап етеді. Психологияны дамыту арқылы өскелең ұрпақты өз
дәрежесіне әлем елдеріне таныту бұл біздің әрбір азаматтың міндеті.
Психология-педагогикалық қызметте негізгі әрекет түрі баланың логикалық
психикалық дамуы болып табылады. Мұнда баланы тәрбиелеу процесіндегі
шығармашылық дамыту ойын іс-әрекетімен тығыз байланыста болуы тиіс.
Қоғамның болашақ азаматын өсіру үшін отбасы, қоғамдық орындар,
қоршаған ортаның тигізер ықпалы ұшан-теңіз. [1.3-4 б ]
Ойын мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті болып
табылады.Атап айтқанда ойын арқылы балалар өмірді таниды, ойын оларды
үлкен өмірге дайындайды. Сонымен қатар баланың шығармашылық дамуында
маңызы өте зор.
Ойын мәнін балалық шақтан есейген шаққа өтетін
көпір ретінде сипаттауға болады. Сонымен
қатар мектепке дейінгі балалардың іс-әрекетінің дамуы үшін, тәрбиелеу
үшінде ойынның мәні өте зор. Философтар, тарихшылар, этнографтар,
психологтар, педагогтар ойынның шығу тарихына, оның бала өміріндегі орнын
тәрбиелік мәнін шешу жөнінде әртүрлі мүмкіндікті зертттейді. Ойын
теориясына елеулі роль қосқан Н.К.Крупская.
Бала ойынның әлеуметтік мәнін, өмір құбылысының ерекшелігін
бейнелейтінін айта келіп, ең алдымен ойын қоршаған болмыс жөніндегі әсер
мен ұғынуды кеңейтудің құралы деп біледі.
Баланың жеке басының дамуы үшін, ойынның айрықша маңызы бар. Ойын олар
үшін оқу, еңбек, және тәрбиенің нақты формасы. Сан қатар ойын қоршаған
ортаны танып білу құралы.

Ойынның да әлеуметтік сипаты қоғамның мәні болады. Бала ойнау үшін
белгілі бір себеп әсер болады. Өткен ғасырдың оқымыстының бірі
Шиллердің айтуынша бала бір орында қозғалмай, оны қандай әрекетпен
айналыспай отырса, жұмсалмай қалған күш-қуат бала бойында жиналады.
Осы күш қуатты жұмсау қажеттілігі баланы ойындарға итермелейді. Осы
пікірге бірнеше психологтар қарсы сияқты өйткені тек жұмсалмай қалған күші
бар бұлар ғана емес, шаршап отырған бір де жақсы ойыншық көрсетіп ойнайсың
ба десе бала ия деп жауап беріпті. Осы жағдайды еске ала отырып
Австрияның атақты психологы Бюллер жұмсалмай қалған қуат теориясы
баланың не себепті ойнайтынына дәлел бола алмайды. Баланың ойнауының
себебін оның рахаттануымен байланысты.
Себебі бала өзі ойнаған кезде мәз бір болып рахаттанып, сезіне
алмаса, қызықпаса, екінші қайтып ойнағысы келмейді. Көрнекті орыс
марксистерінің бірі Плеханов Бала ойын әреті негізінде түгелдей
үлкендердің еңбек әрекеттерін қайталайды. Сондықтан ойын еңбектің інісі
дейді. Бірақта баланың не себепті ойнайтындығы әлі толық анықталмаған.
Себебі тек қана бала емес, жануардың төлдері, құстардың балапаны да
ойнайды.
Ойын іс-әрекетінің мектеп жасына дейінгі балаларға психологиялық
әсерінің ерекшеліктерін, оның ішінде қиял процесінің дамуына әсерін
зерттеу.

Жұмыстың мақсаты:
Ойын іс-әрекетінің мектеп жасына дейінгі балаларға психологиялық
әсерінің ерекшеліктерін, оның ішінде қиял процессінің дамуына әсерін
зерттеу.

Қойылған мақсатқа байланысты келесі міндеттер қалыптастырылды;

Міндеттері:

1. Іс-әрекет және оның әдіснамалық негізін қарастыру
2. Ойынның педагогикалық-тәрбиелік мәнін жан-жақты ашу.
3. Ойын іс-әрекетінің баланың психологиялық дамуына әсерін көрсету.
4. Ойын іс-әрекетінің баланың қиялын дамытуда алатын рольін айқындау.

Зерттеу обьектісі;
Мектеп жасына дейінгі балалар.

Зерттеу пәні;
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қиялы.

Зерттеу болжамы:
Балабақшада тәрбиеленетін мектеп жасына дейінгі балалардың
шығармашылық қиял деңгейі, балабақшада тәрбиеленбейтін мектеп жасына
дейінгі балалардың шығармашылық қиял деңгейлеріне қарағанда жоғары.

Жұмыстың теориялық мәні:
Зерттеу жұмысында іс-әрекет туралы Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн,
А.Н.Леонтьев, А.Р.Лурия, А.В.Запорожец, П.Я.Гальперин тәріздес әйгілі
Кеңес психологтарының теориялары кеңінен қарастырылды. Сонымен бірге мектеп
жасына дейінгі балалардың ойын іс-әрекеті туралы К.Гросс, Ф.Шиллер,
Г.Спенсер, К.Бюллер, З. Фрейд және т.б көптеген зерттеушілер мен
ойшылдардың көзқарастары қосып қарастырылды.
Теориялық бөліміне белгілі психолог-мамандарының теориялық ілімдері
өз үлестерін қосты. Олар: Л.СВыготский, К.Д.Ушинский, А.П.Усова.,
Д.Б.Эльконин.

Жұмыстың пратикалық мәні:
Эксперимнт барысында алынған нәтижелерді ата-аналарға және балабақша
тәрбиешілеріне ұсыныс ретінде ұсынуға болады.
Жұмыстың жаңашылдығы: Әлеуметтік өмірге жалпы белгілі бір қоғамға
бейімделуге баланың көркемдік, шығармашылық белсенділігін арттыру үшін,
сонымен қатар баланың тәрбиесінде ойындарды қолдану. Ойын іс-әрекеті арқылы
баланың тұлға болып қалыптасуына әсерін көрсету.
Мектепке дейінгі балаларға әдістемелерді қолдана отырып, балалардың
жас ерекшеліктері, білім, іскерлік және дағдының көлемі, балалардың даму
деңгейі мен психологиялық жай-күйі,

І бөлім. Ойын іс-әрекетінің психологиялық сипаттамасы.

1.1 Ойын жайлы жалпы түсінік.

Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті – ойын,
сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев:
Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма? деп айтқандай баланың өмірінде
ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы,
психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойынды зерттеу
мәселесімен тек психологтар мен педагогтар ғана емес, философтар,
тарихшылар, этнографтар және өнер қайраткерлері мен бала тәрбиесін
зерттейтін ғалымдарда шұғылданды. Көптеген балалар жазушылары бала ойынының
психологиялық мәнін және ойынға тән ерекшеліктерді көркем бейнелер арқылы
суреттегені де мәлім.
Адам іс-әрекетінің ерекше бір түрі - ойынның пайда болуын зерттеушілердің
біразы өз еңбектерінде өнер және ойын көркемдік іс-әрекеттің алғашқы қадамы
деп түсіндіреді. Ойында шындықтың көрінісі, оның бейнелі сәулесі қылаң
береді. Жалпы ойынға тән нәрсе өмірдің әртүрлі құбылыстар мен үлкендердің
түрлі іс-әрекеттеріне еліктеу екені белгілі. Ойынның шартты түрдегі
мақсаттары бар, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс-әрекеттер бала үшін
қызықты. Ойын адам әрекетінің бір түрі болғандықтан, оның да өзіне тән
мотивтері болады. Мысалы: дәрігер ауру адамды емдегенде өзіне жүктелген
міндетті сезінеді, осылай істеуді оның мамандығы қажет етеді. Ал дәрігер
болып ойнаған баланы алатын болсақ, ол да айналасындағыларды өзінше
емдейді. Бірақ бұл оның жай қызығуынан туған. Ойынның қозғаушы күші-
баланың нақты тілегі мен қызығуы. [1.14-17 б ]

Ойын арқылы бала өз қажетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай
қабілеті бар екенін байқап көрсетеді.
Кейбір шетел психологтары ойынды көбінесе санасыз инстинтерге
балайды. Мысалы олардың бірі-жануар төлімен адам баласының арасындағы
айырмашылықты жоққа шығарса, екіншілері ойын баланы артық энергиясын
сыртқа шығаратын тәсіл дейді, ал үшінші біреуі ойынды жай рахат табудың
көзі деп қарайды да, оның негізгі мотиві көрсетілмейді, мұндағы қоғамдық
фактордың ролін еске алмайды.
Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар: ойынның түпкі ниеті,
сюжетте немесе мазмұнды ойын әрекеттері рольдер, ойынның өзінің туатын және
балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі.
Ойын әрекеті белгілік( симзоликалық ) сипатта өтеді. Тек ойында ғана
баланың санасында белгілік функция қалыптасатындығы неғұрлым айқын
байқалады. Белгілік функцияның ойын үстінде көрінуін, өз ерекшеліктері бар.
Заттар мен ойын балаларының ұқсастығы, мысалы суреттің бейнеленген
болмысқа, ұқсастығы әлде қайда төмен болады. Баланың жасы өсумен қатар,
ойнайтын ойынның мазмұны да өзгеріп отыратыны белгілі. Мәселен, бір жастағы
бөбектің ойыны монипуляциялық сипатта болса, балалар бақшасындағы балалар
сюжеттік ойындармен айналысады. Бала ойын үстінде дүниетанудағы өз
мүмкіншілігін сезінумен қатар, айналасындағы адамдармен олардың әрекетіне
көңіл аударуды, заттың ішкі мазмұнын білгісі келеді. Балалардың қиялын,
ойлауын, сөйлеуін, дамыту үшін түрлі ережелермен ойнайтын ойындардың да
үлкен дидактикалық мәні бар. Сондықтан тәрбиешілер мен ата-аналар бұл
ойындарды белгілі талапқа сәйкес ұйымдастырып отырулары қажет. Балалардың
ойнына үлкендер тарапынан жетекшілік болмайынша, олардың әрекеттік мазмұны
өзінің негізгі мақсатына жете қоймайды.[1.13-15 б ].

Балалар ойынына үнемі дұрыс басшылық етіп отыру ой - өрісінің, өмір
тәжірибесінің жан-жақты қалыптасуына байланысты бір бөлігі. Мектепке
түскеннен кейін бала ойынының мазмұны кеңейе бастайды. Мәселен, мектепке
дейін тұрмыстық ойындарды көбірек ойнайтын болса, енді қоғамдық саяси мәні
бар, еңбек процесінің сан-алуан жақтарын көрсететін ойындарды ойнауға
ауысады. Ойынға байланысты бала нақты жағдайдағы өз санасында қиялға
айналдырып, сол ситуациядағы сезімдері мен эмоцияларын іске қосады. Ойындық
іс-әрекет бала тілінің шығуымен қарқынды дами бастайды.[3.7-9 ].
Сонымен, ойын баланы заттар мен құбылыстар мәнін тануға, әртүрлі қимылдар
мен әрекетті орындау ептіліктерін игеруге жаттықтырып, өзін тек әрекет
субьектісі емес, енді адам арқылы қатынастар субьект дәрежесінде сезуге
жетелейді.
Ойын-басқа тәрбие нормальдың қайсысынан болса да жоғары тұрады,
себебі ол біздің барлық тұрмыс тіршілігін ұйымдастыруға, баланың
белсенділігін арттыруға, өз бетімен әрекет етуге мүмкіндік береді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың жеке басының қалыптасуына байланысты
ойынның мынадай 7 ерекшелігі болады.
1. Бала ойын негізінде түгелдей үлкендерден көргенін, олардың өзара
қарым-қатынасын барлық әрекеттерінің түрін бейнелейді. Бала неғұрлым
белсенді әрекет етсе, соғұрлым ойын анық білдіреді және ойын негізінде бір-
бірімен тілдік қарым-қатынаста болады.
2. Ойын негізінде тек қана жекеленген әрекеттер емес, біріккен
қимыл қозғалыстарға әрекеті жүзеге асады.
3. Адамның басқа әрекеті сияқты бала ойынын да әлеуметтік сипаты
болады. Сондықтан да ойынның мазмұны адам өмірі мен қоғамның тарихи
өзгешілігіне байланысты ауысып отырады. Баланың ойыны да өзгерген өмір
бейнесін көрсетеді.

Мысалы: 4 жасындағы баланың ойыны Өзінің жауына қарсы күресу., т.б
сан күрделі шаруашылық еңбек сипатында болса, қазіргі кездегі баланың
ойынының мазмұны больница, завод, космос т.б
4. Бала өз ойыменде творчествалық шындықты бейнелейді. Кейде өзі
қиялға беріліп, фантазиясы мен ойынның мазмұнын да өзгертіп жібереді.
5. Бала ойынды да өз басында бар білімге сүйенеді, және ойын
мазмұны талпынысына, адамгершілігіне, қабілетіне байланысты өзгереді.
Мысалы: бала магазин, больница ойын ойнау үшін ол туралы түсінік, мағұлмат
білу керек. Сондықтан да ойынды үлкендердің еңбегін бақылау негізінде
жүзеге асады деп атайды.
6.Бала бірлесіп әрекет еткен кезде, бірігіп ойын ойнаған да
коллективтігін байқауға болады. өзара қарым-қатынас жасап, келісіп, пікір
алысып, ойынның ережесін орындап, коллектив мүддесін қорғап, коллектив
бойынша жетістікке жетуді көздейді.
7. Бала есейген сайын жан-жақты дамуына байланысты ойынның
мазмұнын дамып күрделеп отырады. Бұл тәрбиешінің жүйелі түрде басшының
жасай білінуіне де байланысты және осы кезде балаға ойындағы рөлдерді бір-
бірінен ажыратып, әр қайсысы рөльдер бойынша өзіне тиісті міндеттерді
атқару керектігін түсінеді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың ойынын зерттеген ғалымдар .
Н.К.Крупская педагогикада алғаш рет ойын мен еңбек байланысы мәселесін
көтерді. Ол балалар іс-әрекетінде ойын мен еңбек арасында шекара жоқ екенін
далелдеді; ойында да, жұмыста да, ең бастысы мақсат қоя білу және орындау.
Ойын балаларды еңбекке дайындайды.[3.102-104 б]
Н.К.Крупская өзінің көптеген еңбектерінде ойынның бала өміріндегі
маңызына үлкен мән берген. Қандай ойын болмасын, әйтеуір бір нәрсеге
үйретеді, ең бастысы-баланы мұқияттылыққа, еңбекке, жолдасымен ынтымақта
болуға үйретеді.

Ойын-балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын балаларға өмірде кездескен
қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды ұйымдастырушылық
қабілетін қалыптастырады дегенді айтады. Н.К.Крупская көптеген
мақалаларында ойынның әлемді тануға балалардың адамгершілік тәрбиесіне
ықпалын Өз бетінше еліктейтін ойын, алынған білімді меңгеруге зор ықпалын
тигізеді-деп, атап көрсетеді.
В.А.Сухомлинский Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз,
фантазиясыз, толық мәнідегі ақыл-ой тәрбиесі деген болмайды-деп санайды.
Мектепке дейінгі бала әрекетінің негізгі түрі – ойын, осы процесс
арқылы баланың рухани(псхикалық процесстер: зейін, ес, елес, т.б) және
физикалық күштері дамиды. Сонымен қатар, ойын-мектепке дейінгі, бастауыш
мектептегі жасқа тән қоғамдық тәжірибені меңгеудің тәсілі.
К.Д.Ушинский баланың ойынға деген қызығушылығы жөнінде былай дейді:
Ойын – балалар үшін шындық. Ал шындық қоршаған ортадан да қызық, бала үшін
қызықты болу түсінікті, өйткені онда өзіндік іс-әрекеті көрінеді. Бала
ойын әлемінде өмір сүреді, оның ізі шындық өмірге қарағанда терең қалады.
Ойын баланың мінез – құлқының қалыптасуына, псхикалық процесс кезіндегі
үйлесімді жетілуіне әсер етеді. Бір ойын ойлау және қабылдай білуін
жетілдірсе; ал екіншісі бір ойын ойлауға қабілетін; ал үшіншісі есте сақтау
қабілетін жетілдіреді.
А.М.Горький ойын ... . балаға әлемді танытатын, өзгертетін жол
ретінде сипаттайды.
Ойында баланың тұлғасы жан – жақты қалыптасады, оның психикасында
елеулі өзгерістер болады. Осы арқылы үлкен тәрбиелік мәні түсіндіріледі.
Сол себепті психологтар ойынды оқушының жетекші әрекеті деп есептейді.

Әсіресе, баланың өзінің шығарған ойындары ерекше орынға ие, оларды
шығармашылық немесе сюжеттік – рөлдік деп атайды. Шығармашылық ойын бала
тұлғасын толық қалыптастырады, сондықтан ол маңызды тәрбие құралы болып
табылады.[ 2. 185-190 б]
А.И.Сорокина дидактикалық ойындарды мазмұнына, танымдық маңызына,
ойын ережесіне және тәрбиешінің атқаратын рөліне қарай мынадай топтарға
бөледі: ойын – саяхат, ойын – тапсырма, ойын – жұмбақ, ойын – болжау.
Ойын –саяхат мазмұны жағынан еретегіге ұқсас, ондағы түсіндірілетін
материалға ертегілік сипат береді.
Ойын балалар өмірінде өте маңызды орын алады, үлкендердің
қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да
сондай маңызыды. Сондықтан болашақ қайраткер, ең тарихи ойындардың дамуы
және ойыннан жұмысы ары қарай бірте-бірте көшуі деп түсінуге болады. [
7.125-133]
А.С.Макаренко баланың өмірінде ойынның зор маңызы бар-үлкендер үшін
жұмыстың, қызметтің маңызы қандай болса, балалар үшін ойынның да маңызы
зор. Бала ойында қандай болса, ол ержетенде жұмысқа да сондай болады.
Сондықтан болашақ қайраткерлерді баулу ең алдымен ойын түрінде
жүргізіледі.
К.Гросс теориясы аса ықпалды болған. Оның ойынша, ойынның мәні, мұнан
әрі маңызды әрекетке, дайындыққа қызмет етеді; ойында адам жаттыға отырып,
өзінің қабілетін жүзеге асырады. Бұл теорияның құндылығы – ойынды
жетістікпен тығыз байланыстыруда болған. Ойынның жетістіктегі рөлі ерекше.
К.Гросс адам ойынын жануарлардың ойындары сияқты түсіндіре отырып, оларды
қате, бүтіндей биологиялық факторға, инстинктке апарады.

Г.Спенсердің теориясында, ойынның артықтығы өмірде, еңбекте
жұмсалмаған мол күштер өзін ойында деп көрсетеді. Бірақ жұмсалмаған күштер
қорының болуы олардың жұмсалу бағытын, олар неге басқа қызметке емес, нақты
ойынға құйылатынын түсіндіре алмайды, сонымен қатар шаршаған, қажыған адам
да ойынды демалу үшін ойнайтыны айтылады. [ 5. 145 – 155 б ]
Рубинштейннің ойынша, ойынды жиналған күшті жұмсау немесе іске асыру
деп түсіндіру, формалистік болады. Осы себепті бір теория ойынды
түсіндірерлік жағдайда емес деп қарастырады.
К.Бюллер ойынның негізгі себебі ретінде функцианальдық рақаттану
теориясын алға тартты.
К.Чуковский Адам өркениетке бейім болу үшін балалық шақты бастан
кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол
мәңгілік жабайы болып қалған болар еді деп санайды. К.Чуковский бала
денесінің дамуы мен ой-дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді
екендігін атап көрсеткен.

1.2. Ойынның түрлері.

Балалар өздерінің рольді ойындарында айналасындағы шындықтың көп
жақтылығын көрсетеді. Мектеп жасына дейінгілердің ойынының бірнеше түрі
болады. Олар: сюжеттік – рольдік ойындар; дидактикалық ойындар; қимыл –
қозғалыс ойындары; музыкалық – дидактикалық ойындар; театрлық ойындар;
Сюжеттік – рольдік ойындар тәрбиешімен бірлесіп ойнайтын ойындарда
таныс сюжетке жаңа эпизодтар енгізе отырып, ойыншықтар мен заттарды
қолдануға үйрету, ересектердің көмегімен өздерінің ойындарына қажетті
ойыншықтарды таңдап ала білу. Ойыншықтармен қимыл әрекет жасауда ойынға
ауысу жетекші сұрақтар қою. Берілген рөлге лайық қимыл - әрекет түрін
тауып, оларды байланыстыра білу. [ 8. 45 – 47 ]
Дидактикалық ойындар кішкене балаларға мейлінше тән оқыту формасы
болып табылады Дидактикалық ойындарды оқыту үдерісінде кеңінен пайдалана
отырып оқытудың тиімділігін арттыруға болады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастырудың жаңа жолдары
Іс - әрекет туралы
Білім беру процесінің субъекттері
Дамыта оқыту жүйесінің әдістері мен формалары
Іс әрекетке психологиялық талдау
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы
Ойын іс-әрекетінің психологиялық сипаттамасы туралы
Педагогика пәні бойынша бағдарлама
Оқыту процесіндегі танымдық іс-әрекеттердің дамуы
Спорт жаттықтыруының әдістері
Пәндер