Палеозой заманында тіршіліктің дамуы



Палеозой заманы 6 кезеңнен тұрады: кембрий, ордовик, силур, девон, тас көмір (карбон), пермь.
Кембрий (организмдердің каңқа қалдығы алғаш табылған орынның аты). Ауа райы қоңыржай, топырақ болмағандықтан тіршілік, негізінен, сулы ортада дамыды. Құрлықта тек бактериялармен көк-жасыл балдырлар тіршілік еткен. Өсімдіктерден жасыл, диатом, алтын түсті балдырлар теңіздерде еркін жүзіп, қызыл, коңыр балдырлар теңіз түбіне бекініп тіршілік еткен. Кембрийдің бас кезінде құллықтан шайылған тұздар теңіз суының тұздылығын арттырған. Әсіресе теңізде кальций, магний тұздарының концентрациясы көбейе бастаған. Теңіз жануарлары минералды тұздары денесіне еркін сіңірген. Буынаяқтылардың ертедегі өкілі – осы күнгі құрлық шаянына ұқсас (мокрица) трилобиттер пайда болған. Денесіне сіңген минарлды тұздардан денесінің сыртында хитинді сауыт түзілген. Трилобиттердің денесі хитинді-сауытты, 40-50 бунаққа бөлінген, теңіз түбінде жорғалап жүріп тіршілік етеді. Кембрийде – губкалардың түрлері, коралдар, былқылдақденелілер, теңіз лилиясы, кейініректе теңіз кірпісі пайда болды. Кембрийді – омыртқасыздардың даму кезеңі дейді.
Ордовик (қазба қалдықтар табылған жерді мекендеген тайпалардың аты). Теңізде қоңыр, қызыл балдырлар, трилобиттер тіршіліктерін жалғастырып дами береді. Қазіргі сегізаяқ, кальмарлардың туысы – алғашқы басаяқты былқылдақденелілер (ұлулар) пайда болды. Сонымен бірге иықаякты, бауыраяқты былқылдақденелілер тарала бастады.
Геологиялық қабаттардан қазіргі минога, миксиналардың арғы тегі болып саналатын жақсүйексіз омыртқалылардың қаңқасы табылған. Денесі мен құйрық бөлімі қалың қабыршақтармен қапталған.
Силур (тайпаның атауы) кезеңінде тау түзілу процесі қарқынды болғандықтан құрлықтың көлемі артты, ең алғашқы омыртқалылар пайда болды. Буынаяқтылардан ұзындығы 2 метрге жететін 6 жұп аяқтары бар алып ракоскорпиондар дамыды. Оның ауыз айналасына орналасқан аяқтарының ең алдыңғы жұбы қорегін ұстап бөлшектеу үшін қысқышқа айналған. Силурда ішкі қаңқасы шеміршекті, сырты қалқаннан тұратын сүйекті сауытпен қапталған ең алғашқы омыртқалы жақсүйексіз жануарлар – сауытты балықтар пайда болды. Сауытты балықтар жұп жүзбе қанаттары болмағандықтан, ұқсағанымен, шын мәнінде, жақсүйексіздер (дөңгелекауызылар) класына жатқан. Өте баяу қозғалу әрі қарай дамуға қабілетсіз етті, ақырында жойылды. Осы күнгі дөңгелекауыздылар – минога мен миксина сауытты балықтардың жақын туысы.
Судың азайып саяздануынан ең алғаш құрлыққа шыққан өсімдік – псилофиттер (риниофиттер). Оның құрылысы көп жасушалы жасыл балдырларға ұқсаған, нағыз жапырақтары болмаған. Жіңішке жіп тәрізді өскіншілері арқылы топыраққа бекініп, су мен минералды тұздарды сіңірген. Өсімдіктердің құрлыққа шығуы – эволюцияның ең негізі кезеңі. Бактерия мен көк-жасыл балдырлардың әрекетінен кұрлықта псилофиттер қорек корын алатын биогенді қабат – топырақ түзілді. Ең алғаш құрлыққп псилофиттермен қатар осы күнгі сарышаянға ұқсас өрмекшітектестер де шықты. Силурдың соңында қаңқасы шеміршектен тұратын жыртқыш балықтар пайда болды. Жақ сүйегінің болуы омыртқалы жануарлардың дамуына зор әсер етті. Өсімдіктер мен жануарлар құрлықты мекендей бастады.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Палеозой заманында тіршіліктің дамуы

Палеозой заманы 6 кезеңнен тұрады: кембрий, ордовик, силур, девон,
тас көмір (карбон), пермь.
Кембрий (организмдердің каңқа қалдығы алғаш табылған орынның аты).
Ауа райы қоңыржай, топырақ болмағандықтан тіршілік, негізінен, сулы ортада
дамыды. Құрлықта тек бактериялармен көк-жасыл балдырлар тіршілік еткен.
Өсімдіктерден жасыл, диатом, алтын түсті балдырлар теңіздерде еркін жүзіп,
қызыл, коңыр балдырлар теңіз түбіне бекініп тіршілік еткен. Кембрийдің бас
кезінде құллықтан шайылған тұздар теңіз суының тұздылығын арттырған.
Әсіресе теңізде кальций, магний тұздарының концентрациясы көбейе бастаған.
Теңіз жануарлары минералды тұздары денесіне еркін сіңірген. Буынаяқтылардың
ертедегі өкілі – осы күнгі құрлық шаянына ұқсас (мокрица) трилобиттер пайда
болған. Денесіне сіңген минарлды тұздардан денесінің сыртында хитинді сауыт
түзілген. Трилобиттердің денесі хитинді-сауытты, 40-50 бунаққа бөлінген,
теңіз түбінде жорғалап жүріп тіршілік етеді. Кембрийде – губкалардың
түрлері, коралдар, былқылдақденелілер, теңіз лилиясы, кейініректе теңіз
кірпісі пайда болды. Кембрийді – омыртқасыздардың даму кезеңі дейді.
Ордовик (қазба қалдықтар табылған жерді мекендеген тайпалардың аты).
Теңізде қоңыр, қызыл балдырлар, трилобиттер тіршіліктерін жалғастырып дами
береді. Қазіргі сегізаяқ, кальмарлардың туысы – алғашқы басаяқты
былқылдақденелілер (ұлулар) пайда болды. Сонымен бірге иықаякты, бауыраяқты
былқылдақденелілер тарала бастады.
Геологиялық қабаттардан қазіргі минога, миксиналардың арғы тегі болып
саналатын жақсүйексіз омыртқалылардың қаңқасы табылған. Денесі мен құйрық
бөлімі қалың қабыршақтармен қапталған.
Силур (тайпаның атауы) кезеңінде тау түзілу процесі қарқынды
болғандықтан құрлықтың көлемі артты, ең алғашқы омыртқалылар пайда болды.
Буынаяқтылардан ұзындығы 2 метрге жететін 6 жұп аяқтары бар алып
ракоскорпиондар дамыды. Оның ауыз айналасына орналасқан аяқтарының ең
алдыңғы жұбы қорегін ұстап бөлшектеу үшін қысқышқа айналған. Силурда ішкі
қаңқасы шеміршекті, сырты қалқаннан тұратын сүйекті сауытпен қапталған ең
алғашқы омыртқалы жақсүйексіз жануарлар – сауытты балықтар пайда болды.
Сауытты балықтар жұп жүзбе қанаттары болмағандықтан, ұқсағанымен, шын
мәнінде, жақсүйексіздер (дөңгелекауызылар) класына жатқан. Өте баяу қозғалу
әрі қарай дамуға қабілетсіз етті, ақырында жойылды. Осы күнгі
дөңгелекауыздылар – минога мен миксина сауытты балықтардың жақын туысы.
Судың азайып саяздануынан ең алғаш құрлыққа шыққан өсімдік –
псилофиттер (риниофиттер). Оның құрылысы көп жасушалы жасыл балдырларға
ұқсаған, нағыз жапырақтары болмаған. Жіңішке жіп тәрізді өскіншілері арқылы
топыраққа бекініп, су мен минералды тұздарды сіңірген. Өсімдіктердің
құрлыққа шығуы – эволюцияның ең негізі кезеңі. Бактерия мен көк-жасыл
балдырлардың әрекетінен кұрлықта псилофиттер қорек корын алатын биогенді
қабат – топырақ түзілді. Ең алғаш құрлыққп псилофиттермен қатар осы күнгі
сарышаянға ұқсас өрмекшітектестер де шықты. Силурдың соңында қаңқасы
шеміршектен тұратын жыртқыш балықтар пайда болды. Жақ сүйегінің болуы
омыртқалы жануарлардың дамуына зор әсер етті. Өсімдіктер мен жануарлар
құрлықты мекендей бастады.
Девон (Оңтүстік Англияның Девоншир графтық атағының құрметіне
аталған). Девонды балықтар кезеңі дейді. Теңіздің көлемі азайып, саязданып,
ауа-райы құрғап, шөлді-шөлейтті жерлер көбейді. Теңіздерде шеміршекті (осы
күнгі аққулар, скаттар, химералар) және сүйекті балықтар пайда болды. Жүзбе
қанаттарының құрылысына қарай сүйекті балықтар сәулеқанаттылар (жүзбе
қанаттары желпуіш ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы және дамуы
Органикалық дүниенің даму тарихы
Биология және дүниенің эволюциялық бейнесінің қалыптасуы
Эволюциялық ілім пәні бойынша дәріс
Өмірдің жерден даму эволюциясы
Жердің өткен физикалық-географиялық жағдайы. Геология геоморфология негіздерімен
Биологияны интерактивті оқыту
Жерде тіршіліктің дамуы
Жерде тіршіліктің пайда болуы және биогенді элементтердің айналымы
В.И.Вернадскийдің ноосфера жайлы ілімі және оның бүгінгі таңдағы рөлі
Пәндер