Нерв (жүйке) жүйесі


Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Нерв жүйесінің маңызы, оның дамуы, зерттеу әдістері
2. Жүйке жүйесінің құрылысы, қызметі, дамуы
3. Нерв талшықтары
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Нерв жүйесінің маңызы, оның дамуы, зерттеу әдістері
Нерв (жүйке) жүйесі- ақпаратты жылдам жеткізетін және басқаруды жүзеге асыратын күрделі ұйымдасқан әрі жоғары дәрежеде маманданған жүйе. Оның негізгі құрылымдық бірлігі нерв клеткасы.
Адам организмі күрделі де дара тығыз байланысқан жүйелерден, мүшелерден және ұлпалардан тұратын жоғары ұйымдасқан биологиялық супер жүйе болып есептеледі. Олардың күрделі құрылымында ерекше рөлді орталық нерв жүйесі ми мен жұлын атқарады. Ол адамнын организміндегі барлық клеткаларды ұлпаларды, мүшелерді, бұлардың жүйелерін өзара байланыстырып, функционалдық біртұтастықты ұтайды.
Орталық нерв жүйесінің қызметтері арқылы барлық мүшелер мен ұлпаларды болатын рецепторлар тітіркенген кезде туатын афферентті (орталық тепкіш) импульстер қабылданады. Орталық нерв жүйесінің туралы мүшелер әрекетін нақты бақылау нерв орталықтары мен шеткі огандар арасында екі жақты байланыс болатындығынан.
Мидың бүкіл организмдегі тіршілік процестерін ең жоғары және нәзік интеграциялаушы мүше ретіндегі көзқарастың қалыптасуында көптеген физиологтардың олардың ішінде М. М. Сеченов, П. К. Анохиннің, И. П. Павлов тың атқарған рөлдері айрықша. Афференттік нервтерді байлып орталық нерв жүйесіне түскен қозу импульстері тиісті эфференттік жолдарға жетуде, сол орталық нерв жүйесінде әр түрлі күрделілікте болатын, түрлінше функцияларды басқарып реттеуге қалыпты морфофункционалдық құрлым арқылы өтуі тиіс. Орталық нерв жүйесі арқылы қозу бір бағытта өтеді. Бұл қозғалысты, яғни құбылысты нерв орталықтарының қасиеті ретінде алғаш байқаған С. М. Сеченов болды.
Адамның әрекеті мен психикалық әрекеттері орталық нерв жүйесінде жүретін процестерге негізделген мидын, бүкіл организмдегі тіршілік процестерін ең жоғары және нәзік, интеграциялаушы мүше ретіндегі көзқарастың қалыптасуында көптеген физиологтардың, олардың ішінде М. М. Сеченов пен М. П. Павловтың атқарған рөлдері айрықша. Ол екеуі 1862 жылы «ми рефлекстері» деп аталатын еңбегінде организмнің қоршаған орта мен байланысты, оның түрлі әсерлерге қайтаратын барлық жауап реакциялары нерв жүйесі арқылы іске асатынын дәлелдеп көрсетті.
М. П. Павлов М. М. Сеченовтың осы идеясын басшылыққа ала отырып ми қызметін зерттеудің объективтік әдісін (шартты рефлекстер әдісін) тауып, ғылымға ендірді.
Әрі оны кеңінен қолданды және жоғарғы нерв әрекетінің физиологиясын жасап шықты. Түрлі шартты рефлекторлық реакцияларын бақылай анализдей отырып, ол мидағы, оның ішінде ми қыртысындағы нерв процестерінің (қозу мен тежелудің) ерекшеліктері, динамикасы, өзара әрекеттесуі туралы ғылыми нақты тұжырымдама жасады. Ми жұмысының принциптері мен заңдылықтарын анықтады. Ми қызметінің белгілі бір аймақтар мен алаңдарға шоғырланған атақты орыс ғылымы И. П. Павлов ашты. Ми қыртысының жоғары дәрежелі нерв қызметінің материалды субстрактасы бола отырып адамның күрделі іс-әрекетін қамтамасыз етеді.
Сонымен бірге мидың басқа бөлшектері арқылы организмдегі барлық процестерді реттеп организм организмге өзара қатынасын сыртқы орта мен байланыстырып отырады. Ми жұмысының орын тебу жағдайын М. П. Павловтың мектебі ғылыми зерттеу жолдарымен дәлелдеді. Олар әрбір шеткі органдар рецепторларының орталығы белгілі бір ми қыртысынан алақанда жинақталуын ашты. Ол заңдарды М. П. Павлов анализаторлардың ми қыртысындағы орталығы деп атады.
Сыртқы және ішкі ортадан тұрған тітіркендіргіштерді қабылдап, оған талдау жасайтын күрделі нерв механизмін анализаторлар рецепторлардан, өткізгіш жолдардан, ми қыртысынан аймақтарынан түзілген.
И. П. Павлов шартты рефлекстердің тежелеуін де зерттеді. Тежелеудің әртүрлі болатынын және әрқайсысының өзіне тән іске асу механизмі бар екенін көрсетті.
Функционалдың жүйе ұғымының теорияның негізін қалаған және дамытқан П. К. Анохин болатын. Бұл теория организмнің іс-әрекетін реакцияларының механизмін түсіндіруге қызмет етеді. Ол И. П. Павловтың рефлекторлық теориясының базасында оны адам әрі дамыту, нақтылау тереңдету, кеңейту нәтижесінде пайда болған деп есептеу керек. Оны рефлекторлық теорияның жаңа сапалы деңгейі десе де болады.
Функционалдық жүйе - белгілі бір нақты бейімді пайдалы нәтижеге қол жеткізуге бағытталған іс-әрекеттерді іске асыратын орталық нерв жүйесінің тиісті құрлымдары мен атқарушы (шеткі) органдарының (құрлымдар) динамикалық бірлестігі П. К. Анохиннің түсінігі бойынша, функционалдың жүйе түзуші ең негізгі шешуші фактор - әрекет нәтижесі. Организмнің пайдалы нәтижеге қол жеткізгенде оның тиісті қажетті өтеледі, қанағаттандыру іске асады. Осыған орай функционалдық жүйе «тарайды», мақсатқа бағытталған іс-әрекет тоқтайды. Ал егер орындалған әрекеттің нәтижесі организмді қанатантандырмаса функционалдық жүйе басқаша құрылып, мақсатты іс-әрекет одан әрі жалғаса береді.
П. К. Анохиннің функционалдық жүйе теориясын рефлекторлық теория тұрғысынан түсіндіруге болмайды деген пікір дұрыс емес. П. К. Анохиннің функционалдық жүйе теориясы бойынша әрбір функционалдық жүйе қызметінің құрлымына міндетті түрде кіретін мынадай шешуші звенолар ажыратылады.
1. Афференттік синтез
2. Шешім қабылдау
3. Әрекет нәтижесінің акцепторы
4. Іс-әрекет
5. Әрекет нәтижелері және оның негізгі белгілері
Осының нәтижесінде тиісті әрекет ағзаға қажетті өтелгені болмаса өтелмегені туралы, басқаша айтқанда пайдалы нәтиженің барлығы немесе жақтығы туралы баға пайда болады. Осыған байланысты мақсатты іс-әрекет одан әрі басқаш түрде жалғасы немесе аяқталу тиіс. Бұл айтылғандардан туындайтын қағидалардың бірі іс-әрекет адам мен оны қоршаған орта арасындағы нақтылы байланысты орнататын болмысқа туатын белсенді қатынас формасы П. К. Анохин функционалдық жүйе теориясын жануарлардың әртүрлі мақсатты іс-әрекеттерін түсінуге қолданды.
Анохин ұйқы ми қыртысы мен ең маңызды қыртысы туындыларының өзара қатынасындағы циклді өзгерістерге байланысты деп көрсетті.
Ал Павлов өзінің толып жатқан тәжірибелеріне сүйеніп ұйқы үлкен жарты шарлар қыртысында кеңінен таралған және біраз төменгі нерв орталықтарын қамтитын тежеу деп түсіндірді.
Қорыта келе Павлов өзінің алғашқы экспериментальдық жұмыстарында-ақ организмдегі жүріп жатқан процестердің реттеуші механизмдерін зерттеуге тырысты. Ол фистула әдісін ұсынды. Бұл әдісті қолданғанда организмдегі түрлі органдардың бір-біріне әсерін ескеруге толық мүмкіндік берді. Ал П. К. Анохин функционалдық жүйе ұғымын ұсынып әрі оның теориялық негізін қалап адам әрі дамытты. Бұл теория организмнің әр түрлі күнделікті белгілі мақсатқа бағытталған іс-әрекетін реакцияларының механизмін түсіндіруге қызмет етті. Ол М. П. Павловтың рефлекторлық теориясының базасында оны одан әрі дамыту, нақтылау кеңейту нәтижесінде пайда болған деп есептеуге болады.
2. Жүйке жүйесінің құрылысы, қызметі, дамуы
Орталық жүйке жүйесі денедегі барлық ағзалар мен физиологиялық жүйелер қызметін, зат алмасуын реттеп отырады, әрекеттер мен үрдістерді сыртқа орта құбылыстарына бейімдеп, тіршіліктің белгілі бағытта өтуін қамтамасыз етеді. Адамдарға жүйке жүйесінің ең жоғары бөлімі - ми. Ми сыңары қыртысының ерекше қызметі-ойлау, дүниетану, пікір тудыру. Мұның арқасында адам өзін сыртқы ортадағы құбылыстарға бейімдеп қана қоймай, сол ортаны өз мақсатына лайықты өзгерте алады, өткен кеткенді талдап, келешекті болжайды.
Аса күрделі тіршілік үшін зор маңызы бар бұл үрдістерді нейрондар мен жүйке орталықтары қамтамасыз етеді.
Нейрон дегеніміз - жүйке жасумасы. Ол жүйке жүйесі құрамындағы жеке (дербес) бөлік, сол жүйенің морфоәрекеттік негізі. Нейрондардың арасын нейроглия толтырады. Ол нейрондарды жан-жақты қоршайтын құрылым.
Нейрондар пішімі, көлемі жағынан әртүрлі. Бірақ қай нейрон болса да, ол дене және өсінділерден (талшықтардан) тұрады. Нейрон денесінде протоплазма, ядро, басқа жасушаларға да тән органоидтар және тек нейронда кездесетін тигроид (қарала) заттар болады. Соңғыларының әрбіреуі түйіршікке не кесекке ұқсайды. Ядролық бояулармен болғандықтан олар нейрон протоплазмасын ала-қула етіп көрсетеді. Нейрон талшықтары ұзындығына қарай (1 микроннан-1, 5 метрге дейін) аксон, дендрит болып екіге бөлінеді. Аксон нейронның ұзын, ал дендрит қысқа талшығы. Әр нейронда бір аксон, бірнеше дендрит болады. Дендрит аксондға қарағанда көп тармақты келеді. Аксонның нейрон денесінен басталатын жері аксон төмпешігі деп аталады. Төмпешікте тигроид заттар мен миелин қабығы болмайды. Аксон төмпешігінің қозу қабілеті өте жоғары. Сезімтал нейронның шеткей орналасқан ұшында қабылдағыш (рецептор) болады. Ал орталық жүйке жүйесіндегі жүйке тамшығының ұшы жуандап бүршікке ұқсайды. Нейрондардың осындай уштары бір-бірімен жанасып түйіспе құрады. Қозу серпінін қабылдағыштан жүйке орталығына бағыттап өткізетін жүйке тамшығы әкелетін (афференттік) деп аталады, ол орталықтан қозуды шеттегі ағзаларға жеткізуші талшықты әкететін (афференттік) деп атайды. Жүйке талшықтары майлы, жұмсақ қабығының болу-болмауына байланысты миелинді, миелинсіз деп екіге бөлінеді.
Нейроглия деп нейрондар аралығын толтыратын жасушаларды (глиондарды) айтады. Глия грек сөзі - желім деген мағынада. Расында да олар нейрондардың денесі мен талшықтарына жабысып тұрады. Глиондар екі түрлі-остроципттер және олигодендроциттер. Бұлардың аксонды болмайды және өзара түйіспелер құрмайды.
Астроципттердің өсінді талшықтары көп болады. Олар жасуша денесінен күннің сәулесі тәрізді жан-жаққа таралады.
Астроципттер көбінесе мидың қан тамырлары бойында орналасады да, нейрондарды олармен байланыстырады. Олигодендроциттер нейронның аксонын қоршайды, тармақтары өте аз болады.
Нейроглияның әрекеттік маңызы:
1. Нәрлендіру қызмет атқарады, яғни қаннан нейрондарға керекті қоректі заттарды алып, зат алмасу өнімдерін нейрондардан қанға өткізеді, олардың маңайын тазартады.
2. Нейрондардың тіршілігіне, қызметіне керекті жағдай жасайды. Нейрондардың айналасындағы сұйықтықтың иондық құрамын, медиаторлар мен судың деңгейін бір қалыпты сақтайды. Мысалы, К +ионы көбейіп кетсе, артығын өзіне сіңіріп жутады, ал медиаторлар көбейсе, олардың артығын ыдыратады немесе бейтараптандырады.
3. Нервтер мен нерв талшықтары.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz