Су бетіне салынған сурет


Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

СУ БЕТІНЕ САЛЫНҒАН СУРЕТ

Еуропалық ориенталистер «дүниедегі ең жұмбақ ұлыс» деп ат қойған түркі халықтарының тарихы, өнері мен әдебиеті, адамзат өркениетінің дамуына қосқан үлесі әлі күнге толық зерттеліп болған жоқ. «Жұмбақ ұлыс» тарихы құпиясының көбін әлі аша қойған жоқ. Бүгінгі әңгімеміз осындай уақыт шаңының астында қалып қоймай бүгінге жетіп, заманауи өркениеттің кәдесіне жараған бір кездегі ортағасырлық түркілердің әлем мәдениетіне қосқан ерекше өнері хақында болмақ.
Сурет өнері әлмисақтан бері бар. Тек адамзат ақыл-ойының дамуына қатысты суретті әр дәуірде әртүрлі материалдарға салған. Қазақ жеріндегі таңбалы тастар, сазбалшықтан құйылған тақталар, көне кілемдердегі, ұлттық киімдердегі, қару-жарақтардағы ою-өрнектер мен сурет- таңбалар ежелде дамыған сурет өнерінің бізге жеткен жұрнақтары ғана. Тақтай, тастан бастап, қағазға дейінгі барлық сұлба түсіруге келетін материалдарды еркін пайдаланған ата-бабаларымыз өнер тарихында «сурет салуға келмейді» деген материалды да ең алғаш меңгеріпті. Бұл қандай материал? Ол - кәдімгі су. Су бетіне сурет салып, оны қағазға көшіруді әлемге үйреткен де түркілер болып шықты. «Су бетіне сурет салу мүмкін бе» деп күмәндануыңыз ықтимал. Әбден мүмкін іс екен . . .
Ортағасырлық түркілер сурет салу үшін тек табиғи бояуларды ғана пайдаланған. Бояулар, негізінен, өсімдіктерді қайнату, не ұсақтап езу арқылы алынған. Ал су бетіне сурет салу үшін тіпті ерекше шыдамдылық пен даярлық қажет болған. Әуелі қырлы астаушаға су құйып, оны ақ май қосып қойылтып, анда-санда араластыра отырып бірнеше сағат бойы ұстаған. Су қоспасы әбден дайын болған кезде өгіздің өтін қосып әзірлеген қажетті табиғи бояуды су бетіне шашатын болған. Суға шашылған майлы бояу су бетінде түрлі өрнектер құраған. Ең қызығы, неше түрлі бояу шашылса да олар суда араласып кетпей су бетіндегі суреттің әртүрлі реңк беріп, адам баласы қолдан жасай алмайтын түстердің пайда болуына себеп болған. Мұндай керемет қосылыстардың тек Құдайдың құдіреті арқылы ғана іске асқанына сенген көне заман суретшісі Алласына іштей мінәжат етіп алып, енді әлгі «тәңірі өрнегінің» үстіне майлы бояумен өз өрнегін түсірген. Ол үшін жылқының қылынан жасалған жіңішке, әрі ұзынша қылқаламды пайдаланып, өзіне қажетті суретті не жазуды су құйылған астаушаның нақ орталық бөлігіне салған. Әрине, мұндай суретті салу үшін де ерекше майлы, суға еріп кетпейтін қою бояу пайдаланылған. Әсіресе, су бетіндегі сурет дайын болған соң енді осы суретті арнайы әзірленген қағазға көшіру асқан ептілікті, үлкен тәжірибені қажет еткен. Судағы суретті сол қалпында өз бойына сорып алуға тиісті қағаз әрі жұмсақ, әрі қатты болуға тиіс. Бұл үшін олар қағазға алдын ала крахмал мен жұмыртқаның ақуызынан әзірленген арнайы қоспа жаққан. Қағазды су бетіне бар болғаны 5-10 секунд қана ұстап, суретті көшірген соң, оны бірқалыпты температурада кептірген. Осы қызметтердің бәріне шыдап, рет-ретімен өте ұқыпты атқарғанда ғана су бетіндегі суреттің қағазға түсірілген нұсқасы көрерменінің көзайымына айналған. Ең ғажабы, суға салынған суреттің екінші нұсқасын, не көшірмесін жасау тіпті мүмкін емес. Себебі суға шашылған бояу әр кезде әртүрлі өрнек құрайды және ешқашан бірін-бірі дәл қайталауы мүмкін емес.
Өнертанушылардың айтуынша, бұл өнер Орта Азия жерінде VІІ-VІІІ ғасырларда пайда болғанға ұқсайды. Оның алғашқы атауы да осы ортағасырлық түркі тілінде қалыптасыпты. Түркі тілінде суға сурет салу өнері «эбре», «ебіре» аталып, «толқу», «толқынды», «толқын тектес» деген мағына беріпті. Қазіргі қазақ тілінде осыған ұқсас «еп», «емірену» түбірлері сақталған. Кейін түркі билігіне қараған парсы жұрты осы өнерді үйренгенде өз тілдеріне бейімдеп «эбри» деп атапты. «Эбри» - парсыша «бұлт тектес», «бұлтқа ұқсас» деген мағына береді екен. Кейбір ғалымдар парсы тіліндегі бұл атаудың қалыптасуына арабшада «бетке арналған су» мағынасын беретін «абру» сөзінің әсері болды деген де пікір айтады.
Суға сурет салуды ортаазиялық түркілер шығарғанмен оны дамыту, дәуірлету бақыты әуелі парсылардың, кейін осман түріктерінің еншісіне тиді. «Эбренің» шыққан отаны саналатын Бұқар мен Самарқан, Мәуреннахр мен Хорезм қалалары тарихтың талайлы күндерінде сан рет шабылып, мың мәрте қиратылды. Ақырында өнер мен мәдениеттің ордасы болған орындар күлге айналып, неше түрлі текті өнердің тұтқасын ұстаған тұлғалар тудырған мұралар да уақыт шаңының астында қалды. Олар ұстанған даңғыл дәстүрлердің, олар тұтынған тамаша өнер түрлерінің көбі өздерімен бірге кетті.
Суға сурет салуды алғаш меңгерген ұлттың ұлдары уақыт өте келе сиқырлы өнерді ұмытса да, «эбрені» әлем халқы ұмытқан жоқ. «Бұлтқа ұқсас» өрнектерді Шығыс халықтарының біразына таратқан парсылардан XІІІ-XІV ғасырларда-ақ үйреніп алған өз туысымыз осман түріктері бұл өнерді шарықтау шегіне жеткізді. Еуропаға таныстырды, әлемге әйгіледі. Жаңаша дамытты.
Қазіргі Анадолы түріктері бұл өнерді «эбру» деп атайды.
Түріктер «эбрені» ХVІІ ғасырда Еуропаға таныстырды. Күні бүгінге дейін еуропалықтар бұл өнерді «түрік қағазы», не «түрік мрамор қағазы» деп атайды. Сөйтіп, әлемдік өнертану ғылымында «мраморлау» деген термин пайда болып, осы аттас өнер саласы ерекше қарқынмен дамыды. Еуропалықтар мұны, әсіресе, баспа ісінде, кітап шығаруда кеңінен пайдаланды.
Бізге жеткен «эбренің» ең көне нұсқасы ХІ ғасырда салынған. Осы нұсқаға қарап-ақ су бетіне сурет салу өнерінің бұған дейін де бірнеше ғасырлық тарихты басынан кешіргенін, осы аралықта техникалық орындалу тұрғысынан, дәстүрлік толысу жағынан шеберліктің шырқау шегіне жеткенін байқауға болады. Осындай суреттердің көне нұсқаларын топтаған «Гай-и Чевган» аталатын алғашқы жинақ 1539 жылы Осман империясында жарық көрген. Ол қазір Ыстамбұлдағы атақты Топкапы сарайында сақтаулы тұр.
Айтпақшы, анадолылық ағайындардың да бір кездері «бұлтқа ұқсас өрнектер» өнерін естен шығарып, ұмыт қалдырған кезеңдері болған. Алайда қашаннан нарықтың парығын түсінгіш, саудаға жақын туыстар ХVІІІ-XІX ғасырларда Еуропада баспа ісінің қарқындап дамуына қатысты «мраморлауға» ерекше сұраныс туған сәтте ұмыт қалған дәстүрді қайта жаңғыртып, өз мұраларына деген қажеттілікті қамтамасыз ете алды. Сөйтіп, сиқырлы сурет өнерін кәрі құрлыққа жеткізген түріктер оны енді жаңаша дамытуға, түрлі элементтермен байытуға бар күштерін салды. Соның нәтижесінде бұл өнердің қайта өрлеу, өркендеу дәуірі басталды. XX ғасыр басында Нежмеддин Окяй (1883-1976) эбренің жаңа түрін ойлап шығарды. Ол енді бұрынғыдай судағы өрнектің қақ ортасына майлы бояумен салынатын авторлық суретті қылқаламмен емес, сорғыш қағазға арнайы қиылған трафарет жапсыру арқылы жасады. Бұл жұмысты біршама жеңілдетті және суретті суға жайылып кету қаупінен сақтады. Кейін бұл әдісті пайдаланып салынған суреттер «Нежмеддин эбруі» деп аталатын болды. Бұдан соң осы секілді ерекше әдіс не форма ойлап тапқан шеберлердің атымен олар жасаған туындылар аталатын дәстүр қалыптасты. Қазіргі Түркияда қалыптасқан «Хатип эбруі», «Нежмеддин эбруі», «Башер эбруі» деген дәстүрлі атаулар көп. Мың жылдан астам тарихы бар классикалық суға сурет салу өнерінің қазіргі кезде неше түрлі техникалық әдістері, бағыттары бар. Тіпті сурет формасына қарай «алып», «судың қайтуы мен толуы», «ирелең

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Каналдар жэне олардың топтары, көлденең қималары және формалары мен өлшемдері
Сия бояуларымен тәжірибелік жұмыс
Гравирлеу
Графика туралы түсінік
Кең зоналы жартылай өткізгіш материалдардың ерекшеліктері
Костюм - халықтың сәндік өнерінің бір бөлігі
Ағашты күйдіру арқылы көркемдеп өңдеу әдісінің ерекшелігі
Сурет салу өнері
Аквариум балықтарының үйлесімділігі
Мектеп бағдарламасындағы бейнелеу өнер сабағына жоспар құру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz