Өлкетану материалдарын пайдалану арқылы негізгі мектептің оқушыларын елжандылыққа тәрбиелеу


Өлкетану материалдарын пайдалану арқылы негізгі мектептің оқушыларын елжандылыққа тәрбиелеу
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2008 жылдың 6 ақпанынында жарияланған «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауы еліміздің халықаралық білім кеңістігіне, бәсекеге барынша қабілетті 50 ел қатарына кіру стратегиясының жалғасы болып отыр.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында білім беру жүйесінің басым міндеттері - «азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны − Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға және қоғамға қарсы кез-келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу» - деп айтылған.
Бүгінгі ХХІ - ғасырда егеменді Қазақстанда өмір сүріп жатқан жас ұрпақтың бойындағы ерлік пен елдік қасиеттің рухани негізі туып-өскен жері мен елінің салт-дәстүрінен, ұлттық мәдени мұраларынан, ел мен жер байлығын қорғап қалған Күлтегін, Тоныкөк, Қобыланды, Ер Көкше, Ер Қосай, Едіге, Қарасай, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Сұраншы, Саурық батырлардың ерлік істерінен бастау алады. Сонымен қатар, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан мәдени-рухани мұралар, тастағы жазбалардағы өсиет, өнеге, нақыл сөздер, өлкетану мұражайларына орналасқан мұрағаттар жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік, ерлік сезімді ұялатып, олардың туған жерге, өскен елге, ұлт мәдениетіне деген сүйіспеншілік қасиеттерді қалыптастыруға игі ықпал етеді.
Республикамызда зерттеліп отырған проблемаға байланысты М. Қозыбаев, Т. Тұрлығұл, Ж. Қасымбаев сияқты тарихшы ғалымдар тарихи-философиялық тұрғыда, әдебиет саласы бойынша М. Әуезов, С. Сейфуллин, М. Ғабдуллин, Е. Смайылов, С. Мұқанов, Ә. Қоңыратбаев, Ә. Сейдімбеков және т. б. зерттеушілер өз еңбектерінде ауыз әдебиеті үлгілеріндегі патриотизмнің ұлттық мәнін терең зерттеді.
Педагогика саласында бұл мәселеге Қ. Бержанов, С. Қалиев, Қ. Жарықбаев, А. Көбесов, С. Ешімханов, С. Иманбаева, Р. Джанабаева, М. Құрманбаева, С. Құсайынова, Е. Жұматаева, Л. Т. Сайдахметова, Ж. Қалиев, Р. Рысбекова, С. Нұрмұқашева, К. Құнантаева, Ш. Беркімбаева және т. б. ғалымдар елеулі үлес қосты.
Мәселен пән сабақтарында патриоттық тәрбие берудің жолдары А. П. Сайтешев, Г. Т. Хайруллин, Ш. Таубаева, Б. К. Абдугулова, С. А. Каримбеков, С. Дустов, С. М. Ахмедов, Б. М. Бекмұхамедов, Мукин Абдул, Т. И. Горная, т. б. еңбектерінде орын алса, туристік өлкетану, жастардың қоғамдық ұйымдары арқылы жастардың бойында тұлғалық патриоттық құндылықтарды қалыптастыру, тәрбиенің ұлтаралық мәдени қатынастар негізі мәселелері М. А. Горбова, Н. Н. Дубинина, Н. А. Асипова, т. б. ғалымдардың ғылыми зерттеулерінде басты назарға алынды.
Өлкетану материалдарының маңызын және оны жоғары сыныпта гуманитарлық пәндерде пәнаралық байланыста қолданудың ғылыми-әдістемелік мәселелерін әр қырынан сөз еткен қазақстандық педагог-ғалымдар: А. А. Саипов, М. Н. Мусабаева, О. Б. Мазбаев, Н. Н. Баранский, Ф. П. Калинин, А. Надеждина, В. А. Жучкевич, А. С. Барков, А. А. Бейсембаева, Ә. Мухамбетова, Г. К. Шолпанқұлова, В. К. Павленко, Р. Кенжебаева, Р. К. Аббасова, Р. Гусеинов, А. Н. Рощин, А. Р. Бектениярова, Н. П. Башкатаева, Г. Х. Валеев, Г. А. Коновалова еді. Солардың ішінде нақтылы біздің зерттеу тақырыбымызға бір табан жақын жұмыс деп оқушы жастардың патриоттық тәрбиесінің теориясына А. В. Луначарский, Н. Г. Крупская, А. С. Макаренко, С. Т. Шацкий, В. А. Сухомлинский және т. б. елеулі үлес қосты. Олар өздерінің жұмыстарында патриоттық тәрбиенің маңызды педагогикалық идеяларын қарастыра отырып, мұғалімдердің осы бағыттағы іс-әрекетінің педагогикалық негіздерін қалады.
Жастардың идеялық тәрбиесінің теориясы мен практикасын Н. И. Болдыревтың, Б. Т. Лихачевтың, И. С. Марьенконың, Э. И. Моносзонның, М. А. Терентийдің, В. Ф. Фарфоровскийдің және т. б. еңбектері айтарлықтай толықтырады. Олардың еңбектері оқу-тәрбие процесінің мәніне терең бойлауға мүмкіндік береді.
М. Н. Васильеваның, Н. Годзенскаяның, Н. Н. Никифорованың және т. б. жұмыстарында бастауыш сынып оқушыларының патриотық тәрбиесінің теориялық негіздері ашылып, әдістемесі беріледі.
Жастардың идеялық-саяси және адамгершілік тәрбиесіндегі музыка өнерінің рөлі бірқатар мамандардың еңбектерінде (Ю. Б. Алиев, О. А. Апраксина, Д. Б. Кобалевский, Т. В. Стриго, В. Н. Шацкая, И. Р. Халитова, С. Ф. Сизикова және т. б. ) зерттеледі.
Музыка өнері арқылы оқушыларға оқу-тәрбие процесінде адамгершілік-эстетикалық, патриоттық тәрбие беру процесін ұйымдастыру мәселесіне де біраз назар аударылып жүр (Л. У. Алимова, С. Ұзақбаева, Р. Төлеубекова, Ш. Кулманова, Е. Қозыбаев, М. Оразалиева, Б. Өтемұратова және т. б. ) .
Бүгінгі таңдағы мектеп дамуындағы патриоттық тәрбиенің міндеттері, мазмұны мен әдістері сонымен бірге оқулықтарда, оқу құралдарында, лекция курстарында Ю. Бабанский, И. Ф. Харламов, В. А. Сластенин, Н. Д. Хмель және т. б. көрініс алған.
М. Н. Мұсаеваның, М. С. Мәженақованың, Н. В. Ивлеваның, А. М. Текесбаева-ның, М. Ж. Құрманбаеваның кандидаттық диссертация тақырыптарындағы еңбектерін атауға болады.
Дегенмен, бұл мәселені педагогика ғылымы тұрғысынан қазіргі талапқа сай шешу үшін өлкетану материалдарын орта буында қалай пайдалану керек дегенді ғылыми-педагогикалық аспектіде қарастырудың маңызы ерекше. Себебі оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеуге қажетті материалдар негізінен орта мектептің 5-9 сыныптарында өтілетін пәндерде шоғырланған. Сонымен қатар, Алматы облысы, Жамбыл ауданының бірнеше мектептерінде мұражайлардың жемісті қызмет етуі, онда өлке материалдарының шоғырлануы, сондай-ақ осы өлкеде ондаған жезтаңдай ақындар мен ел қорғаған батырлардың, еңбек ерлерінің, журналист, жазушы-сазгерлердің көптеп шығуы өлкетану материалдарын оқу-тәрбие үрдісінде тиімді пайдалануға мүмкіндік туғызды.
Жоғарыдағы ғылыми еңбектерде өлкетану материалдары әр қырынан зерттелгенімен, біздің жұмысымызда өлкетану материалдары негізінде кіріктірілген бағдарлама бойынша жалпы білім беретін негізгі мектеп оқушыларын елжандылыққа тәрбиелеудің ғылыми-әдістемелік жолдары тұңғыш рет қарастырылып отыр. Оқушы жастарға жаңа әлеуметтік даму жағдайында өлкетану материалдары арқылы елжандылыққа тәрбиелеу мәселесінде белгілі қарама-қайшылықтың бар екенін ескере келіп, зерттеу тақырыбымызды «Өлкетану материалдарын пайдалану арқылы негізгі мектептің оқушыларын елжандылыққа тәрбиелеу» деп алуымызға тура келді.
Зерттеу мақсаты : өлкетану материалдарының ғылыми-педагогикалық негіздерін айқындап, оны орта мектептердің оқу-тәрбие үрдісінде тиімді пайдалану арқылы оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу.
Зерттеу нысаны: негізгі мектептегі оқу- тәрбие үрдісі.
Зерттеу пәні: өлкетану материалдарын пайдалану арқылы оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу.
Зерттеудің ғылыми болжамы : егерде өлкетану материалдарын мектептің оқу-тәрбие үрдісіне пайдаланудың ғылыми-әдістемелік кешені жасалып, оны оқу-тәрбие жүйесіне тиімді пайдаланса, онда оқушы - жастардың өзін-өзі тәрбиелеуге деген ынтасы артып елжандылық сезімі оянатын болады. Өйткені өлкетану материалдары оқушылардың туған өлкені жан-жақты терең танып білуіне, елжандылық сезімінің арта түсуіне мүмкіндік туғызатын білімдік те, тәлімдік те дерек көзі болып табылады.
Жетекші идея: өлкетану материалдарын оқу-тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану арқылы ұлттық мәдени мұраларды шынайы сүйетін елжанды азамат тәрбиелеу.
Зерттеудің міндеттері:
- этномәдениеттің өркендеу генезисін айқындап, «патриотизм», «Қазақстандық патриотизм», «ұлттық патриотизм», «елжандылық» ұғымдарға ғылыми анықтамаларды нақтылау; жергілікті мұражай экспонаттары мен оқу-әдістемелік құралдарды оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану арқылы оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеудің мүмкіндіктерін анықтау; мұражай материалдарын пайдалана отырып, оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеудің моделін ұсыну; оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеудің моделі негізінде таңдау курсының кіріктірілген бағдарламасын жасап, оны эксперименттік байқаудан өткізу, нәтижесін сараптау;
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
- этномәдениеттің өркендеу генезисі айқындалып, «патриотизм», «Қазақстандық патриотизм», «ұлттық патриотизм», «елжандылық» ұғымдарға ғылыми анықтамалар берілді; жергілікті мұражай экспонаттарының мазмұны негізінде елжандылық тәрбиесінің моделі жасалды; орта мектептің 5-9 сыныптарындағы тарих, география, әдебиет, биология пәндері мазмұнының кіріктірілген бағдарламасы жасалды; өлкетану материалдарын пән сабақтарында және сыныптан, мектептен тыс жұмыстарға пайдаланудың тәлімдік және білімдік мүмкіндіктері айқындалып, оны іске асырудың технологиясы қарастырылды.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
- мұражай материалдары негізінде тарих, география, әдебиет, биология пәндері бойынша арнау курсының кіріктірілген бағдарламасы жасалып, мектеп мұғалімдеріне көмекші құрал ретінде ұсынылды; кіріктірілген бағдарламаны мектеп мұғалімдері өздерінің күнделікті іс- тәжірибелерінде қолданып басшылыққа алды; зерттеу нәтижелерін Республика мектептерінде, мектептен тыс тәрбие мекемелерінде және аудандық, қалалық, облыстық, Республикалық мұғалімдер білімдерін жетілдіру курстарында пайдалануға болады; «Өлкетану» таңдау курс бағдарламасы материалдары негізінде түсірілген бейнетаспалар мен альбом, хрестоматиялық еңбектерді орта мектептердің оқу- тәрбие үрдісінде және арнаулы орта, жоғары оқу орындарында мұғалім кадрларын даярлауға қосымша құрал ретінде пайдалану тиімді демекпіз.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері : жеке тұлғаны тәрбиелеп жетілдіру теориясы, таным теориясы, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтардың диалектикалық өзара бірлік принципі, педагогикалық ой-пікірлерді зерделеудегі жүйелілік, құрылымдық, кешенділік тұжырымы негізге алынды. Сондай-ақ Үкіметтің қаулылары, «Білім туралы» Заң, мемлекеттік білім стандарттары, бағдарламалар мен оқу-әдістемелік кешендер және жергілікті өлкетанудағы мұражай материалдары пайдаланылды.
Зерттеу әдістері: философиялық, психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерге ғылыми-әдістемелік тұрғыда талдау, оқу-тәрбие үрдісінде өлкетану материалдарын пайдаланудың әдістемесіне сипаттама, оқулықтар мен оқу бағдарламаларына салыстырмалы талдау, озат іс-тәжірибелерді жинақтау, қорыту, сауалнама жүргізу, сұхбаттасу, диагностикалау, педагогикалық эксперимент жүргізу, оның нәтижелерін сұрыптау, оларды математикалық статистикалық жағынан өңдеу.
Зерттеудің көздері: зерттеу проблемасы бойынша философтардың, педагогтардың, тарихшы этнографтардың еңбектері, ресми материалдар мен құжаттар (ҚР Конституциясы, «Білім туралы» Заңы, Тілдер және мәдени мұралар туралы заңдар) оқу-әдістемелік құралдар, Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы Жамбыл Жабаевтың, Сүйінбай Аронұлының, Үмбетәлі Кәрібаевтың және орта мектептердегі өлкетану мұражайларының материалдары.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
Бірінші кезеңде (2003-2004 жж. ) зерттеу проблемасы бойынша ғылыми зерттеулер, философиялық, психологиялық, педагогикалық, тарихи-этнографиялық еңбектерге талдау жасалынып, жүйеленіп, олар бойынша қорытындылар мен тұжырымдамалар жасалынды. «Патриотизм», «Ұлттық патриотизм», «Қазақстандық патриотизм», «Елжандылық» ұғымдарына ғылыми түсіндірмелер берілді. Зерттеудің ғылыми аппараты анықталып, негізігі ұғымдардың мәні, мазмұны айқындалды.
Екінші кезеңде (2004-2005 жж. ) зерттеу тақырыбы бойынша жинақталған материалдарға ғылыми талдау жасалды. Өлкетану материалдарын пән сабақтары мен сыныптан тыс жұмыстарда кіріктіре пайдаланудың бағдарламасы мен оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеудің моделі және оны іске асырудың ғылыми-әдістемелік технологиялық үлгісі жасалып, эксперименттік материалдар даярланды, эксперименттік байқаудан өткізілді.
Үшінші кезеңде (2005-2006 жж. ) эксперименттік байқау негізінде алынған нәтижелер сараланып, әдістемелік ұсыныстар жасалынды, диссертация түрінде рәсімделді.
Зерттеудің базасы: тәжірибелік - эксперимент Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы Наурызбай батыр Құтпанбетұлы, Жамбыл ауылындағы Жамбыл орта мектебінде, сондай-ақ Қарғалы ауылындағы № 1 мектеп және Ә. Бейсеуов, Дегерестегі О. Әубәкіров, Қарақастектегі Сүйінбай атындағы орта мектептердің оқу-тәрбие үрдісінде эксперименттік сынақтан өткізілді.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
- өлкетану материалдары арқылы оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеудің ғылыми-педагогикалық теориялық негіздеріне сипаттама; жергілікті мұражай экспонаттары мен оқу-әдістемелік құралдарды оқу-тәрбие үрдісінде тиімді пайдалану арқылы оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеудің мүмкіндіктері; мұражай материалдары негізінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеудің моделі; оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеудің моделі негізінде жасалған таңдау курсының кіріктірілген бағдарламасын эксперименттік байқаудан өткізудің нәтижесі;
Зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі : өлкетану материалдарын тиімді пайдалану арқылы оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу мәселесін ғылыми-әдістемелік тұрғыда негіздеумен, оны зерттеу барысында теориялық және практикалық тұрғыда сынақтан өткізіп дәлелдеумен негізделді.
Зерттеу жұмысының нәтижелерін сынақтан өткізу және енгізу:
2004-2007 жылдары өткен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 70 жылдық мерейтойына арналған «Отандық тарихты оқыту: проблемалары мен инновациялық мәселелері» (Алматы, 2004 жыл, 21-22 қазан), Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясында өткізілген «Үздіксіз білім беру жүйесіндегі оқулықтарды жетілдірудің қазіргі тенденциялары»: IV Халықаралық ғылыми-практикалық конференция (Алматы, 2004 жыл, 28-29 қазан, Абай атындағы қазақ ұлттық педагогика университетінде өткізілген «Қазақстан және әлем: тарих және заман» (Алматы, 2004 жыл, 22 желтоқсан), Абай атындағы қазақ ұлттық педагогика университетінде өткізілген Қоғам және мемлекет қайраткері, педагогика ғылымдарының докторы, КСРО Педагогика Ғылымдары Академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстан ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, профессор Ә. І. Сембаевтың 100 жыл толуына арналған (Алматы, 2005 жыл 25-26 ақпан), Қазақстанда жоғарғы педагогикалық білім беруді реформалау: тарихы, тәжірибесі және болашағы (Атырау. 2007, 6 қазан, А. Қонақбаймен авторлық бірлестікте) атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде өткізілген Қазақстан . Республикасының. Ата заңының 10 жылдығына арналған «Менің Отаным Қазақстан» (Талдықорған, 2005 жыл, 7-8 сәуір) республикалық және «Жаңа педагогикалық технологияларды ендіру жағдайында білім беру процесін ұйымдастырудың проблемалары» (Алматы, 2004 жыл) атты облыстық ғылыми-практикалық конференция материалдарында, Республикалық ғылыми-педагогикалық журналдарда жарияланған мақалалардан көрініс тапқан.
Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде: зерттеу жұмысының көкейкестілігі, мақсаты, нысаны, пәні, болжамы, міндеттері, жетекші идея, зерттеудің әдістері мен ғылыми-практикалық мәнділігі, кезеңдері, қорғауға ұсынылатын қағидалар, зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі, сынақтан өткізу және тәжірибеге ендірілуі қамтылған.
«Өлкетану материалдарын пайдалану арқылы оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеудің ғылыми-педагогикалық теориялық негіздері» атты бірінші бөлімде этномәдениеттің өркендеу генезисі және оның елжандылық тәрбиемен байланысы тарихи және ғылыми теориялық тұрғыда қарастырылған. Өлкетану материалдарының жергілікті мұражай экспонаттары мен оқу-әдістемелік құралдардағы көрінісі талданған. Өлкетану материалдары арқылы оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеудің моделі жасалып, оны тарих, әдебиет, география және биология пәндері таңдау курсының кіріктірілген бағдарламасы бойынша іске асырудың жолдары сөз болған.
«Өлкетану материалдары арқылы оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеудің педагогикалық-әдістемелік технологиясы» атты екінші бөлімде өлкетану материалдарын оқушыларға пән сабақтарында және сыныптан, мектептен тыс жұмыстарда меңгертудің негізі, бағыттары мен ұстанымдары, әдіс-тәсілдері, мазмұны мен тәлімдік мәндері айқындалған және эксперименттік байқаудан өткізіп, нәтижелері тұжырымдалған.
Қорытындыда. Зерттеу жұмысындағы қол жеткен нәтижелер жинақталып, тұжырымдар мен ғылыми-әдістемелік ұсыныстары берілді, бұл мәселені ары қарай жалғастырудың жолдары көрсетілді.
Қосымшаларда. Өлкетану материалдары арқылы оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеудің әдіс - тәсілдері мен өткізілген игі шаралардың жоспарлары, мұражай материалдары және тағы басқа да қосымша деректер берілді.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Мемлекетіміздегі білім беру жүйелері мен білім беру мазмұны жаңаша реформалаумен байланысты бүгінде мектептің алдында мына төмендегі міндеттерді шешу жүктелуде:
- Жаһандану заманында әлемдегі жаңаруларға лайық жаңаша және икемді ойлауды қалыптастыру. Ұлттық мәдениетті меңгерте отырып әлемдік мәдениетті игеру. Ана тілін жетік меңгере отырып, өзге тілдерді меңгеру және тіл арқылы өз мәдениетінің жетістігін өзгеге таныту. Мемлекеттік тілге, рәміздерге құрметпен қарау және елжандылыққа тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы демографиялық жағдайға ықпал ету және т. б.
Өлкетану материалдары бойынша 5-9 сынып оқушыларының бойына отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырудың теориялық мәселелері қарастырылды. Отан от басынан басталатынын, оның туған өлке тарихымен байланысты туындайтынын аша келіп, «өлкетану» - деген сөзге анықтама бердік. Өлкетану - сол өлкеде туып, өсіп, тіршілік ететін азаматтарды қоршаған ортаның материалдық және рухани құндылықтарымен таныстыра тәрбиелеп жетілдірудің және ұлтжандылық сезімін оятудың қайнар көзі. Сондай-ақ қазіргі философиялық, педагогикалық әдебиеттерде «патриотизм» сөзі (грек тілінде patris - Отан) Отан, өз халқына деген сүйіспеншілік деп түсіндірілсе, үлкен энциклопедияда, «патриотизм - Отанға деген сүйіспеншілік, оған берілгендік, өзінің іс-әрекеттерімен оның мүддесі үшін қызмет етуге ұмтылу» деп анықтама берілген. Интернационализм - латынның «inter - аралық, natio - ұлт, халық сөздерінен құралған. Оның мәнісі ұлтаралық, халықаралық сезім дегенді білдіреді. Патриотизм мен интернационализм ұғымдары бір-бірімен тығыз байланысты, екеуі де еліне, халқына, ұлтына, сондай-ақ басқа елдер мен халықтарға сүйіспеншілікпен, құрметпен қарау деген сөз. Ал Қазақстандық патриотизм дегеніміз осы елде тұрып, тіршілік етуші барлық халықтарға деген достық қатынасқа тәрбиелеу болып табылады.
Оқушыларға «патриотизм» дегеннің адамның бойына туа біткен биологиялық қасиет емес, ол-әлеуметтік, тарихи тұрғыда отбасы, ауыл-аймақ, білім және тәрбие беретін мектебі арқылы жастардың бойына біртіндеп қалыптастырылатын сүйіспеншілік сезім екендігіне көздерін жеткіздік.
«Ұлтжандылық» сезімнің туған өлкеге, туып өскен жерге, ел қорғаған батырларға, өнер адамдары мен еңбек ардагерлеріне деген сүйіспеншіліктен туатыны, елжандылық қасиеттің бүкіл адам баласын сүюмен, гуманизммен байланысты екені нақтылы мысалдармен өмірмен байланыстырыла түсіндірілді. Ұлтжандылық сезімнің негізгі құндылықтары: адамның жеке басы, оның өмірі мен қызметі, туып-өскен ортада материалдық және рухани құндылықтар жасаудағы іс-әрекеті, айналасындағы еңбек, өнер адамдарының адами ізгі қасиеттерін терең сезініп, еліктеуі, олардың еңбектегі және өнер саласындағы табыстарына мақтаныш сезіммен қарауы, туған тілге, ұлттық өнерге, туған өлке тарихына деген қызығушылық білдіруі, сүйіспеншілік әсем сезімдердің жеке тұлғаның бойынан көрініс табуы екені пайымдалды.
Ал ұлттық сезіммен Қазақстандық патриоттық сезімнің бірлігі интернационалдық, гуманистік сезімді туғызатыны, Қазақстан халықтарының әлем халықтарының мәдениетіне сүйіспеншілік, достық сезіммен қарайтыны оны жүз жылдың жыршысы Жамбыл Жабаевтың совет халықтары достығын жырлауынан, шынайы патриоттық іс-әрекетті тәрбиелеуден туатындығына оқушылардың көзін жеткіздік.
Біз Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан Республикасына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдрламасы туралы Жарлығы және білім беру мекемелерінде тәрбие берудің кешенді бағдарламасын басшылыққа ала отырып, жергілікті мұражайлардағы өлкетану материалдарын орта мектептің 5-9 сыныптарында әдебиет, тарих, география, биология пәндеріндегі теориялық материалдармен кіріктіре пайдаланудың бағдарлық таңдау курсы бағдарламасын және оны меңгертудің моделін жасадық. Сондай-ақ оны сабақта және сабақтан тыс тәрбие жұмысында пайдаланудың ғылыми-әдістемелік кешенін жасап, эксперименттік мектептердің іс-тәжірибесінде байқаудан өткізіп, нәтижесін сараптадық.
Оны іске-асыруда мына мақсаттар басшылыққа алынды:
- тәрбие процесі үздіксіз және дамытушы процесс деген біртұтастық көзқарасты басшылыққа ала отырып, мұражай материалдары негізінде оқушылардың бойында туған өлкеге деген сүйіспеншілік сезімді ұялату; мұражай материалдары арқылы, оқушылардың дүниетану көзқарасын қалыптастырумен бірге эстетикалық сезімдерін жетілдіріп, еңбекке, өнерге деген құштарлық сүйіспеншілік сезімдерін ояту; оқу-тәрбие процесінің біртұтас үрдіс екеніне аса жоғары мән беріп, сабақ процесінде оқушы бойына сіңірілген білім, білік, дағдыларды сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында жалғасын тауып өрістей түсуіне мүмкіндік туғызу; азаматтық тәрбиенің нәтижелік көрінісі ретінде оқушылардың шығармашылық еңбектерін талдай отырып, сөз өнеріне деген талғамы мен талантын ұштай түсу, сөйтіп олардың келешекте өмірден өз орнын таба білуіне бағыт-бағдар беру.
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың пән сабақтарында игерген білім, білік, дағдыларын ары қарай дамытуға, оларды іскерлік қабілетіне қарай топтастырып қоғамдық істерге белсене қатыстыруға мүмкіндік туғызылады, достықты, жолдастықты нығайтуға, жеке бастық және қоғамдық мүдделерді біріктіруге оң әсер етеді.
Бұл мәселелер өлкетанудың кіріктірілген бағдарламасында жан-жақты қарастырылды. Өлкетанудың таңдау курсының кіріктірілген бағдарламасын жасауда төмендегі принципті ұстандық:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz