Минералды шикізат байлықтарын пайдалану және оларды қорғау


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:
Минералды шикізат байлықтарын пайдалану және оларды қорғау.
Өзбекстан жерінде геологиялық жағынан бұрыннан өте күрделі палеогеографик даму процестері болған, күрделі қатпарлану үрдісі, теңіздің тартылуы, күшті тау бұрмаланулар, жанартаулар әрекеті барысында жерде әр түрлі қазба байлықтар пайда болған. Қәзіргі күнде Өзбекстанда 2700 ден артық қазба байлықтардың кендері және болашақта ашылатын орындары анықталған. Осылардың көбісі жердің беткі қабатына жақын орналасқан, олардың 60 түрі ауыл шаруашылығында пайдаланылады. Өзбекстанның бүкіл минералды қор бағасыны көлемі 3, 3 трлн АҚШ долларына бағалаған.
Отын-энергетика негізін түзетін табиғи газ қоры 2 трлн м 3 , көмір 2 млрд . т. құраған. Мұнайдың 160 дан артық кен орындары табылған. Мұнайдың бүкіл қоры 4 млрд . т. , газ конденсаты 630 млн . т. табиғи газ 5 трлн. м 3 . ты құрайды. Бұлардан басқа сирек кездесетін -алтын, күміс ; түсті металлдар-мырыш, қорғасын, мыс, молибден, вольфрам және басқа металдардың өте үлкен қорлары бар.
Өзбекстанда көптеп көмірсутектер, яғни газ конденсат, мұнай, мұнай-газ конденсаты және газды мұнайлы кен орындары ашылған. Бухоро -Хива, Сурхондаря, Фарғана, Үстірт аудандарында газды мұнай бассейндері орналасқан. Фарған аңғарында сорсу, нефтобод, Андижан, Полвонтас, Оңтүстік Оламушук, Мыңбұлақ кен орындары ; Сурхондаряда мұнай-газ аудандары Ховдаг, Кокайда, Ушқызыл, Лалмикор, Гожак, Бухоро мұнай-газ ауданы Газлы, Сортан Ортабұлақ, Тасты Сортепе, Зевар т. б. Хисор тау етектерінде Пачкамар Қызылбайрақ, Омонота мұнай-газ кен орындары. Арал теңізінің құрып кеткен жерлеріндегі газ қорлары анықталуда. Қәзіргі күнде жанармайдың 88% газ, 6. 7 % мұнайдан, 5. 3 % көмірдің үлесіне тиеді. 1995 жылы 8 млрд . т. мұнай 50 млрд. т. газ шикізаты қазып алынды.
Өзбекстанда 20 астам көмір кен орындары анықталған. Еліміз жылына 3. 5 млн. т. көмір қазып алынады. Көмірдің өнеркәсіптік қорлары АНгрен, Шаргун және Бойсун кен орындарында орналасқан. Бойсун кен орнында ашық түрде көмір қазып алынады.
Қәзіргі күндегі барлық көмірдің 97% қоңыр көмір, қалған таскөмір.
Өзбекстан асыл және сирек металдар-алтын, күміс қорлары бойынша аладыңғы орында. Алтын қазып алу бойынша ТМД елдері арасында екінші орында, бүкіл қоры 4 мың тонна. Республикада алтын күміс шығатын 30 астам кен орны анықталған. Ірі алтын кен орнылары Маржанбұлақ, Қурама, Мурынтау және Чотқол жоталарында табылған. Күміс Қызылнура жоталарында, Қызылқұмда үлкен қоры анықталған. Негізінде алтын кен орнылары уран және басқада элементтермен бірге кездеседі.
Түсті және сирек металдар-мыс, қалайы, қорғасын, вольфрам, литий, алюминий кездеседі. Мыс рудасы Қурама тауында Саричека, Қизиота кен орындары, вольфрам, молибден, қалайы, висмут, сынап, сурьма Оңтүстік және Ота Тянь-Шаньдағы Қоратепа, Лангар, Қойтас, Жіңішке, Яхшон кен орындары, 20 молибден кен орны анықталған. Висмут рудасы, мишьяк-висмут кен орындары Чотқол мен Қурама тауларында бар. Оңтүстік Ферғанада 100 ден астам сынап және 10 астам сурьма кен орындары бар.
Қара металдар-темір, титан, марганец және хромның кен орындары бар . Үлкен титан марганецлі кен Султон Увайс тауларында (қоры 4 млрд . т. ) Нурота тауында, марганецлі шөгінді кен орындары Зарафшон-Зирабұлақ, Қоратепа, Лола бұлақ және басқа жерлерде табылған.
Тау-химия өнеркәсібі шикізаты болған фосфариттер, ас тұзы, сода және басқа тұздардың көптеген қорлары Борсакелмес, Хожаикон, Бойбичекон және басқа жерлерден анықталған. Құрылыс материалдарының 370 тан астам кен орындары анықталған. АҚ қызыл қызғыш мәрмәр кен орындары іске қосылған.
Табылған жаңа қазба байлықтар кен орындарын іске қосу, оларды транспортқа дейін жеткізу, қайта өңдеу керек элементті бөліп алу технологик күрделі жүйеден тұрады. Өзбекстанда жылына 200 млн . т. дан астам тау жыныстары қазып алынады, керек емес жыныстар көлемі 150 млн. м 3 ден көбірек. кен және шахталардан шығарылған жыныстар Алмалық тау-кен өнеркәсіп кешенінде 1, 5 мың га. жерді алып жатыр. Республика бойынша 10 мың га. құрауда. Ашық түрде қазып алатын кен орындары қорша, ан ортаны көбірек ластайды. Қазба байлықтың бетін ашу үшін көптеген жарылыстар жүргізіледі. Сосын көп көлемді шаң ауаға көтеріледі. Осындай кен орындарында бір жарылыста ауаға зерттеуде анықталғаны 100-200 т. шаң көтеріледі екен.
Грунттарды транспортқа арту және тегістеу кезінде 10 т, шаң болуы мүмкін. Жүк таситын машинадан тәулігіне 10 кг шаң ауаға көтеріледі екен. Құрылыс материалдары кен орындарында тау кесу кезінде ауада шаң көлемі 1 м 3 да 1500 мг ға жақын болады екен. Ірі жүк машиналары КРАЗ- 256 секундына 202, 2 м гм көміртек оксиды, 175, 9 мг азот оксиды, 138, 6 мг акролеин, БЕЛАЗ -548 машинасы секундыға 1156 мг көміртек оксиды, 1305 мг азот оксиды, 6, 0 мг акролеин шығады. Бұл өз кезігінде адам өмірі үшін қауіпті.
Жердегі қазба байлықтарды табу өте қиын жұмыс болып саналады. Оның үшін геологиялық сүретке түсіру кезінде көптеген жерлерді қазу жұмыстары жүргізіледі, яғни машиналар пайдаланылады . Көптеген жерлерде жол болмағандықтан техника жүруі үшін жаңа жолдар салынады. Сонымен қатар зерттеу барысында 3-3, 5 км ұзақтықтағы жол үшін 1 га жер кетеді екен, 0, 3-0, 4 га жерде құмды аумақ пайда болады.
Бұрғылау жұмыстары кезіндеде көптеген жайлауға жарамды жерлер құрытылады.
Қазба байлықтардың азаюына және сапасының төмендеуіне бірнеше фактор әсер етеді. Қазба байлықтарды көп кезде ашық түрде қазып алған пайдалы, 3-8 пайыз, ал күрделі кен орындарында 10-12% құрайды. Шахталық әдіспен қазып алған кезде көмірдің 20-40%, қара және түсті металдардың 15-25%, тау-кен химиясының шикізаты 20-60% азаюы мүмкін.
Сонымен қатар қазба баайлықтарды тасыған кезде де азаятындығы анықталған. Зерттеу кезінде анықталған көмірді ашық вагондармен тасығанда желдің кесірінен майда түйіршіктері ауаға ұшып кетеді екен. Мысалы, Новокузнецктен Магнитогорск қаласына дейін көмірдің салмағы 1, 2 тоннаға кеміген. Осы себепті вагондар үстіне мұнай немесе су себетін болды.
Негізінде түсті металды руда кен орындарында негізгі мыс, қорғасын, никель түзілген элементтерден басқа алтын, күміс, платина, вольфрам молибден кобальт мишьяк барий кадмий селен теллур индий және т. б. элементтер бірге кездесетіндігі анықталған.
Бұзылған жерлерде рекультивация жұмыстары.
Қазба байлықтарын қазып алғандан кейінгі қалған қалдықтар жиынтығын-террикондар деп атайды. Осындай жерлер негізінде бұзылған жерлер деп аталады. Бұзылған жерлерде жер бедері шұңқырлы төбелі болып келеді. Алдыңғы табиғи топырақ қабаты үстіне жиналған осындай үйінділер әсерінен ол жер бедері өзгереді. Топырақ қабаты мен өсімдік дүниесі толығымен жоғалып кетеді. Осындай жерлерді пайдалану қиын болады, сондықтан ол жерлерді қайта жаңғырту жұмыстары рекультивация жасалынуы тиіс.
Рекультивация жұмыстары екі деңгеймен іске асырылады, яғни техник және биологик. Техник деңгейде жерлер тегістенеді, қалдық жыныстар үстіне топырақ жамылғысы жатқызылады. Сосын биологик рекультивация деңгейінде топырағының құнарлығын арттыру жұмыстары жүзеге асырылады. Ол сорлану, эрозияға дефляция процестерінің алдын алу болып саналады.
Карьерлер, шахталарда, бұрғылау жұмыстары жүргізілген жерлер көбінесе өзгеріске ұшырайды. Қазба байлықтары толық алынған соң ол жерлер ауылшаруашылығы үшін тапсырылуы тиіс. Себебі жерлер сол бойынша қалып кетсе ол әрі қарай жарамсыздығы жоғарылайды. Террикондар, егер радиоактив жағынан зиянсыз болса онда үстінгі бетін тегістеу жұмыстарын жүргізу жетеді.
Биологиялық деңгей кезінде алдын тез өсетін өсімдіктер отырғызылады. Бұл кейінгі мәдени өсімдіктер өсуі үшін жағдай жасау болып табылады.
Құрылыс материалдары (шағал, құм, тас, гил, лесс) алынған карьерлер көбірек өте тереңге кеткен шұңқырларды түзеді. Ташкент айналасындағы кірпіш зауытының карьері өте үлкен көлемді шұңқыр түзген. Көп кезде сол шұңқырлар қараусыз қалады. Бұл табиғи топырақ пен өсімдік жамылғысы өзгерісіне алып келеді. Егер осы сияқты карьерлерді рекультивация жүргізу арқылы қалпына келтірсе экономикалық жағынанда тиімді болып саналады. Сонымен қатар осындай шұңқырларды қалдық тастайтын жер сияты пайдалануда, бірақ бұл тереңге кеткендіктер жер асты суларына тікелей қатысы бар болады, яғни су көздерін ластайды деген сөз. Бұзылған жерлерді рекультивация жасау аз көлемді жерлерді қамтуда. Ресми мәліметтерге көре Өзбекстанда 1987 жылда 2, 3 мың, 1988 жыл 1, 6 мың, 1989 жылда 1, 9 мың, 1990 жылда 3, 3 мың, 1991 жылда 0, 52 мың, 1992 жылда 1, 7, 1993 жылда 0, 19 мың га жер қалпына келтіріліп пайдалануға берілген. Бұл іс Үстірт аймағын да өте төмен.
Қалдықтар екінші деңгейлі байлықтар, оларды пайдалану мәселелері.
Әр жылы түрлі өнеркәсіп обьекттері құрылғандығы, химия, тамақ өнеркәсібі, жылу электр станцияларының тоқтамай жұмыс істеуі барысында көптеген қалдықтар қалуда. Жалғыз Өзбекстанда жылына 100 млн тонна түрлі қалдықтар жиналады. Олардың жжартысы улы болып келеді. Өзбекстан табиғатты қорғау бойынша мемлекеттік мекеме мәліметі бойынша улы қалдықтар қоры 2 млрд тонна құрайды екен. Қалдықтың көп бөлігі 1, 3 млрд тонна тау -кен өнеркәсібі мен қайта өңдеу кәсіпорындарынан шығады. Рудаларды байыту кезінде бөлініп шыққан шлактар мен клинкерлер жылына 50-60 млн тоннаны, олардың алып жатқан жер көлемі 10мың га құрайды. Химия өнеркәсібі қалдықтары негізінен фосфогипс, лигнин, маргенецлі болып келеді. Қатты күйдегі қалдықтар көлемі 100 млн тоннаны құрайды екен . Қара мен түсті металлургияда байыту және қайта өңдеу кезінде 350 мың тонна металлургия шлакы шығады. Сонымен қатар манина жасау, жылу электр станциялары, жеңіл және тамақ өнеркәсібтерінде екінші деңгейлі қалдықтар шығады, олардың бір бөлігі қайта басқа бір өнеркәсіпке жіберіледі. Бірақ көп бөлігі қайта өңделмей қалдық күйінде қалуда. Қатты қалдықтардан толық қайта өңдеп өнім алса, табиғат жағдайы, яғни топырақ пен өсімдік жамылғылары, грунт сулары мен жайлаулар ластанбайтын еді.
Жылу электр станциялары, көмір сақталатын және басқа өнеркәсіп қалдықтарынан қәзіргі кезде шлак блоктар жасалуда. Осының нәтижесінде бір жағынан қалдық өңделсе, екінші жағынан құрылысқа қажетті материал пайда болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz