Дінінің пайда болуы және даму кезеңдері



1. Лекция тақырыбы : Үнді діндері
2. Лекция тақырыбы : Қытай және Жапон діндері
3. Лекция тақырыбы : Иудейлік және Иран діндері
4. Лекция тақырыбы : Будда діні
5. Лекция тақырыбы : Христиан діні.
6. Лекция тақырыбы : Дәстүрлі емес діни қозғалыстар
7. Лекция тақырыбы : Қазіргі замандағы дін дамуы
8. Лекция тақырыбы : Қазақстан дін тарихы
9. Лекция тақырыбы : ҚР.ғы діни жағдай
Индуизм ең көне діндердің бірі.Индуизм Үндістанда (тұрғындарының 80 ), Непал,Бангладеш,Шри-Ланка ж/е басқа елдерге таралған.Қазіргі уақытта индуизм Батыс ж/е Америкада кеңінен танымал дін.Индуизм өзінің күрделігі ж/е қарама -қайшылығымен ерекшеленеді. Индуизм сан алуан идеялардың,ағымдардың,бағыттардың ж/е секталардың конгломераты(қосындысы),олар бүтін бір құрылымның шегінде топтасқан. Индуизмде күпірлік,діни ұйым ж/е илахи діндердегідей пайғамбар,періште,ахырет ұғымдары жоқ.Онда ортақ дінілімі болмағандықтан әрбір нысан ж/е ғүрып белгілі бір этикалық құндылыққа ие және көне архайкалық элементтер әліге дейін сақталынып келеді.Индуизмнің негізгі ерекшеліктерінің бірі интровертивтілік(ішке үңілу),жеке ізденіс,мақсатқа жетудің жаңа мүмкіндіктерін табу,кішкентай түйір болсада оның ішкі мәні мәңгілік.
Индуизм үнділердің ұлттық діні.
1.Үнді дінінің пайда болуы ж/е даму кезеңдері
Үнді діні б.д.д.ІІ-мыңжылдық ортасында жергілікті діни сенім мен Үндістанды сотүстік-батыстан келіп жаулап алған арий тайпаларының анимистік сенімдері негізінде пайда болды.Өзінің даму тарихында үнді діні бірнеше кезеңдерді басынан өткерді.
Үнді діні даму кезеңдері:
1-ші Архайкалық кезең(б.д.д. 2500-1750жж). Протоүнді өркениетінің(Хараппа өркениеті) негізін жергілікті дравид халықтары калаған,олар фетиштік,тотемдік,анимистік ж/е сиқырға сенген.Бұл архайкалық діни сенім элементтері кейінгі дәуірлерде де сақталынып қазірге дейін жалғасып келеді.
2-ші Веда кезеңі(б.д.д.ІІ-мыңжылдың ортасынан-І-мыңжылдық ортасына дейін).Арийлерде алғашқы қауымдық сенімдер мен көптәңірлікке табынған,жоғарғы құдайы Индра деп аталады.Құдайларға арнап құрбандықтар шалу,дұға ету,әндер айту олардың басты діни құлшылықтары еді,әсіресе құрбандық шалу ғұрпы сол кезеңде ең маңызды рәсім ретінде саналады.Кейінгі дәуірлерде дами келе діни ғұрыптар ж/е дұға,әндер арнайы жинаққа ведаларға біріктіріледі.Веда(көру)-мәтіндер жинағы арийлердің қасиетті жазбасы.Абыздардың ролі күшейіп, қоғамның барлық саласына ықпал ететін маңызды күшке айналады.
3- Брахманизм кезеңі(б.д.д.VІІІ-VІІғғ дан-б.д Vғ)ші Бұл кезеңде абыздар ведалардың білгірі, рәсімдерді,әндерді ж/е ғұрыптарды атқарушы,сақтап ұрпаққа жеткізуші болды.Уақыт өте келе ведалық рәсімдер мен ғұрыптар күрделеніп шиырлана түсті,құдайлар пантеоны(құдайларды дәрежесіне қарай орналастыру)өзгеріске түсіп жаңа жағдайлар шықты.Брахмандардың діни түсіндірмелері Брахмандар(түсіндірмелер) деген атпен жинақталды. Жаңа діни түсінік Абсолют-Брахман(құдіретті құдай) өмірге келді.Әлеуметтік өмір каста(варна)жүйесі бойынша реттеліп брахмандар жоғары тұрды.
1.Васильев.Л.С.История религии Востока.М.,1998.
2.Основы религиоведение.под.ред.Яблокова.И.М.,1994.
3.Кислюк.К.Кучер.О.Религиоведение.Ростов на- Дону.,2003.
4.Религия в истории и культуре.под.ред.Писманика.М.,1998.
5.Ғ.Есім.А.Артемьев және т.б.Дінтану негіздері.А.,2003.
6.Г.Тумер.А.Кучук.Діндер тарихы.Анкара.,1993.
Web сайттар:
1. http:// www. relіgіovedenіe.ru
2.http:// www. relіgіo.ru.
3.http:// www. //relіgіon.ru/;
4.http:// www. upelsіnka.com
5.http:// www. relіgіon.ng.ru

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
ЛЕКЦИЯ-6
1. Лекция тақырыбы : Үнді діндері
2. Лекция жоспары:
1.Үнді дінінің пайда болуы же даму кезеңдері
2.Индуизмнің негізгі идеялары
3.Йога тәжірибесі
4.Сикхизм діні
3. Лекция мақсаты: үнді дінінің пайда болуы,даму
кезеңдері,дінілімінің ерекшеліктері же үнді тарихы мен мәдениетіндегі
маңызын қарастыру.
4. Лекция мазмұны: Индуизм ең көне діндердің бірі.Индуизм
Үндістанда (тұрғындарының 80 ), Непал,Бангладеш,Шри-Ланка же басқа
елдерге таралған.Қазіргі уақытта индуизм Батыс же Америкада кеңінен
танымал дін.Индуизм өзінің күрделігі же қарама -қайшылығымен
ерекшеленеді. Индуизм сан алуан идеялардың,ағымдардың,бағыттардың же
секталардың конгломераты(қосындысы),олар бүтін бір құрылымның шегінде
топтасқан. Индуизмде күпірлік,діни ұйым же илахи діндердегідей
пайғамбар,періште,ахырет ұғымдары жоқ.Онда ортақ дінілімі болмағандықтан
әрбір нысан же ғүрып белгілі бір этикалық құндылыққа ие және көне
архайкалық элементтер әліге дейін сақталынып келеді.Индуизмнің негізгі
ерекшеліктерінің бірі интровертивтілік(ішке үңілу),жеке ізденіс,мақсатқа
жетудің жаңа мүмкіндіктерін табу,кішкентай түйір болсада оның ішкі
мәні мәңгілік.
Индуизм үнділердің ұлттық діні.
1.Үнді дінінің пайда болуы же даму кезеңдері
Үнді діні б.д.д.ІІ-мыңжылдық ортасында жергілікті діни сенім мен
Үндістанды сотүстік-батыстан келіп жаулап алған арий тайпаларының анимистік
сенімдері негізінде пайда болды.Өзінің даму тарихында үнді діні бірнеше
кезеңдерді басынан өткерді.
Үнді діні даму кезеңдері:
1-ші Архайкалық кезең(б.д.д. 2500-1750жж). Протоүнді өркениетінің(Хараппа
өркениеті) негізін жергілікті дравид халықтары калаған,олар
фетиштік,тотемдік,анимистік же сиқырға сенген.Бұл архайкалық діни сенім
элементтері кейінгі дәуірлерде де сақталынып қазірге дейін жалғасып
келеді.
2-ші Веда кезеңі(б.д.д.ІІ-мыңжылдың ортасынан-І-мыңжылдық ортасына
дейін).Арийлерде алғашқы қауымдық сенімдер мен көптәңірлікке
табынған,жоғарғы құдайы Индра деп аталады.Құдайларға арнап құрбандықтар
шалу,дұға ету,әндер айту олардың басты діни құлшылықтары еді,әсіресе
құрбандық шалу ғұрпы сол кезеңде ең маңызды рәсім ретінде саналады.Кейінгі
дәуірлерде дами келе діни ғұрыптар же дұға,әндер арнайы жинаққа ведаларға
біріктіріледі.Веда(көру)-мәтіндер жинағы арийлердің қасиетті
жазбасы.Абыздардың ролі күшейіп, қоғамның барлық саласына ықпал ететін
маңызды күшке айналады.
3- Брахманизм кезеңі(б.д.д.VІІІ-VІІғғ дан-б.д Vғ)ші Бұл кезеңде абыздар
ведалардың білгірі, рәсімдерді,әндерді же ғұрыптарды атқарушы,сақтап
ұрпаққа жеткізуші болды.Уақыт өте келе ведалық рәсімдер мен ғұрыптар
күрделеніп шиырлана түсті,құдайлар пантеоны(құдайларды дәрежесіне қарай
орналастыру)өзгеріске түсіп жаңа жағдайлар шықты.Брахмандардың діни
түсіндірмелері Брахмандар(түсіндірмелер) деген атпен жинақталды. Жаңа
діни түсінік Абсолют-Брахман(құдіретті құдай) өмірге келді.Әлеуметтік өмір
каста(варна)жүйесі бойынша реттеліп брахмандар жоғары тұрды.
4-ші Эпикалық немесе классикалық кезең(б.д.д.ІV-б.дVІ).Бұл кезеңде
буддизм же жайнизм діндерімен күресте индуизм діні жеңіп, Гупта дәуірінде
үндістанның ұлттық діні ретінде қалыптасты.Смирити дәстүрі,Махабхарата мен
Рамаяна дастандары же қазіргі индуизмнің негіздері осы кезеңде пайда
болды..
Сонымен үнді діні өзінің тарихында бірнеше кезеңдерді басынан өткеріп
қазіргі кейін жетті.
2.Индуизмнің негізгі идеялары.
Үнді дінінің қасиетті кітаптары.
Қасиетті мәтіндер екі топқа бөлінеді:шрути(аяндар) же смирити(өсиеттер).

1. Шрути естіген мағынасын білдіреді.Үнді сенімі бойынша
шрутилер(аяндар)көне даналарға аян болып келген,олар өөздерінің ерекше
қабілеттері арқылы айрықша құдайлық ақиқаттарды естіп түсінген,жоғарғы
қасиетті білім немесе кірудің жеткізушісі болған.Сондықтан аян арқылы
келген қасиетті мәтіндер Веда(кіру,білу) деп аталады.Веда мәтіндері
кіпқырлы же түрлі тарихи кезеңдерде қарастырылған.Оның көне
қабаттары(бөліктері)самхиттер деп аталып,төрт ведадан
тұрады.Ригведа(гимндер ведасы),самоведа(әндер ведасы),яджурведа(құрбандық
рәсімдері дұғалары ведасы),атхарваведа(абыздардың сиқыр же түрлі діни
мәтіндер ведасы).Бұл самхиттердің ең көнесі Ригведа.
Ведалық әдебиеттердің келесі түрі брахмандар-діни мәтіндер,онда
абыздардың құрбандық шалу рәсімдері же түрлі ғұрып-рәсімдердің
орындалуы туралы айтылады.
Келесі мәтіндер араньяктар(сөзбе сөз:ормандық).Араньяктар
тақуалыққа түскен анахореттерге арналып(абыздардың өмір жолының үшінші
кезеңі)жазылған.Онда ішкі ойтолғау мен көкірек көзін ашудың жолдары туралы
айтылады.
Ведалық әдебиеттердің сонғысы упанишадтар(сөзбе сөз ұстаздың
ұлағатын тыңдау)өте терең же тылсым мағыналарда индуизмнің діни
философиялық ойларының негіздері берілген,сондықтан упанишадтар
веданың философиялық бөлігі саналады.Тағыда упанишадтарды Веданта
(аяқтау немесе Веда соңы)депте атайды.Упанишадтар санясилерге(брахманның
өмір жолының соңғы кезеңі)арналған,онда атман(шынайы мен),Брахман(абсолют)
же олардың бірлігі;карма,сансара ілімдері туралы жазылған.Упанишадтар
өте көп,оның ішінде 108-і ғана беделді саналады.
Брахмандар,араньяктар же упанишадтардың барлығы самхиттерге
топтастырылып олармен сәйкестендіріліп төрт Веданың толық мәтінін
құрайды.Үнді діни дәстүрінде Ведалар абсолютті діни бедел ретінде
қабылданады.
2.Смирити(өсиеттер,сөзбе сөз: жатталынған) мәтіндерінің Ведаларға
қарағанда қасиеттілігі(сакральность)төмен,сон дықтанда смиритилерге
барлық каста мүшелерінің қолы жетуі,олардың индуизмнің жоғарғы же
төменгі нысандарының қалыптасуына
ықпалы айрықша болды.Біріншіден смиритилерге үнді эпостары-Махабхарата
мен Рамаяна жатады.Махабхаратада негізінен діни философиялық
мәтіндер қамтылған,олардың ішіндегі ең маңыздысы Бхагаватгита(құдайдың
әні),ол индуизмнің же бүкіл үнді мәдениетінің қалыптасуына үлкен ықпал
жасады.
Сонымен қатар смиритилерге пурана діни шығармалары мен
дхармашастра діни ережелер жинағы да кіреді.Олардан Ману-заңы өте
танымал же беделді.
Дін ілімінің негіздері.
Құдай сенімі. Индуизм көптәңірлік дін,құдайлардың санының қанша
екені белгісіз.Үнді пантеонында(құдайлардың дәрежелеріне қарай
орналасуы)жоғарғы үш құдай(тримурти)-Брахма бас құдай жаратушы
құдірет,Вишну өмірлік күш қуаттың иесі же Шива ілім,өзгеріс, жаратушы
құдай.Сонымен қатар Дурга,Кали,Кришна,Лакшми,Ганеш же т.б. құдайлар
көп.Әрбір үндіс құдайлардың барлығына немесе қалағанына сыйына
алады.Олардың мүсіндері адам же хайуан кескінінде бейнеленеді.
Атман ілімі.Үнді діни жүйесінде адамның психикалық өмірінің негізі
таза субъект(мен,пуруша)-атман деп аталады.Атман абсолютті же мәңгілік
субъект.Атман мен абсолют бірлікте қарастырылады.
Сансара-үздіксіз қайта туылу тізбегі.Бұл концепцияның мәні
мынада: өлім-өмірдің соңы немесе мәңгілік тыныштыққа жету емес,өлім-
үздіксіздіктің жай ғана үзілуі,шексіз өмір айналымының бір элементі,оның
артынан ертелі кеш жаңа өмір келеді, яғни жаңа нысан(форма).Ол формаға
бір кезде денені тастап кеткен рух қайта келеді.Бірақта рух(жан) нақты
қандай нысанда орналасады же оның ненің себебінен болатыны
упанишадтардағы карма концепциясында жауап берілген.
Карма-адам өмірінің заңы.Карма концепциясының мәні: әрбір адамның
өмірдегі жақсы же жаман істері(оның кармасы),оның келесі қайта туылуының
нысанын анықтайды.Жақсы карма бақытты өмірдің кепілі,ал жаман карма
бақытсыз өмірдің кепілі.Осыдан әркімнің бақыты өз қолында,ешкімді
бақытсыздығына кіналай алмайды.Каста жүйесі осы карма заңымен
реттеледі.Карма концепциясының Үндістан тарихы мен мәдениетіндегі ролі
өте зор.
Мокша-құтылу,азат болу.Үздіксіз қайта туылу тізбегінен шығып,яғни
өмірге қайта келмей мәңгілік тыныштыққа жету.Оған жету үшін үнді діни
дәстүрінде сан алуан жолдар жасалынған.
Бхакти(құдайға берілгендік)-индуизмнің негізгі ұғымы.Құдайға жан-
тәнімен шексіз берілу,оны бір сәтте есінен шығармау же іштей ойтолғау
тәжірибесі.
Дхарма-ғаламдық заттардың әмбебап тәртібі,негізі,соның салдарынан
адам нақты әлеуметтік ортада діни жүйеде өмірге келеді.Адам дхарма
талабын толық орындаса сансарадан шығып мокшаға жетеді деп
түсіндіріледі.
Ахимса қағидасы- зияндық жасамау.
Ашрам-адамның діни өмір сүруінің кезеңдері.Олар төртеу:брахмачарья-
шәкірттік қасиетті кітаптарды оқу,грихастха-отбасылық өмір,ванапрастха-
дүниелік өмірден бас тарту же соңғысы саньяси-дүниені тәрк ету.
Әлеуметтік ілім.
Үнді діни дәстүрі әлеуметтік өмірді каста жүйесі бойынша
реттейді.Қоғам әлеуметтік тұрғыдан варналарға(сословия)бөлінеді:
1.Брахмандар-абыздар
2.Кшатрилер-патшалар мен әскерилер
3.Вайшилер-саудагерлер,жериеленушіл ер же қолөнершілер
4.Шудралар-еріктілер
5.Парьялар-қоғамнан аластатылғандар(алапеспен ауырғандар же т.б.)
Каста жүйесі әлеуметтік реттеуші қызметін атқарды.Бір кастадан
екіншісіне өтуге,әр кастаның өз ережесін бұзуға тыйым
салынған.Мысалы:некелесу тек бір кастаның ішінде,әр кастаның киім
үлгісі,бірге отырмау,тамақтанбау же т.б.Алғашқы үш каста мүшелері жоғары
тұрды,олар қасиетті Ведаларды оқуға жіберіліп,ал шудраларға ондай
мүмкіндік берілмеді.
Ортағасырларда каста жүйесі кәсіптік сипатта болып,кәсіп иелерінің
ұрпақтары әкелерінің ісін жалғастырып отырған, қоғам күрделі же қатаң
кәсіптік каста жүйесімен бөлінді.Бұл жағдай үнді қоғамы мен мәдениетінің
стагнациясына алып келді.Қазіргі уақытта Үндістанның конституциясы бұл
жүйе бойынша адамдар арасына жік салуға тыйым салады,бірақта өмірде
каста жүйесі әліде сақталынуда,әсіресе ауылдық жерлерде.
Үнді діни - философиялық дәстүрі.
Үнді философиясының маңызды ерекшелігі ретінде оның діни
ілімдермен тығыз байланыста болғандығын атауға болады.Үнді дәстүрі
бойынша діни-философиялық мектептер екі топқа
бөлінеді:дәстүршіл(астика немесе ортодокс) же дәстүрге қарсы(настика
немесе неортодокс).Астика бағыты Ведалардың абсолютті рухани беделін
мойындайды же брахманизмнің(индуизмнің)философиял ық дәстүріне
негізделген.Ал настика Ведалардың беделін қабылдамайды,локаята
материализміне же буддизм.жайнизм діндеріне негізделген.
1.Астика бағытына алты жүйе-даршандар(интеллектуалдық-руха ни
ізденістер) жатады:ньяя,вайшешика,санкхья,пурва -миманса,веданта же йога.
Ньяя-(әдіс,тәсіл,ойтолғау)діни-фило софиялық мектебі логикалық
мәселелермен айналысып,формалды логика жүйесін жасады.Негізін салушы ньяя-
сутраның авторы Готама(б.д.д.ІІІ-ІІ). Вайшешика-(ерекше)мектебі
философиялық психологиялық,болмыс же натур-философия мәселелерімен
айналысып,атом теориясын(ану)жасаған.Ортағасырлард а ньяя же вайшешика
синкреттік мектеп болып бірікті.Негізін салушы Канаде
данышпан(б.д.д.ІІІ-ІІғғ)
Санкхья-(ойтолғау,сан,санақ)үнді діни философиясының беделді де
ықпалды мектебі.Пуруша(рух,сана) же пракрити(материя) категорияларын
негіздеген.Бұл мектептің ойшылдары рух пен материя тең емес,рух материядан
толық азат етілгенде түпкі мақсатқа(мокшаға) жетуге болады деп
түсіндірген.Негізін салушы Капила(б.д.д.VІғ). Пурва-миманса-(бірінші
немесе айрықша қарастыру)мектебі ведалық діни ғұрыптар мен құрбандық
шалу рәсімдерін негіздеу философиясы,эпистемология же тіл философиясы
мәселелерімен айналысқан .олардың басты ерекшелігі сансарадан құтылу
мәселесін қарастырмауы.Негізін салушы миманса-сутраның авторы
Джаймини(б.д.д.ІV-ІІІғғ)
Веданта-(веданың аяқталуы)негізінен упанишадтарға
түсініктеме берумен шұғылданған.
Ведантаның басты идеялары Брахманың Бадаряна сутрасында айтылған.Бірақта
кейінгі дәуірлерде упанишад мәтіндеріне түрлі түсініктемелер негізінде
үш бағыт пайда болды.
а.Адвайта-веданта(қосарлы емес веданта) негізгі ұстанымы атман же
Брахманың жеке
мен же абсолютпен толық сәйкестігі.Брахма ақиқат,ал дүние елес,рухтың
Брахмадан еш айырмасы жоқ.Адвайта-ведантаны кейде майя веда (елес
теориясы) деп атайды,өйткені нақты әлем елес түрінде
қарастырылады.Бұл жүйеге буддизм ықпалы күшті болған.Негізін салушы
Гаудапида же Шанкара.
б.Вишиштадвайта-веданта(шектеулі қосарлы емес веданта)атман же Брахман әрі
тең же қарсы деп түсінеді.Әлем құдайдың эволюциясы мен ашылуы
нәтижесінде қарастырылады.Негізін салушы Рамануджа.
в.Двайта-веданта(қосарлы веданта)өкілдері абсолют(құдай)пен рухтың
мәнділік айырмашылығын көрсетеді.Рух құдаймен тек шектеулі түрде ғана
бірігеді,толық бірікпейді
деген пікірді ұстанады.
2.Настика дәстүрі локаята ілімі мен буддизм же жайнизм діндеріне
негізделген.Материализмді дәріптеп,таным мәселесінде рационалдыққа
басымдық береді.өмірдің мақсаты рахат кешіп ләззат алу деп түсіндіреді.
Үнді діни философиясы жанды дәстүр.Жаңа же қазіргі заманда бұл
дәстүрден әлемге белгілі тұлғалар шықты.(Рамахан
Рой,Рамакришна,Вивакананда,Ауробинд о Гхош,Джидцу Кришна-
мурти,Сарвепалли,Радхакришна,Мохатм а Ганди,Рабиндрат Тагор же т.б.)
3.Йога тәжірибесі
Йога б.д.д.ІV-ІІІ ғғ қалыптасты,оның негізін салушы Иога-сутра
шығармасының авторы көне үнді ойшылы Патанджали. Йога жүйесінің мақсаты
пурушаны(рухты,жанды) пракритиден(материя,тәннен) ажыратып, азат ету же
мокшаға(түпкі мақсат. тыныштық)жеткізу. Йога -азаттыққа жеткізетін
әдістер немесе мәңгілік қайта туылудан құтқаратын жол.Йогалық
тәжірибе әдіс тәсілдері өте күрделі.Оларды игеруге ерекше
ынта,төзімділік, қатаң тәртіп,өзін үнемі бақылауы,ұдайы жаттығу же
күрделі психотехникаға негізделген ерік бастауларына бүкіл организмін
тіпті оның физиологиялық функцияларында бақылауға алуы керек.Сонымен
қатар йога діни-философиялық даршанның(жүйе)біреуі.Барлық өзіндайындауы
же жаттығу жүйесі сегіз әдіс-кезеңдерге бөлінеді:
1.Тежеу(яма).Барлық нәрседе өзін тежеу,тамақты шектеу,өмірге қолайлы
жағдайлар мен тілектерден бас тарту,ахимса қағидасын ұстану яғни жанды
нәрселерге зиян етпеу.
2.Талаптарды орындау(нияма).Ахимса қағидасы басты орынға шығады.Жан-
жануарды өлтірмеу,ешкімге ешнәрсеге қиянат жасамау,тіпті сөзбен
зияндық етудің өзі қағиданы бұзу болып саналады.Ой,сөз же іс-
әрекеттің толық үйлесімдігіне қол жеткізу.
3.Тән жаттығулары(асана).Бұл кезеңде иог түрлі
отырыстар(поза)үйренуі,тәнін шынықтыруды,оны басқаруды меңгеруі тиіс.Осы
жаттығулардың организмнің физикалық шынығуына,ауырмауына же
қартаймауына әсері зор болды.
4.Тыныс алу тәртібі(пранаяма).Мұндағы міндет баяу,терең же
теңдәрежелі дем алуға қол жеткізу,тыныс алуға ие болуды
үйрену,демді организмге зиян келтірмей ұстау же шығару.
5.Сезімдер тәртібі(пратьяхара).Өзінің сезім мүшелерін толық бақылауға
алуды үйрену,сыртқы тітіркендіргіштерді елемеу,қажет кезінде
естімеу,көрмеу,иіс сезбеу же т.с.с.
6.Ақыл-ой тәртібі(дхарана).Біраз әдістерді меңгеріп дайындыққа қол
жеткізген йог өзінің сезімі мен ойын өз ырқына бағындыру же бақылауды
меңгеруі,ой-санасын қалаған затына немесе объектіге нақ бағыттауды
меңгеруі керек.Бұл жоғарғы қасиеттілікке,Абсолютпен бірігуге бір қадам
қалды деген сөз.
7. Медитация(дхьяана).Ой бір нүктеге шоғырланып тереңдей түседі,барлық
нәрсе бөлектеніп иррационалды же идеалды болады.Таным елес
құбылыстардың ақиқат бірінші негіздеріне жетеді.
8.Транс же экстаз(самадхи).Соңғы кезең.Иогтың көкірек көзі ашылып
трансқа түсіп, абсолютті ішкі рухани экстаз халін кешеді яғни
оның рухани мені (пуруша) азат болады.Самадха халі соңғы мақсатқа-
мокшаға жеткізеді.
Йогада мақсатқа жетудің алты жолы бар.Оларды қысқаша
қарастырайық.
1.Бхакти йога-жүрек жолы,құдайға жан тәнімен берілу арқылы азаттыққа
жету. .Ізгілік,тазалық,қарапайымдылық,ада лдық бұл жолдың негізгі
ұстанымдары.
2.Джнана йога-білім жолы.Ұстаздардың даналығын тыңдау,білім игеру арқылы
жолға түсіп азаттыққа жету.
3.Карма-йога- міндеттерді толық кіршіксіз орындау.Шынайы харекет арқылы
азаттыққа жету.
4.Кундалини йога-дененің функциялары,ішкі хал,түрлі энергетикалық
каналдар мен жүйке жүйесін бақылау арқылы азаттыққа жету.
5.Раджи йога-бхакти,карма,кундалини же джнана жолдарының бірігуі
арқылы азаттыққа жету.
6.Шри Видья-микроәлем же макроәлемді шынайы түсінуге қатысты ең жоғарғы
жол,бұл жолға арнайы теориялық же практикалық дайындықтан кейін
түседі,соның өзінде екінің бірі бара алмайды.Даналар ғана бұл жолға түсе
алады.
Йоганың мәні мен мақсаты өз менін саналы түрде жойып,рухани
кемелдену,самадхи күйін кешіп мокшаға жету.үнді діни дәстүрінде йога
тәжірибесінің тарихи же бүгінгі маңызы айрықша.Қазіргі уақытта
йогаға қызығушылық артып,ол көптеген елдерге таралып отыр.
үнді діні ғұрыптары мен рәсімдері
үнділердің басты қүлшылықтары пудж (қансыз құрбандық жасау).Пудж
күнделікті үйде же белгілі уақытта храмдарда атқарылады.үй ішінде
арнайы орында(альтар)-стол,этажерка немесе полка болуы мүмкін,онда
құдайлар мүсіндері,қасиетті адамдардың же сол үйдің ұстазының же ата-
бабаларының суреттері қойылады.Алтар жанында ыдыста қасиетті
су(қасиетті өзеннің суы) тұруы тиіс.
үнділердің сенімінде құлшылық процесіне болмыстың бес негізгі
элементі қатысуы керек: жер(оны құлшылық етушінің өзі
білдіреді),от,жел,су же аспан кеңістігі яғни құдайдың өзі.Күнделікті
пудждың мән-мағынасы бес түрлі құрбандық жасау: құдайларға-
отты,рухтарға-ас пен су,ата-баба рухына-тамақты,адамдарға-
қонақжайлық,Брахмаға-Веданы оқу.Құлшылық ету барысында ғұрыптық
жуыну,су ішу,гүлдерге қол тигізу же иогалық тыныс алу арнайы
отыру арқылы атқарылады.Ең маңыздысы құдайларға арнап тілек
айту(мантра).Мантра - мағынасы бұлыңғыр,құдайларға арнап әуенмен
айтылатын ықшам сөздер.Мантра мистикалық тұрғыда адамды құдаймен
байланыстырады деп сенеді.
Шивалық үнділердің мантрасы-Ом,Намашивая(Ом,Шиваға құлшылық
етеміз),ал Вишналық үнділердің мантрасы-Хари,Ом,Нараянаға бас
иеміз.Мантралардың негізінде сиқыр сөздері,Ведалардан үзінділер же
т.б.Мантралар құлшылық кезінде же күнделікті тіршіліктеде
айтылады,оларды жиі қайталап айтса әсері күшті болатындығына
сенеді(108,300 немесе 1008 рет қайталау дәстүрі бар).
Рәсімдер
Желеу рәсімі: өлікті өртеп қалдығын қасиетті өзен Гангіге тастайды.

Неке рәсімі: діни ғұрып бойынша атқарылады.
Қасиетті жерлерге зиарат ету: қасиетті саналатын өзен,тау,храм же
жерлерге бару.Мысалы Ганг өзеніне қасиетті сумен жуынуға.
Діни мейрамдар.
Холи мейрамы көктемде тойланады. Дивали –жыл басы от
мейрамы.Джанмаштами-Кришна құдайдың туылған күні.Шиваратри-Шива құрметіне
арналған мереке.
Қасиетті жануар сиыр,оның етін жеуге тыйым салынған.
үнділер ахимса қағидасы бойынша жануарларды өлтірмейді,сондықтан ет
жемейді (вегетериан).
Қорыта айтқанда,индуизм үндістанның тарихы мен мәдениетінде маңызды
орын алады.үшмың жылдан бері индуизм тек діни сенім ғана
емсс,үнділердің өмір сүру салты
же ұзақ уақыттан бері орныққан дәстүрі.үндістанның саяси тарихында
қиянат жасамау идеясының маңызы айрықша,Дж.Неру,Махатма Ганди,Индира Ганди
же т.б аса ірі саяси қайраткерлер өз саяси бағдарламаларын осы негізде
құрды.Бүгінгі күнде үндістан осы принципті саяси өмірде ұстанып
келеді.Жалпы айтқанда индуизм үнділердің болмыс бітімінің негізі.
4.Сикхы діні
Сикхизм өз бастауын б.д. XV-XVІғғ-дан сол-батыс үндістандағы
бес өзен(пандж аб)аймағындағы индуизм же ислам діндерінің тоғысынан
алады.Сикхизм үнді же ислам діндерінің синтезінен пайда болған
дін.Оның негізін салушы гуру(ұстаз) Нанак(1469-15389жж.),оның жолын
ұстанғандар сикхылар(шәкірттер) деп аталалып,дін өз атын осыдан
алған.Нанак қайтыс болғаннан кейін оның ілімін кейінгі тоғыз гуру
жалғастырды,олардың барлығы бір гурудың көрінісі(воплощение),бір
ілімді таратқан деп қабылданады.
Сикхы дінілімі
Сикхизм біртәңірлік дін,үнді дініндегі көптәңірлікті жоққа
шығарады.Адамның дуализм мәселесін шешуі,оның негізгі мақсаты.үнді
дініндегі Брахма,Вишна,Шива же исламдағы Алла,барлығы бір
құдай,оның есімі жоқ,Нанак Құдіретке түрлі есім бере отырып оған
сыйынады(құдай есімдері:Хари,Рам,Салиб,Аллах же т.с.с.).Құдай
ниргун(сипаты жоқ) же сагун(сипаты бар) ұғымымен анықталады.Оның басты
халі ниргун: абсолютті мән,ешқандай сипатқа ие емес.Бірақ адамдардың
танып білуі үшін,ол өз еркімен сагунға(адам кейпінде емес әрекеті
арқылы көрінетін)айналады.Құдай мәңгілік,шексіз,бастауы жоқ,қайта
туылмайтын,ақиқат, шындық же барлық деп қабылданады.Құдайға әрбір
адам сенім,махаббат же ойлану арқылы жете алады.Құдай жолымен жүру
өмірден баз кешу емес,керісінше белсенді өмір сүру,еңбек ету,отбасын
құру түбінде қайта туылу тізбегін бұзып құдаймен бірігуге алып
келеді деп сенеді.Құдай алдында адамның барлығы тең,сикхылар
касталық ерекшеліктеріне қарамай бірге діни рәсімдерін атқарады же
гурудың сұхбатында барлығы бірге отырған.
Әркім құдаймен дәнекерсіз тікелей байланысқа түсе алады.
Сикхизмнің дамуы.
Бесінші гуру Аджун(1581-1606) тұсында қасиетті кітаптары
Адигрантх(бастапқы кітап.) құрастырылды,ол Грант сахиб атыменде
белгілі.Панджаб тілінде жазылған бұл еңбек Амритсар қаласында
сикхылардың алтын храмында сақтаулы.
XVІғ же XVІІғ сикхылардың моғол билеушілеріне қарсылығы
күшейеді.Гуру Говинд(соңғы гуру) 1699 жылы дініліміне өзгеріс
енгізді,жоғарғы рухани же зайырлы билік гурулардан халсаға
өтетінін жариялайды.Халса(таза ұйым)-қарулы қауым.Осы кезден бастап
гуру билігі тоқтап,халса күшейді.
Діни рәсімдері.
Сикхыны халсаға қабылдау рәсімі арнайы кодекс бойынша атқарылады.Ол
бестен тұрады:
1.Кеш-сикхы шашын алдырып тастайды.
2.Качха-қысқа кең шалбар кию.
3.Кангха-шашты тарақпен бекіту.
4.Кирпан-жанында үнемі қанжар алып жүру.
5.Кара-темір браслеті болуы.
Сикх храмдары гурудвар,онда қасиетті кітап Адигрантхқа
сыйынады.Сикхизм XVІІІғ басында дербес дін дәрежесіне жетті.
Сикхылар тарихында Ұлы моғолдар же ауған билеушісі Ахмад шах
Дурранидің(1721-1773) жорықтарына қарсылықтары айрықша маңызды.Осы
кезеңде сикхылар Пенджабты дербес тәуелсіз мемлекет деп
жариялайды.Сикхизм мемлекеттік дін дәрежесіне көтерілді.Бірақ кейін
ағылшындардың отарлауы,1843 жылы Пенджабтың аннекциялануы,сикхизмде
реформаторлық қозғалысты күшейтті. 1947 жылы үндістан екіге
бөлініп,Пакистан тәуелсіз мемлекет болды.Пенджаб сикхылары үндістанның
қарамағында қалып,олар өз тәуелсіздігі үшін күресті күшейтеді.1950-60
жылдары Пенджабта ұлттық мәселелер көтеріліп,нәтижесінде 1966 жылы
сикхылардың жеке Пенджаб штаты құрылды.үндістанда сикхылар саны 15
млн-ға жуық,елдегі саны жағынан үшінші конфессия.Қазіргі уақытта олар
автономия мәселесін көтеруде,түпкі мақсат тәуелсіздік алу.Қазірде Сикхы
мәселесі (саяси фактор ретінде) күн тәртібінде тұр.
Сикхылардың ұлттық бірегейлік(идентификация)мәселесінд е шешуші фактор
ретінде діннің маңызды рол атқарып отырғандығын көруге болады.
5. Бақылау сұрақтары:
1.Үнді дінінің пайда болуының себептері
2.Индуизмнің тарихи даму кезеңдері
3.Индуизм дінілімінің ерекшеліктері
4.Индуизмнің негізгі ұғымдары
5.Діни философиялық мектептердің ерекшелігі же дінмен байланысы
6.Йога тәжірибесінің мәні же мақсаты
7.Сикхы дінінің ерекшелігі
8.Үндістанның тарихы мен мәдениетіндегі діннің орны мен ролі
6. Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмасы: үнді діндерінің ғұрыптық
жүйесі
7. Қажетті әдебиеттер:
1.Васильев.Л.С.История религии Востока.М.,1998.
2.Основы религиоведение.под.ред.Яблокова.И.М .,1994.
3.Кислюк.К.Кучер.О.Религиоведение.Р остов на- Дону.,2003.
4.Религия в истории и культуре.под.ред.Писманика.М.,1998.
5.Ғ.Есім.А.Артемьев және т.б.Дінтану негіздері.А.,2003.
6.Г.Тумер.А.Кучук.Діндер тарихы.Анкара.,1993.
Web сайттар:
1. http: www. relіgіovedenіe.ru
2.http: www. relіgіo.ru.
3.http: www. relіgіon.ru;
4.http: www. upelsіnka.com
5.http: www. relіgіon.ng.ru
Лекция -7
1. Лекция тақырыбы : Қытай және Жапон діндері
2. Лекция жоспары:
1.Көне қытайдағы дін
2. Конфуциандыќ діни-этикалық ілімі
3. Дао діні
4. Синтоизм діні
3. Лекция мақсаты: көне қытай,конфуций же дао діндерінің ерекшеліктерін
қарастыру.
4. Лекция мазмұны:
1.Көне Қытайдағы дін
Қытай діндері өз бастауларын б.д.д ІІ-мыңжылдық ортасында
Хуанхэ өзенінің бойында қалыптасқан Инь өркениетінен алады.Инь
өркениеті дәуірінде көне қытайлар рухтарға,көптәңіршілдікке
сеніп,олардың құрметіне құрбандық шалу же де басқада діни рәсімдер
жасаған.Жоғарғы құдай Шанди сонымен қатар ол индіктердің аңыздық
кейіптегі арғы ата-тегі(тотем).Кейінгі дәуірлерде Шандиді барлық
қытайдың түпкі ата-тегі деп қабылдау басым бола бастайды, енді алғашқы
ата-тек ұрпақтарының жағдайын ойлауы тиіс
деген сенім қалыптасты.Бұл жағдай маңызды рол атқарып,бір жағынан Қытай
діндерінің негізі ата-баба ғүрпы мен дәстүрге беріктік,екінші жағынан
рационалды бастаудың күшеюіне әкелді яғни абсолютте жоқ болмау,қалыптасқан
қағида бойынша дұрыс өмір сүру,өмірдің бағасын білу,о дүниеде құтылуды
аңсамай, осы өмірде белсенді ғұмыр кешу.
Ата-баба ғұрпы мен дәстүрге беріктік қытай діндерінің басты
ерекшелігі.Тағы бір ерекшелігі абыздардың қызметін мемлекеттік
шенеуніктер атқарып,қоғамда олардың беделі жоғары болған.
Діни рәсімдер мен салтанаттарды өткізу мемлекеттік маңызды іс
ретінде қарастырылады.
Б.д.д.І-мыңжылдықтан бастап Чжоу әулеті билігі тұсында Шандидің орнына
Аспанға табыну
мен билікті қасиеттендіру күшейеді.Қытай билеушісі Аспан баласы,мемлекет
аспан астындағы мемлекет,барлығының міндеті аспанға,оның баласына же
аспан асты мемлекетке бағыну,оның орнатқан тәртібін сақтау,үкімдерін
орындау.
Көне қытайда философиялық ойлау барлықты екіге ер же әйел
бастауларына бөлу арқылы басталды.Ер бастауы Янь-жарық,күн,күшті
білдірсе,ал әйел бастауы Инь-қараңғылық,ай,әлсіздік же т.с.с
білдірген.Бірақта екеуі бүкіл тұтас болмысты құрастырады.
Осының негізінде ұлы Дао -жалпы заң,ақиқат пен ізгіліктің нышаны туралы
түсінік шықты.Дәстүрге беріктік,ата-баба рухына табыну же мемлекет пен
императорды қасиеттендіру конфуциандық ілімінің негіздері болды.
Б.д.д.800-200жж аралығында Қытайдағы үлкен өзгерістер нәтижесінде діни
өмір жаңарады,
бұл екі данышпан Кун-цзы мен Лао-цзы есімдерімен байланысты.Этикаға
негізделген конфуциандық және мистикаға бейімделген дао діндері пайда
болды.
2.Конфуциандық діни-этикалық ілімі
Конфуциандық ілімінің негізін салушы данышпан Кун-цзы(б.д.д.551-
479).Ол әлеуметтік-саяси аласапыран заманда өмір сүрді: чжоу билігінің
құлауы,патрихалды-рулық дәстүрдің бүлінуі,мемлекеттің ыдырауы же
бейберекетсіздіктің белең алуы.Конфуци осындай жағдайға қарсы қоятын
күшті ұлттық дәстүрден табады.
Конфуциандық адамшылық туралы ілім.Оның ілімінде басқа
діндердегідей құдай мен адам қатысы,дүние же адамзаттың жаратылысы
мәселелері мүлдем қарастырылмайды.Ол өз шығармасында көне қытай
аңыздарын, дәстүрін тәпіштеп жазған же оларды мұқият сақтауға
уағыздаған.Діни ғұрыптар мен рәсімдер адамдарды ізгілікке салудың,өмірін
мәнді етудің жолы ретінде қарастырылады.
Конфуци ілімінің негізі идеясы кемел адам болу. (Кітабы Люньюй деп
аталады).
Конфуцидің ойынша басқаларға үлгі болатын кемел адам бойында
маңызды екі қасиет болуы тиіс:адамгершілік же борыш
сезімі.Адамгершілік(жэнь)ұғымына қарапайымдылық,әдәлеттілік,сабырлық ,адамға
сүйіспеншілік,адалдық же т.с.с жатқызылады.Жэнь-
жоғарғы қол жетпейтін идеал,бұрынғы даналар ғана жеткен кемелдік.Сондықтан
оған жету жеңіл шаруа емес.Бірақта нағыз кемел адамға бірғана адамгершілік
қасиет аздық етеді,онда борыш сезімі(и) де болуы қажет.Борышын өтеу сезімі
білім же жоғарғы принциптерге негізделеді есепке емес.Конфуци парасатты
адам ар мен ұятты,борышын орындауды ойлайды,ал арсыз төмен адам пайданы
ойлайды-деп үйретеді.И (борыш)ұғымына білімге талпыну,оқуға міндеттелу же
көнелердің даналығын тануда кіргізіледі.Кемел адам әділетті,адал болып
халықтың қамын ойлауы тиіс.
Әлуметтік тәртіп
Әркім өз орнында өз міндетін орындауы керек.Әке-әке,бала-бала,патша-
патша,шенеунік-шенеунік
болсын деген Конфуци.үлкенді құрметтеу,айтқанын істеу,отбасын
қадірлеу,мемлекетті қастерлеу
негізгі орында.
Конфуциандықта ата-баба,мемлекет,семья ғұрпы же ұлттық дәстүрді сақтау
басты орында тұрған.
Білім же еңбекке де аса маңыз берілген.
Конфуциандық-бұл саясат,әкімшілік жүйе,экономикалық же әлеуметтік
процестердің реттеушісі.Қытай қоғамын ұйымдастырудың принципі,қытай
өркениетінің квинтэссенциясы(жүрегі).Мыңдаған жылдар бойы конфуциандық
қытайлықтардың сана сезімі,сенімі,психологиясы,жүріс тұрысы,ойлауы,тұрмысы
мен өмір салтына ықпал етті же қалыптастырды.
Конфуциандық діни-этикалық ілім,бірақ нақты жағдайларда діннің
ролін,мемлекеттің ресми идеологиясы қызметінде атқарды.Бұл ілімнің қытай
тарихы мен мәдениетіндегі маңызы орасан зор.
3.Дао діні
Дао дінінің негізін салушы данышпан Лао-цзы(б.д.д VІғ).Конфуцимен
қатар өмір сүрген.Дао-Дэ-цзин кітабында ілімнің негізі қарастырылған:Дао-
заң,жол,алғашқы бастау адам мүмкіншілігінен
тыс.Ол-абсолют,жердегі барлық нәрсе,адамда содан жаратылған,барлығы даодан
бастау алады,түрсіз,түссіз бәріне түр беруші құдірет тіпті ұлы аспанның
өзіде Даоға бағынады. Даоны тану,оған бойұсыну,онымен
бірігу- өмірдің мәні мен мағынасы.
Даостықтардың түпкі мақсаты күнделікті пендешіліктен кетіп алғашқы
бастауға жету.Моралдық
қағидалар,түрлі ережелер мен жетілудің сан алуан әдістері мақсатқа
апаратын құрал ғана.
Адамның міндеті –айналадағының бәрінің мәнін ұғыну,табиғатпен
үйлесімді тіршілік ету.
Дао мистикалық ілім,онда тылсым мен сиқыр басым.Бес элемент-
су,от,металл,ағаш же топырақ қасиетті саналады.Дао ғұламалары алхимиямен
айналысқан,адамға мәңгілік өмір беретін элексирді іздеумен айналысты.Алыс
сапарларға шығып нәтижесінде металдар мен минералдардың қасиеттері туралы
жаңалықтар ашты,құнды дәрі-дәрмектер жасаған.Дәстүрлі қытай медицинасы
инемен емдеу,ашығу,аз тамақ ішу тәрізді емдерді жасады.Тыныс же дене
жаттығулары,жекпе-жек өнері тікелей даосизмнен бастау алады.
Дао дініде қытай мәдениетінде айрықша орын алады.
4.Синтоизм діні
Синтоизм жапондардың ұлттық діні.Синто -құдайлар жолы деген мағына
білдіреді.Діннің дәл қай дәуірде пайда болғандығы белгісіз шамамен б.д.д VІ-
VІІғғ болуы мүмкін.Синто қытайдың екі сөзінің қосындысынан шен рух же тао
жол шыққан,жапондар ками на мичи-деп атайды.
Синтоизм жүйелі дамымаған,табиғат күштеріне құдайландырылған
адамдарға сыйынады.
Діннің негізін салушысы не пайғамбары жоқ.Негізгі идеясы Ками-
барлық,барлығы ками.Ол құдайлық сана,әлемнің әміршісі.Синтоизмге пантейзм
тән яғни жаратылғанмен жаратушы арасында айырма жоқ.
VІғ Жапонияға буддизм тарала бастайды осы кезде өзін сақтап қалу
мақсатында кітаптары жазылады,712жылы Кодзики(өткен жылнамасы) же 720жылы
Нихонги(Жапон жылнамасы).
Кітаптарда аңыздық тұрғыда әлемнің,адамның пайда болуы айтылады: аспан
мен жер пайда болғаннан кейін екі құдай Идзанаки же Идзанами аспан
көпірінде тұрады.Идзанаки ерігіп найзамен суды шұқып ойнап отырады,найзасын
көтергенде,одан тамшы ағып Авадзи аралы пайда болады.Сонан кейін екеуі
сол аралға түсіп бірігіп басқа жапон аралдарын жасайды,олардан басқа
құдайлар же бүкіл жапон халқы пайда болады.Ол екеуінің одағынан күн
құдайы Аматэрасу шығады.Оның немересі Дзимму Тэнно аспаннан жерге түсіп,
микадо(император)болады.Сөйтіп барлық императорлар содан тарайды.Кейін осы
түсінік барысында император ғұрпы қалыптасты.
Синтоистер жапон ұлтына берілген.Діни рәсімдері храмдарда құдай мүсіндері
алдына саки(арақ) же күріш шашу арқылы жасалады.Ұлттық дәстүрмен дін
ажыратылмаған,
Сенім негіздері жүйелі болмағандықтан синтоизмде діни ағымдар өте
көп.Орта ғасырлардан бері синтоизм мен буддизм қатар жасап
келеді.Дүниетанымдық мәселелерді буддизм,ал синтоизм салт- дәстүр,діни
рәсімдер же ғұрыптармен айналысады. Император ғұрпы ерекше дәріптеледі.
Қазіргі таңда синтоизмнің сан алуан ағымдары бар.
5.Бақылау сұрақтары:
1 Көне қытай діні
2.Конфуциандықпен даосизмнің тарихи бастаулары
3.Конфуци ілімінің ерекшелігі
4.Дао дінінің негізгі принциптері
5.Қытай тарихы мен мәдениетінде конфуциандықпен даосизмнің орны мен ролі.
6.Синтоизмнің негізгі ерекшеліктері
6. Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмасы: діни ғұрыптар жүйесі.
7. Қажетті әдебиеттер:
1.Васильев.Л.С.История религии Востока.М.,1998.
2.Основы религиоведение.под.ред.Яблокова.И.М .,1994.
3.Кислюк.К.Кучер.О.Религиоведение.Р остов на- Дону. 2003.
4.Религия в истории и культуре.под.ред.Писманика.М. 1998.
5.Ғ.Есім.А.Артемьев және т.б.Дінтану негіздері.А.,2003.
6.Г.Тумер.А.Кучук.Діндер тарихы.Анкара.,1993.
Web сайттар:
1. http: www. relіgіovedenіe.ru
2.http: www. relіgіo.ru.
3.http: www. relіgіon.ru;
4.http: www. upelsіnka.com
5.http: www. relіgіon.ng.ru
Лекция-8
1. Лекция тақырыбы : Иудейлік және Иран діндері
2. Лекция жоспары:
1.Иудейлік тарихы
2.Иудейлік ілімінің негіздері же ерекшелігі
3.Иудейлік ағымдары
4.Иран діндері
3. Лекция мақсаты: иудейлік және иран діндерінің пайда болуы,дамуы же
ерекшеліктерін талдау
4. Лекция мазмұны: 1.Иудейлік тарихы.
Иудейлік- б.д.д.ІІ-І мың. Палестинада пайда болған дін.”Иудейлік”
өз атын он екі тайпадан тұратын еврей халқының иуда тайпасынан алады.Иуда
тайпасынан еврей патшалары шыққандықтан болса керек.
Иудейлік илахи өзгертілген дін(исламдық көзқарас бойынша).Діндер
классификациясы бойынша ұлттық әрі монотейстік дінге жатады.Бұл діннің 4-
мыңжылдық тарихы пайда болғаннан бүгінге дейін бірнеше кезеңдерден
тұрады.Иудейліктің же еврей халқының тарихы Көне өсиетте(Библияның бірінші
бөлігі) тәпіштеп жазылған.Еврей ұлтының тарихи мен иудейліктің тарихы тұтас
бірлікте.
Діннің даму
тарихын қысқаша қарастырамыз.
1-ші кезең б.д.д.ІІ мың-тан б.д.дейін (храмға дейінгі кезең).Бұл кезеңде
семит тайпалары Мысырдан көшіп Хананды(Палестинаны) жайлай
бастайды.Тәуратта:”Ханан-шұрайлы кең жер,онда сүт пен бал ағады”(Шығу 3:8)-
деп айтылады же Құдай Ибрахымның(Авраам) ұрпағына осы жерді уәде еткен,ол
туралы көне өсиетте “Уәде етілген жер”(земля обетованная) -деген
сөздер(Болмыс 21:1;13:15;15:18-21)кездеседі.Палес тинада жергілікті халықты
бағындырып,еврейлер онда патшалықтарын құрады.Алғашында біртұтас мемлекет,
кейін Израйл-Иудей патшалықтарына бөлініп кетеді.Бұл дәуірлерде көне
еврейлер көптәңірлік сенімде болып,кейін Мысырдан қашып келе жатқанда
Синай тауында Мұса пайғамбарға Құдайдан Тәурат кітабы түседі.Осы кезден
еврейлер Иахве құдайға сыйына бастайды.
2-ші кезең-б.д.д.VІІғ аяғына дейін(б.д.д.621ж.дейін)-Иахве құдайға сыйыну
немесе бірінші храм кезеңі.
Иерусалимде Сүлеймен(Соломон,Шломо) патша б.д.д.945жылы Иахве құдайға
арнап храм салдыртады,ол Иерусалим храмы деп аталады.Храмның ішкі бөлігі
бірнеше тонна алтынмен әрленеді же онда Көне өсиет(қасиетті кітап)
сақталынып,арнайы құрбандық шалынатын.Еврейлер көптәңірлік сенімдерінен
ажырамай,Иосий патша б.д.д 621 жылдары оған тыйым салады.
3-ші кезең-б.д.д.VІғ-“вавилон
тұтқындығы”кезеңі.Б.д.д.VІғ.(б.д.д. 587586ж) Израйлды вавилон патшасы
Навуходоносор ІІ басып алады.Храм қиратылып, еврейлердің көпшілігін
тұтқындап алып кетеді.Иудейлік вавилон тұтқыны кезеңінде еврейлердің өз
мемлекетін қалпына келтірудегі күресінің негізгі болды.
4-ші кезең -б.д.д VІғ аяғынан(538ж) б.д 70ж дейін-“екінші храм
кезеңі”.Б.д.д 538ж Парсы патшасы Кир Вавилонды бағындырып,515жылдары
еврейлерді еліне қайтарады.Еврейлер қиратылған храмды қайта салады.Осы
кезден бастап еврейлердің басқалармен некеге тұруына тыйым салынып,еврейлер
тұйық діни қауымға айналады.Палестина парсылардан кейін А.Македонский
империясына бағынып,б.д.д 63жылы оны Рим басып алды.Осы дәуірлерде храм
қайта жөнделіп кеңейтіледі.
Б.д 66-70 жылдары еврейлер Римге қарсы екі рет көтеріліс жасап жеңіліп
қалады.Бұл оқиғалар еврейлерде “Ұлы көтеріліс”,ал римдіктерде “Иудей
соғыстары” деген атпен белгілі.132-136жж Бар-Кохба бастаған көтерілісте
жеңіліс табады.Осы оқиғадан кейін Израйл өз тәуелсіздігінен толық
айырылады,храм өртеліп,1млн-ға жуық еврейлер өлтірілген.Сол дәуірлерде
еврейлердің саны 4-4,5 млн,оның 1млн-н астамы Палестинада тұрған.Еврей
халқының тарихында бұл оқиғалар “Ұлы қасірет” деп аталады.
Қазіргі таңда Иерусалим храмының тек батыс қабырғасының бір бөлігі ғана
сақталынған,ол еврейлер үшін қасиетті жер-Қайғы қабырғасы(Стена Плача) деп
аталады.Діни сенімдегі еврей Құдайдан храмның қалпына келуін тілейді.
5-ші кезең-б.д І-ІІғғ-1948ж-дейін-“диаспора кезеңі”.Бұл дәуірде еврейлер
әлемге тарыдай шашырап кетеді,оның себептері: Римнің оларды империяның
басқа аймақтарына көшіруі.Палестинада бүкіл еврейдің төрттен бірі ғана
тұрып,көпшілігі Еуропа(Испания,Германия же т.б.),Азия же Америка
елдерінде қоныстанды.Еуропалық еврейлер ашкенази,ал азиялықтары сефарды
аталады.
XІXғ бастап еврейлер тарихи отанына(Құдайдың уәде еткен жеріне)қайту
мәселесін көтеріп,ақыры 1948жылы БҰҰ-ның шешімімен Палестинада Израйл
мемлекетін құрды.Еврейлердің екі мыңжыл бойы дербес мемлекетсіз,отанынан
жырақта өзінің ұлттық бітім- болмысын сақтауында діндерінің ролі
айрықша.
2.Иудейлік дінінің негіздері же ерекшелігі.
Иудейліктің қасиетті кітабы Көне өсиет(Ветхии Завет) үш бөліктен
тұрады:
1.Заң-Мұса пайғамбардың бес кітабы немесе Тәурат(Тора).Онда еврейлер
тарихи,әлемнің жаратылуы,діни рәсімдер,он бұйрық же т.б жазылған.
2.Пайғамбарлар-пайғамбарлар кітаптары жинақталған.
3.Жазу-тарихи же әдеби шығармалар қамтылған.Олар діни рәсімдерде же
мейрамдарда орындалады.
Оның ішінде ең танымалы Псалтир діни өлеңдері.
Жалпы Көне өсиетке 39 канондық кітап кіреді.Сонымен қатар 11 канондық
емес кітап бар,еврейлер оларды көне иврит тілінде жазылмағандықтан
қабылдамайды.Қасиетті жазбаларын Танах деп атайды.Танахты оқу-
синагогада(храмдары)атқарылатын құлшылықтың ең маңыздысы.
Көне өсиет мәтіндері шамамен б.д.д VІІ-VІғғ жазылған,ал б.д.д Vғ-да
қайтадан жаңартып жазады.Б.д.д ІІІғ-Көне өсиет ивриттен грек тіліне
аударылады,ал оның канондық нұсқасы масорит Библиясы(көне евр.масора-
дәстүр)-еврей синадронының жоғарғы кеңесінде б.д І ғ-ның 70-ж бекітіледі.
Кейінгі дәуірлерде діни-философиялық,моралдық,тұрмысты қ,заң же сот
кодексі -Талмуд(көне.-евр.оқу,зерттуе)құрас тырылды.Киелі кітабы жазылған
заң,ал талмуд ауызша заң деп аталады.
Сенім негіздері.
Библияда Құдайдың еврейлердің “мысыр тұтқынында қиналғанын көріп,Мұса
пайғамбарға оларды Уәде етілген жерге апаруына көмектескендігі айтылады.Ол
Израйл халқын одақ(Завет) құруға шақырады: “Егер сендер менің айтқаныммен
жүрсеңдер ,өсиетімді сақтасаңдар,онда барлық халықтың ішінен менің
таңдаулы халқым,дін адамдарының патшасы же қасиетті халық боласыңдар”-
дейді(Шығу.19:5-6).
Осы одақ иудейлік дінінің негізгі екі қағидасын көрсетеді: 1.Иахве құдай-
тек тәңір,құдірет иесі,ұлы жаратушы.2.Еврейлер құдайдың сүйікті де таңдаулы
халқы,олар қасіретке ұшырағанда құтқарушы(мессия) жіберіледі.Егер құдайға
құлшылық етсе.
Иудейлік сенімдері Мұса пайғамбарға түскен 10 бұйрықта айқын
көрсетілген.Декалог-(грек.бұйрық)құ дайдан Мұса пайғамбарға Синай тауында
келген он бұйрық:
1.Тек бір құдайға ғана сыйыну;
2.Пұттарға табынбау;
3.Құдай есімін керексіз жерде айтпау;
4.Сенбі қасиетті күн;
5.Ата-ананы құрметтеу;
6.Адам өлтірмеу;
7.Зина жасамау;
8.Ұрлық жасамау;
9.Жалған куә болмау;
10.Өз жақыныңа зияндық істемеу;
Екінші бұйрық бойынша еврейлер құдайды Адонай(менің құдайым)деп атаған.
Ғұрыптары.
Иудейлік дінінде еврейлердің өмірін реттейтін 618 ереже бар,оның 248-
бұйрық,365-тыйым.Бұл міндеттер мен тыйымдар діни-құқықтық же моралдық
сипатта.Адамның жеке же қоғамдық өмірінің барлық жағы осы қағида-
ережелер бойынша реттеледі.
Құрбандық шалу рәсімі көне замандарда храмда атқарылған.Күнәні кешіру
құрбандығына екі ешкі әкелініп,біреуін сойып,екіншісін босатып
жібереді.Босатылған ешкі күнәні өзімен алып кетеді деп сенген.Бұл рәсім иом
кипур мейрамында орындалады.Қазіргі орыс тіліндегі “козел отпущение”сөзі
осыдан қалған.Қазіргі уақытта бұл рәсім басқаша жасалады.
Құлшылық.
Құлшылық жеке же ұжымдық тұрғыда синагогада күніне үш рет Тораны оқу
арқылы атқарылады.
Тораны жиі оқу құлшылықтың ең маңыздысы саналады.
Дін орындары синагога диаспора( )кезеңінде қалыптасқан.Діни
қызметкер раввиннің(үйретуші) қызметі: Тәураттың дұрыс оқылуы,рәсімдердің
орнымен атқарылуын көрсету же дін мәселелеріне төрелік айту.
Сүндеттеу рәсімі.Сүндеттеу бала туылғаннан сегіз күннен кейін
жасалынады.Артынша оған есім беріледі,есім адамға үш жағдайда қажет:
кәмелетке толғанда,некеге тұрғанда же өлгеннен кейін тасына жазуға.Ал қыз
балаға есім Тораны алғашқы оқығаннан кейін беріледі.
Мейрамдары.
Еврейлер жыл санауды б.д.д 3760 жылдан бастайды яғни өз сенімдері бойынша
әлем жаратылған уақыт.
Шаббат-сенбі.Апталық мейрам.Бұл күні синагогада же үйлерінде Тәуратты
оқу,дұға ету,раввиннің уағызын тыңдау же т.б. Пайдалы іспен
шұғылданбай,рухани жетілу істері жасалынады.Сенбі күнін құдайға арнайды.
Песхе-еврей календары бойынша көктемге келеді.Мысырдан көшуді еске алу
мейрамы.Маца-тұзсыз же ашытқысыз нан пісіріледі,өйткені перғауыннан қашқан
кезде,еврейлер осындай нан жеген .
Рош-Гашана-жаңа-жыл мейрамы.Иом кипур-сот күні..Жаңа-жылдан кейін он күннен
соң келетін тазалану күні,Құдай әрбір адамның тағдырын осы күні анықтайды
деп сенеді.
Ханука-Иерусалим храмына арналған күн.
Иудейлік дінінің ерекшеліктері.
Иудейліктің негізгі ерекшелігі еврейлер - Құдайдың таңдаулы халқы
же қиыншылық кезде ол құтқарушы(мессия,)-пайғамбарды жібереді деген
сенімдері.Таңдаулы сенімі тек иудей дінінде ғана басқа діндерде
кездеспейді.
Ғұрып пен рәсімге аса мән берілуі же Қасиетті кітабында еврей халқының
тарихы діннің тарихы ретінде қарастырылуы осы дінге тән ерекшелік.
Иудейліктің еврейлердің екі мың жыл бойы ұлт ретінде жойылып кетпей өз
болмысын сақтап қалуында ролі айрықша.
Еврейлер христиан же мұсылмандарды Нух пайғамбардың дінінде,ал басқаларды
пұтқа табынушылар деп санайды.
3.Иудейлік ағымдары.
Дін өз ішінде бірнеше ағымдарға бөлінеді.
1.Хасид-(ізгілікті)XVІІІғ Еуропада қалыптасқан дәстүршіл бағыт.Украйнада
хасидтік ілімнің негізін Исраэл Бешт,оның ілімі бойынша
раввиндік,ғалымдықтың керегі жоқ.Әркім өзі Құдайға құлшылық етіп онымен
өзі тілдесуі тиіс.Бірақта Құдаймен тілдесуге барлық адамға мүмкін
емес,сондықтан ерекше тақуалар –цадиктер көмкке келе алады.Цадик- адамды
рухани тәрбиелеуші ұстаз.Хасидтер өлтірме қағидасын ұстанғандықтан соғысқа
қарсы же әскерде қызмет жасамайды.
2.Каббала-(қабылдау,дәстүр)орта ғас-да Еуропада XІІІ ғ диаспора кезеңінде
пайда болды.Кітабы –Зогар(шуақ) деп аталады.Құдай шексіз,сипатсыз нәрсе,оны
тану есімдер мен әріптердің құпия мағынасын ашу арқылы мүмкін.Олар сандарды
сиқыр жолымен комбинация жасаумен айналысып Құдайды танимыз деп түсінген.
3.Сион одағы-XІXғ Еуропа же АҚШ-та құрылған үйым.Мақсаттары “Уәде етілген
жерге”(Палестина)оралу.Еврей оралмандарына материалды же қаржылай көмек
берумен айналысқан. Мақсатқа жетуде барлық мүмкіндіктерді
қолданған,нәтижесінде бір ғасыр бойы еврейлер Палестинаға оралып,1948 жылы
арабтардың жерінде өздерінің ұлттық мемлекетін құрды.
4.Иран діндері
Зорастризмнің пайда болуы.
Зорастризм б.д.д. X-VІІғғ Көне Иранда пайда болған дін,оның
негізін салушы Зоратуштра данышпан.Дін өз атын осыдан алады же діннің
басқада аттары бар: маздаейзм-жоғарғы құдай Ахура Мазда атымен байланысты;
Авеста діні -қасиетті кітабының аты; магизм-абыздардың маг тайпасынан
шығуына байланысты; отқатабынушылар-от қасиетті саналып оған
табынғандықтан; митрайзм-күн же ай құдайы Митра атына байланысты; парсизм-
көне ирандықтардың аты,қазіргі кезде Үндістандағы зардүштер осылай
аталады; гебрлар-Ирандағы зардүштерді мұсылмандардың
айтуы.Қазіргі уақытта әлемде шамамен 100-200 мыңдай діннің өкілдері бар.

Дін өз бастауларын көне үндіиран тайпаларының көптәңірлік сенімінен
алады.Жаңа діннің негізін салушы Зоратуштраның тарихи немесе аңыздық
тұлға екендігі әлі айқын емес.Ол бір деректерде б.д.д. 1500-1200 жж.
аралығында,басқа мәліметтерде б.д.д.VІІ ғ.соңы-VІ ғ.басында өмір сүрген деп
көрсетіледі.Діни жазбаларда Зоратуштраның қарапайым белгісіз әулеттен
шыққандығы,жастайынан абыздық өнерді үйренгені айтылады.Аңыздарға қарағанда
ол тақуалық жолға түсіп,бірнеше жыл ел кезіп ақиқатты іздейді.Оған отыз
жасында Ахурамазда құдайдан аян келеді.Өсиеттеріне өз жұртын сендіре
алмаған Зоратуштра елінен безіп,басқа елге Бактрия мемлекетіне барады.Онда
жаңа дінді уағыздап,ол елдің әміршісі Виштаспа оның ілімін қабылдайды.
Дін сол елде қанат жайып,кітабы жазылады.Б.д.д.VІғ Парсы патшасы Кирдің
жаңа дінді қабылдауымен,зорастризм Иранда таралып,кейін мемлекеттік дінге
айналды.Мұсылмандар(VІІғ) келгенге дейін зорастризм Иранның негізгі діні
болды.
Сенімілімі.
Зорастризмнің қасиетті кітабы Авеста,оның түсініктемелері Зенд,
екеуі қосылып Зендавеста деп аталады.Авеста мәтіні Ясна,Яшта же
Видевдата кітаптарынан тұрады.Ясна(құдайға құлшылық)72 тарудан түрып,оның
17-ін Гаталар құрайды.Гата-Зоратуштраның өзінің өсиеттері.Авеста мәтіндері
щамамен б.д.д.VІғ.жазылған.
Зорастризм дуалистік сенімге негізделген дін,ізгілік құдайы
Ахурамазда же оның көмекшілері (күн құдайы Митра же т.б.),ал зұлымдық
құдайы Анхрамайню же оны қолдайтын дэвтер(рухтар).Ахурамазда мен
Анхрамайнюдің күресі мәңгілік,сондықтан әрбір адам екеуінің бірін
таңдауы тиіс.Зоратуштра адамның ізгілікті таңдағанын насихаттайды,өйткені
адамның іс әрекеті оның бұл же о дүниедегі тағдырын анықтайды.Адам ізгілік
құдайына сеніп,оған сыйыну тиіс дейді Зоратуштра.Бұл сенім адамды дұрыс
ой,сөз же іс әрекет тәрізді моралдық ұстанымдарға негізделеді.
Зоратуштра адамның ойы,сөзі мен ісіне ешқандай құдайлар араласамайды деп
үйретеді.Өмірде адам тәні мен рухының саулығына мұқият болуы керек.Тән же
жан тазалығына аса күшті мән беріледі.
Осы сенімдердің негізінде зорастризмнің ғұрыптары мен рәсімдері
қалыптасып дамыды.
Діни ғұрыптары
Еңбек ғұрпы.Жер өңдеу же жермен жұмыс істеу ерекше дәріптеліп,ізгілік деп
қабылданған.Сенімдері негізінде қоршаған ортаға айрықша қатынас қалыптасып,
нәтижесінде тазалық ғұрпы пайда болды.
Суды ыдысқа қолды жуып барып құю,жауын кезінде жер мен суды ластамау үшін
үйден шығуға тыйым салынған.От қасиетті же таза сондықтан оған
сыйынған,храмдарында үнемі от жанып тұрады.
Қазіргі мәңгілік алау осы діннің әсерінен болуы мүмкін.Жалпы зорастризм
барлық нәрсеге таза же лас деп екіге бөліп қараған.Таза нәрселерге
адам,ит,сиыр,қой,ағаш,өсімдіктер,же міс пен бақша өнімдері же төрт стихия
от,су,жер же ауа жатады.Ал лас нәрселер адам мәйіті,тамақ қалдықтары,
күл-қоқыс,ауру же т.с.с.
Адамнан кейінгі ең қастерлі ит,оған дұрыс күтім жасамағаны үшін иесін
жазаға тартқан,өз кезегінде иттіде адамға зиян келтірсе жазалаған(бірінші
оң құлағын кескен,тағы қайталанса сол құлағын).
Жерлеу рәсімдері.Адам мәйіті лас(таза емес) саналып,оны ұстауға тыйым
салынады.Мәйітті көметін арнайы адамдар болған,оларға ешкім
жақындамайды.Мәйітті биік тау бастарына апарып қояды,кейін арнайы
мұнаралар салып сонда орналастырған,ит құс жеп,сүйектерін құдыққа
тастайды,онда олар ақырет күнін күтеді,сот күні жауапқа тартылады деген
сенім болған.Өлік шыққан үй арнайы тазаланады,оны еске алу рәсімдері
өткізіледі(10,30,360 күндіктері). Мұның бәрі өлген адам денесі лас
сондықтан зұлым рухтар тіріге зиян тигізуі мүмкін деген сенімнен
шыққан.Жерге көмбеген себептері,өйткені жер таза оны ластауға болмайды деп
сенген.
Діни құлшылық. Зорастрлер күніне бес уақыт құлшылық (намаз)
жасаған,Ахурамазданы дәріптеп арнайы дұға айтылады.
Діни мейрамдары. Жылына жеті рет мейрамдар өткізілген.Оның ішінде ең
маңыздысы жаңа-жыл мейрамы –наурыз немесе от мейрамы.Арнайы от
жағылып,жеті түрлі нәрседен тағам әзірленген,дастарқанға су,гүл же
жаңа піскен нан қойылады.
Діни құлшылық орындары храмдар,онда абыз діни рәсімдерді атқарған,от
қасиетті сондықтан храмда үнемі жанып тұрады.Отқа арнайы дайындалған
өсімдік шырынын же майын әкелу рәсімі болған.
2.Мани же манихейлік.
Манихейлік Қытайдан Римге дейінгі аралықта кеңінен таралған діни ілім.Бұл
ілімнің негізін салушы Мани(б.д.216-277ж).Ол көптеген елдерді аралап
жергілікті діндермен танысып,барлығына ортақ дін жасамақшы болады.
Манихейлік синкреттік діни ілім,оның мәні бізді қоршаған дүниеде ізгілік
пен зұлымдықтың мәңгілік күресі жүруде деген сенімде.Манихейліктің
зорастризмнен айырмасы ізгілік пен жарық рухани бастаудан,ал зұлымдық пен
қараңғылық материалдық бастаудан шығарылады.Осыдан бізді қоршаған
материалды дүние - зұлымдық әлемі деген түсінік қалыптасады.Әлемдік
процестің мақсаты адам бойындағы немесе рухындағы
жарықты(сәулені)құтқару.Бұл мақсатқа жету үшін таңдаулы манихейлер
аскеттік(өмірден баз кешу,тәрк ету)өмір сүру керек яғни жеке мүлікке ие
болмау,отбасы құрмау,шарап ішпеу,ет жемеу тіпті өсімдіктерді жұлмау.Ал енді
манихейлерді қарапайым адамдар күтуі тиіс,оларды өлер алдында таңдаулы
қатарына өткізетін.Бұл ілімді алғашқы кезде билеушілер қолдап,бірақ кейін
жағдай өзгеріп, ол күпірлікке саналып қудаланды.Мани ұсталып
өлтіріліп,манихейлер Ираннан қуылады.Орталық Азияда таралып,Ұйғыр
қағанатында(763-840)мемлекеттік дін деңгейіне көтерілген,кейін түркілер
арасында да бұл ілім қудаланды.
3.Иран діндерінің ерекшеліктері.
Иран діндерінің ең басты ерекшелігі дүниенің екі бастауы ізгілік құдайы
Ахурамазда же зұлымдық құдайы Анхрамайню,олардың күресі мәңгілік деген
сенімі.Бұл сенім басқа бірде бір діндерде кездеспейді.
Зорастризмнің басқа халықтардың діни сенімдеріне әсері болғандығын айта
аламыз.Бұл дін түркілердің сеніміне де ықпал еткен.Қазақтардың рәсім
-ғұрыптарында қазірге дейін зорастризмнің кейбір элементтері
сақталынған.Мыс:отқа май құю,адыраспан жағу,мәйіт жатқан жерді қоршап гүл
немесе ағаш егу же т.с.с.
Иран діндері парсылардың ұлттық діні,олардың тарихы мен мәдениетінде
үлкен рол атқарды.Ислам дінінің келуімен ирандықтардың көпшілігі
мұсылмандықты қабылдап,ескі дінінде қалған аздаған бөлігі
гебрлар деп аталды.
5. Бақылау сұрақтары:
1.Иудейлік дінінің тарихы
2.Иудей дінілімінің ерекшелігі
3.Он бұйрықтың мәнісі
4.Иудейліктің негізгі бағыттары же олардың айырмашылығы
5. Иран діндерінің негізгі ерекшеліктері
6. Зорастризмнің даму тарихы
7.Манихей ілімінің негізі
6. Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмасы: Иудейлік және иран діндерінің
ғұрыптары
7. Қажетті әдебиеттер:
1.Васильев.Л.С.История религии Востока.М.,1998.
2.Основы религиоведение.под.ред.Яблокова.И.М .,1994.
3.Кислюк.К.Кучер.О.Религиоведение.Р остов на- Дону.,2003.
4.Ғ.Есім.А.Артемьев және т.б.Дінтану негіздері.А.,2003.
5.Г.Тумер.А.Кучук.Діндер тарихы.Анкара.,1993.
6.Религия в истории и культуре.под.ред.Писманика.М.,2000.
7.Хизметли.С.Дінтану.Шымк.,2000.
Web сайттар:
1. http: www. relіgіovedenіe.ru
2.http: www. relіgіo.ru.
3.http: www. relіgіon.ru;
4.http: www. upelsіnka.com
5.http: www. relіgіon.ng.ru

ЛЕКЦИЯ-9

1. Лекция тақырыбы : Будда діні

2. Лекция жоспары:
1. Буддизмніњ пайда болуы
2. Буддизм ілімініњ негіздері
3. Буддизмніњ єлемге таралуы
4. Буддизм аѓымдары
5. Ламаизм
3. Лекция мақсаты: буддизмің пайда болуы мен әлемге таралуын қарастыру
же дінілімінің ерекшелігін талдау
4. Лекция мазмұны:
Буддизм б.д.д І-мың. Үндістанда пайда болған дін,бірақта өзінің
тарихи отанында тұрақтамай басқа елдерге таралған.Қазір әлемде будда
дінінің өкілдері 700 млн асады.Буддизм дінін Қытай,Жапон,Монғолия же
Оңтүстік-Шығыс Азия елдері халықтарының басым көпшілігі ұстанады.
1.Буддизмнің пайда болуы.
Буддизмді қарастырғанда,оның негізін салушы Будданың тұлғасы басты
ұстын ретінде алынады.Будданың аңыздық же тарихи өмірі бар екендігі
белгілі.Қазіргі ғылым оның өмір жолының қайсысы шын немесе жалған
екендігін дәл айта алмайды.Будда туралы әңгімелер мен жазбалар б.д бірінші
ғасырына дейін пайда болған.Джатаки аталатын бұл халық аңыз әңгімелері
қазірде халық арасында өте танымал же діннің қасиетті жазбалары ретінде
саналады.
Будда өмірінің аңыздық түрі: болашақ Будда 550 рет қайта туылған же әр
туылғанда жаңа бейнеде – патшадан егеуқұйрыққа дейін (83 рет әулие;58 рет
патша;24 рет монах;12 рет тауық;18 рет маймыл;13 рет саудагер;8 рет қаз;6
рет піл,сонымен қатар балық,ұста,құрбақа,қоян же т.б)түрлі бейнеде
келген.Бұл тізім сансара(қайта туылу тізбегі)заңы бойынша әрбір адамға
мүмкіндік берілетінін,тіпті Будданың өзіде бұл заңнан аса алмайтындығын
көрсетеді.Аңызда құдайлардың “Бақыт мекенінде” жиылып,енді Будданың адам
болып туылуына уақыты келді,адамдарға ақиқатты көрсетсін- деп шешкендігі
айтылады.Сөйтіп Будда патша отбасында дүниеге келеді.Одан кейінгі өмірі
аңыздық же нақты тарихи тұрғыда аралас беріледі.
Будданың тарихи бейнесі: Будданың өмірі жайлы нақты деректер
мардымсыз,оны б.д.д VІІ-VІғғ өмір сүрген деп жорамалдайды.Ол тарихта
бірнеше есіммен белгілі: Сидхаратха Гаутама Шакьямуни(Сидхаратха есімі-
мақсатқа жеткен;Гаутама шыққан руының аты;Шакьямуни-шакья тайпасынан шыққан
данышпан) же Будда(санскрит тілінде-ақиқатты таныған,көкірек көзі
ашылған;орыс.просветленный).
1956 жылы мамыр айында әлем буддашылары Будданың қайтыс болғанының 2500
жылдығын атап өтті.Оның (80 жыл) б.д.д 624-544ж.ж өмір сүргендігі
айтылады,ал басқа деректерде 566-486ж.ж деп көрсетеді.
Сидхаратха Гаутама солтүстік үндістандағы Шакья патшалығының
билеушісінің отбасында дүниеге келген.Анасы ол туылғаннан жеті күннен
кейін қайтыс болып,оны әпкесі асырайды.Патша әкесі ұлынынан еш нәрсе
аямай,оған арнап жыл мезгілдеріне сай үш сарайда салдыртады.Әкесінің
бұйрығымен оның көңілін түсіретін жамандық атаулы көрсетілмеген,сөйтіп ол
қам қатерсіз тіршілік етеді.Ханзада өзінің алғырлығы же білімімен
ұстаздарынан асып түседі.Уақыты келгенде үйленіп,балалы болады.
Ол қарт адамды,науқасты,өлікті же тақуаны кездестіріп,кызметшісінен
адамның дәрменсіздігінің себебін сұрап,өмірде қартаюдың,өлімнің,қасіреттің
бар екендігін біледі,тақуаның сөздері одан бетер ойға қалдыртады.Ақырында
ол адамзатты қасіреттерден құтқарудың амалын іздеп,дүниені тәрк етіп
тақуалық жолына түседі.Бұл кезде ол жиырма тоғыз жаста еді.
Діннің пайда болуы.
Алғашында екі данышпанға шәкірт болып,олардан сансара,карма заңдарын же
дүниенің елес екендігі ілімін үйренеді,бірақ сондада ақиқатқа жете
алмайды.Енді ол орманға кетіп, алты жыл тәнін азапқа салады, бірақ жоғарғы
ақиқатты таба алмайды.Сонда ол тәні мен жанын азапқа салу арқылы ақиқатқа
жете алмайтындығын түсінеді.Найраджуна өзеніне шомылып,тамақтанып, қуат
жинап,банян ағашының түбіне отырады,өзіне бұл жерден ақиқатты танығанға
дейін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үнді діні
Діндер тарихы лекциялар жинағы
Тасаууф ілімі
Иудаизм
Діннің тұжырымдамасы
Сопылық ілімі және оның ерекшеліктері
Мемлекет дамуы кезеңдері
Батыс Еуропадағы ортағасырлық философия
Шаманизм
Н. Бердяев бойынша Ресей мәдениетінің тарихи кезеңдері
Пәндер