Психодиагностиканың ғылыми - әдіснамалық негіздері


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Психодиагностиканың ғылыми - әдіснамалық негіздері.

2. Психодиагностиканың теориялық, қолданбалы мәселелері

3. Писходиагностикада аралас зерттеу бағыттары: дифференциалды психология, психометрия, пихологиялық бағалау.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

12 жылдық білім беруге көшу жағдайындағы эксперимент барысында оқыту мен тәрбелеудің жеке тұлғаға бағдарлануы басты орынға шығып отыр. Мұғалім үшін баланың қызығушылығы, бейімі, қабілеті және басқа да психологиялық ерекшеліктері басты орында болуы тиіс. Осы ерекшелкті ескеру мен дамыту оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруда

маңызды фактор болып табылады.

Осы міндеттерді мұғалімнің біліктілігі мен психологиялық мәдениетін көтеру арқылы ғана тиімді жүзеге асыра аламыз.

Соңғы уақыттарда мектеп тәжірибесінде оқушылардың әлеуметтік психологиясымен айналысу басты орынға шығып, педагогикалық психология екінші орынға ысырылуда.

Мұғалімге оқыту мен тәрбие үрдісінде нәтижеге жету үшін психологиялық кұралдарды меңгеру қажеттігі туындап отыр.

Бұл әдістемелерді көбінесе, дефектологтар, дәрігер-психиатрлар мен психолог-практиктер қолданады.

Ал осы психологиялық-педагогикалық анықтау жұмысының қажеттігі 12 жылдық білім беруге көшу жағдайындағы эспериментке байланысты туындап отыр. Эксперимент жүргізуші мұғалімге мектеп психологының көмегі әрқашан жеткілікті бола бермейді. Сонымен қатар оларға психологиялық әдебиеттер де аздық етеді.

Бұл құралда сол мұғалімдерді қажетті ақпараттармен қатар, арнайы психологиялық анықтау материалдармен қамтамасыз ету көзделген.

Құралда көбінесе, сынақтан өткен классикалық әдістемелер, сондайақ сауалнамалар мен психологтардың зерттеу әдістемелері берілді.

Құрал мұғалімнің көкейінде жүрген көптеген мәселелерді шешуге бағдар береді.

Сонымен қатар оқушы психикасын зерттеу әдістемесі мен жалпы ұстанымдарын ашу жолдарын көрсетеді.

Әр бөлімде танысып отырған психологиялық компаненттер (ес, ойлау, темперамент және т. б ) жөнінде мәліметтер беріледі. Олар мұғалімге ұсынылған психологиялық әдістердің көмегімен алынған психологиялық түсінік шеңберіндегі материалдарға талдау жасауға қолайлы.

Бұл құралдағы материалдар мектепке келген оқушыларға психологиялық диагностика жасауға мүмкіндік береді. Мектеп оқушыларын тексеру үшін мына әдістер ұсынылады:

-оқушыға жеке тұлға ретінде бақылау жасау ;

-жеке тұлға ақыл-ойының даму ерекшелігімен танысу.

Психодиагностиканың ғылыми - теориялық негіздері

Психодиагностика - Тұлғанаң немесе топтың психологиялық даму деңгейінің жағдайын, қасиетін нақты бағалауға арналған теориялық, методологиялық әдістердің ортасы деуге болады. Психодиагностиканың объектісі ретінде псиъология зерттейтін барлық құбылыстар қарастырылады, яғыни адамның түйсінуінен бастап, күрделі тұлғалық және өзара тұлға арлық қарым - қатынаста туындайтын күрделі әлеуметтік психикалық процесерге дейін.

Тұлғаның немесе топтық психикалық даму деңгейінің бағасын практикда анықау үшін мынандай мәселелерді шешу керек:

1. Қасиеттің сәйкес даму деңгейін анықтау.

2. Оының даму динамикасын және белгілі бір уақыт аралығындағы өзгеруін анықтау.

3. Тұлғаның немесе топтың мінез - құлқындағы және психологиясындағы нақты өзгерістерді.

4. Тұлға қсиеттерін дамыту перспективасы анықтау.

5. Келесі дифференционалды зерттеу жұмыстары үшін зерттелінуші адамдарды немесе топты категорияларға бөлу.

6. Тұлғның немесе топтың тапсырманы орындауға жарамдылығын анықтау, мысаоы адамның өз қызметтік міндеттерін атқаруға кәсіби даярлығын.

7. Тұлғаның немесе топтың психологиясы мен мінез * құлқы психокоррекция жұмыстарын жргізу мақсатындағы кейбір мед\идиналық немесе әлеуметтік нормаларға сәйкес келу, келмеуін анықтау.

8. Тұлға немесе топ үшін өмір жолын таңдауда ( мамандық, некелік жолдасын, т. б. ) және өз білімін жетілдіруде ұсыныстар жасау.

Осы айтылған мәселелер психодиагностика үшін жалпылау болып табылады. Осылардың көпшілігі мектеп жасын дейінгі мекемелерде және мектептерде әртүрлі жас баламен жүргізілетін жұмыстар арқылы шешілуі керек.

Психодиагностика көбінесе былай түсіндіріледі: (Предпологает)

  • Баланың бір айлығынан бастап мектеп бітіргенге дейінгі жас ерекшелік психологиясының даму динамикасын ( танымдық, интелектуалдық, Тұлғалық және Тұлғаралық) зерттеу. Олар үшін әрбір баланың жылдық немесе айлық даму көрсеткіштері жазылған психодиагностикалық картасы жасалуы керек.
  • Әрбір баланың психологиялық және құлықтық дамуының өзіндік ерекшеліктерін анықтау, оның орташа стандартты нормадан ауытуын, жағымды жағына қарай ма?(жедел дамуын), әлде теріс қарай ма?(Баяу даму)
  • Балаларға білім беру мен тәрбиелеудегі жетістіктерді анықтау мақсатында жүргізілетін психологиялық қызмет көрсеттетін педагогикалық эксперименттер және осының негізінде берілетін ұсыныстар.
  • Өз уақытында дұрыс бағыт беру үшін, сондай - ақ ғылыми негізелген проконсультатциялық және мамандыққа бағдарлау жұмытарын жүргізу мақсатында баланың дарындылығын, икемділігін, қабілеттілігін, бейімділігін анықтау.
  • Мұғалімдермен ата - аналар үшін пайдалы болтын, сол балаға тиімді болатын оқыту мен тәрбиелеу әдістері таңдау және баланың психологиялық жағдайы турлаы әртүрлі ақпараттар алу.

Білім беру жүйесіндегі иекемелерде балалардың психодиагностикасымен жоғары оқу орының психология факультетін бітірген, кәсіби даярлнға пратик - психолог немесе « практикалық психология» мамандығы бойынша қайта даярлаудан өткен мамандар айналысады. Осыншама мәселені қамту және дұрыс психодиагностикалау үшін практик - пихологтың кәсіби біліктілігі жоғары болуы керек.

Психодиагностикалық жұмыс барысында жеке Тұлғаның психологиялық даму ерекшеліктерін анықтауға арналған психодиагностика әдістері кеңінен қолданылады. Оларға жалпылама шолу жасап өтетін болсақ, мысалы ақыл - ой дамуын диагностикалау, танымдық процестердің дамуын диагностикалау, жопы қабілеттер, тұлғаның құндылық мотиватциялық мінезі, қарым - қатынас диагностикасы, т. б.

Мамандығымызға байланысты келешекте балалармен, мектеп оқушыларымен жұмыс жасайтын болғандықтан, оқушыны психология - педагогикалық зерттеудің ұстанымдары мен әдістеріне тоқтала кетейік.

Психодиагностика әдістері және оны топтастыру

Қазіргі уақытта барлық танымал ғылым салаларында адамның жеке қасиеттерімен психикалық процестеріне арналған психодиагностика әдістері кеңінен қолданылады. Психодиагностика әдістері мына түрде классификациялаймыз,

  1. Бланклы әдістер - ( зерттелуші арнайы пайындалған пікірлер немесе сұрақтар беріледі. Бұл сұрқтарға ауызша немесе жазбаша түрде жауап беруге болады) Бұл әдіс - практикалық психологиядағы ең көп қолданылатын және қарапайым түрдегі әдіс.
  2. Сұрақнама әдісі - (Зерттеушу зерттелушіге аузша сұрақ береді де жауабын белгілеп отырады және өңдейді) . Бұл әдістің жақсы жағы алдын - ала арнайы бланкаларды дайындауды талап етпейді. Зерттелушінің жағдайын қарай жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Ал кемшілігі оның субъективтілігінде және ол сұрақнамаларға берілген жауаптар стандаррттауға келмейді. Сондықтан да оның интерпретациясы салыстырмалы түрде жазылады.
  3. Сурет арқылы диагностикалау әдісі.

Бұл әдіс бойынша зерттелушінің психологиясы мен мінез - құлқын зерттеу үшін оларға салған суреттері (арқыла) пайдаланылады.

Бұл суреттер тақырыптық тапсырма немесе ойдан шығарылған болуы мүмкін. Кейде интерпретация кезінде стандартты дайын бағалау критерийлері пайдаланылады. Мұндай әдіске мысао ретінде Равеннің матрицалар тестін алуға болады.

4. Проективті әдістер

Бұл әдіс бланкалы сұрақнама және сурет салу түрлерінде болуы мүмкін. Ғылымда жылдан жылғ бұл әдіс түріне сұраныс көбейіп келеді. Өйткені, психодиагностиканың бұл түрінен көптеген информацияларды алуға болады.

  1. Объективті манипуляциялық әдіс.

Бұл әдісті зерттелушіге берілетін талаптар тапсыырмалар нақты пән түрінде немесе бір нәрсені құрастыруға жасау дайыдау түрінде берілуі керек.

Психодиагностикалық әдістерге және жағдайларға қойылатын талаптар.

Психологиялық - педагогикалық эксперимент сенімді болу үшін және нақты да дәл нәтижелер алу үшін, соның негізінде дұрыс қорытынды жасап, оны пайдалана алу үшін жүргізетін психодиагностиканың әдістері ғылыми негізделген болуы керек. Ондай әдістердің түріне мыеа талаптарға жауап беретін әдістерді жатқызамыз.

1. Әдістеменің икемділігі

2. Сенімділігі

3. Біртектілігі

4. Нақтылығы

Осы әдістердің шетелдік аударылған әдістемені өзімізге лайық адаптпция жасауымыз керек. Зерттеуші не зерттеу екендігін сенімді болуы керек, алынған нәтижелерді құпия ретінде сақтау керек.

Жүргізілген диагностиканың материялдарын нақты бір тақырыпқа байланысты болуы керек.

Тест - психодиагностика әдісі ретінде

«Тест» термині білімнің түрлі салаларында әртүрлі мазмұнда. Мысалы: сынақ, сыннан өту, тексеру және т. б. Қолданыс алып, өте жылдам және ауқымды қарқынмен дамиды. Р. Пэнто мен М. Гравитцтің айтуы бойынша, «тест» сөзі көне француз тілінен шығып, қазіргі таңд «табақ» сөзінен синонимі болып табылады. (латынша «testa - балшытан жасалған құмыра д. м. б. ) Орыс тілінде «тест» сөзі ұзақ уақытқа дейін 2 мағынада болған:

1) Сыналатын ант, ағылшындардың діни серті, осы айтылғандардың барлығын әрбір қоғамдық қыызметке кіретін адамдар білуге міндетті, осы арқылы олр өздерінің жасырын католик еместігін көрсетеді.

2) Жалпақ балқытылған немесе қорытылған түтікше арқылы алтын және күміс шығару.

Қазііргі кездегі «тест» маңызды писхлдиагностикалық атауға XIXғ. аяғында не болады. Психодиагностикада әр алуан тесттердің классификациясы белгілі. Олар әр түрлі бөлімдерге бөліне алады, тесттік тапсырмалардың ерекшеліктеріне байланысты - вербальды тест және тәжірибелік тест, қарастырылатын процедуралық формасы бойынша - топтық тест және даралыұ тест, бағыттары бойынша - алғырлық тест, Тұлғалық тест және бөлек психикалық функция, ал тәуелділіктің барлығы немесе уақытша шектеулердің жетіспеушілігі бойынша - жылдамдық тест және қорытындылау тесті болып бөлінеді. Сонымен қатар тестерді олардың құрастру принциптері арқылы ажыратуға болады. Соңғы 10 жылдықтың ішінде көптеген танымал тесттер компьютерлік ағымға енгізіле бастады, оларды былай атауға болады компьютерлендірілген тестер деп. Компьютерлік тестер белсенді даму үстінде.

Қазіргі психодиагностиканың даму кезеңінде «компьютер» психологтың барлық диагностикалық іс - әрекетін жүзеге асырушы ең негізгі құрал ретінде қаралуда. Соңғы XXғ. онжылдығында компьютер тек қана институттармен лаборатория қолданыста болған жоқ, ол әрбір зерттеушіге қолдануға мүмкіндік болды. Қазіргі таңда өте қиын деген психодиагностикалық тесттердіңдамуына компьютерлік базалар өте көп үлес қосуда, өйткені компьютер жеңілдетудің әр алуан түрлерін игерген.

Соңғы кездегі компьютерлендірілген психодиагностикалық әдіс, дәстүрлермен салыстырғанда мынаған байланысты.

  • Тест автоматтандыруды құруға мүмкіндік береді.
  • Тесті құрастырудан оған жүргізген зерттеулерден, ескішілділікке негізделген қиындық келтірілген жағдайлардан психологты босатады
  • Таралым әдісі мен тәжірибелік топтық тестілеудің кеңейтуге мүмкіндік беруге қамтамсыз етеді.
  • Тесттердің құпиялық қорытындысын сақтауға жеңілдетіледі.
  • Жедел топтық зерттеудің жүргізілуі, сол сияқты жекелеген психодиагоностикалық зерттеулер жаңа жағдайлар туғызады.
  • Практикалық таспырмалардың шешімімен тығыз байланытылығын қамтамасыз етеді.
  • Кейбір компьютерлік тестер компбютерлік ережелерге аударылуы мүмкін емес.

Психологияда тест - зерттелінетін қасиеттердің даму деңгеінің салыстырмалы сандық және сапалық көрсеткіштерін алады, стандартталғандығы дегенде зерттелушіге берілетін ситуациялар мен нұсқаулардан басап олардың интерпритациясымен нәтижелері есептеу тәсәлдері әр кезде және әр қашан бірдей блоатындығы құзырда ұстаймыз. Тесттің түрлері өте көп. Олар негізінен бірнеше оптарға біріктіріледі.

  1. Тестілеудің пәні бойынша
  2. Тестілеуде қолданылатын тпасырмалардың ерекшеліктеріне байланысты
  3. Сыналушыға берілетін тест материалына байлансты
  4. Бағалау объектісі бойынша
  1. Тесттілеудің пәні бойынша - тесттер интелектуалды, Тұлғалық және тұлға аралыұ болып бөлінеді.
  2. Тестілеуде қолданылатын таспырмалардың ерекшеліктеріне байланысты - практикалық тапсырмалар, вербальды тапсырмалар және бейнелік тапсырмалар болып бөлінеді.
  3. Тест материалына байланысты - бланкалы тест және аппаратуралық тест.
  4. Ал бағалау, объектісі бойынша - процессуалды тесттер, жетістікті анықтауға арналған тесттер. Сондай - ақ жағдай мен қасиеттерді анықтауға арналған тесттер болып бөлінеді.

Интелектуальды тесттер - адамның ақыл - ойы дамуының қабылдау, қиял, ес, зейін, сөйлеу сияқты танымдық порцестерді зерттеуге арналған.

Тұлға аралық тесттер -и жеке адамның бірсыдырғы тұрақты ерекшкліктерін, яғни қабілет темпераментін, мінз -құлқын, эмоциясын, мотиватциясын анықтауға арналған тесттер.

Тұлғаралық тест - әртүрлі әлеуметтік оптардағы адамдардың өзара қарым - қатынсын анықтайтын тест.

Практикалық тестік тапсыырмаларға көрнекіліктермен метериялдық нақты зттармен жұмыс жасауға арналған жаттығулар мен тапсырмалар жатады. Бейнелік тапсырмаларға суретті картинкалы, бейнелі схемалі көріністі жаттығулар жатажы. Сол арқылы ойлау, қиял дәрежелерін анықтайды.

Психодиагностиканың нақты әдістерінің бірі ретінде теске мынадай талаптар қойылады:

1. Тесттің әлеуметтік мәдени бейімделуі.

2. Тест тапсырмаларының қарапайымдылығы мен түсініктілігі.

3. Тест тапсырмсын орындауда уақыттың шектеулі болуы.

4. Берілген тест үшін тесттік нормаларының болуы. Осы айтылған тестке қойылатын талаптардан басқа тестілеудің оны өңдеу мен интерпретациялаудың қатаң ережелері бар.

Соның ең маңыздылары мынлар:

  1. Қандай да бір тестті сыналушыға қолданбай тұрып, оныменг психолог міндетті түрде алдын - ала танысу қажет және өзіне немесе басқаларға қолданып сынап көру керек. Бұл тестілеу кезінде қателіктер жіберуден сақтап психологияның сенімділігін арттырады.
  2. Тест тапсырмаларын орындауды бастамас бұрын барлық зерттелушінің тапсырмалардың шарты мен нұсқауын дұрыс түсінгендігін анықтау керек.
  3. Тестілеу кезінде зерттелушілердің барлығының жеке - жеке дербес жұмыс жсауын бір - біріне кедергі келтірмеуін және бір - бірінен көшірмеуін қадағалап отыру керек. Өйтпеген жағдайда тестің нәтижесі дұрыс шықпайды.
  4. Әрбәр тест үшін оның өнделімін интерпретациялайтын процедура нақты және негізделген болуы керек.

Тұлғаның дара - психологиялық қасиеттерін диагностикалау.

Психодиагностиканың ең маңызды ұғымдарының бірі - психиканың өзіндік ерекшелік ұғымы. Эмперикалық психологиялық зерттеуде жеке дара адам қоғамдық және табиғи бірліктен тұрады. Жекетұлғалық пен жеке даралық ерекшеленбейді, олардың қарама - қарсылығы мәнін жоғалтады немесе ғылыми категориясы емес, нақтылықпен зерттеледі. Бірақ көптеген «жеке даралық пен тұлғааралық туралы»тартыстардыңнәтижесіз болғаны себебі Отандық психологияда соңғы уақыттарға дейін өзімен - өзі байланысыз және бір - біріне ықпалсыз болады.

Психолог зерттеуіндегі жеке тұлғ оның алдында жеке дара қарастырылады. Психологияның негізгі жетістігі де осыда - жеке Тұлғаның дара қасиеттерін анықтайды. Б: Ф: Ломовтың айтқанындай жеке тұлға - бұл психологиялық аспектілері бар қоғамдық ғылымдар мәселесі, ал жеке даралық бірінші кезекте психология мәселесі.

Жеке дара адамды зерттеуде психодиагностиканың өзінің арнайы бағыттары бар. Бұл зерттеу бағыттында бағаланған жеке адамды сипаттауда көрінетін дамыған түсінікті құралдарға және көптеген әдістемелерге ие. «Бағаланған жеке адам» құрылымын бөліп шығару мен қолдану нәтижесінде не күтуге болады?

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психофизиологиялық жəне ақпаратты талдау əдістері
Практикалық психологияның негізгі әдістері
Психологиялық - педагогикалық диагностиканың ғылымитеориялық негіздері
Психодиагностқа қойылатын талаптар
Психодиагностика туралы
Психологиялық-педагогикалық жеке адам диагностикасы
Психологиялық - педагогикалық диагностиканың психология салаларымен байланысы
Жалпы ғылым туралы сипаттама. Психология ғылымының пәні мен объектісі
Диагностикалық және коррекциялық жұмыс
Психодиагностиканың әдістемесінің құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz