Мақта тазалау зауытының құрылысын жүргізу
Кіріспе
1. Объектінің техника . экономикалық тұжырымдамасы
2. Технологиялық сұлбаның сипаттамасы
3.Технологиялық процестің сипаттамасы
4. Материалдық және жылулық баланстар
5 ЛП мәшинесіндегі шиттен линтті ажырату өнімділігін арттыру
6. Конструкциялық материалды таңдап қабылдау
7. Әдеби . патенттік шолу.
Негізгі объектіні таңдап қабылдаудың тұжырымдамасы
9.Негізгі объект бойынша есептеулер
10. Мәшине жасау, жөндеу және монтаждау технологиясы
11. Автоматика бөлімі және БӨП
12.Тіршілік қауіпсіздігі
13. Қоршаған ортаны қорғау
14. Экономикалық бөлім

Мақта халық шаруашылығына үлкен ықпал етеді. Халық шаруашылығында мақта немесе одан шыққан өнімді пайдаланбайтын ешбір сала жоқ. Шитті мақтаны алғашқы өңдеу нәтижесінде мақта талшығын алу жылдан – жылға дами түседі. Бұл нәтижені ары қарай дамыту үшін мақта тазалау өндірісіне жаңа технологияларды енгізу қажет. Осыған тікелей байланысты деп технологиялық процесті атасақ болады. Себебі, технологиялық процесті жетілдіру зауыттың жалпы жұмысын жетілдірумен тікелей байланысты.
Мақта тазалау зауыттары, дайындау орындары арқылы мақтаның өсу барысын бақылап отырады және дайындау орындарында қабылдау, сақтау, өз уақытында мақта тазалау зауыттарына жеткізуді де басқарып отырады.
Мақта тазалау зауыттары арнайы технологиялық жабдықтармен, цех ішіндегі және арасындағы шитті мақта дайын өнімді тасу транспортымен, талшық, линт, талшық шығындарын нығыздау үшін гидронығыздағыш және де басқа да құрылғылармен жабдықталаған.
Әрбір мақта тазалау зауыттардың жабдықты өңдеуді қамтамасыздандыру үшін өзінің өңдеу – механикалық базасы болады.
Мақта тазалау зауытының үлкен шикізат базасы болатын болса ( бір жылдық мақта көлемі 26000 т/жыл көп болса), онда зауыт сыртында мақта дайындау пунктері болады, ал егер одан кем болса, онда зауыт ішіндегі дайындау орындарымен шектеледі.

Мақта халық шаруашылығына үлкен ықпал етеді. Халық шаруашылығында
мақта немесе одан шыққан өнімді пайдаланбайтын ешбір сала жоқ. Шитті
мақтаны алғашқы өңдеу нәтижесінде мақта талшығын алу жылдан – жылға дами
түседі. Бұл нәтижені ары қарай дамыту үшін мақта тазалау өндірісіне жаңа
технологияларды енгізу қажет. Осыған тікелей байланысты деп технологиялық
процесті атасақ болады. Себебі, технологиялық процесті жетілдіру зауыттың
жалпы жұмысын жетілдірумен тікелей байланысты.
Мақта тазалау зауыттары, дайындау орындары арқылы мақтаның өсу
барысын бақылап отырады және дайындау орындарында қабылдау, сақтау, өз
уақытында мақта тазалау зауыттарына жеткізуді де басқарып отырады.
Мақта тазалау зауыттары арнайы технологиялық жабдықтармен, цех
ішіндегі және арасындағы шитті мақта дайын өнімді тасу транспортымен,
талшық, линт, талшық шығындарын нығыздау үшін гидронығыздағыш және де
басқа да құрылғылармен жабдықталаған.
Әрбір мақта тазалау зауыттардың жабдықты өңдеуді қамтамасыздандыру
үшін өзінің өңдеу – механикалық базасы болады.
Мақта тазалау зауытының үлкен шикізат базасы болатын болса ( бір
жылдық мақта көлемі 26000 тжыл көп болса), онда зауыт сыртында мақта
дайындау пунктері болады, ал егер одан кем болса, онда зауыт ішіндегі
дайындау орындарымен шектеледі.
Мақта тазалау зауыттарын жобалауда өндірістік ауданшаларды тиімді
және рационалды пайдалануға көңіл бөлу керек.
Транспорттық жолын қысқарту, құрылыс жұмыстарын қысқарту жалпы зауыт
тиімділігін арттырады.
Жеке тапсырмаға сәйкес линтерлер классификациясы үшін басты өңделетін
өнім ретінде шитті мақтаның физика – механикалық қасиетін оқып үйрену қажет
болады, өйткені үлкен қиыншылықпен, ауыр еңбекпен өсірілген дақылдардың
табиғи қасиетін төмендетпестен сапалы өңдеп алу мәселесі инженер – технолог
мамандығына үлкен жауапкершілікті талап етеді
Объектінің техника – экономикалық тұжырымдамасы
Шымкент қаласында мақта тазалау зауытының құрылысын жүргізу үшін
мынадай себептер және мүмкіндіктерге байланысты:
1. шикізат базасы;
2. еңбек ресурстары;
3. электр қуаты және жанар май;
4. өнімдерді тұтынушылар.
1.Шикізат базасы.
Оңтүстік Қазақстан облысы – Қазақстан Республикасында мақта дақылын
өсіруші жалғыс облыс. Облыстың жылда 200 мың тоннадан астам шитті мақта
алынады. Бұл шитті мақтаны өңдеу үшін мақта тазалау облыста орналасқан жөн.
2. Еңбек ресурстары
Шымкент қаласында қазіргі кезде 500 мыңнан астам халық тұрады. Осыған
орай Шымкент қаласында еңбек ресурстары мен қиындықтар болмайды. Ал
мамандарға келсек инженер – техникалық кадрларды дайындау үшін университет
және көптеген коллеждердің, ал жұмысшыларды – кәсіптік техникалық
училищелердің толық мүмкіндігі бар.
3. Электр қуаты және жанар май
Мақта тазалау зауыттарындағы жабдықтар электер қуаты көмегімен жұмыс
істейді. Ал мақтаны кептіру процесінде кептіруші агентті дайындау үшін
керосин қолданады.
Шымкент қаласында электр қуаты мәселесі толық шешілген. Екібастұз
ГРЭС – і, Тараз ТЭЦ – і және Шардара ГЭС – і мен алынатын электр қуатымен
мақта зауытын қамтамасыз ету шешіледі. Керосин және басқа жанар майлар
“Шымкент мұнай өңдеу” зауытынан алынады.
5. Өнімдерді тұтынушылар
Мақта зауытынан шығатын негізгі өнімдер бұл талшық және шит.
Талшықтың негізгі тұтынушылары шетел мемлекеттері. Тағы да Шымкент
тоқымашылық фабрикасы. Техникалық шиттер Шымкент май зауытына жіберіледі.
Егіндік шиттер шаруашылықтарға сатылады. Бұлардан басқа мақта өндірісінің
өнімдері шит, талшық қалдықтары, үлік қалдықтары және т.б. шарушылықта кең
қолданылады.
Осы жоғарыда аталған мүмкіндіктер Шымкент қаласында мақта тазалау
зауытын салуға себепші болады.
Мақта тазалау зауытын орналастыру үшін мыналарды есепке алу керек:
1. Темір жол және автомобиль жолдарының жақындығы;
2. Электр қуаты жүйелерінің жақындығы;
3. Негізгі жел бағыты.
Шымкент қаласындағы негізгі желдер бағыты – шығыстан және оңтүстік
шығыстан. Осыларды есепке ала отырып құрылыс орнын Шымкент қаласының
батысынан жобалаймыз.
Технологиялық сұлбаның сипаттамасы
Мақтаның түрі, өндірістік сорты, теру ( жинау ) түрі, ластану
және ылғалдылығына байланысты мақта алдын – ала өңдеу технологиялық
процесіне қойылатын талап – мүмкіндігі барынша еңбек, шикізат, қуат
шығындарын азайтып, жоғары сапалы өнім алу. Осыған байланысты мақта тазалау
зауытының технологиялық схемасы түрлі алғашқы физика – механикалық және
технологиялық сипаттамалы шитті мақтаны өңдеуге мүмкіндік беру керек.
Бұл үшін:
а) қабылданған шитті мақта қалыпты кондициялы немесе технологиялық
ылғалдылыққа жеткізіледі;
ә) жоғары сапалы талшықтар нормасына сай шитті мақта ірі және майда
ластауыштардан, тағы да бөтен заттардан тазаланады;
б) джинирлеу кезінде ұзын талшықтар шиттерден толық алынып, ластауыш
қоспалардан тазаланады;
в) джинирлеуден соң, шиттерде қалған қысқа талшық ( линт және делинт )
толық алынады;
г) талшық, линт, делинт және талшықты қалдықтарды сақтау, тасымалдауға
ыңғайлы және өртке қауіпсіз будаларға престеледі;
д) егуге арналған шиттер тазаланып, сортталып, зарарсыздандырылып сақтауға
қойылады, техникалық шиттер ары қарай өңдеу үшін керекті дәрежеге
жеткізіленеді.
Жоғарыда көрсетілген технологиялық операциялар мақта тазалау
зауытының мынадай негізгі цехтерінде немесе бөлімшелерінде жүргізіледі:
Шитті мақтаны жиналып тұрған маядан (1) РБА бунт бұзғышы (2)
көмегімен пневмотасымалдау жүйесіне (3) жеткізіледі. Мұнда шитті мақтаны
ауыр қоспадан тазалайтын ЧТП (4) құрылғысынан өтіп, яғни тас, темір және
т. б. ауыр қоспаларды тазалайды, ары қарай кептіргішке (7) бағыт алады.
Пневмотасымалдау жүйесінде ауа ағымынан ажыратқыш СС – 15 сепараторы (5)
көмегімен шитті мақта кептіргішке түседі. Кептіргіште белгілі бір
ылғалдылыққа дейін шитті мақта кептіріліп ары қарай майда ластауыштардан
тазалағыштар 6А – 12М1 (9) жабдығына бағытталады. Кептірілген шитті мақта
пневмотасымалдау жүйесінде ауа ағымынан ажыратқыш СС – 15 сепараторымен (5)
6А – 12 М1 майда ластауыштардан тазалағышқа келіп түседі. Мұнда белгілі
ластылық деңгейіне жеткен соң шитті мақта пневмотасымалдау жүйесімен ірі
қиқым – қоқыстан тазалағыштар “Мехнат” (12) жабдығына сепаратор СС – 15
арқылы келіп түседі. Мұнда шитті мақта нормадағы ластылық деңгейіне жеткен
соң, келесі процесс джинирлеу процесіне пневмотасымалдау жүйесімен шитті
мақта келіп түседі. Джинирлеу процесі джин (4) жабдығына өтеді. Шитті мақта
мұнда мақта талшығы мен шитке ажыратылып, мақта талшығы ары қарай
пневмотасымалдау арқылы мақта талшығы тазаланады да КВ – 3М конденсоры (15)
арқылы алдын – ала нығыздалады. Нығыздалған талшық роликті тасымалдағыш
көмегімен жабық қоймаларға жеткізіледі. Джинирлеу процесімен шығатын екінші
өнім шит бұрандалы конвейер немесе элеватор көмегімен келесі процесс
линтерлеуге (16) бағытталады. Шит джинирлеу процесі кезінде әртүрлі қиқым –
қоқыспен ластанады. Сондықтан линтерлеуге дейін шит тазалағыштар қиқым –
қоқыстан тазаланады. Линтерлеу (16) бірнеше рет өткізілуі мүмкін. Егер шит
техникалық болса, онда линтерлеуден үш – төрт рет өтеді, ал егіндік болса,
онда екі рет өтіп ары қарай шит өңделуге жіберіледі, яғни мамықтан
ажыратылады және химиялық өңдеуден өтіп қоймаға жіберіледі. Ал
линтерлеудегі негізгі өнім линт пен делинт пневмотасымалдау арқылы
нығыздалуға жеткізіледі. Техникалық шит линтерлеуден шығып (20) қоймаға
немесе май шығару өндірісіне жіберіледі.
3.Технологиялық процестің сипаттамасы
Мақтаны өңдеу процесі бірнеше негізгі процестерден тұрады. Бұлар:
1. Мақтаны қабылдау және сақтау;
2. Мақтаны алдын – ала тазалау және кептіру;
3. Мақтадан талшық және шит алу;
4. Талшықты өңдеу;
5. Шитті өңдеу.
Мақтаны қабылдау және сақтау
Шитті мақтаны зауытқа автотранспортпен жеткізеді. Арнайы автотаразыға
тартылған кезде шитті мақта тексеріледі. Тексеру кезінде мақтаның
ылғалдылығы, шаңдалғандығы нәтижеде оның сорты анықталады. Мақта сақтау
өте маңызды операциялардың бірі. Жоғары ылғалдылықтағы мақта өзін - өзі
қыздыруға келтіреді. Бұл мақтаның сапасын төмендетеді. Жоғары ылғалдылыққа
қарсы мынадай шаралар қолданылады; вентиляция, тоннель жасау; кептіру.
Мақта маяларын жауын – шашыннан сақтау үшін маяларды брезенттермен
жабады.
Сақтау кезінде мақтаның температурасынан ылғалдылығына дейін үздіксіз
бақылау жүргізіледі.
Мақтаны алдын – ала тазалау және кептіру
Ашық немесе жабық қоймалардағы мақта кептіру цехына пневмотранспорт
арқылы беріледі.
Құбыр арқылы тасымалданатын мақта арнайы тас ұстағыштан өтеді.
Тас ұстағыштарда мақтаның ішіндегі тастар және басқа ауыр бөтен
заттар ұсталады.
Тас ұстағыштың жұмыс істеу принципі – пневмотранспорт құбырымен
тасымалданатын мақта арнайы жылжымайтын бетке соғылып өзінің жылдамдығын
жояды. Бұл кезде ауыр заттар өз салмағымен төмен түсіп арнайы камерада
жиналады. Ал жеңіл мақта ауамен бірге ары қарай тасымалданады. Бұл жерде
қырғышты сепаратор (СС - 15) орналасады. Сепараторда шитті мақта ауадан
ажыратылады. Ал ауа циклонға беріліп, бұл жерде шаңнан тазаланады. Ауадағы
шаңның қалдықтары шаң жинағыш камерада тұнады. Тазартылған ауа атмосфераға
шығарып тасталады. Сепаратордың камерасындағы мақта кептіру барабанына
беріледі. Барабанның ішінде арнайы қалақшалар бар. Қалақшалар барабан
айналған кезде шитті мақтаны жоғары көтереді. Жоғарыдан түскен кезде шитті
мақта кептіру агентімен әсерлеседі. Осының нәтижесінде шитті мақта
кептіріледі. Ал кептіру агенті ретінде газ немесе керосинді жаққан кезде
пайда болатын ыстық ауалар қолданылады. Агент желдеткіш көмегімен кептіру
барабанына беріледі.
Кепкен мақта сепаратор арқылы тазалауға беріледі. Шитті мақтаны
тазалау процесі бірнеше сатыдан тұрады. Мақтаны тазалау үшін түрлі мақта
тазалағыштары қолданылады. Мақтаны майда ластауыштардан тазалау үшін 6А –
12М1 тазалағышы қолданады. Бұл тазалағыштың жоғарғы және төменгі жағында
торлар орналасады. Бұл торлардан майда ластауыштар түседі. Түскен
ластауыштар арнайы шнекпен сыртқа шығарылып тасталынады. Ал шитті мақта
тазалағыштан шығып, пневмотасымалдау жүйесіне, сол арқылы келесі жабдыққа
беріледі. Келесі жабдық бұл шитті мақтаны ірі ластауыштан тазалағыш
“Мехнат” жабдығы. Бұл тазалағышқа шитті мақта сепаратор арқылы беріледі.
Бұл мәшинеде шитті мақта жабдықтағыш арқылы құлақты барабанға беріледі.
Барабанда мақта қопсытылып тордың үстімен тасымалданады. Тордың
тесіктерінен ірі – майда ластауыштар түсіп қалады. Мұнда мақта арасы
лентаның тесіктеріне ілінеді. Бұдан соң лентадағы мақтадан соққының
әсерімен ластауыштар тесіктерден түседі, ал мақта аралы барабан тістерінен
барабанды щеткаларымен алынып, екінші секцияға беріледі. Екінші секцияда
тура осындай процесс жүреді. Процесс біткен соң, мақта мәшинеден алынып
сепаратор арқылы джинирлеу процесіне беріледі.
4. Материалдық және жылулық баланстар
Алғашқы мәліметтер:
1. Шитті мақта дайындау көлемі Qш.м = 26000 т.
2. Өңдеу көлемі 4000 т.
3. Джиндер саны КМ = 4 дана.
4. Джиннің өнімділігі П = 8,18 кгара. сағ.
5. Ауысымдар саны КМ = 2.
6. Талшық шығуы В = 31,55%
7. Линтерлеу 2 рет.
8. Линтерлер саны 2 * 8 = 16 дана.
9. Қалдықтар 4,6%
Мақта зауытының өндірістік бағдарламасын есептеу
Жабдықтардың жұмыс қоры:
мұндағы :
N – 365 бір жылдағы күндер саны
демалыс күндер саны. ( зауыт аптасына бес күн жұмыс істейді деп
аламыз).
мейрам күндер саны,
жабдықтардың күрделі жөндеуде болу уақыты,
- бір ауысымды жұмыс сағаттар саны,
- бір тәуліктегі ауысымдар саны,
шитті мақтадан шығатын талшықтың мөлшері:
Джиннің өнімділігі:
мұрдағы:
Km – джиндер саны, Km= 4
KA – бір джиндегі аралар саны. KA= 130
- джиндерді пайдалану коэффициенті.
- анықтау үшін арнайы кесте түсіреміз.
1 кесте.
№ Тоқтап тұру түрлері Ауысымдағы
тоқтап тұру
уақыты. мин.
1 Жабдықтарды технологиялық тазалау. 8
2 Араларды ауыстыру 8
3 Шитті мақта партиясын ауыстыру. 11
4 Ауысымда қабылдау және тапсыру. 11
5 Басқа да жоспарланған ауысымдық тоқтап тұру. 6
Барлығы 44
сонда
2 кесте - Шитті мақта және талшық асартименттерін есептеу
Аталуы Өлшем Шитті мақта сорттары Барлығы
бірлігі
I II III IV
Шитті мақта % 23,04 100
38,46 23,07 15,38
Tн 6000 6000 400026000
10000
Талшықтың 7,28
шығымы % 12,13 7,28 4,85 31,55
3155 1893
Tн 1893 1262 8203
3 кесте.
Өлшем Шитті Талшық Шит Үлік Мамық Қалдықтар
бірлігі мақта
% 100 31,55 62,05 1,2 0,6 4,6
Tн 8203 16133 312 156 1196
26000
4 кесте - Джинирлеу бөлімінің өндірісітік
бағдарламасы
Аталуы Өлшем Шитті мақта сорты Барлығы
бірлігі
I II III IV
Талшық
мөлшері Tн 3155 1893 1893 1262 8203
Аралар
саны 4,130 4,130 4,130 4,130 520
Джин кг арасағ 10,6 1,26 6,26 5,02 23,14
өнімділігі
Жұмыс Сағат 1057,61 645,66 333,28 2472
уақыты 435,45
5 кесте - Линтерлеу бөлімшесінің өндірістік бағдарламасы
№ Шиттер мөлшері Өткізу Линтер Алу Линт Линттен
Tн мүмкіндігі саны % мөлшері шыққан
Кгмин.сағ дана шит
мөлшері
1 8000 381 8 3 540,5 7450
2 16000 762 8 3 202,5 15700
Барлығы 26000 16 8 743
6 кесте - Мақта зауытының өнімі. т.
№ Өнім аталуы 1 жыл 1 тәулік 1 ауысым 1 сағат
1 Талшық 8203 264,61 33,07 0,55
2 Техникалық шит 11000 354,8 44,35 0,74
3 Егіндік шит 3000 96,11 12,03 0,2
4 Үлік 480 15,4 1,9 0,03
5 Линт қалдығы 240 7,74 0,96 0,01
6 Қалдықтар 3077 99,25 12,4 0,2
Барлығы 26000 838,7 104,83 1,74
5. Технологиялық жабдықтарды таңдау
Жобаланып отырған мақта тазалау зауыты келесі цехтардан тұруы қажет:
- кептіру – тазалау цехы;
- тазалау цехы;
- зауыттың бас ғимараты, оның ішінде:
а) джинирлеу бөлімі;
б) линтерлеу бөлімі;
в) нығыздау бөлімі;
г) талшық қалдықтарын өңдейтін цех.
1. Кептіру - талазау цехы
Бұл цех ылғал шитті мақтаны кептіруге және де майда ластауыштардан
тазалауға арналған . Кептіру – тазалау цехына келесі технологиялық
жабдықтарды орналастырамыз:
2СБ – 10 кептіру барабаны
Ылғалдылығы жоғары шитті мақтаны кептіруге арналған. Пайдаланғанда
сенімді болып саналады. Оның өнімділігі шикізаттың ылғалдылығына
байланысты. Кептіру агенті ретінде ысыту бөлімінен вентилятор немесе
калорифер арқалы берілетін ыстық ауа қолданылады. Басқа кептіргіштерге
қарағанда металл аз кетеді, шит пен талшықтан ылғалды бірдей алады,
талшықты күйдірмейді және оның қасиетін сақтайды.
Қырғышты сепаратор СС – 15А
Шитті мақтаның пневмотасымалдау құрылғысынан келесі жабдыққа тиеуге
арналған. Сонымен бірге мұнда мақтадан шаң және майда ластауыштардан
тазалауда жүреді. Сепаратор толық металдан жасалған, пайдалануда сенімді,
үлкен өнімділікте 15 тсағ жұмыс істейді.
Шнекті тазалағыш 6А - 12М1
Үздіксіз технологиялық ағында шитті мақтадан майда ластауыштарды
тазалауға арналған. Конструкциясы қарапайым, пайдалануда сенімді, тазалау
тиімділігі жоғары 60 % - ке дейін болып келеді. Өнімділігі 6 тсағ.
Пневматикалық тас ұстағыш 2 ЧТЛ – 12
Құрылғы шитті мақтадан ауыр қоспаларды ажыратуға арналған. Тас
ұстағыш сызықты, кептіру – тазалау цехы процесінің алдында пневмотасымалдау
жүйесіне құрылады. Өнімділігі 12 тсағ.
Кептіру - тазалау цехының ішінде шитті мақтаны тасымалдау үшін 4 ПТС
және 8 ТХС маркалы тасымалдағыштар, ШХ шитті бурандалы конвейер ЭХ – 15
және ЭС – 14 С элеваторы қолданылады.
ІІ Тазалау цехы
Мақта тазалау зауыттарында шитті мақтаны ластауыштардан толық
тазартуға арналған цех - тазалау цехы. Бұл цехта шикізатты келесі процесс
джинирлеуге дайындайды. Тазалау цехында ірі қиқым – қоқыстан тазалау
процесі жүреді.
“Мехнат” ірі ластауыштардан тазалағыш үздіксіз технологиялық ағында
майда және ірі қиқым – қоқыстан тазалауға арналған. Тазалау цехында
“Мехнат” тазалағышының батария бойынша әр бірінде 6 – 8 мәшинеден
орналастырады. Болт тазалағыш ірі ластауыштар бойынша тазалау тиімділігі
жоғарылығымен 85 – 90 % дейін ерекшеленеді. Мәшине өнімділігі 3,5 тсағ.
ІІІ Бас ғимарат
а) джинді – линтерлеу бөлімі
Мақта тазалау зауытының бұл бөлімінде негізгі технологиялық процесс
джинирлеу және линтерлеу өтеді, яғни кәсіпорынның дайын өнімі ретінде
саналатын шит, талшық және линт аламыз. Негізгі технологиялық жабдықтарға
төмендегілер кіреді:
ПД маркалы қоректендіргіш
Бір барабанды ПД қоректендіргіші шитті мақта джиннің жұмысшы
камерасына бір тегіс беруді қамтамасыз етеді және де қалған ластауыштарды
да тазартады. Мәшине өнімділігі 3,5 тсағ. Тазалау тиімділігі 8 – 10 %.
Аралы джин
Орта талшықты шитті мақтаны талшық пен шитке ажыратуға арналған.
Өзгертілген профилі және үлкейтілген көлемдегі жұмысшы камерасы джинирлеу
процесін жақсы өткізуін қамтамасыз етеді. Бірінші сыртты өңдеу кезде
өнімділігі 1100 тсағ дейін жетеді. Үлік ажырату тиімділігі 30 % - ке дейін
жетеді.
Көп секциялы талшық тазалағыш
Зауыттың үздіксіз технологиялық процесінде талшықтан ластауыштарды
үлікті тазалауға арналған мәшине. Бұрынғы шығарылған мәшинелерге қарағанда
3 ОВПА мәшинесі үлкен тазалау эффектісімен және талшықтың сапасын сақтаумен
ерекшеленеді. Өнімділігі 1,5 тсағ. Тазалау тиімділігі 45 %.
5 ЛП аралы линтері
Линтер мақта шитінен бірінші, екінші және үшінші линтерлеу, яғни линт
ажырату үшін қызмет етеді. Мәшине бұрынғы шығарылып жатқан линтерлеуден
үлкен өнімділіктілігі мен өңделіп шыққан линттің төмен ластығымен
ерекшеленеді. Шит бойынша линтті 2 – 3 % ажыратқандағы өнімділігі 1550
тсағ. Үлік шығыны 30 %.
УСМ маркалы шит тазалағыш
Бұл мәшиненің функциясы мақта шитті линтерлеуден алдын ауыр және
жеңіл қоспалардан, бос шиттерден тазалауға арналған. Конструкциясы
қарапайымдылығымен және пайдалану сенімділігімен ерекшеленеді. Өнімділігі
7 тсағ. Ауыр қоспалардан тазалау тиімділігі 100 %, ал майда қоспалар
бойынша 20 – 25 %.
ДСХ – 150 М маркалы шит ажыратуға арналған автоматты таразылар
Мақта тазалау зауытының дайын өнімі ретінде шиттің жалпы массасын
бақылап, салмағын анықтауға арналған. Жоғарыда айтылған технологиялық
жабдықтардан басқа джинирлеу – линтерлеу бөлімінде тарқатқыш, тасымалдау
және шитті мақта үшін көмекші құрылғылар орналасқан.
Нығыздау бөлімі
Бас корпустың бұл бөлімінде дайын өнімдерді – талшық, линт, мамық
қалдықтарын гидравликалық нығыздағыштар көмегімен пакеттеп будалайды.
Осыдан нығыздалған будалар матамен қапталады және арнайы сыммен, бандажбен
байланады.
Нығыздау цехында келесі жабдықтар құрылған:
Талшық конденсоры
Талшықты тасымалдаушы ауадан ажыратуға және қопсытылып тұрған
талшықты алғаш нығыздауға арналған. Жоғары өнімділігі мен жетілдірілген
тораптар мен бөлшектердің конструкциясымен ерекшеленеді. Өнімділігі 5
тсағ. Талшық массасы конденсордан 12 тм3 болып шығады.
Линт конденсоры
Бұл мәшине линтті тасымалдаушы ауадан ажыратуға және қопсытылып
тұрған линтті алғашқы нығыздауға арналған. Шлюзді жапқыш құрылғысы
орналасқандықтан гереметикалық және сенімді. Мәшине өнімділігі 700 тсағ.
Д – 8237 нығыздау құрылғысы
Нығыздау құрылғысының комплектісіне мыналар кіреді: УТВ маркалы
механикалық таптағыштар, Д – 8237 маркалы гидравликалық нығыздағышы;
жоғары, орташа және төменгі қысым дәрежесіндегі үш плунжерлі гидротаптағыш.
Механикалық таптағыш
Престеу жәшігіне конденсордан келіп түсетін линт немесе талшықты
алдын – ала таптап – нығыздау функциясын атқарады, сонымен қатар талшық пен
линттің жәшікке түсу мөлшерін бақылап отырады.
Д – 8237 гидравликалық нығыздағышы
Мақта зауытының дайын өнімі будалауға арналған нығыздағыштың
өнімділігі 20 будасағ, будалардың орташа салмағы 210 – 220 т. Негізгі
цилиндрдің плунжері 3 сатыда жұмыс істейді.
Олардың жұмысшы қысымы мынадай:
І – дәреже – МВН маркалы, бурандалы 25 кг*ссм2
ІІ – дәреже – ГА – 347 маркалы, плунжерлі 100 кг*ссм2
ІІІ – дәреже – Г – 364 маркалы, плунжерлі 320 кг*ссм2 дейін.
Талшық қалдықтарын өндейтін цех
Мақта тазалау зауытының көмекші цехының бірі болып қалдықтарды өңдеу
цехы болып саналады. Мұнда үлік, шығындылар мамықтардан қалған талшықтарды
ажырату функциясы жүреді. Цехта төмендегі жабдықтар орналасқан:
- КВ – 0,3 талшық конденсоры,
- РОВ талшық шығындыларының регенераторы,
- ОВМ талшық материалдарын тазалағыш,
- Камералы – барабанды сүзгіш және т.б.
IV Егіндік шитті өңдейтін цех
Егіндік шитті егуге дайындауға мыналар жатады: тазалау, жалағаштау –
мамықсыздандыру, калибрлеу және улы химикаттармен өңдеу мәшинелері арқылы
өтеді:
-УСМ шит тазалағышы;
- 4 СОМ мақта шитін тазалағыш және т.б.
6. Конструкциялық материалды таңдап қабылдау
Мақта мәшинелерін конструкциялағанда майда сериялы өндірісті есепке
ала отырып қымбат емес жақсы өңделетін материалдар, бөлшектер қажетті
беріктікпен және қатаңдықпен қамтамасыз етілуі керек. Құны аз болу және
минималь еңбек сиымдылықпен өңделетін болуы керек.
Мақта мәшинелерін жасауда шойыннан жасалған дайындама кең
қолданылады. Мақта мәшинелерінде көп бейнеледі құйылған бөлшектер шойынды
қолданумен шектеледі. Әлсіз жүктелген бөлшектер үшін СЧ 15 – 32 шойыны
қолданылады, көп жүктелген бөлшектер үшін, мысалы шкивтер, подшипниктер
корпусы, мәшиненің бүйірлері ілгіштер кронштейіндер де маркалы СЧ 18 – 36
шойыны қолданылады. Ауыр жүктемеде жұмыс істейтін бөлшектерді дайындау үшін
мысалы муфта және жартылай муфта қосылысы, бұралу моменті тудыратын
бірлестіктерде маркасы СЧ 21 – 40 шойыны қолданылады.
Ауыр жүктеме қабылдайтын компоновка шарты бойынша өлшемдері
үлкеймейтін бірнеше бөлшектер соғылған шойыннан КЧ 33 – 8 дайындалады.
Біліктерді, саусақтарды, осьтерді және сол сияқты бөлшектерде маркасы Ст 5
(ГОСТ 380 - 71) қолданылады, ал торлы беттерді, желдеткіштің қалақшалары,
қоректендіргіш білікті және т.б. бөлшектер маркасы Ст 3 болаттан жасалған.
Ара аралық астарлар сияқты көптеген бөлшектер, түрлі төлкелер, науалар,
бөлшектер, қоршау кептіргіштің бөлшектері желімдеу әдісімен пісіру және
кесіп өндіру арқылы дайындалады. Дайындама бөлшектерін дұрыс таңдау мақта
мәшинелерінің бөлшектерін механикалық өңдеу шартын жеңілдетеді және өзіндік
құны төмендейді.
Дайындаманы таңдаудың негізгі шарттарын қарастырамыз.
Құйма. Шойыннан және болаттан құйылған түрлі пішіндер үш класты
дәлдікте болады.
І, ІІ және ІІІ дәлдікті класс құймасы ГОСТ 1855 – 55 және 2009 –55
бойынша 9 – 10 – шы клас дәлдік шегінде өлшемі 500 мм бөлшектер үшін
қолданылады. Мәшине жасауда дайындаманы алудың басқа да әдістері
қолданылады.
Прокаттау. Мақта мәшинелерін конструкциялағанда сирек жағдайда
қолданылатын бөлшектерде прокаттау әдісі қолданылады. Бөлшектер (диаметрі 3
- тен 100мм дейін) калибрленген дөңгелек болаттан (ГОСТ 7417 - 57)
дайындалады. Дәлдік класы 2а, 3, 3а, 4 және 5.
Штампталған бөлшектер
Джин және линтердің аралары, торлы бөлшектер, қоршаулы құрылғы және
қабықтар, түрлі астарлар, дөңгелектер және басқада сол сияқты бөлшектер
суық табақшалы штамповка әдісімен дайындалады. Осыдан бөлшектің өлшемдері 3
– 3а дәлдік класты шекте болуы мүмкін. Операцияның сипаттамасына байланысты
штамптаудың тұрақтылығы жеті мың соққыға жетеді.
Шитті мақта мәшинелерінің көбеюіне байланысты мәшиненің жүктемелер
ұлғаюы, олардың беттерінің кедір – бұдырлығына талаптар қойылады. Химиялық
және жылулық өңделетін аппараттар пайда болды. Бұл жағдайда мақта
мәшинелерін жобалаған кезде эффективті және үнемді металл, құйма және
синтетикалық материалдар қолданылады. Полимерлер материалдарды қолдануды
кеңейту ол өзінің құнды физика – механикалық және химиялық қасиеттерімен
конструкциялды материал және түсті құйма металдарды ауыстыру ретінде
қолданылуы мүмкін.
Дефорлирленген алюминилі құйма
Өндірістің көлемі бойынша алюминилі құйма болаттан кейінгі екінші
орында алады.
Мақта өндірісінің алюминилі құймасынан Д20, Д21 және ВД17 жүйесі Al,
Сu, Mn қолданылады.
Ұнтақ материалдар
Ұнтақ бөлшектер, олар соңғы пішінге және өлшемге келтіріледі.
Полимерлі синтетикалық пласмассалар полимерлі материалдарға жатады.
Пласмассалар күрделі және қарапайым болып бөлінеді. Қарапайым
пласмассалар таза полимерлер, тісті дөңгелек , басқару бөлшектері, мәшине
қабығы сырғанау подшипниктері, тазалау мәшинелерінің жұмысшы органдарының
бөлшектері пласмассалардан дайындалған. Ол пайдалану және жөндеу шартын
жеңілдетеді. Жаңа материалдарды қолдану экологиялық негіздеуді талап етеді.
Біз жобалап отырған
7. Әдеби - патенттік шолу.
Негізгі объектіні таңдап қабылдаудың тұжырымдамасы
Джинирлеуден кейін мақта шитінде талшықты материал қалады. Оның
мөлшері шитті мақтаның өндірістік сортына байланысты болады. Орта талшықты
сорттарда қысқа талшықтың мөлшері шит массасының 11-16% - ін құрайды. Мақта
шитінде қалған қысқа талшықтың шамасы 1- 1,5 мм - ден 25 – 26 мм дейін
болады.
Линт пен делинт тоқыма, химиялық өнеркәсіптерге маңызды да бағалы
шикізат болып табылады. Линтті мақта шитінен механикалық жолмен ажырату екі
кезеңнен тұрады. Бірінші кезең – линтті екі рет ажырату. Екінші – делинтті
ажырату.
Линтерлеу мәшинелері мақта шитінен линтті техникалық жолмен ажырату
болып, яғни шит пен линтті бөлуге болады. Соңғы кезде 5 ЛП линтерінің
құрылымы ойлап шығарылған. Бұл жабдық бұрынғы шығарылған жабдықтарға
қарағанда артықшылығы елерліктей. Линт бойынша өнімділігі 400 кгмин
жетеді, ал шит бойынша өнімділігі 1500 кгмин дейін жетеді.
Линтер герметизацияланған, қоректендіргіш – тазалағышпен
жабдықталған. Бұл линтерде шиттерді тазалау мүмкіндігі бар. Жұмысшы
камерасында аралар кіруінің тереңдігі қарастырылған. Қопсытқыш жылдамдығы
500 айнмин дейін асырылған. Оның нәтижесінде линт алу өнімділігі 10 – 15%
асты. Шит беруді реттеу импульсті вариатор көмегімен іске асырылады. Линтер
жабдығының осы көрсеткіштері үлкен сенімді алады және өндіріске кең
таралған түрде енгізілуде.
Шиттің линтерлеуден кейін талшықсыздандырылуы қаншама көп болса, оның
сапасы соншама жоғары болады. Бұл шиттен май алу дәрежесін көбейтіп, егуге
арналған шиттің сапасын да көтереді. Тағы шиттің толық талшықсыздандырылуы
көп факторларға байланысты. Талшықсыздандыруды жоғарылатудың бірнеше
жолдары бар:
1) шиттің линтердің жұмыс камерасында болу уақытын көбейту;
2) шит білігінің жылдамдығын асыру;
3) аралардың бұрыштық жылдамдығын асыру.
Талшықсыздандырудың шамасын жоғарылатудың бұл жолдары нәтижеде шиттің
зақымдалуына алып келеді. Осыған байланысты басқа іс – шаралар қолдану
керек. Шет елдерде линтерлеу мәшинелерін жетілдіру жұмыстары Америка Құрама
Штаттарында жүргізіледі: Бұл жерде “Мурей”, “Люммус” фирмаларын линтерлеу
қондырғыларын дамыту жұмыстарын алып барады. Бұл қондырғыларда орнатылған
жабдықтардың қуат сыйымдылығы өте жоғары.
Сонымен қатар АҚШ – та линтерлеу үшін центрифуга жүйесін қолдану жолы
( патент № 3464904, Кл 19 - 41 ) қарастырылған. Бұл мәшинелерде горизонталь
білікте жоғары жылдамдықпен айналатын ротор орнатылған. Ротор және шеңбер
тақтай арасында щеткалар жайласады. Щеткалар планетарлы беріліс арқылы
айналады. Ортадан тепкіш күштің әсерімен шиттер талшық және линттен
жұлынып, қабылдау бөлімшесіне түседі.
Ротор жасау үшін жеңіл, беріктігі жоғары қорытпалар қолданылады,
( көбінесе алюминий) . ротордың диаметрі 533,4 мм, жылдамдығы 1000 айнмин.
АҚШ – тың тағы бір патентінде (патент № 3490101, Кл 19 - 55 ) “Роквелл”
корпорациясы жаңа қопсытқыш және колосниктер торын реттеуді қолданған. Бұл
жерде орнатылған аралардың диаметрі ( алғашқы ) 457 мм, тәжірибеде 381 мм –
ге дейін жеткізілуі мүмкін. Колосниктердің орналасуы аралар диаметріне
байланысты өзгеруі мүмкін. Қопсытқыш пен аралар арасындағы қашықтық өзгеріп
кетеді. Совет одағында линтерлеу процесін зерттеген жұмысшылар проф.
Б.А.Левкович, ғылым жұмысшылар И.И. Хохлов, С.П. Иванов, Н.Б. Сорокин, Н.С.
Шерасулов және т.б. жүргізген. Бұл жұмыстар линтерді қоректендіру,
тістердің беріктігін жоғарылату, шитті талшықсыздандыру, шиттің зақымдалуын
азайту, арадан линт алу мәселелеріне арналған. Линттегі қалдық
қосындыларының құрамы линтті алу процесіне және шиттің органикалық және
минералдық қосындылармен шаңдалуына байланысты. Линттің қалдық
қосындыларының бөлігі жалпы шаңдылықтың 45 – 50% - ін құрайды.
Д 016904. Өнертабыс тоқыма өндірісіне, яғни мамықты қопсытуға
арналған мәшинелерге қатысты. Қопсыту барабанының конструкциясы пісіріліп
қосылған. Қатарлар арасына қалақшалар өсі бойлап қондырылған.
Өнертабыстың мақсаты өңдеудің тиімділігін жоғарылату, мысалы мамықты
материалдарды өңдеген кезде тазалау мүмкіндігін жоғарылату.
Д 016910. Өнертабыс тоқыма өндірісіне атап айтқанда, мамықты
қопсытуға арналған мәшинелерге қатысты.
Мамықты қопсытуға арналған қондырғы кезекпен, материалдың жылжу
бағытына орай қондырылған қоректендіргіш столы мен цилиндрі бар қабат құрау
торабынан, қабылдау және кем дегенде бір беріп тұратын аралы барабаннан,
шешілетін , тарайтын біліктен және мамықты қабылдайтын және мамықты алып
кететін каналдан, қалдықты теретін пышақты секциядан, қабылдайтын
барабанның астына орналасқан, беріп тұратын барабан мен шешілетін және
тарайтын білікшеден және қалдық камерадан тұрады. Беріп тұратын барабанның
үстінде тісті пластина қоқыс бөлетін камерамен бөлінген және қабылдайтын
барабанның астындағы пластинаның тісінің тығыздығынан артық тығыздықпен
орындалған.
Тісті барабандағы тіс тығыздығы оларға сәйкес келетін тісті ЗИЛ
пластинасының тіс тығыздығынан кем етіп жасаған.
Д 016904. Өнертабыс тоқыма өндірісіне арналған және мамықты
қопсытуға арналған мәшинелерге қатысты.
Өнертабыстың мақсаты – тазартудың сапасын арттыру.
Қондырғы кіретін және шығатын құбыршалары бар қабықтан, қоқыс әкететін
колосникті тордан және қалдық камерасынан тұрады. Қабықша бір – біріне
параллель орналасқан колосниктермен бір бағытта айналатын екі барабан
горизонтальді түрде орналасқан. Қондырғы келесі түрде жұмыс істейді:
Қондырғыдан тыс орналасқан қоздырғыштың тудыратын тартылысының
әсерінен кіретін құбырша арқылы мамық қабыққа енгізіледі. Осы кезде мамық
құлақшалы барабанның әсеріне ұшырайды, барабандар мамықты қопсытып, оның
түйіршіктерін колосникті тор арқылы алып өтеді. Осының нәтижесінде мамық
қоқыстан тазарады. Өнертабыстың мақсаты мамықты зақымдалусыз дұрыс
қопсытып, тазалау тиімділігін жоғарылату.
Д 01В108. Өнертабыс тоқыма өндірісіне, атап айтқанда аралы талшық
ажыратқышқа, мысалы линтер мәшинелеріне арналады. Қалақшалары тангенцал
түрде бекітілген, қалақшалы білік тәрізді етіп жасалған аралы талшық
ажыратқышқа арналған қопсытқыш белгілі. Мұндай қопсытқыштың кемістігі
болып, өсте аралы цилиндрге қатысты бағытында шиттердің жаман араласуы және
қалақша аралықтарында тұрып қалуы болып саналады. Өнертабыстың мақсаты –
шиттің камерада жақсы араласу жолымен, талшық ажыратқыштың беріктігін
жоғарылату.
Қопсытқыштың тангенциал қалақшаларында шиттің өстік араласу шит
бағыттағыштары бар. Шит бағыттағыштар планка түрінде жасалуы мүмкін. Олар
қалақшаның әр қатарына қиғаш орналасады. 1 форматта жұмысшы камерада
қопсытқышпен бірге аралы талшық ажыратқыш көрсетілген. Қопсытқыш –
тангенциал қалақшалар (2) бекітілген біліктен тұрады. Бағыттағыштар (4)
планка түрінде жасалуы мүмкін. Олар қалақшаның әр қатарына қиғаш
орналасады. Қопсытқыш талшық ажыратқыштың жұмысшы камерасында орналасқан. В
көрсеткішінің бағытымен қопсытқыштың білігі айналғанда, шит қопсытқыш
қалақшаларымен өзара әсерлесіп, периферияға қарай сырғанайды. Бағыттағыштар
талшық ажыратқыштың аралы цилиндріне қатысты өстік ауысуын қамтамасыз
етеді.
Нәтижеде шиттің толық қопсытылып араласуын қамтамасыз етеді, ол талшық
ажыратқыштың беріктігін және өнімділігін жоғарылатады.
5 ЛП мәшинесіндегі шиттен линтті ажырату өнімділігін арттыру
Бұл ашқан жаңалығымыз 5ЛВ мәшинесін жетілдіру болып табылады. Біз бұл
мәшиненің тездеткіш білігінің қалағын өзгерттік.
Жаңалықтың мақсаты зақымдалған шиттерді жою арқылы сенімділікті
арттыру. Мына сызбада талшық ажыратқыш жұмыс камерасының шитікізатты
тездететін білік суреттелген. Бұл тездеткіш 1 қалақты білік және басқада
қатты бөлшектерден тұрады және әрқайсысы таспа тәрізді. Бұл таспалар
қалақтарға жапсырылған және осылар саңылауды барлық периметр бойынша иіп
өтеді.
Қатты элементпен қалақша арасындағы саңылау жұмыс камерасындағы
күш тұрып қалған шикізат зонасын болдырмау үшін қажет. Қатты элементтің
жоғарғы қабаты шығыңқылармен жасалған, олар шит және олардың араласуының
арасындағы байланысты жақсартуды қамтамасыз етеді. Тұрып қалған шикізат
зонасын азайту үшін қалақшалар 150-250 иіліп, радикалды кеңістегі қалақша
негізі арқылы өтеді. Талшық бөлетін жұмыс камерасына орналастырылған
шикізат білігінің тездеткіші айналған кезде өзінің қалақшаларымен мақтаның
шиттерін шығарып тастайды және өз өсінде білік пайда болады. Айналу
күшінің кедергісі пайда болған кезде шиттер қатты элементке әсер етеді,
пішіні қалыптастырады және осы арқылы шиттермен байланыс қалақша
арасындағы тұрып қалуын болдырмауын қамтамасыз етеді. Осы кезде шығыңқылар
шиттермен байланысты жақсартады және олардың көптеген сызықтың жылдамдығы
бар зоналар қозғалысына кепіл береді. Қалақшаның иілуі сонымен қатар яғни
қалақша арасындағы шиттерді шығарып тастауға көмектеседі. Осы арқылы ара
цилиндріне шиттерді тасымалдау пайда болады. Бұлар мақтаның шиттерінен
талшықты үзіп алу үшін қажет. Аралы цилиндрге шиттер жақындаған сайын аралы
цилиндр жылдамдығымен айналады, яғни бұл қалақшалардың сызықтық
жылдамдығынан үлкен болады. Осы кезде шиттер қатты элементке әсер ету
арқылы пішін 2 айналдырады, бұлар шиттердің аралы цилиндр тістеріне
шиттердің сығылуын қамтамасыз етеді және талшық үзу процесін жақсарта
отырып, олардың жұмыс аймағында біраз өңделуіне кепілдік береді. 3-ші
элементтің қатты қасиеттері талшық үзу процесін бос өтуіне жол береді және
осының нәтижесінде шиттердің техникалық зақымдалуына жол бермейді. Қатты
элементтегі шығыңқылар талшық үзуін көбейте отырып шиттерді жұмыс аймағында
бос қозғалуын қамтамасыз етеді.
Бұл жаңалық талшық ажырату өнімділігін дамытады және шиттердің
механикалық зақымдалуын азайтады. Бұл қалақша аралық көлемде және
камерадағы шиттердің қажетті қысылуына кепілдік беріп, олардың жұмыс
аймағындағы байланыс көлемін көбейтеді.
9.Негізгі объект бойынша есептеулер
Линтерлеу процесі линтердің жұмысшы камерасында айналу нәтижесімен
пайда болатын шит білікшесі мен аралы цилиндрдің өзара әсерлесуімен
жүргізіледі. Линтерлеу процесінде жұмысшы камерада білікшесі пайда болу
үшін қопсытқыш орнатылған. Қопсытқыш аралы цилиндрге шит массасын тегістеп
беруге арналған. Шит ара тісіне қанша көп әсерлессе шиттен линт сонша көп
ажырайды.
Технологиялық есептеулер
Линтерлеу процесіне қопсытқыш қалақшалары мен аралардың тістерінің
жылдамдығы көп әсер етеді. 5ЛП линтерінің араларының тістерінің айналу
жылдамдығы мынаған тең:
мұндағы: d – ара диаметрі; м.
nв – біліктің айналу жиілігі; айнмин.
Сонда, айналу жылдамдығы былай анықталады.
Қопсытқыш қалақшаларының ұштарының айналу жылдамдығы мынаған тең:
Ара тісі мен қопсытқыштың өзара әсерлесу сұлбасы. Осыдан қопсытқыш
қалақшасы мен ара тістерінің ең жақын қашықтығындағы тістің салыстырмалы
жылдамдығы мынаған тең:
Қопсытқыш қалақшаларының саны шит білікшесінің айналу жиілігіне
елерліктей әсерін тигізеді және қопсытқыштың қажетті қуатына, линттің алыну
деңгейіне шиттің зақым алу – алмауына әсер етеді. Осы аталған
көрсеткіштерге қалақшалардың әсерін төмендегі теңдіктермен көрсетеміз:
Линттің алынуына қалақшалар санының әсері, %
Шит білікшесінің жылдамдығына әсері:
Тұтыну қуатына қалақшалар санының әсері:
Шиттердің зақымдалуына әсері:
Жұмысшы камераға шиттің келіп түсу уақыты линтердің өнімділігіне әсері зор.
Бұл линтерлеу процесіне үздіксіз шит түсуді ескеретін теңдікпен
дәлелденеді:
мұндағы: q-шит бойынша линтердің өткізу қабілеттілігі; кгс.
В – шит білікшесінің орташа массасы; кг.
t - жұмысшы камераға шиттің келіп түсу орташа
уақыты; с.
П1 – шит білікшесінің орташа мамықтылығы, %
П0 – камераға түскен шиттің мамықтылығы, %
П2 – камерадан шыққандағы шиттің мамықтылығы, %
Егер деп белгілесек,
онда:
9.1 Технологиялық, жылулық, гидродинамикалық,
пневмотасымалдау бойынша вентиляция, аспирация
қондырғыларының есептеулері
Шитті мақта үшін пневмотасымалдау құрылғысын есептеу.
Пневмотасымалдау құрылғысын есептеу үшін вентилятор білігіне қажетті
қуатын (N), жалпы ауа шығыны мөлшерін (L), толық қысымды (Pтал) анықтау
керек.
1 сурет
I - шитті мақтаны маядан сепараторға дейінгі тасымалдайтын құбыр бөлімі;
II – сепаратор;
III – сорғыш ауа өткізгіш;
IV – ауа өткізгіш – айдағыш;
V – циклон;
VI – шаң камерасына ауа өткізгіш;
VII – шаң камерасы.
10 кесте - Есептеуді ыңғайлау үшін бөлшектердің бастапқы
берілгендерін кестеге енгіземіз
n бөлек Ауа Ауаның Бөлшек Құбыр ҮйкеліскЕсептеліЖергілік
шығыны, орташа ұзындығыдиаметріе п жатқанті
м3с жылдамды; м ; м шығындалбөліктіңкоэффици
ғы мс атын үйкеліскенттер
меншіктіе қосындыс
қысым шығындалы
атын
қысым
І 0,00430 1,2 8 1,193 28,8 0,11 11,83
ІІ 0,00437 1,2 8 1,193 31,82 0,11 10,62
ІІІ 0,00457 1,2 8 1,193 14,54 0,11 3,93
ІV 0,00463 1,2 8 1,193 7,27 0,11 0,99
27,37
4. Шығатын ауаның динамикалық кедергісін анықтаймыз:
мұндағы: - джин мойыншасының материалына байланысты қабылданатын
жергілікті кедергі коэффициенті, егер жаңа болса =0,3; ескі болса
=0,2.
- мойыншадан шығатын ауа шығынының жылдамдығы.
F – шығардағы мойыншаның ауданы.
онда джиннің жалпы динамикалық кедергісі мынаған тең:
5. Вентиляторды анықтау үшін керекті толық қысымды анықтаймыз:
6. Вентиляторды қажетті электрқозғалтқыш қуатын анықтаймыз:
мұндағы - вентилятор пәк – і.
7. N, l, H тал мәндерімен ВЦ – маркалы ортадан тепкіш насосты
таңдаймыз.
N=10 кВт;
Q= 3,3 м3сек;
H= 270 мин.сын.бағ;
= 1460 айнмин
2 сурет
Талшық бұрғыштың есептелуі
Бұл есептің мақсаты әр бөліктегі талшық тасымалдау құбырдың диаметрін
анықтау болып саналады.
Талшық бұрғыштың есептеулері бойынша сатылы болып шығады, сондықтан
құйын болмауы үшін қосылған жерін конусты, ал соңғы джинмен конденсор
аралығын цилиндрлі етіп жасайды.
Есептеу үшін бастапқы берілгендер:
1. Талшық бұрғыш бойынша ауаның тасымалдау жылдамдығы
2. Әр бөлікке ауа шығыны,
3. Батареядағы диаметрін келесі формула бойынша анықтаймыз:
мұндағы
Q - әр бөліктегі ауа шығыны; (0,7м3с)
L=q1+ q2=0,7+0,7=1,4 м3с;
q2 - талшық тазалағыштағы ауа шығыны;
І – бөліктегі құбыр диаметрін анықтаймыз:
Келесі учаскелер құбырларының диаметрін мынадай қатынасты табамыз:
Линт бұрғышты есептеу
1. Линт бұрғыш бойынша линтті тасымалдау үшін ауа жылдамдығы,
2. Линтерлер үшін бөліктердің ауа шығыны, 0,6 м3с.
3. Батареядағы линтерлер саны; Кб=8
Бастапқы бөлшектегі құбыр диаметрін анықтаймыз:
Қалған бөліктердің құбырларының диаметрін келесі қатынастармен
анықтаймыз.
9.2 Бөлшектер мен түйіндерді беріктікке
және тұрақтылыққа есептеу
Біз аралы цилиндр білігін беріктікке тексереміз. Ол үшін бізге
алғашқы параметрлер белгілі L=1750 мм – екі тірек ара қашықтығы l=1560 мм
- аралар, ара аралық астарлар және шит білікшесінің ауырлық күшінің әсер
ететін біліктің бөлігі. Беріктікке тексеру есебін оңайлату үшін біз схема
түрінде білік сызбасын, тіректер орындарын сызамыз.
Білікке әсер етуші күшті: q=2500 мм деп аламыз
Q және Mu эпюрларын саламыз. Біліктің ортасында пайда болатын июші момент.
Бұралу моменті: N=10кВт=1000Вт.
Қиманың кедергі моменттері:
3 сурет
Иілу кернеуінің амплитудасы.
Жанама кернеуінің амплитудасы:
Біздің қима үшін (материал болат Ст 45) төзіміділік шегі:
коэффициенттер: .
Сонда беріктік қоры коэффициенттері:
Жалпы қор коэффициенті:
Подшипниктерді таңдауда көбірек жүктелген L тірегі бойынша орындаймыз.
Алдын – ала беріктікке есептелетін біліктің диаметрін анықтайсмыз:
dв=35мм деп қабылдаймыз.
П3 қосымша бойынша (Идкович, курс – е проек – е деталей машин)
шарикоподшипник N307 – ні белгілейміз. dв=35мм, Д=80 мм, В=21 мм, L=33,2
кН. С0=18,0 кН
Эквиваленттік жүктеме.
мұнда: RL=Pr1=2768,7H, осьтік жүктеме Pa=0, V=1 (ішкі сақинасы
айналады), оңай солқылдау үшін: қатынасы нольге тең.
Есептеу ұзақтығының төзімділігі:
Есептеу ұзақтығының төзімділігі:
бұл ГОСТ 16162 – 85 белгілеген 10000 сағаттан көп.
10. Мәшине жасау, жөндеу және монтаждау технологиясы
Жабдықтың жұмыс жағынан қамтамасыз ету үшін кәсіпорында қызмет
көрсету және жөндеу (ТЦК және Ж) жүйесін қолданады. ТҚК және Ж жүйесі :
жөндеуші, өндіріс жоспармен келісілген жоспар бойынша жүргізуді жабдық
апатын алдын алуда; жөндеулерді жүзеге асыруға қажетті қосалқы бөлшектер
мен материалдарды дер кезінде дайындауды, жөндеулерді жүргізумен
байланысты болатын жабдықтың бос тұру уақытын қысқартуды, өз алдына мақсат
етеді.
ТҚК және Ж жүйесі зерттелген дайындалған жоспарлы сақтық жөндеулер
негізінде (ТҚК) іс жүзінде асырылады, бұл жөндеу өнімнің дайындалу көлемін
жоспарлауға мүмкіндік береді.
Жоспарлы - сақтық жөндеу
өздігінде мәжбүрлі жөндеу болып табылады. Өйткені
нормативтермен орнатылған мерзімді жүріп өткеннен соң жабдықты, оның
техникалық күйіне қарамастан жөндеуді тоқтатады. Мұндай әдіс апаттың алдын
алады, бірақ екінші жағынан жабдықты жөндеуге тұрғызу тым асығыс болуы
мүмкін, өйткені ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz