Мектеп жасына дейінгі баланың танымдық үрдістерін ойын арқылы дамыту
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... .. 3
І БӨЛІМ.
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ОЙЫНЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1.Мектеп жасына дейінгі балалардың ойынының даму тарихы ... ... ... ... ... ...6
1.2.Мектеп жасына дейінгі балалар ойынының педагогикалық.психологиялық негіздері ... ... ... 11
ІІ БӨЛІМ.
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ОЙЫН АРҚЫЛЫ ПСИХИКАСЫНЫҢ ДАМУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1.Мектеп жасына дейінгі бала психикасының дамуына ойынның әсері ... ... ... ... ... ... 20
2.2.Балалар ойынының түрлері және олардың танымдық іс. әрекетке ықпалы ... ... ... ... ...24
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... 30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ..32

Қазіргі кезеңде мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жүйесінің жаңаруына орай, жаңа үлгідегі «Мектеп және балабақша» кешені, гимназиялық, лицейлік, отбасылық, коммерциялық т.б. балабақшалар да іске қосыла бастады. Алайда, отбасында баланы тәрбиелеу мәселесінің арнайы зерттелмеуі, ата-аналар басшылыққа ала қоятындай ғылыми-әдістемелік және көмекші құралдардың жасалмауы, отбасы тәрбиесін осы заманғы талап деңгейінде жүзеге асыруда қиындықтар келтіретіндігін жасыруға болмайды.
Уақыт талабынан туындап, білім беру жүйесінде болып жатқан осындай өзгерістер үзіліссіз тәрбие негізі саналатын мектепке дейінгі мекемелерге, отбасы тәрбиесіне де қозғау салып, баланы тәрбиелеу, қарапайым білім негіздерін меңгерудің мазмұнын жаңартуды, осы заман талабына сай үйлесімді деңгейді қайта құруды міндеттейді. Өйткені, болашақ қоғам қажетін өтерлік, ел иелігіне берік, іс тетігін шеше білетін, бойында Ұлттық сана-сезім, ұлттық психология нышандары орныққан, ғылым мен техника жетістіктерінен хабардар білікті, парасатты жастарды қалыптастырып өсіру – балабақшадан басталатын үзіліссіз тәрбиелеумен, оқытумен жүзеге асырылатын ұзақ үрдіс.
«Балбөбек» бағдарламасындағы басты жаңалықтар: балабақшада өтілетін тәлім-тәрбие мазмұнын түбегейлі жаңарту, халықтық педагогика мұраларының кеңінен қамтылуы, балалардың жас шамасына қарай даму ерекшелігі деп аталатын бөлімінің М.Жұмабаевтың «Педагогика» атты еңбегі негізінде толықтырылуы; баланың мінез-құлқын қазақтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлеріне үйлесімді қалыптастыру көзделіп, бағдарламаға «Имандылық тәрбиесі» деген бөлімнің жасалуы; бұл бөлімге халықтық педагогиканың бала жасына, психологиялық даму деңгейіне лайықты, оның түсінігіне қонымды материалдар таңдалып, « Имандылық тәрбиесі», «Жер байлығы – ел байлығы», «Ақ дастарқан», «Ақ боз үй», «Бабалар өмірі – ұрпақтарға үлгі» тәріздес мақал-мәтелдер аттарымен аталуы; баланың жасшамасына қарай әрбір топтардағы күн тәртібіне қойылатын талаптардың нақтылануы, бүкіл тәлім-тәрбие жұмысын кешенді ұйымдастыру тәсілі мектепке дейінгі тәрбиеде бірінші рет ұсынылды. Бұл жөнінде оқыту, тәрбиелеу мәселесін кешенді жоспарлау туралы қазақ зиялылары А. Байтұрсыновтың, М. Жұмабаевтың, және т.б. болашақ ұрпақты тәрбиелеу, оқыту жұмыстарын бір-бірімен сабақтас, кешенді түрде жүргізуді қуаттайтын идеялары алынды. Ұлы педагог-жазушылар «кешенді» сөзін қолданбағанымен бүкіл ой-пікір, идеяларын оқулық мазмұндарынан аңғаруға болады. Тәлім-тәрбиенің сабақтастығы туралы М. Жұмабаев өзінің «Педагогика» атты еңбегінде: «Бала бар нәрсеге ұмтылса, сол нәрсеге баланың денесі, жаны, ақылы, сезімі, қайраты – бәрі бірге жұмсалады – дей отырып, ... адамның әрбір ісіне жан көріністерінің үшеуі де ... ақыл, ішкі сезім, қайрат қатынасатын болғандықтан .. үшеуін бірдей тең тәрбие қылу тәрбиешінің міндеті».

1. Жұмабаев М. Таңдамалы. А, Ғылым, 1992.-6.128
2. Байтүрсынов А. Балалар әңгімесі. Қызылорда, 1935. - 115 б.
3. Құлжанова Н. Халқыма деп іс қылдым. А., Рауан, 1993.-20
4. Выготский Л.С. Детская психология. Т.4. М., 1984.
5. Эльконин Д.Б. Детская психология. М., 1960.
6. Олфильд Р. Детская психология. М., 1985.
7. Эльконин Д.Б. Замети о развитий предметных действий в раннем
возрасте //Вестник Московского университета. Сер.14, Психология. –
1978. №3.- С. 3-12.
8. Усова А.П. Роль игры в организации жизни и деятельности детей.
«Дошкольное воспитание», 1965, №10.
9. Выготский Л.С. К вопросу о динамике детского характера.Собр.соч.
10.Леонтьев А.Н. Вопросы детской психологии. - М., 1948.
11.Нагибин Ю. Азбука подвига. М.: Просвещение, 2002.
12.Годовикова Д.Б. Соотношение активности детей в общение с взрослыми
и исследовании новых предметов //Общение и его влияние на развитие
психики дошкольника /Под ред. М.И.Лисиной. М., Изд-во, 1974. - 293 с.
13.Сағындықов Е. Қазақтың ұлттық ойындары. — А.,Рауан, 1991. -54 6.
14.Төтенаев Б.«Қазақтың ұлттық ойындары» кітабы авторы: Алматы
«Қайнар» баспасы 1994 ж.
15.Абилова Ш. Ойын арқылы пәнаралық байланысты жолға қою.
Бастауыш мектеп 2005 №9 45-46 б.
16.Г.Қайбулдаев М., Жаздықбаева С., Әлімбекова. “Ойын технологиясы” Түркістан 2007 113-114.
17.Көлбаева Р. Ойын сабағы Бастауыш мектеп 1993 №10 37-38 б.
18.Ушинский К.Д. Балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі таңдамалы
пікірлер. 1951. 33-34 б.
19.Сухомлинский В. А. Балалық шақтағы жеке тұлғаның қалыптасуы.
20.Нургалиев К.А. Этнопсихологические особенности решения проблем,
ситуаций (анализ процесса отгадывания загадок казахской общности).
Автореф. дисс.канд.пед.наук. М.,1984.-29с.
21.Ядышко В.И., Сохин Ф.А. Мектепке дейінгі педагогика. А.: «Мектеп»,
1982.
22.Бабанский Ю;К. Оптизация процесса обучения. М., 1987.
23. Керімбаева Г.А Дидактикалық ойындардың түрлері. Бастауыш мектеп
2005 №9 18-19 б.
24.Жайлауова М. Сексенбаева З. Дидактикалық ойындар және оларды
пайдалану. Бастауыш мектеп 2004 №5 36-37 б.
25.Щелованов Н.М., Аксарина Н.М. Воспитание детей раннего возраста в
детских учреждениях. - М., Педагогика, 1955. -256с.
26. Пиаже Жан. Экспериментальная психология. Вып.1-2. М., 1966.
27. “Отбасы және бала бақша” журналы Алматы 2008 №2 10-13 б

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І БӨЛІМ.
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ОЙЫНЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1.Мектеп жасына дейінгі балалардың ойынының даму
тарихы ... ... ... ... ... ...6
1.2.Мектеп жасына дейінгі балалар ойынының педагогикалық-психологиялық
негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 11
ІІ БӨЛІМ.
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ОЙЫН АРҚЫЛЫ ПСИХИКАСЫНЫҢ ДАМУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1.Мектеп жасына дейінгі бала психикасының дамуына ойынның
әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2.2.Балалар ойынының түрлері және олардың танымдық іс- әрекетке
ықпалы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
32
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі кезеңде мектепке дейінгі тәрбие мен
білім беру жүйесінің жаңаруына орай, жаңа үлгідегі Мектеп және балабақша
кешені, гимназиялық, лицейлік, отбасылық, коммерциялық т.б. балабақшалар да
іске қосыла бастады. Алайда, отбасында баланы тәрбиелеу мәселесінің арнайы
зерттелмеуі, ата-аналар басшылыққа ала қоятындай ғылыми-әдістемелік және
көмекші құралдардың жасалмауы, отбасы тәрбиесін осы заманғы талап
деңгейінде жүзеге асыруда қиындықтар келтіретіндігін жасыруға болмайды.
Уақыт талабынан туындап, білім беру жүйесінде болып жатқан
осындай өзгерістер үзіліссіз тәрбие негізі саналатын мектепке дейінгі
мекемелерге, отбасы тәрбиесіне де қозғау салып, баланы тәрбиелеу, қарапайым
білім негіздерін меңгерудің мазмұнын жаңартуды, осы заман талабына сай
үйлесімді деңгейді қайта құруды міндеттейді. Өйткені, болашақ қоғам қажетін
өтерлік, ел иелігіне берік, іс тетігін шеше білетін, бойында Ұлттық сана-
сезім, ұлттық психология нышандары орныққан, ғылым мен техника
жетістіктерінен хабардар білікті, парасатты жастарды қалыптастырып өсіру –
балабақшадан басталатын үзіліссіз тәрбиелеумен, оқытумен жүзеге асырылатын
ұзақ үрдіс.
Балбөбек бағдарламасындағы басты жаңалықтар: балабақшада өтілетін
тәлім-тәрбие мазмұнын түбегейлі жаңарту, халықтық педагогика мұраларының
кеңінен қамтылуы, балалардың жас шамасына қарай даму ерекшелігі деп
аталатын бөлімінің М.Жұмабаевтың Педагогика атты еңбегі негізінде
толықтырылуы; баланың мінез-құлқын қазақтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлеріне
үйлесімді қалыптастыру көзделіп, бағдарламаға Имандылық тәрбиесі деген
бөлімнің жасалуы; бұл бөлімге халықтық педагогиканың бала жасына,
психологиялық даму деңгейіне лайықты, оның түсінігіне қонымды материалдар
таңдалып, Имандылық тәрбиесі, Жер байлығы – ел байлығы, Ақ
дастарқан, Ақ боз үй, Бабалар өмірі – ұрпақтарға үлгі тәріздес мақал-
мәтелдер аттарымен аталуы; баланың жасшамасына қарай әрбір топтардағы күн
тәртібіне қойылатын талаптардың нақтылануы, бүкіл тәлім-тәрбие жұмысын
кешенді ұйымдастыру тәсілі мектепке дейінгі тәрбиеде бірінші рет ұсынылды.
Бұл жөнінде оқыту, тәрбиелеу мәселесін кешенді жоспарлау туралы қазақ
зиялылары А. Байтұрсыновтың, М. Жұмабаевтың, және т.б. болашақ ұрпақты
тәрбиелеу, оқыту жұмыстарын бір-бірімен сабақтас, кешенді түрде жүргізуді
қуаттайтын идеялары алынды. Ұлы педагог-жазушылар кешенді сөзін
қолданбағанымен бүкіл ой-пікір, идеяларын оқулық мазмұндарынан аңғаруға
болады. Тәлім-тәрбиенің сабақтастығы туралы М. Жұмабаев өзінің Педагогика
атты еңбегінде: Бала бар нәрсеге ұмтылса, сол нәрсеге баланың денесі,
жаны, ақылы, сезімі, қайраты – бәрі бірге жұмсалады – дей отырып, ...
адамның әрбір ісіне жан көріністерінің үшеуі де ... ақыл, ішкі сезім,
қайрат қатынасатын болғандықтан .. үшеуін бірдей тең тәрбие қылу
тәрбиешінің міндеті.
Мектепке дейінгі шақ – баланың сезімдік тәжірибесінің орасан зор
молайып, ретке келу, қабылдау мен ойлаудың адамға тән формаларын игеру,
қиялдың күшті даму, ырықты зейін мен мағыналы істің бастамалары қалыптасу
кезеңі болып саналады.
Педагогикалық үрдісті жетілдіруде ойынның алар орнын қазақстандық ғалым
Н.Құлжанова да зерттеген. Ойын бала үшін еліктеу, инстинг, күнделікті
негізгі әрекет және оның жеке өмірі, - деп дәлелдеген. Н. Құлжанованың
айтуы бойынша ойынды әдептілік, тәрбиелік мақсатта пайдалану-баланың
болашақ өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеуі және өмірдің талаптарына
сай бейімделуі басты педагогикалық мақсаттар. Ғалым Бала ойында ғана
тынығып, жұмыс жасап, өсіп жетіледі. Оның ойлау қабілеті жетіліп, қарым-
қатынас жасау мүмкіндігі артады,-деп атап көрсеткен.
Қазіргі таңда “ойын” ұғымының мағынасы кеңейіп, тұрмыс пен мәдениеттің
түрлі салаларын қамтуда. Бұрын балалар ойыны мен актер ойыны педагогика мен
өнертанудың ғана зерттеу нысандары болып келсе, қазіргі таңда ойын
проблемасы психология, әлеуметтану, мәдениеттану, әдебиеттану, т.б.
салалардың көкейтесті мәселесіне айналып отыр. Ойын арқылы оқушы білім
алуға, оқуға қызықтыра отырып тұлғаны дамуын қалыптастыруға болады.
Ойын – бала үшін өмірлік тәжірибе,-деп М.Жұмабаев атап көрсетсе,
Ойын - баланың рухани дамуының негізі,-деп Ж. Пиаже, Л.С.
Выгоский, Д.Б. Эльконин өз еңбектерінде атап көрсеткен. Ойын-балалар үшін
күрделі әрекет те бола алады. Балалар білімді ойын арқылы қабылдап,
үлкендерден үйренеді. Сондықтан сабақтағы ойын оқушы білімін тыңдап, ой-
өрісін кеңейте алады, білім алудағы қызығушылығы артады. Ойын арқылы бала
көптеген мәліметтер алады, психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады.
Баланың жас ерекшелігіне, сабақтың мақсатына сай ұжымдастырылған ойындардың
берері мол. Біздің зерттеушілік тақырыбымыздың өзектілігі де осында. Осы
мәселені пайдалану жолдарын терең түсініп оны балабақша тәжірибесінде
пайдалану жолдарын жан-жақты меңгеріп алу мақсатымен диплом жұмысымның
тақырыбын Мектеп жасына дейінгі бала психикасының дамуындағы ойынның рөлі
деп анықтадық.
Зерттеу объектісі: Мектеп жасына дейінгі балалар.
Зерттеу пәні: Мектепке жасына дейінгі балалардың таным процестерінің
қалыптасуына ойынның маңызы.
Зерттеу базасы: №31 бастауыш мектеп-балабақша кешені
Зерттеу мақсаты: Мектеп жасына дейінгі баланың танымдық үрдістерін
ойын арқылы дамыту жолдарын айқындап көрсету
Зерттеу міндеттері:
- Мектеп жасына дейінгі баланың қалыптасуында ойынның психологиялық-
педагогикалық мәнін талдау, саралау;
- Танымдық белсенділікті қалыптастыруындағы ойынның түрлері мен
психологиялық ерекшеліктерін айқындау;
- Ойын элементтерін пайдалану тиімділігі, ойын түрлерін қолдану
жолдарын көрсету;
- Мектеп жасына днйінгі балалардың тілін дамытудағы ойынның маңыздылығын
көрсету.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер де, тәрбиеші балаларға тәрбие үрдісінде
дамытушылық ойындарды пайдаланып, олардың танымдық белсенділігін
арттыратындай тапсырмалар беріп отырса, онда балалардың өмірге деген ынтасы
артып, танымдық үрдістері мен психологиялық қасиетттерін дамытуға болар
еді.
Курстық жұмыстың құрылымы. Ғылыми еңбек кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан тұрады. Пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымша соңында
берілді.
І БӨЛІМ. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ОЙЫНЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1.Мектеп жасына дейінгі балалардың ойынының даму тарихы
Ойын – жасырын әрекеттің жиынтығы, өзінің ерекшелігін айрықша көрсету,
біріншіден, санасыз әр талаппен қатар біліктен артықшылығы басқаға сый
берумен; екіншіден, қатысушылардың жасырын түрткісі, құпия әрекет уақытында
ойыншы көбінесе жасанды болып көрінеді, бірақ шындығында басқаша әрекет
жасайды.
Ойын, Р.Олфильдтің көзқарасы бойынша, еркін әрекеті, өзін шынайы
емес және күнделікті әрекеттен тыс екенін сезіну, бір жағынан ойнаушыны
түгелдей меңгеруі мүмкін, бұл жағдайда ешқандай тікелей материалдық
қызығушылықты қумайды, өзіне пайда іздемейді, әдейі шағын шектеулі кеңістік
пен уақытта іштей жасайды, реттілікпен өту, белгісіз қағида мен қоғамдық
топтардағы өмірге шақырады, қастерлі екенін қоршаған ортада өзін жасырын не
болмаса өзінің ерекшелігін, беріктігін барлық мүмкіндігін әлемнен жасырады.
Анықтамалардың негізіне байланысты және басқа да автордың ұйғарымымен
келесідей қорытынды шығаруға болады.
Ойын – еркін, шартсыз, алдын-ала шағын кеңістік пен уақыттағы
әрекеттің реттілігі, адамаралық әлеуметтік қарым-қатынастың жиегіндегі іс-
әрекеті жасалынады.
Бұл анықтамалар ойын әрекеттерімен аспектілерін бөліп көрсетуге
көмектеседі, ойында тұлғаралық өзара әрекеттің ерекшелігін, қажеттілігін
көрсетеді.
Біріншіден, ойынды әрекеті ойындық емес әрекетке қарама-қарсы, тұру
арқылы анықталады, ол үшін келесідей семантикалық оппозицияны пайдаланады:
тәуелді-еркіндік, табиғи-жасанды, салмақты-ұшқалақ.
Ойын еркіндікпен белгіленетіні өнерлі, ұшқалақ сай келеді, ойынсыз
әрекет-әдепсіз, шынайы, салмақты. Көрсеткіштегі қиылысқан шекарадағы
оппозиция ойындық әрекеттен ойынсыз әрекетке өту мен қайту болып табылады.
Екіншіден, басты сапалы мінездеме ойындағы оның бөлектенуімен
тұйықталуымен белгіленеді. Бұл нормативті жиекті ойынды білдіреді, мақсат
түрткі мен ойын ойнамайтындардың қызығушылығы, ойынның өзінен басқасы
анықталмайды. Ойын - өзімен-өзі шектеулі, шектен шығу ойынды тоқтады. Дәл
осы ерекшелік шығару, шартсыз секілді: ойын қандай да бір мәселе болсын
сыртқы әлемдегі қарым-қатынасты шешуде көмектеспейді, ол тек қана өзінің
ойынын жасайды және өзінің ойындық мәселелерін шешеді, өзінің шынайы ойынды
реттеп отырады.
Үшіншіден, ойындық структураның тұйықтық мінезі ойын ережесіне
бағынады, ойыншылар жазылған қызметті ойын әрекетінің мазмұнын құрайды.
Жазылған ойынды, іс-әрекет ойын барысында қоғамдық ойын іс-әрекетке
қарағанда айтарлықтай қатаң болады.
Төртіншіден, ең аз дегенде ойын типін екіге бөліп қарастыруға болады
– мақсатты және рөлдік (Хейзинг бойынша бір нәрсе үшін күрес немесе
бір нәрсені көрсету). Бірінші типке барлық ойындар мысал бола алады,
сәттілікке жетуге бағытталған, қарсыласамен жеңіске жету немесе жағдайға
байланысты. Ойынның екінші типінде рөлдік ойындар ойналады, түрлі
табиғаттың әр түрлі бет-бейнесі пайдаланылады, алдын-ала тапсырылған тексті
бейнелейді.
Сонымен, ойынның тағы бір мінездемесі оның қасиетіне байланысты,
рефлексті, шындықтың иеленуі. Адам өзінің ойнап жатқанын біледі. Ойын
барысында қатысушылар бір уақытта әрекеттің екі түріне қосады., ойын
барысындағы әрекет және өзіндік ойын әрекеті; олар үстіртін және шын
мәнісінде ойнайды. Ойыншы бұл екі мінез-құлықты меңгеру керек, болмаса ойын
нәтижелі болмайды.
Ойынның бұл мінездері еркін мінез және рефлексті, оны мектепте
озбырлықпен бақылайды.
Еркіндіктің парадоксты қосылуы және Эльконин өзінің зерттеуінде
кішкентай балалардың психологиясын бақылады. Ол баланы ойында бір уақытта
екі қызметті орындайды деп белгіледі: бір жағынан өзінің рөлін, келесі бір
жағынан - өзінің мінез-құлқын бақылайды. Нәтижесінде ойынның арқасында
баладағы бар мінез-құлығы қайта құрылады, - ол озбыр болатын болады.
Озбырлы мінез-құлық – бұл мінез, мысалға сай келетін болады (бұл мысал
басқа адамдағы әрекет қалпы немесе белгіленіп қойған ережедегі қалыпқа жат)
және бір уақытта осы мысалмен үлгі ретінде салыстыру арқылы бақыланады.
Мінез-құлықты, рөл секілді белгілеуге болады. Ол қиын ұйымдастырылған
құбылыс. Онда мысал бар, мінез-құлықтағы бағыт көрсетуші және сөз сөйлеу
үлгісінде бақылау жасауға әрекетті орындауға болады, мысалды анықтаумен
және ұйғарымды мысалмен салыстырады. Осы рөл және онымен байланыстылығы
өзіне негізгі әрекетті көрсетеді, келесі бөлінбейтін бірлік ойындағы
қалыптың дамуы. Онда аффекті – түрткі және операциялық-техникалық жағы
бұзылмайтын әрекеті ғана көрсетілген.
Рөлді орындауда рефлексивті деген қабілеті дамиды. Балалардың
ойынында өзін басқару қызметі өте төмен болып басқа қатысушылармен қолдауды
талап етеді. Бірақ бұл қызмет ойын барысында қалыптасады. Сондықтан да
ойында өзін бақылаудағы озбырлық деп атауға болады. Ойындағы жасанды
мінездер ойын барысындағы қажетті әдіс болып болашағының негізі болып
саналады. Осыған сәйкес адам қалыпқа мән беріп, мінез-құлықтың жаңа
жағдайға емес анықталған көрініс бойынша қоршаған ортаны әдетке айналдырып,
түсінікті стереотипі; сол арқылы бейімделеді. Үлкен адамдардың қалыпты
ойындары (жұмысты ойындары, әлеуметтік психологиялық ойындар), таныс емес
жағдайларда адамның мінез-құлқын қалыптастырудағы жаңа әдістерін қажет
етеді, үлгілі жағдайда және жаңа мінез-құлықтарын таңдағанда, ондағы мінез-
құлық ережесі болып табылады.
Ережені айқын сақтау жағдайы ойын мінезінің кілті сияқты өзара
әрекеттің ритуалды көрінісі. Ерекшелікке байланысты ойын серіктестіктің бір-
бірінен тұйықтық тәжірибесін үйренеді. Адамдардың ойындары жалпы өзара
түсінікті ұйғармайды. Бірақ серіктестер ойын барысында оған жетуге мақсат
қоймаған жағдайда мүмкін болады. Мақсат барысында екі серіктес те ойынның
ережесін біледі, алдына ашық түрде мақсат қояды, оны жасырмайды: жеңіске
жетуге ұмтылады. Серіктесінің жеңілу жүрген жолын алдын-ала біліп, бірін-
бірі басқарып, бұны екеуі де біледі. Ойынға қатысушыларға бір-бірінің ойын
түсіну өте қажет, бірақ бұл даралықтың өзін-өзі жариялауы емес, кейде өзін-
өзі жариялау ойынға кедергі туғызады. Қарым-қатынастың бұл түрі (өзара
түсінудің бөлшегі ретінде) жұмысты ортаға қолайлы, егер ұтымды және
эмоциональды компоненттер араласса өзара әрекетті кедергі болады.
Ойын барысында серіктестің тұйықтық дәрежесі кейбір зерттеушілердің
(Э.Берн) тек қана тұлғаралық әрекеттің ойынын аналогиялық тұрғысынан орны
да болады, бірақ адамаралық қарым-қатынастың жағдайлық классификациясын
ұсынып, серіктестердің ойынға дайындылығы және өзін жариялау дәрежесіне
тәуелді болады .
Сонымен Гофман күнделікті ситуациядан өзара әрекетті бөліп көрсетті:
Жеңіске дейінгі ойын (немесе ашық келіспеушілік), қимыл-қозғалысты
ойындар және түркі аралас ойындар. Қимыл - қозғалысты ойындар адамдар
мақсатпен ережелердің жиынтығын көрсетеді; бұл ережеге сай адамдарды жалпы
қабылдайды. Бұл ойындардың мақсаты ортақ келісімге келу, қатысушыларды
өзіндік марапаттау рөлі ретінде болып, егер олардың мінез-құлқы берілген
ережелерге сәйкес болса.
Жеңіске дейінгі ойынның мақсаты қарсыласын жеңу. Бір-біріне Жабық
жағы бәрібір қарама-қарсы жағы өзінің білім қорындағы дербес жалпы мақсатқа
жету үшін пайдалануы мүмкін. Қатысушылардағы жеңіске дейінгі ойын қарым-
қатынасты ұмытып кетеді: жеңіс – бұл бірін немесе қанағат етерлік жағдай
деп түсінеді. Осындай жағдайдағы сенім өзін-өзі өлтірумен шамалас болады.
Түрткі аралас ойындағы ойыншылар мен өзара түсіністікпен қарауды
жоармалдайды және соның қамын ойлап ашық ұсыныс жасайды, бірақ сол уақытта
және эмоциялық дәрежеде шынайы жағдайға еліктеу қабілеті жүреді.
Осылайша нәтижесін шығарарда келесідей қорытынды шығаруға болады:
тұлғаралық өзара әрекеттің рөлдік мінез-құлық ережеге бағыну, жасанды
жағдай және мотивтерді жасыру, анықталмаған жағдайлардан белсенді етеді.
Ойын –басқа тәрбие нормальдың қайсынан болса да жоғары тұрады.
Өйткені ол біздің барлық тұрмыс тіршілігін ұйымдастыруға, баланың
белсенділігін арттыруға, өз бетімен әрекет етуге мүмкіндік береді.
Мектеп жасына дейінгілердің жеке басының қалыптасуына байланысты ойынның
мынадай 7 ерекшелігі болады:
1.Бала ойны негізінде түгелдей үлкендерден көргенін, олардың өзара
қарым-қатынасын барлық әрекеттерінің түрін бейнелейді.
Бала неғұрлым белсенді әрекет етсе, соғұрлым ойын анық білдіреді және ойын
негізінде бір-бірімен тілдік қарым-қатынаста болады.
2.Ойын негізінде тек дана жекелген әрекеттер емес, бірікке қимыл
қозғалыстарға әрекеті жүзеге асады. Осы әрекет кезінде бір-бірімен тілдік
қарым –қатынаста болады.
3.Адамның басқа әрекеті сияқты бала ойыныңда әлеуметтік сипаты болады.
Сондықтан да ойынның мазмұны адам өмірімен қоғамның тарихи өзгешелігіне
байланысты ауысып отырады. Баланың ойыны да өзгерген өмір бейнесін
көрсетеді. Мысалы: 4 жасындағы баланың ойыны Өзінің жауына қарсы күресу,
тамақты картошкамен алу т.б. сан күрделі шаруашылық еңбек сипатында
болса, қазіргі кездегі баланың ойынының мазмұны больница, завод космос т.б.
4.Бала өз ойыменде творчествалық шындықты бейнелейді. Кейде өзі
қиялға беріліп, фантазиясы мен ойынның мазмұнын да өзгертіп жібереді.
5.Бала ойында да өз басында бар білімге сүйенеді, және ойын мазмұны
талпынысына, дамгершілігіне, қабілетіне байланысты өзгереді. Мысалы: бала
мгазин, больница ойын ойнау үшін, ол туралы түсінік, мағлұмат білу керек.
Сондықтан да ойынды үлкендердің еңбегін бақылау негізінде жүзеге асады деп
айтады. Мысалы: экскурция кезінде тәрбиеші балаларды тігіншілердің,
теміржолшының еңбегімен таныстырады, балаға үлкендер еңбегінен әсер алуға
мүмкіндік туғызу керек. Экскурциядан міндетті түрде толық талдау жасап,
тақырыпқа сәйкес ойын ұйымдастыру керек. Бұл баланың алған білімінің кең
көлемде нақты есіне сақтап қалуына көмектеседі.
6. Бала бірлесіп әрекет еткен кезде, бірігіп ойын ойнағанда
коллективтігін байқауға болады. Өзара қарым-қатынас жасап, келісіп, пікір
алысып, ойынның ережесін орындап, коллектив мүддесін қорғап, коллектив
бойынша жетістікке жетуді көздейді.
7.Бала есейген сайын жан –жақты дамуына байланысты ойынның мазмұнын
дамып күрделеп отырады. Бұл тәрбиешінің жүйелі түрде басшының жасай білуіне
де байланысты және осы кезде балаға ойындағы рөлдерді бір –бірінен
ажыратып, әр қайсы рольдер бойынша өзіне тиісті міндеттерді атқару
керектігін түсінеді.
Кішкене балалар белгілі бір ойында неге ойнау керек екенін сұрамай-ақ
ойнай берді, олар құсша сайрай берді. Жасөспірімдерде ойынға ұмтылады,
бірақ ойынға шынайылық белгісін енгізуді қажет етеді. Егер оған осындай
бір ойын ойна десе жасөспірім жан-тәнімен беріледі.
Ойын өсіп келе жатқан бала организіміне қажеттілігіне тоқталсақ,
ойында баланың ден күші дамиды, қолы қатты, денесі икемді. Көзі көргіш
болады, аңғарымпаздылығы, тапқырлығы артады. Ойында балалардың ұйымдастыру
дағдылары қалыптасады. Ұстамдылығы жағдайды парықтай білуі және тағы
басқалар дамиды.
Ойынның тәрбиелік маңызы зор, ерік – жігерді нығайтатын, әділетшіл
сезімге, басқа іс түскенде көмектесе білуге және т.б. сол сияқтыларды
тәрбиелейтін ойындар бар. Ойын арқылы аңдарды да тәрбиелеуге болады.
Ойын арқылы балалар қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің
психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойыныныда да қоғамдық,
ұжымдық сипатта болады. Мысалы, кез-келген бала ешуақытта жалғыз ойнамайды,
сол арқылы бір – бірімен өзара қарым-қатынас жасайды. Ойын балалар үшін
айналадағына танып, білу тәсілі. Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын
жоғара бағалай келіп А.С.Макаренко былай деп жазады: “Бала ойынында қалай
болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан ұқсас болады. Сондықтан келешек
қайраткер азаматты тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады”.
Ойынның негізгі ерекшелігі – ол балалардың қоршаған ортаны,
адамдардың қимылын, іс-әрекеттерін олардың бала қимылынан туған жағдайдағы
қарым-қатынасын бейнелеуі болып табылады. Ойында бөлме, теңізде, ұшақта,
темір жол вагондарда болуы мүмкін. Балалар үн-түнсіз ойнамайды. Ойын
процесінде ойын процесінде сөйлесу қарым-қатынасы үлкен роль атқарды.
Сөйлесе жүріп, балалар пікірлесіп әсер алады, ойынның түпкі ниеті мен
мазмұнын анықтайды. Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар: ойынны
түпкі ниеті, сюжетті немесе мазмұны немесе мазмұны, ойын әрекеттері
рольдер, ойынның өзінің туатын және балалар жасайтын немесе ересектер
ұсынатын ойын ережесі.
Рольді ойын элементтері сәбилік шақта пайда болып, дами бастайтындығын
біз айтып өткенбіз. Рольді ойындарда балалар үлкендермен бірге болуға
тырысып, ерекше ойын түрінде ересектердің өзара қарым-катынастары мен
еңбектегі қызметін еске түсіреді.
Мектепке дейінгі шақта ойын іс-әрекеттің басты түріне айналады, алайда бұл
қазіргі баланың, әдетте, көп уақытын өзіне қызғылықты ойындармен
өткізетіндігінен емес, ойын баланңң психикасында сапалық өзгерістер
туғызатындығынан болады.
Мәселен, қолына түскен затпен қимылдар жасағанда немесе үлкендердің
үйреткекдерін орындағанда (әсіресе, шынайы заттармен емес, ойыншықтармен
орындалса) бала ойнап отыр деп жиі айтамыз. Бірақ бір әрекетімен екінші бір
әрекетті, бір затпен екінші бір затты бейнелегенде ғана нағыз ойын болады.
Ойын әрекеті белгілік (симзоликалық) сипатта өтеді. Тек ойында ғана
баласанасында белгілік функция қалыптасатындығы неғұрлым айқын байқалады.
Белгілік функцияның ойын үстінде көрінуінін, өз ерекшеліктері бар. Заттар
мен ойын балаларының ұқсастығы, мәселен, суреттің бейнеленген болмысқа,
(шындыққа) ұқсастығы әлдеқайда-төмен болады. Әйтседе ойындық ал-
мастырғыштар балама затпен әрекет жасағандай дәрежеде олармен әрекет
жасауға мүмкіндік беруге тиіс. Сондықтан бала таңдап алынған заттың
баламасына өзінше ат беріп және оған белгілі бір тән қасиеттерді таңа
отырып, оның да кейбір ерекшеліктерін ескереді. Мектеп жасына дейінгі бала
негізгі заттын, баламаларын таңдағанда олардық нақты шынайы қарым-
қатынастарын негізге алады. Мысалы, шырпының талы - қонжық, тұтас талы -
кірекей (ана" аю), шырпы қорабы — қонжықтың төсек-орны болатындығына ол
бірден келіседі. Бірақ қораптың— қонжық, шырпы талы оның төсек орны
болуы керек деген шешімге ол мүлде келіспейді. Бала бұған: Бұлай
болмайды,— деп жауап береді.
Мектеп жасына дейінгі бала ойын іс-әрекетінде заттарды ажыратып қана
қоймай, сонымен қатар өзіне қандай да бір-рольді алады да, сол рольге
сәйкес іс-әрекет жасай бастайды. Бала өзін аттын, немесе қорқынышты аңның
орнына қоя тұрса да, көбіне ол ересек адамдарды: анасын, тәрбиешісін,
ұшқышты, шоферді бейнелейді. Балаға ойын іс-әрекеті процесінде адамдар
арасындағы қарым-қатынастар, олардың құқықтары мен міндеттері біртіндеп
ашыла түседі.
Ойынның ерекше сипаттамасы оның екі жақты жоспарлануында, яғни:
1. Ойыншы нақты немесе стандартты емес тапсырмаларды шешумен байланысты
талап етілетін шынайы әрекеттерді орындайды.
2. Бұл әрекеттер қатары түрлі себептерге байланысты жауапкершілікті талап
ететін нақты жағдайдағы ситуациялардан бір сәт
3. сергуге мүмкіндік береді.
Ойынның екі нақты жоспарлануы – оның дамытушылық әсерін шарттандыра
түседі. Балаларға жүргізілген ойын сабақтарының психокоррекциялық
әсеріересектер мен балалар арасындағы өзара жағымды эмоционалды байланыстың
орнауымен анықталады. Ойын жағымсыз эмоцияларды, қорқыныш, өз-өзін
сенбеушілікті жоя отырып, балардың қарым-қатынас қабілеттіліктерін
дамытады.
Балалар ойынының құрылымы – ойыншының өзіне алған ролі, осы рольдерді іске
асыратын ойындағы әрекет, ойында қолданылатын заттар, ойыншылар арасындағы
шынайы қарым-қатынас құрайды.

негіздері
Бабаларымыздың асыл қазыналарына деген көзқарасын құрметтеуге сөз
әсемдігін сезінуге үйретеді. Батылдыққа, өжеттікке тәрбиелейді. Ендеше
еңбекке баулу сабағын ұлттық ойындар арқылы сабақтасытырып түсіндіру пән
тақырыптарын тез, жылдам меңгеруге ықпал етеді. Оқушының сөздік қорын
байыта түседі.
Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, аса көрнекті жазушы М.Әуезов:
Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында өздері қызықтаған алуан
өнері бар ғой. Ойын деген менің түсінуімше көңіл көтеру, жұрттың көзін
қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары
болған, - деп тегіннен тегін айтпаса керек. Одан кейінгі кезеңде қазақ
халқының бай этнографиялық материалдарын жинақтаған және оның ішінде ұлт
ойынының тәрбиелік маңызы туралы пікір айтқандар К.А.Покровский,
А.И.Ивановский, Н.И.Гродеков, Е.А.Алекторов, Ә.Диваев, А.Левшин,
Н.Пантусов, Ф.Лазаревский, П.П.Пашин, Г.С.Запряжский, А.Шиле, А.Харунзин,
А.Горячкин, П.Ходыров, Е.Букин, О.Әлжанов, т.б. болды делінген.
Е.Сағындықов өз еңбегінде: Қазақтың ұлт ойындары тақырыпқа өте бай
және әр алуан болады, - дей келіп, ұлт ойындарын негізінен үш салаға бөліп
топтастырған.
Ә.Диваев Игры киргизских детей атты еңбегінде тарихта алғаш рет
қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырады.
Қазақ балаларының ұлттық ойынына тоқталғандардың бірі – орыс ғалымы
А.Алекторов. Мәселен, оның О рождении и воспитании детей киргизов,
правилах и власти родителей (Орынбор, 1891) атты еңбегіңн атауға болады.
М.Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінен бастау алар қайнар көзі, ойлау
қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі
элементі деп тұжырымдайды. Кезінде ұлттық ойындарды зерттеген авторлар
қатарында М.Тәнекеев, Б.Төтенаев, М.Балғымбаев, Ә.Бүркітбаев, т.б.
есімдерін атауға болады.
Кеңес Одағы кезіндегі ұлттық ойындардың маңызы мен қажеттілігін
көрегендікпен қарастырған ғалым Б.Төтенаев қазақ ойындарын бірнеше топқа
бөліп, ойын шарттарын жазып, жастар үшін тәрбиелік мәнін зерделеп, ойын
білдірген.
Сабақта және тәрбиеде, яғни балабақшалар мен бастауыш мектептерде
ұлттық ойынды ұтымды пайдаланса, алдымен еңбекке баулу және дене шынықтыру
пәндерінде оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру
шарттары теориялық тұрғыдан негізделсе, онда оқушылардың білімге деген
құштарлығын арттыруға және халықтың асыл мұрасын бойына сіңіріп, ұлттық
сананы қалыптастыруға болады.
Сұлтанмахмұт Торайғыров Балалықтың қанына ойын азық деп бекер
айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі
және қызығуы анық байқалады. Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-
бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып
бөлінеді. Мазмұнды-бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп
жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды
дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс-әрекетке біріктіреді және
шығармашылық іс-әрекетке бағдарлайды, балалардың өзара қарым-қатынасын
реттеп, олардың бойында адамгершілік сапаларды қалыптастырады. Бала алған
рөлдеріне сай кейіпкердің киімін киіп, қимылын, дауыс ырғағын мәнерлі
жеткізуге тырысады, көркемдік сабақтардан (ән-саз, бейнелеу өнері
сабақтары) алған білімдерін пайдаланады, қуыршақты ұйықтату үшін бесік
жырын айтып әлдилейді, бейнелеу өнері сабақтарында жасаған ыдыс, үй
жиһаздарын, қағаздан құрастырған заттарды ойын құралы ретінде пайдаланады.
Мазмұнды-бейнелі ойынның ерекшелігі: оны балалардың өздері жасауында, ал
ойын қызметі айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар
қысқа да, ұзақ та болуы мүмкін.
Құрылыс ойынында бала сызық бойына әдемі үй құрылысын жасап, оның
бояуларының бір-бірімен келісімді болуын қадағалайды. Құрылыс материалдарын
пішіні, түсі бойынша симметриялы орналастырып, оларды көлемі (кең, тар),
биіктігі (биік, аласа) бойынша салыстырады. Ойын барысында шығармашылық
танытып, жаңа мазмұн ойластырып, белсенділік көрсетеді. Өзінің және
жолдастарының тұрғызған құрылыстарының сапасына баға береді. Дидактикалық
ойын барысында есту, көру, сезіну, қабылдау сияқты үрдістері дамып, балалар
музыкалық ойыншықтар мен әр түрлі саздық аспаптардың дыбыс шығару
ерекшелігін ажыратуға, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге,
әр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді. Ауызша ойналатын дидактикалық
ойындарда сұрақ, өтініш, келісімді білдіретін дауыс ырғақтарына еліктеу
қабілеттері жетіледі. Ертегі немесе әңгіменің мазмұны бойынша бөлек-бөлек
суреттерді пайдаланғанда оларды белгілі бір тәртіппен жинау үшін
байқағыштық пен тапқырлық көрсетеді. Қимыл-қозғалыс ойынында балалар
санамақтар, өлеңдер, тақпақтар қолданады. Бұндай ойындарда балалардың
ептілігі, қимылдың әдемілігі дамып қалыптасады, кеңістікті, уақытты
бағдарлауға үйренеді, батылдық, тапқырлық, қайраттылық, достық, жолдастық
көмек, тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапалар
тәрбиеленеді. Бала өмір құбылыстарына, адамдарға, жануарларға деген
ынтасын, қоғамдық мәні бар іс-әрекетке деген құштарлығын ойын арқылы
қанағаттандыратындықтан, ойынның қай түрі болсын балалардың адамгершілік
тәрбиесінің дамуында маңызды рөл атқарады.
Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті – ойын, сондықтан
да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев : Ойын
ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма? деп айтқандай баланың өмірінде ойын
ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы,
психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойынды зерттеу
мәселесімен тек психологтар мен педагогтар ғана емес, философтар,
тарихшылар, этнографтар және өнер қайраткерлері мен бала тәрбиесін
зерттейтін ғалымдар да шұғылданды. Көптеген балалар жазушылары бала
ойынының психологиялық мәнін және ойынға тән ерекшеліктерді көркем бейнелер
арқылы суреттегені де мәлім.
Н.К.Крупская педагогикада алғаш рет ойын мен еңбек байланысы мәселесін
көтерді. Ол балалар іс-әрекетінде ойын мен еңбек арасында шекара жоқ екенін
дәлелдеді; ойында да, жұмыста да, ең бастысы - мақсат қоя білу және
орындау. Н.К.Крупская пікірі бойынша ойын балаларды еңбекке дайындайды. Бұл
ойды А.С.Макаренко"Жақсы ойын жақсы жұмысқа ұқсайды, оларды ой басымдығы,
жұмыс басымдылығы, шығармашылық қуаныш, жауапкершілік сезімдер
біріктіреді,"- деп дамытты. Жұмыс - қоғамдық өндірісте материалдық, мәдени,
әлеуметтік құндылықтар жасауға адамның қатысуы. Ойында мұндай мақсаттар жоқ
ойынның қоғамдық мақсаттарға тікелей емес қосымша қатысы бар, ойын адамды
құмысқа қажетті дене бітімдік және психикалық жағынан шынықтырады.
Көптеген ойындар ересек адамдардың еңбегін көрсетеді; балалар анасы
мен әжесінің істерін, тәрбиеші, дәрігер, жүргізуші, ұшқыш, косманавт
жұмыстарын көрсетеді. Соған сай, әрбір ойында қоғамға пайдалы барлық
еңбектер көрініп, сол іс-әрекетке талпыну мен өзінің қатысқысы келетіндігі
байқалады.
Ойын мен еңбек тығыз байланысты, ойын барысында балалар сол образға
кіріп кетеді теңізшілер кеме тұрғызады, дәрігер мен медбикелер мен емхана
құралдарын жабдықтайды. Ақ алжапқыш (фартук) пен орамал тағып, күлше
пісіріп кондитер фабрикасының жұмысшысына айналады, айналаны тазалап көше
сыпырушы болады.
Ойын арқылы моральдық құндылықтар қалыптасады; тапсырылған
іске ұжым алдындағы жауапкершілік, достық сезімдер, мақсаттарға жету
іс-әрекеттері, өзекті сұрақтарды шынайылықпен шешу жүзеге асырылады.
Мектепке дейінгі балалардың ойын шығармашылығы сурет, құрастырып
жасаумен байланысты. Өмір туралы әсерлері, мен сезімдерін әр түрлі
жолдармен көрсеткенімен, балалар іс-әрекетінің бұл түрлері ортақ, ойында
да, суретте де бір тақырыпты болады. Сол себепті, шығармашылық ойындар
басты құрал балалардың жан-жақты дамуы, олардың іс-қимылдарының барлық
түрімен байланысты. Осы арқылы оның балабақшадағы педагогикалық процестегі
орны айқындалады. Ойын арқылы тәрбиелеуде ойын жеке даму мен балалардың
ұжымын қалыптастыруда өзіндік іс-қимылдары болып табылады. Ойынның
көмегімен әр топ үшін тәрбиелеудің міндеттері айқындалады.
Шығармашылық ойындарға жетекшілік жасау - мектепке дейінгі және
бастауыш мектептің төменгі сатысындағы тәрбие әдісінің күрделі бөлімінін
бір бөлігі. Педагог ойын барысында балалар нені ойлап табатынын және олар
өзін-өзі қалай ұстайтынын алдын-ала көріп білмейді. Бірақ, бұл педагогтың
ережеге сәйкес сабақтар мен ойындарға қарағанда шығармашылық ойындардағы
рөлінің төмендігін көрсетпейді. Алайда, өзіндік балалық іс-қимылдар
жетекшілік жасаудың тәсілдерін қажет етеді.
Шығармашылық ойындарға табысты жетекшілік жасау - бұл балалардың
сеніміне ие болу, олармен қарым-қатынаста болу. Бұл жетістікке қол жеткізу
үшін, педагог егер ойынға шын ниеттенуі, шынайы қызығушылықпен балалардың
ойын түсінуі мен олардың уайымын түсінуі қажет. Ондай тәрбиешіге балалар
өздерінің жоспарларын айтып береді, оған ақыл кеңес және көмек үшін
жүгінеді.
Сұрақтар жиі туады, педагог (тәрбиеші, бастауыш мектеп мұғалімі)
ойынға араласа алады ма, не болмаса міндетті ме. Әрине, егер ойын барысында
дұрыс бағыт беру үшін қажет болған жағдайда тәрбиешінің құқығы бар. Бірақ,
ойынға араласу балалардың құрметі мен сенімін пайдалана отырып, ойынды
қызықтыру барысында жемісті болмақ. Ойын барысында әр баланың ерекшелігі
оның қызығушылығы, жағымды және жағымсыз жақтары байқалады. Осы іс-
әрекеттің процесінде балаларға қарау педагогқа өзінін тәрбиесіндегі
балалардың оқып білуі үшін бай материал береді, әр бала мен дұрыс жұмыс
жүргізуге көмектеседі. Ойында тәрбиелеудің басты бағыты-оның тақырыбын
таңдау, рөлдерін беру және ойындардың образын жеткізу.
Ойынның тақырыбы-жанұя, балабақша, мектеп, саяхат, мейрамдар. Әр
тақырыпта балапардың қызығушылығы мен қиялына байланысты әр түрлі
эпизодтары болады. Сол себепті, әр тақырыптан сан алуан көріністер туындауы
мүмкін. Әр бала адамды белгілі бір мамандық иесі ретінде (мұғалім, капитан,
жүргізуші) немесе жанұяның мүшесі (шеше, әже) ретінде таниды. Кейде
жануарлардың, ертегілердегі кейіпкерлердің рөлдері ойнатылады. Барлық қыз
балалар ана болады, бірақ әрқайсысы жеке белгі береді. Сонымен қатар, ұшқыш
немесе ғарышкер баланың белгісімен байланысты. Сондықтан, рөлдер біркелкі,
бірақ образдары барлық уақытта жеке болалы.
К.Д.Ушинский баланың ойынға деген қызығушылығы жөнінде былай дейді:
"Ойын - балалар үшін шындық. Ал шындық қоршаған ортадан да. қызық, бала
үшін қызықты болу түсінікті, өйткені онда өзіндік іс-әрекеті көрінеді. Бала
ойын әлемінде өмір сүреді, оның ізі шындық өмірге қарағанда терең қалады".
Ойын баланың мінез-құлқының қалыптасуына, психикалық процесс
кезіндегі үйлесімді жетілуіне әсер етеді. Бір ойын ойлау және қабылдай
білуін жетілдірсе, ал екіншісі бір ойын ойлауа қабілетін, ал үшіншісі ерте
сақтау қабілетін жетілдіреді.
Ойындар сюжетті - рөлдік, қимыл-қозғалысты, ойын-жаттығулар және
дидактикалық ойындар болып бөлінеді.
Н.К.Крупская өзінің көптеген еңбектерінде ойынның бала өрміріндегі
маңызына үлкен мән берген. Қандай ойын болмасын, әйтеуір бір нәрсеге
үйретеді, ең бастысы - баланы мұқияттылыққа, еңбекке, жолдасымен ынтымақта
болуға үйретеді.
Ойын - балалар үшін оқуда еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың
тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын
үйретіп қана қоймайды ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады дегенді
айтады.
Ал заманымыздың талантты педагогы В.А.Сухомлинский: "Ойынсыз,
музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой
тәрбиесі деген болмайды"- деп санайды.
Мектепке дейінгі бала әрекетінің негізгі түрі - ойын, осы процесс
арылы баланың рухани (психикалық процестер: зейін, ес, елес, т.б.) және
дене (физикалық) күштері дамиды. Сонымен қатар, ойын - мектепке дейінгі,
бастауыш мектептегі жасқа тән қоғамдық тәжірибені меңгертудің тәсілі.
Н.К.Крупская көптеген мақалаларында ойынның әлемді тануға, балалардың
адамгершілік тәрбиесіне ықпалын "Өз бетінше еліктейтін ойын, алынған
білімді меңгеруге өте зор ықпалын тигізеді" - деп, атап көрсетеді. Ал,
А.М.Горький ойынды ... балаға әлемді танытатын, өзгертетін жол ретінде
сипаттайды.
Ойында баланың тұлғасы жан-жақты қалыптасады, оның психикасында елеулі
өзгерістер болады. Осы арқылы үлкен тәрбиелік мәні түсіндіріледі. Сол
себепті психологтар ойынды оқушының жетекші әрекеті деп есептейді.
Әсіресе, баланың өзінің шығарған ойындары ерекше орынға ие, оларды
шығармашылық немесе сюжеттік-рөлдік деп атайды. Осы ойындарды олар қоршаған
өмірден көрген нәрселерді жаңғыртады. Шығармашылық ойын бала тұлғасын толық
қалыптастырады, сондықтау ол маңызды тәрбие құралы болып табылады.
Ойынды шығармашылық іс-әрекет деудің себептерінің бірі -ойын - өмір
көрінісі. Баланың ойы арқылы жасалынатын нәрселердің көбісі нақты өмірден
алынған, олардың сезімі, уайымы шынайы. Бала аю мен қуыршақтың ойыншық
екенін білсе де, оларды шынайы, тірі деп есептейді.
Балалардың үлкендерге еліктеуі, олардың қиялының жақсы жұмыс
істейтінін көрсетеді. Бала шындықты көшірмейді, ол өз тәжірибесіне
байланыстырып шығарады.
Балалар шығармашылығы ұшқыр ойлы ойындарын және оны жүзеге асыру
құралын іздестіруден көрінеді. Саяхатқа аттану үшін қандай ұшақ жасау
керек екендігін шешу үшін қанша қиял қажет. Ойында балалар драматург,
декоратор, актер қызметтерін бірге атқарады. Бірақ, олар көп ойланбайды,
өздерінің мақсат, міндеттерін, ой, сезімдерін білдіреді. Сондықтан ойын -
әрқашан шығармашылық.
Балалар ойынды өздері таңдап ұйымдастырады. Бірақ, басқа ешбір іс-
әрекетте осыншама қатал, тәртіп, ереже жоқ. Сондықтан ойын балаларды
белгілі мақсатқа тәуелдейді, мақсатқа бағынуға тәрбиелейді.
Ойында бала өзінің ұжым мүшесі екенін сезініп, құрдастары мен өзінің
әрекеттері мен тәртібін әділ бағалай бастайды. Тәрбиеші міндеті -
ойыншылардың назарын достыққа, әділдікке, жауапкершілікке аудару.
Ұжымдық шығармашылық ойын мектепке дейінгі баланың сезімін
тәрбиелейтін мектеп болып табылады. Ойында қалыптасқан адамгершілік сапалар
баланың өмірдегі тәртібіне ықпал етеді, сонымен қатар күнделікті
балалармен, үлкендермен қарым-қатынасы процесінде қалыптасқан дағдылар әрі
қарай ойын барысында дамиды. Баланы жақсы іс-әрекетке итермелейтін ойынды
ұйымдастыруда балаға көмектесуі үшін тәрбиешіге үлкен өнер қажет.
Бастауыш сыныпта, үйде алынған білім ойын барысында жүзеге асады.
Өмірдегі түрлі оқиғаларды, әпизодтарды қайта жаңғырта отырып, бала
көргенін, оқығаныньщ мәнін, мағынасын түсіне бастайды.
Шығармашылық ойынды тар дидактикалық мақсатпен шектеуге болмайды, оның
көмегімен басты тәрбие міндеттері шешіледі. Ойындық рөлдерді балалар
өздерінің қызығушылықтарына, өздерінің болашақ кәсіптеріне сәйкес таңдайды.
Олар сенгіш, бір ретте өзгермейді, бастысы бала қоғамдық пайдалы өмірге
қатысуды армандайды. Балалардың ойынындағы ақыл-ой белсенділігі барлық
уақытта елестетумен байланысты.
Ойлаған ойын іске асыру кезінде де елестету байқалып, дами түседі; ұшу
алдында ұшақты дайындау керек; дүкендегі тауарларды таңдап алу керек, егер
жетіспесе өзің дайынадауың керек. Осылайша ойын арқылы болашақ оқушының
шығармашылық қабілеттері дамиды.
Қызықты ойындар балалардың қуанышты, жеңіл көңіл-күйін қалыптастырады,
белсенді іс-әрекет қажеттілігін қанағаттандырып өмірлерін мағыналы етеді.
Егер бала жақсы жағдайда жақсы тамақтанып өмір сүрсе, бірақ қызықты ойындар
ойналмаса ақыл-ойы нашар дамиды.
Педагогикалық процесте ойын оқу, тәрбие жұмыстарының құралы ретінде
кең пайдаланылады. Ойын баланың дүниетанымын кеңейтіп, қоғамдық тәртіп
машықтарына тәрбиелейді.
Атақты совет педагогы А.С.Макаренко ойын оқу, тәрбие жұмыстарының
құралы деген пікірді дамыта отырып, былай деген болатын: Баланың өмірінде
ойынның зор маңызы бар — үлкендер үшін жұмыстың, қызметтің маңызы кандай
болса, балалар үшін ойынның маңызы да сондай. Бала ойында қандай болса, ол
ержеткенде жұмысқа да сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткерлерді баулу
ең алдымен ойын түрінде жүргізіледі.
Ойын барысында бала жан-жақты тәрбиеленеді.
Тұрмысқа қатысты туындайтын сюжетті-рольдік ойындар өзінің өмір
танытқыштығымен бірге баланың белсенділікке, байқампаздыққа, өнегелілікке
бейімделуіне зор ықпалын тигізеді. Тәрбиешінің міндеті — балаларды ойнай
білуге машықтандыру. Ойын сюжетін кітап оқу немесе диафильм көруден кейін
өрістете түсуге болады. Тәрбиеші тек ойынның үлгі-жоспарын ұсынады да,
көмекші сұраулар беру арқылы балалар ойынды өздері әзірлеуге қатысады.
Сюжетті-рольдік ойындар кезінде тәрбиеші ойын барысын сыртынан бақылайды.
Ойын үстінде балалар қиындыққа кездессе ғана белгілі бір рольге қатысу
арқылы ойынға араласып, оның мазмұнын жетілдіруге септігін тигізеді.
Тәрбиеші рольді орындау ережелерін көрсетіп, оған жағдай туғызады.
Тәрбиешінің ойынға араласуы балаларды қуанышқа кенелтеді.
Тәрбиеші ойынды ұйымдастыруда балалардың тәжірибесін ескеріп, негізгі
рольдерді кезекпен орындауларына көңіл бөледі. Сюжетті-рольдік ойын
балаларды еңбек сүйгіштікке, еңбек адамдарын құрметтеуге тәрбиелейді. Ойын
балалардың жақсы қарым-қатынасын жетілдіре беруді көздейді. Тәрбиеші
сюжетті-рольдік ойындарды тәрбие мақсатына қарай бейімдеп отырады. Мәселен,
Мектеп ойынында оқушылар мен мұғалім туралы, Құрылыс ойынында әр түрлі
кәсіп иелері жайлы, Почта ойынында хат, газет-журнал таратушылардың
еңбегі жөнінде, Сақшы ойынында шекарашылар туралы мәлімет бере отырып,
серуен кезінде ойын жоспарын құруға көмектеседі.
Педагог ғалым А.И.Сорокина дидактикалық ойындарды мазмұнына, танымдық
маңызына, ойын ережесіне және тәрбиешінің атқаратын роліне қарай мынадай
топтарға бөледі: ойын-саяхат, ойын-тапсырма, ойын-жұмбақ, ойын-болжау.
Ойын-саяхат мазмұны жағынан ертегіге ұқсас, ондағы түсіндірілетін
материалға ертегілік сипат беріледі. Ойын-саяхат баланың сезімін, қимылын,
ойлау қабілетін, білімін жетілдіреді. Ойын мазмұнын ән айту, жұмбақ шешу
әрекеттерімен толықтыруға болады. Тәрбиеші алты жастағы оқушыларды
айналадағы өмірмен таныстыруды ойын-саяхат түрінде жүргізсе, балалардың
қызығушылық сезімі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz