Тергеу іс- әрекеттеріндегі психологиялық ерекшеліктерінің ғылыми теориялық аспектілері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны:
Кіріспе
І тарау
Тергеу іс- әрекеттеріндегі психологиялық ерекшеліктерінің ғылыми теориялық аспектілері
1. 1. Тергеу іс- әрекеттеріндегі тінту процессі мен тұтқындардың психологиялық ерекшеліктері . . .
1. 2. Куәгерлер мен жәбірленушілерден жауап алу барысындағы психологиялық жағдайлар . . .
1. 3. Күдіктілер және айыптаушылармен жауап алу барысын жүргізудің психологиялық ерекшеліктері . . .
ІІ тарау.
Бетпе - бет кездесу, тану психологиясының теориялық қағидалары.
2. 1. Бетпе - бет және тану процестерінің орын алуының психологиялық ерекшелік табиғаты . . .
2. 2. Тергеушінің психологиялық ерекшеліктерін анықтаудың экспериментальды зерттеу әдістемелері . . .
2. 3. Тергеу қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттыру және қалыптастыру жолдарына байланысты практикалық - әдістемелік нұсқаулар . . .
3. Қорытынды . . .
4. Қолданылған әдебиеттер тізімі . . .
5. Қосымшалар . . .
Кіріспе
Дипломдық жұмыстың өзектілігі
Мемлекетіміз қазіргі таңда тергеу қызметкерлеріне көмек беру жағын қатты ойластыруы тиіс, себебі олар өзге мемлекеттік қызметкерлермен қатар мемлекет атынан жұмыс жасайды, әрі белгілі бір билік құзыреті бар босады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың қазақ халқына жолдауында “ Қазақстан өз даму сатысында жаңа табыстарға қол жеткізуде. Стратегиялық міндет: Қазақстан бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енуі, ” - деді 1 Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді, діни экстремизм, халықаралық терроризм және есірткі саудасына қарсы күресті арттыру арқылы жетуге болатынын атап көрсетті . Қазақстан бүгінгі күні терроризм, ұйымдасқан қылмыс, заңсыз қару, есірткі сату т. б. қауіп қатермен күрес жолында дүние жүзі елдерінің одақтастықты нығайту және кеңейту үшін қажетті жағдайлардың бәрін жасауда. Орта Азия аймағындағы мемлекеттердің одақтастығының артуы қазіргі заманға қылмыс түрлеріне қарсы тұра білудің кепілі. Бүгінгі күн психологиясы тұрғысынан алғанда құқық қорғау органдарының тергеу бөлімдерінің тұрақтылығы мемлекет тарапынан белгілі бір материалды және басқа қызығушылықтан бөлек психологиялық көмекті қажет етеді. Сондықтан да, мемлекеттік деңгейде тергеу қызметкерлерінің беделін көтеру қажет.
Тергеу органдарының кәсіби іс - әрекеті мемлекеттік іс - әрекет мемлекет бұл органдар алдына азаматтардың қылмыстық зиянкесті әрекеттерінен қорғауға бағытталған белгілі бір мақсатпен міндеттеуді қояды.
Тергеуші болу үшін, арнайы табиғи нышандардың болуы қажет емес. Тергеу іс - әрекеті үшін жүйке жүйесі, ми, темперамент типінің рөлі зор. Т. Богдан, Холерик және меланхоликтік темпераменттер соттық қылмыстық қызмет үшін түбірлі түрде қарама- қарсы деп түсіндіреді.
Ал В. Ф. Конн тергеуші қызметіндегілер адамгершілік негізде қызмет етулері керектігі жөнінде зерттеген.
Біздің тәуелсіз жас мемлекетіміз жаңа, түбірлі өзгерісті, яғни сапалы күйге көшуді жүзеге асыруда және демократия, әрі нарықтық қатынастар бәсекелестік жағдайына икемделгіш, әрі белсенді, жан- жақты дамыған жеке тұлғаларды қажетсінеді.
Тергеу органдары қызметкерлері жеке тұлғасының қалыптасуы мәселесін екі жақты қарастыру керек: Сыртқы әрі ішкі .
Тергеуші жеке тұлғасының қалыптасуы барысында сезіну мен өзіндік сана - сезімнің рөлі артуы тиіс. Егер де қызығу, қажеттіліктер, мотивтер мен мақсат жұмыс мазмұнына сәйкес келіп жетсе, бұл жағымды оң нәтижелерге жеткізетін болады.
Психикалық заңдылықтарды білу, оны оперативті іздеу іс - әрекетінде қолдану және арнайы психологиялық әдістемелерді қолдана білуі тергеушінің жұмысын жеңілдететін әбден мүмкін . Өйткені өзіне қажетті адамдармен бірге қарым - қатынасқа терең түскен жағдайда өз әрекетін реттеп жүйелей алуы, заң бұзушы адамдардың мотивтерін терең түсінуі, объективті объекті тани біліп оны дұрыс бағалап, нәтижесін практикалық іс - әрекетінде қолдана білуі абзал.
Дипломдық зерттеу жұмысының мақсаты
Тергеу әрекетін жүргізуді және тергеуші тұлғасының психологиялық ерекшеліктерін анықтау болып табылады. Зерттеу жұмысының мақсаты анықталған соң келесі зерттеу міндеттері :
1. Құқық психологиясы, яғни тергеушінің жеке тұлғасының психологиялық ерекшеліктерін анықтайтын шетелдік, отандық, Ресейлік әдебиеттерге терең талдау жүргізу.
2. Тергеушінің кәсіптік іс - әрекеті жеке тұлғасының психологиялық ерекшеліктеріне қатысты ғылыми ұғымдарды нақтылап таңдау.
3. Тергеушінің, құқық органдары қызметкерлерінің жеке психологиялық ерекшеліктерін айқындайтын ғылыми - зерттеу әдістемелерін іріктеп таңдау. Ол әдістемелерді қазақ тіліне бейімдеп аудару .
Дипломдық зерттеу жұмысының ғылыми болжамы:
Тергеушінің кәсіптік іс-әрекетінің тиімді жүзеге асуы, оның жеке психологиялық қасиеттерінің ерекшеліктеріне тәуелді болады. Зерттеу жұмысының жалпы болжамы төменгі жеке болжамдармен нақтыланады:
-құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің кәсіби шеберлігі олардың қызмет стажының мөлшеріне байланысты болады.
-құқық қорғаушыларының кәсіптік біліктілігінің дәрежесі олардың жас ерекшелігіне қарай тәуелді бола отырып, мінез-құлықтағы басқа іс-әрекеттерінде көрініс алады.
Зерттеу объектісі: құқық қорғау органдары қызметкерлері мен тергеушілердің жеке тұлғасы.
Зерттеу пәні: тергеу процесін жүргізудегі және жалпы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби іс-әрекетіндегі жеке психологиялық ерекшеліктерінің механизмі.
Дипломдық зерттеу жұмысының әдіснамалық негізі: тергеу іс-әрекетінің және тергеушінің психологиялық ерекшеліктерінің анықтауға негіз болған мәдени- тарихи даму тұжырымдамасының авторы Л. С. Выготский; тергеуші іс-әрекетіне қатысты іс-әрекет теориясының классигі А. Н. Леонтьев; сана мен іс-әрекеттің тығыз бірлігі теориясының авторы С. Л. Рубенштейн; құқық психологиясы кітабының атворы; Чуфаровский Ю. В; отандық құқық психологиясына қатысты бірқатар еңбектерінің авторы С. М. Илеусизова.
Құқық психологиясына қатысты еңбектердің авторы С. Ж. Пралиева т. б. ғалымдардың еңбектері ғылыми -әдістемелік негіз ретінде қолданылды.
Диплом жұмысының теориялық маңыздылығы: тергеу іс-әрекеті; тергеушінің жеке психологиялық ерекшеліктеріне қатысты ғылыми-теориялық аспектілер айқындалып, құқық психологиясының ғылыми түсінік базасы нығайтылды;
-тергеуші бақылампаздығының жоғары деңгейі оның жеке басының инварианты моделіне тәуелді болатындығына терең талдау жүргізілді.
Дипломдық зерттеу жұмысының практикалық құндылығы:
- тергеу іс -әрекеттерінің және тергеушінің жеке психологиялық ерекшеліктерін айқындайтын әдістемелердің кешені жасалынды.
- аталған проблемаға қатысты тергеушінің психологиялық ерекшеліктерін айқындайтын әдебиеттерге ғылыми сілтемелер жасалынып, құқық психологиясының бір тармағы ерекше мазмұнға ие болды.
Зерттеу әдістемелері мен әдістері:
- зерттеуге қойылға мақсатты шешу және оны тексеру үшін арнайы құқық қорғау қызметкерлеріне арналған психикалық қасиеттерді өлшеу тесті қолданылды. Тест психикалық төрт күйді өлшейтін шкалалар құрайды. Атап айтқанда; мазасыздану, фрустрация, агрессия, регидтілік анықтайтын тест.
-келесі тест суицидті көзқарастардың құрылымын байқай отырып, өз-өзіне қол салудың алдын алу мақсаты мен керек уақытында медико-психологиялық көмек көрсету үшін қолданылады. Тест басқа бір шкалалы тесттерден ерекшеліші суицидтік дезодаптацияның 9 түрін анықтайды.
-Ресейдің Зырянов қаласындағы өткізілген Д. Голландтың мамандық таңдау мәселесіндегі жеке тұлғалардың типтерін анықтауға арналған әдістемесінің нәтижелері қолданылды.
Дипломдық зерттеу жұмысының базасы: Шымкент қалалық Ішкі істер министрлігі жанындағы милиция академиясы.
Дипломдық зерттеу жұмысының құрылымы, көлемі: Дипломдық жұмыс кіріспеден, теориялық бөлімнен, эксперименталды зертеу бөлімінен,
қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады. Жалпы жұмыс көлемі -
I тарау
Тергеу іс-әрекеттеріндегі психологиялық ерекшеліктердің ғылыми теориялық аспектілері.
1. 1 Тергеу іс-әрекеттеріндегі тінту процессі мен тұтқындардың психологиялық ерекшеліктері.
Қазіргі психология ғылымының жағдайын біршама даму үстінде деп бағалауға болады. Соңғы онжылдықта психологиялық зерттеулер ауқымы кеңіді, жаңа ғылыми бағыттар пайда болды. Психологиядағы талданып жатқан мәселелердің көлемі өсіп, оны түсіну құралы өзгеруде. Зерттеу әдіснамасы мен әдістері жетілуде.
Психология ілімінің түп-төркінін білмейінше, психологияның құрылымы мен бағытын, әлеуметтік-психологиялық құбылыстар мен процестерді, тіпті психологиялық факторларды білмейінше кез келген әрекетті, оның ішінде қылмыстық әрекетті түсіну мүмкін емес. Ал мұндай ілімді «тірі» қылмыскерді көрмей, оның күрделі де қиын, кейде қойғылы тағдырын, жеке басының ерекшелігін, қызығушылығы мен мұқтажын білмейінше, тек қылмыстық істер туралы еңбектерді оқып қана ала алмайсыз. Бұл жеке тұлға мен оның іс-әрекеті арасындағы үзілмес байланыстың барлығын тағы да дәлелдейді.
Тергеу ісінің мақсаты - негізгі әлеуметтік құндылықтарды қорғау, құқық бұзушылықты тексеруде шындықты ашып, кінәліні сотқа беру. Сондықтан тергеушінің жеке басының кәсіби-психологиялық ерекшеліктері оның тергеу қызметіндегі әлеуметтік-саяси, адамгершілік және психологиялық ерекшеліктерімен байланысты.
Алдын ала тексеру - бұл белгілі бір мақсатқа бағытталған процесс, ол мақсат тергеушінің бұрын болған қылмысты қазіргі кезде қалпына келтіруі болып табылады. Тергеуші қызметін анықтайтын негізгі құрамдас бөлігі болған оқиғаны, осы іске қатысты әрбір адамның өзара қатынасын қалпына келтіре отырып, қылмыс жасаған субъектінің жеке тұлғасын тану үшін әр түрлі деректер жинауы мен зерттеуі болып саналады. Дәл осы алдын ала тексеру барысында болған қылмыстық оқиғаның көрінісін қалпына келтіру процесі іске асады. Деректерді енді ғана жинай бастаған тергеуші бұл мәліметтердің соңы қайда апарып соғарын білмейді, болған оқиғаны көз алдына толық елестете алмайды. Танымдық әрекеттің бұл ерекшелігі жиналған мәліметтерді таңдап-талғауда көп қиындық әкеледі, сол себепті үлкен көлемдегі әр қилы деректерді бір арнаға жинауға, бөлек-бөлек пікірлерді өзара байланыстыруға тура келеді. Тергеуші қызметінде қажет ақпаратты іздеуге, оны дұрыс таңдауға, қолда бар ақпаратты түсінуге жетелейтін білім мен тәжірибе жинақталады. Бұл білім мен тәжірибе оның қиялын дамытатын алғышарт болып табылады 2 .
Тергеушіге керек қасиеттің бірі - оның оқиғаның даму барысын болжай білуі, соған қарай өз әрекетін дұрыс жоспарлап, жолға қоюы. Тергеушінің өз әрекетін дұрыс жоспарлауы оның сезгіштік (рефлекстік) ой-өрісіне байланысты. Оның әрекеті қылмыскерге тек оң әсер етпей, кейде кері әсер етуі тиіс. Сондықтан тергеуші тергеуді жалпы жоспарлағанда алдын ала нақты әрекеттерді көп жоспарлауды саналы саналы түрде шектеуі керек. Көп жағдайда тергеудің жақсы жүргізілуі оның басында дұрыс жоспарлануына байланысты болады. тек тәжірибе, білім мен интуиция нақты дұрыс жоспар құруға көмегін тигізеді. Өз әрекетін дұрыс таңдауы үшін тергеушіге кең әрі жылдам көзқарас керек. Әйтсе де бұл үшін ол тергеудің барлық мүмкін деген бағыттарын көре білуі және әр бағыттағы өз әрекетін дәл жоспарлай білуі тиіс. Тергеу әрекетінің табысты болуы - тергеушінің жағдайға жылдам бейімделуіне көмегін тигізетін жан-жақты ақпараттан хабардар болуына байланысты.
Тергеуді жоспарлау құрылымының негізгі элементтері:
а) өз версиясын ұсыну;
ә) тергеудің жалпы стратегиясын анықтау;
б) тергеу әрекеттері жүйесін және оған қатысты адамдарды анықтау;
в) жекелеген тергеу әрекеттерінің тактикалық ерекшеліктері мен тактикалық тәсілдерін анықтау;
г) тергеу қорытындысына сын көзбен қарау.
Тергеушінің кәсіби біліктілігі тергеу аппаратын жинақтағанда, жеке тергеу топтарын құрғанда, әр түрлі үлгідегі қылмыстарды тексеруге тергеушілерді дұрыс пайдалана білу де керек.
Тергеу әрекеттері мен өндірісін құру ісі қылмыс кердің, көп жағдайда жәбірленушінің қандай психологиялық топқа жататынын білу, сол психологиялық ерекшеліктерін ескеру сияқты мәселелерге сүйене отырып іске асады.
Тергеу әрекетінің мақсаты - негізгі әлеуметтік құндылықтарды құқықтық қорғау, орын алған құқық бұзушылықтың шындығын анықтау, жазықты адамды сотқа беру. Сол себепті тергеушінің жеке басының кәсіби-психологиялық қасиеттері оның тергеу қабілетінің саяси-әлеуметтік, адамгершілік және психологиялық ерекшеліктерімен көрінеді.
Алдын ала тергеу - бұл бұрын болған оқиғаны тергеу барысындағы дәлелдермен қалпына келтіру мақсатын көздейтін мақсатты процесс.
Тергеуші әрекетінің психологиялық құрылысының негізгі ерекшелігі оның болған оқиғаны толық елестете алатындай, осы оқиғаға қатысты адамдардың қарым-қатынасын, қылмысты субъектінің жеке тұлғасын тани алатындай әр алуан деректерді жинай білуі болып табылады.
Дәлірек айтсақ, алдын ала тергеуде болған оқиға үлгісін құру процесі жүреді. Алғаш дерек жинай бастаған тергеуші болған оқиғаның толық келбетін көз алдына елестете алмайды, бұл істің соңғы қорытындысын біле алмайды. Танудың бұл ерекшелігі ақпарат жинау, оны екшеу, бағалау ісінде қиындықтарға әкеледі, әр деректің табиғатын тану үшін немесе жеке-жеке деректердің бір-бірімен байланысын анықтау үшін бір-біріне ұқсамайтын үлкен көлемдегі версияларды тексеруге тура келеді.
Тергеуші әрекетінде жинақталған криминалдық білім мен тәжірибе керекті ақпаратты іздеуде, оның қажеттісін таңдап ала білуде, қолдағы ақпаратты дұрыс түсіне білуде көмегін тигізеді. Бұл білім мен тәжірибе тергеуші қиялының дұрыс бағытта дамуына да керекті алғышарттар болып табылады.
Осыған байланысты ойша деректердің өзара байланысты жобасын өткен оқиға мен қазіргі құбылыстардың байланыстырып құру қажеттігі туады. Таным танылуға тиісті деректер мен құбылыстарды тексеруге, бағалауға бағытталған іс-тәжірибе әрекеттерін қамтиды.
Бұл қызметтің орындалу барысында танымдық іс-әрекет кезінде пайда болған объектілермен эксперименттер жасалады. Алдын ала тергеуде танымдық процесс түскен ақпараттың бір тәртіпке түспегендігімен ерекшеленеді. Түсіп жатқан ақпараттар ағыны танымды іске асырушы тұлғаның қалауына бағынып, қалай бұрғысы келсе, солай кете бермейді. Ақпараттар көлемі, жылдамдығы, түсу у ақыты таным іске асатын жағдайларға байланысты болып келеді.
Зерттеу пәні ретінде қылмыс - күрделі де жан-жақты құбылыс, бір де бір куәгер оның барлық элементтерін бірден көре алмайды:
- дайындық әрекеттерін;
- қылмыскердің келісімін;
- субъективті жақтарын;
- іс-әрекет пен оның қорытындысы арасындағы байланысты, қылмыс жасауға себеп болған жағдайлар мен салдарларды және т. б.
Мұның бәрі басқа деректердің араласуымен дәлелденеді.
Алдын ала тергеу - бұл теориялық-танымдық емес, ең алдымен қылмыстық іс-әрекет арқылы реттелетін тәжірибелік іс-әрекет.
Заң тек жекелеген тергеу әрекеттерін реттеп қана отырмайды, сонымен бірге бүкіл тергеу барысын белгілі бір тәртіпке салып отырады. Ол:
Тергеушінің қылмыстық процесс мүшелерімен, азаматтармен, лауазымды тұлғалармен, мекемелермен, ұйымдармен қарым-қатынасын реттейді, әрбір іс-әрекеттің орындалу барысын, тергеудің аралық міндеттерін шешудің кезегін реттейді, белгілі бір кезеңдегі іс-әрекеттер кешенін орындауға және тергеуші қызметін белгілі бір мерзіммен шектеуіне міндеттейді.
Бұл тергеушінің жұмысына басқа мамандық иелеріне тән емес, нақты нормалық сипат береді. Тергеуші қызметі әр қилы төтенше тапсырмаларды дұрыс шешу үшін жан-жақты білімділік пен іскерлікті керек ететін белгісімен ерекшеленеді. Сонымен бірге тергеуші жеке тұлғаны диагностикалау әдістерін білу, одан ақпарат алу мен оны қайта тәрбиелеу ісін дұрыс ұйымдастыра білу қабілеттерімен өзін қамтамасыз ететін психологиялық бағдарламасы болуы керек. Тергеуші әр істің табысты аяқталуына құлқы жоқ адамдардың қарсылығын жеңе білуі де тиіс. Дәл тергеуші қызметіндей істің табысты аяқталуына кедергі келтіретін қарсыластары көп қызмет жоқ шығар.
Тергеуші қызметінде кінәлі адамдардың ұйымдасқан түрде қарсы әрекет етуі істі тергеу мен ашуға елеулі қиындықтар туғызатынын ескеру қажет.
Әсіресе тергеушіге барлық күш-жігерімен қарсы әрекет істейтін адам - қылмыскердің өзі осы жолда ол барлық амал-айласын: өтірік айту, алдау, жала жабу, бопсалау, пара беру т. б. көптеген шегі жоқ мүмкіндігінің бәрін де пайдалануға тырысады.
Тергеуші тек заңға және өз ар-ұжданына сүйене отырып әрекет етуге ғана құқұлы. Тергеуші әр түрлі тактикалық тәсілдерді, оның ішінде психологиялық реагенттерді қолдануға құқылы (мәселен, тергеуші қылмыскерге оның сыбайластарының өз қылмысын мойындағаны туралы төтеннен айтып, өзінің негізгі мақсатын жария етпей қалуына болады) .
Дегенмен психологиялық реагентті пайдалану шектен шықпауға тиіс, тергеуші қылмыскердің әр жауабын өзі жақсылап тексеруді, қылмысты істің шындығын ашу жолында өз әрекетін құқықтық және әдептілік жағынан заңдастыруы керек.
Тергеуші мен іске қатысы бар адамдар арасындағы теңсіздік мынадан көрінеді: тергеуші болған іс туралы толық және жан-жақты хабардар емес, ал соңғылар өз қолымен жасаған не көрген жағдайдың қайсысын жасырып қалуды біледі. Тергеу жүргізуші тексеру барысында қылмыс ізімен жүріп келе жатса да, ылғи оқиғаның ең соңында болады.
Ал қылмыскер уақыт пен жағдайды тиімді пайдаланып, тергеушіні қиын қыспаққа қалдырып отырады. Мұның бәрі кейде тергеу ісіне қиян-кескі күрес сипатын береді. Қауіпті жағдаятты жеңе білу сияқты эмоциялық кері әсерлер тергеушінің үнемі ерік күшін жігерлендіріп, ақыл-ойының белсенділігін арттыруын керек етеді. Тергеушінің тағы бір міндеті - шиеленіскен жағдаятты шешуде әділ баға бере білуі, ол іске жүйелі түрде талдау жасауына көмегін тигізеді.
Тергеуші әділ тергеуге кедергі келтірушінің мақсатын біліп алып, оны есепке алып отыруы керек. Өз жолын айқындау үшін тергеуші өз таңдауының және тратегиясының дұрыстығын көптеген дерек көздері арқылы анықтап алуы тиіс. Тергеуге тән нәрсе тек қана күрес емес екенін атап айту керек. Сонымен бірге нағыз тергеушіге тән қасиет - тергелушіге психологиялық әсер етуі, қылмысты ашу үшін оның бағыты мен көңіл күйін өзгерте алуы.
Еңбектерде «психологиялық реагент» пайдалану тәсіліне рұқсат етіледі, оның ролін зат, дерек, адам, құбылыс, мәлімет ойнауы мүмкін. Бұл тәсілдің негізгі мақсаты: күдіктіге «реагент» ұсына отырып, яғни оған психологиялық шабуыл жасай отырып, оның өтірік айтуына шамасын келтірмеу.
Бұл жағдайдың кінәсіз адам үшін маңызы жоқ, ал қылмыскерге психологиялық кері әсерін тигізеді. Тергеу ісінің басында тергеуші де толық мағлұмат болмағандықтан, оған белгісіздік жағдайында шешім қабылдауына тура келеді. Тергеуші ақпаратқа мұқтаж жағдайда жұмыс істейді. Осыдан барып оның жұмысында эмоционалдық қиындықтар болады, сол себепті оның болжам жасау мен шешім қабылдауда эвристикалық қасиеттерді пайдалануы заңды.
Жұмыс барысындағы тергеушінің ой-пікірі тек оның өз әрекеттеріне ғана бағыт беріп қоймай, сонымен бірге барлық іске қатысты тұлғалардың әрекеттерімен сәйкес келіп отыруы керек. Ол өзі үшін де, басқалар үшін де ойлануы, іске қатысты адамдардың қимылдары мен шешімдерін ертерек болжап, соған өз әрекетін жоспарлауы тиіс. Бұл өзара бірлесіп әрекет ететін топқа әр қилы, кейде мүлде қарама-қарсы көзқарастың өкілдері: тергеуші мен тергелуші, жауап алушы мен жауап беруші т. б. жиналады. Тергеу процесіндегі адамдардың көзқарастарының сәйкес келмеуі, қарама-қайшы келуі психологиялық тұрғыдан психологиялық элементтерді: сана, ерік күшін, мінез, адамгершілік принциптерді ескере отырып, тергеу тактикасын белгілеп алуды керек етеді. Тергеушіге әр түрлі мамандық иелерінен жауап алуға тура келеді, ал сол мамандық иелеріне ғана түсінікті кәсіби мәселелерді оның да білуі тиіс.
Кейбір мағлұматтардың дұрыс-бұрыстығын тексеру үшін оның графикалық немесе басқалай өзгеріске түскен-түспегенін білу маңызды. Тек сонда ғана тергеуші деректер мен мәліметтердің дұрыс не жалғандығына анық көз жеткізе алады.
Тергеушінің танымдық іс-әрекеттері оның өзіне ғана тән кәсіби ой-өрісін қалыптастырады.
Тергеуші қызметінде адамдармен араласу арқылы жиналған ақпарат маңызды роль атқарады. Тергеу әрекеттерінде адамдармен араласу мәселесі өзіндік сипатқа ие болады.
Адамдармен араласудың конфликтілік, рефлекстік сипаты бар. көпшілікпен тіл табыса білу - адамдармен араласа білудің жеке бір аспектісі болып табылады.
Көпшілікпен тіл табыса білу процесінде белсенді түрде ақпарат алмасады, одан рефлекстік процесс дамиды. Тергеудің табысты болуы көп жағдайда тергеуші мен басқа іске қатысты адамдармен күдікті, кінәлі, жәбірленуші, куәгермен бірлесе әрекет етуіне байланысты болып келеді. Жеке тұлғалар арасындағы қарым-қатынас тергеуші қызметінің ажырамас бір бөлігі болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz