Мектеп жасына дейінгі баланың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

М А З М Ұ Н Ы

І Кіріспе . . . 3


1. 1 Мектеп жасына дейінгі баланың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру… . . . …. . 5

1. 2 Мектеп жасына дейінгі балалардың мемлекеттік тіл негізін игеруі - жан-

жақты мәдениетті тұлға қалыптастырудың басты факторы . . . 8

ІІ Негізгі бөлім

2. 1 Тіл дамыту барысында ойынның атқаратын рөлі . . . 11

2. 2 Балабақшада ұлттық ойындарды пайдалану . . . 17

Қорытынды . . . 25

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 27

Кіріспе

Казақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін және Қазақстан Ресгубликасы азаматтарының білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз ету ережелері де қамтылған.

Тоғыз тараудан, 50 баптан тұратын бұл заң: жалпы ережелерден басталып, білім беру ұйымдары, білім беру бағдарламалары мен білім деңгейлері, білім беру жүйесін басқару, Білім беру процесін субъектілерінің құқықтары мен міндеттері, әлеуметтік кепілдіктері, білім беру экономикасы, білім беру саласындағы заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік және өтпелі ережелерді қамтиды.

«Білім туралы» Заңды мектепке дейінгі ұйымдарда жүзеге асыруда Казақстан Республикасы үкіметінің каулысы және мектепке дейінгі ұйымдардың үлгі ережесі, базистік оқу жоспарларымен бірге бірқатар нормативтік-құқықтық құжаттар дайындалып жарық көруде. Құжаттарда мектепке дейінгі жастағы балалардың тәрбиесіне, жан-жақты ой-өрісі, дене бітімі, сөйлеу мәдениеті, ана тілінің дамуына жағдай жасау қажеттігі атап көрсетілген.

Заңдағы тікелей мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың негізгі мәселелеріне тоқталатын болсақ, ол 23-бапта нақты берілген:
1. Мектепке дейінгі тәрбие отбасында және мектепке дейінгі ұйымда жүзеге асырылады.

2. Мектепке дейінгі ұйымдар отбасымен қатар бір жастан алты (жеті) жасқа дейінгі мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың, олардың дене және психикалық денсаулығын қорғап, нығайтуды, дамуында ауықтуы бар балалардың жеке қабілеттерін дамытуды, оған мұқтаж балаларға қажетті түзету жасауды жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік білім беру мен денсаулық сақтауды басқару орыындары мектепке дейінгі ұйымдар мен отбасына қажетті әдістемелік және конституциялық көмек көрсетуді ұйымдастырады.

4. Бес (алты) жастағы балаларды мектепке барар алдында даярлау міндеті және ол отбасында, мектепке дейінгі ұйымда немесе мектепте жалпы білім беру бағдарламаларының шеңберіңде жүзеге асырылады. [1]

Ол мемлекеттік білім беру ұйымдарында тегін жасалады - деп тұжырымдалған.

Жоғарыда айтылған негізгі, көкейкесті мәселелерді отбасында, балабақшада жүзеге асыру үшін келешекте кезек күттірмейтін іс -шаралар ұйымдастырылуы шарт.

Атап айтқанда:

- отбасы мен мектепке дейінгі ұйымдардың арасындағы ынтымақтастықты сақтай отырып, ата-аналармен жұмысты жандандыру;

- мектепке дейінгі ұйымдардағы тәлім-тәрбие жұмысын жақсарту,

- тәрбиенің сан-саналы келелі мәселелерін шешетін қарапайым дағдыларын бала санасына орнықтыратын алғашқы білім негіздерін қалауға баса назар аудару;

- баланың жеке басын дамыту, денсаулығын нығайту, өз ойын жинақтай біліп, жаңа мәліметтерді тіл байлығы арқылы жеткізе білуге қызығушылықтарын арттыру,

- баланың өздігінен дербес іс-әрекет жасау, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыратын бағдарламалар мазмұнын айқындап, қалыптастыру;
- мектепалды даярлау топтарында 5-7 жастағы балаларды мектепке даярлау;
- білім беру жүйесінің басты мідеті - ұлттық сана және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды калыптастыру;
- педагог-тәрбиешілерді кәсіби шыңдауга қажетті мүмкіндіктерді толық пайдалану.

Тілінен айырылған ұлт дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес, ондай ұлт құрымақ. Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт-тілі болуы қажет. Ұлттың тілі кеми бастауы үлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмасқа тиісті. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жыры, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сары далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі - бәрі көрініп тұр. Осы күнге түркі тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, оралымды, терең тіл жоқ. Түркі балалары күндерде бір күн айналып қазақ тіліне келмекші, қазақ тілін қолданбақшы, күндерде бір күн түркі балаларының тілі біріксе, ол біріккен тілдің негізгісі қазақ тілі болса, сөз жоқ, түркі елінің келешек тарихында қазақ ұлты қадірлі орын алмақшы. Келешектің осылай болуына біздің иманымыз берік - дей келе:

Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен тілім,

Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.

Таралған түркі балаларын бауырына

Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім, - деп елдің болашағымен

астастырып, жаны құрақ ұшып, жүрек жарды сөзін айтқан ұлы Мағжан Жұмабаевтың ойы еңсемізді езер ауыр шындық.

Әрине, тіл - әр ұлттың қасиетті белгісі, анасындай асыл, қымбат, аяулы. Ұлы Мұхтар Әуезов: «Бұл дәуірде өз ана тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам, толық мәнді интеллигент емес деуге болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани, ой тәрбиесінде сыңаржақ азамат болады», - деген ой түйеді. [2]

Тіл - рухани байлықтың қайнар көзі. Неғұрлым тілді терең ұғып, терең түсінсең, соғұрлым қоршаған ортаға деген көзқарасыңның молайып адамдарға ілтипатың өсіп отырады.

1. 1 Мектеп жасына дейінгі баланың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру

Сөйлеу арқылы адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасайды. Сөйлеудің пікірлесу ретіндегі әрекетінің әр түрлі болып келетінін психология ғылымы зерттей отырып, оны үлкен екі топқа, сырттай және іштей сөйлеу деп аталатын топтарға бөліп қарастырады. Сырттай сөйлеудің өзі ауызша (дыбысты тілдің көп және кең тараған түрі) және жазбаша сөйлеу болып бөлінеді. Сөйлеудің бұл түрлері бір-бірімен өзара тығыз диалектикалық байланыста болады. Өйткені сырттай (ауызша, жазбаша) мен іштей сөйлеудің физиологиялық негізі бір - ми жарты шарлары қабығындағы екінші сигнал системасының механизмдері. Олардың негіздерінде сөйлеу органдарының қозғалысынан шығатын кинестетикалық сезімдер жатыр.

Кинестетикалық түйсікке негізделген шығарма мен мазмұндама жазу балалардың қабылдауын дамытып, зейін өрісін кеңейтеді, ойын, тілін дамытады, оларды қиял шыңына шарықтатып тәтті сезімге бөлейді.

Мектепке дейінгі шақ- балалардың сезімдік тәжірибиесінің орасан молайып, ретке келу, қабылдау мен ойлаудың балаға тән түрлерін игеру, қиялдың күшті дамуы, ырықты зейін мен мағыналы естің бастамаларының қалыптасу кезеңі болып табылады. Баланың сөйлеу тілін дамыту, меңгеруге бағытталған материалдарды жинақтай отырып, тілін дамытуды ұйымдастыру, баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыру тіл дамытуда әдіс тәсілді тиімді пайдаланып, оны түрлендіру болып табылады. Мектепке дейінгі балаларды айналамен таныстыру- бұл олардың санасына қоршаған орта, табиғат туралы сезілетін тәжірибесіне негізделген шындық тұрғысындағы білім қалыптастыру және оған деген дұрыс қарым-қатынасқа тәрбиелеу әдісі. Балалар ересектердің әсері арқылы адамгершілік қарым-қатынаста бола отырып, қоршаған ортаны, ондағы табиғат құбылыстарын және басқа өмірді тани біледі. Айналамен таныстыру барысында кеңістік, уақыт, заттың пішіні, түсі, сапасы, салыстырмалы түрде үлкен-кіші, қатты, сұйық деген ұғымдар қалыптасады.
Қоршаған ортамен және оның түрлерімен таныстыра отырып, балалардың ұғымын кеңейтеміз. Әрбір бала өзінің қоршаған ортасын айналадағы құбылыстарды тану арқылы жетіледі.

Қоршаған ортамен таныстыру бойынша балалар өзінің аты-жөнін, жасын, жанұясын, балабақшадағы тәрбиешілермен топтағы балалардың аты-жөніндерін тани бастайды. Балабақшаның ішкі құрылысымен таныстырылып, топ бөлме, асхана, дәрігер бөлмесі, т. б айырмашылықтарын ажырата бастайды. Сонымен қатар әр бөлмеде жұмыс түрін, қажетті құралдарды, олардың аты, не үшін қажет, неден жасағаны, қайда, кімде, қандай, кім не істейді сұрақтарына дұрыс жауап беруге балабақшада өздері немен шұғылданатыны туралы әңгімелейді. [3]

Балалар әсіресе ұлдар жағы қызығы көлік түрлерін, яғни ұшақ, поезд, жеңіл, жүк машина және әртүрлі көліктер түрлерінің міндеттерін жақсы біледі. Балалар бос уақытында жүк машинасымен ойнағанды жақсы көреді.
Қоршаған орта мен тәрбие жұмыстарының түрлері:

Мектепке дейінгі кезеңде бала қоршаған ортаны танып біледі. Баланың табиғатты танып білуге деген қызығушылығын оята отырып, тәрбиеші оны табиғатпен таныстырып қана қоймай, оны түсінуге, өсімдіктер мен құстарды қамқорлауға, табиғаттың сұлулығын сезіне білуге үйретеді.

Қарапайым экологиялық түсініктерді меңгерту баланың қоршаған орта нысандарына танымдық қызығушылығын арттырумен тығыз байланысты болып табылады. Баланың танымдық дамуы ойын барысында, табиғи нысандар мен құбылыстарға бақылау жасау, заттарды қарап, зерттеу кезінде, табиғат пен табиғат күнтізбесіндегі ауа-райы жағдайына бақылау нәтижелерін айта білу, еңбек және басқа да әрекеттер барысында жүзеге асады.

Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңінде баланың танымдық дамуы эмоционалдық қызығушылықпен қабылдайтын қарым-қатынастар арқылы қалыптасады. Әрбір жеке бала - қоршаған ортаны кішкентай зерттеуші. Бала белсенді әрекеттерге талпынады. Сондықтан да серуне арқылы бақылау мен зерттеу сияқты әдістер балаға неғұрлым жақын болып табылады.
Серуен: тәрбиешінің көмегімен атқарылатын іс-әрекет. Серуен барысында балалардың табиғатқа қызығушылықтарын арттыра отырып, бақылыу жұмыстарын өткізу.

Біріншіден, арнайы бағдарлама пайдалану оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау кезінде жеңілдік туғызса, екіншіден, бақылауды жүргізуге қойылатын талаптар сақталады. Балалардың танымдық құзіреттілікті меңгеруі, бақылау нәтижесі тәрбиешінің қолданатын әдіс-тәсілдері мен бақылауды ұйымдастыруына тікелей байланысты болып келеді.

Баланың жан-жақты дамуы, оның қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынасы негізінде қалыптасады. Бұл тұрғыда «Сезіну-танып білу- жүзеге асыру» - осы үш бағытта жұмысты ұйымдастыру қажет. Ол үшін тиімді әдіс-тәсілдерді таңдап алудың маңызы зор.

Табиғи нысанды қабылдау, зерттеу баланы шаршатпауы тиіс. Бала бақылауды жақсы көңіл-күймен бастап, сондай жақсы әсермен аяқталуы тиіс.
Бақылау барысында баланың зейінін шоғырландырып, назарын аудару. Серуен кезінде әр түрлі ойындар арқылы жаңа ойын технологияларын әдіс-тәсілдердін қолдану қажет. Серуен барысында тек бақылап қана қоймай, еңбек шараларын қатар жүргізіп отыру керек. Серуенде ағаштарды, гүлдер мен шөптерді ажыратуға, оларға қамқорлықпен қарауға көңіл аудару керек.

Еңбек барысында- ойын әрекеті арқылы балалардың қызығушылықтарын дамыту қажет. Бала серуен барысында (еңбек, бақылау, ойын) - әрекеттері арқылы, не үйренді, неге қызығушылықтарының артқанын сұрай отырып, қортынды жасау. [4]

Айналадағы әлемді ойын, еңбек, серуен, тәрбиешімен, ересектермен, құрдастарымен қарым - қатынас кезінде танып біледі. Сондай-ақ 3-4 жастағы балалар заттарды түсіне, түріне, көлеміне қарап ажырата бастап, олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің құбылыстары мен заттарын анықтай білуге, адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады және тілі дами түседі. Балалардың бір нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш, еліктегіш, әр нәрсеге үңіле қарайды, көп нәрселер оларды ойлантады. Ойларын айтып жеткізгісі келеді. Сондықтан ересек адамдар бала сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысқан жөн. Себебі сұрағына жауап ала алмаған бала келешекте сұрақ қоюдан жасқаншақтайды және бұл баланың дүниені тануына кері әсер етуі мүмкін.

Балалар әдетте өзіне түсініксіз оқиғалардың, құбылыстардың сырын білуге құмартады. Күн сайын олардың алдында жаңа сұрақтар туады. Сол сұрақтың жауабын олар ересектерден күтеді, өйткені, олардың түсінігінше, ересектердің білмейтіні болмайды. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл - ой еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды. Мектепке дейінгі жас- естің және тілдің қарқынды даму жасы.

Тәрбиеші-педагог баланы ертеңгі болашағына дұрыс көз қараспен қарай отырып, баланың мінез құлқын сана - сезімнің тілінің жетілу дәрежесін, таным үрдістеріні (түйсігі, қабылдауы, ес, ойлау, сөйлеу, зейінінің) дұрыс бағытта қалыптасып дамуын қадағалап, әрі дұрыс бағдар беру керек. Балалардың тілдерінің дамуы, байланыстырып сөйлеу дағдылары -
(зейін, қабылдау, есту, ойлау, есте сақтау) - қабілеттерін қалыптастыру болып табылады.

Зейін дегеніміз- сананың қандай да болса да бір затқа, құбылысқа немесе іс-әрекетке шоғырлануы.

Ойлау дегеніміз-фактілер мен құбылыстарды дерексіздендіру, қорыту, жанама түрде жүргізу, байланыстарын белгілеу және олардың арасындағы қатынастарды анықтау арқылы қол жететін таным процесі.

Ес дегеніміз- есте сақтау және оны кейін жаңғырту болып табылады. Балалардың ақыл-ойын, санасын дамыта отырып өздігінен жұмыс істей білуіне ерекше көңіл бөлеміз. Ақыл -ойдың дамуымен тікелей байланысты. «Сөз ойдың көрінісі: ой бұлдыр болса, сөз де бұлдыр» деп В. Г. Белинский айтқандай, тіл-ойдың сыртқы көрінісі.

Ой дамыту - тіл дамытумен ұштасады. Тіл дамытудың тиімді құралдарының бірі- жаңылпаш, жұмбақ айтқызып, оның шешімін табу. Себебі бұлар баланың дүниетанымын, түсінігін, болжағыштығын, ұғымын кеңейтуде және тілін ұстартып, ойын дамытуда маңызды рөл атқарады. Баланың тілін шыңдай түсіп, асықпай, жатық еркін сөйлеуіне көмектеседі. Жаңылтпаштар балаға затты аңғаруға, ой-өрісін дамытуға игі әсерін тигізеді. Балаға жаңылтпаш үйретіп, оны айтқызу сөзді дұрыс сөйлеуге әдеттендіреді, кейбір тілі келмейтін дыбыстарды анық айтуға жаттығады. Жұмбақтарда аталған нәрсенің сипат белгілеріне қарап, балалар олардың шешімін табады. Балаларды тез ойлауға, шапшаң жауап беруге, алғырлыққа, тапқырлыққа үйретеді.

Тіл дамытудың басқа түрлері сияқты сөздік жұмысы оқу-тәрбие жұмысының барлық саласында жүргізіледі. Балалар сөзді ұғу арқылы сөйлеу үстінде тілін дамытады. Оқу әрекеті барысында сөздік жұмысы балалардың ойын дамытумен тығыз байланысты.

Балаларды асығып-аптықпай немесе тым жайбарақаттыққа салынбай, байсалды сөйлеп үйрену, өзін дұрыс ұстау мәдениетін қалыптастыру. [5]

1. 2 Мектеп жасына дейінгі балалардың мемлекеттік тіл негізін игеруі - жан-жақты мәдениетті тұлға қалыптастырудың басты факторы

Қазақ тілінің сөйлеу ауқымы осы кезде өз дәрежесінде өсіп, кеңейіп келеді. Сөйлеу мәдениетінің түп тамыры ертедегі грек және римдіктердің шешендік өнерінде, одан бері қазақ ойшылдарының, данышпандарының, ақын-жырау, билердің туындыларында жатыр. Тілдік қатынас адамның ойлау, пайымдау, сөйлеу, тыңдау, түсіну, айту, пікірлесу т. б. әрекетіне тікелей қатысты құбылыс.

Олай болса, балабақшада бала өз ана тілін меңгеру барысында тілдік қатынастың аса маңызды түрі - ауызша сөйлеп үйреніп жатады, ол сөздерді байланыстырып айту арқасыңда жүзеге асады. Сөздің байланысты айтылуы баланың тілдік және ақыл-ой дамуымен біртұтас жүреді. Педагогика ғылымының тарихына үңілсек, баланың сөздің байланыстыра сөйлеуін дамытуда Я. А. Коменский, К. Д. Ушинский, СЛ. Рубенштейн, А. М. Леушина, Т. Тихеева және т. б. зерттеулерді бала тілін дамытуға көмек болатын еңбектер.

Бұл тақырып бойынша қазақ тілінде зерттеулер жүргізіп ғалымдар Б. Баймұратова, А. Меңжанова, М. Мұқанов, Х. Т. Дебелбаева және т. б. еңбектері де назар аудартуға тұрарлық.

Баланың сөзді байланыстыра айта білуі дегеніміз - сөз бен сөйлемдердің үлесімділігі ғана емес, бұл бір-бірімен байланыста келген, дұрыс сөйлемдерден құралған бала ойының сыртқы жаңғырығы. Бала сөйлеу барысында, ойлай білуге де үйренеді. Одан баланың ойлау логикасын, өзін қоршаған әлемді қаншалықты қабылдап, сыртқа жаңғырта білуін байқаймыз. Осындай басты-басты мәселелердің дұрыс шешілуін, жүзеге асу жолдарын тексеру мақсатында, балалар психологиясы мен мектепке дейінгі педагогикаға арналған оқулықтарда айтылғандай, баланың байланысты сөзін дамыту жолдарын негізге ала отырып, оның қаншалықты менгерілгенін қадағалап, тәжірибелер жасау әрбір тәрбиеші педагогтың атқарар ісі.

Жалпы бала тілін дамытуда, байланыстырып сөйлеуде қазақ балалар әдебиетінің көркем шығармалар мен ертегілердің, соның ішінде қазақ халқының ұмытылып бара жатқан парасатты, сөзге шешен адамдар туралы естіген, білгендерімізді пайдалансақ нұр үстіне нұр болмақ.

Ұзақ жылдар салып ортаға қайта оралған М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ш. Құдайбердиев және т. б. еңбектерін бала тәрбиесінде жан-жақты пайдалану - бүгінгі күннің парызы.

Жалпы бала тілін дамытуда, байланыстырып сөйлеуде, ертегі, аңыз-әңгімелердің, мақал-мәтел, жаңылтпаштардың асыл сөздер мұрасының әсері әлдеқайда басым.

Тәрбиенің тал бесігі саналатын балабақша табалдырығынан бастау алатын тағылымды тәрбиенің тәлімін бала бойына қалыптастыратын, ұлтжандылық пен адамгершілікті жүрегіне ұялататын ошақтың қазіргі таңда елімізде өмір сүріп жатқан әрбір ұлттың мәдениетінен қанық жас ұрпақ тәрбиелеуде өзіндік орны ерекше. [6]

Қазақстан Республикасы егемендік алған өткен мыңжылдықтағы тарихи оқиғаларды ой елегінен өткізген кезде, әлемдегі этникалық толассыз дау-дамайлар мерзімінде жан-жақты мәдениетті тұлға тәрбиелеу - бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Адамдардың арасындағы түсініспеушілік білімнің жоқтығынан емес, өз халқының және басқа ұлттардың этникалық ерекшеліктерін, тілін, салт-дәстүрін білмегендіктен туындайды.

Кезінде кеңестік жүйенің шырмауынан шыға алмай, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ата-бабамыздың бай мұрасы, асыл қасиеті, салт-дәстүрінен бос қалған, өз ана тілін мүлде ұмытқандардың өкініштен өзегі бүгінге дейін өртенетінін көріп келеміз. Ел тарихында өшпестей дақ, жазылмас дертке айналған мұндай мәңгүрттікке ендігі жерде жол берілмеуін қадағалау, ертеңгі ел болашағы, бүгінгі жас буынды туған елін, жерін, ана тілін жан-тәнімен сүйетін ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу - бүгінгі күннің ең маңызды мәселесі. Сондықтан да, елбасымыз Н. Назарбаев болашақ ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән бере қарап, балабақша жайлы тілге тиек етуі, мектепке дейінгі тәрбие саласындағы мемлекеттік тілді игерте отырып, жан-жақты мәдениетті тұлға қалыптастыру мәселесінің оң шешімін табуға жол ашты. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе», - деп ұлы жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай, тәрбие тал бесіктен басталуы тиіс. Тек отбасында ғана емес, балабақшада тіл үйреніп, халқымыздың салт-дәстүрін бойына сіңіріп, құнарлы бай әдебиетімізден нәр алып, өзге ұлттардың да мол мәдениетін танып өскен әр баланың болашағы жарқын болары сөзсіз.

Біздің балабақшамызда жүргізілетін «Інжу-маржан» сабағының осы мақсатта атқарып жатқан істері де оң нәтижесін беруде. Өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілдегі мекемеге балаларын әкелуі - болашақтағы қазақ тіліне деген үлкен сенімдерін және біздің мұғалімдерге артылған жауапкершілікті білдіреді. Балабақшада баланың балалық шағы жан-жақты білімдерді меңгерумен өтеді. Мұндағы тіл үйрену дегеніміз: сөз бен ереже жаттау емес, сөйлеу түрлерін меңгеру. Есігімізді ашқан кез келген ұлттың баласына тек қазақ тілін үйретіп, қазақтың ұлтық бай мәдениетін, салт-дәстүрін танытып қоймай, әрбір өзге ұлт өкілінің баласын өз ана тілін дәріптеуге, туған халқының мәдениетін, салт-дәстүрін ардақтауға баулудамыз. [7]

Сонымен қатар, «Інжу-маржан» сабағы мынадай мақсат-міндеттерді шешеді:

1. орыс тілді балалармен қатар, өзге ұлт балаларына мемлекеттік тіліміздің

ауызекі сөйлеу түрін үйрету, сөздік қорларын дамыту;

2. сурет мазмұнын түсініп айта білуге үйретіп, қазақ тілінде өлең, тақпақ,

мақал-мәтелді жатқа айтуға үйрету;

3. әр түрлі ертегі қойылымдарында кейіпкерлер рөлін сомдауға баулу;

4. өзге ұлт өкілдері арасында өтетін тіл байқауларына қатысуға ынталандыру;

5. қазақ тілін үйренуді отбасында жалғастыруға жетелеу;

6. қазақтың ұлттық салт-дәстүрімен таныстыра отырып, өзге ұлттың салт-

дәстүрін де дәріптеуге тәрбиелеу;

7. әрбір ұлт мәдениетінің құндылығын бағалай білуге тәрбиелеу;

8. ойлау дағдылары мен есте сақтау қабілеттерін жетілдіре отырып, қазақ

тілінде еркін сөйлеу дәрежесін көтеру;

  1. қазақ тілінде сөйлеуге құштарлыққа, тілді құрметтеуге, Отанға деген

сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ОТБАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА
Ойын кеңістігі арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың мәдени қарым - қатынас дағдыларын дамыту ерекшеліктері
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУГЕ ҮЙРЕТУДЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ІС-ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАР
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуді дамытуда ойындарды қолдану және коммуникативті құзіреттілігін дамыту
Байланысты сөйлеуді дамыту - балалардың сөйлеу тәрбиесінің басты міндеті
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамыту жолдары
Сөздің дыбыстық мәдениеті мен интонация туралы ой – тұжырымдар
Қарым-қатынас мәдениеті
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу дағдыларын дамыту
Қазіргі қоғамдағы ақыл-ой тәрбиесінің жеке тұлғаны тәрбиелеудегі маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz