Баланы асырап алу



1 Ұлды (қызды) қалай асырап алуға болады?
2 Бала асырап алушының бала таңдаудағы міндеттері
3 Кәмелетке толмаған ата.аналардың баласын асырап алу
4 Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын ұл (қыз) балаларды халықаралық асырап алу рәсімі
Қазақстан Республикасының қолданыстағы бала асырап алу рәсіміне сәйкес, Қазақстанның азаматы болып табылатын баланы асырап алуға үміткер шетел азаматтары, ҚР уәкілетті қамқоршы және қорғаншылық органдарына біздің елдің дипломатиялық және консулдық мекемелері арқылы өтініш білдіреді және келесі қажетті құжаттарды ұсынады:
1. баланы асырап алу ниеті туралы жазбаша өтініш;
2. қамқоршылық және қорғаншылық органдары немесе мемлекеттік лицензия негізінде осындай қызмет түрлерін жүзеге асыратын агенттіктер беретін, ықтимал асырап алушылардың жеке адамгершілік саналары туралы есеп;
3. қаржылық жағдайы туралы анықтама;
4. отбасылық жағдайы туралы анықтама;
5. денсаулық жағдайы туралы анықтама.
6. шетел мемлекетінің құзырлы органдарының бала асырап алуға рұқсаттары;
7. асырап алынған балаға шетел мемлекетіне келу және тұрақты тұру рұқсаты.

Қолдаухат материалдарын қарау барысында басқа да құжаттар талап етілуі мүмкін.

Мәселен, асырап алуға кандидаттардың азаматтығы әр түрлі болған жағдайда, олар асырап алуға екі мемлекеттің құзырлы органдарынан қосымша рұқсат, сондай-ақ, ерлі-зайыптылар азаматы болып табылатын елдерге асырап алынған балаға келу және тұру рұқсатын алулары қажет. Сонымен қатар, Қазақстанның азаматы болып табылатын баланы асырап алу және балаға келу мен тұру рұқсаты, бала асырап алу мәселесімен айналысатын мемлекеттік органның кепілдік хаты ретінде орындалатын болса, жеткілікті.

Барлық аталған құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдеріне аударылған және ресмилендірілген немесе апостильденген болулары қажет.

«ҚР азаматы болып табылатын балаларды асырап алуға ниет білдіруші шетел азаматтарын есепке алу туралы» ережеге сәйкес, шетелдердегі Қазақстанның консулдық мекемелерінде шетел азаматтарын арнайы есепке тұрғызу жүргізіледі.

Қолдаухат материалдары қамқоршылық және қорғаншылық органдарға жіберіледі. Ол жерден асырап алу мүмкіндігі туралы жауап алынған кезде, мемлекеттер арасында визалық режім болса, ҚР дипломатиялық немесе консулдық мекемесі шетелдікке елге келу үшін арнайы виза береді. Бұл виза тек Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің немесе оның облыстық департаменттерінің шақыру хаттары негізінде берілуі мүмкін. Визалардың басқа санаттары бойынша (мысалы: туристік, іскерлік) асырап алу мақсатымен Қазақстанға келуге рұқсат етілмейді.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Ұлды (қызды) қалай асырап алуға болады?
Баланы асырап алу үшін ең алдымен қорғау, қамқорлық органының асырап алу
себебі туралы және асырауға берілетін бала мен асырап алушы арасындағы жеке
қарым-қатынастың үйлесімділігі туралы қорытындыға келуі керек. Асырап
алушының міндеттері мен хұқығы соттың қабылдаған шешімімен кейін ғана
күшіне енеді. Сот асырап алу туралы шешім қабылдаған кезден бастап үш күн
ішінде азаматтарды некелестіру органына ізіндеме қағаз жіберу керек.

Мына жағдайда асыраушы бола алмайды:
• Сот іс-әрекетке қабілетсіз немесе қабілеті шектелген деп шешкен тұлға;
• Екі жұптың біреуі сот шешімімен іс-әрекет қабілеті шектелген деп танылған
тұлға;
• Сот арқылы ата-хұқығынан айырылған немесе ата-ана хұқығы шектелген
тұлғалар;
• Заңды міндеттерін орындай алмаған қамқоршы міндеттерінен алыстатылған
тұлғалар;
• Өз кесірінен асырап алу хұқығы сотпен жойылған бұрынғы асырап алушылар;
•  Денсаулығы ата-ана хұқына кедергі болған тұлғалар;
• Некеде жоқ тұлғалар.  
Бала асырап алушының бала таңдаудағы міндеттері:
• Баланың бас жұмысымен таныса отырып, асырауға берілетін баланың
денсаулығы туралы медициналық комиссия берген анықтамамен танысу;
• Анықтамамен танысып, қол қою керек. Тәжірибе барысында асырап алушылардың
көпшілігі баланың денсаулығымен таныспай асырауға алып, кейіннен баланың
да асырап алушының да трагедиялық жағдайға тап болған жәйттер кездесті.
Сондықтан асырап алушы міндетті түрде өз қаржысымен баланы медициналық
тексеруден өткізуі тиіс.
• Асырауға берілетін баланың ата-анасы туралы мәліметпен танысу қажет. Ата-
анасының жоқтығы немес сот шешімімен анықталған ата-ананың шектелген
мүмкіндіктері туралы куәлік болуы керек. Мысалы, анасы ата-ана хұқығынан
айырылып, ал әкесі бостандықта болмаса, ондай баланы әкесінің бостандыққа
шықпайынша әке келісімінсіз асырауға бермейді.
Кәмелетке толмаған ата-аналардың баласын асырап алу
• Жасы кәмілетке толмаған ата-ана баласын асырап алу тек ата-ананың
келісімі арқылы немесе ата-анасы болмаған жағдайда қамқорлыққа алған
адамның немесе қамқорлық органдарының келісімінсіз жүзеге аспайды.
• Баланы асырауға беру туралы рұқсат нотариуспен заңдалған түрде мекеме
жетекшілерінің өтінішінде айтылады. Бұл ата-анасының тұрғылықты мекен-
жайы бойынша немесе ата-анасыз баланы қамқорлыққа алған орган арқылы
жасалады. Немесе бұл туралы асырап алуға байланысты сот барысында
айтылады.
• Ата-ана баласының асырауға беру туралы шешімдерін сот шешімінен бұрын
айта алады
• Ата-ана баланы өзі білетін тұлғаға немесе жалпы асырап алуға рұқсат ете
алады. Мұндай шешім тек бала өмірге келген соң жүзеге асады.
Баланы асырап алу үшін ата – ананың рұқстаты қандай жағдайда қажет емес
Мынадай жағдайда ата-ана келісімінсіз баланы асырап алуға болады:
Сот шешімімен ата-анасы хабарсыз жоғалған деп танылса;
Сот шешімімен іс-әрекетке қабілетсіз деп танылса;
Сотпен ата-ана хұқығынан айырылғандар;
Белгілі себептермен алты ай бойы баланы қараусыз қалдырып, оны асырап, тәрбиелеуден
бас тартқандардың сот шешімімен ата-ана болуға жарамсыз деп танылғандар;
10 жасқа толған баланы асырап алу үшін міндетті түрде баланың келісімі керек, егер
бала бұған дейін асырап алушымен бірге тұрып оны өз ата-анасындай көретін болса,
онда бала келісімі қажетсіз;
некеде жоқ адамдардың бала асырап алушының өтінішімен баланың аты-жөні қалау бойынша
өзгертіледі;
10 жасқа толған баланың аты-жөнін өзгерту асырауға берілген кезде бала келісімімен
жүзеге асады;
асырауға берілген баланың аты-жөнін өзгерту туралы шешім асырап алудағы сот үстінде
көрсетіледі.
Асырауға берілген баланың туған жерін, айын, күнін өзгерту
Баланы асырап алуда оның туған жерін, айын, күнін өзгерту үш ай ішінде өзгертіледі,
мұндай өзгерту тек бір жасқа дейінгі баланы асырап алуда жүзеге асырылады. Туған
жерін, айын, күнін өзгерту туралы сот процесінде айтылады.

 Бала тағдыры бәрімізді терең толғантпай, оған деген қамқорлықты ту етіп
көтермей елдік мұратымызға қол жеткізу қиын. Әсіресе бақытты балалық
шағынан айрылған жетім балалардың тәрбиесіне баса назар аудару қажет.
Еліміздегі 69 балалар үйі мен жетімдерге арналған мектеп интернаттарда
12000-нан астам бала тәрбиеленіп жатыр екен. Ал жетім балаларды шетел
азаматтарынаасырауға беру біздің елімізде кеңінен етек алып келе жатыр.
Елдігіміз бен ұлтымыздың кемел келешегіне бастар ұрпақтың тәрбиесіне
республиканың әрбір азаматы өз үлесін қосып, бір-бір баладан асырап алып
жатса, жетімін жат есікке телміртпеген болар едік. Өйткені Қазақстан
Республикасының азаматтары болып табылатын бұл балаларды өз азаматтарымызға
тәрбиелеуге беру мүмкін болмаған жағдайда ғана шетелдіктердің асырап алуына
рұқсат етіледі.
Бала асырап алу үшін, алдымен бала асырап алуға тілек білдіруші адам бала
асырап алу туралы қорғаншы және қамқоршы органдарға өтініш білдіру қажет,
өйткені ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар тұратын тәрбие, емдеу
және басқа да мекемелердің басшылары баланы отбасы тәрбиесіне беру мүмкін
екендігі белгілі болған күннен бастап жеті күн мерзім ішінде бұл туралы осы
мекеменің тұрған жері бойынша қорғаншы және қамқоршы органдарға хабарлап
отырады.
Қорғаншы және қамқоршы органдар бала асырап алуға өтініш жасаған адамнан
жеке басын куәландыратын құжаттарын, ерлі-зайыптылар болса – неке қию
куәліктерін, асырап алушының (ері не зайыбына қоса) денсаулығы туралы, жеке
басының адамгершілік қасиеттері туралы, отбасы туралы анықтамаларын талап
ете отырып, асырап алушының тұрмыс жағдайы туралы акті мен бала асырап алу
мүмкіншілігі туралы қорытынды жасайды.
Қорғаншы және қамқоршы органдары бала асырап алуға тілек білдірген
азаматтың тапсырған құжаттарын тексеріп, асырап алуға мүмкіншілігі барлығы
расталған жағдай балаларға арналған тәрбие, емдеу және тағы басқа
мекемелерге жолдамалар береді. Жолдама хаттар негізінде аталған
мекемелердің басшылары бала асырап алуға тілек білдіруші адамға балаларды
көруге рұқсат етеді.
Бала асырап алғысы келген адам аталған мекемелерден баланы жеке өзі
таңдап алуына және онымен тікелей жақын араласуына құқылы.
Қазақстан Республикасының Неке және отбасы туралы Заңына сәйкес бала
асырап алуға тілек білдірген адамдардың арызы бойынша сот ерекшк іс жүргізу
тәртібімен қорғаншы және қамқоршы органдардың қатысуымен жүргізеді. Сотта
кәмелетке толмаған баланы, бала асырап алуға тілек білдірген адамның
отбасында оның қалыпты дамуы,тәрбиеленуі және білім алуы үшін жағдайлар
болған жағдайда ғана, асырап алуға жол беріледі. Қорғаншы және қамқоршы
органдар сотқа баланы асырап алудың бала мүдделеріне сай келетіні туралы
қорытынды береді.
Сот органдарына бала алуға тілек білдірген азаматтың жеке басын
куәландыратын құжаттары, ерлі-зайыптылар болса-неке қию куәліктері,
денсаулығы туралы (ері не зайыбына қоса), отбасы туралы, адамгершілік
қасиеттері туралы анықтамалары, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және
тәрбие, емдеу мекемелері мен басқа да мекемелердегі балаларды алу үшін осы
мекемелер басшыларының жазбаша түрдегі келісімі тапсырылады.
Баланың ата-аналары балған жағдайда, ата-аналарын сот белгісіз немесе
хабар-ошарсыз кеткен деп, әрекетке қабілетсіз деп таныған, сот ата-ана
құқықтарынан айырған, ата-анасы баламен бірге тұрмайтын және сот дәлелсіз
деп таныған себептер бойынша алты айдан астам уақыт бойы оны тәрбиелеу мен
асыраудан жалтарып жүрген жағдайларды қоспағанда, ата-аналарының келісімі
талап етіледі. Ата-аналардың келісімі нотариаттық куәландврвлған немесе сот
ісін жүргізу кезінде тікелей білдірілген болуы мүмкін.
Қорғаншылықта, қамқоршылықта тұрған балаларды асырап алу үшін олардың
қорғаншыларының, қамқоршыларының; патронат туралы шарт бойынша тәрбиеленіп
жатқан балаларды асырап алу үшін патронат тәрбиеленің; ата-аналары мен
қорғаншылары, қамқоршылары болмаған жағдайда, қорғаншы және қамқоршы
органның; ерлі-зайыптылардың екіншісінің жазбаша келісімі талап етіледі.
Сондай-ақ, асырап алынатын бала он жасқа толған жағдайда, оның да
келісімі білдіріледі. Егер бала асырап алуға арыз берілгенге дейін бала
асырап алушының үйінде тұрып, оны өзінің ата-анасы деп есептейтін болса,
асырап алуға баланың келісімі бар деп ұғынылады.
Бір дамның ағалы-інілі және апалы-сіңілі болып табылатын немесе өзара
туыстық қатынасы жоқ бірнеше баланы асырап алуына болады. Бірақ, бір-
бірімен некеде тұрмайтын адамдардың бірлесіп бір баланы асырап алуына,
асырап алу балалардың мүдделеріне сай келетін жағдайларды қоспағанда, ағалы-
інілілер мен апалы-сіңлілерді әртүрлі адамдардың асырап алуына жол
берілмейді.
Асырап алушы некеге тұрмаған болса, асырап алынушы баладан кем дегенде он
алты жас үлкен болуы тиіс. Егер асырап алушы өгей әкесі не өгей шешесі
болса, белгіленген жас айырмасы ескерілмейді және қорғаншы және қамқоршы
органдардың сотқа беретін қорытындысы талап етілмейді.
Бала асырап алушылар асырап алынған баланың ата-анасы ретінде жазылып,
өздерінің тегін беріп, балаға басқа ат қоюға құқылы. Бала асырап алушының
өтініші ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бала асырап алудың нормалары
Халықаралық бала асырап алудың түсінігі мен шарттары
Баланы асырап алуға таңдау кезінде асырап алушы
Бала асырап алудың құқықтық сипаты
Бала асырап алудың түсінігі,тәртібі
Қазақстанда баланы асырап алудың құқықтық жолдары
Бала асырап алудың құқықтық салдары
Шетел азаматтарының бала асырап алуды құқықтық реттеу
Баланы қорғалу құқығы
Халықаралық бала асырап алуды құқықтық реттеу
Пәндер