Саясаттану ғылымы


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Саясаттану ғылым және пәні.

1. Саяси ғылымның пәні, зерттеу объектісі, және әдістері.

2. Саясаттанудың міндеттері және қоғамдық ғылымдар жүйесіндеалатын орны.

3. Саяси ғылымның даму тарихы.

1 сұрақ: Саясаттану ғылымы да кәдімгі басқа ғылымдар тәрізді қалыптасудың және дамудың қилы жолдарынан өтті. Барлық қоғамдық ғылымдармен ықпалдасып отырады. Ол антикалық саяси-әлеуметтік әмбебап ойлардан бастау алады да, құқық және мемлекет туралы ғылымдар қалыптасқаннан кейін, саяси философия құрамына еніп, заңдық нормалардың өзегіне айналып, одан әрі өрбіді.

Бұдан соң саясатты оқып үйрену философиялық, әлеуметтік, психологиялық болып бөлінеді. Саясат туралы ғылымды саясаттануорнықтыру процестері жүріп жатқан қазіргі кезде әлеуметтік, құқықтық, тарихи және басқа түрлі көзқарастар мен әрекеттер туындап отыр.

Бүгінгі таңда әлемнің барлық елдерінде саясаттануды ғылым ретінде және оның объектісін пән ретінде зерттеп, оның жолдары мен әдістерін, формасы мен тәсілдерін білуді қолға алып отыр.

Мемлекет пен қоғамның саяси жүйесі - саясаттанудың негізгі зерттеу объектісі. Осы арқылы қоғамның тұтас пішінің анықтаймыз. Сондықтан саясаттану пәні туралы жалаң пайымдауға болмайды. Оған жүктелген міндет әрі күрделі, әрі маңызды, десек те, ғылыми әдебиеттерде ортақ қортындыға келіп, оны пән ретінде мойындаған пікір әлі тиянақталған жоқ. Сондықтан бұл пән туралы түсініктер алуан түрлі зерттеулерде, бағыттарда, саяси мектептерде бір біріне сай келмейтін кездері де жоқ емес.

1-ден . Саясаттануды пән ретінде анықтағанда оның тікелекй мемлекетпен немесе саяси билікпен, қоғамдық немесе саяси партиялар мен ұйымдар проблемаларымен байланыстыра қарайтын шектеулі шеңбердегі көзқарастар.

2-ден. Бұл пәннің еншісіне саяси мәселелер мен саясат туралы білімді ғана жатқызып қоймай, онымен мәндес келетін табиғаты жақын кейбір ғылымдардың мәселелер бірге алып қарастыру, кең талдап, ауқымды әңгіме қозғау болып табылады.

Міне, осыдан келіп «саясаттану пәні» нені зерттейді деген заңды сұрақ өзінен-өзі туындайды. Оған жауап қайтару ұшін ең алдымен «саясаттану» деген сөздің түпкі мағынасын ашып ойлайық. Бұл - гректің «Politike» сөзі мемлекеттік немесе қоғамдық іс, мемлекетті басқару өнері деген мағынаны білдіреді және «Logos» - ілім, саяси ғылым, немесе саясат туралы ілім деген түсінік.

Ендіше саясаттану да өз ерекшеліктерімен сипатталатын дербес бір пән. Оны басқалармен араластырмай-ақ жеке дара оқып үйренуге болады. Мысалы, саяси билік пен оның мәні, жекелей және топтық түрде билік жүргізу, көсемдік пен демократия, биліктің шексіз феномені сияқты күштеу мен зорлық, авторитарлық, мораль түріндегі билік пен құқықтық құндылықтар жайлы айтуға болады. Олар конституциялық құқық оясына кірмейді, онымен ешқандай юриспруденция айналыспайды, бұл оның құзырына жатпайды.

Ендіше саясаттану дегеніміз түрлі сипаттағы қоғамдық-саяси жүйенің даму ерекшеліктерін, бір-біріне қабысып икемделуін, тұрақтылықты қамтамасыз ететін шарттарының себептерін, дау-жаңжалдар мен дағдарыстарды реттеу жолдарын зерттейтін ғылым деп атауға болады.

Саяси оқиғаларды талдап таразылап, шындықты объективті тұрғыда ұғындырып, осы арқылы дағдарыстарды қалыпқа келтіру оның басты мақсаты. Адамдардың ізгі құүндылықтарды тануп алдына, дұрыс бағыттарға бет түзеуіне көмектеседі. Бәрін нақтылыққа негіздеп, неғұрлым қателік жібермеуге ықпал етеді. Бірақ ол адамдарға басқалай бір саяси идеологиялық таңдауларға ұсына алмайды. Мындай нәрсе - үйымдардың, партияның, азаматтардың жекей өз істерін, саяси таңдау жасаудың формасымен түрін, қандай шешімдер қабылдап, әрекер етуді осы саясаттану көрсетіп бере алады. Ғылым ретінде жолдардың немесе бұрыстығын байқауға мүмкіндік тұғызады.

Саясаттағы рационалдық және иррационалдық секілді факторларды да сараптайтын саясаттану. Ол сондай-ақ қазіргі таңда жетістіктерге жету үшін қандай мақсаттарға сүйену қажет, іс қимыл сәйкестігі қалай орындалады, «мүмкін еместіктің» себеп салдары неде, басқа қандай саяси ойда-амалдар керек деген сұрақтарға да жауап қайтарады.

Саясаттану құбылыстарға баға бергенде, ұйғарым жасағанда идеологиядан, идеялардан тыс тұрады және асыра сілтеуден алуақ болады. Қайта мұндай нәрселердің саяси процестерге, саяси институттарға тигізетін кері ықпалдарын зертейді.

Әр түрлі кезендердегі саяси жүйелердің сипаттамасы мен қортындысының нақтылығы басқа болуы да мүмкін. Егер саясаткерлер сол шақтағы жүйелерге қатысты функционалды факторларды көбірек анықтаса, шындықты максималды деңгейде таныса жағыдайдың жалпы пішімы мен ерекшеліктерін ажырататын болса, онда нықтылық бәрінен биік тұрады.

Осыдан болар мемлекеттердің бәрінде өзге ғылымдарға қарағанда саясаттанудың ұлттық ерекшеліктерге бір табаң жоқындығы бар. Себебі оның бақылау байламдары, жасаған қортындылары, алға тартатын ұсыныстары сол мемлекеттің өзіне ғана тән болып келеді. Ал оның басқа мемлекеттерде қолданылуы логикалық сараптау, әлеуметтік эксперименттер, интуиция арқылы тексеріледі. Сондықтан әрбір елде плюралистік түрдегі өзінің саясаттану мектебі болуы мүмкін.

Саяси процестің, саяси қызметтің, саяси биліктің, қандай да болсын объектівті заңдылықтардың, эволюцияның, көзқарастардың өзгеруі мен дамуы - аталған пәннің негізгі нысанасы. Білім деңгейімен ол сайкес саясаттану жалпы және жалқы деп те саналады. Сипатына қарай іріктесек, саяси зерттеу теориялық және эмпирикалық білім деп екіге бөлінеді. Ал бағыты мен мақсатына қарай топтастырсақ, іргелі және қолданбалы деп те жіктеледі.

Саясаттану - жалпы интегралдау ілімі, саяси құбылыстар мен процестердің жиынтығы, қоғамның саяси өмірінің жалпы принциптері мен заңдылықтарының, олардың көріністерінің ерекшеліктері, қоғамдық прогресте субъектілер қызметтерін жүзеге асырудың формалары мен әдістері.

Жеке ғылым ретінде саясаттанудың өзіне тән белгілері болады. Ол - пәндік кескін мен зерттеу объектісі ғана емес, сондай-ақ пәннің өзіндік, сипатын бейнелейтін және оның зерттелуіне айқындай алатын ұғымдары, категориялары мен танымдық заңдары, әдістері, құрылымы.

Саясаттану пәні мына басты бөлімдерден тұрады:

1. Саяси теориялар (олардың пайда болуы, дамуы және қазіргі кездегі қызметі) ;

2. Саяси институттар (конституциялар, аймақтық және жергілікті басқару, көпшілік, әкімшілігі, саяси институттарды салыстырып зерттеу) ;

3. Партиялар мен қоғамдық ұйымдар;

4. Қоғамдық пікір;

5. Халықаралық саясат (халықаралық ұйымдар мен халықаралық құқық)

Саясаттану саяси құбылыстармен өзгерістердің мән-мағнасын түсініп-білу үшін бірталай әдістерді пайдаланады. Әдіс деп зерттеу жүргізуді ұйымдастыру тәсілін айтады. Оларға: салыстырмалы, жүйелеу, социологиялық, тарихи, бихевиористік, нормативтік және т. б. әдістер жатады.

Салыстырмалы әдіс әр түрлі елдердегі саяси құбылыстарды салыстырып, олардың жалпы жақтарын және жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік береді. Ол елдегі саяси тұрақтылық пен саяси шешімдер қабылдауға көмектеседі.

Тарихи тәсіл саяси құбылыстарды мезрзімі жағынан дәйекті, заманына қарай, бұрыңға, қазіргі және болашақтық айқындай отырып қарастырады. Ол әр түрлі саяси оқиғаларады, процестерді, дерекетерді олардың болаған уақыт мезгілін еске ала танып-білуді талап етеді.

Бұрыңғы Кеңес Одағы кезінде ең дұрыс және мызғымас тәсіл болып есептелген диалектикалық-материалистік әдіс болатын. Ол табиғаттағы, қоғамдағы және санадағы құбылыстар мен процестерді бірімен-бірі тығыз байланыста және үздіксіз даму жағдайында болады деп санайды. Бұл әдісті ешкім жоққа шығармайды.

Жоғарыда көрсетілген әдістермен қатар басқа да әдіс-тәсілде бар. Бұлардың бәрі де саяси процестер мен олардан дамуы жөнінде шынайы мағлуматтар алуға тырысады. Сондықтан қазіргі демократиялық мемлекеттерде саясатқа байланысты жағдайларды зерттегенде сан түрлі әдістемелерді пайдаланады.

2 сұрақ. Қай ғылым болмасын белгілі бір функцияларды атқарады. Саясаттануда да ондай міндеттер бар. Оған ең алдымен танымдық (гносеологиялық) қызметтер жатады. Олай дейтініміз саяси білім қоғамдағы оқиғаларды танып-білуге, олардың саяси мәнін түсінуге және болашақты болжауға мүмкіндік береді.

Саясаттану бағалау (аксеологиялық) қызметін атқарады. Ол саяси құрылысқа, институттарға, іс-әрекеттерге және оқиғаларға саяси баға береді.

Демократиялық мемлекеттерде саясаттану саяси әлеуметтену міндетін де атқарады. Ол азаматтықты, халықтың демократиялық саяси мәдениеттілігін қалыптастырады.

Саясаттану саяси өмірді жетілдіру міндетінде атқарады. Бұл ғылым саяси институттар мен қатынастарда, басқаруда реформалдар жасап, оларды қайта қарауда теориялық негіз болады. Оның көмегімен заң шығарушы және атқарушы органдар қабылдайтын құқықтық жарғылар мен саяси-басқарушылық шешімдер алдын ала сарапқа салынып, зерттеледі, қоғамда немесе оның жеке аймақтарында қалыптасып жатқан нақтылы жағдайлар саяси тұрғыдан талданауы. Солардың негізінде ол кейбір саяси институттардың жойылып, оның орнына бүгінгі талапқа сай басқалары келу керектігін негіздейді. Мемлекеттік басқарудың қолайлы үлгілерін іздестіреді, әлеуметтік-саяси шиеленістерді ауртпалықсыз пішу жолдары мен әдістерін көрсетеді.

Саясаттану болжау қызыметінде атқарады. Саяси зерттеулердің құндылығы саяси процестердің үрдісін ойнытпай бейнелеумен ғана тынбайды. Ол белгілі бір саяси жағдайларда алдынғы қатарлы, азық саяси өзгерістер жасауға бағытталған ғылыми негізделген болжаумен аяқталуы тиіс. Саяси ғылымның түпқіліқті мақсаты да сонда.

Саясаттану басқа қоғамдық ғылымдармен тығыз байланыста дамиды. Себебі олардың бәрінің зерттеу объектісі. Ортақ-Қоғамдық өмір. Олар бірталай ортақ ұғымдарды да пайдаланады. Бірақ та әрбір қоғамтану ғылымның өзімдіқ пәні бар. Сондықтан саясаттанудың басқа гуманитарлық ғылымдар арасындағы ерекшелігін, алатын орнын анықтап алған ләзім. Саясаттану ең алдымен философиямен тығыз байланысты. Философия-табиғат, қоғам және таным дамуының неғұрлым ортақ заңдылықтары ғылым.

Ол тіршіліктің түпкілікті себептерін, рухани байлықтардың негізінде жатқанның және т. с. ашып дүниеге тұтас көзқарас тұғызады. Сондықтан басқа пәндер сияқты саясаттануда жалпы әдістемелік ғылым болып келеді. Ол саясатты философиялық тұрғыдан дәлелдейді. Саяси құбылыстар мен процестерді талдауға дүниетанымдық бағдар береді. Саясаттану өмірдің жалпы жақтарын қарастырғанда философия тұжырымдамаларына сүйенеді, ал саясаттың нақтылы жақтарына келгенде философия саясаттануға жүгінеді.

Саясаттану экономикалық теориямен өзара байланысты. Саяси экономия саяси процестерде экономикалық тұрғыдан дәлемдей отырып, ол процестердің негізінде әр түрлі әлеуметтік топтардың өз мүдделерін жүзеге асыру үшін күресіп көз жеткізеді. Саясаттану экономикалық саясатты дайындау және іске асыру процестерді мемлекеттік реттеу принциптерін ғылыми түрде негіздейді.

Тарих болса жүйелі, дәйекті түрде оқиғанның болған уақытына байланысты саяси институттар мен идеялардың дамуы туралы деректерді жинап сүреттейді.

Көрсетілген ғылымдармен қатар саясаттану басқа да адамгершілік ғылымдарымен байланысты. Солай болса тұра саясаттанудың өзіне тән зерттеу объектісі бар. Оған қоғамның саяси сапасы, ондағы болып жатқан барлық саяси құбылыстар процестер жатады.

Қазіргі демократиялық мемлекеттерде саяси оқу институттарының қызмет негізгі адамгершілік құндылықтарды, әсіресе, әрбір тұлғаның еркіндігі мен абыройын, оның табиғи, ажырамас құқықтарын мойындап, қадірлеуге негізделеді.

3 сұрақ . А дамзат қоғамы сияқты, ғылым мен білім, мәдениет пен әдебиет біркелкі дами қоймайды. Олардың шарықтап шалкитын, құлдырап түсетін де кезендері болады. Тарихта белгілі ең алғаш өрелі өркениеттіліктін ошағы болып, кұлпырап гүлдену Ежелгі Шығыс - Мысар /Египет/, Вавилон /Ирак/, Үндістан,, Қытай, Парсы / Иран/ елдеріне келеді. XV ғасырға дейін Шығыс мәдениеті Батыс мәдениетінен шоктығы көш жоғары болып, өркениеттіліктін үлгісін көрсеті. Мұнда ең алдымен математика, геометрия, астрономия, медицина сияқты нақты ғылымдар басым дамыды. Шығыс елдерінде жоғарғы билік шектелместен монархтың /халиф, хан, патша, султан, король, император және и т. б. / қолында болды. «Жерге мемлекет иелік етеді, ал мемлекет бүкіл халықтың игілігі үшін қызмет етеді» деген көзқарас қалыптасты.

Батыс елдерінің ішінде саяси идеялар Ежелгі гректерде қатты дамылды. Онда қоғам Шығыс елдерімен салыстырғанда көп жағдайда қарама-қарсы өрістеді. Греция ол кезде саяси бытыранқы күн ел еді. Саяси ұйым түрін жеке мемлекет болып саналған қалалар /полистер/ құрды. Патшалық өкіметтің орнына аристократиялық және құл иеленушілік демократия орын алды. Билеу турі сан алуан болатын және жиі ауысып отырды. Саяси өмір кызу өрбеді, ол саяси сана теориясының терең дамуына әкелді. Сондықтан олардың саяси санасы мифтан теорияға тез ауысты.

Көне гректерде саяси ғылымға мол мұра қалдырған ойшылдар көп. Бірақ біз солардың ішінде ең көрнекті екі өкіліне - Платон мен Аристотель ге токталамыз.

Платонның екі жүздей еңбектері бар. Олардың ішінде біздің ғылымызға тікелей қатысы бар шығармалары «Мемлекет», «Саясатшы», «Заңдар», «Софист», «Парменид» және т. б.

Платонның ойынша, адамдар қажеттіліктерін жеке-дара өтей алмайды. Олар өмір сұру үшін тамак, киім өндірулері, үй салулары және т. т. жасаулары керек. Біреулері егіншілікпен, екіншілері тігіншілікпен, үшіншілері кұрылысшылықпен, төртіншілері етікшілікпен және т. б. айнасылады. Сөтіп, олардың бәрі бірігіп қана қажеттіліктерін өтейді. Осы бірігудің арқасында қоғам, мемлекет пайда болады. Мемлекет адамдарды алаламай, байына да, кедейіне де, азына да, көбіне де қарамай - бәріне бірдей әділ қызмет етуі керек. Бірақ бұдан Платон адамдардың бәрін тендестірген екен деген ой тумауы керек.

Платон қоғамдық меншікті қолдап, жеке меншікке қарсы тұрды. Өйткені қоғамдағы кикілжіндерді, дау-жанжал, қайшылықтарды тудыратын жеке меншік деп санады.

Платон мемлекеттік құрлысты 5 тұрге бөлді: аристократия, тимократия, олигархия, демократия және тирания. Бұлардың ішінде ең жақсысына аристократиялық мемлекетті жатқызды. Онда ақыл-естелік, парасаттылық билейді, оның принциптері - адамгершілік, абырой, ар-намыс деп санады.

Ертедегі гректердің саяси ой-пікірлерін одан әрі дамытып, фәлсафасын шыңына жеткізген ұлы ойшыл Аристотель /б. з. б. 384 - 322 ж. ж. / болды. Ол 17 жасында аты шыққан Платон академиясын іздеп келіп оқуға тұседі. Оны үздік бітірген соң 20 жыл бойы сонда ұстаздық етті.

Саясаттануға қатысты «Саясат», «Афиналық полития», «Этика», «Риторика» деген еңбектері бар.

Аристотель саясатқа кең мағына берді. Оған этиканы да, экономиканы да енгізді. Саясатты адам мен мемлекеттің жоғарғы игілігі, оның мақсаты - адамды, мемлекетті жақсы тұрмысқа, молшылыққа, бақытқа жеткізу деп білді. Сөтіп тұра, ол құл иеленушілікті қолдады, құлдар мен ерікті кедейлерге саяси құқық бергісі келмеді.

Аристотельдің ойынша, мемлекет - қауымның дамығаң түрі, ал кауым - отбасының дамыған түрі. Мемлекетке адамдар белгілі бір игілікке жету үшін бірігеді. Ол мемлектті дұрыс және бұрыс түрлерге бөлді. Дұрыс түріне монархияны, аристократияны және политияны /Аристотель дәуіріндегі Грециядағы мемлекеттік құрылыс/ жатқызды. Ал тирания, олигархия мен демократияны мемлекеттің бұрыс түрі деп санады. Мемлекттің дұрыс түрінде әкімдер халық, ел пайдасын ойлайды, билік қоғамға қызмет етеді. Ал бұрыс түрінде олар өз бастарының пайдасын ойлайтын көрінеді.

Цицерон мүліктік теңдік идеясына қарсы болды, қоғамдық саяси қатынастарда әлеуметтік жиктелу мен теңсіздікті әділеттілік деп санады.

Саяси ой тарихында орта ғасырлардағы феодалдық қоғамның орны ерекше. Батыс Еуропада феодализм мың жылдан артыққа созылды /V - XVI ғасырлар/. Бұл дәуірде рухани өмірде дін түгелдей үстедік етті. Христиан діні феодалдық қоғам көзқарасының өзегі, біртұтас христиан мәдениетінің негізі болды.

Орта ғасырдағы Батыс Еуропаның саясат тарихында римдік католиктік ширкеудін, папалықтың және ақсүйек феодалдартың арасында қоғамдағы басқарушы рөл үшін киян-кескі қүрес болып тұрды. Үкімет басында дін иелері ме әлде ақсүйектер болуы керек пе деген сұрақ сол кездегі саяси білімнің негізгі мәселелерінің бірі болды.

Бұл заманда христиан дініне көп еңбек сіңірген Аврелий Августин /354 - 430/ еді. Ол христиан фәлсафасының негізгі қағидаларын зерттеп, жетілдірді. Оның саяси көзқарастары «Қудай қаласы туралы» деген еңбегінде баяндалған. Августин барлық әлеуметтік, мемлекеттік және құқықтық мекемелер мен заңдарды адамның қүнәсінің нәжесі деп санады. Оның ойынша, құдай адамға еріктің еркіндігін береді, яғни ол өз бетімен /күнәhар болып/ немесе құдай жолымен өмір сүруге мүмкіндігі бар.

Христиан дінінің саяси теориясын жасап, шыңына жетгізген монах Фома Аквинский /1225 - 1274/ болды. Оның саяси көзқарастары «Билеушілердің басқаруы туралы», «теологияның жиынтығы» деген еңбектерінде қаралды

Аквинский өз шығармаларында Аристотельдің көзқарастарын католик дінінің қағидаларына бейімдегісі келді. Атап айтқанда, ол Аристотельдің адам қоғамдық және саяси тірі жәндік деген пікірін пайдаланды. Жалғыз адам өз мұқтаждығын, қажеттілігін жеке-дара қанағаттандыра алмайды. Сондықтан мемлекет болып бірігіп өмір сүру адамдардың пешенесіне әуел бастан жазылған деп түсіндірді. Мемлекттік биліктің мақсаты - «ортақ игілікке» жету лайықты, ақылға сыйымды өмір сүруге жағдай жасау. Ол үшін феодалдық-сословиелік жіктелудің сақталуы шарт. Жоғарғы сословиеге бәрі бағынуы тиіс.

Осыған ұқсас саяси көзқарас мұсылман дінінде де орын алды. Ислам саяси билік дін басшыларының қолында болуын көздеді. Құранның талабы бойынша қай мұсылман болмасын Аллаға, оның өкіліне билік иесіне бағынуы тиіс.

Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті өкілі буржуазиялық саяси ғылымның негізін салушы Никколо Макиавелли /1469 - 1527/ болды. Оның атақты шығармалары «Патша», «Тит Ливийдің бірінші онкүндігі жөнінде ойлар», «Флоренцияның тарихы».

Макиавелли діні көзқарасқа қарсы болды. Шындықтың белгісі сенім емес, тәжірибе деп білді. Ол мемлекет деген атауды ғылымға, әдебиетке бірінші боп кіргізді. Мемлекетті билік жүргізуші мен оған бағыныштылардың қарым-қатынасы деп ұқты. Ол республикалық мемлекетті, еркіндікті, тендікті қалады. Мемлекет ерікті болса ғана қуатты, абыройлы бола алады. Патша рақымсыз, саран, опасыз, қаhар болмай, қайырымды, адал, қамқоршыл, мырза болуға тырысуы керек. Бірақ елдің бірлігі мен қол астындағы адамдардың берілгендігіне келгенде, Макиавелли әділдік пен адамгершілік емес, алға қойған саяси мақсат тұрғысынан қарады. Ол мақсатқа жету үшін амал, айланың қай түрін болса да қолдануға кеңес берді. Мемлекттің басын қосып, жаңарту үшін сөзге түсінбейтін кертартпалармен күресте жауыздық пен күшті пайдалауға болады. Қаталдық өзіңе бағыныштылардың пайдасы үшін бір-ақ рет қолданылуы керек. Бірақ Макиавеллидің бұл ескертпесі көп жағдайда еске алынбай, «мақсат әдіс, тәсілді ақтайды» деген қағида кейін макиавеллизм деген атпен тарап кетті. Қайбір жауыз патшалар Макиавелли де қаталдыдықты қолдаған деп, өздерінің қара ниеттерін ақтағылары келеді.

XVII ғасырда буржуазиялық революция Еуропа көлемінде ең бірінші Англияда болды. Ол феодализмге күйрете соққы беріп, капиталистік қатынастардың тез дамуына жол ашты. Бұл дәуірідің көрнекті өкілдерінің бірі ағылшын ойшылы Томас Гоббс /1588 - 1679/ еді. Оның ойынша, мемлекет қоғамдық келісімнің негізінде; жалпыға бірдей бейбіт өмір мен қауіпсіздікті сақтау үшін пайда болды. Қоғамдық келісім бойынша патшаға /не мемлекет ұйымдарына/ жеке адамдардың құқы тапсырылады. Адамдар өз тілектері мен еріктерін шектеп, барлық билікті мемлекетке берді. Ол монархиялық мемлектті ұнатты.

Франциядағы буржуазиялық революцияның көрнекті өкілі Шарль Луи Монтескье /1689 - 1775/ әр халықтың адамгершілік бейнесін, оның заңдарының айырмашылығын, қоғамның дамуын географиялық ортаға /ауа райына, топырағына, жер бедеріне, көлеміне, т. б. / байланыстырды. Бостандық - заң неге ерік берсе, соны істеу. Саяси бостандық экономиканың, өндірістің, сау-даның дамуына әсер етеді. Ол сөз, баспасөз, ұждан бостандығын жақтады. Мемлекет азаматтарды өмірге қажетті қаражаттармен қамтамасыз етуге міндетті. Бостандықты баянды ету мақсатында және төңкерістерге жол бермеу үшін билікті заң шығаратын, атқарушы және сот билігі етіп бөлу керек деді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси зерттеулердің негізгі әдістері
САЯСАТТАНУ, ОНЫҢ ПӘНІ, ӘДІСІ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ
Саясаттану пәні - әрі ғылым, әрі өнер ретінде
Саясаттану ғылымы туралы
Саясат тарыхы
Саяси ғылымның пайда болуы
Саясаттану ғылымы туралы жалпы түсінік
Саясат тарихы жайлы мәлімет
Әлеуметтанудың объектісі мен пәні
Саясаттану ғылымы әлеуметтік - гуманитарлық ғылымдар жүйесінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz