Өндіріс факторларының арақатынасы теориясы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Өндіріс факторларының арақатынасы теориясы

XIX ғасырда еңбек теориясы әр түрлі өндіріс факторлар теорияларымен ығыстырыла бастағаннан бері, классикалық мектептің негізін қалаушылардың ізбасарлары - экономист-неоклассиктер халықаралық сауданы да өндіріс факторлар теориясы арқылы түсіндіре бастады. Бірақ халықаралық сауда теориясында шынайы жаңалықты тек XX ғ. 20-жылдары ортасында экономист-неоклассиктер - швед экономисі Эли Хекшер мен оның шәкірті Бертил Олин енгізді. Ол кейін Хекшер-Олин теориясы деп аталған, халықаралық сауданың тізбектелген теориясын қурды.

Өндіріс факторларының арақатынасы өндіріс факторларына, рынок, өндіріс және тауарлар сипатына қатысты көптеген жорамалдарға негізделген. Оның басым бөлігі абсолютті және салыстырмалы теориялардағы жорамалдарға ұқсас. Айырмашылығы мынада: өндіріс факторларының арақатынасы, бүрынғыдай, тек қана 2 елдің (1 ел және 2 ел) және тек қана 2 таңардың (бірі -еңбекті, екіншісі - капиталды көп қажет етеді), бір емес екі өндіріс факторының (еңбек -I, капитал К) емір сұруінен пайда болады. Одан кейін әрбір ел түрлі дәрежеде өндіріс факторларына ие болды. Еңбек теориясы бұл жерде жоққа шығарылмайды, қайта қүнды қалыптастыруға еңбектен басқа да өндірістің факторлары қатысады деген оймен толықтырылады. Елдердің бір тауарға мамандануы мүмкін емес және елдердің технологиялары бірдей деп алынған. Сөйтіп, өндіріс факторларының арақатынасы теориясының маңызды шарттары болып жекелеген тауарлардың түрлі фактор интенсивтілігі ( бір тауар - еңбекті, екіншісі - капиталды көп қажет етеді) және фактор толықтылығы ( бір елде салыстырмалы түрде капитал көп, екіншісінде - аз) енді.

Факторинтенсивтілік дегеніміз - белгілі бір тауар өндіріс

шығынындағы әр түрлі факторлардың салыстырмалы шығындары.

Егерде белгілі бір тауардың бір данасын өндіруге екінші тауарға

қарағанда капитал көбірек жүмсалатын болса, бірінші тауар капитал

сыйымды болып саналады.

Факггортолықтылыққа - елдің өндіріс факторларымен салыстыр-малы қамтамасыз етілгендігін анықтайтын көрсеткіш жатады.

Фактортолықтылық екі әдіспен анықталады: әрбір фактордың салыстырмалы бағасы және өндіріс факторларының абсолютті көрсеткіші. 2-і ел капиталмен салыстырмалы түрде қамтамасыз етілген, өйткені онда капитал бағасы мен еңбек бағасының арақатынасы 1-і елге қарағанда төмен, яғни 2-і елде 1-і елге қарағанда капитал арзанырақ болды.

Әдетте, капиталдың бағасы - пайыз қойылымы, ал еңбектің бағасы - жалақы болып саналады. Әңгіме, факторинтенсивтілігін-дегідей, ендірістің абсолютті емес, салыстырмалы көрсеткіштері туралы болып отыр.

Егер фактортолықтылықты ендіріс факторларының абсолютті көлемі арқылы анықтасақ, онда 2-і елдегі капиталдың (Т) жалпы көлемінің жүмыс күшінің жалпы келеміне қатынасы 1-і елдегіге қарағанда жоғары болатын жағдайда, 2-і ел капиталға бай болып

есептеледі.

Фактортолықтылықтың бірінші анықтамасы рынок тепе-теңдігінің

Сөйтіп, айтылып жатқан тәсілге сәйкес, 2-і елдің капиталы көп, ал 2-і тауар капиталды көп қажет ететін болғандықтан, 2-і ел 1-і елге қарағанда 2-і тауарды салыстырмалы түрде көп шығара апады. Ал 1-і елдің еңбек кұші көп, ал 1-і тауар еңбекті көп қажет еткендіктен, 1-і ел 2-і елге қарағанда 1-і тауарды көбірек шығара алады. Сондыктан екі елдін 1-і және 2-і тауар бойынша өндірістік мүмкіндіктер шекарасы графигі 2. 2 суретінде көрсетілген. Графиктен көріп отырғанымыздай, 1-і елдін еңбек күші көп, ал 1-і тауар еңбекті көп қажет еткендіктен өндірістік мүмкіндіктер шекарасы 1 -і тауар келденең осьқа жақын орналасады. Бұл жағдай осы 2-і ел мен 2-1 тауар үшін де әділ болады. 2-і тауардың өндірістік мүмкіндіктер шекарасы тік осіне жақын орналасады.

2. 5. Өндірістік факторлармен қамтамасыз етілудің әр тгрліпігі

Халықаралық сауданың негізі ретінде өндірістік факторлармен түрлі қамтамасыз етілу теориясын бір-бірімен байланысқан екі теорема: Хекшер-Олин және өндіріс факторларына бағаның теңесу теориясы арқылы көрсетуге болады.

Хекшер-Олин теоремасы бойынша - әрбір ел салыстырмалы мол мөлшердегі өндірістік факторды қолданып өндірген тауарды экспортқа шығарып, өндіру үшін ендірістік факгорлар жетіспеушілігі байқалған тауарларды импорттайды.

Жоғарыда көрсетілген арақатынастарға сүйеніп, 1-і ел салыстырмалы түрде енбекті көп қажет ететін 1-і тауарды өндіреді және экспорттайды, ал 2-і ел капитал молдығына байланысты көп капиталды қажет ететін 2-і тауарды өндіріп, экспорттайды.

Сөйтіп, Хекшер-Олин теориясы классикалық салыстырмалы артықшылықтар теориясынан бір қадам алға басты. Ол сауданың салыстырмалы артықшылықтарға негізделгенін мойындап қана қоймай, оның себебі - елдердің өндірістік факторлармен әр түрлі деңгейде қамтамасыз етілгендігінен екенін анықтады. Тауарларға әр түрлі елдердегі салыстырмалы бағалар айырмашылығы және олардың арасындағы сауда әр елдің өндіріс факторларымен әр түрлі деңгейде қамтамасыз етілгендігімен түсіндіріледі.

Теореманы керсету мен дәлелдеу үшін графиктерге зер салайық ( 2. 3 сурет, а, б) . Жасалған шарттарға сәйкес теорема екі елде де тұтынушылар талғамы бірдей немесе үқсас деп алынды.

Бірақ теорияда әрбір ел түтынушылар талғамы қатты ерек-шеленіп, талғаусыздық қисықтары ешқашан жанаспайтын жағдай болуы мүмкін. Ол кезде Хекшер-Олин теоремасы іске аспайды. Ол екі елдегі түтынушылар талғамы абсолютті бірдей болып, бір талғаусыздық қисығына жатуын талап етпейді. Ол тек бүл талғам-дардың қатты өзгешеленбей бір-бірінен толық оңашаланып, өзара саудаға ынтасы жойылып қалмауын болжамдайды. Сонда да түтынушылар талғамы екі елде бірдей болып, түтынушыға бірдей пайдалылық деңгейін қамтамасыз ететін екі тауардың тапғаусыздық қисығын аныктайтын арақатынасы екі елге де бірдей болады деп болжам жасайық (2. 3 сурет) .

Ол 1-і елдін А нүктесінде, 2-і елдің А' нүктесінде өндірістік МУМКІНДІК қисығымен шектеседі. Сөйтіп I талғаусыздық қисығы және А, А' нүктелері әрбір елдің сауда жоқ кезіндегі максималды мүмкін өндіріс пен тұтыну көлемдерін көрсетеді. Ал жанама тік сызықтар 1-і және 2-1 елдегі 1-і, 2-і тауардың салыстырмалы бағаларын анықтайды, өйткені, графиктен көріп отырғанымыздай, Р Р' болып, 1-і ел 1-і тауарды ендіруде екінші ел 2-і тауарды ендіруде салыстырмалы артықшылыққа ие болады.

Сауданы дамыту барысында, еңбек күші мол 1-і ел еңбекті көп қажет ететін 1-і тауарға, ал капиталы мол 2-і ел - капиталды көп қажет ететін 2-і тауарға мамаиданады. (2. 3 сурет) . Бұл жерде өндіру мен түтыну көлемдерін көрсететін нүктелер, 1-і елде А дан В-ға, 2-і елде А' дан В'-ға жылжиды. Елдердіч мамандануы елдер салыстырмалы әлемдік баға Р-ның жалпы денгейіне жеткенге дейін жүреді. Салыстырмалы әлемдік баға Р екі елдін сауда жүргенге дейінгі ішкі салыстрмалы бағалары арасында орналасады Р<Рт<Р'. График жүзінде ол екі елдің өндірістік мүмкіндіктер шекараларына және жана талғаусыздық қысығы П жанама болады да, ол талғаусыздык қисығы 1-ші жоғары тұрған түтынудың жалпы есуін көрсетеді. 1-і ел 1-і тауарды ВС келемінде экспорттап, СЕ келемінде 2-і елдің 2-і тауарын импорттайды да, УСЫНЫС пен сүраныстың тендігі Б нүктесінде болады. 2-і ел В'С' көлемінде 2-і тауарды экспорттап, С'Е' келемінде 1-і елдің 1-і тауарын импорттап, Е нүктесінде үсыныс пен сұраныстың тепе-теңдігіне келеді. Осыдан көріп отырғанымыздай, 1-і елдің 1-і тауардың экспорты 2-і ел импортымен тенеседі.

Е нүктесі А нүктесімен салыстырғанда "өзінің" 1-і тауарды азырақ, ал "бөтен" 2-і тауарды көбірек түтынуды көрсеткенге қарамастан, сауда нәтижесінде оның жаңа талғаусыздық қисығы жоғары көтеріліп, тұтынудың үлғайғанын көрсетеді. Сондай жағдай екінші елде де қалыптасады. Екі ел де саудадан пайда тапты. Өйткені талғамсыздық қисықтары (П) графикте жоғары көтеріледі. Сөйтіп ендіріс факторларының салыстырмалы қүңцылығыңцағы айырмашылық, сауда жоқ жағдайдағы салыстырмалы бағаларын-дағы айырмашылықтың себебі болады. Ол өз кезегінде сыртқы сауданың алғышарты болады. Сыртқы сауда басталысымен мемлекет өндіру үшін салыстырмалы мол өндіріс факторлы факторинтенсивті тауарларды экспорттап, ендіріс факторлы салыстырмалы жетіспеушілігі бар тауарларды импорттайды. Еңбек күші мол 1-і елдің еңбекті көп қажет ететін 1-і тауарды экспорттауы мен капиталы мол 2-і елдің капиталды кеп қажет ететін 2-і тауарды импорттауы нәтижесінде екі ел де екі тауардың тұтынуының жоғарылауын қамтамасыз етті.

Осы түтынудың есуі екі елде де мол ендіріс факторлар иелеріне бағытталып, саудадан пайда алуына әкелді. Ал жетіспейтін факторлар иелері ез елдерінде үтылысқа ие болды.

2. 6. Өндіріс факторларына бағалардың теңестірілуі

Сауда нәтижесінде саудаланатын тауарлардың салыстырмалы бағаларының жақындау тенденциясы байқалады. Бұл жерде мынандай сұрақ туындайды: егер де еңбекті көп қажет ететін тауардың бағасы өзгерсе, осы тауарды өндіретін еңбек күші мол елде еңбектің бағасы езгере ме? Егер сауда нәтижесінде капиталы мол елдегі капиталды көп қажет ететін тауар бағасы өзгерсе, капитал бағасы қалай езгереді?

Бұл сүраққа американ экономисі Пол Самуэльсон жауап берді. Хекшер-Олин шықк. ан дәлелденген теоремасы өндіріс факторлар бағасының теңелу теоремасы немесе Хекшер-Олин-Самуэльсон теоремасы деп аталады.

Өндіріс факторларына бағалардын тенестірілу теоремасы (Хекшер-Олин-Самузльсон теооемасы) - халықаралық сауда саудаласатын елдердегі өндірістің гомогенді факторларына абсо-лютті және салыстырмалы бағалардың теңестірілуіне алып келеді.

Қарапайым сөзбен айтқанда, сауда нәтижесінде тауарлардың салыстырмалы бағаларының теңестірілуі тауарды өндіруге қажетті өндіріс факторларының салыстырмалы бағаларының теңестірілуіне әкеледі. Капитал гомогендігі дегеніміз - капиталдың бірдей енімділігімен, қатерлігімен, тәуекелдігімен сипатталып, ал еңбек гомогендігі - еңбектіц бірдей дайындық, білім және өнімділік деңгейімен сипатталады. Берілген теореманың әділдігі Хекшер-Олин берілген шарттарын толық үстануды қажет етеді.

Сөйтіп, сауда нәтижесінде, жалақысы төмен болған 1-і елде ол жоғарылайды, ал жалақысы жоғары болған 2-і елде ол темендейді. Соған сәйкес салыстырмалы пайыздың қойылымы жоғары болған 1-і елде ол төмендейді, 2-і елде ол жорарлайды. Сондықтан елдер арасында факторлар бағасының айырмашылығы қысқарады. Халықаралық тауарлар саудасы өзінің өндіріс фактор құнына кері әсерімен бағалардың теңелуінін орнын басады. Ол өндіріс факторлар ауысуы нәтижесінде жұзеге асырылуы мүмкін еді, бірақ жасалған шарттарға сәйкес өндіріс факторлары ауыса алмайды. Теория жұзінде халықаралық сауда өндіріс факторларының салыс-тырмалы бағаларындағы айырмашылық болғанға дейін дами береді. Егер де елдер арасында салыстырмалы бағалар үйлескен болса, өндіріс факторларының салыстырмалы бағалары да үйлестірілген болады.

2. 7. Леонтьев парадоксы

Хекшер-Олин-Самуэльсон қорытындыларын қолдамаған атақты зерттеуді 1953 жылы американдық орыс Василий Леоньтев жариялады.

Леонтьев Хекшер-Олин теориясының шарттары іс жұзінде сақталмайтындығын керсетті. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ ең бай және капиталы мол, басқа мемлекеттермен салыстырғанда еңбек жалақысы жоғары ел болып саналған, сондықтан теорияға сәйкес, ол капиталды көп қажет ететін тауар-ларды экспорттауы керек еді. Бұл гипотезаны тексеру үшін, Леонтьев қүны 1 млн. доллар болатын экспорт тауары мен онымен бәсеке-лесетін жергілікті тауарларды өндіруге қажетті еңбек күші мен капитал мөлшерін есептеді. Әрбір өндірістің саласында бір өнім данасына еңбек пен капитал шығынын санады. Ол тек автомобиль сияқты дайын өніммен шектелмей, аралық енімдерге (болат. әйнек, резина) де сәйкес есептеулерді жүргізді. Одан кейін АҚШ-ң 1947 жылғы экспорт құрылымын пайдаланып, 1 млн. долларға тең экспорт тауарларын өндіруге қажетті капитал мен еңбек шығындарының арақатынасын есептеді. АҚШ-та өндірілмейтін тауарларды өндіруге қажетті капитал мен еңбек шығындарының арақатынасын есептеді.

Іс жүзінде ол бір американдық импортты (К/Ц™ өндіруге қажетті енбек пен капитал арақатынасын, бір американдық экспорт (КЛ-) Х өндіруге қажетті еңбек пен капитап арақатынасымен сапыстырды. Осы "Леонтьев статистикасы" деп аталған арақатынасқа сәйкес, егер (К/Ц^ДК/Ц^І мемлекет капиталы мол болып, орындалса саналады. Мемлекет (К/Ц^ДК/Ц^І орындалса еңбек күші мол болып саналады.

Леонтьев, Хекшер-Олин теориясына сәйкес американдық экспорттық тауарлар импорттың орнын басатын американдық тауарларға қарағанда, бір жүмысшыға көп капиталды қажет ететіндігін көрсетеді деп кгткен еді. Алынған нәтиже оған қарама-қарсы болды, американдық импорттың капитал сыйымдылығы экспорттан 30 % асып түсіп, ол АҚШ капиталы мол ел емесі екендігін білдіріп, керісінше еңбек күші мол ел екенін көрсетті. Бұл теориядағы түсініктерге толық қайшы келді.

Екінші дүниежүзілік соғыс статистикалық мәліметтерге көп бүрмалау енгізді деп есептеп, Леонтьев 1951 жылдың деректері бойынша есептеулерін к. айта жүргізді. Нәтижесінде американдық импорт экспортпен салыстырғанда тағы да 6% капиталды көп қажет ететіндігі шыкты. Леоньтевтің ізбасарлары бәрін 1962 жыл бойынша есептеп шықты. Олар күтпеген нәтижелерге жетті: американдық импорт экспортқа қарағанда 27%-ға капиталды көп қажет етті. Басқа елдер үшін де есептеулер жүргізілді. Жапония 50-жылдары айқын еңбек күші мол ел болғанымен, экспортқа капиталды көп қажет ететін тауарлар шығарды. Мол еңбек ресурстары бар Үндістан негізінен еңбекті көп қажет ететін тауарларды экспорттаса да, АҚШ-қа жіберілген экспорт капиталды көп қажет ететін болып шықты .

Леонтьев парадоксы - Хекшер-Олиннің өндіріс факторлар арақатынасы теориясының іс-жүзінде расталмағаны: еңбек күші мол елдер капиталды көп қажет өнімді, ал капиталы мол елдер -еңбекті көп қажет ететін өнімді экспорттады.

Парадокстын түсіндірілуі

• Жұмысшы күшін маманданған және маманданбаған топтарға бөлу және экспорт тауарлар ендірісіндегі шығындар үлесін жекелеген топтарға бөліп есептеу қажет. Американдык. ғалым Дональд Кисинг 1966 жылы жарияланған зерттеуінде еңбек күшін мамандық деңгейіне байланысты 8 топқа бөліп, АҚШ-та маманданған жұмысшы күшінің салыстырмалы молдығы мен маманданбаған жүмысшы күшінің жетіспеушілігін дәлелдеді. Сондықтан АҚШ маманданған еңбек енімін экспортқа шығарады, ал оны дайындау мен оқытудың шығынын есептесе, капитал ретінде

санауға болады.

• АҚШ өндіруге көп капиталды қажет ететін шикізаттың көп мөлшерін импорттайды. Сондықтан, егер экспорттық тауарлар капиталды көп қажет ететін шикізаттың көп мөлшерін қажет етсе, бұл американдық экспортқа капиталды көп қажет еткізеді. Американдық Джеймс Хартигэн бастаған бір топ ғалымдар Леонтьев есептеулерін сол жылдар негізінде қайта жасады. Бірақ капиталды көп қажет ететін шикізатқа қатты тәуелді салаларды алып тастады. Парадокс жойылып, Хекшер-Олин теориясы расталды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық сауданың классикалық теориялары
Халықаралық сауда классикалық теориясы
Халықаралық экономика пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Шығындар және өнімділік
ҚР-ғы экономикалық өсу және өндірістің тиімділігін арттырудың негіздері
Негізгі өндіріс факторларынан алынатын табыс: мәні және формалары
Өндіріс факторлары арақатынасы теориясы
Қазақстан Республикасының экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары
Экономикалық өсу қоғамның әл-ауқаты мен өндірістің тиімділігін арттыру ретінде
Экономикалық өсу факторлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz