Халықты зейнетақымен қамсыздандыруды басқарудың теоретикалық аспектілері



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І БӨЛІМ. Халықты зейнетақымен қамсыздандыруды басқарудың
теоретикалық аспектілері
1.1. Ынтымақтылық зейнетақы қорынан жинақтаушы зейнетақы қорына өту эволюциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 16
1.2. Нарықтық экономика жағдайындағы халықты зейнетақымен
қамсыздандыру жүйесін мемлекеттік реттеу ... ... ... ... .. 39

ІІ БӨЛІМ Қазақстан Республикасындағы халықты зейнетақымен
қамсыздандыру жүйесін аналитикалық бағалау
2.1. Халықтың әлеуметтік . экономикалық
жағдайының анализі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 44
2.2. Зейнетақы жүйесінің инфроқұрылымдық
қамтамасыз етілуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 55

ІІІ БӨЛІМ Халықты зейнетақымен қамсыздандырудың жинақтаушы
жүйесінің даму бағыттары
3.1. Контекстідегі зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің
шетелдік тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 62
3.2. Халықты зейнетақымен қамтамасыз етуді
жетілдіру бойынша кеңестері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 74

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 84

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 90
Кіріспе

Өзінің «Салықтар мен жиындар туралы трактат» атты жұмысында біріншілердің бірі болып У.Петти «жұмысқа қабілетсіз» адамдарды қолдауды, яғни өзінің жарамсыздығы салдарынан еңбек ете алмайтын, мысалы, мүгедектер және кедейлер мен жетім балалар туралы айтқан. Сол кездерде қарттарды қамтамасыз ету мемлекеттің міндеті болып табылмайтын, мемлекект тек қана жұмысқа қабілетсіз болған жағдайда және қарттық шаққа жинақ жасауға мүмкіндік беретін табыс алуға мүмкіндік беретін. Әлеуметтік қажеттіліктерге мемлекеттік шығындар туралы У.Петти былай деп жазған «… кедейлердің жалақысын шектеу әділетті емес, өйткені олар жұмысқа қабілетсіз шақтарына жинақ жасай алмайды (жұмыстың жоқтығы немесе қарттық шақтың келуі)».
Классикалық мектептің өкілдері (Франсуа Кэне, Жан Батист Сэй, Адам Смит, Давид Рикардо, Томас Роберт Мальтус) мемлекеттің елдің әлеуметтік аясына араласуын қолдаған. Сонымен қатар, Д.Рикардо мемлекеттің міндеттеріне тек қана көп балалы жанұяларға, жетім балаларға көмек пен кедейлердің жағдайын жақсартуды жатқызған.
Қарттарды қолдау мемлекеттің міндеті емес деп санаған жоғарыда көрсетілген классикалық мектептің негізін қалаушыларға қарағанда неоклассицизмнің өкілдері керісінше бұл мемлекеттің ерекше хұқығы деп санаған. А.Маршалл, К.Менгер, Г. фон Шмоллер және т.б сияқты берілген мектептің өкілдері мемлекеттің қоғамдағы әлеуметтік процесстерді реттеуін қалаған. Сонымен қатар, А.Маршалл қарттарға «ең бастысы экономикалық көмек» көрсетуге болады және мемлекеттік көмек «жомарт» болу керек деп санаған.
Қорытындылай келе, нарықтың өзін-өзі реттеу қабілеті, ел экономикасының әртүрлі салаларына мемлекеттің кіріспеуі қажетті қолдау көрмеді. Сонымен қатар, қоғамда және де ерекше түрде әлеуметтік қамтамасыз ету аясында болып жатқан процесстерді мемлекет реттеу керек.
Германия, Франция, Англия сияқты мемлекеттер кедейлерді әлеуметтік қорғау туралы мемлекеттің осындай қағидаларынан қолданыс тапты.
Осылайша, әлеуметтік сақтандыру жүйесі қоғамның экономикалық дамуының көрсеткіші болып табылады.
Макродеңгейдегі әлеуметтік қорғау жүйесінің негізі болып минималды өмірлік стандартты қолдау мен өмірді қамтамасыз етудің негізгі жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету табылады.
Халықты әлеуметтік қорғаудың құрамасының бірі болып оның зейнетақымен қамтамасыз етілуі табылады. Ол халықтың барлық қабаттарының мүддесін қамтиды, еңбек пен капитал нарығына әсер етіп қана қоймай, сонымен қатар жұмыс істейтін халық ұрпақтарының арасында да бөлініске салады. Осылайша, зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі ең күрделі және көп функционалды экономикалық жүелердің бірі болып табылады.
Зейнетақы (латынның pensio – төлем) – белгіленген жасқа жеткенде, мүгедектікке, асыраушысынан айырылғанда және де басқа да заңмен қарастырылған жағдайларға байланысты азаматтарға ақшалай, жүйелі түрде төленетін төлемдер. Зейнетақы төлемдері бюджеттен тыс мемлекеттік қорлар мен сақтандыру (жекеменшік зейнетақы) қорлары ретінде құрылған зейнетақы және сақтандыру қорларының есебінен жүзеге асырылады.
Зейнетақының екі түрлі мінездемесі бар.
Оны жұмысқа қабілеттілігін жоғалтып алған қоғам мүшесінің өмірлік қажеттілігін қамтамасыз ету мүмкіндігі ретінде қарастыруға болады. Және де зейнетақы жұмысқа қабілетсіздердің қоғамдық өндіріске жұмсаған еңбегі мөлшерінің көрсеткіші болып табылады.
Зейнетақы әлеуметтік мінез - құлқы бар ақшалай төлемдерге жатады, бірақта, сонымен қатар, оны экономикалық категорияға жатқызатын бірқатар ерекшеліктері бар.
Біріншіден, зейнетақы ел халқының белгіленген категориясына – жұмысқа жарамсыздарға арналған. Яғни, ұзақ уақыт аралығындағы жұмысқа қабілетсіздер (ауыруына байланысты уақытша жұмысқа қабілетсіздерге
Қолданылған әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі
1998 жылдың 1 қазанынан бастап зейнетақы мөлшерін индекстеу туралы: Қаулысы//
ҚР-ның Президенті мен ҚР-ның Үкіметінің Актілер жинағы. – 1998. - №35 – 5-6 бет
2. Қазақстан Республикасының Заңы
ҚР-да зейнетақымен қамсызданыдыру туралы ҚР-ның Заңына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы// Егемен Қазақстан. – 1999ж. – 7 сәуір
3. Қазақстан Республикасының Заңы
“Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы” ҚР-ның Заңына
толықтыру енгізу туралы// Егемен Қазақстан. – 2002ж. - 8 қаңтар
4. Қазақстан Республикасының Заңы
“ҚР-да зейнетақымен қамсыздандыру туралы” ҚР-ның Заңына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы: 2002ж. 29 желтоқсан №369 – ІІ ҚРЗ// Егемен Қазақстан. –
2003ж. – 7 қаңтар; Заң газеті. – 2003ж. – 15 қаңтар
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан
төленетін зейнетақы төлемінің мөлшерін арттыру туралы: Қаулысы// Егемен Қазақстан. –
2002. – 18 қаңтар
6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 1 қаңтарынан бастап зейнетақыны төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан
төленетін зейнетақы төлемінің мөлшерін арттыру туралы: 2003 жылы 14 қаңтардағы №6
қаулысы// Ресми газет. – 2003ж. – 25 қаңтар, -17 бет
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004ж. бастап зейнетақыны төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы
төлемінің мөлшерін арттыру туралы: 2003 жылы 29 желтоқсандағы № 1337 қаулысы//
Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің Актілер
жинағы. – 2004. - №48 – 71 бет
8. Қазақстан Республикасы Үкіметі
Жинақтаушы Зейнетақы Қорынан төлемдерді жүзеге асырудың тәртібін бекіту туралы:
Қаулысы// Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің
Актілер жинағы. – 1997. - №43. -2-5 бет
9. Қазақстан Республикасы Үкіметі
Жинақтаушы Зейнетақы Қорларының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы
төлемін жүзеге асыру жөніндегі қызметін лицензиялау туралы ережесін бекіту туралы:
Қаулысы// Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің
Актілер жинағы. – 1997. - №44. -17-23 бет
10. Қазақстан Республикасы Үкіметі
Жинақтаушы Зейнетақы Қорларының комиссиялық сыйақы алу ережесін бекіту туралы:
Қаулысы// Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің
Актілер жинағы. – 2003ж. - №6. -83-84 бет
11. Қазақстан Республикасы Үкіметі

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 102 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

беті
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І БӨЛІМ. Халықты зейнетақымен қамсыздандыруды басқарудың
теоретикалық аспектілері
1. Ынтымақтылық зейнетақы қорынан жинақтаушы зейнетақы қорына өту
эволюциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 16
2. Нарықтық экономика жағдайындағы халықты зейнетақымен
қамсыздандыру жүйесін мемлекеттік реттеу ... ... ... ... .. 39

ІІ БӨЛІМ Қазақстан Республикасындағы халықты зейнетақымен
қамсыздандыру жүйесін аналитикалық бағалау
2.1. Халықтың әлеуметтік – экономикалық
жағдайының анализі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 44
2.2. Зейнетақы жүйесінің инфроқұрылымдық
қамтамасыз етілуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 55

ІІІ БӨЛІМ Халықты зейнетақымен қамсыздандырудың жинақтаушы
жүйесінің даму бағыттары
3.1. Контекстідегі зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің
шетелдік тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 62
3.2. Халықты зейнетақымен қамтамасыз етуді
жетілдіру бойынша кеңестері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 74

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 84
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 90

Кіріспе

Өзінің Салықтар мен жиындар туралы трактат атты жұмысында
біріншілердің бірі болып У.Петти жұмысқа қабілетсіз адамдарды қолдауды,
яғни өзінің жарамсыздығы салдарынан еңбек ете алмайтын, мысалы, мүгедектер
және кедейлер мен жетім балалар туралы айтқан. Сол кездерде қарттарды
қамтамасыз ету мемлекеттің міндеті болып табылмайтын, мемлекект тек қана
жұмысқа қабілетсіз болған жағдайда және қарттық шаққа жинақ жасауға
мүмкіндік беретін табыс алуға мүмкіндік беретін. Әлеуметтік
қажеттіліктерге мемлекеттік шығындар туралы У.Петти былай деп жазған ...
кедейлердің жалақысын шектеу әділетті емес, өйткені олар жұмысқа қабілетсіз
шақтарына жинақ жасай алмайды (жұмыстың жоқтығы немесе қарттық шақтың
келуі).
Классикалық мектептің өкілдері (Франсуа Кэне, Жан Батист Сэй, Адам
Смит, Давид Рикардо, Томас Роберт Мальтус) мемлекеттің елдің әлеуметтік
аясына араласуын қолдаған. Сонымен қатар, Д.Рикардо мемлекеттің
міндеттеріне тек қана көп балалы жанұяларға, жетім балаларға көмек пен
кедейлердің жағдайын жақсартуды жатқызған.
Қарттарды қолдау мемлекеттің міндеті емес деп санаған жоғарыда
көрсетілген классикалық мектептің негізін қалаушыларға қарағанда
неоклассицизмнің өкілдері керісінше бұл мемлекеттің ерекше хұқығы деп
санаған. А.Маршалл, К.Менгер, Г. фон Шмоллер және т.б сияқты берілген
мектептің өкілдері мемлекеттің қоғамдағы әлеуметтік процесстерді реттеуін
қалаған. Сонымен қатар, А.Маршалл қарттарға ең бастысы экономикалық көмек
көрсетуге болады және мемлекеттік көмек жомарт болу керек деп санаған.
Қорытындылай келе, нарықтың өзін-өзі реттеу қабілеті, ел экономикасының
әртүрлі салаларына мемлекеттің кіріспеуі қажетті қолдау көрмеді. Сонымен
қатар, қоғамда және де ерекше түрде әлеуметтік қамтамасыз ету аясында болып
жатқан процесстерді мемлекет реттеу керек.
Германия, Франция, Англия сияқты мемлекеттер кедейлерді әлеуметтік
қорғау туралы мемлекеттің осындай қағидаларынан қолданыс тапты.
Осылайша, әлеуметтік сақтандыру жүйесі қоғамның экономикалық дамуының
көрсеткіші болып табылады.
Макродеңгейдегі әлеуметтік қорғау жүйесінің негізі болып минималды
өмірлік стандартты қолдау мен өмірді қамтамасыз етудің негізгі жүйелерінің
жұмыс істеуін қамтамасыз ету табылады.
Халықты әлеуметтік қорғаудың құрамасының бірі болып оның зейнетақымен
қамтамасыз етілуі табылады. Ол халықтың барлық қабаттарының мүддесін
қамтиды, еңбек пен капитал нарығына әсер етіп қана қоймай, сонымен қатар
жұмыс істейтін халық ұрпақтарының арасында да бөлініске салады. Осылайша,
зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі ең күрделі және көп функционалды
экономикалық жүелердің бірі болып табылады.
Зейнетақы (латынның pensio – төлем) – белгіленген жасқа жеткенде,
мүгедектікке, асыраушысынан айырылғанда және де басқа да заңмен
қарастырылған жағдайларға байланысты азаматтарға ақшалай, жүйелі түрде
төленетін төлемдер. Зейнетақы төлемдері бюджеттен тыс мемлекеттік қорлар
мен сақтандыру (жекеменшік зейнетақы) қорлары ретінде құрылған зейнетақы
және сақтандыру қорларының есебінен жүзеге асырылады.
Зейнетақының екі түрлі мінездемесі бар.
Оны жұмысқа қабілеттілігін жоғалтып алған қоғам мүшесінің өмірлік
қажеттілігін қамтамасыз ету мүмкіндігі ретінде қарастыруға болады. Және де
зейнетақы жұмысқа қабілетсіздердің қоғамдық өндіріске жұмсаған еңбегі
мөлшерінің көрсеткіші болып табылады.
Зейнетақы әлеуметтік мінез - құлқы бар ақшалай төлемдерге жатады,
бірақта, сонымен қатар, оны экономикалық категорияға жатқызатын бірқатар
ерекшеліктері бар.
Біріншіден, зейнетақы ел халқының белгіленген категориясына – жұмысқа
жарамсыздарға арналған. Яғни, ұзақ уақыт аралығындағы жұмысқа қабілетсіздер
(ауыруына байланысты уақытша жұмысқа қабілетсіздерге қарағанда) - бұл
жасына, мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына байланысты жұмысқа
жарамсыздар. Берілген жағдайда зейнетақы жұмысқа қабілетсіз болып қалған
жағдайдан бастап тұрақты мінез-құлыққа ие және де өмірлік іс-әрекетті
қамтамасыз ету үшін материалды қайнар көз болып табылады, және де берілген
материалды игілікті тұтыну жекелей түрде болып келеді (спорт, дене
шынықтыру, білім беру сияқты қоғамдық әлеуметтік төлемдерге қарағанда).
Зейнетақының ең басты ерекшелігі жұмысқа қабілетті уақыт аралығында
жұмсалған еңбектің көрінісі.
Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен
қамсыздандыру туралы Заңында зейнетақы түсінігі туралы айтылған. Бұл
жинақтаушы зейнетақы қорлар мен Орталықтан төленетін зейнетақының жиынтығы.
Аталған Заңмен келесі зейнетақы төлемдері қарастырылады:
- Орталықтан – 1998ж. 1 қаңтарына қарай ҚР-ң заңымен белгіленген еңбек
өтіліне пропорционалды алты айдан кем емес еңбек өтілі бар жеке
тұлғаларға төленетін ақшалай төлемдер.
- Жинақтаушы зейнетақы қорларынан – ҚР-ң заңымен белгіленген тәртіпте іске
асырылатын алушыларға төленетін зейнетақы жинақтаулары.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі жағдайындағы зейнетақы оларды тиімді
басқару салдарынан ел экономикасын басқарудың басты тұтқасы болатын
зейнетақы қорларынан төленетін төлемдер болып табылады. Қалай болғанда да
зейнетақы – бұл халықты әлеуметтік қамсыздандырудың формаларының бірі.
Әлеуметтік қамсыздандыру – бұл халықтың жұмысқа қабілетсіз және
қартайған мүшелерінің және де ақылы жұмыстың орындалуына денсаулығының
жағдайы кедергі келтіретін тұлғалардың қоғам есебінен және қоғаммен
асыраудың формалары мен түрлерінің жиынтығы.
Экономикалық мағынада әлеуметтік қамсыздандыру – тұтынуға қолданатын
ұлттық табыстың бір бөлігі. Зейнетақымен қамсыздандыру әлеуметтік
қамсыздандырудың бөлігі бола отырып екі құрылымнан тұрады: зейнетақылық
сақтандыру (сақтандыру принципіне негізделген зейнетақымен қамсыздандыру)
және әлеуметтік зейнетақы (әлеуметтік көмек). Сақтандыру принциптеріне
негізделген зейнетақымен қамсыздандыру міндетті және ерікті бола отырып,
мемлекеттік және жеке секторға жатады.
Экономисттер халықты зейнетақымен қамсыздандыруды берілген категорияны
зерттеуге әкелетін экономикалық және әлеуметтік келісімнің бар болуын
ұйғаратын әлеуметтік-экономикалық категория ретінде қарастырады.
Экономикалық зертеулердің объектісі тұтыну ресурстарын бөлу мен өндіріске
жауапты экономикалық институттардың іс-әрекеті мен өмірлік іс-әрекеттің
(табыстар, тұтынулар) параметрі болып табылады. Халықты зейнетақымен
қамсыздандырудың социологиялық зерттеулеріқоғамның әлеуметтік –
экономикалық құрылымындағы зейнеткерлердің жағдайын анықтайды.
Экономикалық категория ретіндегі ынтымақтастық зейнетақымен
қамсыздандырудың мәні қоғамның жұмысқа қабілетсіз мүшелерін қамсыздандыруға
бағытталған ұлттық табыстың жекеленген бөлігі ретінде анықталады.
Зейнетақымен қамсыздандыру түсінігін жалпы алғанда қоғамдық өндіріс пен
жиынтық жұмыс күшінің ұдайы өндірісінің категориясы ретінде қарастыруға
болады.
Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін әдебиетте екі негізгі топқа
бөлінетінін атап айтуға болады. Оларды қаржыландыру қайнар көздеріне қарай
бөлінеді: бюджеттік (қорланбайтын) және сақтандырушылық (қорланатын).
Бюджеттік жүйелер қаражаттарды шоғырландыруды жүргізеді (профсоюздар мен
мемлекет бюджетінен, басқа да түсімдерден) және ағымдағы зейнетақыны төлеу
үшін бөліп таратылады. Олар, әдетте, ақшалай түсімдердің қосымша қайнар
көзін ашу үшін бос құрал-жабдықтарды қаржыландырмайды. Сондықтан,
экономистердің анықтауы бойынша бюджеттік жүйелердегі зейнетақымен
қамсыздандырудың қаржылық нәтижелері барынша анықталмаған және толығымен
қажетті құралдарды шоғырландыра алмауынан тәуелді. Осы топқа мемлекеттік
зейнетақы жүйелері жатады.
Мемлекеттің бюджеттен тыс қорлары қаржылық құралдардың жиынтығы ретінде
жергілікті және орталық билік жүргізу органдарының қарамағында болады және
мақсаттық тағайылымы бар.
Бюджеттен тыс қорлар – ол еңбек ресурстарының кеңейтілген ұдайы
өндірісін қамтамасыз ету мақсатында құрылатын қорлар (ол өзіне экономика,
бзнестің дамуына қажетті қолайлы моральді климаттың құрылуын, іс-әрекетіне
лайық ғылыми-техникалық және әлеуметтік шарттарының өндірімін қосады), бұл
халықтың белгіленген әлеуметтік топтарының пайдасына қарай мемлекеттің
ұлттық табысын қайта бөлудің формаларының бірі.
Бюджеттен тыс қорлардың материалды негізін ұлттық табыс құрайды. Осыған
байланысты жағдаймен қорлар екі бағытта дами алады:
- бюджеттен бөлінетін қаражат, ол құралдардың аса маңызды арнауларға
бөлінуі;
- жеке табыс көзінен бөлінуі.
Қазақстандағы бюджеттен тыс зейнетақы қорларының пайда болуы әлеуметтік-
экономикалық дамудың қажеттілігімен туындалды: мемлекеттік қаржылық
ресурстардың бөлігін қатаң функционалды түрде оңашалау, мемлекеттік
бюджетті оған тән емес табыстардан босату, оның дефицитін төмендету қажет
болды.
Екінші топ жүйелері үшін принципиалды болып қаражаттардың ұзақ мерзімді
жинақталуы табылады, мысалы, мемлекеттік емес зейнетақы қорларымен
зейнетақы төлемдерін қамтамасыз ету. Бұндай жүйелердегі зейнетақының өзін
арнайы сақтандырудың нәтижесі ретінде қарастыру қажет. Басқаша, айтқанда
жарналардың балансы мен зейнетақы төлемдері сақтандыру принциптерімен
анықталады.
Бюджеттен тыс қорлар бюджеттік қорларға қарағанда автономды болып
келеді, осылайша олардың ерекше әлеуметтік маңыздылығын атап айтуға болады.
Бұндай әлеуметтік маңыздылық әл қор қаражатының қатаң мақсатты жұмсалуын
талап етеді.
Зейнетақы жүйелерін мемлекеттің қатысуына қарай жіктеуге болады:
мемлекеттік және мемлекеттік емес; салымшылардың қатысу мінез-құлқына
қарай: міндетті және ерікті. Қатысушыларды қамту деңгейіне қарай зейнетақы
жүйелері ұлттық, аймақтық, корпоративті (салалық, жеке кәсіпорындар) бола
алады. Әлемдік практикадағы әлеуметтік тәуекелділіктің жинақтаушы
сақтандыруының құралы мемлекеттік емес әлеуметтік сақтандыру қорлары,
басты түрде, мемлекеттік емес зейнетақы қорлары болып табылады.
Қазіргі заман экономикалық сөздігінде қор (французша fond, латынша
fondus) жинақ, қор, ақша құралдарының жинақталуы, ақшалай капитал және де
оларды нақты мүдделер үшін пайдалану мақсатында біріңғай жиынтыққа
топталған ақшалай және материалды құралдар ретінде аталады.
Зейнетақымен қамсыздандыру қорлары экономикалық категория болып
табылады. Басты түрде, бұл бөлу мен қайта бөлу категориясы, өйткені,
олардың құрылуы ұлттық табысты қайта бөлу кезінде болады. Социолизм кезеңі
кезінде біздің мемлекетімізде тұтынудың қоғамдық қорлары түсінігі
қолданылған, олардың құралдары жұмысқа қабілетсіздерді, сонымен қатар
зейнеткерлерді қамсыздандыруға негізделген. Батыс мемлекеттерінде олар
әлеуметтік бағдарламалар атты кеңейтілген экономикалық категорияға
кіреді.
Зейнетақы қорлары (pension funds) – зейнетақы төленетін қорларды құру
үшін максималды жоғары табыс алу мақсатымен инвестицияланатын жеке сектор
мен мемлекеттің зейнетақы салымдары. Зейнетақы қорларындағы апта сйынғы,
ай сайынғы салымдардың арқасында өсіп отыратын бірталай қаражаттарды
басқару сақтықты талап етеді: қаражатарды салу мақсатында қорлар жиі, тек
қана биржада айналыста жүретін құнды қағаздарды сатып алып қана қоймай,
жылжымайтын мүлік пен өнер туындыларын да сатып алады.
Зейнетақы қоры ақша құралдарын шоғырландырумен айналысатын және оларды
қатысушылардың жәрдемақылары мен зейнетақыларын төлеу үшін пайдаланатын
ұйым болып танылады. Әр зейнетақы қоры өзінің ережелері бойынша жұмыс
істейді және шаруашылық дербестігі бар заң және қаржы ұйымы болып табылады.
Зейнетақы қоры өзінен жоғары тұрған мекеменің міндеттемелері бойынша және
өзі қызмет көрсететін персонал үшін жауап бермейді.
Барлық қорларға болатын жалпы талаптар құрал-жабдықтарды пайдалану
туралы бұқаралық есеп беру болып табылады. Осы талаптардың барлығы да
Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы қорларының ерекшеліктерін бөліп
көресетеді.
Қорлар қаржы ресурстарын шоғырландырудың ерекше формасы ретінде әртүрлі
бағдарламалар мен жобалардың есебінен оларды қаржыландыру механизмінің
жоғарғы экономикалық тиімділігін қамтамасыз етеді. Олардың қаржы құралдарын
құру мен ресурстарды жиынтықтаудағы артықшылығы басты түрде қорлардың
қатысты тәуелділігіне, тұрақтылығына байланысты: бұл құралдар реттік
кезеңділігімен алынып отыратын нақты салымдардың есебінен құрылады.
Дамыған нарықтық экономикасы бар мемлекеттерде жекеменшік немесе
мемлекеттік емес зейнетақы қорлары жақсы жұмыс істеуде. Сақтық зейнетақы
қорының басты тағылымы – ол салымдарды шоғырландыру мен оларды тиімді
орналастыру, яғни қарттық шаққа қарай әрбір қатысушы мемлекеттік
зейнетақыдан басқа қосымша зейнетақы ала алады. Бұл мемлекеттегі зейнетақы
қорлары мемлекеттік және жекеменшік сектордың кәсіпорын топтарымен немесе
жеке кәсіпорындар шегінде құрылған зейнетақы кассаларының жиынтығын
көрсетеді. Зейнетақы қорының жұмыс істеуінің басты принципі - өзінің
салымшыларының мүддесіне қарай максималды тиімді іс-әрекет жасау.
Әдетте, қорлар жалдамалы жұмысшылардың немесе кәсіпкерлердің салымдарын
шоғырландырады, жиналған қаржы құралдарын басқарады және зейнеткерлерге
зейнетке шыққанда не бір реткі сома, не өмірлік зейнетақы төлейді.
Зейнетақы қорларының іс-әрекеті қормен мәмілелік қатынасқа түсетін жеке
тұлғалар, жұмыс берушілер, кәсіпорындар сияқты экономика субъектілерін
қамтиды. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізгі объектілері болып костодиан-
банктері мен зейнетақы активтерінің инвестициялық басқаруын іске асыратын
ұйым, заңды тұлға ретінде шығатын жинақтаушы зейнетақы қорлары.
Мемлекеттік емес зейнетақы қорларының ерекше құрылымдық ерекшеліктері
және олармен іске асырылатын зейнетақы төлемдерінің түрлері қызығушылық
тудырады. Мемлекеттік емес қорлардың барлығы белгіленген төлемдер мөлшері
бар қорлар (жоспар) мен белгіленген салымдар көлемі бар қорларға бөлінеді.
Төлемдердің белгіленген көлемі бар қор немесе төлемі тіркелген қор
(defined contribution plan). Зейнетақымен қамсыздандыруды жоспарлай отырып
жұмыс беруші қалай болғанда да қызметкерлерінің зейнетке кеткеннен кейінгі
өмірін қамтамасыз етуге міндеттенеді.
Салымы тіркелген қор іс жүзінде кәсіпкерлермен резервтелетін жинақтаушы
қор болып табылады, бірақта қорлардың көбі жұмысшылар жағынан қосымша
салымдарға рұқсат береді. Фирма қатысушы жұмысшылар атынан тіркелген
салымдар жасауға міндетті.
Әдетте, мұндай қорда салым көлемі жұмысшының жалақысына және оның
көлемінің өзгеруіне қарай белгіленеді.
Салымы тіркелген қор ауыстырмалы болып келеді, яғни жұмысшы жұмыстан
кеткен жағдайда да капитал оның меншігінде қалады.
Ауыстырмалы ауысуға қабілетті дегенді білдіреді, ал ауыстырмалы
зейнетақы қоры (portable pension plan) – бір жұмыс берушіден екіншісіне өте
алатын қор.
Қорға салымдар жасайтын фирма жұмысшы жұмыстан кеткен жағдайда төлемдер
көлеміне кепілдік бере алмайтындықтан салымы тіркелген қор қатысушылары
құнды қағаздар портфелінің әрекетінің төмен тиімділігімен байланысты
инвестициялық тәукелділікпен кездеседі. Бірақта, мұндай қор әдетте, барлық
қатысушыларды бірдей шартқа қоятын инвестицияларды таңдауға мүмкіндік
береді.
Мұндай жүйе жинақтау мерзімі кезіндегі проценттік ставканың өзгеруіне
икемді әсер етуге мүмкіндік береді. Жетіспеушілігі болып зейнетақы
көлеміндегі белгісіздіктің жоғарғы деңгейі табылады.
Салымдар көлемі белгіленген қорлар мынандай түрлерге бөлінеді:
- жинақтаушы қорлар (money-purchase plan): жұмыс беруші әрбір жұмысшының
жалақысынан белгілі процент түрінде аударым жасайды; соңғысы қосымша
салым жасай алады.
- табыстан алынатын төлемдерден құрылған қорлар (profit sharing plan):
жұмысшының құқығы бар табыстың бөлігі оған беріледі, ал қалған бөлігі
зейнетақы қорына өтеді (ақшалай немесе акция түрінде); бұл бөлігіне
өтеулерге дейін салық салынбайды.
- жинақтаушы қорлар (trift or saving plan): жұмысшының өзі жалақысының бір
бөлігін зейнетақы қорына аударады, жұмыс беруші қосымша сома аудара
алады.
Жәрдемақысы тіркелген қор (defined benefit plan) немесе зейнетақы
төлемдері тіркелген қор. Оны құру кезінде кәсіпкер көлемі тіркелген
зейнетақылық жәрдемақы төлеуге міндеттеледі, яғни зейнет жасына келуіне
қарай мәмлемен белгіленген зейнетақы көлемін өтеу үшін қаржының жинақталуы
қарастырылады. Мұндай типтің артықшылығы болашақта зейнеткерлердің
зейнетақымен қамтамасыз болуының сақтандырылған кепілдігі болып табылады.
Кемшілігілігі: жұмысшыларда, егер жасына байланысты олардың жалақысының
көлемі төмендесе, болашақ салымдарын өтеу кезінде қаржылық қиыншылықтар
пайда болуы мүмкін.
Мұндай қордың басқа қорлардан басты артықшылығы құнды қағаздар
портфелінің тиімсіз іс-әрекет етуінің салдарынан туындай алатын
тәуекелділік бойынша зейнеткерелер емес демеуші фирма жауап береді.
Өтеу деңгейі тіркелген зейнетақы қорының жетіспеушілігі бұл инвестиция
құнының өзгеруіне (жартылай немесе толығымен қаржыландырылатын зейнетақы
жоспарлары жағдайында) немесе аударымдар көлемінің өзгеруіне байланысты
демеушілердің тәуекелділігі (ағымдағы табыстардан өтелетін зейнетақы немесе
қаржыландырылмайтын жоспарлар жағдайында).
Мұндай типті қорлар келесі түрлерге бөлінеді:
- flat benefit plan жинақтаушы зейнетақы қорына әрбір жыл (квартал, ай)
аралығында салынып отырған төлемдердің қатаң төлемдер көлемін анықтайды;
- career average salary plan орташа жалақы мен жылдар санына байланысты
төлемдер көлемін анықтайды;
- final average salary plan career average salary plan-нан айырмашылығы
болып орташа жалақының барлық кезеңге емес тек қана соңғы бірнеше жылға
есептелетіні табылады.
Ю.Бригхем мен Л.Лапенский қорлардың үшінші типін бөліп көрсетеді – ол
корпорация табысының деңгейіне байланысты аударымдар көлемі ауытқып
отыратындығын ескеретін жалпы табыстағы үлестік қатысы бар қор. Мұндай
типтегі қор жоғарыда аталып өткен қорлармен қатар әрекет ете алады.
Зейнетақымен қамсыздандырудың дамуының теоретикалық аспектілерін
қарастыра отырып бар зейнетақымен қамсыздандыру институттарын қарастыру
қажет. Институт деп нормалар мен ережелердің жиынтығын және де зейнетақы
қорлары мен салымшылар арасындағы арақатынастары мен қатынастарды
жеңілдететін және құрылымдалатын және де солардың көмегімен оларды іске
асыру механизмін айтамыз.
Құқықтық институттар түрлеріне қарай негізгі үш зейнетақымен
қамсыздандыру институтын бөлеміз:
- әлеуметтік зейнетақы институты;
- еңбек зейнетақысы;
- ерікті зейнетақылық сақтандыру түрлерінің институты.
Мемлекеттік және мемлекеттік емес зейнетақы институттарын құрудың
әлеуметтік және ұйымдастырушы-экономикалық негіздері принципиалды түрде
бөлек болып келеді.
Мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыру әлеуметтік зейнетақыны өтеуге
негізделген. Бұл әлеуметтік сақтандыру институтының бар болуын түсіндіреді.
Мұндай зейнетақыны қаржыландырудың қайнар көзі болып салықтардан құрылатын
жергілікті және мемлекеттік бюджеттен бөлінетін тура қаржылар табылады.
Әлеуметтік зейнетақыны төлеу адамның сіңірген еңбегіне, өтіліне және басқа
салымдарына (сақтандырушылық немесе зейнетақылық) байланысты емес. Сіңірген
еңбегіне қарай зейнетақы төлеуді еңбек зейнетақысы институты шегіндегі
мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі қарастырады. Мұндай зейнетақы
төлеу жұмысшыларды міндетті мемлекеттік зейнетақылық сақтандыруға,
ұрпақтардың ынтымақтылық принциптеріне негізделеді. Мұндай жағдайда
қаржыландырудың қайнар көзі тікелей жұмысшылардың өз зейнетақылық
салымдары есебінен құрылатын мамандандырылған, арнайы қорлар болып
табылады.
Ерікті зейнетақылық сақтандыру түрлерінің институты мамандықтар,
салалар мен кәсіпорындар деңгейінде дамиды. Мұндай сақтандыру түрлерінің
шарты негізінен профсоюздар мен жұмыс берушілер одағы сияқты әлеуметтік
партнерлармен келісілген коллективті еңбектік мәмлеге байланысты. Мұндай
зейнетақымен қамсыздандыру институттары формаларының дамуы салықтық
жеңілдіктермен ынталандырылады.
Ерікті зейнетақылық сақтандыру түрлерінің институты – мамандандырылған
мемлекеттік емес зейнетақы институттары, яғни зейнетақы қорлары және басқа
да қаржылық ұйымдар мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінен
тәуелсіз түрде құрылады. Мемлекеттік емес зейнетақы әртүрлі
мамандандырылған институттармен қамтамасыз етіле алады. Олардың қатарларына
ерікті зейнетақымен қамсыздандыруды іске асыратын мемлекеттік емес
зейнетақы қоры, сақтандыру полисі (сонымен қатар өмірлік рента),
кәсіпорындардың зейнетақы кассалары, кәсіпорынның балансындағы резерв,
мамандандырылған инвестициялық қор, зейнетақылық банк шоты және басқа да
әртүрлі ұйымдар кіре алады. Мұндай институт халықты зейнетақымен
қамсыздандырудың жоғарырақ икемділігіне ие, ол әртүрлі жағдайларға көбірек
икемделген. Ол адамдардың мүддесіне бағдарланған саяси, экономикалық және
салықтық саясатпен тығыз байланысты.
Пайда болған зейнетақы құқықтарының іске асырылуын кепілдендіру үшін
дербес зейнетақы кассасының (қор, сақтандыру компаниясы) немесе
кәсіпорынның төлем қабілетсіздігі жағдайында төлемдер іске асырылып
отыратын резервтік зейнетақы қоры құрылады. Халықты ерікті жеке және
коллективті зейнетақылық сақтандырудың қаржылық қайнар көзі – зейнетақылық
салымдар мен төлемдер эквиваленттігі принципінде ұйымдастырылған жұмыс
берушілер мен жұмысшылардың зейнетақы салымдары.
Пасс К., Лоус Б. Және басқалары зейнетақылық бағдарламалардың негізгі
үш типін бөліп көрсетеді:
1. Мемлекеттік зейнетақы мемлекеттен төленеді. Жұмысшы жұмыс істеп жүрген
кезінде мемлекеттік сақтандыру салымдарын жасайды. Бұл оған өмірлік
деңгейдің минималды стандартын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жасына
байланысты зейнетақы алуға құқық береді.
2. Жеке сектордың жұмыс берушілерімен төленетін кәсіптік зейнетақы. Жұмыс
беруші мен жұмысшы сақтандыру компаниясына немесе зейнетақы қорына
әрдайым салымдар аударып отырады. Осының салдарынан зейнеткер аударған
салымдар сомасына қарай зейнетақы алады.
3. Дербес зейнетақы өздерінің жеке жағдайларына байланысты жеке клиенттер
үшін зейнетақы қорларына қызмет көрсететін сақтандыру қорларымен,
зейнетақы қорларымен және басқа да қаржы ұйымдарынан төленеді.
Осылайша, зейнетақы қорларының теоретикалық негізі бұл ақша құралдарын
шоғырландырумен айналысатын және оларды қатысушыларға жәрдемақы мен
зейнетақы төлеу үшін пайдаланатын ұйым болып табылады. Тиімді басқарылатын
зейнетақы қорлары ел байлығын арттыра түседі, зейнетақы қорларының көбі
экономиканы басқарудағы басты тұтқа ретінде болады. Сонымен қатар,
зейнетақы - бұл халықты әлеуметтік қамсыздандырудың формаларының бірі.
Зейнетақыны еңбек қабілеттілігін жоғалтып алған қоғам мүшелерінің өмірлік
қажеттіліктерін қамтамасыз етудің мүмкіндігі ретінде қарастыруға болады.
Және де зейнетақы жұмысқа қабілетсіздердің қоғамдық өндіріске сіңірген
еңбек мөлшерінің көрсеткіші болып табылады.
Зейнетақымен қамсыздандыру қоғам инфроқұрылымының экономикалық элементі
болып табылады, ал жинақтаушы зейнетақы қорларымен көрсетілетін қызметтер
тұтынушылық тауар ретінде көрініс таба алады, яғни зейнетақымен
қамсыздандыру әлеуметтік-экономикалық категория ретінде бола алады.
Зейнетақы қатынастары – бұл экономикалық қатынастар, олар экономикалық
көрсеткіштермен сипатталады. Басқа жағынан, зейнетақы қатынастары – бұл
әлеуметтік қатынастар, себебі олар адамның экономикалық мүмкіндіктеріне
байланысты емес, сонымен қатар оның тұлғалық және психологиялық
факторларына, өмірінің ұзақтығына, қажеттіліктеріне де байланысты.
Зейнетақы қоры практикалық тұрғыдан жалғыз әлеуметтік бағдарланған институт
болып табылады.

І БӨЛІМ. Халықты зейнетақымен қамсыздандыруды басқарудың
теоретикалық аспектілері.
1. Ынтымақтылық зейнетақы қорынан жинақтаушы зейнетақы қорына
өту эволюциясы.
Ақпараттық жүйелер қызмет көрсету қоғамына өту, жеке бас әрекеі
бостандығының кеңеюі мен тереңдеуі, адамзаттың қарым-қатынас күрделілігінің
өсуі жанында адамзаттың жеке бас әрекетінің субъектісі және объектісі
ретінде қалыптасуы қоғамдық жүйелердің өзгерісіндегі басты ерекшелікті,
яғни адамзаттың қоғамдық дамуының басты өлшемі болып табылатындығын
көрсетеді. Табиғи және техникалық үрдістерге қарағанда, әлеуметтік
үрдістерге қозғалыс импульсы адамнан басталады. Яғни, кез-келген концепция
(қағида) немесе саясат адамзат эволюциясының дамуына әсер етпесе, құрамды
(конструктивті) болудан қалады. Осылай әлеуметтік сфераның және жалпы
Қазақстан экономикасының дағдарыстық жағдайы Қазақстан азаматтарын
зейнетақымен қамсыздандыру сапасына әсер етті.
Ондаған жылдар бойы қызмет еткен зейнетақы жүйесі бөлісу қағидасы
бойынша немесе ұрпақтар ынтымақтылығы қағидасы бойынша ұйымдасқан
болатын, мұндағы зейнетақы зейнеткерлер ұрпақтары үшін жұмысшылар ұрпақтары
салымдарының есебінен төленіп отыратын. Қатаң орталықтандырылған экономика
үшін ыңғайлы зейнетақы жүйесі табыстарды және зейнеткерлік кезеңді қоса
алғандағы өмір деңгейін қалыптастыруды әрбір адамның жеке бас
жауапкершілігі арта түсетін нарықтық шаруашылық жағдайына сәйкес келмейді.
Белгілі бір уақыт кезеңінде халыққа әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі
және оны бюджеттік қаражат есебінен қаржыландыру сәтті жүргендігін есепке
алу қажет. Әлеуметтік қызмет көрсетуге сұраныс өсіп және күрделене
бастағанда, бюджеттік ұйымдар, зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік
сақтандыру жүйесі, көптеген экономисттердің айтуынша қалдық қағидасы
бойынша қаржыландырылды. Экономикадағы жинақтау деңгейінің төмендеуі
экономикалық өсудің баяулауына әкеледі. Сонымен, жүйенің ауысуының себебі
болып әлеуметтік сфераның дамуының тежелуіне және соның салдарынан нарықтық
механизмге өту мен құрылған халық шаруашылығын басқару жүйесінен бас
тартуға әкеліп соқтырған әлеуметтік қызмет көрсетудегі мүмкіндіктер мен
қажеттіліктердегі қарама-қайшылықтар табылады. Осылайша ҚР-ғы зейнетақымен
қамсыздандыру жүйесі дағдарысқа ұшырады. Объективті және субъективті
себептерін келесі топтарға біріктіруге болады:
а) әкімшілік - басқарушылық (құқықтық немесе ұйымдастырушылық деп атауға
болады);
б) экономикалық;
в) әлеуметтік.
Әкімшілік – басқарушылық себептерге келесілер жатады:
1. Зейнетақымен қамсыздандыруға арналған ресурстарды қалыптастырудағы әрбір
адамдардың салымын жеке есепке алу шартының болмауы және зейнетақылық қор
қаражатының теңдестірілуі. Сақтандыру зейнетақылық салымдардың ортақ
қазанда жиналуы және зейнеткерлрге пропорционалды немесе басқалай
әдіспен тарату мемлекеттің басты міндеті болып келеді.
2. Халықты әлеуметтік қорғау үшін қажетті қаражат жетіспейтін облыстарда
бюджеттік емес қорларға түсетін салымдарды қайта бөлу механизмінің болуы.
Жоғарыда айтылғандай, ҚР-ң халықты әлеуметтік қорғау және еңбек
министірлігі республикалық есепке бағытталған ай сайынғы қаражаттардың
30%-і қайта бөлініп отырды. Жалпы экономикалық жағдай, аталған
операцияларды жүргізу ұзақтығы зейнетақы беру үрдісін тежеді, ал ол өз
алдына зейнетақымен қамсыздандырудың аталған жүйесін қалыптастыруға
әкеледі.
3. Басқарудың әкімшілік құрылымын бөлініске әкелген билік орталықсыздануы.
Заң бойынша еңбек және әлеуметтік мемлекеттік зейнетақы тағайындалған
және зейнетақыға қосымша жеңілдіктер және үстемелер тағайындауда
жергілікті билік органдарына, кәсіпорындардың, ұйымдардың еңбек
ұжымдарына кең құқық берілді.
Зейнетақы қорларындағы қаражат дефициті мәселесін түсіну қызмет еткен
мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін немесе қорлардың сақтандыру
ресурстарымен қамсыздандырылмаған зейнетақыны төлеу шығындарының өсуі
өзгерту шараларына әкелді. Аталған себептердің салдары ретінде зейнетақымен
қамсыздандыруды қаржыландыру қалдық қағидасы бойынша жүреді. Кез келген
бюджет дифициті сияқты зейнетақы жүйесі қаражаттарының жетіспеушілігі екі
процесстің – зейнетақы қорына қаражаттардың кірісі мен зейнетақының барлық
түрлерін төлеу шығынының теңсіздігіне байланысты экономикалық себептерге
келесіні жатқызуға болады:
1) Көлемінің үлкендігіне байланысты бюджеттік емес қорларға түсетін
міндетті салымдарды өтемеу және табыстың 50-60% ғана зейнетақы қоры
есебінде (отчет) көрсетіледі.
Зейнетақы жүйесі табысының шамамен 90%-і - міндетті сақтандыру
төлемімен, айыппұл санкцияларынан және өсімнен түсетін түсімдерден, ал 10%-
і мемлекеттік зейнетақының жеке түрлерін мақсатты төлеуге арналған
мемлекеттік бюджетінен бөлінетін түсімдерден құралады. Ал зейнетақы
әлеуметтік қорғаудың аймақтық органдарда қалған ағымдық түсімдерінен
төленді (мемлекеттің дефицитті аймақтарына арналған түсімдердің 30%-н
басқа).
ҚР-ғы өнім (тауар, қызмет көрсету) өндірісіне кеткен шығындар
құрылымына көз салса, еңбек ақы төлеу және әлеуметтік сақтандыруға кеткен
шығын барлық шығындардың бестен бір бөлігін, оның ішінде әлеуметтік
сақтандыру 2000ж. барлық шығындардың 5,1%-ін, ал 2002ж. 5,5%-ін құрады.
Сонымен қатар, әлеуметтік саладағы мемлекеттік шығындар көлемі ұлғаюда.
ЖІӨ-гі әлеуметтік сала үлесі 1999ж. қарағанда 2003ж. екі есе азайды (16%-
тен 8%-ке), сәйкесінше әлеуметтік қорғау шығындардың үлесі 4,9%-тен 0,6%-ке
дейін төмендеді.
ҚР-ң мемлекеттік бюджетінен әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік
көмек көрсетуге (1998ж. бастап әлеуметтік сақтандыру) 1999ж. - 7837 млн.тг.
(барлық шығындардың 3%-н құрайды), 2000ж. - 9212 млн.тг. (3,3%), 2001ж. –
26556 млн.тг. (7,8%), 2002ж. – 53618 млн.тг. (14,2%) бөлінді.
ЖІӨ қатысты әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек көрсетуге
(әлеуметтік сақтандыру) шығыны 2000ж. – 0,8%, 2001ж. – 0,7%, 2002ж. – 1,6%,
2003ж. – 3,1% құрады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың міндеттемелері бойынша қарыздар болуы
аталған кезеңдегі қалыптасқан жағдайдың басты себептерінің бірі болды.
Еңбекақы төлеуге бөлінген қаражат бойынша қарыздар барлық кәсіпорындар
қарыздарының 2000ж. – 4,92%, 2001ж. – 4,70%, 2002ж. – 4,68%, ал бюджеттік
төлемдер кәсіпорындардың барлық қарыздарының 2000ж. – 13,76%, 2001ж. –
12,37%, 2002ж. – 14,30%-ін құрады. Міндетті сақтандыру салымдарының
зейнетақы қорына уақытылы және толық түсуі зейнетақының мемлекет белгілеген
мерзімде уақытылы төленуінің басты шарты болып табылады. Сондықтан,
төлемшілердің сақтандыру салымдары бойынша өз міндеттерін орындауы және
зейнетақылық қормен белгіленген және қатаң бақыланатын төлемдер тәртібі
объективті қажеттілік болып табылады, әйтпесе, қателік тек зейнетақы
жүйесінің ғана емес, бүкіл экономиканың дағдарысына әкелуі мүмкін.
2) Міндетті төлемдердің түспеуі өз алдына зейнетақыны төлемеуге әкеледі.
Сонымен қатар, зейнетақы ақшалай емес, есеп кітапшасы немесе заттай
(көмір, тамақ өнімдері) берілді. Ал бұл өз алдына есеп берудегі
қателіктерге әкеледі.
3) Халықтың жинақтаушылық жаңа нысандарын іздестіру. Қазақстанды жинақтау
потенциалы жоғары. 1995ж. бастап банк салымшыларының саны 1 млн.тг. асты
және республика бойынша банк салымшылар сомасы ұлғаюда.
Қазақстан экономистерінің айтуынша, ақшалай қаражаттардың елеулі көлемі
халықтың қолында, сондықтан, осы жинақтарды максималды қолдану қажет.
Аталған жинақтардың жаңа түрлерін иеленушілердің қаражатты жинау зейнетақы
жүйесінде қолдануында көруге болады. Халықтың жинақтауға қызығушылығы
өсуде, сондай-ақ инвестициялық потенциал жеткілікті жоғары деңгейде.
Халық табысының бір бөлігі есепке алынбайды, бұл табыстар қосымша табыс
алу мақсатында қолданылатын жинақ базасын құрайды. Осы бос қаражатты
орналастыру негізгі қиындық болып табылады. Ол үшін пирамида құрушылармен
жоғалған қаржылық институттарға деген сенімді қайта құру керек.
Өмір деңгейі экономиканың жалпы экономикалық жағдайымен тығыз
байланысты. Егер ҚР-ң экономикасының дамуын зерттесек, соңғы жылдары
өндірістің құлдырауын көруге болады. 1997ж. 1995ж. қарағанда 39%-ке жеткен.
Қазақстандағы өндірістің құлдырауынан кейін, келесі 2 жылда: 1998ж. – 0,5%,
1999ж. - 17%-ке экономикалық өсу байқалады. Осы жылдардағы, ЖІӨ-ң өсуі
экономиканы, әсіресе мұнай, қара және түсті металлургия өндірісін
жандандырған дәйекті экономикалық реформалармен және шетел инвестицияларын
тартумен байланысты.
2001ж. ЖІӨ өндірістің төмендеуі өнеркәсіптің (3%) және ауыл шаруашылығы
өндірісі (18,9%) көлемінің құлдырауымен байланысты.
Орта айлық жалақы орта өмір сүру минимумнан 2000ж. 2,4 есе, 2001ж. 2,3
есе, 2002ж. 2,4 есе, 2003ж. 2,6 есе артық болған. Ал, тағайындалған
зейнетақы орта мөлшері өмір сүру минимумынан 2000ж. 1,1 есе төмен, 2001ж.
1,1 есе, 2002ж. 1,01есе және 2003ж. 1,07 есе артық болған.
Кедейлік шегі минималды еңбекақы, минималды зейнетақы, жұмыссыздық
бойынша жәрдемақы, балаларға жәрдемақы сияқты минималды әлеуметтік
кепілдіктермен белгілі бір қатынаста болуы керек және еңбекке деген ынтаны
арттыру үшін минималды еңбекақы мөлшері жоғарыда аталған кепілдіктерден
жоғары болуы керек.
Қазақстанда бұл кезеңде минималды әлеуметтік көрсеткіштер арасындағы
қатынас бұзылған. Минималды еңбекақы өмір сүру минимумы мен жұмыссыздық
бойынша жәрдемақыдан төмен болады. Орта және минималды еңбекақы арасындағы,
орта еңбекақы мен өмір сүру мнимумы арасындағы қатынас төмендеді.
Еңбек табысы халықтың барлық табысының шамамен (жалданбалы және жеке
қызмет табыстары, меншіктен, сатудан түсетін табыс, әлеуметтік трансферттер
және басқа да түсімдер) төрттен үш бөлігін құрайды. Ақшалай шығындардың
негізгі үлесі –86% тұтыну шығындарына келеді (тамақ, алкогольды ішімдіктер,
темекі өнімдері және т.б. сатып алу).
ҚР-ғы үй шаруашылығының тұтыну шығындарының құрамы мен құрылымын
зерттей келе, халықтың ұзақ мерзімді жинақтары (сатып алу, құрылыс жүргізу
және косметикалық емес жөндеу жүргізуді қоса алғандағы сапалы тұрғын үймен
қамтамасыз ету, демалыс пен емделу арқылы денсаулықты сақтау және жақсарту,
өз қарттығы мен зейнетақымен қамсыздандыруды есепке алу, білім беру мен
мұрағат қалдыру сияқты балалар мен немерелерге көмек көрсету, сондай-ақ
болашақта қосымша табыс алу мақсатымен салым салу) үй шаруашылығының барлық
шығындарының төрттен бір бөлігін құрайды.
Қазақстанда жинақтар қысқа мерзімге жинақталады, яғни, өмір деңгейі
орташа халықта жақын уақытта жеткілікті жинақ болмайды. Жинақтаудың
көбінесе қолданылатын түрлері – жақын адамдарға көмек, ұзақ мерзімді
пайдалану тауарларын сатып алу, қара күнге сақтандыру, қарыздарды
қайтару. Жинақтаушы зейнетақы қорларына 10 пайыздық салымдардың
міндеттілігі осымен түсіндіріледі. Ұзақ мерзімді жинақтауға қаражаттың
жетіспеушілігі мәселенің тек бір ғана бөлігі. Екінші бір бөлігі қаржылық
инфроқұрылымның дамымағандығымен және сенімді қаржылық институттардың
шектеулі санымен байланысты. Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы қорлары
жеке меншік салымшыларымен жұмыс істеуге маманданған халық пен қаржылық
нарық арасындағы қаржылық делдал болып табылады. Ал халық банктер,
сақтандыру компаниялары және зейнетақы қорлары сияқты сенімді қаржылық
институттарды таңдауда қорқыныш білдіреді. Яғни, зейнетақы жүесі жинақтаушы
зейнетақы қорларына қосымша еркін салымдар салу үшін тартымды болатындай
қызмет етуі тиіс. Халықтан ақша жинау – істің тек бастамасы, сол қаражатты
тиімді орналастыру қажет. Жинақ зейнетақы жүйесінің қызмет етуінің соңғы
жылдардағы тәжірибесі зейнетақы активтерін басқару компанияларының осы
мәселені жүзеге асыра алатындығын көрсетті.
2000 жылдан 2003 жылға дейін республикада номиналды ақшалай табыстардың
өсу темпінің 2000ж. 272%-тен 2003ж. 112,8%-ке дейін төмендеуі байқалды.
Республика халқының ақшалай табыстарының өсімі тұтынушылық баға өсімінен
қалып отырды, сондықтан халықтың қолдағы қаражатының төмендеуіне әкелді.
Ақшалай табыс деңгейі бойынша халықтың үстемелі дифференциациясы табысы
өмір сүру минимумынан төмен халық бөлігінің өсуіне әкеліп соқтырды. Осы
кезеңде жинағы жоқ еңбекке қабілетсіз жастағы халықтың бір бөлігі
кедейшілік шегінен төмен жағдайда өмір сүруде. Минималды зейнетақы (2000ж.-
2002ж.) өмір сүру минимумының жартысынан кемін, ал орта зейнетақы - өмір
сүру минимумының 80%-н ғана құрады (өмір сүру минимумы: 2000ж.-1923тг,
2001ж.-2821тг, 2002ж.-3120тг.).
Жоғары жұмысбастылықты қамтамасыз ету дәстүрлі түрде мемлекеттің
экономикалық саясатының приоритетті мақсаты болып табылады.
Себептердің әлеуметтік тобына халықтың қартаюына байланысты
демографиялық құрылымының өзгеруі, туудың төмендеуі, жұмыссыздар санының
өсуі жатады. 90-жылдардың аяғында, әсіресе 1999-2000жж. күрт төмендеді (-
182,4 және –230,7 мың адам сәйкесінше), 2002ж.-2004ж. (-315,5 және –327,8
мың адам сәйкесінше). Төмендеу туудың қысқаруына және таза эмиграцияның
өсуіне байланысты.
Туу шыңы 1987ж. сәйкес (417,1 мың адам) содан кейін қысқару
тенденциясы байқалды, сол 1996ж. ол 253,2 мың адамды құрады. Өлім санының
минимумы 1986ж. келеді (119,1 мың адам), 1996 жылға дейін өлімнің өсу
процессі, ал 1996ж. кейін төмендеу жүрді (166 мың адамға дейін).
Қазақстанда соңғы жылдары орташа өмір ұзақтығы елеулі төмендеді.
Аталған тенденцияның себебі болып мемлекетте нарықтық қарым-қатынастарды
ендірудің теріс нәтижелері табылады. Жұмыссыздық, ертеңгі күнге деген
сенімсіздік сияқты құбылыстар ер азаматтарға қатты соққы болып тиді.
2000ж. еркектер шамамен 63 жасқа дейін, әйелдер 72,4 жасқа дейін өмір
сүрген, ал 2003ж. еркектердің жасы 60,4ж. дейін, ал әйелдер жасы – 71,4ж.
дейін жетті. Аталған мәліметтерден орташа ерлер заң бойынша 63 жас
бекітілген зейнет жасына дейін өмір сүруі екі талай. Әйелдер зейнетке 58
жаста шығатындықтан зейнетақы жинақтарын мұраға қалдыру құқын есепке алса,
әйелдер жолдастарының зейнетақы жинақтарын ала алады.
Сондай-ақ, жас топтамасы бойынша әйелдер мен еркектер араларында өлім
деңгейінің төмендеуі байқалады. Яғни, болашақта потенциалды зейнеткерлер
көбірек болады. Әрбір жас топтамасындағы өлімнің орташа деңгейін
сипаттайтын жастық көрсеткіштер бір жыл ішінде аталған жаста қайтыс
болғандардың санын ағымдағы бағамда нәтижелерінен алынатын аталған
жастардағы тұлғалардың орта жылдық санына қатынасымен анықталады.
Әртүрлі елдегі адамзат дамуының деңгейі адамзат таңдауының үш негізгі
мүмкіндігін – ұзақ және сау (здоровый) өмір, білім алу және оны жетілдіру,
сондай-ақ өмірдің қажетті деңгейін ұстану үшін қажетті табыстың жеткілікті
деңгейін сипаттайтын адамзат дамуының индексін есептеу арқылы анықталады.
Өмірге келгеннен кейінгі өмірдің орташа ұзақтығы өз алдына адамзат
дамуын анықтайтын факторлар жиынтығының интегралды мәні болып табылады.
1999-2003жж. Қазақстанда күтілген өмір ұзақтығы 3,1 жылға төмендеді, 2002ж.
күткен өмір ұзақтығы баяу төмендеді, ол 2002ж. 13,7ж. құрады. Сонымен
қатар, әйелдер мен еркектер аралығында өмір ұзақтығындағы айырмашылықтың
өсу мәселесі жылдан жылға артуда. 2003ж. бұл айырмашылық 11,01ж. құрады.
Жұмысбастылықтың халықаралық анықтамасы жұмыс күшіне қатысты құрылған.
Анықтамаға сәйкес, келесі категорияларға:
- жалданбалы жұмысшылар – контракт талаптары бойынша есептелген кезеңде
белгілі бір жұмысты жалақыға істейтін тұлғалар тобына;
- жеке бас жұмысбасты және жалданбалы жұмысшылар – пайда үшін немесе жанұя
табысы үшін белгілі бір кезеңде белгілі бір жұмысты істейтін тұлғалар
тобына;
- саналы түрде өз мамандығын өзгертіп, кәсіпкерлікпен айналысатын
инициативті жоғары маманданған білімді адамдарға белгілі бір қысқа
мерзімде (бір апта немесе бір күн) жататын белсенді халықтың сипаттамасын
өлшеу үшін белгіленген жастан (16жас) жоғары барлық тұлғалар
жұмысбастылар болып табылады.
Қазақстандағы еңбек ресурстарының қалыптасуын сипаттайтын негізгі
құрамдас бөліктер бұл – еңбекке жарамды жастағы еңбекке жарамды халық (1
және 2 топтағы қызмет етпейтін мүгедектермен жеңілдіктер шарты бойынша
зейнетақы алатын қызмет етпейтін азаматтардан басқа жас бойынша ұлттық
заңда еңбекке жарамды деп танылатын тұлғалар); еңбекке жарамды жастан
жоғары қызмет ететін тұлғалар және қызмет ететін жасөспірімдер. Еңбек
ресурстарына экономикалық белсенді халық (жұмыс күші, халықтың экономикалық
белсенділігін өлшеу үшін қажет белгіленген жастағы тауарлар өндіру мен
қызмет көрсету үшін, жұмыс күші ұсынысын қамтамасыз ететін халық бөлігі),
еңбекке жарамды жастағы білім алатындар, өндірістен уақытша босап оқитындар
және экономикалық белсенді емес (пассивті) тұлғалар (жұмыс істемейтін және
жұмыс іздемейтін) жатады.
Еңбекке жарамды жастағы тұлғаларға жатады:
- 2000ж. 1 шілдесінен бастап еркектер 16-61ж., әйелдер 16-55ж. арасында;
- 2001ж. 1 шілдесінен бастап еркектер 16-62ж., әйелдер 16-57ж. 6 ай
арасында;
- 2002ж. 1 шілдесінен бастап еркектер 16-62ж., әйелдер 16-57ж. арасында;
- 2003ж. 1 шілдесінен бастап еркектер 16-62ж., әйелдер 16-58ж. 6 ай
арасында;
- 2004ж. 1 шілдесінен бастап еркектер 16-63ж., әйелдер 16-58ж. арасында;
Экономикалық белсенді халық санына экономикалық істің барлық түріндегі
жұмыс басты және жұмыссыздар кіреді.
Еңбекке жарамды жастағы тұлғалар болып 16 жасқа толған және еркектер 63
жасқа дейінгі, әйелдер – 58 жасқа дейінгі азаматтар танылады (ҚР-ғы еңбек
туралы заңына және ҚР азаматтарының зейнетақы туралы заңына сәйкес).
Жұмыс басты халық – жұмыс бастылығына байланысты жалданбалы немесе жеке
жұмыс бастыға жататын сәйкес жастағы барлық тұлғалар. Жалданбалы
жұмыскерлер (төленетін) – жалақы, қосымша жалақы немесе заттай нысанда
есептесуді білдіретін жалдану шарты бойынша қызмет ететін тұлғалар. Жеке
басты жұмыс – пайда мөлшері тауар өндіру мен қызмет көрсетуден түсетін
табысқа байланысты болатын жұмыс бастылық (жеке бас тұтыну табыстың бір
бөлігі болып қарастырылады). Экономикалық белсенді емес (пассивті) халық
қарастырып отырған кезеңде жұмысбасты емес немесе жұмыссыз болып табылатын
халықтың экономикалық белсенділігін өлшеу үшін қабылданған жастағы
тұлғалар.
Аталған кезеңде үш негізгі шартқа:
- жұмыссыз (табысты жұмысы жоқ);
- белсенді жұмыс іздейтін (жұмыс бастылығы мемлекеттік немесе коммерциялық
ұйымдарына барған, баспасөзде жарнама орналастырған немесе баспасөз
бойынша іздеген, кәсіпорын әкімшілігіне немесе жұмыс берушіге тікелей
барған);
- белгілі бір уақыт кезеңінде жұмыс бастауға дайын халықтық экономиканың
активтерін өлшеу үшін қабылданған жастағы тұлғалар жұмыссыздарға жатады.
Қызметке орналасу сұрақтары бойынша жұмысбастылық органдарында сұраныс
жасаған азаматтар саны белгілі бір себептер бойынша басқа немесе қосымша
жұмыс іздеп жүрген жұмыс басты тұлғаларды қоса алғандағы қызметке
орналастыру мәселесі бойынша жұмысбастылық органдарына сұраныс
жасағандардың жалпы санын сипаттайды.
Экономикалық белсенді халық санындағы есепке алынған жұмыссыздардың
үлесі – жұмысбастылық органдарында есепке алынған жұмыссыздық санының
экономикалық белсенді халық санамасының санына қатынасымен анықталады. 2000
жылдан 2002 жылға дейін жұмыссыздар саны өсті, ал 2003ж. бастап төмендеді,
бірақ олардың еңбек ресурстарындағы үлесі 2002ж. 8,8%-тен 2004ж. 11%-ке
дейін өсті.
Жұмыс істейтін және бос отырған зейнеткерлер арасындағы қатынас азаюда.
1999 жылдары 60 жастан асқан тұлғалар Қазақстан халқының 10%-і, 2000ж. -
12%, 2004ж. - 17% құрады, ал 2050ж. - 26% құрауы мүмкін. Салыстырмалы
түрде, Дүниежүзілік банк болжамы бойынша 2030ж. 60-тан асқан жастағы
адамдар әлемнің 16% құрауы мүмкін.
Еңбек нарығында жұмыссыздық бүгінде ең ауыр мәселе болып табылады.
Ерекше индикатор бола келе, ол экономикалық және психологиялық
ауыртпашылықтарымен қатар келеді. Республика бойынша 2004ж. жұмысбастылық
органдарына 282,0 мың адам сұраныс берді. Олардың тек 167,5 мың адамы
немесе сұраныс бергендердің 59,3%-і ғана жұмысқа тұрғызылды. Жастарының
құрамы бойынша еңбек нарығында 30 бен 50 жас аралығындағы тұлғалар
жұмысбастылық органдарына сұраныс бергендердің жартысының көбі болып
табылады. 16 мен 30 жас аралығындағы жастар - 34%, зейнеткерлік жасқа
дейінгілер – 0,9%, зейнеткерлер – 0,5% құрайды. Ресми жұмыссыздық бойынша
дифференциалды гендерлі мәліметтер әйелдер жұмыссыздығы бойынша теріс
тенденцияны көрсетеді. 2000ж. жұмыссыз деп танылған әрбір тоғызыншы әйелдің
– жоғары білімі бар, ал әрбір үшінші әйелдің – арнайы орта білімі бар.
Жұмыссыз әйелдердің шамамен жартысының кішкентай балалары бар.
Республикамыздағы еңбек нарығында жұмыс күші қозғалысының жоғары
тығыздығында ресми тіркелген жұмыссыздықтың белгілі бір деңгейі сақталады.
Өткен жылдардан бері, жұмыссыздықтың ең жоғары деңгейі 2001ж. – 10,4%
тіркелді. 2002ж. соңында жұмыссыздық деңгейі 9,3%, 2003ж. 8,8% құрады.
Жалпы (нақты) жұмыссыздық ҚР-ң статистика агенттігінің мәліметтері бойынша
2000-2001жж. 13,0%, 2002ж. – 13,1%-ке жетті. 2003ж. 1 қаңтарында жасырын
жұмыссыздық (күштемелі демалыстағы адамдарды есепке алғанда) деңгейі
республика бойынша 3,7% (экономикалық белсенді халыққа қатысты) құрады.
Бұл әрекет халық құрылымында зейнеткерлер үлес массасының зейнеткерлік
жастағы тұлғалардың үлес массасынан артуына әкелді. Халықтың қартаюы
зейнеткерлер санының өсуі еңбек ресурстарының өсуі қарқыны кері
пропорционалды болуына әкелді. Халықтың жалпы санындағы және еңбек
ресурстары санағындағы зейнеткерлердің үлес массасы өсті, ал еңбекке
жарамды жастағы халық пен экономикалық белсенді халыққа қатысты 1995 жылдан
2002 жылға дейін үлес массасы төмендеді. Бірінші зейнеткерлерге қатысты
экономикалық белсенді халық саны 2002ж. бастап өсе бастады, яғни
зейнеткерлерді қамтамасыз ету үшін жұмыс істейтіндерге қысым өсе бастады.
Экономикалық белсенді халық саны мен зейнеткерлер саны арасындағы
қатынас 2001 жылдан 2003 жылға дейін күрт төмендеді, себебі экономикалық
белсенді халықтың жалпы саны азайды (2003ж. өзгеріс 611,4 мың құрады), ал
зейнеткерлер саны өсті (2002ж. өзгеріс 39,5 мың адам құрады).
ҚР-ғы зейнетақымен қамсыздандыру қағидасын қалымтастырумен айналысатын
ғалымдардың ойынша, егер үкімет қарттарды қамсыздандырудың 3 деңгейлі:
- 1 деңгей – қарттар арасында кедейшілікті қысқартудың шектеулі мақсатын
ұстанатын және міндетті қатысуды білдіретін мемлекетпен басқарылатын;
- 2 деңгей – жеке меншік басқаруда – қаражатты міндетті түрде жинақтауды
білдіретін;
- 3 деңгей – қаражатты еркін түрде жинақтауды білдіретін жүйесін дамытса
ғана, мемлекеттің экономикасының өсуі мен қарттарды қаржылық
қамсыздандырудың мүдделері ұтысқа жетеді.
Бірінші деңгей табысты қайта бөлу функциясын қамтиды, ал екінші немесе
үшінші деңгей – қаражатты жинақтау болып табылады, сонымен қатар барлық үш
деңгей зейнеткерлік жаста тәуекелділіктің көптеген факторларынан ортақ
сақтандыруды қамтиды.
Екі жүйені талдау кезінде екі жүйенің де артықшылықтары мен
кемшіліктерін табуға болады. Зейнет реформасының басталғанына көп болған
жоқ, бірақ қазірдің өзінде болашақта позитивті нәтижелерді анықтап, пайда
болған кемшіліктерді жоюға мүмкіндік беретін алғашқы нәтижелерді (теорияда
және практикада, анығырақ жаңа зейнетақымен қамсыздандырудың теоретикалық
жаңа қағидаларының практикада қолдануы) анықтауға болады.
Мемлекеттік емес зейнетақы жүйесінің негізінде жұмыс істейтін азаматтар
өз қаражаттарымен жасы бойынша зейнетақы алатын азаматтарды қамсыздандыруды
білдіретін ынтымақтылық жүйесінен бас тартып жатыр. 3 деңгейлі зейнетақымен
қамсыздандыру келесіні қамтиды:
- еңбек стажына байланыссыз мүгедек болған жағдайда және зейнеткерлік жасқа
жеткен азаматтардың бәріне бірдей материалдық минимумды қамтамасыз етуге
арналған базалық зейнетақы;
- зейнетақы қорына аударылатын міндетті салымдар есебінен берілетін еңбек
сақтандыру зейнетақылары;
- жұмыс істейтіндердің немесе жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы
салымдарының есебінен берілетін қосымша зейнетақылар.
Бұрынғы зейнетақы жүйесінде зейнеткерлердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықты зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін басқарудың теориялық және методологиялық аспектілері
Қазақстан Республикасындағы зейнет ақы жүйесін реформалудың теориялық негіздері
Қазақстан Республикасындағы жинақтаушы зейнетақы жүйесiндегі проблемаларды анықтау
Әлеуметтік қорғау құқығының теориясы
ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДЫҢ ТҮРЛЕРІ
Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің ұйымдық құрылымы
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жиынтық инвестициялық портфелі
Азаматтарға үйде әлеуметтік қызмет көрсетудің шетелдік тәжірибесі
Еңбекке құқық қабілеттілігі
ҚР-ғы әлеуметтік саясат
Пәндер